20-ТФК-1 Болашаққа бастар жол - Болашаққа барар жолымызды бағамдайтын Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында барлық сала қамтылды. «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген ұран еліміздегі барлық халықты бірлікке, ынтымаққа және ауызбіршілікке шақырады. Себебі, елімізде тыныштық, бейбітшілік орнап тұрғанда ғана халқымыз бақытты өмір сүре алатындығы белгілі.
Н.Ә.Назарбаев “Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi” 01 Елдің ертеңі – білімді, салауатты ұрпақ. Ендеше, әрбір жас жеткіншегіміз халықаралық стандарттарға сай білімді болуы шарт. Елбасы өзінің жасампаз Жолдауында Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясатын заман талабына сай меңгеріп, ендігі өсіп келе жатқан ұрпағымыздың үш тілді меңгеріп қана қоймай, өз ана тілін құрметтеп, бәрінен де жоғары ұстауға шақырды. ҚР Президентінің Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік жәрдем қоржындарын қайта қарастырып, қызметкерлердің еңбекақыларын арттыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Астана қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған жиналыста Жолдаудың стратегиялық жоспарлары, басты бағыттары, оған жетудің жолдары мен принциптері туралы сөз болды. Басқармаға қарасты Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен де кездесіп, оларға ҚР Президентінің Жолдауында айтылғандай, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, денсаулыққа қауіпті аурулардың алдын алу сияқты маңызды мәселелер түсіндірілді. Елбасының қазақ тілін дамыту, әсіресе, мемлекеттік тілде сабақ оқытатын білім мекемелерінің санын арттыруды міндеттегенін айта отырып, Орталық тәрбиеленушілеріне қазақ тілін жетік меңгерудің маңыздылығы мен өміршеңдігі ескертілді.
Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.
Н.Ә.Назарбаев
Мәңгілік Ел болу мәселесі біздің өз ұрпақтарымызға айта жүрер, қалдырар да мәңгілік аманатымыз болуы керек. Өйткені, қоғамның болашағы білімді жастардың қолында. Елбасы айтқандай, дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында бүгінгі жас ұрпақты ертеңгі өз ұлтын сүйетін, болашақта еліне қызмет ететін білімді, білікті азамат етіп тәрбиелеу ұстаздардан үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап етеді. Ұлттың бүгінгі күні де, болашақта да рухани-адамгершілік білім беру бағытында сусындап өсуі керек.
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың жан толқытарлық бұл сөзі әрқайсымыздың санамыздан берік орын алып, жүрегімізде жазылып, сақталып тұруға тиіс.
Тәуелсiздiгiмiздi көздiң қарашығындай сақтап, мемлекетiмiздi нығайта беру үшiн бiзге ең әуелi бiрлiк қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Елбасы Жолдауындағы 10 бағытта айтылған мәселелер және сол жолда атқарылуға тиісті іс-шаралардың бәрі ең әуелі халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Сонда ғана әркімнің мемлекет алдындағы, өз ұлтының алдындағы жауапкершілігі де арта түсер еді. Елдікті, ұлттық қасиетті сақтап қалу үшін не істеу керектігін Елбасы Жолдауында нақты айтып, жол көрсетіп берді.
Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп-өркендеуі үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек.
Н.Ә.Назарбаев
Whoa! This could be the part of the presentation where you can introduce yourself, write your email… Назарларыңызға рахмет! 20-ТФК-1 тобы
Достарыңызбен бөлісу: |