«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
Білім сапасын бағалау департаменті
СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ
Әдістемелік нұсқаулық
Астана қаласы
2014 жыл
1
Мектеп жүйесіндегі ең маңызды құжаттардың бірі Бағалау саясаты
болып табылады. Оның маңыздылығының себебі оқушылардың қалай
бағаланатынын, марапатталатынын және басқалардың нәтижелерімен
салыстырылатынын айқындайтындығында. Ол маңызды, себебі мұғалімдер
үшін оқыту мен оқуды бағалау үшін қолданылатын қағидаттар мен
үрдістерді сипаттайды. Сонымен қатар, ата аналар мен бұқара халық өкілдері
үшін оқу нәтижелері айқындалатын негіздерін анықтайды және жұртшылық,
басшылық және басқа білім беру мекемелері үшін басып шығарылады.
Бұл құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бағалау саясатының ең
басты бөлігі болып табылады. Бұл құжат Зияткерлік мектептерінің жиынтық
бағалауда қолданатын тәсілін сипаттайды. Құжатта, Интеллектуалды
мектептер өзін оқыту мен оқуды нығайтатын, оқушыларды және әділ, сенімді
түрде бағаланатын үздік білім иегері болуға ынталандыратын, жоғары
сапалы бағалаумен байланыстыратындығы айқындалған.
Зияткерлік мектептердің қолданатын тәсілін құратын қағидаттар мен
үрдістер, ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделген, мектептің оқу
бағдарламасымен байланыста, және Кембриджтің халықаралық емтихандық
кеңесі қолданатын тәртіпке сәйкестендіріледі. Олар оқушылардың прогрессін
валидті және практикалық тәсілмен өлшеу және ол бойынша есеп беру үшін
құрастырылған және ата-аналар мен жұртшылыққа нәтижелерінің анық және
сенімділігіне көз жеткізулеріне мүмкіндік береді. Олар, сонымен қатар,
мұғалімдерге стандартарды орнату және өз жұмыстарын бағалау барысында
қолдана алатын сыртқы үлгі ретінде құрастырылған. Модельге енген
стандарттар ұлтық және халықаралық университеттерге түсушілерге
арналған талаптармен байланысты, бұл Зияткерлік мектептерінің түлектері
кең мүмкіншіліктерге ие болуларын қамтамасыз ету үшін жасалған.
Модель жиынтық бағалауға, оқытудың төрт басты кезеңдеріне
негізделген: 5, 10, 11 және 12 сыныптар. 5 және 11 сыныптарда бағалау
тілдер мен кейбір таңдаулы пәндерге негізделеді. 10 және 12 сыныптарда,
негізгі ауысу кезеңдерінде, сыртқы жиынтық бағалау толық түрде оқу
бағдарламасының негізгі бөлігін жабатын болады.
Модель, Зияткерлік мектептердегі үш тілділік ортаның шынайы
көрінісін береді және барлық үш тіл бойынша прогрессті бағалайды.
Модельде тілдік құзыретке ие болудың жалпы Еуропалық жиектемесі және
IELTS деңгейін анықтау үшін тесттер қолданылады, бұл халықаралық
стандарттар мен Зияткерлік мектептері тәжірибесінің сәйкестігін қамтамасыз
етеді.
Мектеп ортасында барлық оқыту формалары мен әдістері жоғары
дәрежеде маңызға ие болуын қамтамасыз ету үшін, модельге практикалық
жұмыстар, ауызша және жазбаша құзыретті бағалау кіреді. Аталмыш жұмыс
және құзырет түрлері жаратылыстану пәндері мен тілдік пәндер үшін өте
маңызды болып табылады.
Аталған құзыреттер, сонымен қатар, шапшаң өзара-қатынастар әлеміне
тиімді қатысу үшін эксперименттеу, критикалық ойлау, тапсырмаларды
2
орындау және топтағы жұмыс табысқа жету үшін маңызды болып табылады.
Модель материалдар дайындау үшін тәртіп пен жолдарды, және әр
түрлі топтар мен жеке адамның рөлін де анықтайды. Сонымен қатар, ол балл
қою процесін, бағалаудың әр түрлі түрлері мен модерацияны, және
валидация мен шолу процесін де анықтайды. НЗМ ішіндегі осындай
бөлшектерді көрсету, қоғамның және басқа да білім мекемелерінің НЗМ
бағалаудың әділдігіне және валидтігіне түсінушілікті жоғарлатады. Бұл
оқушылар мен мұғалімдерге олардан не күтілетіні туралы және олардың
жұмысы қалай бағаланатыны туралы ақпарат береді. Бұндай қызығушылық
және анықтылық халықаралық бағалау тәжірибесіне, және де Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің миссиясындағы құндылықтарға сәйкес келеді.
Алан Руби
Аға қызметкер
Жоғарға білім беру мектебі
Пенсильвания Университеті
2013 жылдың тамыз айы
Сыртқы жиынтық бағалау моделі Кіріктірілген оқу бағдарламасына
сәйкес қорытынды бағалауды ұйымдастыру және өткізудің негізгі тәсілдерін
сипаттайтын құжат болып табылады. Емтихан материалдарының мазмұны
оқу бағдарламаларының мақсаттарына сәйкес келеді. Емтиханды өткізу
нысаны оқушылардың Зияткерлік мектептері бітірушілерінің иеленген
дағдыларын, қойылған мақсаттарға сай көрсетулеріне мүмкіндік береді.
Бұл модель бағалау үрдістерін орындаудың қазіргі таңғы тәсілдеріне
түгелімен сәйкес және оқушыларға ауызша және жазбаша түрде,
лабораториялық және тәжірибелік тапсырмаларда ақпаратты ұсыну
дағдыларын көрсетуге мүмкіндік тудырады.
Бұл құжат Зияткерлік мектептерде қолдануға ұсынылған.
Джадрина М.Ж.
Педагогикалық ғылымдар докуторы
ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектептері"
филиалының "Білім беру бағдарламалары орталығы"
директорының орынбасары
Сыртқы жиынтық бағалау моделі
Мазмұны
1
Бағалаудың мақсаты мен қағидалары .............................................. 4
2
Бастауыш, негізгі және жоғарғы буындардан кейінгі сыртқы
жиынтық бағалау .......................................................................................... 5
3
Стандарттар және қабылдау ................................................................ 7
4
Жиынтық бағалаудың тәсілдері ......................................................... 7
5
Тілдік пәндерді бағалау ......................................................................... 7
6 Жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалау ............................ 8
7
Сыныптар аралығындағы пәндер бойынша бағалаудың
сипаттамасы ................................................................................................. 10
7.1 5-сынып ............................................................................................... 100
7.2 10-сынып ............................................................................................... 10
7.3 11-сынып ................................................................................................ 11
7.4 12-сынып ................................................................................................ 11
8 Бағалау материалын дайындау ........................................................ 12
8.1 Міндеттер мен қағидалар ..................................................................... 12
8.2 Мақсаттар .............................................................................................. 13
8.3 Тест спецификациясы........................................................................... 13
8.4 Тест құрастырудағы басшылық .......................................................... 14
8.5 Қызметкерлер ....................................................................................... 15
8.6 Емтихан материалдарын әзірлеу ........................................................ 15
8.7 Қосымша нұсқаулықтар ....................................................................... 16
9 Емтихандарды өткізу және бағалау ................................................. 17
9.1 Емтихан өткізу ...................................................................................... 17
9.2 Оқушылардың жұмысын бағалау ...................................................... 17
9.3 Баға қою және ауызша емтихандар бойынша модерация ................ 18
9.4 Курстық және тәжірибелік жұмыстарды бағалау, жұмыстарды
модерациялау .............................................................................................. 19
9.5 Стандарттар және бағалар ................................................................... 19
9.6 Нәтижелерді жариялау ......................................................................... 22
9.7 Нәтижелерді апелляциялау .................................................................. 22
9.8 Сертификаттар шығару ........................................................................ 22
4
Кіріспе
Сыртқы жиынтық бағалау моделі (бұдан әрі – Модель) Кіріктірілген
білім беру бағдарламаларына сәйкес Зияткерлік мектептердің 5, 10, 11
және 12-сыныптарындағы сыртқы бағалауда жүргізілетін емтихандардың
мерзімін, өткізілетін пәндерін, талаптары мен мақсаттарын, қағидаларын
және нәтижелердің талдауын анықтайды.
Модель инновациялық, сондай-ақ халықаралық танылған сыртқы
бағалауды өткізу мен ұйымдастыру тәжірибелерінен тұрады. Модельдегі
сипатталған рәсімдер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның
стратегиялық серіктестігі Кембридж университетінің Халықаралық
емтихан кеңесінің өткізілу рәсімдерінің талаптарына сәйкес.
1
Бағалаудың мақсаты мен қағидалары
Модель әр түрлі бағалау түрлерін: жазбаша емтихандар, ауызша
жауаптар, тәжірибелік жұмыстар, курстық жұмыстар т.б. сияқты әр түрлі
жұмыстарды қамтиды.
Алдына қойған мақсатына қарамастан бағалау анық, сенімді және
әділ болуы тиіс.
Бағалау моделінің бұл талаптарға қаншалықты және қалай жауап
беретінін
шешуде
бірінші
кезекте
бағалау
нәтижесі
қалай
қолданылатынын, оны кім және не үшін пайдаланатынын білу маңызды.
Бұл модельде айтылған емтихандар сыртқы жиынтық бағалау ретінде
алынады. Емтихан нәтижесін оқушылар, мұғалімдер, университет және
басқа да тұлғалар меңгерілген білім мен оқушылардың оны қаншалықты
дәрежеде
қолдана
алатындықтарының
өлшеуіші
ретінде
пайдаланатындықтан, оған үлкен мән беріледі.
Анықтық
Модельде анықтықтың екі негізгі қағидасы бар.
Біріншіден, емтихандық жұмыстар пән мазмұнына сәйкес білім,
түсінік пен дағдыларды бағалауы қажет (пән бойынша курстың аяқталуы,
жоғарғы оқу орындарына түсуі т.б.)
Екіншіден, емтихан жұмыстарының мазмұны әр оқушының оқу
5
бағдарламасы бойынша барлық маңызды аспекттерін қажетті деңгейде
меңгергенін бағалауы қажет.
Әділдік
Сыртқы жиынтық бағалау оқушылардың алған балдары мен бағалары
күмән келтірмеген жағдайда ғана әділ болып есептеледі. Бұған қол жеткізу
үшін емтихан сұрақтарын жоғары білікті мамандар құрастыруы тиіс, сонда
ғана емтихан тапсырушы оқушылар өздерінен не талап етілетінін, әрбір
сұрақтың дұрыс жауабы қандай болу керектігін нақты түсінеді.
Олар балл қою кестесін барлық емтихан алушыларға бір стандартқа
сәйкес бірдей балл қоюларын ескере отырып, құрастырылулары керек.
Орындаушылығы
Емтихан оқушының өз білімі мен пән бойынша дағдыларын көрсете
алатындай жеткілікті сұрақтар санынан тұруы шарт. Емтихан уақыты
қамтылған сұрақтар саны мен сұрақтың қиындық деңгейіне байланысты
белгіленуі тиіс.
Ықпал
Сыртқы жиынтық бағалаудың нәтижесі екі бағытта әсер етеді.
Біріншіден - оқу бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуға. Ұстаздар
да оқушылар да оқу жылының соңында максималды жақсы нәтиже алуға
тырысады.
Екіншіден - келесі сыныпта, университетте немесе жұмыста
үлгерімін жақсартуға. Сауатты құрылған сыртқы жиынтық бағалау оқытуға
оң әсер етеді де оқушыға келесе білім сатысында қолдау көрсетеді.
Модель сыртқы жиынтық бағалауды сипаттайды. Қалыптастырушы,
ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық бағалаулардың өзара байланысы
туралы ақпарат Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінде берілген.
2
Бастауыш, негізгі және жоғарғы буындардан кейінгі
сыртқы жиынтық бағалау
Сыртқы жиынтық бағалау емтихандары 5, 10, 11 және 12-
сыныптардан кейін өткізіледі. Емтихан материалдарының дайындалуы
және бағалануы мектептен тыс ұйыммен жүргізіледі.
Емтиханда курстық, практикалық немесе тәжірибелік жұмыстар
мазмұны тәуелсіз органмен дайындалады, бірақ мектептегі мұғалімдер
6
өткізеді. Осылайша қойылған мұғалімдердің бағалары «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның филиал Педагогикалық Өлшеулер
Орталығымен (ПОӨ) модерацияланады.
Басқа емтихандар, Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің дайындаған
және өткізген емтихандары, қалыптастырушы және ішкі жиынтық
бағалауға жатады.
5-сынып
5-сыныптағы емтихандарды мектептің бастауыш буынын бітірген
10-11 жастағы оқушылар тапсырады. ПОӨ-мен бағаланатын пәндерге:
Кіріктірілген ана тілі және әдебиет
Екінші тіл
Ағылшын тілі
Математика
Жаратылыстану ғылымдары
Емтихандар бастауыш мектептің білім бағдарламасының мазмұнын
меңгергені жайлы диагностикалық құрал ретінде анықтауға көмектеседі.
Алынған мәліметтердің нәтижелері келешекте мектептер үшін оқытуды
жақсарту мақсатында қолданылады.
10-сынып
10-сыныптағы емтихандарды мектептің орта буынын бітірген 15-16
жастағы оқушылар тапсырады. ПОӨ-мен бағаланатын пәндерге жатады:
Ана тілі
Кіріктірілген екінші тіл және әдебиет
Ағылшын тілі
Математика
Биология
Физика
Химия
Қазақстан тарихы
Информатика
11-сынып
11-сыныптағы емтиханды жоғары сынып бойынша кейбір пәнді
аяқтағаннан кейін 16-17 жастағы оқушылар тапсырады. ПОӨ-мен
бағаланатын пәндер:
Бірінші тіл (қазақ тілі/орыс тілі)
7
Екінші тіл (қазақ тілі/орыс тілі)
12-сынып
12-сыныптағы емтихандарды жоғары мектепті аяқтайтын 16-17
жастағы оқушылар тапсырады.
Ағылшын тілі
Математика
Биология
Физика
Химия
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
География
Информатика
3
Стандарттар және қабылдау
Жиынтық бағалаудағы стандарттар мен сапа
Зияткерлік мектептерінің Кіріктірілген білім беру бағдарламасы
бойынша 9-12-сыныптардағы пәндерге әр түрлі сағат саны берілген. 9-12-
сыныптардың көптеген пәндеріне Халықаралық деңгейдегі Cambridge
IGCSE стандарттарына сәйкес келуіне жеткілікті сағат саны берілген.
11-12 сыныптардың пәндеріне Халықаралық деңгейдегі Cambridge
International Advanced A-Level немесе Cambridge AS-Level стандарттарына
сәйкес келуіне жеткілікті сағат бөлінген.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақсан Республикасы
мен Халықаралық университеттермен сыртқы жиынтық бағалау
нәтижесімен мектепті аяқтау туралы құжаттарын танылуы мақсатында
жұмыстары жасалынып жатыр.
4
Жиынтық бағалаудың тәсілдері
Модель сыртқы жиынтық бағалауды жүргізудің бірнеше жолдарын
ұсынады. Кейбір пәндер бойынша бірден көп компонентті қолдануға
болады (мысалы, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінен емтихан
ауызша және жазбаша компоненттерді тексеруді қажет етеді).
5
Тілдік пәндерді бағалау
Тілдік пәндерді бағалау Зияткерлік мектептердегі үштілділік
саясатына құрылған, оның негізгі мақсаты – оқушыларды үштілділік
ортасында оқыту және оқытуды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
бағалау.
8
Шет тілдерді үйрену деңгейінің жалпыеуропалық жүйесі (CEFR)
Шет тілдерді үйрену деңгейінің жалпыеуропалық жүйесі (CEFR) үш
тіл бойынша жетістік стандартын салыстырудағы жалпы эталон ретінде
қолданылады.
CEFR-ге сәйкес мектеп бітіруде бірінші, екінші және үшінші тілдерді
меңгерудің мақсатты деңгейлері C2, C2 және C1 болады.
6 Жаратылыстану ғылымдары және информатика бойынша бағалау
6.1 Практикалық жұмыстарды бағалау
Практикалық жұмыстар компонент түріндегі бағалау көбіне
ғылымдар оқыту курстарында өткізіледі. Практикалық жұмыстар
жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалаудың көп бөлігін құрауы
мүмкін. Зертханалық жабдықтаудың жеткіліксіздігі бағалаудың бұл түрін
қысқа мерзімді ұйымдастыруда қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ, ұзақ
мерзімді дайындықта бағалаудағы зертханалық жұмыс немесе басқа да
тәжірибелік тапсырмалар тудыратын проблемалар біліктілікті қиындатады.
Тәжірибелік емтихан әр оқушының зертханалық не егіншілік
жұмыстары кезінде біріккен (топтық) жұмыс немесе жобаға қатысуға
қабілеттілігін бағалауда да пайдаланылады. Байланыстың техникалық
құралдарының тез дамуы виртуалды әлемде де тәжірибелік жұмыстар
өткізу мен бағалауға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану ғылымы пәндерінің тәжірибелік элементі 10 және
12-сыныптағы жиынтық бағалаудың бір бөлігі ретінде нақты бағалануы
тиіс. Пәндердің тәжірибелік элементін емтихан түрінде бағалаудың
төмендегідей төрт мүмкін тәсілі бар:
•
курстық жұмыс (бағалаушы ұйым не мұғалім анықтайды,
мұғалім бағалайды және сыртқы модерацияға жіберіледі)
•
практикалық тест (зертханалық тәжірибе немесе егіншілік
жұмыстары тапсырмасын бағалаушы ұйымдар белгілейді және бағалайды)
•
практикаға
балама
(зертханалық
немесе
егіншілік
жұмыстарына ұқсас кесте бойынша емтихандарды бағалаушы ұйымдар
белгілейді және бағалайды)
•
виртуалды онлайн практикалық тест
Жалпы, форматына қарамастан, тәжірибелік тест мыналарды
қамтиды:
деректер мен бақылаулар жинақтау;
9
өлшеулер мен бақылаулар туралы шешім қабылдау;
деректер мен бақылауларға назар аудару;
ойлау мен пайымдауды көрсету;
анализ, қорытынды шығару және бағалау.
6.2 Информатика
Информатика сыртқы жазбаша емтихандар әдісі және сыртқы
модерациядан өтетін курстық жұмыс жобасы арқылы жиі бағаланады. Бұл
пәндегі жазбаша емтихан мен курстық жұмыс арасындағы анық баланс
(теңдік) тест спецификациясында көрсетіледі.
Курстық жұмыс – сыныпта мұғалімнің бақылауымен не оқушының
өзіндік дайындығы уақытында жүргізілетін жұмыс.
Курстық жұмысты мұғалім бағалайды, содан кейін әр оқушыға, топқа
не жалпы мектепке қойылған балдардың әділдігі мен заңға сәйкестігіне көз
жеткізу үшін сыртқы және үшкі деңгейде модерация жүргізіледі.
Курстың жұмыстың құндылығы төмендегі дағдыларды дамытуға
мүмкіндік беруінде:
өзіндік жұмыс;
кең көлемді зерттеу мен оқу;
белгілі бір көлем және өзіндік ерекшеліктегі жұмысты жазу,
өзгерту және қайта тексеру;
ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын
көрсету (ақпараттық технологияларды қолданып өте жақсы курстық жұмыс
құрастыру және жазу)
Бұлар оқушының жоғары білім алуда табысқа жету үшін талап
етілетін дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстарды бағалау тексеруші ұйымға қиындықтар
туғызады. Курстық жұмыстың шынайылығы бағалаудың обьективті
болуының негізгі кепілі болып табылады. Интернеттің қолжетімдігі
плагиаттың болуына жол ашады, сондықтан мұғалімдер және бағалаушы
ұйым жағынан қажетті шаралар жасалынып, плагиатты болдырмауға
тырысулары керек. Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер қолдануға
болатын ақпарат көздерінің сипаты мен мөлшерін білулері қажет. Курстық
жұмысты бағалаудың стандартталуы бірыңғай бағалауды қамтамасыз етеді.
10
7
Сыныптар аралығындағы пәндер бойынша бағалаудың
сипаттамасы
7.1 5-сынып
5-сыныпқа бағалау 2018 жылы енгізіледі. Бағалау оқытылу тілінде
жүргізіледі.
7.2 10-сынып
10-сыныпта бағалау 2016 жылы енгізіледі. 10-сыныптағы бағалау
пәннің оқытылу тілінде жүргізіледі.
7.2.1 Математика
Емтихан екі компоненттен тұрады және тапсырмалар белгілі
деректерді қолдану, есепті шығару, концепция мен техникаларға,
дағдыларға анализ жасау және ақпараттарды синтездеу, шынайы өмірде
математиканы әр түрлі жағдайды үлгілеуге, математикалық берілгендер
бойынша логикалық қорытындылар жасап, тапсырмаларды математикалық
тәсілдер арқылы шығаруға бағытталады.
7.2.2 Қазақстан тарихы
Емтихан екі компонентен тұрады. Оқушылар мәтіндермен жұмыс жасап,
сыни ойлауларын қолдана отырып, толық жауап береді.
7.2.3 Биология, физика және химия
Емтихан екі компоненттен тұрады. Сұрақтар білу, түсіну, анализ,
қолдану және ақпаратты бағалау, сурет, диаграмма, кесте және
формулалармен жұмыс жасай білулеріне бағытталған. Сонымен қатар
практикалық, эксперименттік дағдылары мен есептерді шығару және
ақпаратты өңдеулері бағаланады.
7.2.4 Тілдік пәндер
Ана тілінде (қазақ тілі мен орыс тілі) және кіріктірілген екінші тіл
мен әдебиет бойынша емтихандар (қазақ тілі мен орыс тілі) 2 компоненттен
тұрады. Тапсырмалар оқылым, мәтінді талдау және жазылымды бағалауға
бағытталған. Емтиханда оқушылар мәтінді оқиды және сол бойынша
сұрақтарға жауап береді, мәтіндердің ерекшеліктерін анықтап жазады,
ақпаратты жазбаша түрде түсіндіреді.
7.2.5 Ағылшын тілі
Емтиханның тапсырмалары 4 тілдік құзырлықты тексеруге
бағытталады: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым.
7.2.6 Информатика
11
Емтихан екі компоненттен тұрады. Емтиханда оқушылар теория
бойынша қысқа, толық жауапты қажет ететін сұрақтарға жауап береді,
сонымен қатар курстық жұмыстарды орындайды.
7.3 11-сынып
11-сыныпта барлық пәндер, ана тілі мен екінші тілден басқасы,
мектепішілік бағалау әдісімен бағаланады (қалыптастырушы және ішкі
жиынтық бағалау).
7.3.1 Тілдік пәндер
Ана тілі мен екінші тіл (қазақ тілі мен орыс тілі) бойынша емтихан 2
компоненттен тұрады. Тапсырмалар оқылым, мәтінді талдау және
жазылымды бағалауға бағытталған. Емтиханда оқушылар мәтінді оқиды
және сол бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіндердің ерекшеліктерін
анықтап жазады, ақпаратты жазбаша түрде түсіндіреді.
7.4 12-сынып
Сыртқы жиынтық бағалау стандарты Cambridge International
Advanced (A) Level немесе Cambridge International Advanced (A) Level or
AS Level AS Level Халықаралық деңгейлеріне сәйкес теңестірілген.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қарастырылған 11 және 12
сыныптарда кейбір пәндер бойынша бөлінген сағат саны Халықаралық
деңгейдегі Cambridge International Advanced A- Level стандартына қол
жеткізу талабына жеткіліксіз.
7.4.1 Математика
Емтихан үш компоненттен тұрады және тапсырмалар белгілі
деректерді қолдану, есепті шығару, концепция мен техникаларға,
дағдыларға анализ жасау және ақпараттарды синтездеу, шынайы өмірде
математиканы әр түрлі жағдайды үлгілеуге, математикалық берілгендер
бойынша логикалық қорытындылар жасап, тапсырмаларды математикалық
тәсілдер арқылы шығаруға бағытталады.
7.4.2 Қазақстан қазіргі заманда
Емтихан екі компонеттен тұрады. Оқушылар мәтіндермен жұмыс
жасап, сыни ойлау арқылы толық жауаптарын береді.
Жыл бойы оқушылар белгілі бір мәселе төңірегінде, ізденіс,
ақпараттарды талдау, өз көзқарасын дәлелдейтін курстық жұмыс
12
орындайды.
7.4.3 Биология, физика және химия
Емтихан үш компоненттен тұрады. Сұрақтар білу, түсіну, анализ,
қолдану және ақпаратты бағалау, сурет, диаграмма, кесте және
формулалармен жұмыс жасай білулеріне бағытталған. Сонымен қатар
практикалық, эксперименттік дағдылары мен есептерді шығару және
ақпаратты өңдеулері бағаланады.
7.4.4 Ағылшын тілі
Барлық оқушылар IELTS емтиханын тапсырады.
7.4.5 Информатика
Емтихан үш компоненттен тұрады. Емтиханда оқушылар қысқа және
толық жауапты қажет ететін сұрақтарға жауап береді.
Жыл бойы оқушылар белгілі бір мәселені шешу үшін қажетті
бағдарлама тілдерін және бағдарламалық құралдарды қолдана отырып
курстық жұмыстарды орындайды. Бұл бағалау түрі оқушылардың
зерттеушілік әрекеттері мен ақпаратты талдауларын бағалайды.
7.4.6 География
Емтихан үш компоненттен тұрады. Тапсырмалар терминологияларды
білу мен қолдану, мәліметтерді түсіну мен талдау, анализ, зерттеушілік
дағдыларын бағалуға бағытталған.
Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері басқа бағалаулардан бөлек
бағаланады (қалыптастырушылық және ішкі жиынтық бағалау) және
халықаралық тануға дербес қолданылады.
Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері қорытынды бағалау үшін балға
айналдырылады.
7-1
10, 11, 12 сыныптардағы пәндердің таңдалуы
10 сынып:
Міндетті пәндер
Бірінші тіл (қазақ тілі мен орыс тілі)
Кіріктірілген екінші тіл мен әдебиет (қазақ тілі мен орыс тілі)
Ағылшын тілі
Математика
Қазақстан тарихы
13
Таңдау пәндері (оқушы келесі пәндердің ішінен бір пәнді таңдайды):
Биология
Физика
Химия
Информатика
10 сыныпты бітірген әрбір оқушы 6 пән бойынша емтихан
тапсырады.
11 сынып
Таңдау пәндері (оқушы келесі пәндердің ішінен екі пәнді таңдайды):
Бірінші тіл (қазақ тілі мен орыс тілі)
Екінші тіл (қазақ тілі мен орыс тілі)
География (емтихан 12 сыныпта өткізіледі).
12 сынып
Міндетті пәндер
Ағылшын тілі (IELTS)
Математика
Қазақстан қазіргі заманда
Таңдау пәндері (оқушы келесі пәндердің ішінен екі пәнді таңдайды):
Биология
Химия
Физика
Информатика
Жоғарғы мектепті (11-12 сынып) бітірген әрбір оқушы 7 пән
бойынша емтихан тапсырады.
8
Бағалау материалын дайындау
8.1 Міндеттер мен қағидалар
Зияткерлік мектептердегі жиынтық бағалаудың шынайылығы мен
сенімділігін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық
өлшеулер орталығы (бұдан әрі - ПӨО) қамтамасыз етеді.
ПӨО бағалау материалдарын дайындауға, бағалаудың жүргізілуіне,
сонымен қатар бағалаудың нәтижесінің шынайылығын қамтамасыз етуге
жауапты.
Бағалаудың
шынайылығы
емтихан
жұмыстарының
тест
спецификацияларына сәйкес дайындалуына, емтиханның өткізілуіне,
14
нәтижелер бекітілген рәсімдердің тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз жағдайда
жүргізілуіне байланысты болады.
ПӨО өз тарапынан емтиханның қауіпсіз жағдайда өткізілетініне және
құпия сақталынатынына кепілдік береді.
ПӨО өзі емтихан дайындап жатқан Зияткерлік мектептерден
тәуелсіз ұйым болып табылады.
Кейбір қызметкерлер тест әзірлеу мен емтихан жүргізуге тартылған
жағдайда (мысалы, сұрақ кітапшаларын құрастырушылар, қателерді
тексеру мамандары, емтихан алушылар) бағалауды (емтиханды) дайындау
және өткізу үрдісіне қатысушы қызметкерлер үкім шығарушы ұйымның
тұрақты қызметкерлері болып табылады (мысалы, пән мамандары,
әкімшілік қызметкерлер).
8.2 Мақсаттар
Дайындау үрдісінің мақсаты тест тапсырмаларының оқушыларды
әділ бағалауы, сонымен қатар оқу бағдарламасы мазмұнының нақтылығын
анықтау болып табылады.
Оқу бағдарламалары әр пән бойынша бағалаудың негізі болып
табылады. Әр пән бойынша екі негізгі құжатты дайындау бағалаудың өз
мақсатына жеткендігіне кепілдік бере алады: тест спецификациясы; тест
дайындау бойынша басшылық.
8.3 Тест спецификациясы
Тест спецификация – емтихан құрлымы жайлы барлық ақпаратты
береді:
Емтихан материалдарын дайындаушы қызметкерлерге
Емтиханға дайындалушы оқушы мен мұғалімдерге
Тест спецификациясына кіреді:
o
Кіріспе және бағалау мақсаттары
o
Емтиханның сипаттамасы
o
Емтиханның компоненттер (бөлімдер) құрамы
o
Сұрақтар/тапсырмалар саны
o
Компонеттерге (бөлімдерге) берілген уақыт
o
Компоненттер бойынша бағаларды сәйкестендіру
Оқу бағдарламаларында белгіленген бағалаудың мақсаттары
o
Мазмұнын анықтайтын, тест матрицасы
o
Әр сұрақ/тапсырма бойынша қажетті дағдылар
Компоненттерді сипаттау
15
o
Әр құрамды детальды сипаттау
o
Әр құрам бойынша әр тапсырманы сипаттау
Бағалау дескрипторлары
Тапсырмалар мен сұрақтардың үлгісі
Тапсырма – бұл жазбаша немесе ауызша мәтінмен байланысты
сұрақтар тобы.
Сұрақ – бұл тапсырмадағы ең кіші бағаланатын және балл қойылатын
жеке сұрақ.
8.4 Тест құрастырудағы басшылық
Тест құрауға араналған басшылық - сұрақтарды құрастырушылар,
өңдеушілер және кеңес берушілер үшін жазылады. Бұл басшылықтардың
мақсаты тест спецификациялардағы ақпараттарды тестідегі тапсырмалар
мен сұрақ түрлерін анықтап түсіндіретін бағалаушы материалдарға
ауыстыратын (емтихан материалдарын), қажетті практикалық құжатты
дайындау болып табылады.
Басшылықта болатын мәліметтер:
тестің қиындық деңгейін сипаттау
тест спецификациядан алынған әрбір бағалаушы компоненттің
мазмұны туралы ақпарат
тестің мазмұны туралы нұсқаулық, сондай-ақ қажетсіз
ақпараттардың қолданылмауы (жалпы алғанда: отбасылық маңызды
мәселелерге қатысты тақырыптар, саяси сұрақтар, бақытсыз жағдайлар,
апаттар, ауыр сырқаттар немесе өлім туралы ақпараттаремтихан
мақсатында қолданылмауы керек)
бағалау мақсатын, тестілеу дағдыларын, көлемін, сөз санын
және т.б. қоса алғанда, әр сұрақтың немесе тапсырманың спецификалық
бөлшектері
сұрақтар үлгісі
Тест спецификациялар және тест құрастыру бойынша басшылық
уақыт өткен сайын қайта қарастырылып отырылуы керек: алдымен тест
спецификациясы, соңынан Басшылық.
8.5 Қызметкерлер
Бағалаушы материалдарды (емтихан материалдарын) құрастыруға
тартылған қызметкерлердің негізгі құрамы мынадай:
16
Пән маманы: пән бойынша кәсіби білімі мен дағдысы бар, өз
пәні бойынша барлық сыныптар үшін бағалауды құрастыру үдерісіне
жауап беретін, бағалаушы ұйымның құрамындағы тұрақты қызметкер.
Сұрақтарды
құрастырушылар:
сұрақ
кітапшасын
құрастырушылар.
Редакторлар: сұрақ кітапшасын (жауап парағын) немесе
сұрақтарды қайта қарап, олардың оқушыларға түсінікті және екіұшты
жауап болмауына кепілдік үшін өзгерту туралы ұсыныстар енгізетін пән
мамандары.
Сарапшылар: пән бойынша мазмұнының спецификацияға
сәйкестігі мен баспа қателерін немесе қарама-қайшылықтарды тексеретін
сарапшылар.
Аудармашылар: жұмыстың логикалылығын тексере алатын, үш
тілдің (үштілділік саясатына сәйкес) екеуінен білімі бар кеңесшілер.
8.6 Емтихан материалдарын дайындау
Балл қою схемалары мен сұрақ кітапшаларын жасау білім мен
тәжірибені және дағдыларды талап етеді. Әрбір сұрақ кітапшасы бағалау
мақсатына ғана сәйкес болып қоймай, сондай-ақ оқытудың кез келген
деңгейінде әрбір емтихан өткізуде бағалау стандартын сақтауы тиіс.
Емтихан материалдарының сұрақтарын құрастыру төменде сипатталған
моделімен жасалады.
Сұрақтарды құрастырушы барлық емтихан тапсырмалары мен оған
балл қою схемасын жасау үшін тағайындалады.
Сұрақтарды құрастырушы жасаған емтихан тапсырмасының бірінші
нұсқасы бағалаушы ұйым арқылы оған түсініктеме беретін және жұмысты
қалай жақсартуды ұсынатын редакторға жіберіледі. ПӨО-ның пән маманы
осы кезеңде түсініктеме енгізе алады. Сұрақтарды құрастырушы
редактордың түсініктемелеріне сәйкес жұмысты жақсартып, оның қайта
өңделген нұсқасын жасайды. ПӨО-ның пән маманы, редактор және
сұрақтарды құрастырушы, сондай-ақ басқа пән бойынша сұрақтарды
құрастырушылар мен редакторлар пән бойынша Емтихан материалдарын
бағалау жөніндегі комитет құрайды (ЕМБК, аудармашының ескертпесі:
ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – QPEC). ЕМБК барлық жұмыстар мен
балл қою схемаларының өңделген нұсқаларын қайта қарап, түзетулерді
талқылайды және сұрақнаманың соңғы нұсқасын бекітеді.
Сарапшы сұрақ кітапшасындағы немесе балл қою схемаларында
17
баспа қателерінің жоқтығына, олардың тест спецификацияларға
сәйкестігіне кепілдік беру үшін сұрақ кітапшасының соңғы нұсқасын
тексереді. Бұл кезеңде сарапшы емтихан нұсқасын бірінші рет көреді.
Сұрақ кітапшасы мен балл қою схемаларын жасаудың үздіксіз
үдерісі, әдетте, бір жарым-екі жылға созылады, бірақ, қажет болған
жағдайда, мерзімді қысқартуға болады. Бірақ бұл мұғалімдер, оқушылар,
мектептер, ата-аналар және басқа да мүдделі тараптар үшін жалпы
емтиханның негізі болып табылатын емтихан материалдарының сапасына
кепілдік бойынша үдерістердің сенімділігіне әсерін тигізбеуі керек.
8.7 - алып тасталды
9
Емтихандарды өткізу және бағалау
9.1 Емтиханды өткізу
Барлық емтихандар емтихан материалдарының қауіпсіздігі мен
құпиялығы ескеріліп өткізіледі. Емтиханды өткізу бойынша Басшылық
шығарылып, онда келесілер қамтылады:
Тест материалдары және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Емтихан тапсырушыларды бақылау;
Жазбаша тесті, ауызша және әртүрлі практикалық тестілер
өткізуге ыңғайлы жағдайлар жасау;
Емтиханға дейінгі және емтиханнан кейінгі жұмыстар.
9.2 Оқушылардың жұмысын бағалау
Объективтік бағалаудың басты қағидасы: білім алушының нәтижесі
оның жұмысын кім бағалайтынына байланысты болмауы.
Стандарттау, мониторинг, модерация және кері байланыс барлық
емтихан алушылардың оқушылар жұмысын бірдей бағалауына кепілдік
үшін қолданылады.
Бас емтихан алушы әрбір емтихан үшін жұмыстарды бағалау
жоспарының төмендегідей құрылымына сәйкес емтихан алушылар тобын
ұйымдастырады:
18
Бағалау үдерісі емтихан алушылар тобы өкілдерінің Стандарттау
бойынша кездесудегі оқушылардың жұмыстары мен жауаптарын
қарастыру мен талқылаудан басталады.
Бұл барлық емтихан алушылардың баға қою және оны қолдану
схемасын бірдей түсінетіндігіне кепіл бола алады.
Стандарттау бойынша кездесуден кейін топ жетекшілері барлық
емтиханалушылардан оқушылардың жұмыстарының үлгілерін жинап алып,
оларды тексереді, ал топ жетекшілерінің жұмысын бас емтиханшы
сұрыптап, тексереді.
Осылайша емтихан алушылар кері байланысқа түседі, егер қандай да
бір дау туғызатын жағдайлар болса, онда бұған дейін бағаланған жұмыстар
қайта тексеріледі және бағалар түзетіледі.
Зияткерлік мектептердегі емтихандардың нәтижелерін бағалау ПӨО
базасында КХЕК халықаралық сарапшылары басшылығымен өткізіледі.
Болашақта оқушылардың жұмыстарын онлайн бағалау енгізіледі, бұл
барлық емтихан алушылардың жұмыстарын мониторингтеуді аз шығынмен
өткізуге септігін тигізеді.
9.3 - алып тасталды
9.4
Курстық
және
тәжірибелік
жұмыстарды
бағалау,
жұмыстарды модерациялау
Курстық жұмыс (мысалы, информатикада қолданылуы мүмкін)
төмендегідей тәсілдердің бірімен бағаланады:
Жекелеген
мұғалімдермен
модерация
мектептің
ішкі
деңгейінде немесе бас модератордың жетекшілігімен сырттай оқытылған
Бас емтиханшы
Топ жетекшілері
Емтихан
алышылар
19
кеңесшілермен өткізіледі.
Жұмыстарды сыртқы бағалаушылар
Оқушылар емтихан бөлмесінен тыс жасаған дайын жұмыстарын
тапсырған кезде плагиат мәселесін мойындау және онымен жұмыс істеу де
маңызды. Оқушыларды бастауыш мектептің алғашқы кезеңдерінен
зияткерлік меншік ұғымына үйрету керек, сондай-ақ оларға әдейі немесе
байқаусыз плагиат үшін тәуекелге бармау және жазалау туралы нұсқау
беру қажет.
9.5 Стандарттар және бағалар
Жұмыстар
тексеріліп, барлық
компоненттер
үшін
балдар
жинақталғанда, тиісті деңгейлерге баға қою үшін шешім бойынша жұмыс
басталады. Балл орнына (балдарға қосымша) бағаларды қолдану себебі:
стандарт үшін бағаның маңызын осы бағамен орайластырылатын
жетістіктердің дескриптивтік өлшемдерін анықтау арқылы білуге болады.
Бұл стандарттар статистикалық мәліметтер мен кәсіби шешімдердің
үйлесімін қолдану арқылы жылдан жылға сақталады. Бұл екі бағаның
арасындағы айырмашылыққа негізделген шешімнің объективтілігінің,
балдар арасындағы айырмашылыққа негізделген шешімге қарағанда,
анағұрлым жоғары екендігін білдіреді. Бағалау стандарты осы бағалармен
беріледі және баға қою үдерісі бағалаушы ұйымға бағалаудың бірінші
жылына тиісті стандарттарды анықтап, келесі жылдары сол стандарттарды
ұстануға мүмкіндік береді.
Зияткерлік мектептердің бағалаушы ұйымы 10, 11 және 12-
сыныптарда жиынтық бағалау үшін A*, A, B, C, D және E бағаларын
қолданады. Бұл «бағалар жүйесі» сыналды, тестіленді және халықаралық
стандарттармен салыстырудаа көмектеседі. Бесінші сыныптағы жиынтық
бағалау үшін, нәтижелер туралы ақпараттарды қолдану әртүрлі
болатындықтан, бағалардың басқа, әлдеқайда ықшам жүйесі ыңғайлы.
A*, A, B, C, D және E бағалар жүйесін қолдануда А, С және Е
бағаларының ең төменгі балы, әдетте, статистикалық мәліметтер мен
кәсіби шешімді қолдану арқылы белгіленеді, ал басқа бағалар
арифметикалық жолмен есептеледі. Әр баға үшін (өту балы) ең төменгі өту
балдары туралы шешім әртүрлі техникалық және статистикалық
мәліметтермен, сондай-ақ бас емтиханшылардың кәсіби шешімімен
бекітіледі. Төменгі өту балын анықтау үдерісі «баға қою» сияқты белгілі
және төменде қысқаша сипатталады.
9.5.1 Стандартты анықтау
20
Емтиханды бірінші өткізгеннен кейін, барлық балл қойылғанда,
оқушылардың көрсеткіштерін талқылау және бағалар бойынша басты өту
балдарын белгілеу үшін Аттестаттау комиссиясының мүшелерімен
кездесу өткізіледі. Емтихандардың бірінші бөлімі үшін бұл келесі
жылдарға ауыстырылатын стандартты енгізу болып есептелінеді.
Емтиханның бірінші бөлімінде А, С және Е «шешуші» бағаларының
стандарты оқушылардың жұмыстарына және тест спецификация
құжатындағы бағалар түсіндірмесіне негізделіп, бас емтиханшылар мен
басқа пән сарапшыларының шешімімен анықталады. Басқа мәліметтерге де
сүйенуге болады. Ондай мәліметтер төмендегілердің біреуін (немесе
екеуін) қамти алады:
сол сыныпта, сол пәннен және дәл сондай қойылған бағамен
басқа емтихан жұмыстарының үлгілері
оқушылардың басты жетістіктеріне объективтік баға бере
алатын алдыңғы емтихандарының бағалары.
Аттестаттау комиссиясының мақсаты кейінгі жылдары өзгермеген
стандартты сақтауға кепіл болу болып табылады.
Бағалар өлшемі белгіленіп, оқушыларға алдын ала бағалар
қойылғанда,
бас
емтиханшылар
бағалау
ұйымдарындағы
пән
сарапшылардың жетекшілігімен аппеляциялық комиссия өткізеді. Бұл
жиналыстың мақсаты сәйкес келмейтін баға қою қаупі бар оқушыларды
анықтау болып табылады. Оларға бағалары өту балына тым жақын
(ескертпе: өту балы бағалар арасындағы шекара болып табылады,
бағаларды бөледі) оқушылар жатады, сондықтан бағаға аз ғана өзгеріс
енгізу олардың бағасын жоғарылатады немесе төмендетеді. Аппеляциялық
комиссияның жиналысы, осылайша, бағалар шегіндегі балдар есебінен
қателесу мүмкіндігін азайтады. Аппеляцияны қалай өткізу туралы
басшылық пен нақты нұсқаулықты Кембридж ұсынады.
9.5.2 Стандартты сақтау
Аттестаттау комиссиясы емтихандарды өткізудің екінші және одан
кейінгі жылдары стандартты сақтау бойынша сенімді дереккөздерін өсу
саны бойынша пайдаланады. Оған мыналар жатады:
Жыл сайын емес, мерзімді түрде өткізіліп тұратын
салыстырмалы зерттеулер. Бұл зерттеулердің мақсаты 10, 11 және 12
сыныптардағы емтихандар стандартының халықаралық салыстырмалы
тестілерге байланысты ауыстырылмағанын тексеру болып табылады.
Бағалау жүргізу кезінде білім алушылардың жұмысын анық
21
меңгеріп, бас емтиханшылардың шағын тобымен бірлесіп бағалау үшін
формалды кездесуде бұдан бұрынғы оқушылардың «шекаралық» балы бар
жұмыстарының архивімен салыстыру.
Оқушылардың басты жетістіктері туралы мәліметтер 5 немесе
10 сыныптарда сыртқы бағалаудан өткен оқушылардың сыртқы бағалаудың
келесі кезеңіне өтуіне қарай аса қолжетімді болады.
Қазіргі және алдыңғы емтихандар үшін, орташа балдың
өзгеруін қосқанда, балл бөлуді, нормадан стандарттық ауытқуды және осы
балға қол жеткізген оқушылардың кумулятивтік пайызын салыстыру.
Мұғалімнің
бағалар
жиынтығындағы
өзгерістер.
Бұл
мұғалімдердің бағалау стандарты мен стиліне дағдылануына қарай
қызығушылықтарының артуына әсер етеді, бірақ оларды толығымен және
дәлме-дәл қабылдамайды. Мектептерден емтихан өткізудің алдында әр
оқушының әр пән бойынша бітіру бағалары туралы өздерінің шынайы
болжамдарын ұсыну талап етіледі. Бұл курсты бітірер алдында орындалған
жұмысқа, сол сияқты мектептегі алдын ала өткізілген емтихандар
нәтижесіне негізделеді. Оқушылардың болжалды нәтижесін анықтау –
арнайы дағдыларды талап ететін, бірақ мұғалімдердің білуі тиіс маңызды
кәсіби тапсырма. Бұл оқытудың көмегімен оқытудың әртүрлі кезеңіндегі
бағалау стандартын анық түсінуге болатындықтан, ол (тренинг) маңызды
құрал болып табылады. Зияткерлік мектептер оқудың бұл түрінің
барлығына қолжетімді екендігіне кепілдік беру үшін, бағалау ұйымы
арқылы және оның көмегімен жұмыс істей отырып, бұған жауапкершілікте
болады.
Емтихан өткізудің бірінші жылындағыдай, баға қою үшін кездесу
аппеляциялық комиссияның жиналысымен жалғасады.
9.6 Нәтижелерді жариялау
ПӨО
Зияткерлік
мектептері
оқушыларының
нәтижелерін
жариялайды. Бұл кестеде емтиханның өткізілген күні, оқушылар, емтихан
тапсырылған пәндер және алынған бағалар туралы негізгі ақпараттар
болады. Нәтижелер кестесі, нәтиежелер туралы ақпарат кестеде алдын ала
берілетіндіктен, сертификат бола алмайды. Бұл оқушыларға нәтижелерін
аппеляциялауға мүмкіндік береді.
9.7 Нәтижелерді апелляциялау
ПӨО-ның емтиханға қойған бағалары «алдын ала» нәтижелер болып
есептелінеді, ал еген мұғалім қате кетті деген жағдайда, мектептерге сұрау
22
беруге мүмкіндік беріледі.
Бағалаудың мұндай жағдайларында білім алушылардың жауаптары
қайта қаралады. Бұл бірінші рет кім бағалағанына немесе баға қою
Аппеляциялық комиссияда тексерілгеніне қарамастан жасалады. Бұл
кезеңде сыртқы модерациядан өткен тест жұмыстары мен курстық жұмыс
бойынша жеке нәтижелер қаралмайды.
Бағалауды қайта қарау баға қоюда қате жіберілмегенін тексеру болып
табылады. Шешімдердің айырмашылығы (аппеляциялық комиссия мүшесі
шамалы айырмашылығы бар баға қоюы мүмкін, бірақ бірінші баға балл
қою схемасына да, сол сияқты стандарттау уақытында ұсынылған
басшылыққа сәйкес келеді) бұл кезеңде балдағы қандай да бір өзгерістерге
әкеп соқтырмауы керек. Бұл кезеңде нәтижелердің сирек өзгеретініне
қарамастан, бағаларды қайта қараудың мұндай тәжірибесінің мүмкіндігі
жақсы тәжірибе болады.
9.8 Сертификаттарды шығару
Нәтижелерді аппеляциялаудан кейін, білім алушылардың нәтижелері
Сертификат шығарумен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |