Жүргізу қағидасы 1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 5,34 Mb.
бет20/25
Дата14.12.2017
өлшемі5,34 Mb.
#4103
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
      28. Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақты пайдалану минимумындағы      бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгiн айқындайтын кедергiлер егер ұшып көтерiлу кезiнде кедергiлерден ең аз биiктiк қоры қамтамасыз етiлсе, егер осы кедергiлер ұшу қауiпсiздiгiне нақты қауiп тудырмаса, ең жоғарғы мүмкiн болатын ұшу массасын айқындау кезiнде ескерiлмейдi.
4 тарау. Ұшып көтерiлу әуеайлағын пайдалану минимумын төмендету
мүмкiндiгi
      29. Пайдаланушыға ұшып көтерiлу үшiн минимумды төмендегi жағдайларда ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (А, В және С санатты ӘК) бойынша 125 м немесе 150 м (D санатты ӘК) дейiн азайтуға рұқсат етiледi:
      1) көрiну мүмкiндiгi төмен жағдайларда рәсiмдер қолданылады (LVP);
      2) жоғары қарқынды ҰҚЖ-ның ось жарықтары 15 м аспайтын аралықта белгiленедi және жоғары қарқынды қону жарықтары 60 м немесе одан да аз аралықта белгiленген. Жарықтар жанып тұруы тиiс;
      3) ұшу экипажының мүшелерi ұшу тренажерлерiнде айтарлықтай дайындықтан өтеді;
      4) ӘК кабинасынан екпiн алу басталатын нүктеде ұзақтығы 90 метр учаске көзбен көрiп қарастырылады;
      5) ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығының қажеттi мәнi барлық өлшеу нүктелерiнде алынады (ҰҚЖ басында, ортасында және соңында);
      6) ҰҚЖ iлiнiсу коэффициентi кемiнде 0,5;
      7) осы ӘК үлгiсiнiң ұшып көтерiлуi үшiн бүйiрлi желдi құрайтын мүмкiн болатын шектi мәнiнiң жартысынан аспайтын;
      8) пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органнан ұшып көтерiлу үшiн төмендетiлген минимумдарды пайдалануға мақұлдауын алады;
      9) аталған рәсiм ұшып шығу әуеайлағында көзделген.
      30. Мыналарды:
      1) бүйiрлiк ауытқулар бойынша мақұлданған индикациялау жүйесін немесе
      2) ұшып көтерiлудi жүзеге асыру үшiн мақұлданған индикациялау нүктесiн пайдаланатын ӘК-нi пайдаланушы III санат бойынша ҰҚЖ қорғау құралдары мен жабдықтарына сәйкес келген кезде, жоғарыда көрсетiлген 29-тармақтағы талаптарды сақтау кезiнде ұшып көтерiлу үшiн минимумдарды ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығын кемiнде 125 м (А, В және С санатты ӘК) немесе кемiнде 150 м (D санатты ӘК), бiрақ кемiнде 75 м азайтуға рұқсат етiледi.
5 тарау. Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алулар үшiн
әуеайлақты пайдалану минимумын айқындау (Non-precision
Approach)
      31. Қону үшiн әуеайлақты пайдалану минимумы ҰҚЖ-ның барлық бағытына және ӘК-нiң әрбiр санаты үшiн аспаптар бойынша қонуға бет алуды қамтамасыз ететiн әуеайлақтың әрбiр қону жүйесi үшiн белгiленедi.
      32. Қонуға бет алудың дәл емес жүйелерi бойынша қонуға бет алулар (NPA) – 4-кестеде көрсетiлген (Жүйелiк минимумдар) MDH кемiнде 75 метр (250 фут) және ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/есептелген метеорологиялық көрiну мүмкiндiгi (CMV) RVR/CMV 800 метрден кем емес кез келген қызмет көрсету құралдарын пайдалана отырып, аспаптар бойынша қонуға бет алу.
      33. Ең аз салыстырмалы төмендеу биiктiгi (MDH).
      Қонуға бет алудың ең аз төмендеу биiктiгiнде мынадай мәндердiң көбi қолданылады:
      1) ұшақ санатына арналған OCH; немесе
      2) 4-кестеде келтiрiлген жүйелiк минимумдар; немесе
      3) ӘК ұшуды пайдалану жөнiндегi басшылықта айқындалған ең аз төмендеу биiктiгi ВС (AFM).
      34. Кедергiлердi ұшып өтудiң салыстырмалы/абсолюттi биiктiгiнiң  есебi (OCH/ОСА) «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидасы - әуе кемелерiнiң ұшуларды орындауы» (PANS - OPS) ИКАО (Doc. 8168-OPS/611) қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.
      35. Көзбен көру бағдары.
      Ұшқыш, жоспарланатын ҰҚЖ қонуда мынадай көзбен көру бағдарының бiрiн анық көрмегенге және танымағанға дейiн MDA/MDH төмен қонуға бет алуды жалғастырмайды:
      1) ҰҚЖ жақындау жарықтары жүйесiнiң элементтерi;
      2) ҰҚЖ-ның басталатын жерi;
      3) ҰҚЖ-ның басталатын жерiн таңбалау;
      4) ҰҚЖ-ның басталатын жерiнiң кiру жарықтары;
      5) ҰҚЖ-ның басталатын жерiнiң тану жарықтары;
      6) глиссаданың көзбен көру индикацияларының жарықтары;
      7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын таңбалау;
      8) жерге қону аймағының жарықтары;
      9) ҰҚЖ-ның қону жарықтары; немесе
      10) басқа да көзбен көру бағдары.
4-кесте. Құралдарға байланысты жүйелiк минимумдар



Құралдарға байланысты ең аз төмендеу биiктiгi (МВС, DH/MDH)

Пайдаланылатын қонуға бет алу жүйесi

DH/MDH ең аз

ILS (глиссадасыз) немесе DME (LLZ, LLZ/DME) курстық маяк

75 м

250 фут

Шолу радиолокаторы бойынша кiру (SRA) (ҰҚЖ аяқталатын 0,9 км қашықтығы)

75 м

250 фут

Шолу радиолокаторы бойынша кiру (SRA) (ҰҚЖ аяқталатын 1,8 км қашықтығы)

90 м

300 фут

Шолу радиолокаторы бойынша кiру (SRA) (ҰҚЖ аяқталатын 3,7 км қашықтығы)

105 м

350 фут

RNAV/LNAV

90 м

300 фут

VOR

90 м

300 фут

VOR/DME

75 м

250 фут

NDB, ОПРС

105 м

350 фут

NDB/DME

90 м

300 фут

2NDB немесе ОСП

90 м

300 фут

VDF (АЖЖ-станциясының радиопелингаторы)

105 м

350 фут

      36. Осы Әдістеменің 6, 7, 8, 9-кестелерінде көрсетілген ҰҚЖ (RVR)-дағы көріну ұзақтығының мәндері қонуға кірудің соңғы кезінде (CDFA) үздіксіз төмендеу рәсімін сақтау кезінде қолданылады.


      Егер қонуға кірудің (CDFA) соңғы кезеңінде үздіксіз төмендеу рәсімі қолданылмаса, онда ҰҚЖ-дағы көріну ұзақтығының мәндері: «А», «В» санаттарындағы ӘК үшін 200 метрге және «С» және «D» санаттарындағы ӘК үшін 400 метрге ұлғаяды.
      6-кесте. Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін RVR мәні (құралдардың толық жинағы)



Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін минимумдар
(NDB, NDB/DME, VOR, VOR/DME, LLZ, LLZ/DME, VDF, SRA, NAV/LNAV)

MDH

RVR/ӘК санаты



A

B

C

D

75 – 89 м. (250 – 299 фут)

800 м.

800 м.

800 м.

1200 м.

90 – 134 м. (300 – 449 фут)

900 м.

1000 м.

1000 м.

1400 м.

135 – 194 м. (450 – 649 фут)

1000 м.

1200 м.

1200 м.

1600 м.

195 м. (650 фут) және одан жоғары

1200 м.

1400 м.

1400 м.

1800 м.

7-кесте. Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін RVR мәндері


(құралдардың аралық жинағы)



Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін минимумдар
(NDB, NDB/DME, VOR, VOR/DME, LLZ, LLZ/DME, VDF, SRA, NAV/LNAV)

MDH

RVR/ӘК санаты



A

B

C

D

75 – 89 м. (250 – 299 фут)

1000 м.

1100 м.

1200 м.

1400 м.

90 – 134 м. (300 – 449 фут)

1200 м.

1300 м.

1400 м.

1600 м.

135 – 194 м. (450 – 649 фут)

1400 м.

1500 м.

1600 м.

1800 м.

195 м. (650 фут) және одан жоғары

1500 м.

1500 м.

1800 м.

2000 м.

8-кесте. Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін RVR мәндері


(құралдардың негізгі жинағы)



Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін минимумдар
(NDB, NDB/DME, VOR, VOR/DME, LLZ, LLZ/DME, VDF, SRA, NAV/LNAV)

MDH

RVR/ӘК санаты



A

B

C

D

75 – 89 м. (250 – 299 фут)

1200 м.

1300 м.

1400 м.

1600 м.

90 – 134 м. (300 – 449 фут)

1300 м.

1400 м.

1600 м.

1800 м.

135 – 194 м. (450 – 649 фут)

1500 м.

1500 м.

1800 м.

2000 м.

195 м. (650 фут) және одан жоғары

1500 м.

1500 м.

2000 м.

2000 м.

9 кесте. Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін RVR мәндері


(жақындау жарықтарының жоқтығы)



Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшін минимумдар
(NDB, NDB/DME, VOR, VOR/DME, LLZ, LLZ/DME, VDF, SRA, RNAV/LNAV)

MDH

RVR/ӘК санаты



A

B

C

D

75 – 89 м. (250 – 299 фут)

1500 м.

1500 м.

1600 м.

1800 м.

90 – 134 м. (300 – 449 фут)

1500 м.

1500 м.

1800 м.

2000 м.

135 – 194 м. (450 – 649 фут)

1500 м.

1500 м.

2000 м.

2000 м.

195 м. (650 фут) және одан жоғары

1500 м.

1500 м.

2000 м.

2000 м.

      RVR/CMV мәндері мынадай жағдайларда қолданылады:


      1) құралдардың толық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 720 м және одан астам жақындау жарықтарын ОВИ, ALSF, MALS түріндегі жоғары/орташа қарқындылық, ҰҚЖ қону жарықтары мен кіру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосулы болуы тиіс;
      2) құралдардың аралық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 420-719 м жақындау жарықтарын жоғары/орташа қарқындылық ОВИ, ALSF, MALS, ҰҚЖ қону жарықтары мен кіру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосулы болуы тиіс;
      3) құралдардың негізгі жинағы ұзақтығы 210-420 м ОВИ, ALSF, MALS түріндегі жоғары/орташа қарқынды жақындау жарықтарының жүйесін немесе бағытталмаған жүйедегі ОМИ түріндегі аз қарқынды жақындау шырақтарының әр түрлі ұзақтықтағы ODALS немесе «ЛУЧ» (СП) түріндегі жақындау жарықтарының, ҰҚЖ таңбалауышының, ҰҚЖ қону шырақтарын, ҰҚЖ кіру жарықтары мен шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс;
      4) жақындау жарықтараның жоқтығы немесе ұзақтығы 210 м. кем жақындау жарықтарының болуы, ҰҚЖ таңбалау, ҰҚЖ қону жарықтары, кіру жарықтары, ҰҚЖ шектеу жарықтары немесе тек қана ҰҚЖ (жарықсыз) таңбалау жүйелерінің болуын қарастырады;
      5) кестелер тек 4 градустан аспайтын төмендеу траекториясының номиналды көлбеуімен қонуға дәстүрлі бет алу үшін қолданылады. Төмендеу траекториясы көбірек көлбеуі жағдайында, глассаданың бұрышын визуалды көрсеткіші (мысалы, РАРІ көрсеткіші) төмендеудің ең аз салыстырмалы биіктігінде (МDН) көрінуі қажет;
      6) жоғарыда көрсетiлген мәндер не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы, не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) болып табылады, бұл төмендегi 65-тармақта көрсетiлген;
      7) 6, 7, 8 және 9-кестелерінде көрсетілген төмендеудің ең аз салыстырмалы биіктігі (МDН), МDН алдын ала есептеуге жатады. RVR/СМV таңдау кезінде пайдалану мақсатында, 5 метрге (15 фут) дейін дөңгелектеуге қойылатын талаптар қолданылмайды.
      37. Түнгi уақыттағы ұшулар. Түнгi уақыттағы ұшуларды жүзеге асыру үшiн кем дегенде ҰҚЖ қону жарықтары, кiру жарықтары және ҰҚЖ шектеу жарықтары қосылады.
      37-1. Кері старттың дәл емес жүйесі бойынша қонуға бет алу кезінде көріну мен МВС (MDH) осы Әдістеменің 14-кестесі бойынша анықталады.
6 тарау. Дәл жүйелер бойынша (Precision Approach) қонуға бет
алу – I санат
      38. I санат бойынша қонуға бет алу – шешiм қабылдау биiктiгi (DH) кемiнде 60 метр (200 фут) және ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы кемiнде 550 метр ILS, MLS, GLS (GNSS/GBAS) жүйелерiн немесе қону радиолокаторын (PAR) пайдалана отырып, аспаптар мен қону бойынша қонуға бет алу.
      39. Жалпы ақпарат. I санат бойынша қонуға кiру – аспаптар бойынша қону жүйелерiн (ILS), қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) немесе шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi (DH) кемiнде 60 м (200 фут) және ҰҚЖ (RVR) көрiну алыстығы кемiнде 550 м болған кезде қону радиолокаторын (PAR) пайдалана отырып, қонуға құралдық (дәлме-дәл) кiру.
      40. Шешiм қабылдау биiктiгi. Пайдаланушы I санат бойынша қонуға кiру үшiн шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнiң (DH):
      1) ӘК ҰПБ-да көрсетiлген шешiм қабылдаудың ең төменгi биiктiгiнен (егер бұл биiктiк ҰПБ-да мәлiмделсе);
      2) оған қатысты қажеттi көзбен шолу бағдарынсыз қонуға дәлме-дәл кiру құралы пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
      3) ӘК санаты үшiн OCH/OCL (кедергiлерден ұшып өтудiң салыстырмалы биiктiгi/(кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi);
      4) 60 м (200 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
      41. Көзбен шолып бағдарлау.
      Пилот қалай болғанда жоспарланып отырған мынадай қону ҰҚЖ көзбен шолу бағдарларының бiрiн анық көргенге немесе танығанға дейiн 45-тармаққа сәйкес анықталған I санат бойынша шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнен (DH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды:
      1) ҰҚЖ-ға жақындаудың жарық жүйелерi элементтерi;
      2) ҰҚЖ бастапқы табаны;
      3) ҰҚЖ шегiн таңбалау;
      4) ҰҚЖ кiрме шырақтары;
      5) ҰҚЖ бастапқы табанын белгiлеу шырақтары;
      6) глиссаданы көзбен шолып бейнелеу шырақтары;
      7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын бейнелеу;
      8) жерге қону шырақтары;
      9) ҰҚЖ қону шырақтары.
      42. ҰҚЖ-да көрiнудiң қажеттi қашықтығы.
      I санат бойынша қонуға кiру үшiн пайдаланушы қолданатын ең төменгi минимум:
      10-кесте. Шешiм қабылдау құралдары мен биiктiгiне байланысты I санат бойынша қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы:



I санат бойынша минимумдар

Шешiм қабылдау биiктiгi (DH) (7-т. қараңыз)

ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну құралдары/қашықтығы
(5-тармақшаны қараңыз)



Құралдардың толық жиынтығы (1 және 2-ескертп. қараңыз)

Құралдардың аралық жиынтығы (2 және 6-ескертп.қараңыз)

Құралдардың негiзгi жиынтығы (3 және 6-ескертп. қараңыз)

Құралдардың жоқтығы (4 және 6-ескертп. қараңыз)

60 м (200 фут)

550 м

700 м

800 м

1000 м

61 м – 75 м
(201-250 фут)

600 м

700 м

800 м

1000 м

76 м – 90 м
(251-300 фут)

650 м

800 м

900 м

1200 м

91 м және жоғары (301 фут және жоғары)

800 м

900 м

1000 м

1200 м

      1) құралдардың толық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 720 м және одан астам жақындау жарықтарын ОВИ, ALSF, MALS түріндегі жоғары/орташа қарқындылық, ҰҚЖ қону жарықтары мен кіру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосулы болуы тиіс;


      2) құралдардың аралық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 420-719 м жақындау жарықтарын жоғары/орташа қарқындылық ОВИ, ALSF, MALS, ҰҚЖ қону жарықтары мен кіру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосулы болуы тиіс;
      3) құралдардың негізгі жинағы ұзақтығы 210-420 м ОВИ, ALSF, MALS түріндегі жоғары/орташа қарқынды жақындау жарықтарының жүйесін немесе бағытталмаған жүйедегі ОМИ түріндегі аз қарқынды жақындау шырақтарының әр түрлі ұзақтықтағы ODALS немесе «ЛУЧ» (СП) түріндегі жақындау жарықтарының, ҰҚЖ таңбалауышының, ҰҚЖ қону шырақтарын, ҰҚЖ кіру жарықтары мен шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс;
      4) жақындау жарықтараның жоқтығы немесе ұзақтығы 210 м кем жақындау жарықтарының болуы, ҰҚЖ таңбалау, ҰҚЖ қону жарықтары, кіру жарықтары, ҰҚЖ шектеу жарықтары немесе тек қана ҰҚЖ (жарықсыз) таңбалау жүйелерінің болуын қарастырады;
      5) кестелер тек 4 градустан аспайтын төмендеу траекториясының номиналды көлбеуімен қонуға дәстүрлі бет алу үшін қолданылады. Төмендеу траекториясы көбірек көлбеуі жағдайында, глассаданың бұрышын визуалды көрсеткіші (мысалы, РАРІ көрсеткіші) төмендеудің ең аз салыстырмалы биіктігінде (МDН) көрінуі қажет;
      6) жоғарыда көрсетiлген мәндер не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы, не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) болып табылады, бұл төмендегi 65-тармақта көрсетiлген;
      7) 6, 7, 8 және 9-кестелерінде көрсетілген төмендеудің ең аз салыстырмалы биіктігі (МDН), МDН алдын ала есептеуге жатады. RVR/СМV таңдау кезінде пайдалану мақсатында 5 метрге (15 фут) дейін дөңгелектеуге қойылатын талаптар қолданылмайды.
      43. Бiр пилот орындайтын ұшу. Бiр пилот жүзеге асыратын ұшуды орындау үшiн пайдаланушы осы әдiстемеге сәйкес барлық қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiнудiң ең төменгi алыстығын есептейдi. ILS немесе MLS байланысты тиiстi автопилотты пайдалану жағдайларын қоспағанда ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiнудiң 800 м төмен алыстығына рұқсат етiлмейдi – мұндай жағдайларда әдеттегi минимум қолданылады. Шешiм қабылдаудың қолданылатын биiктiгi автопилотты пайдаланудың ең төменгi биiктiгiнен 1,25 төмен болмауға тиiс.
      44. Тәулiктiң қараңғы уақытындағы ұшу. Тәулiктiң қараңғы уақытындағы ұшуды жүзеге асыру үшiн, қалай болғанда да ҰҚЖ қону шырақтары, ҰҚЖ кiрме шырақтары мен шектеуiш шырақтары қосылады.
7 тарау. Дәлме-дәл жүйелер (Precision Approach) - II санат
бойынша қонуға кiру
      45. Жалпы ақпарат. II санат бойынша қонуға кiру - аспаптар бойынша қону жүйелерiн (ILS) немесе шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi (DH) кемiнде 60 м (200 фут), бiрақ 30 м (100 фут) кем емес және ҰҚЖ (RVR) көрiну алыстығы кемiнде 300 м болған кезде қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) пайдалана отырып, қонуға құралдық (дәлме-дәл) кiру.
      46. Шешiм қабылдау биiктiгi. Пайдаланушы II санат бойынша қонуға кiру үшiн шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнiң (DH):
      1) ӘК ҰПБ-да көрсетiлген шешiм қабылдаудың ең төменгi биiктiгiнен (егер бұл биiктiк ҰПБ-да мәлiмделсе);
      2) оған қатысты қажеттi көзбен шолу бағдарынсыз қонуға дәлме-дәл кiру құралы пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
      3) оған дейiн ӘК экипажы iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы шешiм қабылдау биiктiгiнен;
      4) 30 м (100 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
      47. Көзбен шолып бағдарлау. Егер кем дегенде жақындау шырақтарының немесе жерге қону аймағы шырақтары орталық қатарының 3 тiзбектелген шырақтарынан немесе ҰҚЖ осьтiк желiсi шырақтарынан немесе қону шырақтарынан немесе көрсетiлген шырақтар құрамасынан тұратын учаскенi қамтитын көзбен шолу байланысы белгiленбесе және қолданылмаса 51-тармаққа сәйкес анықталған II санат бойынша шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнен (DH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды. Мұндай көзбен шолу байланысы жақындау шырақтарының жарық көкжиегi немесе ҰҚЖ бастапқы табанының кiрме шырақтары немесе қону аймағының желiлiк шырақтары сияқты бүйiрлiк элементтердi қамтиды.
      48. ҰҚЖ-дағы көрiнудiң қажеттi алыстығы. II санат бойынша қонуға кiру үшiн пайдаланушы қолданатын ең төменгi минимум:
      11-кесте. Шешiм қабылдау биiктiгiне байланысты II санат бойынша қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы:



II санат бойынша минимумдар

Шешiм қабылдау биiктiгi (DH)

Шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен автоматты ұшу (DH)



ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы/A, B, C санаттары

ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы/D санаты

30-39 метр
(100 – 120 фут)

300 м

300 м (2 ескертп. қараңыз)/350 м

40-45 метр
(121 – 140) фут

400 м

400 м

45 метр
(141 фут) және жоғары

450 м

450 м

      1) кестеде келтiрiлген «ШҚБ-дан (DH) төмен автоматты ұшу» деген анықтама қолданылатын ШҚБ-дан (DH) 80%-дан аспайтын биiктiкке дейiн ұшуды автоматты басқару жүйесiн пайдалануды жалғастыруды бiлдiредi. Осылайша, ұшуды автоматты басқару жүйесiне қосылу биiктiгi арқылы ӘК ұшуға жарамдылық талаптары қолданылатын ШҚБ-ға (DH) әсер етуi мүмкiн.


      2) ҰҚЖ-дағы (RVR) 300 м көрiну мәнi автоматты қонуды орындайтын D санатты ӘК үшiн қолданылады.
жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау