Кеңес өкіметінің орнауы
Петроградтағы Октябрь қарулы көтерілісінің жеңісі, орталықта Кеңес өкіметінің орнауы, сонымен қатар Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент, Омбы, Орынбор және Астрахань ірі қалар Қазақстанда Советтердің билікті қолына алуына шешуші маңыз атқарды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы төрт айға созылды — 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мәдени дамудың артта қалуына байланысты және жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың әлсіздігі ұлтаралық қатынастармен байланысты қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уәде еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның әртүрлі қалаларына құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты жағдай шиеленісе түсті.
Сырдария, Ақмола және Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі күш большевиктерде болғандықтан, Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде — Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде жүрді.
Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының қарсыласу күштерін қызыл әскер отрядтарының күшімен жеңді.
1917 жылдың қазанның соңынан 1918ж. наурызы аралығында Қазақстанның ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді қызмет атқарғандар А.Жангельдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, А.Майкөтов, И.Дубинин, К.Шугаев, Я.Ушинов, С.Шиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Т.Бокин, Л.Хмелев. Т.Өтепов, А.Розыбақиев және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |