Тарихы терең, келешегі кемел Астана



жүктеу 63,36 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі63,36 Kb.
#13694

Тарихы терең, келешегі кемел Астана

Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі – астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды.


Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасының көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Астана осы жылдар ішінде әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Ондағы зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір-бірімен үйлесіп, қаланың көркіне көрік қосып тұрғандай. Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарауда. Астана – ең алдымен Елбасының ерен еңбегі мен ерлігі. Қазақстанның жаңа тарихының шынайы бейнесі. Елбасы Елорданы Астанаға көшіру бастамасымен миллиондардың тарихи миссиясына арна ашты, жаңа Астана ұлттық идеяның ұйытқысына айналды. Оның негізгі мақсат -міндеттері - бірлігі жарасқан қазақ елінің азаттығын қамтамасыз ету және осы мұрат - мүддеге қызмет ету болып табылады. Астана – тәуелсіз Қазақстанның заманауи, қарқынды дамып жатқан елордасы. Есілдің жағасында, Сарыарқаның төсінде, ңнжу-маржандай Ақ Орда мен Бәйтеректі ұлықтаған Астана «Әлем қаласы» атанып, көркімен де, көлемімен де, келбетімен де төрткүл дүниені мойындатты. Бүгінгі еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін Астанаға мақтанышпен қарайды, оны елдігіміздің, мемлекеттігіміздің нышанындай қабылдайды. Қашан да бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі оңайға соқпаған. Қатыгездігі шектен шыққан Кеңес Одағының уысынан қазақ елінің аман-есен егемендікке шығуы, біріншіден тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз. Қазақстанның азаттық туын көтерген сәттен-ақ жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Қоғам жол айрығында тұрды. Жас мемлекеттің шаңырағын шайқалтпау үшін күндіз-түні тынбаған ізденіс Елбасын үш ұлы да, нақты қадамдарға әкелді. Оның екеуі 1994 жылдың, біреуі 1995жылдың еншісінде.
1994 жылдың 6 шілдесінде ҚР Жоғары Кеңесі сессиясында Ел Президенті ең алғаш рет еліміздің астанасын басқа қалаға ауыстыру туралы нақты идеясын ұсынды.
Қазіргі уақытта тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында бой көтерген Астана Елбасының бастамасымен ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың бірі.

Қаланың бас жоспарын жасауға Н.Назарбаевтың басшылығымен әлемдік сәулет өнерінің атақты шеберлері қатысты. Олар - әлемге әйгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава, қазіргі заманның ұлы сәулетшісі ағылшын Норман Фостер, итальяндық шеберлер - Манфреди Николетти мен Максимильян Фуксас еді. Сөйтіп Қазақстанның жаңа астанасының сәулеттік келбетін жасауға 30-ға жуық жобалау және сәулет ұйымдары қатысты. Олардың қатарында француз, түрік, швейцар, ағылшын, италян, араб, жапон, орыс архитекторлары мен құрылысшылары болды. Бірақ қазақстандық архитекторлар мен құрылысшыларының еңбегі орасан зор болды. Сөйтіп астана әлемдік ғажайып құрылыс алаңына айналды.

Елбасы жаңа астананың атын да өзі қойды. Осылайша ол тәуелсіз де егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Н.Назарбаев өзінің жаңа жұмыс орнында жұмыс күнін бастады. Сол күні Парламент пен Үкіметтің бірлескен отырысында төрағалық еткен Елбасы «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» халыққа үндеуіне қол қойды. 12 желтоқсан күні тұңғыш рет жаңа астана көрші елдердің басшыларын - Турцияның С.Демирель, Қырғызстанның А.Ақаев, Тәжікстанның Э.Рахмонов, Өзбекстанның И.Кәрімовті қабылдап, бес президент Ақмола қаласында ашылған бірінші ескерткіш «Саяси қуғын сүргін құрбандарына» арналған монументтің ашылуына қатысты.


Міне, алдағы 2018 жылы бұл қаланың Астана атауына ие болғанына жиырма жыл толады. Осы жылдар ішінде Есіл бойында жаңа тұрпатты сән-салтанаты ғажайып қала пайда болды. Қала жыл санап емес, күн сайын жасарып келеді. Астана еліміздегі экономикалық және саяси жаңғырулардың орталығына ғана емес, сонымен қатар, халқымыздың мәдени өмірінің темір-қазығына айнала бастады.
Елбасы өзінің ерен ер жігерінің арқасында үлкен батылдық пен көзсіз ерлікті қажет ететін бастаманы жүзеге асырып, қазақтың сахара төсінде әлемдік астаналармен сәулет таластыратын осы заманғы үздік мегаполис қалыптастырды.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды. Есіл өзенінің сол жағалауы жаңа Астананың мәдени-рухани орталықтанған жеріне айналды. Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында
2002 жылы Евразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана - Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астына жіберген мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Әлемдік ғажайып құрылыс алаңына айналған Астанада қазір жүздеген отандық және шетелдік ірі құрылыс фирмалары заманауи сәулет өнерінің озық үлгілерін паш етуде.

2003 жылы Елбасының Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезінде көтерген бастамасының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.

Сәулет өнерінің қайталанбас үлгілерінің қатарына кіретін бұл ғимараттар- «Бейбітшілік және келісім сарайы - Пирамида мен «Хан Шатыр» ірі сауда –ойын-орталығы» бой көтерді. 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Ол Мемлекет басшысы 1997 жылдан бастап жұмыс істеген Президенттің бұрынғы резиденциясында орналасқан. Осынау сәулет өнерінің қатаң стилімен салынған айбынды, маңызды ғимарат өзінің мәртебесін өзгерткеннен кейін жас Астананың маңызды тарихи көз тартар көрікті жерлерінің біріне айналды. Музей қорының негізі 100 мыңнан астам экспонаттар құрайды. Олар: Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары арқылы көрермен назарына ұсынылып отыр.

Заманның талабына сай зәулім ғимараттар жарыса бой көтеріп, елорданың келбетін келтіре түсуде. Бұл - астананың ажарын ашуға үлес қосқан сәулетшілер мен алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары атқарған жұмыстарының жемісі


2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91 метр. Бұл қазақ елінің 1991жылы алған тәуелсіздігі мен арман-мақсатының символы. Елбасы осы монументке тапсырма беріп тұрып атын да, биіктігін де өзі тағайындаған. «Қазақ елі» аталуы оның қазақ елінің тарихы мен өнері туралы деректермен жабдықтала тұрып, негзінен қазақ елінің кезеңін, олардың алға қойған жаңа мақсатын, ұлы арманын бейнелеуінен.

Ал үстіміздегі жылы елімізде өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің тақырыбы - «Болашақ энергиясы» Қазақстанға одан әрі алға ұмтылуға, дамып-өсуге, жаңа белестерді бағындыруға рух берері сөзсіз. ЭКСПО-2017 – мем­лекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңсе­лілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қо­нақжай­лы­лығын, айналып келгенде ұлттың ұлылығын көрсететті.

Бүгінгі Қазақстан - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ата-баба аңсаған сол күнді орнатты. Қазақстан халқы бірауыздылықпен, татулықпен, достықпен өзге елдерге үлгі боларлықтай қажыр-қайратын танытты. Біз Елбасының ерен-жігерімен Астананы тұрғызылды. «Астана - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі» дейді халқымыз. Халық айтса қалт айтпайды. Шынында тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру - Тұңғыш Президентіміздің мемлекетті одан әрі нығайту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев - елорданы көшіру және Астана қаласын салу идеясының авторы және бас сәулетшісі деп толықтай айтуға негіз бар. Бұл жөнінде Елбасы: «Астана - бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде, өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз, астаналықтар, өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда».
Астана - Елбасының өрлігі! Мұны бүкіл Қазақ елі біледі, түсінеді, түйсінеді. Жаңа қаланы тұрғызудың қандай қиын болғанын да сезеді халық. Астанадай алып қала тұрғызу үшін алып жүрек керек.

Жыл өткен сайын Астана құлпырып, қазіргі кезде көз тойғысыз келбетте.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабының «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» деп аталатын бөлімінде мынадай жолдар бар: «Әр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан рухани дәлдікті мұра етіп алады. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады».

Тәуелсіздігіміздің бойтұмары – Астананың күні ел өміріндегі тарихи оқиғалар тізбегінен орын алатыны анық. Бұл күн сан қилы кезеңдерді басынан өткерген халық үшін ерлік пен өрліктің биік шыңы. Бұл - осынау мерзім ішінде Отанымыздың қарқынды жылдамдықпен дамып, Қазақстанның берік ұстанған саясатын, мәдениетін, білімі мен экономикасын әлемге паш ететін күн. Өйткені, Астана жай қала емес. Бұл еліміздің бүкіл тарихын, бүкіл болмыс-бітімін бойына сіңірген аспанмен астасып жатқан ертегілер елі. Астана барда Қазақ елі бар. Астана - қазақтың жүрегі.



Астана - елдің құт-береке дарыған Ақордасы. Қазірдің өзінде миллионға жеткен тұрғыны бар елорда елдігіміздің, бірлігіміздің ұйытқысы.

Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен елорда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.
жүктеу 63,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау