|
Дискреттік математиканың қосымша бөлімдері
|
Дата | 28.11.2017 | өлшемі | 10,88 Kb. | | #2375 | түрі | Лекция |
| Информатика - «Физика және математика» кафедрасы
- Сейлова З.Т.- п.ғ.к., доцент
- 5В042100 – Дизайн
- 3 кредит
- 15 сағ. – лекциялар, 15 сағ. – тәжірибелік сабақтар, 15 сағ.-зертханалық сабақтар,
- 15 сағ. - СОӨЖ, 75 сағ. - СӨЖ.
- Курстың мақсаты: Берілген курс болашақ мамандардың есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқытуға және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындауға бағытталған.
- Курстың алдында: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент мектептің информатика, математика және физика пәндерін жақсы меңгеруі қажет.
- Курстан кейін: Пәнді толық меңгерген студент курс материаларын болашақ маман ретінде пайдалана алады.
- 1-ТАРАУ. Информатиканың негізгі түсініктері.
- Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатиканың құрылымы. Ғылым жүйесіндегі информатиканың ролі. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдау. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Деректерді өңдеу әдістері.
- 2-ТАРАУ. Компьютер архитектурасына кіріспе.
- Компьютер архитектурасының дамуы. Компьютер типтері. Компьютердің негізгі компоненттері. Сандық логикалық сұлбалар. Жадының микросұлбасы. Процессорлар мен шиналардың микросұлбасы. Деректердің компьютер жадысындағы көрінісі (сипаты). Командалар жүйесі, командалар типтері, адрестеу тәсілдері. Фон-Нейман архитектурасы. Компьютердің негізгі жұмыс істеу принциптері. Процессор құрылғысы және оның міндеті. Компьютердің жедел жадысы. Қайталамалы жады құрылғысы.
- 3-ТАРАУ. Есептерді шешудің алгоритмдік шешімдері.
- Есептерді шешудің және шешімді іздеу стратегиялары. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Алгоритмнің графикалық өңделуі блок-схема. Блок-схемалардың әр түрлі түрлері. Сызықты және сызықты емес деректер құрылымы. Деректердің динамикалық құрылымы. Деректер типтері. Сұрыптау және іздеу алгоритмдері. Рекурсиялар, рекуррентілік және итерациялар. Алгоритмдер анализі және есептеу күрделілігі. Ақырлы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары.
Негізгі тараулар - 4-ТАРАУ. Жүйелік бағдарламалық қамтама.
- Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі. Үрдістерді басқару. Жадыны басқару. Файлдық жүйелер. Файлдармен, каталогтармен жұмыс. Енгізілген бағдарламалар. Утилиттер, олардың типтері. Драйверлер, олардың типтері. Жүйелік бағдарламалау. Тұтынушы интерфейсі.
- 5-ТАРАУ. Қолданбалы бағдарламалық қамтама.
- Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Растрлі және векторлы графикалық жүйелер. Графикалық редакторлар. Графикалық бағдарламалық қамтамалар иерархиясы. Мультимедиялық қосымшалар. Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ). Ақпараттық жүйелердегі деректер қорының ролі. Бағдарламалық қамтаманы өңдеу модельдері және олардың деректер қорының өмірлік цикліне әсері. WEB-қосымшаларын құру технологиялары. WEB-браузерлер. WEB-беттерін дайындау құралдары. HTML-құжатының жалпы құрылымы. HTML тегтері. WEB бағдарламалау тілдері.
-
Негізгі тараулар - 6-ТАРАУ. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түсінігі.
- Желілік технологиялар және телекоммуникациялар. Желі топологиялары. Стектік хаттамалар. Аумақтық және жергілікті желілер. Сымды және сымсыз желілік технологиялар. Интернет қызметтері. Электронды үкімет. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Бизнес-процесстерді талдау және құру технологиялары. E-Leaning электронды оқыту. E-Leaning ортасында қашықтықтан оқытуды құрудың заманауи технологиялары.
- 7-ТАРАУ. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.
- АҚ және оны құрушылар. АҚ қатері және классификациясы. АҚ саласындағы стандарттар және спецификациясы. Ақпараттарды қорғау өлшемдері мен құралдары. Антивирустық бағдарламалар. Архиваторлар. АҚ саласындағы құқықтық қатынасты басқаратын, ҚР заңды актілері.
- 8-ТАРАУ. Кәсіби салада ақпараттық технологияларды қолдану.
- Ақпараттық ресурстарды басқару. Ақпараттық ресурстардың қорғалуы. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелерді нақты бір пән саласында қолдану. Ақпараттық процесстерді жобалауға және сүйемелдеуге арналған жүйелік тәсіл. Қолданбалы бағдарламалардың мәселелік бағытталған пакеттері.
- 9-ТАРАУ. Информатиканың дамуының келешектегі даму бағыттары.
- Ақпараттық технологиялардың даму тенденциялары және бағыттары. Жасанды инттеллект жүйелерінің даму болашағы.
Оқытудың әдістері мен тәртібі - Эвристикалық әдіс
- Зерттеу тәсілі
- Интерактивтік әнгімелеу
- Талқылау
- Мультимедиалық жабдықтауын үздіксіз қолдану
- Берілген пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
- Алгоритмдерді құру және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана алуы;
- Операциялық жүйелер және желілер, есептеу жүйелерінің архитектурасы туралы түсінігі болуы;
- Негізгі ақпараттық қауіпсіздіктермен, WEB және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларын;
- Электронды оқу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар принципін;
- Өз бетінше шығармашылық ізденістер жасауы;
- Заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігін және олардың даму тенденцияларын.
-
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|