ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Медициналық оңалтудың негіздері
Пәннің коды:
Курс: 3
Кредит: № 1
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
ШЫМКЕНТ 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
1-сабақ
1. Тақырыбы: №1 Реабилитология негіздері туралы түсінік. Медициналық реабилитация әдістері мен құралдары. Мақсаты, міндеттері, принциптері.
2. Мақсаты: Қазіргі уақытта реабилитациялық ілім медицина саласында дүние жүзіне кеңінен тараған. Әр түрлі тұрғындардың денсаулығын жақсарту жүйесінде қазіргі кездегі маңызды орын алушы әлеуметтік психологиялық және реабилитологиялық әдістері маңызды орын алады. Олар адамның өмір сүру жағдайын ықшамдастырумен қатар сырқаттардың пайда болуын алдын алу сатысына бағытталған.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Реабилитация туралы жалпы түсінік
Реабилитация мақсаттары;
Реабилитация міндеттері;
Реабилитация принциптері;
Реабилитация құралдары;
Реабилитация ісімен айналысатын мекемелер;
Студент істей білуі тиіс:
Реабилитация түрлерін ажыратуды;
Реабилитация мақсатарын анықтауды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
«Реабилитация» терминіне анықтамасы.
Реабилитация аспектілері.
Реабилитация мақсаттары, міндетері және принциптері.
Реабилитациялық іс шараларды өткізудің жалпы тәртібі.
Реабилитация мәселелерімен айналысатын мекемелер.
Ребилитацияның жеке бағдарламасы (РЖБ), оны құрастыу тәртібі.
Реабилитацияны жүргізуде орта медицина қызметкерінің ролі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
Әдістемелік нұсқаулықпен, тақырыптық таблицалармен, буклеттерді қолану.
Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;
Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.
6. Әдебиет:
Негізгі:
Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. наука, 2010. – 435 с.
Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.
Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136
Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.
М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.
Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.
Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005
Қосымша:
Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006. – 568с.: ил
ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.
Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.
Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.
Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.
Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы бойынша реабилитация ілімінің анықтамасы:
Реабилитция ауру салдарынан пайда болған функциялардың бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар жиынтығын құрайды.
б) Реабилитация – дегеніміз аурулар мен мүгедектер денсаулығын қалпына келтіріп емдеуге бағытталған методологиялық тәсіл.
в) Реабилитация – бір бірімен байланысқан медициналық, психологиялық, әлеуметтік компонеттердің динамикалық жүйесі.
г) Реабилитация – бұл аурулар мен мүгедектерге арналған медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмектердің үйлесімі.
д) Реабилитация – мүгедектердің әлеуметтік және кәсіби деңгейін қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар жиынтығын жүзеге асыру.
2. Реабилитациялық іс шараларды өткізудің жалпы ережесі.
а) Ерте бастау
б) Үздіксіз, кезең
в) Кешенді тәсіл
г) Жеке ыңғай
д) Барлығы дұрыс
3.Медициналық реабилитация мақсаттарына барлығы жатады, ... басқа:
Емделуге келген науқастың шынығуын шектен тыс орындалуын жібермеу керек.
б) Психологиялық және физикалық әсер ету арқылы реабилитация процесін жыдамдату.
в) Қалпына келмейтін өзгерістерде бейімелу процессін басқару.
г) Қалпына келтіру процестерін жылдамдату және басқару.
д) Науқастың тіршіліктегі өмірін ұйымдастыру.
4. Реабилитацияның негізгі түріне жатпайды:
а) медициналық
б) Физикалық
в) Психологиялық
г) әлеуметік
д) Коррекциялаушы
5. Арнайы реабилитацияны жүргізуге арналған мекеме.
а) Емдік прфилактикалық мекемелердің барлығы
б) арнайы бөлімшелер және реабилитация орталықтары
в) емханалар
г) стационарлар
д) амбулаториялар
6. Емшара кезінде науқас электр тогімен жарақаттанғанда мейірбике ... басқаны істеу керек.
науқастың токтың шығуымен контактісін тексеру
тыныс алу және қанайналым бұзылыстарының дәрежесін анықтау
тыныс алуы бұзылған және пульсы тоқаған науқасқа тез арада жасанды тыныс алу жасап және міндетті түрде дәрігер және жедел жәрдем шақыру қажет.
көмек көрсетілмеуден
дәрігер шақырудан
7. Емдік –емшаралық картада мейірбике әрекеті:
Өзінің тегін белгілу
Қол қою
Ем жасағаны туралы белгі қою, емшара аяқталғаннан кейін қол қою
Пікір жазу
науқастың жағдайын сипаттау
8.Ойық жараның пайда болып бастапқы кезеңінде не істеу керек?
Алдын алу іс-шараларын жүргізу (төсекте жату, науқастың күйін ауыстру) .
тамақтануын өзгерту
хирургиялық ем жүргізу
тығыз байламдар салу
жартылай спиртті компресс салу
9. Дені сау адамның пульс жиілігі
минутына 50-80
минутына 60-90
минутына 80-100
минутына 40-60
минутына 100-120
10. Емшара бөлмесінде күнделікті тазалықты қанша рет жүргізеді?
күнде
күніне 2 рет
күніне 1 рет
әр әрекеттен кейін
әрбір 8 сағат сайын
Ситуациялық есептер:
№1 есеп:
Н., есімді 35 жастағы науқас, аймақтық терапевт дәрігерде ем қабылдаған.
Диагнозы: ІІ дәрежелі эссенциалды гипертония.
Медикаментозды терапия қабылдаған.
Сұрақ:
1. Мейірбике осы науқасқа реабилитологияның тағы қандай құрадарын тағайындай алады?
2. Осы жағдайға психологиялық реабилитацияны ұсынуға болады ма?
№2 есеп:
32 жастағы науқас, асқазанның ойық жарасымен стационарлы ем қабылдаған. Қазіргі кезде шағымы жоқ. Тәулігіне 10 темекі тартады.
Сұрақ:
1. Алдағы реабилитация неден тұрады?
2. Санаторияға жіберуге болады ма?
3. Мейірбике реабилитацияның жеке бағдарламсын құрастырғанда медициналық реабилитацияның қандай этаптарын көрсетуі керек.
2- сабақ
1. Тақырыбы: №2 Реабилитология аспектілері. Реабилитациялық іс шаралар кезеңдері.
2. Мақсаты: Реабилитацияның медициналық және физикалық аспектілерімен қатар емдеу әдісі ретінде жүзеге асырылатын, қалпына келтірудің психологиялық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар. «Қалпына келтіріп емдеу» термині орнына «реабилитация» термині қолданылуға ұсынылды.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Психологиялық аспект;
Әлеуметтік – экономикалық аспект;
Медициналық реабилитация кезеңдері;
Реабилитацияның стационарлық кезеңінің негізгі мақсаттары;
Реабилитацияның стационарлық кезеңінің міндеттері;
Реабилитацияның емханалық кезеңінің түрлері мен өткізілетін орны;
Реабилитацияның емханалық кезеңінің мақсаттары мен міндеттері;
Студент істей білуі тиіс:
Реабилитация түрлерін ажыратуды;
Әр түрлі этаптағы реабилитацилық іс шараларды анықтау;
Реабилитацияның стационарлы кезеңін жүзеге асыру;
Реабилитацияның емханалық кезеңін жүзеге асыру;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Стационарлы кезеңде физикалық реабилитацияның маңызы.
Емханалық кезеңде физикалық реабилитацияның маңызы.
Санаориялық кезеңде физикалық реабилитацияның маңызы.
Медициналық реабилитацияның этаптарын атаңыз.
Реабилитацияның стационарлы кезеңінің негізгі мақсаттары.
Реабилитацияның стационарлы кезеңінде қойылатын міндеттер.
Реабилитацияның емханалық кезеңінің қандай түрлері мен өткізілетін орындары бар;
Реабилитацияның емханалық кезеңінің мақсаттары мен міндеттері;
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
Топтық – бағытталған оқыту;
Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;
Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.
6. Әдебиет:
Негізгі:
Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. наука, 2010. – 435 с.
Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.
Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136
Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.
М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.
Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.
Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005
Қосымша:
Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006. – 568с.: ил
ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.
Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.
Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.
Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.
Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:
Реабилитация процесінде қанша кезең бар:
а) 1
б) 1-2
в) 2-3
г) 3-4
д) 4-5
2. Медициналық реабилитацияның үшінші кезеңі:
а) Стационарлы
б) санаториялы
в) амбулаторлы емханалық
г) превентивті
3. Реабилитологиядағы стационарлы кезеңнің мақсаты:
Қауіпті факторлармен күрес.
б) Адам өмірін құтқару.
в) Патологиялық процесті аяқтап, емдік шараларды жалғастыру.
г) Аурудың қайта өршуін алдын алу.
Реабилитологиядағы амбулаторлы - емханалық кезеңнің мақсаты:
а) Қауіпті факторлармен күрес.
б) Адам өмірін құтқару.
в) Патологиялық процесті аяқтап, емдік шараларды жалғастыру.
г) Аурудың қайта өршуін алдын алу.
5. Басты мақсаты патологиялық процесті аяқтау болып табылатын медициналық реабилитация кезеңі:
а) Превентивті
б) Стационарлы
в) Амбулаторлы-емханалық
г) Санаториялық-курорттық
д) Метаболизмдік
6. Қауіпті факторлармен күрес келесі медициналық реабилитация кезеңінде жүргізіледі:
а) Стационарлы
б) Амбулаторлы емханалық
в) Санаториялық-курорттық
г) Превентивті
д) Метаболизмдік
7.Реабилитацияның санаториялық-курорттық кезеңінің мақсаты:
а) Патологиялық процесті аяқтау.
б) Аурудың асқынуын ескерту.
в) Аурудың қайта өршуін алдын алу.
8. Басты мақсаты патологиялық процесті аяқтау болып табылатын медициналық реабилитация кезеңі:
а) Превентивті
б) Стационарлы
в) Амбулаторлы-емханалық
г) Санаториялық-курорттық
д) Метаболизмдік
9.Реабилитация процесінің бірінші кезеңі:
а) Алғашқы медициналық көмек
б) Медикаментозды терапия
в) Қалпына келтіру терапиясы
г) Реадаптация
д) реабилитация
10. Реабилитация процесінің екінші кезеңі:
а) Алғашқы медициналық көмек
б) Медикаментозды терапия
в) Қалпына келтіру терапиясы
г) Реадаптация
д) реабилитация
Ситуациялық есептер :
№1 есеп. 47 жастағы әйел, тұрмыста, балалары жоқ. 1,5 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, жауапты кассир болып жұмыс істейді. Оңалту орталығына барады, жұмыстан уақыты бомайды.
Сіздің кеңесіңіз.
№2 есеп. 50 жастағы үйленбеген еркеке. 2 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, бухгалтер болып жұмыс істейді. Жүрегінің тұсы ауырмайды, ентікпесі жоқ. 48 жасында инсульттен атасы қайтыс болған. 9 жылдан бері темекі тартады. Ішімдік ішпейді. Бойы 170см, салмағы 105кг.
Осы науқасқа емдік дене шынықтыру нұсқаулығын үйде жасайға беруге болады ма?
3 – сабақ
1. Тақырыбы: Кешенді реабилитация жүйесінде физиотерапияның ілім ретінде алатын орны, маңызы, тарихы. Физиотерапиялық бөлімше жұмысын ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Тақырыптың өзектілігі түрлі ауруларды оңалтуда физикалық факторлардың маңыздылығымен және медициналық реабилитологияның түрлі кезеңдеріне тағайындалуымен сипатталады. Емдік дене шынықтыру кейбір ауруларды емдеуде және алдын алуда ерекше орын алады және медициналық реабилитологияның анағұрлым маңызды және әсерлі әдісі болып табылады. Бұл оның тек бұлшықеттерді нығайту және қанайналым мен лимфаайналымның жақсаруына ғана емес, сонымен қатар, аурудан салдарынан бұзылған физиологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған орын толықтыруға икемделген механизмдерді ендірумен байланысты.
Терапиялық жоғары нәтижелілікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер мен науқастардың физиотерапиялық процедураларды жасағанда құрылғылардың ережелерін қатаң сақтау, физиотерапиялық бөлімшені пайдалану мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Физиотерапия туралы жалпы түсінік;
Даму тарихының негізгі кезеңдері;
Физиологиялық және емдік әсерлердің жалпы механизмдері;
Физиотерапияның реабилитация жүйесінде орны мен маңызы, физикалық факторлардың классификациясы;
Физиотерапиялық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру принциптері, (бөлменің), жабдықталуы; физиотерапиялық бөлімшеде мейірбикелік кезеңді жүргізу мүмкіндігі мен ұйымдастырылуы;
Орта медицина қызметкерінің қызметтік міндеттері;
Физиотерапиялық бөлімшенің құжаттамасы, Физикалық емге жолдамаға карта (ф.044\у), бөлімше паспорты; науқастарды тіркеу журналы;
Мейірбикелік қызметтің қызметтік міндеттері;
Физиотерапиялық бөлімшедегі техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері;
Студент істей білуі тиіс:
Физитерапиялық бөлімшеде (бөлмеде) мейірбикелік жұмысты атқару.
Физиотерапиялық бөлімше құжаттарын, физиоемдеуге жолдама картасын, (ф.044\у), бөлімше паспортын, науқастарды тіркеу журналын толтыруды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Физиотерапия анықтамасы;
Физикалық факторлар классификациясы;
Ағзаға әсер етуші физиологиялық және емдік механизмдер;
Физиотерапияны тағайындауға жалпы кері көрсетілімдер;
Физиотерапиялық бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруда қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтары;
Мейірбикелік қызметтің ролі;
Физиотерапиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері;
Физиотерапиялық бөлменің жабдықталуына қойылатын талаптар;
Қауіпсіздік техникасының ережесі;
Өндірістік санитария;
Медицина қызметкерінің еңбектік қорғау;
Орта медицина қызметкерінің міндеттері;
Физиотерапиялық емшара жүргізудің тәртібі;
Құжаттама және есеп.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
:
Топтық – бағытталған оқыту;
Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;
Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.
6. Әдебиет:
Негізгі:
Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. наука, 2010. – 435 с.
Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.
Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136
Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.
М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.
Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.
Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005
Қосымша:
Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006. – 568с.: ил
ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.
Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.
Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.
Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.
Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Физиотерапиялық бөлмеде атқарылады:
1) қан тобын анықтау
2) гальванизация
3) клизма қою
4) қуыққа катетер қою
5) плевралы пункция
2. Физиотерапиялық бөлменің жабдықтарына не жатады?
1) құралдар мен медикаменттерді сақтайтын шкаф
2) тоңазтқыш
3) ингаляциялық наркозға арналған аппарат
4) электрофорез
5) электроотсос
3. Дене шынықтыруда шектен тыс күш жұмсау ... болады.
1) дене шынықтырумен жүйелі айналысатын адамда
2) физикалық дайындығы жеткіліксіз адамда
Бір реттік физическалық жүктемеде, орындау мүмкіндігін жоғарлатқан адам
Әр сабақ сайын күші артып отыратын адам
5) күтпеген жерде жүктемеден кейін немесе дейін
4. Құралдарды дезинфекциялау үшін … сутегі тотығын қолданады
1) 6%
2) 33%
3) 4%
4) 3%
5)7%
5. Әрбір науқасты қабылдаудан кейін кушеткадағы клеенканы ….
1) 2% виркон ерітіндісімен ылғалдандырылған сүркішпен сүрту керек
2) 2% виркон ерітіндісінде ылғалдандырады
3) төсем төмейді
4) ауыстырады
5) тазаламайды
6. Мейірбикенің жұмыс орнында жалпы қауіпсіз шараға жатпайды.
1) қолғапты шешкеннен кейін қолды жуу
2) қол жуу деңгейлерін сақтау
3) биологиялық ерітініділермен жұмыс істеуде қолғап кию
4) қолданылған құралдарды дезинфекция жасау
5) СПИД-пен ауратын науқаспен қарым-қатынас жасағанда респиратор қолдану
7. Микробиологиялық зиянды фактор бола алмайды:
1) бір рет қолдануға арналған құрал
2) жарақаттар
3) шығынды
4) таңулар
5) төсек
8. Резеңке қолғапты қигенде аллергиялық дерматиті бар мейірбике ... .
1) басқа жұмысқа ауысуы қажет.
2) қолғапсыз жұмыс істеу керек
3) қолғапты кию қажет
4) жұмыстан ығу қажет
5) қолғаптың ішіне жұмсақ салфетка салып кию керек
9. Физиотерапия бөлмесінде қандай аппараттар болуы тиіс?
1) УВЧ- терапияның портативті аппараты
2) Гальванизацияға арналған аппарат және дәрілік электрофарез
3) Ультрадыбысты терапияға арналған аппарат
4) Стандартты жоғары сапалы аппараттар
10. Физиотерапиялық бөлімшедегі орта медицина қызметкерінің қызметтік міндеттеріне не жатады? ,
1) науқасты емшара дайындау
2) дене температурасын өлшеу
3) емшара жүргізу
4) қан қысымын өлшеу
Ситуациялық есептер:
№1 есеп: Физио бөлімше мейірбикесінің аппаратпен жұмысында келеңсіздіктер туындады.
Сұрақ. 1. Осы жағдайдағы мейірбике әрекеті?
2.Физио бөлме медбикесінің негіөзі міндеттері.
№2 есеп: Физио бөлмеге келген науқас емшара алдын металл заттарын шешпеді.
Сұрақ: 1. Мейірбикеге емшара жүргізу болады ма?
2. Осы жағдайдағы медбикенің әрекеті?
4-САБАҚ
1. Тақырыбы: Функциональді диагностиканың негізгі әдістері. Функциональді сынама, физикалық жаттығудың физиологиялық жіктелуі.
2. Мақсаты: Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарға арналған реабилитация бағдарламасына емдік дене шынықтыруды енгізу науқастың жағдайын жеңілдетуде және қызметтерді қалпына келтіру процессін жеделдетуде маңызды орын алады. Емдік дене шынықтыру бағдарламасын құру патологиялық синдромдарға қарай жүргізіледі.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Функционалды сынама
Физикалық жаттығулардың классификациясын
Гимнастикалық жаттығулар туралы түсінік
Спорттық – қолданбалы жаттығулар туралы түсінік
Ойын жаттығулары туралы түсінік
Стационар кезеңіндегі тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалту әдістері.
Жалпы принциптер
Кері көрсетілімдер
Төсем режиміндегі емдік дене шынықтырудың жалпы принциптері
Жартылай төсем режиміндегі емдік дене шынықтырудың жалпы принциптері
Еркін тәртіптегі емдік дене шынықтырудың жалпы принциптері.
Амбулаторлы кезеңде тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалту әдістері.
Қозғалыс мүмкіндігінің деңгейін анықтаңыз
Велотренировкалар
Жүру
Жүзу
Жүгіру
Студент істей білуі тиіс:
Физикалық жаттығулардың түрлерін ажыратуды
Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалтуға арналған емдік дене шынықтырудың көрсетілімдер мен кері көрсетілімдерді анықтау.
Стационар кезеңіндегі бронх-өкпелік аппаратының патологиясы бар науқастарды физикалық оңалтуды бағдарламасын құрастыру.
Амбулаторлы кезеңіндегі бронх-өкпелік аппаратының патологиясы бар науқастарды физикалық оңалтуды бағдарламасын құрастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Физикалық жаттығулардың негізгі түрлері.
Гимнастикалық жаттығулар ұғымына түсінік беріңіз, оған не жатады?
Спорттық-қолданбалы жаттығулар туралы түсінік, оларға не жатады?
Ойын жаттығулар туралы түсінік, оларға не жатады?
Стационар кезеңдегі тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарға арналған емдік дене шынықтырудың жалпы принциптері.
Амбулаторлы кезеңдегі тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарға арналған емдік дене шынықтырудың жалпы принциптері.
Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастардың төсем режимінде емдік дене шынықтыруға не жатады?
Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастардың жартылай төсем режимінде емдік дене шынықтыруға не жатады?
Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастардың еркін режимінде емдік дене шынықтыруға не жатады?
Амбулаторлы кезеңде емдік дене шынықтыру бағдарламасын құрастыруда тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарда қозғалу мүмкіндіктерінің қандай деңгейлері анықталады?
Веломашықтанудың шамасы қалай есептеледі және қалай орындалады?
Жаяу жүру шамасы қалай есептеледі және қалай орындалады?
Суда жүзу шамасы қалай есептеледі және қалай орындалады?
Жүгіру шамасы қалай есептеледі және қалай орындалады?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
Топтық – бағытталған оқыту;
Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;
Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.
6. Әдебиет:
Негізгі:
Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2006. – 568с.:ил.
Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.
Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. навука, 2010. – 435 с.
Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. навука, 2010. – 435 с.
Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.
Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136
Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.
М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.
Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.
Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005
Қосымша:
Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2006. – 568с.:ил
ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ : Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.
Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.
Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.
Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.
Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:
Ағзаның бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған кешенді іс-шаралар:
1) реформация
2) реабилитация
3) транслокация
4) трансплантация
Терренкур — бұл
1) шектеулі жаяу жүріспен емдеу
2) трафарет бойынша жүру
3) айнаға алдында жүру
4) тегіс жермен жүру
Арқаға массаж жасағанда науқастың күйі:
1) ішімен жату, қолдары жоғары қарай
2) ішімен жату, қолдары мойнында
3) қырымен жату
4) тұрулы
Ультракүлгін сәулелер ... түседі.
1) қыздырулар
2) доғалы сынап түтік тәрізді
3) Минина
4) “Соллюкс”
Науқас жалпы франклинизация емшарасын қабылдауда ... сезінеді.
1) күйю
2) шаншуды
3) желдің ілебін
4) жеңіл жылуды
Организмнің шыдамдылығы жаттықтыра алады
жүгіру
тыныс алуға арналған жаттығулар
3) допты лақтыру
4) изометриялы жаттығулар
В диадинамотерапияда қолданылады:
1) төмен кернеулі және күші аз ток
2) орташа жиілікті ауыспалы ток
3) жоғары жиілікті ауыспалы импульсты ток
4) төмен жиілікті үздіксіз импульсты ток
УВЧ- терапияның көрсетілімі:
1) гипотония
2) жабыспалы процесс
3) жедел қабынған процесс
4) қанағымға бейім
Емдік дене шынықтыруға арналған кері көрсетілім.
1) науқастың ауыр халдегі жағдайы
2) майтабандық
3) І деңгейдегі гипертониялық ауру
4) сколиоз
Массажға кері көрсетілім:
1) созылмалы пневмония
2) тромбофлебит
3) жалпақ табанды
4) остеохондроз
Тест тапсырмаларының жауаптары
2
1
2
2
3
1
4
3
1
10.2
Ситуациялық есептер:
Есеп №1. Дәрігер науқасқа мұрын катеторын қолдана отырып оксигенотерапия тағайындады. Мейірбике катетордың ұзындығын қалай өлшеу керек, манипуляцияны қалай жүргізу керек, оттегіні қалай ылғалдандырады?
Есеп №2. Науқаста өкпе шемені. Осы науқасқа оттегіні қолдану ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтыңыз.
Есеп №3. Аурухана бөлімінде орталықтанған оттегі жоқ.ал науқасқа оксигенотерапия жасау қажет. Оттегіге толмаған жастықша бар, мейірбике жастықшаны қалай толтырып науқасқа оттегіні береді. Кандай жылдамдықта?
5-сабақ
1. Тақырыбы: Реабилитациялық іс-шаралар жүргізу кезінде мейірбикенің міндеті. Психологиялық реабилитация мәселелері, оның түрлері мен әдістері.
2. Мақсаты: Реабилитация процесінде науқастардың күн тәртібін сақтауын және дәрігерлердің тағайындауын қадағалайтындықтан орта медицина қызметкері маңызды роль атқарады. Мейірбике реабилитация ағзаның өмір сүру әрекетін жан-жақты қамтитындығын, оның қамқорлығындағылар барлық жалғаспалы ауруларын емдеулеріне болатынын үнемі білуі тиіс.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Реабилитациялық іс – шараларды жүргізуде мейірбикенің міндеттері;
Жалпы механизмнің физиологиялық және емдік әсері;
Физикалық факторлардың жіктелуі, реабилитация жүйесінде физиотерапия орны мен ролі.
Физитерапиялық бөлімнің құрылғыларын ұйымдастыру қағидалары, ФТБ – де мейірбикелік процесті жүргізудің мүмкіндігі мен ұйымдастырылуы;
Орта медициналық қызметкерлердің қызметтік міндеттері.
Студент істей білуі тиіс:
Реабилитация түрлерін ажыратуды;
Реабилитация мақсатарын анықтауды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Реабилитациядағы мейірбике мақсаттары;
Реабилитациядағы мейірбике міндеттері;
Реабилитациядағы мейірбике принциптері;
Психологиялық реабилитацияның міндеттері және түрі мен әдістері;
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
Топтық – бағытталған оқыту;
Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;
Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.
6. Әдебиет:
Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.
Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. навука, 2010. – 435 с.
ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда» 2002.
Медицинская реабилитация больных с последствиями политравмы в реабилитационном стационаре: Инструкция по применению/ канд. мед. наук Л.Г. Казак, канд. мед. наук Л.Ф. Медведев, Т.Р. Родионова: Беларусь НИИ медико-социальной экспертизы и реабилитации 2004 г.
Общий уход за больными в терапевтической клинике: Учебное пособие для ВУЗов / В. Н. Ослопов, О.В.Богоявленская – М.: ГЭОТАР – МЕД, 1999г.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Физиотерапиялық бөлменің құрылғылары мен жабдықталуында ... басқа келесі талаптарға сай болуы керек.
1. Қауіпсіздік техникасынан
2. Науқасқа арналған жағдайдан
3. Медицина қызметкерінің қалыпты жағдайынан
4. Санитарлы нормалардан
5. Шок алған кезде көмек көрсетуге арналған аптечканың болмауынан
2. Электрлік жарықпен емдеу бөлмесінің жұмысына қандай мейірбикелер жіберілмеуі тиіс:
1. Физиотерапия бойынша арнайы дайындық алған куәлігі бар
2. Өзінің функционалды міндеттерін білетін және физиокабинеттегі жұмыс ережесімен танысқан.
3. Жұмыс орнындағы қауапсіздік техникасының нұсқаулығымен танысқан
4 Дайындық курсынан өткен
5. Арнайы дайындық курсын өтпеген
3. Жұмыс басталмас бұрын мейірбике бірінші кезекте нені істеуге міндетті:
1. Науқастың картасын қарап шығу
2. Физиотерапиялық аппараттардың жұмысын және контактілерді тексеру
3. Өзін ретке келтіру
4. Қолын жуу
5. Науқастардың бар жоғын тексеру
4. Науқаспен жұмыс жасаған кезде мейірбике ... басқаның барлығына міндетті.
1. Жұмыс жасайтын аппараттарда ғана емшара жүргізуден
2. Сулы қолымен электроприборларды және аппараттарды қосып өшірмеу керектен
3. Су өткізгіш құрылғылар мен канализациялық құралдар және тағы жерастына орнатылған заттардың беті ағаш щиттермен жабылған және бету майлы сырмен сырланған болуын қадағалаудан
4. Науқасқа мейіріммен қараудан
5. Емшара кезінде сыртқа шығуға
5. Апат жағдайы кезінде мейірбике қандай іс-әрекет жасау керек?
1. Жұмыс орнынан кету керек
2. Басшыға айту керек
3. Тікелей бастығына айтып апатты жоюға арналған барлық мүмкіндіктерді қолдану керек.
4. Көмек күті керек
5. Тазалаушыға айту керек
6. Физиоаппараттардың және щиттердің шаңын мейірбике .. сүрту керек.
1. құрғақ шүберекпен
2. ылғал шүберекпен
3. спирке батырылған майлықпен
4. аптасына 1 рет ылғал майлықпен
5. сүртпеу керек
7. Электрлік ем шараны жүргізгенде электродтардың контактілі жағдайында мейірбикеге тыйым салынады:
1. Науқастың картасын қарауға
2. Жерастындағы қандай да бір өткізгіштерді тиісуге
3. Науқастың жағдайын бақылауға
4. Басқа науқаспен бір уақытта емшара жүргізуге
5. Емшараның жүру барысын бақылауға
8. Емшара кезінде науқастың жүрегі айнып, басы айналса мейірбике қандай әрекет жасау қажет?
1. Дәрігерді шақыру
2. Емшараны тоқсату
3. Науқастың жүктемесін азайту
4. Науқасты тынышталдырып емшараны жалғастыру
5. Ешқандай
9. Суда ультра дыбыстық терапия жүргізгенде мейірбике ... жұмыс істеу керек.
1. қолғапсыз
2. резеңке қолғаппен
3. матадан тігілген қолғаппен
4. мата қолғаптың сыртынан резеңке қолғап киіп
5. латексті қолғаптармен
10. Көзге ультракүлгін сәулелендіру жүргізгенде науқас пен мед.қызметкер ... сақтануы қажет.
1. арасы спираль әйнекті консерві-көзәйнектермен
2. қара түсті көзәйнектермен
3. еш нәрсемен сақтанбайды
4. линзасы үлкейтілген көзәйнектермен
5. сақтануды қажет етпейді
Тест жауаптары:
Ситуациялық есептер:
Есеп №1. Науқас 35 жаста. Диагнозы: ревматоидты артрит қол, аяқ буындарының.
Қазіргі таңда науқас ауруханада дәрі дәрмек қабылдап жатыр. Науқаста синовит, ауырсыну, таңғы буындардың бүгілмеуі, СОЭ 35 мм/г.
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайда физиотерапияның қай әдісі қолданылады?
2. Бұл жағдайда парафинотерапияны, пелоидотерапияны қолдануға болама?
3. Науқас ауруханадан шыққан соң берілетін кеңес.
Есеп №2. Емханаға 50 жастағы әйел келген. Диагнозы: остеоартроз тізе буыны он жылдан бері ауырады. Тек қана аурусынуға шағымданады.
Сұрақтар.
1. Физикалық факторлардын қайсысын қолдану қажет?
2. ЛФК, массажды ұсынуға болады ма?
3. Парафин, балшықпен емдеу ұсынады ма?
4. Мейірбике қандай тамақ ішуді, қандай дене шынығуды ұсынады?
5. Қандай шипа жайда ем қабылдау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |