Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Ер-тұрманға және басқа транспорт жабдықтарына байланысты қолданылатын сөздер



жүктеу 2,58 Mb.
бет13/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Ер-тұрманға және басқа транспорт жабдықтарына байланысты қолданылатын сөздер:
Ауыт ( Қ.орда.; Сыр., Жал., Арал.; Ақт., Жұр.: Түрікм., Ашх., Мары.) – қом, жазы. (жүк артатын нар түйенің жазысы). Жазы айыр өркешті түйеге, ауыт нар түйеге салынады.
Дігіршік (Гур., Маңғ.,Шевч.) – арбаның дөңгелегі. Ноғай тілінде – дегершік.
Көшір (Маңғ., Маң.) – арбаның дөңгелегінің өсі. Қарақалпақ тілінде көшер, ноғайша коъшер агьаш.
Іс-әрекет, қимылды, мезгілді білдіретін сөздер:
Алыстыру (Орал: Қара.,Жымп.; Гур., Маңғ.,Түрікм.:Ашх.,Тедж ) - айырбастау.Алтай төңірегіндегі тілдерде жиі қолданылатын – сағай, қайбол тілдерінде «алыстыр» тұлғасында ұшырасып,мағынасының «айырбастау» екендігін көреміз. Татар тілінде алыштыру. «Алыстыру» сөзінің түркі тілінің заңдылығына сәйкес құралғандығы да көрініп тұр.: ал+ыс+тыр немесе түбір сөз+ортақ етіс жұрнағы + өзгелік етіс жұрнағы.
Айырылу (Гур., Маңғ.) – айырылысу, бөліну. Оның туысқандары Шақтыға көшетін болып, айырылу болып жатыр, барып қоштасып қайт. Әзірбайжанша айырмағ, қырғызша айры, өзбекше айирмоқ. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде айрылыш , айрылғыл тұлғасында кездеседі.
Ажырату (Орал.: Жымп., Чап., Шыңғ.; Ақт., Ойыл.) – бөлу, тарату. Мені сырт тастап өзара ажыратыпсыңдар ғой (Орал., Жымп.). Бұлар колхоз өнімін ажыратушылар. Кейбір колхоздар құрылыс бригадасына ажыратып жіберген, дұрыс емес (Ақт., Ойыл.). Бұдан 22 кг етті өздері алған, қалған 31 кг колхозға килосын 22 сомнанн сатпақшы болып, ажыратпақшы болған. Қырғызша: ажырат бөлу, айыру. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде ажырамақ : бөлу, айыру ; адрыл ; беліну, айырылу; адыр; белу, бұтақтану.
Иіскену (Түрікм., Таш.; Маңғ.) – жирену, жиіркену. Батыс говорларының ішінде тек түрікмен қазақтарының тілінде бар. Мұндағы қазақтармен аралас не көрші отырған түрікмен, қарақалпақ тілдерінде «иіскену» тұлғасындағы сөзді кездестірмедік. Тек В.И.Вербицкий сөздігінде: jіскін – презират, брезговать. Осыған қарағанда, түпкі төркіні Алтай төңірегіндегі түркі тілдерінен болса керек. Рас, бұл мағынада татарша «жиксенү» тұлғасы бар. Бірақ диалектизм деп берілген. Башқұрт тілінде: екһену – чувствовать отвращение. Аталған фактілер бұл сөзді түркі ру, тайпалар тілінің сақталған ізі болса керек деген жорамалға жіктейді .
Дүреу (Ақт.: Тем.,Жұр.; Түрік.: Ашх.,Красн.,Таш.,Мары)– тарау, өрбу. Адайдан сегіз бала дүрейді. (экс.). Ертедегі түркі тайпаларына кең жайылған сөз екендігі орта ғасырдағы жазба ескерткіштерінен өте айқын байқалады. X ғасырдағы жазуда: toru – происходить, рождаться, XIVғасырдағы «Нехджуль-Ферадис» қолжазбасында - творить [15, 20-б.]. Рабғузидің «Пайғамбарлар тарихында» : torut- творить [16, 433-б.]. Қазіргі түркі тілдерінен түрікмен (дөремек), қарақалпақ (дөре) тілдерінде ғана кездесіп қоймайды. Бұл сөз монғол тілінде де кездеседі. Моңғолдарда: төрөл –туу, қалмақ тілінде : төрх - родить. Мұны еске салсақ «төрө» сөзі түркі-монғол тілдеріне ортақ деген тоқтамға келеміз.Қазақ тілі говорларының батыс тобында ұшырасып отырған «дүреу» сөзінің солармен тамырлас екендігіне күмән жоқ. Ол былай тұрсын, әдеби тіліміздегі «төркін» сөзінің өзі жоғарыдағы көрсетілген «төрө» сөзімен тағдырлас екендігін де айта кеткен жөн. Мысалы , қалмақ тілінде; төрскн, отечество, родина. Тұрмысқа шыққан қыз үшін туған жері – отаны, елі.
Жасау (Гур., Маңғ.; Қ. орда., Жал.; Орал.: Чап., Жән.; Шығ. Қаз., Марқ.) – қызмет істеу, жұмыс жасау. Бір – екі жыл инспектор болып, жасап кетті (Гур., Маңғ.). Ол қызмет жасап жүр (Гур., Маңғ.). Ол звенода жұмыс жасайды (Қ.орда, Жал.). Мал шаруашылығында соның ісінде шопан болып, жасайтын жастар көп. Түрікменше яшамак, өзбекше яшомақ.
Жүктеу (Гур., Маңғ.; Түрікм.: Красн., Ашх., Небид., Тедж., Мары.; Ақт., Байғ.; Қарақ.) – тиеу, арту, жүк тиеу. Қайықты жүктелік (Гур., Маңғ.). Машинаға сексеуіл жүктеу жұмыстары жүргізілмегелі көп болды (Түрікм., Таш.). Бір машын продукт жүктеді (Қарақ.).Түрікменше иуклемек.

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау