Жоғары мектеп психологиясы



жүктеу 2,9 Mb.
бет12/12
Дата26.05.2018
өлшемі2,9 Mb.
#18018
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Екінші серия

Екінші серияның мәселесі: зерттелуші тұлғаға, оның ойынша, «оң» және «теріс» сапаларының ішінен оған тиістісін таңдау.

Зерттелушіге нұсқаулық: «Сіз жазған сол және оі жақтағы сөздерді мұқият қарап шығып, сіздің ойыңызша сізге тиісті қасиеттерді сызықшамен немесе галочкамен белгілеңіз».

Тұлғаны сипаттайтын қасиеттер тізімі

Жинақтылық, салақтық, ойланушылық, ашуланшақтық, түсінгіштік, өркөкіректік, өрескелдік, өмірсүйгіштік, қамқоршылық, көреалмаушылық, ұялшақтық, кекшілдік, адалдық, таңдамашылық, еркелілік, тез сенгіштік, баяушылық, қиялданушылық, күмәнданғыштық, кекшілдік, табандылық, нәзіктік, еркінділік, нервоздылық, батылсыздық, ұстай алмаушылық, жарқындық, ренгіштік, сақтық, ықыластылық, педанттық, қозғалушылық, күдіктілік, принциптілік, поэтикалылық, жексұрындық, ақ көңілділік, жүгенсіздік, парасаттылық, шешімділік, өзің ұмытушылық, ұстай алушылық, қайғыға ортақтасушылық, ұялғыштық, шыдамдылық, қорқақтық, қызықтырғыштық, табандылық, көнгіштік, салқындылық, энтузиазм.



Нәтижені өңдеу

Нәтижені өңдеу мақсаты – «оң» (СО+) және «теріс» (СО-) өзін-өзі бағалау бойынша коэффициенттерді табу. әрбір коэффициентті есептеу үшін бағандағы зерттелуші өзіне тиісті сапалар санын (М) берілген бағандағы (Н) барлық сапалар санына бөледі. Коэффициенттерді санау формулалары келесідей көрсетіледі:

М+           М-
СО+ = –– ; СО– = –– ; мұндағы
Н+           Н-

М+ и М- – зерттелушімен белгілеген оған тиісті «оң» және «теріс» сапалардың саны; Н+ и Н- – эталонды сапалардың саны, сол және оң жақтағы сапалар саны сәйкесінше.

Өзін-өзі бағалаудың деңгейі мен адекваттылығы алынған коэффициенттер негізінде кесте көмегімен анықталады.




СО+

СО-

Өзін-өзі бағалаудың деңгейі

1-0,76

0-0,25

Адекватты емес, жоғарыланған

0,75-0,51

0,26-0,49

Жоғарылануға тенденциясы бар адекватты

0,5

0,5

Адекватты

0,49-0,26

0,51-0,75

Төмендеуге тенденциясы бар адекватты

0,25-0

0,76-1

Адекватты емес, төмендетілген

Өзін-өзі бағалаудың деңгейін және оның адекваттылығын анықтауда, алынған коэффициенттің мөлшерін ескерумен қатар көптікті құрайтын сапалар санын да ескеру маңызды (Н+ және Н-). Неғұрлым сапа аз, соғұрлым сәйкес эталон да қарапайым. Сонымен қатар, «оң» және «теріс» өзін-өзі бағалау деңгейі кейбір зерттелушілерде сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл арнайы талдауды қажет етеді және тұлғаның қорғаныс механизмдерінің әсерінен тууы мүмкін.



Нәтижелерді талдау

Берілген екі өзін-өзі бағалауын зерттеу нұсқасында оның деңгейі мен адекваттылығы мұратты «Мен» және шындықтағы «Мен» арасындағы қатынасы ретінде анықталады. Адамның өзі туралы түсінігі, әдетте, объективті білімге немесе субъективті пікірге негізделгенге, шынында немесе жалғанға қарамастан дәлелді түрінде көрінеді. Адам өзіне қойған қасиеттері көбіне адекватты емес болады. Өзін-өзі бағалау процесі екі жолмен жүзеге асады:

1) өзінің құштарлықтарын деңгейін өзінің іс-әрекетінің объективті нәтижесімен салыстыру жолы және;

2) өзін басқа адамдармен салыстыру жолы.

Алайда, өзін-өзі бағалау әрқашанда субъективті сипатта болады, және де оның көрсеткіші ретінде адекваттылық пен деңгей бола алады.

Өзін-өзі бағалау адекваттылығы адамның өзі туралы түсініктердің және сол түсініктердің объективті негіздеу дәрежесін көрсетеді. Мысалы, өзінің сыртқы бейнесін бағалаудың адекватты еместігі бір жағынан адамның сытрқы стандарттар, бағалар және сол бағалардың бұрмаланған түсінігімен тудырылса, екінші жағынан оларды білмеуден де болуы мүмкін.

Өзін-өзі бағалау деңгейі өзі туралы шын және мұратты немесе қалаған түсініктердің дәрежесін көрсетеді. Жоғарылануға тенденциясы бар адекватты өзін-өзі бағалауды өзіне деген позитивті қатынаспен, өзін-өзі сыйлаумен теңестіруге болады. Төмен өзін-өзі бағалау, керісінше, өзіне деген негативті қатынаспен, өзін жеккөрушілігімен байланысты болуы мүмкін.

Адекваттылығы және өзін-өзі бағалаудың деңгейі туралы қорытындылар сенімді болады, егер нәтижелер әдістеменің екі нұсқасында да сәйкес келсе немесе байқаумен расталса.

Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру процесінде шындықтағы «Мен» образын мұратты «Мен» образымен салыстыру маңызды рөл атқарады. Сондықтан адам шындықта мұратты сапаларға жетсе, мұратты образ көлем мен когнитивті күрделілікпен ерекшеленбесе де, ол жоғары өзін-өзі бағалауға ие болады. Егер де адам бұл сипаттамалар мен шындықтағы жетістіктер арасындағы алшақтықты рефлекстенсе, оның өзін-өзі бағалауы төмен болады.

Өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға маңызды екінші фактор бағалардың интериоризациясымен және басқа адамдардың әлеуметтік реакцияларымен, сонымен қатар қоғамдық және тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі адамның таңдаған позициясымен байланысты. Адекватты өзін-өзі бағалау ішкі келісушіліктің қалыптасуына себеп болады.

Өзін-өзі бағалау және аданың өзіне деген қатынасы мотивация және тұлғаның эмоционалды ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалаудың әсерінен алынған тәжірибені интерпретациялау және адамның өзіне және басқа адамдарға деген үміттер қалыптасады.

Ішкі қарама-қайшылықтар мен өзі туралы бұрмаланған түсініктері адамда қайғы, қобалжу, кінәлау сезімі, ұят, реніш, жеккөрушілік, ашу сезімдерін тудыруы мүмкін. Өзіндік қатынас жүйесін гармонизациялау үшін психологиялық коррекция мен даму әдістері бар, оның біреуі – әлеуметтік-психологиялық тренинг болып табылады.




Мазмұны


1

Кәсіби білім беру психологиясы.

4

1.1

Кәсіби білім беру ұстанымдары.

4

1.2

Мамандықтар түрлерін жіктеу.

6

2

Кәсіби дамудың теориялары.

14

3

Студенттің психологиялық мінездемесі.

24

4

Студентті психологиялық зерттеу.

37

5

Мамандықтар жіктеуі және кәсібилік сынының бұзылуы.

52

6

«Экономика» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері.

59

7

Математик-студенттердің психологиялық ерекшеліктері

74

8

«Химия» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері.

87

9

«Юриспруденция» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері.

96

10

Гуманитарлы мамандықта оқитын студенттердің психологиялық ерекшеліктері.

109




Қолданылған әдебиеттер тізімі.

130




Қосымша.


132















жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау