Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Әр түрлі мағынаны білдіретін сөздер



жүктеу 2,58 Mb.
бет31/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Әр түрлі мағынаны білдіретін сөздер:
Дөңсе (Маң.: Маңғ., Шев.; Гур.,Есб.; Қ.орда, Арал.) – дөңес, биіктік, қырандау жер. Осы дөңселердің бәрі зілзаладан болған дейді.
Сандал.(Орал., Жән.) – ағаш жарғанда астына салатын томар. Сандал болса, ағаш жаруға жақсы болар еді. Монғолша сандал сөзі орындық деген мағынаны береді.
Аңқы (Гур., Есб.) – аңқау. Бейсенғали деген аңқы кісі. Дүние жүзіндегі көптеген тілдерде «аңқы» тұлғалы сөз «ашық ауыз» мағынасында қолданылады. Монғол тілінде ангайх ашу, аңқаю, аңқиып қалу деген мағынаны береді. Мұздай: мұздай аман (Орал: Чап., Жымп.; Гур.; Түрікм., Красн.) – тегіс аман. Тек құмық тілінде ғана тұлғасы әрі мағынасы жағынан жақындап келерліктей сөзді көрсетуге болады: мызгьмак: мызгьыйгьан ери де екь - ничего у него не болит, он здоров. Батыс говорларындағы «мұздай» осы «мызғы» сөзінің дыбыстық варианты деп шамалауға болады. Егер «мызгьы» сөзі тіліміздегі «мықты», «берік» сөзінің синонимі болса, «мұздай аман» - «амандығымыз мықты» деген мағынаны ұғындырса керек. Әдеби тіліміздегі «мызғымайтын» деген сөзбен де айтуға болады. Нән (Түрім., Красн., Таш., Ашх., Тедж.; Гур.; Орал, Жән.; Қарақ.; Ақт., Ойыл.)– үлкен, ірі мағынасында алтай, аладаг тілінде алтай тілінің құманды диалектісінде және якут тілдерінде қолданылатындығын ескерсек, бұл сөздің де ертедегі ру, тайпа тілдерінің говордағы ізі екендігіне күдік қалмайды. Әрине, көрсетілген тілдерде дыбыстық жағынан аз-кем өзгеліктер жоқ емес. Мысалы: алтайша – нан, құмандыларда – наан, якут тілінде – нонон, ноноң. Нән – аса, ірі, өте мағынасында монғол тілінде де қолданылады. Кезі келгенде айта кететін нәрсе, ертедегі ру, тайпаларына меншікті деп қарастырып отырған сөздердің кейбіреулері монғол, қалмақ тілдерінде де кездесуін Н.А.Баскаковтың мына сөзімен түсіндіруге болады. «Общие же по корню с монгольским языком слова, имеющиеся в западных тюрских языках, относятся главным образом к тому слою лексики основного словарного фонда, который исторически образовался в Алтайскую эпоху. Когда тюрские и монгольские языки еще не были дифференцированы между собой». Батыс говорларындағы кездесетін монғол, қалмақ тілдерімен ортақ сөздердің бәрін бұл дәуірге жатқыза беру қате болар еді. Ол дәуірден кейін кірген сөздер де бар. Нобайы (Түрікм.,Красн., Небид., Ашх., Таш., Мары; Гур., Маңғ.) - көбі, дені. Әдеби тіліміздегі мұнымен тұлғалас нобай – нәрсенің ұзынырға жобасы, ыңғайы, жөні сияқты мағына береді. Ал қазақ тілі говорларының батыс тобындағы мағынада біз оны ноғай тілінде: номай (побольше), чуваш тілінде нумай (много) тұлғаларында көреміз. Бұл сөздің зерттеліп отырған говорлар мен ноғай тілінде тұлға сәйкестігімен қатар мағыналас келуі ноғай халқы мен Қазақстанның батысындағы бірқатар құрамындағы ру, тайпалар ертеректе бірлестікте болғандығының айғағы. Бойлай (Түрікм.: Красн.,Небид.,Жеб.,Ашх.,Тедж.; Орал: Чап., Жымп.; Гур.,Маңғ.,Ақт.) – үнемі, ылғи. Қазақ тілі говорларының батыс тобын түгел қамтитын бұл сөзді тек татар тілінің сөздігінен – булый қалпында ұшыратамыз. Солай болса да, оны (бойлай сөзін) татар тілінің әсері дегеннен гөрі, түркі тілдерінің қыпшақ тобын құруға қатысқан ру, тайпа тілдерінен сақталған қалдық ретінде қарау орынды. Бұдан тарихи деректерден пәлендей дәлеліміз болмаса да, қазіргі қазақ тілінің өзінен фактілер табу қиын емес. «Үнемі» , «ылғи» сөздерінің тіліміздегі тағы бір синонимі – өне бойы. Беретін мағынасының өзі бұл сөзді әдеби тіліміздегі «үнемі» мен диалектизм ретінде қарап отырған «бойлай» сөзінің қысқаруынан пайда болған деуге толық мүмкіндік бар. Демек, үнемі + бойлай –(мі) +бой (л) а (й)өне бойы. Мұндағы дыбыс құылыстарының бәрі түркі тілінің заңдылықтарына сәйкес. Сөйтіп қазақ халқын құраған ру, тайпа тілдерінде де, «бойлай» сөзі болған демекпіз. Оның ізі қазақ тілінің батыс сөйленісінде сақталған. Арқайын (Түрікм.: Красн.,Небид.,Ашх.,Жеб.,Таш.,Мары,Тедж.,Байр,; Гур.,Маңғ.)– еркін, жайбарақат. Осы тұлғада, осы мағынада В.Радловтың көрсетуінше, шағатай тілінде - аркаjiн, азербайжан тілінде – орхаjын. Ал құмықша - аркаьайын, түрікмендер да – аркайын. Ноғай тілінде әдеби тіліміздегі «еркін» тұлғасына жақын «эркин» болып дыбысталады. Жүйесі басқа тілдерде (иран, араб т.б.) көрінбеуіне қарағанда, түркі тілдерінің ежелден өзіне тән сөзі болса керек. Сонымен бірге әдеби тілдегі «еркін» сөзі «аркайын» сөзінің дыбыс түсуінен ықшамдалып қалыптасуы ықтимал. Сонда: арқайын – арқын – еркін.


    1. жүктеу 2,58 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау