«Қаржылық есеп 2»



жүктеу 0,66 Mb.
бет1/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#24193
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-14-3-01.

1.20.30/03-2012



Басылым № 2.26.09.2012

беттің -сі






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-01.

1.20.30/03-2012


«Қаржылық есеп 2» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№2- басылым

26.09.2012.




«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 2»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2012





Мазмұны


















1

Глоссарий

4

2

Лекциялар

4

3

Тәжірибелік сабақтар

4

4

Студенттердің өздік жұмыстары

5




3

5

67



73


1. ГЛОССАРИЙ

Қаржылық есеп 2 – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.

Қаржылық есептілік - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі

Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.

Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).

Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік тәрізді корпорацияланбаған ұйым.

Есеп саясаты – бұл қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн үйым қабылдаған нақты принциптер, негіздер, келісімдер, ережелер мен практика Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік.

Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.

Депозитті сертификат - салушының депозитті алуға құкығын куәландыратын ақшаларды депозитке өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік.

Депозиттербос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары.

Мүдделерді біріктіру – компаниялардың бірігуі, мұнда біріккен компаниялардың акционерлері біртұтас таза активтерге бақылау жүргізіп, табыстар мен тәуекелді бірдей бөліседі.

Бақылау – компанияның қаржылық және шаруашылық саясатын басқару мүмкіндігі, ол қызметтен табыстар алу көзделеді.

Азшылық үлесі – еншілес компанияның операцияларының таза нәтижелері мен таза активтерінің бір бөлігі. Онда аналық компания тікелей немесе жанама түрде үлестеріне иелік ете алмайды.

Әділетті құн – бір – біріне тәуелсіз екі жақтың арасында активтерді немесе міндеттемелерді айырбастауға болатын сома.

Сатып алу датасы – жаңа иесіне таза активтер мен операцияларды бақылаудың ауысу уақыты.

Бондармемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері.

Қазыналық вексельдермемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды.

Қазыналық ноталарқазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі.

Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы кағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

Варрантбұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар.

Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді

Пропорционалды консолидация — есептік әдіс, онда әрбір жолдары өзінің ұқсас баптарымен қосылады.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады

Төленуге тиісті вексельдер – жазба түрде бекітілген міндеттеме, вексель ұстаушы белгілі уақытта екінші жаққа келісілген соманы төлеуді міндетке алады.

Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.

Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома

Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Қаржы құралы – бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген шарт.

Облигация – ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ұзақ мерзімді негізде үлкен капитал сомаларын қорғау үшін шығаратын қарыздық куәлік.

Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.

Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.

Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.

Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).

Табыстар – бұл есеп беру кезеңінде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің

азаюы.


Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.

Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған сияқты болып ұсынылатын қаржы есептілігі.

2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС (IFRS) 3)
Лекция жоспары: ( 2 сағат)

1.Бизнесті біріктіру түсінігі.

2. Біріккен кәсіпорындар формалары

2.Қаржылық есептің ақпараттарын ашу.

1. Бизнесті біріктіру – жекелеген кәсіпорындардың бір экономикалық ұйымға бірігіп, таза активтерге және басқа кәсіпорындардың операцияларына бақылау алуы. Сатып алу – компаниялардың бірігуі, мұнда бір компания сатып алушы, ол сатушының активтері мен операцияларына бақылау жүргізеді.

Мүдделерді біріктіру – компаниялардың бірігуі, мұнда біріккен компаниялардың акционерлері біртұтас таза активтерге бақылау жүргізіп, табыстар мен тәуекелді бірдей бөліседі. Мұнда ешқандай да жақ сатып алушы ретінде қарастырылмайды.

Бақылау – компанияның қаржылық және шаруашылық саясатын басқару мүмкіндігі, ол қызметтен табыстар алу көзделеді.

Азшылық үлесі – еншілес компанияның операцияларының таза нәтижелері мен таза активтерінің бір бөлігі. Онда аналық компания тікелей немесе жанама түрде үлестеріне иелік ете алмайды.

Әділетті құн – бір – біріне тәуелсіз екі жақтың арасында активтерді немесе міндеттемелерді айырбастауға болатын сома.

Сатып алу датасы – жаңа иесіне таза активтер мен операцияларды бақылаудың ауысу уақыты.

Бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте таза мәні бойынша көрсетіледі.Бизнесті біріктіргенде жақтар есеп жүргізудің әдістерін келісіп таңдап алады.

Сатып алу әдісі арқылы бизнесті біріктіру компаниялардың активтерін сатып алу арқылы жүргізіледі. Басқа компанияның активтерін сатып ала отырып, оның міндеттемелерін де алады.Компания тұтас сатып алынғанда, оның жекелеген активтерін бағалау қиынға түседі. Қарыздық міндеттемелердің ағымдағы құны пассивтің таза құнына тең.Егер қарыздық міндеттеменің пайыздық ставкасы болса, есеп берушілікте сәйкес сыйақы мен дисконтты көрсету керек. Егер активтер акцияға айырбасталса, оның құны акциялардың таза құнымен анықталады.

Қор нарығында айналатын бағалы қағаздардың таза құнын, сатып алынған компанияның құнына қарағанда анықтау жеңілірек.

2. Біріккен кәсіпорынның әр түрлі формалары мен құрылымдары бар. Біріккен қызметке қатысу туралы ҚЕХС 3 негізгі түрі бар:



  • Бірге бақыланатын операциялар бірге бақыланатын активтер мен бірге бақыланатын субьектілер

  • Келісімшарттың болуы біріккен бақылаудың инвесторларының елеулі ықпал етуінің қауымдасқан кәсіпорынға салынған инвестициядағы қатысу үлесі;

  • Келісімшарттың куәсі болып біріккен қызметтің қатысушылар арасындағы біріккендер немесе немесе хаттама;

Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:

1 Біріккен кәсіпорын есептілігі бойынша міндеттемелері, қызметі және ұзақтылығы

2 Біріккен кәсіпорындағы директорлар кеңесінің немесе басқа да балама басқа орындарды тағайындау

3Біріккен қатысушылардың капиталға салған үлестірін анықтау

4 Біріккен қызметке қатысушыларының арасында өндіріс көлемі,табыс пен шығыстарының, нәтижелерін бөлісу

Келісімшарт біріккен қызметтің бір мүшесінің басшы ретінде немесе біріккен кәсіпорын жетекшісі етіп тағайындайды.

Кейбір біріккен кәсіпорын қызметі корпорация, серіктестік, кәсіпорын емес біріккен қызметке қатысу активтерін және ресурстарын пайдалануды білдіреді. Біріккен қатысушы өзінің қорларынан және негізгі құралдарды пайдаланады. Ол сонымен қатар міндеттемелер мен шығындарды өзі көтереді, қаржыландыруды өзі алады. Біріге бақылатын қызметке мысал ретінде екі немесе одан да көп қатысушылар өз ресурстарын қызметтерін біріктіріп біріге отырып бөлісуі.

Әрбір қатысушы өндіріс процесінің өзіне тиесілі бөлігін жүзеге асырады.Әрбір шығысын өзі көтеріп, өнім өткізуден түскен табысты өзінің үлесіне алады және бұл үлес келісімшарттың негізінде болады.

Біріге бақылатын активтер:

Кейбір біріккен кәсіпорындар біріккен кәсіпорын мүддесін сатып алады немесе салынған бір немесе бірнеше активтерін біріккен қызметке қатысушылар біріге бақылау мен біріге иемденуін талап етеді. Біріккен қызметтің әрбір қатысушысы болашақтағы экономикалық табысындағы өз үлесін біріге бақыланатын активтер үлесі арқылы бақылайды.Біріге бақыланатын активтер үлесіне сәйкес біріге бақыланатын қызметке қатысушы өзінің жеке қаржы есептілігінде және шоғырланған қаржылық есептілігінде мыналарды жеке көрсетеді:



  • Активтердің сипатына сәйкес жіктелген біріге бақыланатын активтеріндегі өз үлесін;

  • Керек міндеттемелерін;

  • Басқа қатысушылармен қатар біріккен кәсіпорын міндеттемелеріндегі өз үлесін;

  • Біріккен кәсіпорында өндіретін өнімдегі сатудағы өз үлесін;

  • Зияндағы өз үлесін;

  • Шығындардағы өз үлесін;

Біріге бақыланатын субьектілер- корпорация серіктестік немесе басқа да кәсіпорын ретінде құрылған және біріккен қызметте әрбір қатысушысы қатысушы үлесіне ие біріккен кәсіпорын.

Субьект- жоғарыда көрсетілгендей басқа да кәсіпорындарда жұмыс істейді тек бір айырмашылығы қатысушы арасындағы келісімшарт негізінде субьект экономикалық қызмет біріккен бақылау орнатады.

Біріге бақыланатын субьект- біріккен кәсіпорын активтерінде бақылап, міндеттемелер қабылдап, табыстары мен шығыстарын көреді жеке қаржыландыруды да ала алады. Әрбір қатысушының біріге бақыланатын субьект қызметінің нәтижелеріне, үлесіне сәйкес иемденуге құқығы бар,алайда, олардың кейбіреулері біріккен кәсіпорын болып өндіруден өнімді ұсынады.

3. Бизнесті біріктіргенде активтер мен міндеттемелерді бағалау мына тәртіпке сүйенеді:



      • өтімді бағалы қағаздар ағымдағы нарықтық құны бойынша бағаланады;

      • өтімді емес бағалы қағаздар кәсіпорынның таза табысының нарықтық бағаларға қатысы арқылы анықталады;

      • дебиторлық қарыздар ағымдағы пайыздық ставкаларды қоса есептегендегі таза құны бойынша есептеледі;

      • дайын өнім мен тауарлар – сату шығындарын алып тастағандағы бағасы арқылы есептеледі;

      • шикізат мен материалдар ағымдағы қалпына келтіру құны бойынша есептеледі;

      • жер мен ғимараттар пайдалану мақсатына қарай нарықтық құны бойынша бағаланады;

      • машиналар мен жабдықтар алғашқы құнынан амортизация құнын алып тастағандағы құны арқылы анықталады;

      • материалдық емес активтер бекітілген құны бойынша бағаланады;

      • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер ағымдағы құны бойынша пайыздық ставкаларды қосып бағаланады.

Бизнесті біріктіру қаржылық есепте көрсетілгенде мына деректер ашылуы керек:

  • Біріккен бизнестің атауы мен түсінігі;

  • Компанияның есеп әдісі;

  • Есептік мақсатта бизнестің бірігуінің күшіне енген уақыты;

  • Бизнесті біріктіргенде айналысатын өндірістік қызмет;

  • Дауыс құқы бар акцияларды сатып алу, олардың пайызы;

  • Біріккендегі активтер мен міндеттемелердің сомасы;

  • Сатудан түскен табыс, таза табыс және біріккен компаниялардың қаржылық есебіндегі басқа да деректер.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бизнесті біріктіру деген не?

2.Біріккен компанияларда есеп қалай жүргізіледі?

3.Азшылық үлесі деген не?

4.Сатып алу датасы нені білдіреді?
Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Консалидарлық бухгалтерлік баланс

2.Бөлінбеген пайда туралы консолидарлық есептілік

1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.

Қаржылық есеп берудің қағидалары төмендегілер:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығыны мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.

Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.

Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.

Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.

Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.

Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.

Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.

Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.

Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.

Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.

Уақыттылық.. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтерден алшақ болуы керек.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн.Белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай – ақ міндеттемелер мен шығынның қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.



Есептік кезең біткен соң ұйым қаржылық есеп беруді жасайды. Ұйымның құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше занды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.

Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) занды түлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

Заңды тұлға (коммандылық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артыкшылығы бар) занды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.



Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Занды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі занды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес көсіпорындар бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.

Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.

2.Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған каржылық-шаруашылык кызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақшалардың қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.

ҚЕХС сәйкес "Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі" негізгі занды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылык есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидацияланған қаржылық есеп беруге қосылмайды.

Негізгі кәсіпорын өз кезегінде, еншілес кәсіпорында болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорын талап етпесе.

Негізгі занды тұлға және оның еншілес занды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен консолидациялайды (яғни, біріктіреді):

  • есеп беруді өзара сәйкестендіреді (есеп беру қосымша өнделеді, жіктемесі өзгертіледі, түзетулер енгізіледі);

  • активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы
    мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;

  • кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді және кейбір баптар жойылуы мүмкін.

Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.

Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес занды тұлғада да көрсетілмейді.

Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі, яғни еншілес занды тұлғанын нақты таза активімен алмастырылады. Баланста әрбір еншілес серіктестіктің және негізгі заңды тұлғанын үлесі бойынша меншік капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктестіктердің үлесі кем немесе аз болуы мүмкін.

Негізгі заңды тұлғаның таза активінен оған енген (немесе кірген) еншілес серіктестіктердің таза активтері асып түссе, онда оның ағымдағы сатып алынған активтерінің құнынан мәмілесі бойынша өтетін міндеттемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғалардың гудвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып көрініс табады.

Егер де негізгі заңды тұлғаның құрамына кіретін еншілес занды тұлғаның құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы кұны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады.



Консолидацияланған есеп беруді қалыптастыру үшін операцияларды жою (түзету) кестесі жасалынады , ал ол келесі кезеңдерден тұрады:

  • бірінші кезекте еншілес занды тұлғаны алысымен, алдымен, негізгі занды тұлғаның өзіне қатысты таза активінің үлесі анықталады (кәсіпорынның активінен оның міндеттемесі алынып тасталынады);

  • содан соң түзетулер жасалынады:

Негізгі заңды тұлға 100% акцияны иеленген жағдайда, еншілес кәсіпорын өзінің акционерлерінің мүддесін ескеруі қажет, өйткені олардың меншігінде 50% акция қалуы мүмкін. Акционерлердін бүл мүддесі азшылық мүддесі болып саналады және оларға тиесілі таза активтің және таза табыстың (зиянның) сомасы консолидацияланған қаржылық есеп беруде көрініс табуы тиіс.

Таза табыстағы (зияндағы) азшылықтың үлесі есепті кезеңдегі еншілес тұлғаның алған таза табысынан анықталады және онын денгейі есеп беруде көрсетілгенімен, ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналмайды, сондықтан ол консолидацияланған қаржылық-шаруашылык қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде жеке бап болып көрсетіледі. Таза активтегі азшылықтың үлесі консолидацияланған қаржылық есеп берудің жасаған күніндегі меншік капиталындағы еншілес занды тұлғаның сомасынан анықталады. Азшылықтың таза активі бойынша үлесі консолидацияланған

  • негізгі занды тұлғаның инвестициясының деңгейін еншілестің үлесіне азайтады
    және еншілес занды тұлғаның жарлық капиталының деңгейін
    өсіреді; азшылықгың үлесі өседі;

  • негізгі занды тұлғаға жатпайтын табыс үлесіне таратылмайтын табыс деңгейін
    азайтады және азшылықтың үлесін өсіру керек.

Егер де тәуелді занды тұлға өзінің тәуелді занды тұлға ретіндегі анықтамасына сәйкес келуін тоқтатса, онда ол кезден бастап, оның инвестициясы қабылданған есеп саясатына сәйкес, ұзақ мерзімді инвестицияның есебі бойынша есепке алынады.

Кәсіпорында еншілес занды тұлғаның инвестициясы болмаса, онда ол жеке қаржылық есеп беруді жасайды.

Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да қаржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен тәуелді заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, құбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады.

Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар қаржылық есеп беруде біртұтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларың және қаржылық-шаруашылық қызметінің оқиғаларын қолданады.

Егер де олардың пайдаланған есептік саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді занды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады.



Бірлескен қызмет бойынша қатыстық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері. Өзінің қатысу үлесін есептеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъекттер, "Бірлескен кызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылык есепте көрсету" деп аталатын ҚЕХС басшылыққа ала отырып, олардың ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.

Бірлескен қызмет - жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.

ҚЕХС сәйкес, бірлескен қызметі бойынша қатысушылар өзінің қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған есеп беруінде танылуы тиіс:

  • бірлесіп бақыланатын өндірісте: активтер консолидацияланады және
    міндеттемелерін өз жауапкершіліктеріне алады; олардың жасаған шығысы олардың бірлесіп қызмет етумен байланысты, қызметгі немесе тауарды сатқаннан түскен табыстан өз үлестерін алады;

  • бірлесіп бақыланатын активтері: активтердің сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтері әрқайсысының үлесі бойынша анықталады; бірлескен кызмет олардың қабылданған міндеттемелері бойынша; баска қатысушылармен бірлескен қызметінде бірігіп жасаған өз міндеттемесінің үлесін;
    бірлескен қызмет бойынша өзінің жасаған шығысын қоса өз үлесіндегі өнімін
    пайдаланудан немесе сатудан түскен табысы бірлескен қызметте қатысу үлесіне
    сәйкес жасаған шығысы бойынша анықталынады.

Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек.

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада қатысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды.

Бірлескен қызметке қатысушылардың қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттар ашылуы тиіс: бүкіл бірлескен қызметке қатысты міндеттемелер және әрбір қатысушының үлесі; үшінші жаққа (тарапқа) қатысты шартты міндеттемелердің жағдайы және т.б., өйткені бүл аталғандардан зиян шегу ыктималдығы зор.

Бірлескен қызметке қатысушылар қаржылык, есеп берген кезде мына жағдайларды ашып беруі тиіс:

Пропорционалды консолидация — есептік әдіс, онда әрбір жолдары өзінің ұқсас баптарымен қосылады, мысалы, табыс табысқа, шығыс шығысқа, актив активке және т.б.

Негізгі серіктестік: үлестік қатысу әдісін және ұзак мерзімді инвестицияны есептеу әдісін пайдаланады.



  • үлестік қатысушымен байланысты міндеттеменің жалпы сомасы және осы қызметке қатысы жоқ міндеттемелер;

  • бірлескен қызметтің мақсаты бойынша оның басым бөлігіне сипаттама беру және олардың тізімін келтіру керек;

  • үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді
    активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың
    жиынтық сомасы.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Консалидацияланған есептілік деген қандай есеп берушілік?

2. Консалидацияланған бухгалтерлік баланс ерекшелігі неде?

3. Консалидацияланған есптіліктің қандай ерекшеліктері бар?

4.Пропорционалды консолидация деген не?

5.Бірлескен қызмет бойынша үлесті қаржылық есепте қалай көрсетеді?


Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

2.Инвестициялық меншікті тану
1.Баланстық құн – ол бойынша актив баланста танылатын сома.

Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа Халықаралық стандартқа, мысалы, 2-«Акцияларға негізделген төлем» IFRS нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.

Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:

(а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе


  1. әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.

Жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда жылжымайтын мүлікке инвестициялар ұғымына сай келсе және жалгер активті тану үшін баяндалған әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ескерілуге тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша 74-78-параграфтарда талап етілетін ақпарат ашып көрсетіледі.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан жылжымайтын мүлікке инвестициялар түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, кәсіпорынның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл жылжымайтын мүлікке инвестицияларды иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16-“Негізгі құралдар” IAS иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар мысалдары төменде келтірілген:

(а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;

(b) қазір әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер кәсіпорын жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі);

(с) кәсіпорынның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін кәсіпорынның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және

(d) қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылмайтын, осы Стандарттың ережелері қолданылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:

(а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік; мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік;

(b) үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік;



  1. иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік, оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; кәсіпорынның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер рыноктық ставка бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; және

  2. болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде пайдалану болжанып отырған салынып жатқан және қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік объектісі. Болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде одан әрі пайдалану үшін қайта құрылатын қазір бар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілеріне қолданылады

  3. Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа кәсіпорынға жалға берілген жылжымайтын мүлік.Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), кәсіпорын объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар деп есептеледі.

Кейбір жағдайларда кәсіпорын кәсіпорынға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Кәсіпорын, көрсетілетін қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда айтылғанның мысалы болып табылады.

Басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер неғұрлым маңызды болады. Мысалы, егер кәсіпорын қонақ үйге иелік етіп, оны басқаратын болса, онда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тұтастай келісім үшін маңызды болып табылады. Сөйтіп, иеленуші басқаратын қонақ үй жылжымайтын мүлікке инвестицияны емес, иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті білдіреді.

2.Кейде қосымша қызмет көрсетулер жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жатқызуға болмайтындай соншалықты елеулі болатын-болмайтынын анықтау қиын. Мысалы, қонақ үйдің иесі кейде жекелеген міндеттерді орындауды басқару шарты бойынша үшінші тарапқа береді. Ондай шарттардың талаптары алуан түрлі болады. Бір жағынан, иеленуші нақты түрде енжар инвестор жағдайында болуы мүмкін. Екінші жағынан, иеленуші бөтен ұйымға жекелеген жедел басқару міндеттерін бере алады, бұл жағдайда ол қонақ үйге байланысты ақшалай тасқындардың өзгеру тәуекелін одан әрі көтере береді.

Объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Кейде кәсіпорын өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-кәсіпорынның көзқарасы бойынша, объект, егер ол анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетеді.

Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады.

Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Инвестициялық меншікке нелер жатады?

2.Инвестициялық меншікке анықтама беріңіз.

Тақырып 4. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (ҚЕХС (IFRS) 5)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді жіктеу

2. Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал

1. Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.

Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс.

Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.

Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді. Бұл В Қосымшасындағы критерийлер сақталғанда орындалады.

Айырбастаудың 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады.

Кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс, және де осы күнге қанағаттандырылмаған кез келген басқа критерийдің сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде) қанағаттандырылуы әбден мүмкін.

Егер көрсетілген критерийлер есепті күннен кейін қанағаттандырылса, онда кәсіпорын шығару сәтінде осы қаржы есептілігінде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс. Алайда, егер бұл критерийлер есепті күннен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығаруға бекітілгенге дейін қанағаттандырылған болса, онда кәсіпорын бұл ақпаратты



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау