Зерттеудің мақсаты. Біз зерттеп отырған батыс сөйленістеріндегі кірме сөздерді қарастыруда төмендегідей мәселелерді шешуді өзімізге мақсат етіп қойдық.
– Батыс сөйленістеріне түркі, монғол, араб-иран, орыс тілдерінен енген сөздердің мән-мағыналарын, қолдану ерекшеліктерін анықтау;
– Түркі, монғол, араб-иран, орыс тілдері арқылы енген сөздердің лексика-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін көрсету;
– Батыс сөйленістеріне орыс тілдерімен қатар оның говорларының да әсерін анықтау:
–Фонетикалық жағынан кейбір дыбыс сәйкестіктерін көрсету және аталған тілдердің қабылдау барысында біраз сөздердің құрамындағы өзгерістерді, дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылу құбылыстарын ажыратып көрсету:
– Батыс сөйленістеріне енген сөздердің құрамындағы жұрнақтардың сөз ауысу процесінде олардың қабылдану ерекшеліктерін анықтау;
– Батыс сөйленістеріне енген кейбір кірме сөздердің изоглостық шегін картаға түсіру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кірме сөздер лексика-семантика жағынан 21 топқа бөлінді.
– Батыс сөйленістеріндегі көнерген сөз, біріккен сөз, омоним, синоним, дублеттер мен варианттар сияқты категориялар анықталып, сипатталды.
–Түркі, монғол, араб-парсы, орыс тілдерінен енген сөздерді семантикалық жағынан талдағанда олардың түп-нұсқасы ескеріліп, мағыналық ара-қатынасы және семантикалық ерекшеліктердің түрлері анықталды. – Кірме сөздердің сөз ауысу процесінде туған фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктер көрсетілді.
Батыс сөйленісінде кездесетін кейбір кірме сөздердің изоглосы анықталып, картаға түсірілді.
Батыс сөйленісін Қазақстанның басқа да сөйленістерімен салыстырып қарағанда орыс, түркі тілдерінен енген сөздер басымырақ келеді. Ал монғол тілі болса тек батыста ғана емес, жалпы Қазақстан аумағында өте аз кездессе, араб-иран элементтері батысқа қарағанда оңтүстік өңірлерде жиірек қолданылатынын байқаймыз. Аталған кірме сөздер алдымен лексикалық жағынан ерекшеленеді. Ал орыс тілінен енген сөздерде әдеби тілдің әсерінен басқа, орыстың говорларының да әсер еткендігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |