1953 жылдың наурызында 20 жылдардың аяғынан бастап үздіксіз ел басқарған И.Сталин қайтыс болды. Оның орнын үкімет үшін күресті бастаған диктаторлар Малинков, Молотов, Берия және Хрущев болды. Наурыздың аяғында жаңа басшылық жүйені либерализациялау бойынша шаралар қолдана бастады.
Бес жылға дейінгі сотталғандар, кәмелет жасқа жетпегендер, экономикалық әкімшілік және әскери құқық бұзушылық пен қамалғандар үшін амнистия жарияланды. Бірнеше күннен кейін 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында саяси істер бойынша ірі тергеу жүргізу нәтижесінде Мемлекеттік органдарының заңды бұзушылығы туралы қаулы қабылданды. 1953 жылдың шілдесінде 30-50 жылдардағы репрессияның басты ұйымшысы Л.Берия қамалды.ГУЛаг ішкі істер министрлігінен юстиция министрлігіне берілді, саяси полиция жеке ұжым – Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті болды. (КГБ)
1955 жылы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистерге көмек жасағаны үшін қамалғандарға амнистия жарияланды.
Көшу еркіндігіне шектеулер сақталды, немістер мен қырым татарларынан саяси кінә алынбады, саяси қамалғандардың көпшілігі тек 1956 жылдан кейін ғана амнистияға ұшырады, бұл Н.Хрущевтің КОКП-ң ХХ съезіндегі әйгілі баяндамасынан кейін болды, Баяндамада бірінші рет Сталиннің жаппай репрессия жасауындағы өзіндік әрекеті туралы айтылды. Дегенмен саяси жүйені либерализациялау толық болмады. Әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізудегі барлық сәтсіздіктер және жүйенің қылмыстары Лениндік принциптерді бұрмалау нәтижесінде болды деп жарияланды, бұл партия мен елдегі басшылықтан жалпы жауапкершілікті алды.
Репрессиялық әдістерден бас тартуға қарамастан басшылық етудің әкімшілік топтық принципі сақталынды және әрі қарай дами берді. Республикалар, соның ішінде Қазақстан да Мәскеу бақылауында қала берді. Мәскеу республикалар басшыларын өз білгенінше өзгертіп отырды. Сөйтіп 1955 жылдың ақпанында Қазақстан Компартиясының VII съезінде, Кремльдің шешуі бойынша Ж.Шаяхметовтың орнына П.Понамаренко қойылды. Содан кейін Қазақстан ОК-ң хатшысы болып Л.Брежнев сайланды. Ол республиканы 1955-1956 жылдары басқарды. 1957-1958 жылдар десталинизация процесінің шыңы болды. 1957 жылдың ақпанында чечен, ингуш, балқар, қарачай және қалмақтар реабилитацияға ұшырады. Оларға отандарына қайтуға рұқсат берілді. Саяси репрессия құрбандарын реабилитация жасау басталды, бірақ ол таңдамалы түрде жасалынды және аяқталған жоқ. 1958 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, онда “Халық жауы” деген түсінік жоқ болды, тергеу кезінде қауіп төндіру және зорлық жасауға рұқсат етілмеді, кінәсіздік презумпциясы заңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |