«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011 – 2015, 2013-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» 2015 жылы іске асырылған іс-шаралар туралы



жүктеу 162,63 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі162,63 Kb.
#17049
түріБағдарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011 – 2015, 2013-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» 2015 жылы іске асырылған іс-шаралар туралы
Аталған мерзімде Абай ауданының мемлекеттік мекемелері тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп өтті. Атап тоқталсақ:

Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 742 қаулысымен Абай ауданы әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясы жаңа құрамда қайта құрылып, комиссияның дербес құрамы аудандық маслихаттың кезекті сессиясында бекітілді.

Комиссияның ағымдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспары әр тоқсанға әзірленіп, келесі тақырыптарды қамтыды:

1 тоқсан – «Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру барысы туралы», «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту жұмысы жайлы». Мерзімі: 2015 жылғы наурыз айы.

2 тоқсан- «Мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы туралы», «Елді мекендерде (алаңдарда, көшелерде) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы сыртқы ақпаратты (билбордтарды) орналастыруды ұйымдастыру жұмысы жайлы». Мерзімі: 2015 жылғы маусым айы.

3 тоқсан- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы жайлы». Мерзімі: 2015 жылғы қыркүйек айы.

4 тоқсан- «Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу жұмыстары туралы», «Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары оқу орындарында сабақтар жүргізуді және білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта біліктіліктерін арттыруды жұмысы туралы».

Мерзімі: 2015 жылғы желтоқсан айы.

Жоспарда белгіленген іс-шаралар уақытылы мерзім мерзіммен атқарылуда. Мысалға; 2015 жылдың наурыз айының 26 жұлдызында, маусым айының 09 жұлдызында, 10 қыркүйекте және 02 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырыстары өткізіліп, құзырлы Ведомстволарға ағымдағы жылы осы бағытта орындауға жататын іс-шаралар белгіленіп, берілген тапсырмалар дер кезінде орындалуда. Комиссия отырысында өзекті мәселелер ортаға салынып талқыланды.

Аудан көлемінде осы мерзімде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде орындалып келеді.

Ауданның әр ауылдық округі бойынша атқаралған іс-шараларға тоқталсақ:

Қарауыл ауылдық округі бойынша:

2015 жылғы сәуір айының 13 жұлдызында Қарауыл ауылдық округінің төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Абай аудандық Әділет басқармасының басшысы, Халыққа қызмет көрсету орталығы ШҚО бойынша филиалы Абай бөлімінің басшысы, Қарауыл ауылдық округінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түсінігіне тоқталу, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілер жайында баяндау, осы заңнамалардың мақсаты мен міндеттеріне тоқталу болды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру бойынша жергілікті «АБАЙ ЕЛІ» газетінде Қарауыл ауылдық округінің бас маманы Ә.Қасенбаеваның «Ел мүддесі- жемқорлықтың жолын кесу» атты мақаласы жарияланды.

( 2015 жылғы 01-07 сәуір, № 13).

Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактісі кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге астыртын болысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар әзірлеу және халықтың әртүрлі топтары арасында тарату, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру бойынша Қарауыл ауылдық округі әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» мақсатында жадынама әзірледі.

Қарауыл ауылының мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа күрес бағытында дәрістер, семинарлар мен брифингтер үнемі өткізіліп отырады.

«Сенім телефонының» жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінң оңтайлы жұмыс істеу тәжірбиесін кеңейту бойынша Қарауыл ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігі келушілерге қолжетімді жерде орналасқан. Жауапты тұлға- бас маман Ә.Қасенбаева. Сонымен қатар мекемеде «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Сенім телефоны- 87225291767, жауапты лауазымды тұлға- Н.Бекбатыров.

19.10.2015 жылы Қарауыл ауылдық округінің әкімі Х.Верлишевтің төрағалық етуімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Бұл жиынға ауылдық округ қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Дүрмекбаев, Абай аудандық Әділет басқармасының басшысы А.Махметов, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы, Абай бөлімінің басшысы Т.Сағатұлы қатысты.

Жергілікті «Абай елі» газетінде Қарауыл ауылдық округінің бас маманы Ә.Қасенбаеваның «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты мақаласы жарияланды.

Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша:

Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппаратының тікелей бастамасымен 2015 жылғы 15 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры, Абай колледжі директорының қатысуымен мектептің акт залында «Сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресейік» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына, аудан әкімінің ресми сайтына әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында мақалалар жүйелі түрде беріліп отырады. Ауыл әкімінің жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жоспарына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы туралы мәселені қарау күн тәртібіне енгізілген.

Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша:

Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауылдық округтің іс-шара жоспары бекітілген, орындалу барысы үнемі қатаң бақылауда ұсталады.

2015 жылғы 06 мамырда ауылдық округ қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу» тақырыбында жиналыс өтті.

2015 жылғы 10 сәуірде азаматтардан келіп түскен арыз- шағымдарды қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктеме беру жиналысы өтті.

2015 жылғы 10 маусым күні «Нұр Отан» партиясы мүшелері, аудандық маслихат депутаты және ардагерлер кеңесі төрағасының, М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс» тақырыбында пікір-талас өтті.

Жергілікті «АБАЙ ЕЛІ» газетінде Қасқабұлақ ауылдық округінің бас маманы Р.Дәулетқалидың «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты мақаласы жарық көрді.

16.12.2015 жылы «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы» халықпен кездесу өткізілді.

10.11.2015 жылы азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктеме беру жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты ауыл тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне өтініштерді қарау тәртібін түсіндіру, қарау мерзімін созбалау фактісіне жол бермеу,уақтылы әрі толыққанды жауап берілу керек екенін түсіндіру.

20.10.2015 жылы «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты және ардагерлер кеңесінің қатысуымен М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушыларымен «сыбайлас жемқорлықтың түбі қорлық» тақырыбында пікір-талас өткізілді.

Архат ауылдық округі бойынша:

Архат ауылдық округінде 2015 жылғы 22 маусымда 2015 жылдың 2-ші жартыжылдығында азаматтардан түскен арыз-шағымдардың қаралуы бойынша отырыс өткізілді.

«Архат ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, қоғамның адамгершілік тұрғыдан жандануына бағытталған кешенді жұмыстарды алдағы уақытта да атқарыла береді.

Саржал ауылдық округі бойынша:

2015 жылғы 17 мамырда Саржал ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы, ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары, әкімдік және емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ауыл ақсақалдары мен жастар арасында «Сыбайлас жемқорлықты түбімен жояйық!» атты семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ауылдың белсенді ақсақалдары жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық дерт екенін түсіндіру болды.

Жергілікті «АБАЙ ЕЛІ» газетінің 8-15 маусым аралығындағы санында Саржал ауылдық округінің бас маманы А.Есенғаринаның «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты мақаласы жарық көрді.

14.10.2015 жылы ауыл әкімінің, ақсақалдар алқасының мүшелері, ауылдық округтің бас маманы және әлеуметтук қызметкерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты жиын өтті. Жиналыстың күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғалды. Ақсақал алқасының мүшелері жемқорлықты болдырмау үшін қандай іс-шаралар жасау керектігін ауыл тұрғындарын түсіндіре кетті.

Саржал ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан Абай ауданы әкімінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарын қамтитын мақалалар жарияланып тұрады.

01.12.2015 жылы ауыл әкімі, ақсақалдар алқасының мүшелері, мәдениет үйінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары, ауылдық округ аппаратының бас маманы ұйымдастыруымен «Жемқорлықты жояйык!» тақырыбында жиын-кездесу ұйымдастырылды.

17.12.2015 жылы мектеп ұстаздары мен оқушыларына ауыл әкімі Ұ.Ақылбеков «Сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен кесейік» тақырыбында дәріс оқыды.

Тоқтамыс ауылдық округі бойынша:

Тоқтамыс ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Тоқтамыс ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары, оның алдын алу мен болдырмау жолдарын табу жөнінде түсінік беру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге ауылдық әкімдіктің мамандары, мектеп ұстаздары, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.

2015 жылғы 22 мамырда «Сыбайлас жемқорлық – індет, күресу-міндет» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Көкбай ауылдық округі бойынша:

2015 жылғы 29 мамырда Көкбай ауылдық округінде ҚР Мемлекеттік Қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Көкбай ауылының халқымен кездесу жиналысын өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылыққа түсінік жұмыстарын жүргізу. 2015-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиялық бағдарламамен таныстыру, үгіт-насихат жұмысын жүргізу және сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу.

2015 жылғы 24 қарашада мемлекеттік қызметкерлер, мекеме басшылары және ұстаздардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық- әлемдік дерт!» атты жиын болып өтті. Көкбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Шыңғысбаев осы тақырыпта дәріс оқи отырып, сыбайлас жемқорлықтың халыққа тигізетін зияны жайлы баяндады.


Құндызды ауылдық округі бойынша:

Құндызды ауылдық округінде де үнемі, жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде семинар, дәріс, тренингтер, дөңгелек үстелдер, пікір-талас, кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау ауыл әкімінің қатаң назарында.

Аудан әкімінің ресми сайтына, жергілікті бұқаралық ақпарат құлардарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында мақалалар беріліп тұрады.Құндызды ауылдық округінің бас маманы Б.Сыдықованың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу- міндет» мақаласы «АБАЙ ЕЛІ» газетінде жарияланды.

Медеу ауылдық округі бойынша:

06.05.2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша Медеу ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен осы мекеменің барлық қызметкерлерінің, аудандық прокуратура өкілінің қатысумен «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты үлкен жиын өтсе, осындай іс-шара 15.06.2015 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Абай аудандық бөлімінде өткізіліп нәтижиесі «Абай-елі» газетінде жарияланды.

2015 жылдың 20 сәуірде ауданның жастар үйінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты суретшілердің жыл сайынғы көрмесі ұйымдастырылып, көрме жеңімпаздары арнайы марапат қағаздармен, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

«Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалына сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы хабарламаға, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Ар-намыс Кодексін бұзған, мемлекеттік қызметшілерге жат мінез көрсеткен мамандар үстінен тәртіптік кеңеске арыз-өтініш беруге арналған арнайы жәшіктермен жабдықталған.

17.10.2015 жылы Сыбайлас жемқорлыққар қарсы күрес жөнінде Медеу ауылдық округінің әкімі, бас маманы, мектеп директорының м.а, учаскелік полиция инспекторы, қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті.Жергілікті «Абай елі» газетіне Медеу ауылдық округінің бас маманы Қ.Темірбекұлының « Сыбайлас жемқорлықпен күрес- баршаның міндеті» атты мақаласы жарық көрді.

17.12.2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Медеу ауылдық округінің әкімі Д.Мұқтарұлы, бас маман Қ.Темірбекұлы, мектеп директорының міндетін атқарушы С.Рахатбаев, учаскелік полиция инспекторы Н.Болатұлы ауылдық әкімдік қызметкерлерінң қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Медеу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Темірбекұлы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» тақырыбында жадынама әзірлеп, ауыл жастарына, мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне, ұстаздар мен мектептің жоғары сынып оқушыларына таратып берді..

Ауыл әкімі 24.12.2015 жылы ауыл жастарына, ақсақалдар кеңесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршаның міндеті» атты тақырыпта тұшымды баяндама жасады.

Абай ауданының білім бөлімі тарапынан ауданның барлық мектептерінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «жемқорлық-дерт», «жемқорлық індет – жою міндет», «мектеп – сыбайлас жемқорлықсыз» тақырыптарымен арнайы бұрыштар, сурет көрмелері, шығарма байқаулары, дебат сайыстары өткізілген. Мектеп директорлары жанындағы кеңестерде, педогогикалық кеңестердің отырысында, жиналыстарда педогог - қызметкерлер мен жұмысшылардың қатысуымен баяндамалар жасалып, құқықтық оқулар өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін жадынамалар, топтар құрылып әр мекемеде плакаттар ілінген.

Абай ауданының білім бөлімі «Нұр Отан» партиясы, құқық қорғау және басқа да жергілікті мемлекеттік органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бөлімнің барлық қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

Кестеге сәйкес білім бөлімінің басшысы, саяси кеңес пен бюросының мүшесі М.Нұрсұлтанұлы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ай сайын азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Бөлімнің бас маманы Р.Слямханов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының жанынан құрылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның мүшесі. Сондай-ақ, аудандық прокуратура, аудан әкімдігінің өкілдері білім бөлімінің қызметкерлеріне дәрістер оқып тұрады. Атап айтсақ, аудан прокуроры Д.Аубакиров, оның көмекшілері М.Джолумбетов, Е.Мұратов, аудан әкімінің заң және құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі Д.Хусаинов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сағадиевтар сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік сатып алу, әкімшілік рәсімдер, діни ағымдарға байланысты дәрістер өткізеді.Дәріс оқығандығы жөнінде тиісті анықтамалар беріледі.

Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін білім беру саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты мақалалар жергілікті «АБАЙ ЕЛІ» газетінде жарық көріп келеді. Атап айтсақ, «Семинар арқауы- сыбайлас жемқорлық», Жемқорлықпен күрес кезек күттірмейді» атты мақалалар.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты арнайы стенд білім бөлімінде орналасқан. Онда сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған заңнамалық актілер, бағдарламалар, іс-шаралар жоспары орналастырылған.

Абай ауданының білім бөлімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.

Білім бөлімінің басшысы азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелер бойынша қабылдауды кестеге сәйкес әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 09:00-ден-12.00 аралығында жүргізеді. Алайда кестеге қарамастан, бөлім басшысы қабылдауды басқа да кез-келген жұмыс күні жүргізе береді.

Білім бөлімінде 9-18-17 нөмірі бойынша «сенім телефоны» жұмыс істейді. Азаматтар өздерінің сұрақтары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде 9-18-83 нөмірі бойынша тікелей бөлім басшысына хабарласа алады.

Қабылдау бөлімінде азаматтардың арыздары мен өтініштеріне арналған «сенім жәшігі» орналастырылған. Дәл осындай жұмыстар білім беру ұйымдарында да жүргізілген.

Мектептердің тәрбиелік іс-шаралар жоспарларына сәйкес оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері, сыбайлас жемқорлыққа әрекетке байланысты тәрбие, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылып келеді.

«Абай елі» газетінің 2015 жылғы 08-16 қазан күндері аралығында шыққан сандарда Медеу орта мектебі директорының, «Балдәурен ясли-бақшасы» КМҚК-ны меңгерушісінің бос орнына байқау мәтіні жарияланды.

Ағымдағы жылдың 06 ақпан күні аудандық кітапханада аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Дүрмекбаев, аудан прокурорының аға көмекшесі М.Джолумбетовтің, білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, 2011-2015 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламаларын талқылауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді қарауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелден кейін білім бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыс өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Абай ауданының білім бөлімінің 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылып, таратылды.Өткізілген іс-шараға байланысты мақала, білім бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Абай елі» газетінде, аудан әкімінің ресми сайтында жарияланады.

Биылғы жылы 2 мектеп директоры азаматтардың өтініштеріне белгіленген мерзімде жауап бермегені үшін ҚР «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауапкершілкке тартылды.

Жергілікті «Абай елі» газетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мақалалар жүйелі түрде шығып отырады. Атап айтсақ, 2015 жылғы 27 қазан – 03 қараша аралығында № 40 санында Құндызды ауылдық округінің бас маманы Б.Сыдықованың «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», Қарауыл ауылдық округінің бас маманы Ә.Қасенбаеваның «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!», 08-15 желтоқсандағы № 46 санында Абай аудандық сотының бас маманы Б.Шлиясованың «Жемқорлыққа қарсы күресті күшеуту керек», 16-23 желтоқсан аралығындағы № 47 санында Архат ауылдық округінің бас маманы Ж.Әділхановтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- ортақ міндет», Қасқабұлақ ауылдық округінің бас маманы Р.Дәулетқалидың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты мақалалары жарық көрді.

2015 жылғы 09 желтоқсан күні аудандық кітапханада заң өкілдерінің, ауданның ішкі саясат бөлімінің, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.

2015 жылдың мамыр айында Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімімен Абай ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзіреті туралы жазылған арнайы брошюралар тегін таратылып берілді. Аудандық прокуратура тарапынан қолданыстағы заңның нормалары жөнінде мемлекеттік қызметкерлермен ай сайын лекциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Құқық қорғау мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тарапынан азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты бопсалаушылық фактілерін анықтауға бағытталған тексерулер жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, хабарларын жасау, сондай-ақ, брошюралар буклеттер мен жадынама жұмыстары Абай ауданының орталық кітапханасында кеңінең насихатталып стенд тақталарында ілінген. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз қарасын жүйелі және мақсатты қалыптастыру мен айналысуда. Аудандық барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жинау үшін жәшіктер орнатылған. Аудандық әкімдіктің, 9 ауылдық округ әкімдері аппараттарының, 9 дербес бөлімдердің ғимараттарының алдына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетіне арналған арыз-шағымдарын жолдауға, әрбір мекемеде жәшіктерді ашу комиссиялары құрылып, жұмасына бір рет хабарлар түскенін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сенім телефоны жүйелі жұмыс істеуде. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі веб – сайтында «жемқорлыққа жол жоқ» атты баннер орналасқан. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері веб – сайттар арқылы Веб ресурстар арқылы және «Абай елі» газетінде ашық жүргізіледі. Аудандық әкімшілікте, ауылдық округ әкімдері аппараттарында және дербес бөлімдерде тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау тәртібі орнатылған, қабылдау бекітілген регламентке сәйкес уақытында жүргізіледі.

Жалпы 2015 жылдың 12 айында статистикалық мәліметтерге сүйенсек Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын немесе осыған ұқсас әрекет жасап тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған жоқ. Бұндай санатпен қылмыстық істер қозғалмаған.

Сонымен қатар әр ай сайын сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде ауылдық округ әкімдерінің есептері тындалады.

Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жүйелі жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылған. Аудандық әкімдіктің, 9 ауылдық округ әкімдері аппараттарының, 9 дербес бөлімдердің ғимараттарының алдына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетіне арналған арыз-шағымдарын жолдауға, “Нұр-Отан” партиясының аудандық филиалына сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы хабарламаға, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Ар-намыс Кодексін бұзған, мемлекеттік қызметшілерге жат мінез көрсеткен мамандар үстінен тәртіптік кеңеске арыз-өтініш беруге арналған арнайы жәшіктер орнатылған. Әрбір мекемеде жәшіктерді ашу комиссиялары құрылып, жұмасына бір рет хабарлар түскенін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты арнайы жәшіктерге арыз-шағымдар түскен жоқ. Сенім телефоны жүйелі түрде жұмыс жасап отыр тел: 87225291736. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша «Нұр-Отан» партиясы және Ардагерлер алқасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі акциялар өткізіліп отырады.



Аппарат басшысы С.Мұқажан
жүктеу 162,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау