67
www
.kazmektep.kz
алыққа лайықты білім беру қоғамның
әлеуметтік, экономикалық өміріндегі өзгеріс-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ШЫҢДАЛУ
МЕКТЕБІ
Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,
педагогика ғылымының кандидаты, доцент
Х
термен және техникалық ілгерілеушілікпен
де тығыз байланысты. Әлемдегі кез келген
мемлекеттің өмір сүруі мен дамуы сонда өмір
сүретін адамдардың білім деңгейіне, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
әлеуетінің өзгерістеріне тәуелді болатыны белгілі жайт. Елдің сенімді
де жемісті болашағын қамтамасыз ету ісінде ешбір мамандық тап
мұғалімнің қызметіндей үлкен маңызға ие емес. Мұғалімнің кәсіби даму
проблемалары қашанда педагогика ғылымының, қоғамдағы білім саяса-
ты көшбасшыларының назарында. Егер жеке тұлға іс-әрекеттің белсенді
субъектісі ұстанымында болса, егер практикалық жеке тәжірибе әлеуметтік
және кәсіби тәжірибемен сәтті ұштасса, кәсіби шеберлік пен педагогикалық
мәдениет анағұрлым қарқынды жүреді.
Жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагогикалық кадр-
лар біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен 2012 жылғы 17 ақпанда педагогтер біліктілігін жетілдірудің
«Өрлеу» ұлттық орталығы құрылды, оның құрамына он төрт облыстық,
екі қалалық (Астана, Алматы) біліктілікті жетілдіру институттары және
Қазақстан Республикасы білім жүйесінің республикалық басшылық және
ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институты кірген бо-
латын.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының ұжымы мақсаткерлік, жалынды жігер,
шығармашылдық ізденістерінің арқасында бұл күндері елімізге кеңінен та-
нымал.
Бұл ұжым нәтижелі еңбегінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облы-
сы бойынша білім беру қызметкерлерінің кәсіби, құқықтық, ақпараттық,
коммуникативтік, басқару құзыретінің деңгейін арттыру сияқты өнегелі
істерімен көпке үлгі болып отыр.
Институт өзінің жетпіс жылдық қызметінде Оңтүстік Қазақстан об-
лысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін
жетілдіруге, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан өңірінің зияткерлік әлеуетін
қалыптастыруға айтарлықтай үлкен үлесін қосты.
Бұл институттың өзіндік ауқымды тарихы бар. Осы мекемеде қаншама
педагогтердің, білім беру мекемелері басшыларының, сонымен қатар
аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер біліктілігін арттыру ісінде
ауқымды жұмыстар жүргізгені көпшілікке мәлім. Осы мақсатта өткізілген
іс-шараларға республиканың түпкір-түпкірінен келген мектеп мұғалімдері,
мектеп басшылары, тәуелсіз еліміздің оқулық авторлары, ғалымдар, жа-
зушылар, шетелдік қонақтар осы мекемеде бас қосып, өз білімдері,
тәжірибелерімен сан мәрте бөліскен.
ӘОЖ (УДК): 378.046.4