Сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу ережесі



жүктеу 64,68 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі64,68 Kb.
#16882
түріСабақ


 

Ш.ЕСЕНОВ атындағы 

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 



 

 

 



Ғылыми кеңестің шешімімен 

(21.09.2017 № 1 хаттама) 



БЕКІТІЛГЕН 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ДӘРІС, ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАР), ЗЕРТХАНАЛЫҚ 

САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                            



АҚТАУ 2017 

 

 

 

 

 

 


 

 

1.  МАҚСАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1  Ш.Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік    технологиялар  және 

инжиниринг  университетінде  (бұдан  әрі  –  КМТИУ,  университет)  дәріс, 

тәжірибелік  (семинар),  зертханалық  сабақтарды  ұйымдастыру  мен  өткізу    

туралы талаптарды анықтайды.  

1.2 Дәріс, тәжірибелік (семинар), зертханалық сабақтарды ұйымдастыру 

мен  өткізу  ережесі  (ары  қарай  –  Ереже)  университет  ішінде  пайдалануға 

арналған.  

 

2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы Ережені әзірлеуде келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған: 

-  Қазақстан  Республикасы  2007  жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы» 

заңы (Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы толықтырулар 

мен өзгерістер енген); 

         - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 

Қаулысымен  бекітілген  «Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарты» (2016 жылғы 13 мамырдағы № 292  өзгерістер 

мен толықтырулар); 

         -  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2008 

жылғы 18 наурызындағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың 

үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау 

жүргізудің  үлгі  ережесі»  (2017  жылғы 30  қаңтардағы  №  36  өзгерістер  мен 

толықтырулар); 

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 

20  сәуірдегі  №152  бұйрығымен  бекітілген  «Кредиттік  оқыту  технологиясы 

бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі» (2016 жылғы 28 қаңтардағы 

№ 90 өзгерістер мен толықтырулар).  



 

           3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

3.1  Дәріске қатысты жалпы ережелер 



3.1.1  Дәріс  университетте  оқу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  және 

оқытудың басты формаларының бірі болып табылады. 

3.1.2  Кез  келген  дәрістің  жалпы  құрылымдық  өзегі  -  тақырыпты  дұрыс 

қою,  мақсатын  анықтау,  мазмұнын  жоспарлау,  дәріс  жоспарына  өз  бетінше 

жұмыс  істеуге  арналған  әдебиеттерді  ұсыну,  берілген  жоспарды  дәріс 

барысында қатаң сақтау. 

3.1.3  Университетте  дәріс  пен  тәжірибелік  (семинар),  зертханалық, 

студиялық  сабақтар,  білім  алушының  өзіндік  жұмысы,  оқытушының 

басшылығымен  орындайтын  білім  алушының  өзіндік  жұмысы  арасындағы 

кредиттер  көлемінің  арақатынасы  мамандықтардың  оқу  жоспарына  сәйкес 

айқындалады. 

3.1.4  Дәріс  оқуға  немесе  басқа  да  оқу  сабақтарының  түрлерін  өткізуге 

ғылыми  қызметкерлер,  еңбегі  сіңген  спорт  қайраткерлері  немесе  мамандық 



бейіні  бойынша  кемінде  5  жыл  практикалық  тәжірибесі  бар  тәжірибелі 

мамандар да тартылуы мүмкін. 

3.2 Тәжірибелік (семинар) сабақтарына қатысты жалпы ережелер 

3.2.1 Тәжірибелік (семинар) сабақтар пән бойынша білім алушының оқу 

жұмысының басты түрі болып табылады және мамандықтың оқу жоспарында 

қарастырылған кредиттер (сағаттар) көлемінде орындалады. 

3.2.2  Тәжірибелік  (семинар)  сабақтың  мақсаты  –  білім  алушылардың 

танымдық қабiлеттерін,  дербес  ойлауын  және  шығармашылық  белсендiлiгiн 

дамыту. 

3.2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтың міндеттері: 

- оқу пәнi бiлiмдерiн бекiту, тереңдету және кеңейту; 

- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдарын талдау/саралау 

әдiстерiне баулу/үйрету; 

заманауи  теориялық  және  ғылыми-техникалық  әдістер  мен 



құрылғыларды пайдалану іскерліктері мен дағдыларын меңгерту;  

- оқу пәнiнiң нақты тақырыбы бойынша әдебиет көздерін зерделеу/оқып 

үйрету және талдау/талдату. 

3.3 Зертханалық сабаққа қатысты ережелер 

3.3.1 Зертханалық сабақ пән бойынша білім алушының оқу жұмысының 

басты  түрлерінің  бірі  болып  табылады  және  оқу  жұмыс  жоспарында 

қарастырылған уақыт көлемінде орындалады. 

3.3.2  Зертханалық  сабақтардың  мақсаттары  –  нақты  тәжірибелік 

тапсырмаларды орындау үдерісінде білімдерді тереңдету және кеңейту, білім 

алушылардың  белсенділігін  және  өзбетінше  жұмыс  жасауын  дамыту, 

техникалық  құралдарды  пайдалану,  қондырғыларды,  конструкцияларды 

қолдану  дағдыларын  және  эксперимент  нәтижелерін  талдау  іскерліктерін 

меңгерту. 

3.3.3  Зертханалық  жұмыстар  оқу  пәнін  қалыптастыратын  тиіс  оқыту 

нәтижелері мен құзыреттерге бағдарланады. 

        3.4. Дәріс материалдарын дайындауға және оқуға қойылатын талаптар 

3.4.1 Дәріс мазмұны Болон үдерісіне негізделген білім беру нәтижелерін 

қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 

Дәріс  құзыреттерді  құраушы  -  білімдік  құраушыларды  (білу,  түсіну, 

қолдану,  талдау,  жинақтау,  бағалау)  білім  алушыларда  пән  бойынша 

қалыптастыруды,  сондай-ақ    іс-әрекеттік  (орындай  алу),  құндылық 

(сарапшылық) құраушылардың бағдарлы даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. 

3.4.2  Дәріс  материалдарын  дайындау  және  жүргізу  барысында 

төмендегідей ережелерді басшылыққа алу қажет: 

-  негізгі  ұғымдарды  беруі  және  оны  қандай  бағытта  терең  зерделеуді 

көрсетуі; 

- негізгі сұрақтары мен принциптерін белгілі ғылыми реттілікте қамтуы; 

-  ғылымның  теориялық  қағидаларын  практикамен  байланыстыру, 

ғылымның өмірмен байланысын әдістемелік дұрыс көрсету

- лектор білім алушыларда ғылыми ойлауды қабілетін қалыптастыру. 

3.4.3  Әрбір  курс  бойынша  дәріс  жоспары  мен  конспектісі  әзірленуі 

қажет.  Сонымен қатар, пәннің жұмыс бағдарламасында берілген тәжірибелік 

(семинар) және зертханалық сабақтардағы сұрақтарды/тақырыптарды қамтуы 

қажет.  Лектордың  дикциясы  мен  сөйлеу  мәдениеті  білім  алушының  дәріске 




қызығушылығын  тудыруы  тиіс,  ал  дәріс  конспектісі  лекторға  тек 

анықтамалық материал ретінде ықпал етеді. 

3.4.4 Дәрістің негізгі сипаттамалары: 

-  ғылымилығы, қатаң  дәлелділігі:  ғылым  саласының  проблемалық  және 

пікірталас тудыратын сұрақтарды қамтуы; 

-  мазмұнының  әдістемелік  дұрыс  құрылуы  және  тақырыптың  ұтымды 

мазмұндалуы; 

-  дәріс  материалдарының  мамандық  саласымен  байланысы,  бейіндік 

ғылымды  дамытуды  терең  түсіну  үшін  дәрісте  қарастырылатын 

қағидалардың дүниетанымдық және әдіснамалық мәнін негіздеуі; 

-  өзіндік  жұмыстарды  білімін  тереңдетуге  қызығушылық  тудыруы, 

монография мен журналдарды оқуға бағыттауы; 

Дәріс  мәтіні/тезисі  білім  алушылардың  дайындығын  қамтамасыз  ету 

үшін алдын ала беріледі. 

3.4.5 Дәріс оқуға қойылатын негізгі талаптар:  

- берілген  ақпараттың  жоғары  ғылыми  деңгейде  болуы,  оның 

дүниетанымдық маңыздылығы; 

- әдістемелік  жағынан  өңделген,  көлемді  нығыз  жүйеленген  жаңа 

ғылыми ақпарат; 

- айтылған пікірлердің дәлелді болуы; 

- келтірілген мысалдар мен фактілердің, құжаттардың қажетті мөлшерде 

болуы; 


- айтылған  ойдың  түсініктілігі,  тыңдаушылардың  ойлау  қабілетін 

арттыруы,  қарастырылған  мәселе  бойынша  өзбетінше  жұмыс  істеуге 

арналған сұрақтар қою; 

- қойылған мәселені шешуге айтылған әртүрлі көзқарастарды сараптау; 

- білім  алушылармен  байланыс  жасап,  дидактикалық  материалдар  мен 

техникалық құралдарды пайдалана білу. 

- қорытындыларды тұжырымдау; 

- текст-конспект, блок-сызба, кесте, графиктерді пайдалану; 

- оқытудың заманауи техникалық құралдарын толық мәнді пайдалану. 

3.4.6  Дәрістің  сапалық  мазмұнын  жетілдіруге  білікті  оқытушылардың 

ашық  сабақтары,  мастер-класстар,  сондай-ақ  әдістемелік  семинарлар  ықпал 

етеді. 


3.4.7  Дәріс  сапасын  бақылауды  кафедра  меңгерушісі, факультеттің  оқу-

әдістемелік бюро жетекшісі жүзеге асырады. 

         3.5  Тәжірибелік  (семинар)  және  зертханалық  сабақтарды  өткiзу 

формалары. 

3.5.1  Тәжірибелік  (семинар)  сабақтарының  құзыреттерге  негізделген 

білім беру бағдарламасын меңгертуге бағыттауы. 

Тәжірибелік  (семинар)  сабақтар  пәннің  құзыреттерге  негізделген  білім 

беру 


бағдарламасына 

сәйкес 


оқыту 

нәтижелеріне 

жету 

үшін 


ұйымдастырылады,  пән  бойынша  анықталған  құзыреттер:  білімдік,  іс-

әрекеттік  және  құндылық  сала  құраушыларын  білім  алушыларда 

қалыптастыруы тиіс. 

3.5.2 Тәжірибелік (семинар) сабақтарды өткiзу формалары: 

- алгоритмдерді өңдеу және iске асыру

- ЭЕМ-нiң бағдарламаларының мәтiндерiн жазу; 




- технологияны, схемаларды, кескiндi нысандарды әзірлеу; 

- түйiндерді, тетiктерді, жүйелердi есептеу; 

- тақырыптық тапсырмаларды, есептердi шешу; 

- жаттығуларды, практикалық жұмыстарды орындау; 

-оқылатын  оқу  пәндерiнiң  (шетел  тiлi,  кескiндеме  және  тағы  басқалар) 

ерекшеліктеріне  сәйкес  басқа  да  педагогикалық  іс-әрекет  түрлерi  болуы 

мүмкін. 

3.5.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтарын өткiзудiң формалары: 

-  оқу  пәнiнiң  ең  маңызды  тақырыптары  бойынша  білім  алушылардың 

хабарламалары мен баяндамаларын талқылау;  

- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң нақты сұрақтарын талқылау; 

- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау; 

- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау; 

- конструктивтiк пiкiрталастар; 

- семинар – «дөңгелек стол»; 

- семинар – «ақылдасу»; 

- семинар – «топсеруен»; 

- «аз топтардың» әдiсi; 

- «баспасөз мәслихаты» әдiсі; 

- «түпдеректердi түсiндiру» әдiсі; 

- семинар - iскерлiк ойын; 

-  оқылатын  оқу  пәндерiнiң  ерекшеліктеріне  сәйкес  басқа  да 

педагогикалық іс-әрекет түрлерi болуы мүмкін. 

3.5.4 Білім алушылардың орындауы бойынша  зертханалық сабақтардың 

тапсырмалары: 

- теориялық курстарға сәйкес таныстырылатын

- формалды әдістер негiзiнде жаңа ақпаратты алу үшін талданатын; 

-  тәжірибелік  жұмыстарды  өткізу  нәтижесінде  жаңа  ақпаратты  алумен 

байланысты шығармашылық, т.б. болып бөлінедi. 

3.5.5 Зертханалық сабақтарды өткiзудiң формалары: 

- әр түрлi тәжiрибелердi жүргізу; 

- алгоритмдерді әзірлеуі мен iске асыру; 

- ЭЕМ бағдарламалары мәтіндерін жазу;  

құбылыстарды,  жүйелерді,  схемаларды,  үдерістерді  зерделеу 



мақсатымен талдау; 

қондырғыларды  және  техникалық  құралдарды  пайдаланумен 



үдерістердi  зерттеу,  ұтымды  шешiмдердi  iздестiру  т.б.  педагогикалық  іс-

әрекеттер болуы мүмкін. 



          3.6  Тәжірибелік  (семинар)  сабақтарды  ұйымдастыру  мен  өткiзуге 

қойылатын талаптар 

  3.6.1  Тәжірибелік  (семинар)  сабақтары  кафедра  меңгерушiсі  бекiткен 

әдiстемелiк  нұсқаулармен

 

қамтамасыз  етілуi  керек.  Сабақтарды  өткiзуде 



әдiстемелiк нұсқаулардың электрондық нұсқалары да қолданылады. 

  3.6.2  Семинар  сабақтарына  қойылатын  ұйымдастыру-әдістемелік 

талаптар: 

-  семинар  сабақтарын  курстың  сәйкес  тақырыбы  бойынша  дәріс 

оқылғаннан кейін өткізу; 

- семинар сабақтары жоспарларының курс бағдарламасына сәйкестілігі; 




- семинарда қарастырылатын сұрақтардың шектеулі (2-3) болуы; 

- сабақ жоспарына рефераттар мен баяндамаларды қамтуы; 

- тақырып бойынша әдістемелік нұсқаудың болуы

-  сабақта  демонстрациялайтын  материалдардың  (схема,  плакат, 

диаграмма, техникалық құралдардың және т.б.) болуы. 

 

      4.  БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ   

 

4.1 Дәріске қатысты білім алушы мiндеттi: 



-  дәрістің  мақсаты  және  міндеттерімен,  оның  мазмұнымен  алдын  ала 

танысуға, зерделеуге;  

-  әдiстемелiк  нұсқаулықтарға  сәйкес  теориялық  материалмен  жұмыс 

iстеуге, дайындалуға; 

- дәріс  оқу жұмысына белсенді қатысуға. 

4.2 Тәжірибелік, семинар сабақтарға қатысты білім алушы мiндеттi: 

- сабақтардың алдында тапсырмамен, оның мақсаты және міндеттерімен 

танысуға; 

-  әдiстемелiк  нұсқаулықтарға  сәйкес  теориялық  материалмен  жұмыс 

iстеуге; 

- сабақ барысында белсене жұмыс iстеуге;  

- тапсырманы сапалы орындауға;  

-  әдiстемелiк  нұсқауларға  сәйкес  сабақтың  өткiзілуіндегі  нәтижелердi 

рәсiмдеуге. 

4.3 Зертханалық сабақтарға қатысты білім алушы міндетті: 

-  жұмысты  орындаудың  алдында  тапсырмамен,  оның  мақсатымен  және 

міндеттерімен танысуға; 

жұмыс  бойынша  бiлiмдердi  меңгеруге  қажеттi  теориялық 



материалдармен жұмыс жасауға; 

-  қажеттілік  бойынша  қауiпсiздiк  техникасы  және  еңбектi  қорғау 

ережелерiмен танысуға; 

- жұмысты жүргізуге оқытушыдан рұқсат алуға

-  жұмысты  тапсырма  мен  әдiстемелiк  нұсқауларға  сәйкес  жұмысты 

орындауға; 

-  жұмыс  нәтижелерін  әдiстемелiк  нұсқауларға  сәйкес  рәсiмдеуге  және 

оны оқытушы алдында қорғауға. 

 

             5.  ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІК   

 

5.1 


Университеттің 

осы 


ережесінің 

талаптарының 

кеңінен 

талқылануына,  әдістемелік  нұсқаулықтардың  әзірленуіне  және  олардың 

дәрісханалық  оқу  жұмыстарында  басшылыққа  алынуына  оқу-әдістемелік 

бөлім, факультет декандары, факультеттің оқу-әдістемелік бюро жетекшілері, 

кафедра меңгерушілері мен пән оқытушылары жауапты болып табылады. 

5.2  Осы  ереже  талаптарының  орындалуын  оқу-әдістемелік    жұмыстар 

жөніндегі проректор қадағалайды. 

 

         



 


           6. КЕЛІСУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ   

 

6.1  Осы  ережені  талқылау  және  келісу  Оқу-әдістемелік  кеңес 



отырысында жүзеге асырылады және хаттамамен рәсімделеді. 

6.2  Осы  университет  ережесінің  жұмыс  данасын  сақтау, тираждау  және 

қолданушыларға  жіберу  жауапкершілігі  университет  кеңсесіне  жүктеледі. 

Осы  университет  ережесінің  жұмыс  нұсқалары  факультет  декандарына, 

кафедра меңгерушілеріне жіберіледі. 

  

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жүктеу 64,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау