Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Е.И.Бурдина, С.Е.Булекбаева
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
Магистранттарға арналған
оқу құралы
Павлодар
Кереку
2010
Е.И.Бурдина,С.Е.Булекбаева
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
Магистранттарға арналған
оқу құралы
Павлодар
ӘОЖ
КБК
П
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Ж.А.Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы.
А.К.Нургалиева - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының меңгерушісі.
Бурдина Е.И., Булекбаева С.Е.
П Жоғары мектеп психологиясы: Магистранттарға арналған оқу құралы/ Е.И.Бурдина,С.Е.Булекбаева – Павлодар:
Кереку, 2010. – 176 б.
ISBN
Бұл оқу құралында жоғары мектеп психологиясына қатысы бар заманауи психологиялық зерттеулердің жинақталған материалдары келтірілген: студенттік кезеңдегі жасқа байланысты психологияның негіздері, жоғары мектептегі педагогикалық үдеріс субъектілерінің психологиядық сипаттамасы, инженерлік, технологиялық, экономикалық, жаратылыстану, құқықтану және гуманитарлық мамандықтарында еңбек ететін жеке тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері.
Оқу құралында көрсетілген бағыттар бойынша психологиялық-диагностикалық әдістемелердің топтамалары берілген.
Оқу құралы барлық бағыт бойынша ғылыми-педагогикалық дайындықтағы магистранттарға арналған.
ӘОЖ
КБК
ISBN
© Бурдина Е.И., Булекбаева С.Е., 2010
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Кіріспе
«Жоғары мектеп психологиясы» оқу құралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» негізінде дайындалып, білім мекемелеріндегі болашақ мамандарға, магистранттарға, сонымен қатар, тәжірибелік психологтарға, педагогтарға, пән мұғалімдеріне, өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға қажет болған басқа да мамандарға арналған.
Оқу құралында кәсіби білім беруді дайындау үдерісін зерттеу үшін мамандық түсінігі - белгілі дайындықты қажет ететін және адам тіршілігін материалды қамтамасыз етудің қайнар көзі ретінде қарастырылатын қызмет түрі деп түсіндірілген, мамандық белгілі адамға тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі ретінде сипатталған.
Кәсіптік білім мамандық алуға бағытталған, сондықтан, кәсіби тағдырын өзі шешу немесе мамандық таңдау, кәсібилік сана-сезімі, субъектінің кәсібилік даму кезеңдері және онымен байланысты кәсіби іс-әрекетке ере жүретін психологиялық мәселелерді талдау сияқты проблемаларды зерттеудің арасындағы логикалық бірізділік ескерілген.
Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру белгілі ұстанымдарға бағынатындығы, осы ұстанымдарға сүйене отырып, кәсіптік білім психологиясының пәндік аймағына кіретін зерттеулер тобы көрсетілген.
Кәсіби оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің құрылымын, қасиеттерін және заңдылықтарын зерттейтін болғандықтан, кәсіби білм беру психологиясында қолданылатын, психологиялық ғылымның барлық саласында жүргізілетін әдістер кеңінен берілген.
Авторлар, оқырмандардың ескертпелері мен тілектері болуы мүмкін деп болжайды. Оның барлығы оқу құралын одан әрі жетілдіре түсу үшін алғыспен қабыл алындаы.
1 Кәсіби білім беру психологиясы
1.1 Кәсіби білім беру ұстанымдары
Педагогикалық психология кәсіби білім беру саласы бола отырып, кәсіби білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмдерін зерттейді. Кәсіби білім беруді дайындау үдерісін зерттеу үшін мамандық түсінігін қарастыру керек. «Мамандық» термині - белгілі дайындықты қажет ететін және адам тіршілігін материалды қамтамасыз етудің қайнар көзі ретінде қарастырылатын қызмет түрі деп түсініледі. Мамандық белгілі адамға тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі ретінде сипатталады. «Кәсіптік білім» кәсіби-техникалық орта және жоғары білім беру мекемелерінде алынған арнайы білім болып табылады. Сонымен, кәсіптік білім беру бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында мамандар дайындайды, сондай-ақ, білім беру жүйесін құрастыратын курстық дайындау және жоғары оқу орнынан кейінгі білімін жетілдіру үдерісін жүргізеді.
Кәсіптік білім мамандық алуға бағытталған, сондықтан, кәсіби тағдырын өзі шешу немесе мамандық таңдау, кәсібилік сана-сезімі, субъектінің кәсібилік даму кезеңдері және онымен байланысты кәсіби іс-әрекетке ере жүретін психологиялық мәселелерді талдау сияқты проблемаларды зерттеуді міндетті түрде қажет етеді.
Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру белгілі ұстанымдарға бағынуы керек:
- кәсіптік білімнің арнайы білім берудің әлемдік заманауи тенденциядарына сәйкес болуы;
- кәсіптік білімді фундаментализациялау білім алудың психологиялық үдерістерімен, әлемдік бейненің қалыптасуымен (Е.А.Климов), жүйелік білім алу мәселелерін қоюмен байланыстарды қажет етеді;
- кәсіптік білімді дараландыру ұстанымы әртүрлі мамандық өкілдеріне қажетті кәсіби өте маңызды қасиеттерді қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді;
Осы ұстанымдарға сүйене отырып, кәсіптік білім психологиясының пәндік аймағына кіретіндер:
- кәсіптік білім жүйесіндегі жеке тұлғалардың жасына байланысты және дербестік ерекшеліктерін зерттеу;
- адамды өміріндегі қызмет жолында кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде зерттеу;
- кәсіби оқыту және тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттеу;
- кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Кәсіби оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің құрылымын, қасиеттерін және заңдылықтарын зерттейтін болғандықтан, кәсіби білім беру психологиясы психологиялық ғылымның барлық саласында жүргізілетін әдістерді қолданады: бақылау, эксперимент, әңгімелесу, анкеталау, іс-әрекет нәтижелерін зерттеу.
Адамның еңбек іс-әрекеттерін зерттеу бағытында профессиография, бейнелеу-техникалық және адамның еңбек іс-әрекеттерін психофизиологиялық сипаттау әдістері кеңінен қолданылады.
Бұл әдіс кәсіби іс-әрекет және оны жан-жақты ұйымдастыру туралы деректерді жинау, сипаттау, талдау, жүйелеуге бағдарланған.
Профессиографиялау нәтижесінде нақты еңбек үдерісі және оны ұйымдастыру жөнінде профессиограммалар немесе мәліметтер (техникалық, санитарлы-гигиеналық,технологиялық, психология- лық,психофизиологиялық), сонымен қатар, мамандық психограммасы құрастырылады.
Психограммалар нақты еңбек іс-әрекеттерді психологиялық талдау негізінде құрастырылған мамандық «портреті», оның құрамына кәсіби маңызды қасиеттер (КМҚ) және нақты іс-әрекетпен маңыздалатын және оның орындалуын қамтамасыз ететін психологиялық және психофизиологиялық құрамдастары кіреді.
Профессиография мен кәсіптік білім психологиясы әдістерінің маңыздылығы оның жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін модельдеуге, әртүрлі мамандықтар арқылы белгіленген және сол ғылымға сүйене отырып, олардың даму үдерісін құруға мүмкіндік беретіндігінде.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіби білім беруді «арнайы білім» түсінігімен теңдестірілетін кәсіби дайындықтың орындаушы функциясы ретінде қарастырып, оны алудың екі жолын болжауға болады - өздігінен білім алу немесе кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу.
Кәсіби білім берудің жетістігін анықтайтын маңызды психологиялық сәт – таңдаған мамандықты игеруге өзгеше «дайындықтың» (эмоционалдық, мотивациялық) болуы.
Адамның ішкі ресурстарын талдау нәтижесінде және оларды мамандықтың талаптарына сәйкестендіру жолымен жүргізілетін мамандық таңдау адамның қоғамда өзін танытуының негізі және өмірдегі ең басты шешімі болады.
Мамандық таңдау психологиялық тұрғыдан екіаспектілі құбылыс болып табылады: бір жағынан – кім таңдайды (таңдау субъектісі), екінші жағынан – нені таңдайды (таңдау объектісі).
Көптеген сипаттамаларды игере отырып, таңдау субъектісі де, объектісі де мамандық таңдаудың әртүрлі мағыналылығын анықтайды. Мамандық таңдау – бірсәттілік әрекет емес, ол бірқатар кезеңдерден тұратын, ұзақтылығы сыртқы жағдайларға және мамандық таңдау субъектісінің дербестік ерекшеліктеріне байланысты.
Кәсіби таңдауын өзі шешуге ынталану жоғары мектеп жасынан басталады, бірақ, оның алдында әртүрлі кезеңдер өтеді:
- бірінші мамандық таңдау кезеңі, әлемдегі мамандықтар туралы түсініктері толық қалыптаспаған, таңдалған мамандыққа қажетті ішкі ресурстар туралы тек ситуациялық бейнелері бар, кәсіби пиғылы әлі тұрақсыз, мамандықтың мазмұны, ол жұмыстың жағдайлары туралы мәселе қойылмаған төменгі мектеп жасындағы балаларға тән. Кейбір кезде бұл кезеңде жасөспірімдер де қалады;
- кәсібилік өзіндік таңдау (жоғары мектеп жасы). Бұл кезеңде кәсіби пиғылдар және еңбектің әртүрлі салаларында алғашқы бағдарлар пайда болады және қалыптасады;
- таңдалған мамандықты игеру үшін кәсіби оқыту мектепте орта білім алғаннан кейін жүргізіледі;
- кәсіби бейімделу іс-әрекеттің дербестік стилінің қалыпта- суымен және өндірістік пен әлеуметтік қатынастар жүйесіне кіруімен сипатталады;
- еңбекте өзін көрсете білу (жартылай немесе толық) кәсіби еңбегіне байланысты өзі күткен үміттерінің орындалуына немесе орындалмауына байланысты.
Кәсібилік өзіндік таңдау жеке тұлғаның барлық кәсіби қызмет кезеңін қамтитын үдеріс ретінде қарастырылады: кәсіби пиғылдың пайда болуынан бастап еңбек іс-әрекеттерінен шыққанға дейін созылады.
Ол адамның барлық өмірлік жолында бірге өтеді. Бұл құбылыстың ең жоғарғы шыңы, өмірдегі өзгерісті кезеңі - мамандық таңдау сәті болып табылады.
Көбінесе мектеп бітіру кезеңіне сәйкес келеді және кәсіби өзіндік анықтаудың алдыңғы кезеңдерімен тығыз байланысты.
1.2 Мамандықтар түрлерін жіктеу
Психологиялық әдебиеттерде мамандық таңдау туралы шешім қабылдаудың психологиялық факторларын анықтаудың әртүрлі тұрғылары беріледі. Кейбір зерттеушілер мамандық таңдауды іс-әрекет таңдаумен сәйкес деген қағиданы алға тартады. Кәсібилік өзіндік анықтау еңбек субъектісінің даму үдерісі ретінде қарастырылады. Мамандықты іс-әрекетті таңдау ретінде түсіну контекстісінде, дұрыс таңдаудың негізгі детерминанты кәсіби мүдделілік немесе кәсіби бағыттылық деген көзқарастар таратылуда.
Кейбір авторлар мамандық таңдау жеке кездейсоқ әлеуметтік өзіндік анықтау деген пікірді ұстайды, яғни мамандық таңдау - ең алдымен мамандықтың әлеуметтік сипатымен анықталатын әлеумет- тік белгіленген құбылыс. Мамандық таңдауға адамның тұтас тіршілі -гіндегі маңызды оқиға деп қарау ең тиімді көзқарас болып табылады.
Мамандық таңдау жеке тұлғаның өткен тәжірибесімен байла- нысты, ал кәсібилік өзіндік анықтау үдерісі алыстағы болашаққа кетеді, адамның «МЕН» жалпы бейнесінің қалыптасуына қатысады, оның өмір ағымын анықтайды.
Мамандық таңдауды субъект және объект қатынасының жүйесі ретінде қарастырып, мамандық таңдау объектісінің өзінің, яғни нені таңдайды, сондай-ақ, субъектінің, яғни таңдаушының мінездемелеріне тоқталу қажет.
Мамандықты сипаттаудың дәстүрлі жалпы схемасы төрт аспектіні тұспалдайды:
- әлеуметтік-экономикалық ( мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық шаруашылығы жүйесіндегі ролі, мамандар дайындау туралы деректер, лауазымының жоғарылау перспективасы, айлық жалақысы, мамандықтың беделі);
- өндірістік-техникалық (технологиялық үдерістер,объекті- лер, еңбек қарулары, жұмыс орны, жұмысты ұйымдастыру түрлері туралы деректер);
- санитарлық-гигиеналық (климаттық жағдайлар туралы ақпараттар, жарық және басқа санитарлық факторлар сипаты, еңбек кестесі және ритмі, медициналық жарамаусыздықтар);
- психофизиологиялық (жеке тұлғаның психикалық үдеріс- тері мен қасиеттерінің ерекшеліктеріне қойылатын мамандықтың талаптары).
Е.А.Климов мамандық типтерінің көрнекі белгілері, мақсаттары, еңбек құралдары мен жағдайлары бойынша төртярусты шолу классификациясын ұсынды және кәсіби іс-әрекеттердің бес схемасы берілді: «Адам - табиғат», « Адам - техника», «Адам - белгі», «Адам - бейне», «Адам - адам»:
1) «Адам – тірі табиғат» (Т). Мамандықтың бұл типінің өкілдері өсімдік және жануарлар организмі, мироорганизмдер және олардың тіршілік жағдайларымен жұмыс жүргізеді (жеміс-жидек маманынң шебері, агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог);
2) «Адам -адам» (А). Мүдделер, көмек көрсету, айырып тану, қайта жаңарту бұл жерде қоғамдастықтардың, халық топтарының, әртүрлі жастағы адамдардың әлеуметтік жүйесі болып табылады (сатушы, шаштараз, өндірістегі инженер-ұйымдастырушы, дәрігер, оқытушы, әлеуметтік қызметкер);
3) «Адам - техника» (Т) және өлі табиғат. Қызметкерлер еңбектің жансыз, техникалық объектілерімен жұмыс жүргізеді (слесарь-жинаушы, техник-механик, электрослесарь, инженер-электрик, техник-технолог);
4) «Адам – таңбалар жүйесі» (Т). Табиғи және жасанды тілдер, шартты белгілер, символдар, сандар, формулалар – бұл типтегі мамандар өкілдерінің айналысатын тақырыптық әлемдері (фототеретін автоматтың операторы, программист, сызғыш-картограф, математик, басылым редакторы, тілтанушылар);
5) «Адам – көркемдік бейне» (К). Шындықты көркемдік бейнелеу фактілері, құбылыстары – бұл типтегі мамандық өкілдерінің айналысатындары (суретші-декоратор, суретші-реставратор, музыкалық аспаптарды бабына келтіруші, концерттік орындаушы, балет артисі, драма театрының актеры).
Е.А.Климов мамандықтың әрбір типінің шегінде мақсаттарының белгісі бойынша оларды класстарға бөлді:
- гностикалық мамандықтар (Г);
- қайта жаңарту (Ж);
- іздеушілер (І).
Әрбір класс шегінде негізгі еңбек жарақтарының, құралдарының белгілері бойынша олардың 4 бөлімін берді:
- қол еңбегі мамандықтары (Қ);
- машинамен орындалатын еңбек мамандықтары (М) (қолмен жүргізілетін машиналар еңбек құралдарын өңдеу, қозғалту, қайта жасау үшін қолданылады, сондықтан, бұл бөлімдегі мамандықтар жүргізуші, машинист және т.б.);
- автоматтандырылған жүйелерді қолдануға байланысты мамандықтар (А) – машина операторлары және т.б.;
- көбінесе еңбектің функционалды құралдарымен байланысты мамандықтар (Ф).
Еңбек жағдайлары бойынша мамандықтарды төрт топқа бөлуге болады:
- микроклимат жағдайы тұрмыстық, «бөлменің» жағдайларына жақын жұмыс (Т): лаборанттар, бухгалтерлер, ЭВМ операторлары;
- барлық ауа райы жағдайында ашық ауада жасалынатын жұмыс (А): агроном, болат және темірбетонды конструкцияларды монтаждаушы, МАИ инспекторы;
- ерекше жағдайларда жүргізілетін жұмыс ( жоғарыда, жер астында, су астында, жоғары және төмен температурада (Е): антенші, суда жүзуші, тау комбайнының машинисі, өрт сөндіруші);
- адамның өмірі мен денсаулығы үшін көтеріңкі рухани жауапкершілік жағдайындағы жұмыс (Р) – ересектердің немесе балалардың, үлкен материалды құндылықтармен байланысты (балалар бақшасының тәрбиешілері, оқытушы, дәрігер, тергеуші).
Мамандықтың әрбір типі үшін әрекеттер құрылымын талдай отыра, Е.А.Климов олардың 4 тобын белгіледі:
1) қозғалыс (орнын ауыстыру, орналастыру, айналдыру және т.б.);
2) танымдылық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, елестету жіне логикалық әрекеттер жатады;
3) тұлғааралық қатынастар әрекеттері: диагностикалық, әрекет-талап, партнерді ақпараттық басқару әрекеті;
4) күш салуға келісу бойынша әрекеттер.
Е.А.Климов кәсіби таңдауды анықтайтын сегіз негізгі факторды атап көрсетті:
1) отбасының үлкендерінің позициясы;
2) құрдастарының позициясы;
3) мектептің педагогикалық ұжымының позициясы (оқытушы, сынып жетекшісі және т.б.);
4) жеке кәсіби және өмірлік жоспары;
5) қабілеттіліктері және оның көріністері;
6) қоғамдық құрметке талаптану;
7) әртүрлі кәсіби іс-әрекеттерден ақпараттандырылуы;
8) бейімділігі.
Мамандық таңдауды анықтайтын негізгі факторлар ретінде психологтар мыналарды атайды: мүдделер (танымдық, мамандыққа кәсіби ынта қою,бейімділік); қабілеттіліктер (іс-әрекеттің белгілі түрінен жетістікке жету үшін қажетті психологиялық механизмдер сияқты); темперамент, мінез-құлық.
Бұл факторларды субъективті факторлерге жатқызады.
Факторлардың келесі тобы (олдарды объективті деп атауға болады) дайындық деңгейінен (үлгерімі), денсаулық жағдайынан, әлемдегі мамандықтардан хабардар болуынан тұрады.
Әлеуметтік сипаттарды да көрсетеді: әлеуметтік орта, үй жағдайы, ата-аналарының білім деңгейі.
Қабілеттілік факторы ерекше орын алады. Көбінесе қабілеттілік проблемасын дарындылықпен байланыстырады, бірақ, қабілеттіліктің осындай деңгейін индивидтен мамандықтардың аз ғана саны талап етеді.
К.М.Гуревич қызметкерлерге қойылатын талаптарды анықтау бойынша мамандықтың үш типін бөліп көрсетті:
- әрбір дені сау адам іс-әрекеттің қоғамда қабылданатын нәтижесіне жете алатын мамандықтар;
- әрбір адам қажетті нәтижеге жете алмайтын мамандықтар;
- өзінің мәні бойынша шеберліктің жоғарғы сатысына жетуді талап ететін мамандықтар, олар адамның индивидуалды ерекшеліктеріне спецификалық талаптар қояды (абсолютті кәсіби жарамдылықты талап ететін мамандықтар).
Мамандықтың әрбір типі адамның әртүрлі қабілеттіліктеріне және қасиеттеріне белгілі талаптар қояды.
«Адам-табиғат» типіндегі мамандықтардың адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған елестету, көрнекі-бейнелей ойлау, жақсы көз қапері, байқаушылық, өзгермелі табиғат факторларын алдын ала болжау және бағалау қабілеті, іс-әрекет нәтижесі уақыт өткеннен кейін белгілі болатындықтан, маманға шыдамдылық, табандылық керек, ұжымнан бөлек, әсіресе, келіссіз ауа райы жағдайында, балшықта жұмыс жасауға дайын болуы керек.
«Адам- техника» мамандығының көпшілігі:
1) техникалық құрылымдарды жасау, құрастыру, жинастырумен (мамандар техникалық жүйелерді, құрылымдарды жобалайды, құраcтырады, оларды дайындау үдерістерін жасайды. Ұсақ-түйек бөлшектерден машиналар, механизмдер, приборлар жинайды, оларды реттейді, түзетеді);
2) техникалық құралдарды пайдаланумен (мамандар станоктарда жұмыс жасайды, көлік жүргізеді, автоматтық жүйелерді басқарады);
3) техникалық құралдарды жөндеумен (мамандар техникалық жүйелердің, приборлардың, механизмдердің бұзылғандарын анықтайды, жөндейді, реттейді, жөнге салады) байланысты.
Бір техникалық құрылым әртүрлі мамандардың еңбегін қажет етуі мүмкін (кесте 1).
1 кесте –Техникалық құрылымдарды пайдалану
Техникалық құрылым
|
Жинастыру
|
Пайдалану
|
Жөндеу
|
Санды бағдарламамен басқару станогі
|
Механиканы жинастыру жұмысының
слесары
|
ЧПУ станогінің
операторы,
ЧПУ станогін жөнге келтіруші
|
Өндірістік жабдықтарды жөндеу слесары
|
Энергетикалық құрылым
|
Электро-монтаждаушы
|
Электропульт
операторы
|
Электроқұрылымдарды жөндеу
слесары
|
Прибор
|
Радионы монтаждаушы
|
Радио технигі
|
Радио аппараттарын жөндеу слесары
|
Фотокино-аппаратура
|
Кинофото аппаратураны
жинаушы-слесарь
|
Киномеханик, фотограф
|
Кинофотоаппаратураны жөндеу слесары
|
«Адам–техника» мамандығының адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы қозғалыс координациясы; толық көру, есту, вибрациялық және кинестетикалық қабылдау; дамыған техникалық және шығармашылық ойлау және елестету; зейінді ауыстыру және жинақтауды дағдылау; бақылаушылық.
«Адам–таңбалар жүйесі» типіндегі мамандықтардың көпшілігі ақпаратты өңдеумен байланысты, еңбек құралдарының ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Оның болуы мүмкін:
1) ана тіліндегі және шетел тіліндегі мәтіндер (редактор, корректор, машинка теруші, іс қағаздарын жүргізуші, телеграфист, әріптерді теруші);
2) сандар, формулалар, кестелер (программист, ЭВМ операторы, экономист, бухгалтер, статистик);
3) сызбалар, кестелер, карталар (конструктор, инженер-технолог, сызушы, көшірмеші, штурман, геодезист);
4) дыбыс сигналдары (радист, стенографист, телефонист, дыбыс оператор).
«Адам–таңбалар жүйесі» типіндегі мамандықтардың психологиялық талаптары: жақсы оперативті және механикалық есте сақтау; дерексіз (таңбаланған) материалдарға ұзақ зейінді жинақтау қабілеті; зейінді жақсы тарату және ауыстыру; қабылдаудың дәлдігі, шартты таңбалардың артында тұрғанды көру дағдысы; ыждағаттылық, төзімділік; логикалық ойлау.
«Адам – көркемдік бейне» бағытындағы мамандықтар:
1) әдеби шығармаларды жазу, жобалаумен (жазушы, суретші, композитор, моделдеуші, архитектор, скульптор, журналист, хореограф);
2) түпнұсқа бойынша әртүрлі бұйымдарды қайта орнына келтіру, жасаумен (ювелир, реставратор, гравер, музыкант, актер, қызылағаш шебері);
3) көркемдік шығармаларды бұқаралық өндірісте көбейтумен (фарфорды бояу шебері, тастар мен хрустальді тегістеуші, бояушы, басып шығарушы) байланысты.
Осы типтегі мамандықтардың адамға қоятын психологиялық талаптары: көркемдік қабілеті; дамыған көру қабылдауы; бақылаушылық; көру есте сақтау; көрнекі-бейнелі ойлау; шығармашылық қиял; адамға эмоциналдық әсер етудің психологиялық заңдарын білу.
«Адам - адам» типіндегі мамандықтардың көпшілігі:
1) адамды оқыту, тәрбиелеумен (тәрбиеші, мұғалім, спорт жаттықтырушысы);
2) медициналық көмек көрсетумен (дәрігер, фельшер, медбике, күтуші);
3) тұрмыстық көмек көрсетумен (сатушы, шаштараз, официант, вахтер);
4) ақпараттық көмек көрсетумен (кітапханашы, экскурсия жүргізуші, лектор);
5) қоғам мен мемлекетті қорғаумен (заңгер, милиционер, инспектор, әскеримамандар) байланысты. Көптеген лауазымдар: директор, бригадир, цех бастығы – жұмыстары халықпен байланысты, сондықтан оларға да «Адам-адам» типіндегі мамандықтарға арналған талаптар қойылады.
Осы типтегі мамандықтардың адамға қоятын психологиялық талаптары: қатынастыққа ынталану; танымайтын адамдармен тез тіл табыса алуы; жұмыс кезінде адамдармен тұрақты жақсы көңіл-күйі; тілектес болу; қайырымдылық; ұстамдылық; эмоцияны тоқтата білу; айналасындағы адамдардың және өзінің мінез-құлқын талдау қабілеті, басқа адамдардын ойын және көңіл-күйін түсіну, адамдардың ара қатынасын түсіне білу, олардың арасындағы түсінбеушілікті жоюды білу, олардың өзара қатынасын жақсартуды ұйымдастыра білу; оймен өзіңді басқа адамның орнына қоюды білу, тыңдай білу, басқа адамның пікірін еске ала білу; сөйлеуді, мимиканы, дене қимылын игере білу; дамыған сөйлей алу, жақсы дамыған сөйлей алуы, әртүрлі адамдармен тіл табысу қабілеті; халықты сендіре алу қабілеті; тиянақтылық, дәлдік, жинақтылық; адамдардың психологиясын білу.
Мамандық таңдау адамның өзінің қабілеттілігі мен мүмкіншілігін бағалауға негізделген жеке талабының белгілі деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, мамандық таңдау, өзінің кәсіби тағдырын анықтау субъектінің жоғары белсенділігін талап етеді, қалыптасқан саналы психикалық өзін өзі реттеу деңгейіне, бақылау-бағалау аймағының даму деңгейіне байланысты болады. Өзінің кәсіби тағдырын анықтаудың ең маңызды факторлары:
- өзінің қасиеттерін адекватты бағалау қабілеті мамандық таңдау факторы ретінде;
- мамандық әлемін зерттей білу, кездейсоқ факторларға сүйенбей, мамандық туралы адекватты түсінік қалыптастыру қабілеті;
- мамандық таңдау кезінде өзіне ең басты деректі бөліп алу қабілеті, яғни факторлардың индивидуалды иерархиясын, мамндық таңдау жағдайын барынша адекватты бағалауды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |