Зілмәңке /Зімәнкі (Ақт., Ойыл; Орал: Жән., Қазт.) – жер үй /ор.землянка/. Ыдырыс анау зілмәнкеде тұрады.
Кіләт // Күліт (Орал: Чап., Жымп.) – үйдің төбесіне көлденең салатын жуан ағаш, арқалық , мәтке /ор.клад/.
Лапас /Пернебас (Орал.: Чап., Жыс., Қарат.) – үш жағы ашық төбесі жабық қора /ор. лапас, принавес/. Бұл сөз Шымкент облысыны кей жерлерінде - бастырма, Орынбордың Аламов, Бөрте аудандарында ықтырма, сәндірме деп атайды. Говордағы лапас сөзі орыс тілінде екі түрлі тұлғада кездеседі. 1.Әдеби тілдегі нұсқасы – лабаз; 2.Говордағы нұсқасы – лапас. С.И.Ожеговта: «Лабаз устар. Помещение для торговли зерном, мукой»деп берілсе, В.И.Дальда: «Лабаз, сарай навесь, балагань, амбарь»... деп көрсетілген. Ал орыс говорларының сөздігінде лапаз, лапас сөзінің он екі мағынасы көрсетілген. Тұрғындар бұл сөздің бір-ақ, мағынасын қабылдаған. Бір таңғаларлық жағдай – Н.М.Шанский бастаған авторлардың қатысуымен құрастырылған сөздікте орыс тіліндегі бұл сөзді түркі тілдерінен енген деп көрсетеді. Сөздікте : «Лабаз.обычно толкуется как др русск. Заимствование из тюрск. Яз. Лапас – «навес»/. Однако некоторые ученые считают это слово исконно русским, имея в виду диал.лабас.Обьясняют его как суффиксальное промзводное от лавка – «лавка». Первоначальное значение - «навес, шалаш», торговое значение является переносным, ср. шалаш, палатка, балаган, павильон, киоск и т.п.
Сене //Сенек (Орал., Чап.) – ауыз үй. Ұлпан шелектерін сенеге қойып үлгергенше Айсұлу үйге кіріп кеткенді.
Шолан (Орал: Чап., Жым., Қарат.) – ас үй , үй алдындағы қора. Шыланды шетен, талдан тоқимыз. Көкшетаудың кейбір аудандарында еттік, шорам деп айтылады.
Күтір (Орал., Маңғ.) – ауыл,қыстақ. Қора-қопсысы, бау-бақшасы бар оңашаланған жер телімі. /ор.хутор//.
Сарай // Шошала (Орал., Гур., Маңғ.) – астық, тамақ қоятын үй.
Қабырға (Орал., Чап.) – үйдің қабырғасы (бөлігі) /ор.стена//.
Кірлес (Гур.: Есб., Маңғ.) – үстін шатырлап жауып, үйдің есігі алдына жапсыра салынған кіре берісі. Мына үйлердің көбінде кірлес бар, үйлеріне шаң жоламайды /ор.крыльцо/.
Достарыңызбен бөлісу: |