Жоғары мектеп психологиясы



жүктеу 2,9 Mb.
бет3/12
Дата26.05.2018
өлшемі2,9 Mb.
#18018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары

1. Студент тұлғасының қалыптасуына әлеуметтік және биологиялық факторлар қалай әсер етеді?

2. Әртүрлі мамандықта оқитын студенттердің ерекшеліктерін сипаттаңыз (гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану және т.б).

3. Студенттердің курсына байланысты әлеуметтік бейімделуі қалай жүреді?

4. Психологиялық үдерістерге, темпераментке сипаттама беріңіз.

Тест түріндегі тапсырмалар

5. Студент сипатталады

1) 2;

2) 3;


3) 4;

4) 5;


5) 6

жағынан


1) психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, биологиялық, физикалық, психикалық;

2) психологиялық, әлеуметтік, биологиялық;

3) психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, биологиялық, физикалық;

4) психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, биологиялық;

5) психологиялық, биологиялық.

Жауабы: 1 -2), 2 -2).

6. Студентсипатының тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгеретін жағы ___________ деп аталады.

Жауабы: биологиялық

7. Студенттің сипатының психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттерінің бірлігін көрсететін жағы ________ деп аталады.

Жауабы: психологиялық

8. Бұл ғалымның пайымдауынша, 19-20 жас – адал ниетті құрбандыққа және толық өздігінен беріле жұмыс орындауға дайын кезең, сонымен қатар, жағымсыз жағдайлардың да болуы мүмкін

1) В. Т. Лисовский;

2) Б. Г. Ананьев;

3) А. В. Дмитриев;

4) И. С. Кон;

5) 3. Ф. Есарева.

Жауабы: 1.

9. Жастық жас ұқсастық дағдарысының айналасында құрылады деген ғалым

1) Э.Эриксон;

2) А.Адлер;

3) Ж.Пиаже;

4) Б.Г.Ананьев;

5) Д.Марша

Жауабы: 1

10. Ұқсастықты кезеңдерге бөлген ғалым

1) Э.Эриксону;

2) А.Адлеру;

3) Ж.Пиаже;

4) Б.Г.Ананьеву;

5) Д.Марша.

мезгілі

1) 1962;



2) 1963;

3) 1964;

4) 1965;

5) 1966


жыл

Жауабы 5, 5

11. Индивидтің әлі қандай болсын нақты сенімге келе алмаған, мамандық таңдай алмаған және ұқсастық дағдарысымен бетпе-бет келмеген кезеңі «________ ,_________ __________» деп аталады.

Жауабы «Анықталмаған, шайылған ұқсастық»

12. Индивидтің сәйкес қатынастар жүйесіне кіріскенінде болатын, бірақ, оны бастан кешірген дағдарыстар мен қиыншылықтардың нәтижесінде өздігінен істемей, басқа жат адамдардың көзқарасының, өнегесінің, беделінің негізінде істеген кезеңі «____ _______ , _______ _______ ________» деп аталады.

Жауабы: «Ұзақ мерзімді, уақытынан бұрынғы ұқсастық»

13. Бұл ғалымның пайымдауынша, студенттік шақ адамның негізгі әлеуметтену потенциалы даму үшін сенситивті кезең болып табылады

1) Э.Эриксон;

2) А.Адлер;

3) Ж.Пиаже;

4) Б.Г.Ананьев;

5) Д.Марша

Жауабы: 4

14. Жоғары оқу орындарында студенттердің әлеуметтік бейімделуінің түрлері

1) кәсібилік;

2) психологиялық- педагогикалық;

3) әлеуметтік-психологиялық;

4) әлеуметтік-педагогикалық;

5) педагогикалық.

Жауабы: 1, 3



4 Студентті психологиялық зерттеу

Студенттің тұлғалылығын жоғары оқу орнында зерттеу мынадай көрсеткіштер арқылы жүзеге асады: жоғары оқу орнына түсу себебі, жалпы білім дайындығының деңгейі, жоғары оқу орнына түскенге дейінгі қызмет сипаты, өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен ептілігінің қалыптасу сатысы, мүдделерінің және қызығушылақтарының сипаты, қабілеттерінің даму деңгейі, мінез-құлық ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, олардың болашақ мамандығының мазмұны мен талаптарына сәйкестігі.

Осының барлығын танып білу үшін, студенттердің өзіндік жұмыстарына пікір жазып, бақылау, емтихан, сынақ, тестік жұмыстарының қорытындыларын талдау арқылы жүзеге асады. Айтылған оқытудың арқасында студенттермен дифференциалды түрде жұмыс жасау түрі пайдаланылады. Оқу үрдісінде және практикалық жұмыс жасау барысында кездесетін қиыншылықтар, оқу пәндріне деген ынта, өзінді-өзі танып білу сияқты көрсетіледі.

Студенттердің жұмыс жасау іс-әрекеті өзінің мақсаты мен мінеттерімен сыртқы және ішкі жағдайларымен, психикалық процесстерінің өтуімен олардың жеке тұлға ретінде және де ұжымда жұмыс жасауында ерекшеленеді. Студенттің жұмыс жасауы әлеуметтік мәні бар іс-әрекет, себебі оның ең негізгі мақсаты - әр түрлі салаларға жұмыскерлерді дайындау, жоғары білімі бар тұлғаларға жағдай жасау. Студенттік жұмыс жасау іс-әрекеті жалпы айтқанда, материалдық түрге жатпайды. Студенттің жұмыс жасау іс-әрекетінің негізі – оқуды оқып, ғылыми және әлеуметтік өмірге қатысу. Студенттердің жұмыс жасау іс-әрекеттерінің қатарына мақсаттар мен қорытынылардың ерекшеліктерін еңбекке дайындау, білімді тану, жеке тұлғалық қасиеттерді қосуға болады.

Зерттеу объектісінің ерекше қасиеті (білім, келешек мамандық бойынша ақпарат) сонымен бірге студенттің жұмыс істеу іс-әрекеті жоспарлы түрде өтуі жатады. Жұмыс жасау іс--әрекетінің негізгі құралы – оқулықтар, зерттеу құралдары және тағы басқалар. Студенттердің жұмыс жасау іс-әрекетіне психиканың интенсивті түрде жұмыс жасауы, жоғары деңгейлі білім қағмидасы жатады. Студенттердің жұмыс жасауында әлсіздік пайда болады да, соның салдарынан міндеттер пайда болады. Оқудың жетістігі білімді қабылдау деген психикалық процессімен анықталады. Осы анықтаманың негізінде тұлғалық ерекшеліктер жатады. Әр түрлі әрекеттің жетістігі, ең алдымен білім деңгейінің дамуына байланысты.

Әр іс-әрекеттің арнайы қабілет деңгейлері қажет етіледі. Бұл даму мен қабілеттің қалыптасуына әсер етеді. Студенттердің оқу үлгерімі тек интеллектінің дамуы мен арнайы қабілеттерін ғана емес, ол қызығушылық түрткілерін, мінез-құлық, темперамент, тұлғалық бағытталуынан және оның өзіндік сана-сезіміне байланысты.

Тұлғаның бағытталуы негізінде оның қабілеттері мен күнделікті қажеттіліктер (тамақ, киім, үй рухани қажеттіліктері (саналылыққа, музыкаға, еңбекке және тағы басқалар) жатыр.

Қажеттілік өзінің қанағаттануын көрсетеді, сондықтан студенттердің белсенділігін туындауына ынтасы, талабы, эмоциялық жағдайлар әсер етеді. Қажеттілік саналы түрде және саналы емес түрде болуы мүмкін. Жақсы мамандық болу ынтасы оқу пәндерін дұрыс қабылдау, эрудитті және мәдениетті адам болу үшін ол студенттің саналы рухани мен күнделікті қажеттіліктердің туындауы.

Тұлға қажеттілігінің негізгі жағдайы оның белсенділігі мен арнайы әрекеттеріне бағытталған түрі болып табылады. Әрекеттің түрткісі мен мақсаты адамның ерекше қажеттілігі. Оқу әрекетінің түрткісін анықтауға болады:

1) Түрткі-білімнің алуына бағытталған;

2) түрткі-мамандық алуына бағытталуы;

3) түрткі- дипломның алуына бағытталған.

Ер адамдар арасында мамандық алуына бағытталған. Әйелдер ортасында – дипломның алуына бағытталған. Білімнің алу бағыты мен академиялық деңгейінің жетістігі арасында тура коррекциондық байланыс анықталған. Мамандық алу бағыты мен дипломның алу бағыты академиялық жетістігінің қорытындысында көрсетілмейді. Диплом алу бағыты мен академиялық жетістігінің арасындағы байланыстың жоқтығы студенттің емтиханға дайындалуы жақсы қорытындыға әкелмейді. Мамандық алу бағыты мен оқу жетістігінің арасындағы байланыстың жоқтығы студенттің қызығушылықтың туындауы оқу пәндерінің бөлінуі оның мамандық өсуіне байланысты.

Білім алуға талпынған студенттер қарыз өтеуге сезімі бейнелеген. Мақсаттылығы, күш-қуаты, сабаққа деген физикалық пен психикалық күш, оқу әрекетінің жоғарлануы. Осы барлық қасиеттер білімнің алуына бағытталған және жоғары оқу жетістігін қамтамасыз етеді. Студенттермен жұмыс жасау үрдісінде педагог тек түрткінің деңгейі мен структурасы ғана емес, сонымен қатар энергетикалық, ой потенциалы мен өмірлік жағдайларын негізге алу керек. Егер студентте ұзақ уақыт оқуында үзіліс немесе жаңа оқуға бейімделуге қиындық туындаса, педагогтың міндеті студентті оптималды ұжымның еңбегіне үйрету. Жоғары интеллектті, жақсы оқу критерилері бар студент педагог жоғары талаптарды қоюға құқылы. Қажеттіліктің негізгі қажеттілігі қарым-қатынас. Студенттердің қарым-қатынасы тек басқаларды тану ғана емес, сонымен қатар өзін, әлеуметтік өмірін танып меңгеру. Қарым-қатынас қажеттілігі көп түрлі байланыстарды орнатады және тұлғаның дамуы, жолдастық, білімнің алмасу ынтасы мен тәжірибесі, пікірлермен, көңіл-күймен,уайымдаулармен әсерін тигізеді. Тұлғаның қажеттілігінің ең негізгі жетістікке жету қажеттілігі. Студенттердің өмірі түрлі қажеттіліктерді қанағаттануымен ерекшелінеді. Зерттеулер бойынша ең бірінші студенттің әрекетінің жоғарғы рухани қажеттіліктің дамуымен байланысты. Бұл жоғарғы оқу орындарда оқу талабымен болашақ мамандығымен көрсетіледі. Әрекеттің ең басты ролі түрткі ол студенттің өзіне деген сенімділігі, болашаққа бағыттылығы болып табылады. Олар тұрақтылығы мен әрекеттердің кең байланыстарымен ерекшелінеді. Студенттің тұрақты қызығушылығы өзінің болашақ мамандығына оның белсенділігі, шығармашылығы, мамандықты жылдам және өте жақсы меңгеруді тузады.

Студенттердің білімге деген терең және біржықты қызыушылығының пайда болуы тұланың жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Танымдық қызығушылықтар дамып, сонымен қатар сөнуі мүмкін. Білім алуындағы қызығушылықтың сөнуі үлкен қиыншылықтарға, оқыту әдістемесінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

Студенттердің жұмыс жасауында жан-жақты дамыған көзқарас, яғни қоршаған ортаға деген көзқарас үлкен рөль атқарады. Бұл әрекет шындықтың, әр түрлі шаралар мен фактілердің, адамның әлеуметтік түрде ұстануының түсінушілігінде және баға беруінде көрсетіледі.

Студенттердің жұмыс жасауы мен тәртібінде болатын ерекшеліктер темпераменттердің әр түрлілігіне байланысты. Темперамент адам бойындағы сезу қасиетіне әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге басқа да психикалық процесстерге өз әсерін тигізеді, оның ішінде мінез-құлықтың түрі, студенттердің сабақтағы өзін-өзі ұстауы, сұрақтарға жауап беру жолы. Темперамент қандай да бір істің жасалу жолы мен оның қорытындысына әсе етеді.

Студенттер өз ісіне өздерінің мінез-құлықтарын көрсетеді – бұл тұрақты адамның сихикалық даму жолы. Бұл осы қасиетердің жинағы адамның бүкіл мінезіне әсер етеді. Студенттің мінез-құлқын бірнеше топтарға бөлуге болады. Ол біріншіден, ойлау қабілетін құрайтын топ, екіншіден, адамның мінез-күйін құрайтын топ, оған сенімдіік, көңіл күй жатады, үшіншіден, еркіндік құлқын құрайтын тп, оған мқсатқа жету қасиеті, ерлік, шешімді қабылдау жатады, төртінші топ рухани қасиетер жинағын құрайды, оған қарыз сезімі, әділдік, шындық жатады.

Мінез-құлық күшті және әлсіз, жабық және өзіншіл, мақсатты және қарсылықты болып бөлінеді. Ең негізгі жайт, ол студенттің мінез-құлық, тәрьіп, оқу үлгерімі, әлеметік жұмыстар ашады. Мінез-құлық жұмыс жасау іс-әрекетінде әр түрлі психологиялық ерекшеліктер, осы ерекшеліктердің арқасында жоғарғы оқу орындағы бағдарламаны дұрыс қабылдауға әсер ететін қабілеттерді атауға болады. Қабілет жүйесіне мұқияттылықты, ойлау, ест сақтау қасиеттерін жатқызуға болады.

Студенттердің қабілеттері олардың ойда сақтау, ойлау және тағы да басқа психикалық құбылыстар мен тұлға қасиеттері арқылы дамидщы. Қабілеттер психикалық құбылыстарының көрінісі, мінез-құлықтың уәжділігі және адамның ьқызмет ерекшеліктеріне байланысты үйлестіріледі.

Үлгерімге студенттің дене құрылысының пішіні, жүйке жүйесінің түрі ағзаның қызмет ету түрі ықпал етеді. Пикниктер кертартпа заттар болып табылады, олоар ағза күшін тез жұмсайды, сондықтан да сабақтың басында қиын тапсырмаларды беріп, бұл тапсырмаларды сабақтың аяғына қарай жеңілдету жөн болып саналады. Олар қайталауды қажет етеді, себебі олардың ұзақ уақытты есте сақтау қабілеті нашарлау. Оларды сабақта бірінші етіп сұрау керек, себебі олардың кертартпа құбылыстарына байланысты, жұмыс екпіні тез жойылады. Астениктерді алсақ олардың кертартпа құбылыстары оларға қиындықтың дамуына қарай істелінетін міндеттерді береді, соның арқасында олар өткен тақырыптарды сирек қайталауға жағдай тудырады. Емтихан барысында оларды ең соңында сұрауға болады, себебі олардың жұмыс істеу екпіні төзімді, ұзақ уақытқа сақталады. Оларды оқыту барысында үзіліс уақытты сиректеу болады, бұл әрекет олардың жұмыс жасау қабілетін төмендетпейді. Өзін-өзі бағалау дұрыстығы оқу үлгерімнің әр түрлі деңгейлерінде болатын растау дәлелденеді. Осы қатарға кірмейтін студенттердің қамсыздықтың, байсалдылық, жайшылық деңгейлері артық. Зертхана жүзінде әр түрлі жоғары оқу орындардағы студенттердің ойлау қабілетінің дамуы мен оқу үлгерімнің арасындағы байланыс дәлелденген. Оқу үлгерімі нашар жас адамдарда, студенттерде бірінші курстан бастап байқалады. Диагностикалаупроцесін сонымен қатар белсенділікті құрайтын тәсілді қолдану, студентке қиыншылықтарға қарсы тұруға көмектесіп, негізгі мақсат ретінде пайдалынады. Жүйке жүйесінің күші жұмыс істеу қабілетінің ұзақ уақыт бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

Оқу жетістігінің деңгейіне әсер етпей, ол жұмыс істеу тәсілдеріне, оқу тапсырмаларын дайындау ерекшеліктеріне әсер етеді. Жүйке жүйесінің жұмысы ойлау қабілетінің жылдамдылығына әсер етіп, оқу процесінің негізі болып табылады. Жүйке жүйесінің күші арқылы адам біліммен айналысқанда өзіне керекті әдіс-тәсілдерді таңдайды. Біліммен айналысудың негізгі тәсілі - өзінді-өзін дайындау, өзіммен-өзі жұмыс жасау жатады. Жүйке жүйесі күшті дамыған студенттер емтихан уақытында шпаргалканы қолдана алады. Жүйке жүйесі әлсіз студенттер емтихан уақытында көп қиналады. Студенттердің 37,3 % пайызы оқумен жиі айналысқанды жөн көрсе, қалғандары емтихан болғанда ғана дайындалады.

Оқудың тағы бір тәсілі – керекті пәндерді тереңдетіп оқу болып табылады. Бірінші курста оқитын студенттердің 75 % осы тәсілді қолданады. Сабақ негізінен жоғары оқу орындарында қиын пәндерден басталады. Бірақ бұл толығымен дұрыс тәсілге жатпайды. Себебі флегматиктер оқу процесін жеңіл пәндерді тез қабылдайды. Ал меланхоликтер қиын пәндерді сабақтың аяғында мүлдем қабылдай алмайды.

Емтиханның болмауына қарсы оған дайындалу білімнің жүйелілігіне, мағлұматтардың терең ұғынуына көмектеседі. Студенттердің бір қатар бөлігі өздерінің оқу әрекетін ұтымды жағына талпынады, мағлұматтардың тиімді жақтарын зерттеуге тырысады. Олардың табыстық күш-жігері дамудың деңгейіне байланысты:



  1. Интеллект; 2) Өзіндік анализ; 3) Ерік.

Осы қасиеттерінің дамудың жетіспеушілік деңгейі өзіндік жұмысына әкеледі. Соның салдарынан оқудың төмен деңгейін, емтиханның толық дайындалмағандығы көрінеді. Оқу материалдарын толық және жеңіл игеретін, интеллекті жақсы дамыған студенттер жай орта студенттерге берілген оқу шарттарын орындалуына тырыспайды. Бұл оқудың стилі – қарбаластық, тәуекелдік, материалдың толық игерілмеуі – мектепте де үйлестіріледі. Студенттің мұндай мүмкіншіліктері ашылмайды, көбінесе еріктің дамуының болмауы, жауапкершілік, тұлғалық мақсаттылығы. Осыған байланысты оқудың дифференциалды жағдайы қажеттілігі туындайды, көбінесе жоғары оқу орындарда «Әрбіреуден қабілетке дейін» принципі тек шарттың төменділігі емес, қабілетті студенттің щартының жоғарлануы деп түсіндіріледі. Тек осындай оқыту интеллектуалды және әрбәр тұлғаның ерік қабілеттерін толық қарастырады. Оқу жұмысының жоғарлы деңгейлі студенттер өзіндік баға еріктігімен, көп дайындалғандығымен, өзінің интеллектуалды мүмкіншіліктерімен байқалынады.

Студенттің екі типі бар: Жоғарғы және төменгі оқу әрекетінің деңгейлері. Орта интеллектуалды қабілетті студенттермен жұмыс жасау студенттерге орнықты жоғары оқу үлгерімін қамтамасыз етеді. Өзін ұйымдастыра алмауы дамыған интеллектінің әлсіреуіне , ақпарат материалдарын игеру қабілеттерінің әлсіздігі, оқудың табыстылығына кедергі жасайды. Оқу сабақтарының болмауы, студенттердің ең негізгі факторларының бірі. Эмоциялық жағдай, еріктік қабілет деңгейінің дамуы студенттердің психосоциотип ерекшеліктері оқуға, оқытудың табысына, мінезіне, бірге оқитын студенттер мен оқытушының қарым-қатынасына әсер етеді.

Оқу процесіндегі психология мен педагогика әр түрлі ұстанымдары болуы мүмкін: оқытудың әдістемелері, оқытудың бағдарламасы мен оқулықтардың жаңа принциптерін, деканаттардың жұмыстарын, жоғары оқу орнында психологиялық қызмет көрсетуді, оқу прцесі мен тәртіптілікті тудыру. Осының барлық әдістеменің орталық звеносы – тұлғалық оқыту. Студенттің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерінің білімі – қабілеттілік, жалпы интеллектінің дамуы, қызығушылық, түрткілері, мінез-құлық, темперамент, еңбекқорлық, өзіндік сана-сезім және тағы басқалар. Жоғары оқу орнында оқыту жағдайына нақты мүмкіндік береді.

Нақты әр адамның мәліметтерін психография көмегімен жасалынады. Психография – нақты адамның тану әдістемесі болып табылады. Ол қарым-қатынас әр деңгейлі сипаттамасы көмегімен, сонымен қатар структуралық пен генетикалық арасындағы байланыстарда байқалынады. Психографикалық әдістеменің қолдану кезінде шарт ретінде интеллектінің структурасы мен деңгейі алынады. Студентпен жұмыс жасау тиімділігі жеке әңгімелесуден бастау қажет.


Студентпен жеке әңгімелесу бағдарламасы.

  1. А.Т.Ж.

  2. Ж.О.О. факультеті, курс, тобы.

  3. Отбасы жайлы ақпарат, отбасы саны, ата-ананың мамандықтары.

  4. Ж.О.О. не бітірдің?

  5. Мамандығынды тандауына не әсер етті? Аттестаттың орташа баллы қандай?

  6. Тандалған мамандық бойынша не білдіңіз?

  7. Мамандықты дұрыс тандадыңғыз деп ойлайсыз ба?

  8. Факультетке түсу алдында бос уақытыңызды қалай өткіздіңіз?

  9. Сіздің қызығушылығыңыз Ж.О.О. оқумен сәйкес келе ме?

  10. «Мамандық» тандаудағы сіздің қандай сезіміңіз болды?

  11. Сіздің көзқарасыңыз бойынша басқа мамандық тандау жағдайынан шығу үшін қажетті не істеу керек?

  12. Мамандық тандаудағы қателігі неден туындады? (оқуға қызығушылықтың болмауы, оқу пәндерін игерудің қиындығы).

  13. Сіздің оқудағы қиындықтар не себептен?

  14. Сіздің курстан курсқа өтудің қандай қиындықтар туындады?

  15. Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді студент ретінде қалай бағалайсыз?

  16. Қазір сіздің оқудағы қиындықтар?

  17. Сіздің көзқарасыңыз бойынша студенттердің оқу үлгерімі жөніндегі профилактикалық жұмыстарды қандай бағыттарда жүргізу керек?

  18. Оқытушыға деген сіздің тілегіңіз?

  19. Оқу материалын сіз қаншаға меңгердіңіз?

  20. Қандай пәндер сізге жеңіл, қиын көрінеді?

  21. Дәріс пен сабақтар кезінде жағдайдың басым болуы.

  22. Оқу материал дары қаншаға сізге қызықты?

  23. Сізден оқуға деген күш кетуді қажет етеді ме немесе жеңілге түседі ме?

  24. Сізге оқуға қандай жеке қасиеттер кедергі жасайды?

  25. Оның болмауына Сіз не істейсіз?

  26. Сіздің оқу процесіндегі шаршау деңгейі қандай? (әлсіз,орта,күшті).

  27. Оқуды Сіз жалғастырасыз ба?

  28. Тандалған мамандық жайлы не білесіз?

  29. Уақыт санын белгілеңіз, Сіздің бір ай ішіндегі өткізген уақытыңыздың санын белгілеңіз,оқуға_________,шығармашылыққа_________,спорттық сабақтар_______, жолдастармен қарым-қатынас_________,қоғамдық іс-әрекет_____________________

  30. Сіздің өзіңіздің қызығушылығыңыз туындады ма?

  31. Сіздің қазіргі жағдайыңыз? (байыптылық, өзіне сенімділік, ризалылық, мазасыздықтың жоғарлануы, қорғаусыздық)_________________________

Жеке әңгімелесуді әсіресе жеке бөлмелі жерде жүргізу керек. Бөтен адамның қатысуынсыз, студенттерге алдын-ала берілген мәліметтер құпияда болатынын айту қажет. Студенттің әдістемелік өзіндік бағасын зерттеудегі куратордың мүмкіндіктерін кеңейту.

Студент өзінің жеке қасиеттеріне байланысты өзіндік баға қою. Алынған ақпараттардың өңделуінде экспериментатор шкала ара-қашықтықтан сол жақ полюсінан өзіндік баға қою нүктесіне дейін өлшейді. Қорытындыны сантиметрден баллға ауыстырылады. Бұл студенттің өзінің қасиеттерінің өзіндік бағасы болып табылады.

Өзіндік бағалаудың әдістемесі.

Нұсқау Құрметті жолдас!

Сізді студенттік өзіндік бағалауында қатысуыңызды сұраймыз.

Сізге жеке карталар беріледі, оның әр біреуінде қарым-қатынас бағалары мен шкала берілген.Өзіңіздің дәрежеңізді анықтаңыз.



Картаның үлгісі

Шкала

1

2

1. Мамандық тандаудан қателескен студент.

Мамандықты дұрыс тандаған студент.

Шкала

2. Оқу сабақтарды зерігу,немқұрайлық сезімдері байқалған студенттер.

Оқу сабақтары ылғи қызығушылықпен сергектік байқалатын студент.

Шкала

3. Оқуды жеке жұмысқа,негізге қоймайтын,бос уақыттарын бос өткізеді деп ойлайтын студенттер.

Оқуды ерекше негізге қоятын, өзінің күш-қуатын,уақытын өткізетін студенттер.

Шкала

4. Студент өзімен оқитын әріптестермен қарым-қатынастың қиындығы.


Өзінің жолдастармен,әріптестермен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алатын студенттер.

Шкала

5. Өзін сабақ оқудың қиындыққа түсетін студенттер.

Систематикалық жұмыс жасауға үйренген студенттер.

Шкала

6. Оқу өте қиындықпен түсетін студенттер.

Оқу жеңілдікпен түсетін студенттер.

Шкала

7. Ылғи үрей, қорқыныш, абыржу, өзіне сенімсіздік сезінетін студенттер.

Өзіне сенімді, эмоционалды, ұстанымды, байсалды студенттер.

Шкала

8. Сабақ уақытында апатия, немқұрайлық жағдайлары туындайтын студенттер.

Сабақ кезінде белсенділік, қызығушылық, әуесқойлық жағдайлары туындайтын студенттер.

Шкала

9. Емтихандағы жағымсыз жағдайлары әсер ететін студенттер.(естің, зейіннің, абыржу жағдайларының нашарлануы)

Емтихандағы жағдайлары жақсы әсерін тигізетін студенттер.(ес, зейін, тапқырлық, жинақылықтары жақсы студенттер)

Шкала

10. Студенттің оқытушымен қарым-қатынасының қиындығы.

Оқытушымен жеңіл және оңай қарым-қатынасты орната алатын студенттер.

Шкала

11. Емтихан кезінде ылғи қатты үрей, қорқыныш, толқынысты сезінетін студенттер.

Емтихан кезінде ылғи да сабырлы жағдайдағы студенттер.

Шкала

12. Сабақтардан шаршап қалдыған студент.

Оқу сабақтардан қажымайтын, шаршамайтын, күш-қуаты мол, сергекті студенттер.

Шкала

13. Сабақтағы берілген оқу мағлұматтар оның жақсы меңгеруіне мүмкіндігі жоқ деп санайтын студент.

Сабақтағы берілген оқу мағлұматтар оның жақсы түсінуіне қолайлы деп санайтын студенттер.

Шкала

14. Ұжымды ықыласыз деп санайтын студент.

Ұжымды біріккен және ынтымақты деп санайтын студент.

Өздеріңіздің жауаптарыңыздарға дұрыс және тиянақты болыңыздар. Карточкаларды жіберіп алмай, асықпай жұмыс істеңіздер. Әдістемелік өзіндік бағалау кураторға студент жайлы маңызды ақпараттарды алуға көмек береді. Сарапшы бағалау әдістемесі («Студенттің өмірбаяны») студент жайлы мәліметтерді оның қатынасын, қоғамдық жұмысқа тікелей бақылайтын әріптестерінен алуға болады. Тек әріптестері ғана әлсіз және күшті жақтарын жақсы біледі.



жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау