Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



жүктеу 2,58 Mb.
бет59/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

6. - чок жұрнағы : ор. крючок, қаз. көршек //крушок - /есіктің ілгіші/.
7. - ец жұрнағы : ор. погребец, қаз. бөгіребас / ыдыс-аяқ салатын сандық
Лингвистикалық география әлі де зерттеуді қажет ететін саланың бірі. Осы уақытқа дейін қазақ диалектологиясында лингвистикалық география тұрғысынан жазылған еңбектер өте аз. Алайда С. Омарбеков, Н.Жүнісов сынды ғалымдардың еңбектерін атап кету маңызды. Ал жоғарыда көрсетілген диалектілік ерекшеліктердің қолдану өрісі, таралу шегі бірдей емес екенін картадан көруімізге болады. Қазақстан территориясынан қолдану жағынан екіге бөліп тұратын немесе оның үштен екі бөлігін қамтитындай құбылыстарды жатқызады. Мысалы, көпшіліктің бас қоса отырып беретін жәрдемі Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Алматы, Талдықорған Шымкент, Жамбыл облыстарында Қызылорда облысының біраз аудандарында асар деп айтылады. Ал, үме сөзі батыс говорлар тобында, Атырау, Орал, Ақтөбе облыстары мен Қызылорданың кейбір аудандарында қолданылады. Ал солтүстік-шығыс облысында оны орысша помыш дейді. Ал құдағи, құдағай сөздерін алсақ, алғашқысы Қазақстан территориясының үштен екі бөлігін қамтиды. Тек Ақтөбе, Орал, Атырау облыстары мен Қызылорда облысының батыс жағындағы аудандарда құдағай сөзі қолданылады. Осы тектес көп жерге таралған кең аумақты сөздерге батыс говорлар тобында жиі қолданылатын басқа жерлердегі тайынша, тана, орнына айтылатын тайөгіз, қабырға (үйдің) орнына жар, үнемі орнына қолданылатын бойлай, әдеби тілдегі үй орнына оңтүстікте кездесетін там, шалбар орнына қолданылатын сым, мәтке орнына қолданылатын батыс говорлар тобындағы үрлік сөздерін мысалға келтіруге болады. Ал орта аумақты сипаттағы изоглостарға тоқталсақ, бұған бір немесе әрі кеткенде екі облыс территориясын қамтитын ерекшеліктер кіреді. Мысалы, шоқ қысатын құралдың атын білдіретін Алматы, Жамбыл облыстарындағы қышқаш, Атырау облысында әтешкір, Ақтөбе облысындаға маса темір, Орынбор қазақтарында айтылатын жәмке; қияр мағынасын білдіретін Жамбыл, Шымкент облыстарындағы бадыраң, Көкшетау, Омбы қазақтарындағы әгүшік сияқты сөздерді айтсақ та жеткілікті. Шағын аумақты сипаттағы изоглостар деп кейбір жеке говорлар шеіберінде айтылып, басқа жерге тарамаған сөздерді айтады. Мұндай құбылыстардың дені көрші тілдердің әсері болуы да ықтимал. Оларға нағашы орнына айтылатын таға, бәкі орнына айтылатын мұштар, ныштар сөздерін, Қызылорданың кейбір аудандарында ұшырайтын болат (теңізден бөлініп қалған су), сарғылт (құмды, сарғылтым жер), санақ (үлкен өзен, арна), мәннағат (күнкөріс), өжіре (үй, бөлме), сақылтыр (шөптің мал жеуден қалған ірісі), Қостанай облысының кейбір аудандарында айтылатын : пөзір (шамның лампасы), бәрнек (аққұман), шормақ (самаурынға салатын ұсақ жаңқа), мәнге (етке салатын қамыр), сырттық (бел көтергіш қайыс), белорақ (шалғы), сабан (соқа), судыр (ойын аты) т.б. Көкшетау облысының кейбір аудандарында айтылатын: қырқанды (шөптің мал жегеннен қалған ірісі), еріп (қымыз түбіндегі іртігі), қантыс (жылқының терісінен шыққан қан), түйміш (самаурынға салатын ұсақ жаңқа), сірге (кірпіш құятын қалып), шатыранжы (дойбы), шұлғыма (дойбы ойнындағы заход) т.б. Ал, аралас изоглостар әдеби не диалектілік изоглостардың түйіскен жерінде, аралығында орналасады. Аралас изоглостарда бірнеше диалектілік құбылыстар қатар қолданылады да, біреуі әдеби, екіншісі диалектілік құбылыс болып жарысып отырады. Осыған орай аралас изоглостар диалектілік сипатта не әдеби-диалектілік сипатта болады. Мысалы, шәмбе, сама сөздерінің изоглосы диалектілік сипаттағы сөздер. Ал қияр, бәдірең сөздерінің изоглосы әдеби-диалектілік сипатқа жатады. Изоглостардың таралу аясы, қамтитын аумағы бірдей емес. Кей құбылыстар көптеген аудан, облыстарды қамтыса, енді біреулері одан аз жерлерді, ал кейбіреуі аудан, ауыл көлемімен ғана шектеліп қалуы мүмкін. Осындай, тіл ерекшеліктерінің кеңістігін аңғаруға болады. Осы жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ тілі говорларындағы лексикалық ерекшеліктердің түрлері жөнінде оның тараған аймағын аңғаруға болады. Фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер жөнінде де олардың кең түрде, көбірек жерді қамтитынын , кейбір өзгешіліктердің шағын аумақта айтылатынын байқауға болады. Мысалы, сөз басында ч дыбысының айтылуы Қазақстан территориясын екіге бөліп тұратын құбылыс. Бұл шығыс Қазақстаннан бастап Семей, Талдықорған Алматы, Жамбыл облыстарын, Шымкент облысының кейбір жерін қамтып, кең аумаққа таралып жатқан құбылыс. Фонетикалық, грамматикалық құбылыстарды картография жолымен зерттегенде де, олардың шағын аудан, облыс немесе бірнеше облыс территориясын қамтып жататын өзгешеліктердің бар екенін қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы бойынша жасалған диалектологиялық атласынан аңғаруға болады. Лингвистикалық гоеграфия Өзбекстан территориясына таралған көптеген сөздердің таралу шегін көрсететін 30 шақты карта жасаған. Бұл қазақ диалектологиясындағы алғашқы, тұңғыш жасалған карталар. Диалектология саласындағы талас мәселелерді шешу, кейбір долбар ретінде айылған пікірлердің дұрыс-бұрыстығын анықтау, әдеби тілдің нормасын белгілеудегі вариант сөздердің ролін анықтау т.б. мәселелердің түбегейлі шешулі, түптеп келгенде, осы лингвистикалық география саласындағы зерттеулермен байланысты.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау