Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет32/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50

68
www
.kazmektep.kz
Облыстық  білім  жетілдіру  институты  Облыстық  білім  беру 
басқармасымен  тығыз  қарым-қатынаста  жұмыс  істеді.  Өз  ісінің  шынайы 
білгірлері Р.Р. Ахметова, С.Ш. Қалғынбаев, С.Ж. Барахова, Н.Т. Байғұтов, 
У.М.    Башенов,    А.К.    Елеуова,    Е.Сарманов,    Б.А.      Көмекбаева      және      
орынбасарлар    мен    қызметкерлер   Р.Т.    Қожамжарова,   В.А.  Доронин,      
Ш.Ж. Сазабаева, А.Т. Таштанов, А.Қалымбет, Қ.Қадырбаева, Ж.А. Тәжиева 
және  т.б.  оқу-тәрбие  жұмыстарына  түрлі  жаңалықтар  енгізуден  әсте 
жалыққан емес. 
1992  жылдан  білікті  басшылар  облыстық  білім  беру  басқармасының 
басқарған  және  институт  ұжымы  шетелдердің  білім  жүйелерімен 
ынтымақтастық жөнінде келісім шарт жасасып, оны табысты жүзеге асырып 
отырған  маңдайалды  оқу  орнына  айналды.  Тәжірибе  алмасу  мақсатында 
Беларусь, Украина, Ресейдің біліктілікті арттыру институттарымен тығыз 
байланыс  орнатты.  Сонымен  қатар  Германия  серіктестігімен,  Франция 
елшілігімен  тікелей  тәжірибе  алмасу  жұмыстары  дұрыс  жолға  қойылды. 
АҚШ, Ұлыбритания сияқты дамыған елдердің мамандары 1992–2002 жыл-
дар аралығында тыңдаушылармен қызықты кездесулер өткізіп тұрды.
Институттың  аяғынан  қаз  тұру  кезеңінен  күні  бүгінге  дейінгі  жолы 
Оңтүстік Қазақстан облысының құрылу тарихымен тығыз астасып жатыр.
Біліктілікті арттыру институты аймақтағы қосымша кәсіби білім беру 
жүйесінің  жетекшісі,  педагогтер  үшін  облыстық  инновациялық  кең  өріс 
боп табылады.
Өзінің  жетпіс  жылдық  ғұмырында  бұл  институт  облыстың 
педагогикалық  қауымынан  жоғары  бағасын  алды,  өз  дамуының  үлкен 
даңқты  жолынан  өтті.  Кездескен  түрлі  қиындықтар  ұжымды  шыңдады, 
бұрынғыдан да өзара тығыз топтастыра түсті.
Алға  қойған  межелі  міндеттер  биік  мақсаттарға  жол  сілтеп,  ұжым 
жұмысында жаңа білім бағыттарын белгілеуге жол ашты.
Өзім  1988  жылдан  2008  жылдар  аралығында  осы  институтта  жұмыс 
істеп,  ұлағатты  ұжыммен  бірге  өскенімді  мақтан  тұтамын.  Сондықтан 
осындағы әріптестерімді қашанда зор құрметпен, алғыс сезіммен еске ала-
мын.
Әр жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысы педагогтер біліктілігін арт-
тыру  саласында  еңбек  еткен  басшылар,  әдіскерлер,  ғалымдар  мен  білім 
жүйесінің  ұйымдастырушыларын  бүгінде  шын  жүректен  алғыс  білдіре 
отырып, атап өткен де артық емес.
Олар    аталған    институтта    басшылық    қызмет    атқарған    ардақты            
азаматтар:    М.Галямов    (1948-1949  жж.),    Б.Айдаров    (1949-1950  жж.),    
Ю.Б. Бахитов (1950-1951 жж.), К.Ділматов (1951-1952 жж.), С.Ш. Шәкіров 
(1954-1955 жж.),   И.М. Тен     (1956–1984 жж.),   У.Ш. Шойбеков (1984–1987 
жж.),  Е.М. Мамыраев (1987–1997 жж.), Ш.П. Пірматов (1997–1999 жж.), 
С.Х. Бектенғалиева    (1999–2008 жж.),   А.Н.  Кулешов,   Б.Қ.   Айтбаев,    
М.І. Туғанбаев және 2012 ж. бастап осы уақытта Л.Т. Искакова басқарып 
келеді. 
Осы  кісілердің  басшылығымен  аталмыш  мекемеде  әр  жылдары 
біліктілікті  арттыру  жүйесінің  білімді  де  тамаша қызметкерлері еңбек 
етті.  Атап айтар болсақ,  олар:  Л.А. Келиш, К.К. Қасенова, Н.А. Едиханова,  
А.Ә.    Искаков,    Б.О.    Оралбеков,     О.Н.   Павленко,    Л.В.    Игнатенко,  
У.Ж.  Бәкірова, Б.К.  Қожахметов,  Т.Р.   Нұрмұханбетова,  О.С.   Сейтқұлов,    
Ә.Ж.    Көшеров,    Б.Н.    Тұрдықұлов,    У.Мусаева,       П.Ж.   Жұмабаева, 
  Т.Нұрбеков,  Б.Ж.    Ноғайбекова,      К.А.      Әуелбекова,      А.Ибадуллаева,  


69
www
.kazmektep.kz
Ғ.Текеева,  Р.М.  Құ дия рова,   Д.Бисенбаев,   С.Қуашбаев, Ж.Өмірәлиев, 
У.Ш. Мырзалиева,  У.Жазықбаева,   Б.А.   Бағысбаева,  А.А. Мұсабекова,  
Г.П.   Баранова,    С.Р.    Матаева,   Г.Е.  Мұсабекова,   Ш.К.   Құрманбекова,
Э.К. Мұхитдинова,   С.Әділбекова,     М.У.  Малғайдарова,    Ж.Өтемісов,   
 М.Смайл  және т.б.
Аттары  аталмаған    адамдардың  көпшілігі  білім  саласында  және  осы 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің 
біліктілігін  арттыру  институт  филиалында  әлі  де  жемісті  жұмыстарын 
жалғастыруда. 
Таяуда    қажырлы    еңбегі  пен  ұжым  бірлігінің  арқасында  қарыштап 
алға  басып    келе    жатқан  институттың  жетпіс  жылдық  мерейлі  мерекесі 
лайықты  деңгейде    аталып  өтті.  Қазіргі  институт  басшылары  –  директо-
ры  Л.Т.  Искаковаға,  орынбасарлары  М.Б.  Ақтаевқа,  Ш.Н.  Ергешбаеваға 
ұлағатты  еңбектеріңіз,  білім  беру  саласындағы  құлшыныстарыңыз  одан 
әрі  дамып,  шығармашылық  тың  өрістерге  жетіңіздер,  дендеріңіз  сау, 
отбасыларыңыз бақытты болып, көпшіліктің құрметіне бөлене беріңіздер 
деген тілек білдіремін.
Институттың әу бастағы негізгі мақсаты мен міндеттері өзгерген жоқ. 
Бұл  –  облыстық  білім  саласы  қызметкерлерінің  кәсіби  біліктілігі  мен 
дағдыларын жетілдіріп, білім беруде деңгейлі, вариативті, жаңашыл, әдіс-
тәсілдерді пайдалануға ынталандыру мен кәсіби әріптестікті дамыту. Об-
лыс педагогтерін инновациялық жаңа жүйеге, әлемдік білім беру кеңістігіне 
енуге бейімдеп, сапалы, өнімді білім беруге бағыт-бағдар сілтеу. Ғылыми-
әдістемелік көзқарас  қалыптастырып, білім берудің жаңашыл парадигма-
сын жүзеге асыру.
ілім қайда болса биіктік сонда, Парасат қайда 
болса    ұлылық  сонда!”  деген  дана  халқымыз  
ТАРИХЫ  ТЕРЕҢ,  КЕЛЕШЕГІ  КЕМЕЛ 
БІЛІМ  ОРДАСЫНА – 70  ЖЫЛ
Лаура  ИСКАКОВА,
педагогика ғылымының докторы, профессор
“Б
қамдаған... “Қолдарында” болашақтың тізгіні бар ұрпақтарды  тәрбиелеп, 
жан-жақты білім беру  бүгінгі білікті де, білімді ұстаздардың құзырында  
тұр. Осы  қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін,  шығармашылықпен 
астасып  жататын    институтымыздың    70  жылдық  тарихында    қаншама 
абыройлы  істер  атқарылды... 
Биік  белестерді  бағындырған  осы  жылдар  ішінде  педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде тәрбиелік және замана-
уи педагогикалық технологияларды білім беру жүйесіне ендіру және та-
ратуда институттың еңбегі орасан. Тамыры тереңге кеткен тарихымызға 
үңілсек  институтымыз  тәуелсіздік  алған  жылдары  педагогикалық  тех-
нологияларды  оқу  үдерісіне  енгізуде  респуб лика  көлемінде  бірінші  бо-
лып  халықаралық  деңгейдегі  педагогикалық  технологиялар  авторларын 
ұлт болашағын, елдің ертеңін, ұрпақ қамын  баяғыдан 


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау