Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы « ____ » _________
№ ________
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы « ____ » _________
№ _______
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін (бұдан әрі – Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесі) айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе автономды кластерлік қор;
3) комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссия;
4) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) шетелдік жұмыскер – арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдар еңбек шарты бойынша тартқан шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
6) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдар.
7) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Бірыңғай үйлестіру орталығы) – міндеттері арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын заңды тұлға;
2-тарау. Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау тәртібі
3. Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау үшін арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өтініштерін (еркін нысанда) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес негіздемесімен қоса тіркеу мен қабалдауды арнайы экономикалық аймақтың басқару органы жүзеге асырады.
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мынадай құжаттарды:
1) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өтінішін (еркін нысандағы);
2) шетелік жұмыскерлердің Қазақстан Республикасында танылатын білімі туралы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және аудармаларын (мемлекеттік және/немесе орыс тілінде);
3) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін және аудармаларын (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
4) шетелдік жұмыскерлердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлерді тартуының негіздемесін;
6) жергілікті атқарушы органынан арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына жергілікті еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына берілген мамандар жоқ екенін растайтын анықтаманы қабылдауды жүзеге асырады.
5. Жұмыс органы құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс органы құжаттардың осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда оларды кейіннен Өтініш берушілерге беру үшін Басқару органына қайтарады.
Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысының шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген өтінім ұсынысын қайтарылуы қайта өтініші беруі кедергі болып табылмайды
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органына, материалдарды комиссияның қарауына енгізу үшін жолдайды.
7. Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан келіп түскен материалдарды комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды.
8. Комиссияны уәкілетті орган құрады, оның құрамына уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
9. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай және:
1) нан материалдар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
2) осы Қағидалардың 23-тармағы негізінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы хабарлама берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.
10. Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесі санаттардың мынадай түрлері бойынша айқындалады:
1) бірінші санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;
3) үшінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқада қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
11. Комиссия отырысының кворумы, егер оған оның мүшелерінің кемiнде жартысы қатысса заңды болып саналады.
12. Комиссияның шешімі арнайы экономикалық аймақтың әрбір қатысушысына қатысты жеке қабылданады және ресімделеді.
13. Комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
14. Комиссия мүшелерінің арасынан дауыстарды есепке алу кезінде жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің тарапынан белгілі аймаққа жауапты бір ғана дауыс қабылданады.
15. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша Уәкілетті орган хаттаманы ресімдейді, оған комиссия мүшелері үш жұмыс күн ішінде қол қояды.
16. Уәкілетті орган комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына
хаттаманы жібереді.
17. Комиссияның хаттамасы арнайы экономикалық аймақтың басқару органымен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына оны алған күннен екі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
18. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы хаттаманы алғаннан кейін шетел жұмыскеріне жұмыс визасын ресімдейді.
19. Комиссия мүшелері арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының өтініштерін қосымша қарау қажет болған жағдайда немесе комиссия отырысының хаттамасы шешімдерінің күші жойылғанда комиссия отырысына бастамашылық етеді.
20. Шетелдік жұмыскерлер санаттары және санының тізбесін айқындауда бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай бекітілген Кәсіптік стандарттарға және Жұмысшы кәсіптері және жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшылар кәсіптеріне және басшылардың, мамандардың және қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2) осы Қағиданың 4-тармағына сай талаптарына арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының құжаттардың сәйкес келмеуі;
3) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен мәлімделген кандидатының жалған мәліметтерін ұсыну.
21. Шетелдік жұмыскер жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтау бойынша
арнайы экономикалық аймақтар қатысушысы бұл туралы екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтардың басқару органын хабардар етуге міндетті.
22. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушысынан шетелдік жұмыскер жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтау туралы хабарлама түскен сәттен бастап арнайы экономикалық аймақтарды басқару органы екі жұмыс күні ішінде бұл туралы Уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
23. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары комиссия шешіміне Уәкілетті органда немесе сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
24. Уәкілетті орган комиссия шешіміне түскен шағымды бес жұмыс күні ішінде қарайды және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда комиссияның қарауына қабылданған шешімнің күшін жою туралы ұсыныс енгізеді.
25. Комиссия бұрын қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдырған жағдайда арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары осы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
________________________________________________________________
Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларына қосымша
нысан
Жұмыс берушінің арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлерді тартуының негіздемесі
Р/с№
|
АЭА қатысушысының атауы, заңды мекенжайы
|
АЭА қатысушысының қызмет түрі
|
Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер
|
Жобаның атауы
|
Жобаның сомасы
|
Нақты шетелдік жұмыскерге қажеттіліктің негіздемесі
|
Шетелдік жұмыскердің Т.А.Ә.
|
Санаты
|
Кәсібі (мамандығы)
|
Лауазымдық міндеттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Басшы ____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә., лауазымы)
« ___ » ___________ 20__ж.
Достарыңызбен бөлісу: |