15
14
Денсаул
ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм
еткерлеріне арналған анықтамалық
ЖЕР
Г
І
ЛІК
ТІ
ДЕҢ
ГЕЙ
Д
Е
Г
І Ә
Л
Е
У
М
Е
ТТІК
ЖҰМЫ
СТА
Ғ
Ы
К
ЕЙС-
М
Е
Н
ЕД
ЖМЕ
Н
Т
•
Басқа мекемелердің мамандары. Сіз жалғыз
өзіңіз баланың жағдайы ту-
ралы толық ақпарат ала алмайсыз. Баламен денсаулық сақтау, әлеуметтік
қорғау, білім беру және құқық қорғау мекемелеріндегі әртүрлі мамандар
жұмыс істейді. Оларға белгілі мәліметтерді және олардың қандай шаралар
қолдану қажеттігі туралы пікірін анықтаңыз.
•
Сіздің әріптестеріңіз және басшыңыз. Сіз әрқашан олармен кеңесуіңіз ке-
рек, басшыңыздан кеңес сұрауыңыз және нұсқаулар алуыңыз керек. Бұл
сізді қорғау үшін, сонымен бірге баланың әл-ауқатын арттыру үшін қажет.
Есептерді жазу кезінде:
•
Өзіңіз шынайы екеніне нық сенетін және негіздей алатын ақиқат деректер
туралы ғана жазыңыз;
•
Егер болжам жасайтын болсаңыз, өз болжамдарыңызды негіздеңіз, мыса-
лы: «біз анасы жанұядағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанда балаға
зорлық-зомбылық көрсетілуінің мүмкіндігін қарастыруымыз қажет. Зерт-
теу нәтижелері жағдайдың дәл осындай екенін көрсетеді»;
•
Логика жағынан орынды және қысқа болатын, қарапайым, шағын
сөйлемдер жазыңыз (сізге өзіңіз жазған мәліметтеріңізді
сотта дәлелдеу
қажет болуы мүмкін);
•
Өзіңіз баяндаған ақиқат деректерге қатысты ұсыныстар жасаңыз;
•
Күнін жазыңыз және есепке өз қолыңызды қойыңыз!
Нақты оқиғаларды талдау және үлгілер 10 қосымшада берілген. Өзіңіздің
күнделікті жұмысыңыз барысында балалар туралы мәліметтерді жазған кезде
бағалау үлгілерін нұсқаулық ретінде қолданыңыз.
Бір де бір бағалау тәуекелді бағалаусыз толық
болмайды
Тәуекелді бағалау сіздің жүргізетін жазбаша бағалаудың ажырамас бөлігі бо-
лып табылады. Сонымен бірге балалардың жағдайын олардың әл-ауқатына
және қауіпсіздігіне қатысты зерттеу кезінде сіз тәуекелді сатылы бағалауды
жүргізуіңіз қажет.
Тәуекелді бағалаудың қарапайым түрі келесі бөлімдерден тұрады (бағалау
күрделі және түсініксіз болмауы керек!):
•
Балаға зиян келтіруі мүмкін факторды анықтаңыз. Бұл оның атауын жазу
және жағдайды сипаттау керектігін білдіреді. Мысалы, бала түнгі уақытта
көшеде жүретін болса, оған шабуыл жасау, жыныстық зорлық және
салқындау түрінде зиян келу қаупі жоғары.
•
Содан соң осы фактордың балаға зиян келтіруінің ықтималдығы қандай
екенін сипаттап жазыңыз. Жоғарыда берілген
мысалды жалғастыра келе, бала
түнгі уақытта көшеде жүретін болса, балаға зиян келу ықтималдығы жоғары.
•
Содан соң балаға зиян келсе, балаға келетін зиянның қаншалықты ауыр
болатыны туралы ойланып көріңіз. Біздің мысалымызда өте ауыр зиян
келуі мүмкін.
Тәуекелді атағаннан кейін, балаға келуі мүмкін зиянды сипаттап жазыңыз
және оны ықтималдығына және ауырлығына қарай бағалаңыз, содан соң сіз,
қажет болса, сіздің немесе басқа маманның қандай шара қолдануы керектігі
туралы шешім қабылдай аласыз. Бала жалғыз өзі түнгі уақытта көшеде
жүретін болса, балаға зиян келтіретін қайғылы оқиға орын алуы әбден мүмкін,
сондықтан сіздің шара қолдануыңыз керек.
Егер балаға келуі мүмкін зиян ауыр емес немесе ықтималдығы төмен болса, аса
шұғыл шаралар қолданудың қажеті жоқ. Бірақ кейде балаға ауыр зиян қаупі
төнгенде сіз тез іс-әрекет жасауыңыз керек. Осындай жағдайда сіз әрқашан
әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс істеуге тырысыңыз, себебі сіз екі адам қажет
болатын уақытша қиындыққа тап болуыңыз әбден мүмкін, сонымен бірге сіз
жалғыз іс-әрекет жасасаңыз, өзіңізге қауіп төнетін жағдайға тап болуыңыз
мүмкін.
Балаға келуі мүмкін зиянның себептерін анықтағанда бағалау үшбұрышына
қараңыз. Ол сізге жағдайды бағалауға және «Осы себеп баланы ата-анасының
тәрбиелеуіне немесе тәрбиелемеуіне байланысты ма?» деген маңызды сұраққа
жауап табуға көмектеседі.
Бұл – маңызды сұрақ, себебі сіз баланың ата-анасының баланы сыртқы зи-
янды факторлардан қорғау үшін сіздің сенім артуға болатын одақтасыңыз
екенін немесе одақтасыңыз емес екенін анықтауыңыз керек немесе бала-
ны оның ата-анасынан қорғау керек. Ата-анасы балаға ешқандай зиян
келтірмесе де немесе олар оны қараусыз қалдырмаса да, сіз ата-анасының
мүмкіндіктері қандай екенін және олардың баланың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету қабілетін анықтауыңыз керек. Тәуекелді бағалауды аяқтағаннан кейін сіз
тәуекелді басқару жөнінде жоспар құра аласыз. Біз әлеуметтік көмек көрсету
шараларының жоспарын және тәуекелді басқару шараларының жоспарын
құруды келесі бөлімде қарастырамыз, бірақ әуелі балаға зиян келтіретін, сіздің
білуіңіз қажет әртүрлі факторлар туралы сөз қозғаймыз.
Балаға зиян келтіретін факторлардың негізгі
түрлері:
•
Физикалық зорлық-зомбылық, баланы әдейі ұрып-соғу, күйдіру, сілку,
улау немесе тұншықтыру арқылы зиян келтіру;
•
Ұзақ уақыт бойы және тұрақты түрде эмоционалдық зорлық-зомбылық
көрсету баланың эмоционалдық дамуына зиян келтіреді, бұл зорлық-
зомбылықтың басқа түрлерінің барлығына тән;
17
16
Денсаул
ық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызм
еткерлеріне арналған анықтамалық
ЖЕР
Г
І
ЛІК
ТІ
ДЕҢ
ГЕЙ
Д
Е
Г
І Ә
Л
Е
У
М
Е
ТТІК
ЖҰМЫ
СТА
Ғ
Ы
К
ЕЙС-
М
Е
Н
ЕД
ЖМЕ
Н
Т
•
Жыныстық зорлық-зомбылық балаға жанасумен шектелмеген, баланы
жыныстық іс-әрекеттерге қатысуға тарту немесе мәжбүрлеу, соның ішінде
баланың көзінше жыныстық көріністерді көрсету;
•
Баланы қараусыз қалдыру, баланың тамақтану, жылы жерде болу және
киім кию сияқты негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қабілетсіздік.
Баланы қадағалауды қамтамасыз етуге және баланы қорғауға қабілетсіздік.
Баланың медициналық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қабілетсіздік.
Кейбір балалар мынадай жағымсыз өмір
жағдайларының салдарынан ерекше осал
болады:
•
Өмір жағдайлары/дағдарыс; ауру, жақындарынан айрылу, ауыр қайғы,
жанұясынан ажырау немесе жанұясының бұзылуы, жанұядағы зорлық-
зомбылық, ата-анасының есірткі заттарды/ алкогольді асыра қолдануы,
ата-анасының психикалық ауруы.
Кейбір балалар мынадай мінез ерекшеліктерінің және тұрмыс жағдайдарының
салдарынан ерекше осал болады: ата-анасына жақындығы тығыз болма-
уы, кәмелетке толмау, кіші жас, мүмкіндіктерінің шектеулі болуы, қатігез
көзқарас, әлеуметтік жағынан оқшаулану, интернат мекемесінде тәрбиелену,
балалық шағында жарақат алу және қараусыз қалу.
Кейбір ата-аналар баланы оған зиян келуі
мүмкін қауіпті жағдайда жиі қалдырады.
Келесі ерекшеліктер туралы ұмытпаңыз:
Помните о следующих особенностях:
•
Қолдау көрсетілмейтін ата-ана/әлеуметтік оқшаулану;
•
Өзін-өзі төмен бағалау;
•
Есірткі заттарды немесе алкогольді қолдану;
•
Психикалық денсаулығына байланысты мәселелер;
•
Қатыгез мінез;
•
Заңға қайшы іс-әрекет жасау;
•
Ақиқатқа сыйымсыз үміт күту;
•
Бұрын алкогольді асыра қолдану тәжірибесі;
•
Баламен жақындығы аз болуы.
Болжамдар жасаудан және жалпылама тұжырымға келуден сақ болыңыз! Әл-
ауқаты төмен жанұялардың көпшілігі балаға қатыгез көзқарас танытпайды; көптеген
балаларға жақсы болып көрінген жанұяларда зорлық-зомбылық көрсетіледі.
Тәуекелді бағалауды құрылымдауға арналған үлгі 5 қосымшада берілген.
Енді, өз тапсырмаңызды орындағаннан кейін сіз жоспарлар құруға дайынсыз.
Сіз бала туралы көптеген мәліметтерді мына тақырыптарға топтастыруыңыз
керек:
•
Баланың дамуына байланысты мұқтаждықтары;
•
Балаға әсер ететін жанұялық факторлар және орта факторлары;
•
Ата-анасының балаға тиісті тәрбие беруді қамтамасыз ету мүмкіндіктері.
Осы жоспарларды құру кезіндегі сіздің
мақсаттарыңыз:
•
Баланы зиянды факторлардан қорғау үшін шаралар қолдану;
•
Баланы ата-анасының тәрбиесін алу және жақын адамдарының ортасында
болу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
•
Баланың оның мүмкіндіктерінің шектеулі болуымен, ерекше осалдығымен
немесе заңға қайшы іс-әрекеттер жасауымен байланысты қосымша
мұқтаждықтарын қанағаттандыратын жағдай жасау.
Табысты жоспардың белгілері:
•
Мақсаттарды түсіну, мысалы қысқа мерзімді қорғау немесе ұзақ мерзімді
қорғау;
•
Белгілі бір тұлғаларға тапсырылатын, бақылауға алынатын және
тексерілетін нақты тапсырмалар, жауапты тұлғалардың аты-жөндерін
көрсету;
•
Уақытпен өлшенетін және нәтижесі анықталатын міндеттер;
•
Ізгі ниетті танытатын екі ұшты сапталған сөздер емес, шындыққа сай
міндеттер;
•
Осы жоспарды іске асыру арқылы қол жеткізілетін өзгерістерді анық ба-
яндау және осындай өзгерістерге жету үшін қажет іс-әрекеттерді анық атап
көрсету.
Әлеуметтік көмек
көрсету шараларының
жоспарларын құру