72
www
.kazmektep.kz
зерттеулерін өткізу шеңберінде үш бағыт бойынша мониторингтік зерттеу-
лер жүргізілді.
Институттың кадрлық құрамында 5 кафедрада жұмыс атқаратын
профессорлар, ғылым докторлары, педагогика, техника, тарих және фи-
лология ғылымдарының кандидаттары, доценттер, магистрлар мен аға
оқытушылар қызмет атқарады.
Ал деңгейлік бағдарламалар орталығында Назарбаев зияткерлік
мектептерінің концептуалды идеяларын тарататын тренерлер қызмет
етеді.
Кез келген жаңалық әдістемелік қамтамасыз етумен қатар,
материалдық-техникалық қолдауды қажет етеді. Институтымыз білім беру
қызметінің мониторингісі, білім қажеттіліктері Банкісі және Ғаламтор-
алаңдар негізінде жұмыс жасайды. Әлемдік озық тәжірибелерді ескере
отырып, педагог кадрлардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін
«Өрлеу» басқармасының бастамасымен филиал базасында «Өзін-өзі
тану» және «Монтессори» кабинеттері ашылды.
Сонымен қатар, институтта білім берудің жаңа мазмұны мен замана-
уи технологияларын ендіру үдерісін оқу-әдістемелік бағытта кең ауқымда
қамтамасыз ететін баспахана және 23 530 қоры бар кітапхана қызмет
көрсетеді. Тыңдаушылардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету
мақсатында оқу залы ғаламторға қосылған 8 монитормен жабдықталып,
кітапхана үдерістері автоматтандырылған КАБИС бағдарламасы бойын-
ша жұмыс істейді.
Көпдеңгейлі білім беру жүйесін жаңғырту үрдісінің алдыңғы шебінде
орта білім беру мазмұнын жаңарту саласы тұр. Бұл саланы түбегейлі
жаңғыртудың катализаторы – әлемдік білім берудегі ең озық тәжірибені
өзіне жинақтаған Назарбаев зияткерлік мектептері (НЗМ) болып табыла-
ды. НЗМ тәжірибесін мектептерге тиімді енгізу мақсатында 2012–2016
жылдар аралығында 3 (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша 4747 ұстаз
біліктілікті арттыру курсынан өткен. Деңгейлік бағдарламалардың жаңа
философиясы мақсат қоюға, педагогикалық жағдайларды талдауға, оқу
үдерісін жобалауға және іске асыруға қабілетті, өз қызметінің нәтижелерін
қадағалай және бағалай білетін, оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын да-
мыта алатын мұғалімдердің жаңа буынымен жүзеге асырылуда.
2016 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің
тапсырмасы бойынша бастауыш мектептің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартын тәжірибеге енгізу мақсатында жаңартылған білім мазмұны
бағдарламасы негізінде өз біліктіліктерін көтеру үшін 7932 мұғалім курс-
тан өткізілді.
Білім берудің «өмір бойы оқу» парадигмасы аясында халыққа сапалы
қызмет көрсету бойынша бірегей мониторингтік жүйе «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында табысты жұмыстар
атқарды.
Өзінің 70 жылғы шежірелі тарихында «Өрлеу» біліктілікті арт-
тыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты оңтүстік өлкесіндегі ұлы
да ұлағатты маман иелері саналатын педагог қызметкерлердің білімін
жетілдіріп, еліміздегі жас буынды, өскелен ұрпақты тәрбиелеу мен білім
беру жүйесін дамыту ісінде өзіне лайықты орын иеленді.
Шымкент қаласы.
73
www
.kazmektep.kz
БҒМ тарапынан осындай шешімнің қабылдануын Қазақстанның мектепке
дейінгі саласының көптеген мекемелері бірнеше жылдан бері күтті. Өйткені
Министрліктің баспасөз орталығынан
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА
САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР МЕН НОРМАЛАРҒА ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫНА
ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
ҚР
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» санитариялық ережелері мен «Мек-
тепке дейінгі білім беру объектілерінің құрылыс нормалары мен қағидаларының»
құрылыс ережелері қазіргі заман талаптарына жауап бере алмайды.
Соңғы жылдары «Балапан» бағдарламасы шеңберінде елімізде мемлекеттік-
жекеменшік әріптестік (МЖӘ) дами түсті, көптеген жекеменшік балабақшалар, оның
ішінде коттедждерде, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында ашылған балабақшалар
типтік үлгіде болмағанымен, балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі
бірқатар мәселелерді шешуге септігін тигізді. Бұл ретте қолданыстағы санитариялық
және құрылыс нормалары талаптарының сәйкессіздігі мектепке дейінгі ұйымдар
желісін әрі дамытуға кедергі келтірді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың санитариялық және құрылыс нормалары мен
қағидаларын қайта талдау қажеттілігі қоғамда сан мәрте көтеріліп, осы мәселе
бойынша ҚР БҒМ-ге көптеген өтініштер келіп түскен болатын. Министр
Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім
департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балалардың құқықтары
және Халықаралық ынтымақтастық басқармалары, ҚР Құрылыс істері комитетінің
Жобалау жұмыстары басқармасы, ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасы, Мектепке дейінгі
балалық шақ республикалық орталығы басшыларының, сондай-ақ мектеп дирек-
торлары мен мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілерінің қатысуымен бірқатар
жұмыс комиссияларының кеңестері өтті. Нәтижесінде мынадай толықтырулар мен
өзгерістер қабылданды:
– ұғымдық аппаратқа «қуаттылығы аз ғимарат», «ыңғайластырылған үй-жай»
(бейімделген үй-жай) терминдерін енгізу;
– топтарды ағымдағы жылғы қыркүйек пен келесі жылдың қыркүйегі аралығында
жинақтауды жүзеге асыру;
– үш және одан көп күн қалған балаларды қандай да бір ауру белгілері анықталған
жағдайда педиатр дәрігерге жіберетін мектепке дейінгі ұйымның медициналық
қызметкерінің тексеріп-қарауынан кейін қабылдау;
– күн режимін мектепке дейінгі ұйымның әзірлеуі, ата-аналар комитетімен
келісуі және оны мектепке дейінгі ұйым басшысының бекітуі;
– мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толымдылық нормаларын болдыр-
мау, мектепке дейінгі ұйымдардың толымдылығын жобалық қуаттылығынан 20%-ға
артық қарастыру;
– ғимарат алаңы, шаруашылық аумақ, учаске, жабдық бойынша нормаларды,
мектепке дейінгі ұйымды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, пайдалануға
беру, сумен жабдықтау, кәріздендіру, жылыту, жарықтандыру, желдету, микрокли-
маты бойынша талаптарды Санитариялық қағидалар мен нормалардан алып тастап,
Құрылыс нормалары мен қағидаларына енгізу;
– толық күн болмайтын мектепке дейінгі ұйымдар үшін бала тамағын өзімен
бірге контейнерде әкелуді, ал толық күн болатындар үшін тамақтандыру ұйымымен
шартқа отыруды қарастыру.
Талқылау қорытындысы бойынша Санитариялық қағидалар мен нормаларға
және Құрылыс нормалары мен қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |