Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



жүктеу 2,58 Mb.
бет14/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

    Навигация по данной странице:
  • Кесел
Қапылу 1(Түрікм.: Красн., Небид., Ашх., Таш., Мары.; Ақт.: Тем., Жұр.; Қ.орда., Арал; Гур., Маңғ.) – асығу. Сондайма неге қапыласың, әлі уақыт бар.Түрікменше ховлукмак. 2. Қысылу, асып-сасу, қиналу. Қапылса қайт деп отырсың маған! (Қ. орда, Арал.) Машина іздеп қапылып жүрген шығар (Ақт, Тем.). 3. (Ауғ., Ир.) – кешігу. Үйде болса, үш мүсәпір отыр еді, сөйлесемін деп тойыңа қапылып қалдым.
Кесел (Маң., Қарақ.) - сырқаттану, ауыру. Ол өзі соңғы кезде кеселденіп жүр.
Бойлай (Түрікм.: Красн.,Небид.,Жеб.,Ашх.,Тедж.; Орал: Чап., Жымп.; Гур.,Маңғ.,Ақт.) – үнемі, ылғи. Қазақ тілі говорларының батыс тобын түгел қамтитын бұл сөзді тек татар тілінің сөздігінен – булый қалпында ұшыратамыз. Солай болса да, оны (бойлай сөзін) татар тілінің әсері дегеннен гөрі, түркі тілдерінің қыпшақ тобын құруға қатысқан ру, тайпа тілдерінен сақталған қалдық ретінде қарау орынды. Бұдан тарихи деректерден пәлендей дәлеліміз болмаса да, қазіргі қазақ тілінің өзінен фактілер табу қиын емес. «Үнемі» , «ылғи» сөздерінің тіліміздегі тағы бір синонимі – өне бойы. Беретін мағынасының өзі бұл сөзді әдеби тіліміздегі «үнемі» мен диалектизм ретінде қарап отырған «бойлай» сөзінің қысқаруынан пайда болған деуге толық мүмкіндік бар. Демек, үнемі + бойлай –(мі) +бой (л) а (й)өне бойы. Мұндағы дыбыс құылыстарының бәрі түркі тілінің заңдылықтарына сәйкес. Сөйтіп қазақ халқын құраған ру, тайпа тілдерінде де, «бойлай» сөзі болған демекпіз. Оның ізі қазақ тілінің батыс сөйленісінде сақталған.
Жарын (Орал, Чап.; Ақт.: Ойыл.,Ырғ.,Шалқ.,Қараб.; Гур.,Есб.; Рес., Орын.; Қарақ.,Мой.) – келер жыл, алдағы жыл. Ерте кездегі сөздіктер мәліметі бойынша, «jарын» сөзі түркі тілдерінің бірқатарында, әсіресе, қырым, қазан татарларында «ертең», «ертеңгі күн». IX ғасырдағы орхон-енисей қолжазбасының үзінділерінде Qutadyu bilig-те «таңертең», «ертең» мағынасын берген. Қазіргі түркі тілдерінен бұл тұлғалас сөздер: түрікше – yarin, якут тілінде – сарсын, гагауыздарда – йаарын [17, 230-б.], – ертеңгі күн дегенді ұғындырады. Ал чуваш әдеби тілінде: ирхи – утренний. Қазіргі сөздіктерде кейбір түркі тілдерінде, оның ішінде татарша : ярен – келер жыл; башқұртша :йәренгәкелесі жылда; сары ұйғыр тілінде : төрін – бір жылдан кейін мағыналарында ұшырасады. XIII ғасырдағы ескерткіште: йарын – завтрак . Міне түркі тілдерінде бұл сөздің үш түрлі мағынасын көрдік. Әрине, көрсетілген мағыналардың алғашқысы қайсысы, ажырату қиын. Кейбір түркі тілі мамандарының этимологиялық талдауына сүйенсек, «жарын» сөзінің алғашқы мағынасы – келесі күн. Түрікмен тілінде ір – ерте (рано). А.Н.Кононов «йарын» сөзінің түбірін – ір (утро), ал –ын қосымшасына көмектес септігінің жалғауы деп қарайды. Бұл талдауды А.Дж.Шукюров құптайды. Этимологияның дұрыстығын ертедегі жазба ескерткіштердегі «jарын» сөзінің мағынасы қолдайтынын жоғарыда көрдік. Оған қосымша, түркі тілімен туыстас монғол тобындағы қалмақ тілінде: өрін – «утро» мағынасын беретінін айту артық болмас. Мұндай жағдайда қазіргі татар, башқыр тілдері мен қазақ тілі говорларының батыс тобындағы «жарын» сөзінің мағынасы «келер жыл» туынды мағына болмақ.
Ілкі (Ақт., Ойыл.; Орал, Казт.)– алғашқы, әуелгі. Батыс говорында ғана кездесетін бұл сөз түркі тектес ру, тайпаларда ертеден келе жатқандығын білдіретін деректер аз емес. VIII ғасырдағы Білге -қаған ескерткіші мен Х ғасыр шамасындағы Алтын жарлықта : ілкі – бірінші, бастапқы мағынасында қолданылса, М.Қашқарида: ілк – бұрын, басында. Тіпті Еділ бойындағы булгарларда жылдың бірінші айын «алэм» деп атаған. Оны Н.А.Баскаков былайша ажыратады : алэм (илки, эм). С.Е.Маловтың классификациясы бойынша, түркі тілдерінің ішінде ең көне тіл деп саналатын чуваш және якут тілінде де «ілкі» сөзінің дыбыстық варианттары бар. Чуваш тілінде : илик – прежде, встар; якутша – ілік [18, 208-б.]. Басқа түркі тілдерінде : Тюмень,Тобол татарларында: ілкі – первый прежний [19,490-б.]. Гагауыз тілінде : иілкинджи - первый [20, 123-б.]. Қазақстанның батысындағы қазақтармен көрші татар және башқұрт тілдерінде «элек» болып дыбысталып, беретін мағынасы – басында,бұрын, ертеде. Ертеден келе жатқан бұл сөз қазақ тілінің тек батыс диалектісінде ежелгі ру, тайпа тілінің ізі ретінде сақталып қалған. Батыс диалектісінің кейбір говорларында ілкі сөзі дыбыстық жағынан едәуір өзгеріске тап болып бірінде «ең кәуелі» [21, 152-б.], екіншісінде «еңкі әуелі» [22, 98-б.], түрінде қолданылады. Бұндай өзгеріске түсуі себепсіз емес. Біздің ойымызша «ілкі» әдеби тілімізден орын алған, иран тілінен енген, «әуел» сөзімен тіркесе қолдану нәтижесінде көрсетілген говорлардағы «еңкі әуелі» сөзі туған. Демек : ілкі+ әуелі – іңкі+әуелі - еңкі әуелі.

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау