Қоғамдық саяси жағдай
Кеңес үкіметінің соғыстағы жеңісі оның державалық империялық элитада өсуіне алып келді. Орыс халқының жеңістегі негізгі ролі айрықша көрсетіле бастады, олардың басқа елдер тарихындағы ролі қайта қарастырыла бастады. Сол сияқты қазақтың тарихындағы ролі де қарастырылды. Осыған байланысты ұлттық интеллигенция арасында буржуазиялық ұлтшылдық туралы тезис шықты.
Үкімет жағынан ең қатаң сын объектісі ретінде 1943 жылы шыққан, “Қазақстан тарихы” болды. Идеологиялық стандарттарға сай жүруге мәжбүр ету, ұлттық ойлауды басу., шовинизмнің, тіпті ұлттық фашизмнің мәдениет пен ғылымда басшылық етуі басталды. Қоғамдық танымға Ресейдің орыс емес халықтардың тарихындағы ерекше миссияндық ролі туралы, Ресей отарлауының жақсы жағы туралы түсінік бастады, Қазақтар тарихы басқа түрік және мұсылман тарихынан бөлектетіліп Ресей тарихымен байланыстырыла бастады. Ұлттық азаттық қозғалысы реакциялық қозғалыс ретінде көрсетіле бастады, қазақтардың кейбір азаттық көтерілістері шындыққа сай топтық жіктеліс көтерілісі деп, антифеодалдық деп жариялана бастады.
Жаңа идеологиялық құрылымдармен келіскісі келмеген ұлттық интеллигенция өкілдеріне қатаң жазалар қолданылды.
40 жылдардың аяғи 50 жылдардың басында тарихшылар Е.Бекмаханов репрессияға ұшырады, М.Әуэзов, Қ.Сатпаев, Е.Исмаилов, Х.Жумалиев, А.Жұбанов және басқалары құдаланды. 1951 жылы Ұлттық эпос, “Қобыланды”, “Ер Сайын”, “Шора-Батыр”, “Ер Едіге” және басқалары сияқты ұлттық мәдениет қазыналары орталықтан сынға ұшырады. Олар феодалдық хандар мен қанаушыларды жақтайды деп жарияланды.
1953 жылғы Сталиннің өлімі ғана репрессияның жаңа толқының тоқтатты.
40 жылдардың екінші жартысы 50 жылдардың басы лагерьлер жүйесінің апогеемі болды. Есіл даласындағы лагерьдің өзінде 1949 жылы 200 мың қамалғандар болды. Ірі лагерьлер Қарағанды және Жезғазған лагерьлері болды. Қамалғандар негізінен фашист қамауына түскен солдаттар мен офицерлер, сол сияқты Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказдағы Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқандар болды. 1948 жылы “контрреволюциялық” және “антикеңестік” әрекеттері үшін сотталғандарға арналған арнаулы тәртіп лагері құрылды.
Дәл осы 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында көтерілістер бұрқ ете түсті. 1952 жылы Жезқазғанның жанында орналасқан Кенгір лагерінде қамалғандар көтеріліс бастады. Осы жылы Екібастұз да көтеріліс болды. Бұл екі стихиялық көтерілістер де ішкі істер мен әскер күштерімен басылды.
Достарыңызбен бөлісу: |