Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу үстінде тіл мен тілді, диалектілер мен диалектілерді салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Бұл жұмысты жазуда А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Диалектология бөлімі» ұйымдастырған әр жылдардағы экспедицияның материалдары, диалектологияның ғылыми негізін қалаған С. Аманжолов, Ж.Досқараевтың ғылыми еңбектері мен және 1969 жылы басылып шыққан «Диалектологиялық сөздік» т.б. еңбектері пайдаланылды. Бұдан басқа осы күнгі диалектологтар Ш. Сарыбаев, Ә. Нұрмағамбетов, С.Омарбеков , О. Нақысбеков т.б еңбектері мен жарияланған жинақтар тізімі енгізілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстағы қағидалар мен пікірлер батыс сөйленісінің диалектілік сипатын анықтауға көмектеседі. Әдеби тілдің диалектілік негізіне байланысты мәселелерді шешуге аздап болса да септігін тигізеді. Келешекте арнаулы курстар жүргізгенде, студенттердің «Қазақ диалектология» және «Лексикалогия» атты курстарды жетілдіруде және диалектологиялық карталар жасақтауда көмегін береді деп ойлаймыз. Диссертациялық жұмыста негізінен тіліміздің лексикалық әлеуетін көрсететін, әдеби тілдің баю көздері болып табылатын сөздерге мән берілді. Бұл қатарға аймақтық сипатта болғанымен, әдеби тіл құрамына ене қоймаған түрлі шаруашылық салаларында қолданып жүрген сөздерді жатқызамыз. Олардың ішінде бау-бақша, мал, балық, диқаншылық т.б. шаруашылықпен байланысты әдеби тілде баламасы жоқ көптеген сөздер кездеседі. Қорғауға ұсынылатын қағидалар: – Қазақ диалектологиясының тарихи даму кезеңі мен ғылыми негізіне тән факторларды нақтылап, салыстырылуы; – Кейінгі дәуірлерде келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің едәуірі көрші тілдерден еніп, қолданысқа енуі; – Тіліміздегі кірме сөздерді әдеби тіл дәрежесінде және говорлар дәрежесінде қолданылатын сөздерді қарастырылып зерттелуі; – Диалектілер, говорлар және олардың түрлі ерекшеліктері мен типтерінің дамып, өзгеру жолдары; – Говордың жалпы әдеби тілге қатысы және олардың классификациясы мен тараған шегінің анықталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |