10 Гуманитарлық мамандықтар студенттерінің психологиялық ерекшеліктері
«Философия» мамандығы студентінің ерекшеліктері
Адам – ақыл-парасатты әлеуметтік жан. Оның іс-әрекеті мақсатты болып келеді. Осы қиын өмірде мақсатты іс-әрекет жасау үшін көп білу жеткіліксіз, бұл үшін адам қызығушылығы мен рухына сәйкес дұрыс мақсат мен шешім қабылдай ала білуі керек. Бұл үшін ең алдымен, дүниені терең және дұрыс түсіне алуы – жеке және жалпы мақсаттарды таңдай отырып, оларға жетудегі әрекет әдістері болып табылатын дүниеге көзқарас болуы қажет. Қоршаған ортаға бейімделу мен оны өзгертуге адамға ғылым көмектеседі. Сонымен, физика – энергияның бір түрін екіншісіне өзгертуге мүмкіндік береді, химия – табиғатта жоқ заттарды синтездеуге үйретеді және т.б. Бұл барлық пәндер дүниені түсінуге көмек берседе, олардың біреуі немесе барлығы да дүниеге деген көзқарасты алмастыра алмайды. Соңғысы ғылым жетістіктерінің негізінде ғана қалыптаспайды, сонымен қатар қоғамның оның мәдениетінің тарихи тәжірибесіне, өмір салтына, әлеуметтік даму деңгейіне сүйенеді. Бұның барлығы ерекше білім жүйесі – философияны құрайды.
Философиялық мәселелердің негізі – адам өмірінің мағынасы мен мақсаты, жоғарғы өмірлік шындық пен байлықты іздеу мен қабылдау болып табылады.
Философияға жақын және үндес естің формасы – дін, бірақ олардың арасында айырмашылық бар. Философия өзінің шындығын дәлелдегісі келеді, ал дін болса оны сенімге шағымданады. Дін - бұқаралық сана, ал философия - рухтың таңдаулы түрі.
Үш мыңжылдық тарихы бар философия болмыс пен сананы сынға алып отырды.Үлкен философтар үкіметпен, бір-бірімен дауласып, дауласу өнерін үлкен деңгейге жеткізді.
Бұл дауда материалистік және идеалистік дейтін бір-біріне қарама-қарсы жақтар пайда болып, өркен жайды. Біріншісі ежелгі Грецияның философы Гераклиттің: «әлемді құдайдың ешқайсысы да, адамдар да құрамады, ол баяғыдан бар және бола береді» сөзінен көреміз. Екіншісінің мәнін Библиядан білеміз: «Ең алдымен Сөз түзелді және сол Сөз Құдай болды».
Негізгі философиялық бағыттар арасындағы дау мыңжылдықтар бойы жүруде, бірақ әр жоғары сатысында білімнің және мәдениеттің дамыған дәуірінде жаңадан болды.
Философиялық білімнің спецификасы ( яғни ғылыми білімнен айырмашылығы) ғылыми шындықтың барлығына бірдей юолып келуінде. Ал философия болса, өзі пайда болған мәдениет, жердің ерекше тәжірибесін көрсетеді.
2004 жылдың 1-қыркүйегінде қабылданған ҚР-ның мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандартына сәйкес «Философия» мамандығын бітірушінің кәсіби түрі мен сферасы болып табылатындар.
Сфералары:
білім;
ғылым;
басқару сферасы;
- этносфера;
- әлеуметтік және мәдени институттар.
Түрлері:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- координациялық;
- консультациялық;
- білім берушілік (педагогикалық);
- ғылыми-зерттеушілік;
- эксперименталдық-зерттеушілік.
Бітіруші келесі қызметке ие бола алады:
- философия, этика, логика және тағы да басқа философиялық пәндерді оқытушы;
- әлеуметтік және мәдени жұмыс сферасында референт, менеджер болуға;
- мемлекеттік құрылымда, қоғамдық қозғалыстарда және бірлестіктерде эксперт, әлеуметтік аналитик болуға;
- халықтық қозғалыстар, халықаралық қатынастар, халықтың көші-қоны, халықтық менталитеті мәселелері бойынша ұйымдарға кеңес беретін антрополог және этнолог;
- ғылыми – білім берушілік және әлеуметтік фондтардың маманы.
Ол келесі кәсіби әрекетінің міндеттерін орындауға дайын болуы керек:
• гуманитарлық мәдениет, этикалық және құқықтық нормалар, адама, қоғамға, қоршаған ортаға қатынасты реттейтін жоспарлық үрдісті иемденуді қамтамасыз ету;
• ақпаратты ғылыми жақтан табу мен қорыта алуға негізделген творчестволық ойлауды құру және жетілдіру, өзінің интелектуалды ресурстарын мақсатты ұйымдастыра алып, үнемі жаңа білім алу;
• социогуманитарлық әрекетке қажетті: қатынас жасау, толеранттық, комммуникабельдік, аналитикалық жақсару және практикалық іскерліктердің тауып алуы
• Толық құнды және сапалы кәсіби білім алу, кәсіби жете білушіліктің замандас социогуманитарлық ғылым және қызметтің аумағында эффективті жоғарылауы.
Маңызды құзыреттерге қойылатын талаптар: Маман тиісті:
• көзге елестете алуы керек:
- тірі және тірі емес табиғаттың, әлеуметтік өмірдің процестері және құбылыстары туралы;
- кәсіпшілік мақсаттардың шешіміне арналған тану әдістеріне ие болу .
• білуі керек:
- философияның негізгі тарихи даму кезеңдерін;
- философиялық теориялар, заңдар және философия принциптері методологиялық танудың берік ұғымдары.
• істей ала білуі:
- жаңа білім беру және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа білімдерге ие болу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру;
- өзінің кәсіби қызметі аясында әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар әдістерін қолдану;
- тарихи өткен шаққа қатысты құнды қатынас бойынша сұрақтарға өз көзқарасын айту және дәлелдеу.
• дағдылардың болуы:
- процестер мен құбылыстар жағынан алғанда элементтер талдауының, қатынастың, ұйымдық принциптердің, синтездің, бірегей коммуникациялар өңдеулерінің, жоспар және операциялардың жүйелілігі, бағалаулар, нәтижені құру.
• құзыретті болу:
- өз мамандығы аясында білімді, методологиялық жағынан дайын.
• дайын болу:
квалификациясын жоғарылату, кәсіби білім алу, әлеуметтік - гуманитарлық мамандандыруды игеру.
Ғалым философтың кәсіби маңызды сапалары.
Ғылым әртүрлі теориялық позициялардан ғалым философтардың жекелік ерекшеліктерінің психологиясын зерттеуіне қайта-қайта бұрылды. Ғалым философ жұмысын оған адамдар мен оқиғалардың әсермен ескертілінген процесі ретінде қарау өте жақсы екі принципшіл жақын келулердің аясында жүргізіледі. Біріншісі –, жеке бейімділіктер, жоғары бағалаулар және жеке адам қабілеттіліктері ең басты мәселе ретінде тұрған жекелік, ал екіншісі ғалым философты құрайтын қатынас процестері мен әлеуметтендіру факторлары. Жекелік жақын келу аясында негізгі назарға әртүрлі қолдап дем берулердің, мотивация мен басқа адамдармен контактілердің арқасында ғылыми жұмысты сайлау зерттеуге алынады. Екінші жақын келуде күтілетін жеке адам күтетін әлеуметтік сыйлық берулер мен қолдау тап осы мамандықтың әлеуметтік статусы өте маңызды. Әлеуметтену үрдісінде алғашқы мақсаттар және жаңа тәжірибені, білімдерді және өзгерілетін шарттар тұрақты түзетуге душар болады. Сонымен қатар ерте жаста оқу барысында ұйымдасқан саналы және санасыз аспектілер қайта құрылады. Бұл қайта құру кәсіби ғалым философ роліне қойлатын талаптармен сәйкестікте болады.
Ғалым философтарды екі топқа бөледі: өз мамандықтарында жетістікке жеткен, белсенді ғылыми - зерттеу қызметімен шұғылданатын кәсіпқойлар және даярлайтын кезеңдегі ғалым философ сияқты кәсіпқойлар. Соңғыларға сонымен қатар ғылымға арналған әр түрлі әлеуметтік немесе психологиялық тестілердің нәтижесінде перспективті саналған студенттер жатады.
Ғалым философтың мамандықты таңдаудың негізгі алғы шарттарын америкалық психолог Б. Т. Эйдрюсон көрсетеді:
1. болашақ ғалым философтың дүниеге келген және өскен жанұялық шарттары және тегі, өмір салты және әке-шешелердің қызмет етуі, ортаның мінез-құлқы.
2. мектеппен және академиялық ортамен байланысты балалық шақ оқиғасы.
3. әлеуметтікпен ортамен әрекеттескен жеке адамның интеллектуалды және эмоционалды ерекшеліктері.
Ғылыми философиялық қызметке дайындау үшін студенттерді сұрыптау әрқашан мақұлдауға келмейді. Болашақ ғалым философқа қандай жекелік сапалар және қабілеттіліктерді меңгеру керектігінің дәрежесі есеп берілмейді.
Творчестволық қабілеттіліктердің мәселелері жоғары мектеп мақсаттары негізінде М. Хантер еңбектерінде көрсетілген. Ол творчестволық зерттеушіге тән бес негізгі қасиеттерді белгілейді:
1. назар күрделіге және белгісізге.
Творчестволық зерттеушіні жаңалық ашу мүмкіншілігі болатын, аз танылған немесе белгісіз феномендер тартады.
Оқытушыларға студенттерге бұл бейімділіктерді тәрбиелеу үшін оңайлатылған үлгісіз ойлауды қарама-қарсы догматтық ориентациямен көтермелеуі керек. Күрделі және белгісіз құбылыстардың алдында психологиялық алаңдауды азайту мақсатмен арнайы жаттығуларды қолдану пайдалы болып табылады.
2. Ашық перцептуалдық.
Қабылдаудың перцептуалды түрі творчестволық дарынды адамдарға тән, ал аз творчестволық қабілеттіліктері бар индивидтер бағалау пікіріне тартылады. Бағалық хабардар болу тар принциптар мен категорияларға негізделген оңайлатылған, мұқият жоспарлап қойылған өмірге алып келеді, сол уақытта перциптуалды жүріс ішкі сол сияқты сыртқы дүние аясында ашық тәжірибеге көбірек алып келеді. Ашық перцептуалдылық қасиеттердің бүтін кешенін түсінуге рұқсат етеді.
Әйтсе де, ашық перцептуалдылық белсенді творчестволық ізденіс пен критикалық қатынас уақытша болатынын М. Хантер айтқан. «Үйден кету» сияқты адамның сезімдерге берілуі ашық бағалаусыз сезіну сияқты белсенді емес әдістер де бар.
«Кетудің» әртүрлі әдістері медитацияның дзен және йога секілді пәндерімен жасалған. Олардың мақсаты – адамды ол бұрын көңіл бөлмеген сапаларға, сезімдер мен ойларға сезімтал етіп, қалыптасқан қабылдауларды жою. Фантазия мен ойлардан арылуға септігін тигізетін әдістерге автор гештальтпсихологиның жаттығуларын, «мидың жаулауы» және тағы да басқаларын жатқызды.
3. Сұрақтар қоюға әдеттену.
"Творчестволық қатынастың негізгі және қажетті шарты таң қалу, араласқан мәселелер мен білімдегі аралықтарды көре білу болып табылады", бұл әдіс индивидті сұрақ қоюға ынталандырады.
Автор бұл творчестволық ойлаудың формасын табу мен дамыту үшін сұрақтарды құрастыру, себеп пен нәтижесін анықтауды құрайтын «Сұра да тап» тестін ұсынады.
4. Ғылымның дамуына деген жауапкершілік сезімі.
Творчестволық зерттеушілер өздеріне білімді өндіру үрдісіндегі негізгі қатысушылар деп қарайды және философияны жеке және оларсыз болатын ішкі феномен деп санамайды. Оларға философияға деген жауапкершілік сезімі тән.
Жауапкершілік сезімін зерттеу үшін автор философтың ғылыми творчестволық үрдісін білуге ұсыныс береді.
5. Өнімнің ғылыми философиялық сапалылығы.
Творчестволық зерттеушіні өнімділік қана ерекшелемейді, сонымен қатар оның ғылыми философиялық өнімділігі. Осымен байланысты сапалық анализге негізделген жұмыстың сапалы творчестволық критериін құру негізгі мәселенің бірі болып табылады.
Жеке адам білімдердің ең аз деңгейін түсінген соң, оның жоғары ақылы творчестволық өнімділіктің деңгейіне лайықты болуға кепіл бермейді. Кейбір жеке сапалар ғылыми қызметке тікелей қатынасы болмағандықтан, творчестволық ойлауға және ғылыми шығармашылыққа бейім болатынын естен шығармау керек.
К.А.Рамулдің мақаласында ғалым мамандығын психологиялық талдау үшін жалпылай көзқарас берілген, ең алдымен, ғалым философты кәсіби қызметі арқылы анықтау, кейбір жекелік сапалар мен кейбір қабілеттіліктер әрбір ғалым философтың қажетті немесе маңызды ғылыми - зерттеу жұмысына қажетті.
Әрбір ғалым философқа қажетті немесе маңызды болып табылатын келесі жеке сапаларды есептеуге болады:
1. Спонтанды әуестік (білуге құмарлық) .
"Философ адамда" жеткілікті өлшемде білімге деген "дәм" дамыған болуы тиісті. Ғалым философ үшін жанды әуестік ең алдымен екі қатынаста маңызды. Бұл ол үшін, біріншіден, оған қажетті арнайы білімдерді меңгеруге арналған негізгі стимулдардвң біреуі, екіншіден, оның ғылыми - зерттеу жұмысына арналған маңызды стимул болып келеді.
2. Ұзаққа созылған проблеманың шешіммен шұғылдану қабілеттілігі.
Ғалым істес болатын проблемалар күрделі және қиындығы сондай оған олардың шешімін тек ұзаққа созылған және қажымайтын еңбек жолымен табуы мүмкін. Бөлек проблема шешіміне ғалым философпен жұмсалған уақыт жұмысында өзіне қатал талап қоятынынан көрінеді.
3. Ғылыми дарындылықтың салыстырмалы биік дәрежесі.
Ғылыми дарындылық келесі қабілеттіліктердің дамуын болжайды: а) жад, ғалымға жақсы жадқа ие болу өте маңызды, осымен орайлас жылдам және жеңіл ұғып алу қабілеттілікпен ұзақ және жақсы есте сақтау қабілеттіліктермен салыстырмалы болып келеді;
б) творчестволық ойлау. Ғылыми зерттеулердің негізгі мақсаты - жаңа бірдеңе табу. Ұқсас мақсаттардың шешіміне ең алдымен белгілі үлесте ойлап тапқыштық, творчестволық белгілі ойлауға қабілеттілік, осыдан ғалымға қажетті жеткілікті дәрежеде осындай жеке сапаларға ие болу.
Көптеген оқиғаларда ойлап тапқыштық немесе творчестволық ойлау ғалымға жаңа нақты деректерді ол зерттеп жатқан құбылыстардан алуы керек (жаңа және жетілген әдістер мен техникалық құралдарды, бақылаулар, тіркеулер және құбылыстардың өлшеулері және т.б. өңдіру). Әртүрлі адамдардың творчестволық ойлауына деген қабілеттілікті бағалау үшін екі белгіні пайдалануға болады:
а) ойлау арқылы мақсаттарды тез шешеді және;
б) олар ойлау арқылы мақсаттарды шеше алатын қиын дәрежесі. Ғалым адамда көбірек қиын есептерді шешу қабілеттілігін оның жылдам есептеуінен ерекше бағалауы керек. Осыдан егде адамдар есептерді шешу шапшаңдығынан жастардан артта қалуда, қабілетті ойшылдарға есептерді тезірек жасауға ешкім де асықтырмайды;
в) қиял. Жанды қиялға ие болу - ғалымға көз алдына жаңашыл идеяны келтіру қабілеттілігі көрнекті, ертерек тәжірибеде кездеспеген немесе біршама белгілі шарттар маңызды. Қиял, әсіресе, ғылыми - зерттеу жұмыс фазаларында, жаңа техникалық лайықтауларды құрастыру, "ойдағы тәжірибе", болжамды құру және тексеру және т.б. маңызды рольді ойнайды;
г) байқағыштық. Сонымен қатар ғалым философ оған керек немесе пайдалы бола алатын бақылаушы қабілеттілігіне ие болуы керек. Сондай қабілеттілікке, ең алдымен, жеткілікті жақсы көру және есту, сонымен қатар назардың белгілі қасиеттері: назар таратуына қабілеттілік , бір заттан басқаға жылдам ауыстырып қосуға қабілеттілік, назар тұрақтылығы және тағы басқаларын болжайды.
4. Адамның жеке бейнесі.
Ғылыми - зерттеу жұмыс табысына арналған ғалым философқа ғылыми дарындылықтан басқа адамның жеке бейнесі болуы керек. Оларға, бір проблема шешімімен шұғылдану ұзаққа созылған уақыт аралығында әуестік пен қабілеттіліктен басқа, келесі бейнелерді жатқызуға болады:
а) өз жұмысына деген қатынасы мен мақсаттарына деген энтузиазм. Нағыз ғалым философ үшін бірінші орында ғылыми жұмыс назарлары және ол қызмет ететін істер болуы керек. Тек қана мына шарттар жанында толық құнды ғылыми жұмыс мүмкін;
б) ықылас - қабілеттілік және ұзаққа созылған және шыдамды еңбекке бейімділік. Бірақ ғылыми жұмыста "бақытты ойдың" болуы мүмкін, бірақ сондай ойлар әдетте жүзеге асыру немесе қолданардан бұрын мұқият тексерулер және өңдеулерді талап етеді;
в) тәртіптілік. Ғалым философ "қалай да болса" деп өз уақытын айқын бөлмесе, өз қызметін айқын жоспар мен жүйені ұстанбай, "ғылыми жұмыс техникасын" және т.б. пайдаланбай жеткілікті табысты жұмыс істей алмайды;
г) біреуді және өзін сынауға қабілеттілік. Жеке ғылыми проблема шешімінде әрбір жұмыс істеуші оқыған философ жұмыс нәтижелерінің тиянақты сын зерттеуінен өз зерттеуін бастаса мүмкін бола алады. Сынсыз зерттеу ғылымда тек қана тоқырауға ертіп әкеле алады. Бірақ ғылыми жұмыс табысы үшін қателер және өз жұмысындағы жетіспеушіліктерге деген өз өзіне сын айту қабілеттілігі маңызды;
д) беспристрастие. Қандай дәрежеде біздің сезімдеріміз, тілектеріміз, үміттеріміз, қорқынышымы және т.б. біздің көзқарастарымызға және сенім, объективті шындықтың жағына әсер ете алатыны бәріне де белгілі. Шындықтан осындай ауу қауіп-қатері, жеке сезімдермен, тілектермен және т.б. ескертілінгенді, әрдайым ғалым үшін практикалық парықсыз зерттеулер ол үшін тоқтап, қалай болғанда жеке "жанап тию"бастау көрінеді;
е ) адамдармен тату тұру іскерлігі.
Ғалым философқа оның ғылыми - зерттеуінің тұрақты немесе уақытша жұмысында басқа адамдармен жұмыс істей алуы керек. Сондықтан басқа адамдармен сыйысу, тату болу қабілеттілігі ғылыми - зерттеу жұмыс табысы үшін ғалым философқа қажет. Мынау адам бейнесі бүтін зерттеу ұжымын басқаратын ғалым жұмысы үшін әсіресе маңызды. Бұл бейне ғалым философтың педагогикалық жұмыстарының табысы үшін өте маңызды болып келеді.
Культуролог студентінің кәсіби сапалары.
Культуролог қызметі әртүрлі қоғам сфераларында және әлеуметтік институттар көрсетілетін мәдениет динамикаларын ғылыми зерттеуге бағытталған, мемлекеттік өкімет жүйесінде басқару органдарының қызметін, қоғамдық ұйымдарда және үкіметсіз құрылымдарда, оқушы жастар білім алатын және тәрбиелік потенциал жоғарылауына жалпы орта білім жүйелерінде, көрсетілетін толассыз оқуға даярлықта, жаңа білімдердің тауып алуына, дербес шешімдердің қабыл алуына, іскерлікке, еңбекті тіршіліктің біреуі ретінде қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Культуролог студенттерінің білімділік деңгейіне талаптар:
Мәдени мәнді проблемалар және процестерді талдау қабілеті, мәдени қызмет түрлерінде бұл әдістерді әртүрлі ғылымдардың аясында қолдана білуі;
ойлау мәдениетіне ие, оның жалпы заңдарын біледі, оның нәтижелерін жазбаша және ауызша түрде дұрыс (қисынды) формаға келтіруге қабілетті;
3) қатынас мәдениетіне ие;
4) жұрт алдында сөз сөйлеу дағдылары болады;
5) зерттеу қызмет дағдыларына ие.
Әлеуметтік - этикалық құзыреттер талаптары:
Мәдени жағдайды толық жетілдіруімен кепілдемелерді өңдіретін дағдылардың болуы;
мәдени жағдайды өзгертуді талдау мен болжамдауды білуі;
3) социомәдени коммуникация тәсілдеріне ие болады;
4) қоғамдық - саяси, әлеуметтік - экономикалық процестердің, стратегиялық мақсаттар және саясаттың мәдени есептерінің дамуында салынған тенденциялардың негізінде табу;
5) елдердің және аймақтардың социомәдени жағдайын талдауға арналған жеткілікті теориялық дайындау;
6) мәдениет қызметкерлерінің басқару әрекет деңгейінің жоғарылауына жағдай жасау.
Экономикалық және ұйымдық - басқару құзыреттіліктеріне талаптар:
1) Елдердің және аймақтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау үщшін жеткілікті теориялық дайындықтың болауы;
2) басқару қызмет деңгейінің жоғарылауына қатысу;
3) демократиялық қоғам құндылықтарында, демократиялық қоғамда өмір стильдерінде хабардар болу.
Кәсіби құзыреттікке қойылатын талаптар:
Социомәдени шындықты зерттеуде ұғымдардың иерархиясын, категорияларды, заңдарды, реттілікті, ойларды логикалық түрде байланыстыра біледі;
мәдениеттердің инвариант негіздері мен диалог принциптарын түсінеді;
3) классикалық логика, негізгі бөлім – классикалық емес логика, шын ой жүгіртулердің тан қаларлық заттары, аргументтік процесс, қабылдаулар және дисскусийны басқару тәсілдері, полемика аясында іскерлік және айқын дағдылар болады;
4) оқулық - әдістемелік, ғылыми - зерттеу, ұйымдық - басқару, эксперттік- кеңестік жұмыс дағдыларымен, қатынас мәдениетімен, жеке адам аралық қатынастың және ұжымдағы жұмыстар, әртүрлі логиканы практикалық талдау, жұрт алдында жұмыс істеу дағдылары, дәлелдемелер, дисскусий мен полемика жүргізу, ғылыми - әдеби және редакторлық жұмысттарды жүргізе алады.
Сайып келгенде, культуролог студентіне олардың мамандығына сай үлкен талаптар қойылады.. Талаптардың ең бір негізгілері - логикалық ойлау, талдау, қатынас іскерліктердің жоғары дәрежесі, жұрт алдында сөз сөйлеу дағдылары және т.б.
Әлеуметтану мамандығы енді ғана шыға бастағанына қарамастан бүгінгі таңда өте танымал.Әлеуметтану факульлетіне түсу мәртебе болып саналғанымен ол оңай шаруа емес.
Соңғы уақытта әлеуметтанушыларға деген сұраныс жоғарылап кетті.Олар бизнес саласында (әсіресе,аумақты компаниялар мұқтаж болады) саясатт,және ғылымда үлкен сұранысқа ие.Әлеуметтану факультеті түрлі деректерді,көрсеткіштерді терең әрі сапалы түрде талдай білетін және сол алынған қорытындыны әлеуметтік экономикада,саясатта (ең бірінші саясаттағы сұраныстар) және маркетинг әдістемелінде қолдана білетін жоғары санатты мамандарды дайындауға шақырады.Әлеуметтану дипломы бар адам зерттеу саласында жүргізілетін жұмыстар туралы керекті білім мен қабілет,біліктілік иегері. Әлеуметтанушы-бұл ең алдымен ақпарат маманы,ол ақпаратты жинап қана қоймай,оны сауатты түрде өңдеуі қажет. Керек десеңіз дәстүрлі зерттеу сұраныстарында да үлкен жұмыстар жүргізіледі.
Әлеуметтанушы-бұл қоғамдық ауруды емдейтін дәрігердің дәл өзі деп айтсақ та болады,ол алдымен диагнозын анықтайды,сосын не істеу керектігін айтады. Бұл барлық салада жүргізіледі. Мысалы экономиканы алып қарайық. Қазіргі таңда барлық компанияның қызметі маркетингті зерттеу жұмысынан басталады. Мұнда да барлық әдістер мен әдістемелер әлеуметті тануда. Керек десеңіз қазір арнайы тұрмыстық әлеуметтану бар,ол адамдардың жаңа өнімге деген сұранысы мен көзқарасын анықтайды.Саясатта да әлеуметтану соңғы сатыда тұр деп айту қиын. Егер саясаткер қоғамның ойы мен оған әсер етер жолды білмесе,қалай тиімді тұжырымды ойлап шығарып пайдаланар еді? Әлеуметтану туралы білім мекеме басқаруда да қажет.Қол астында көптеген жұмысшысы бар кез келген фирма жетекшісі ұйымның ұйымшыл болуына қам жеу керек.Бұл жерде де әлеуметтанушы маманы қажет.Әлеуметтанушы әртүрлі бөлімшелердің өзара байланысы мен тәжірибе алмасуларын жете түсініп,жеке тұлғалардың қарым-қатынасын бақылап,мамандар арасында жүргізілетін ішкі саясатпен айналысуы керек. Әлеуметтанушы мәдениет, бизнес, жарнама, саяхаттық және т.б.салады қызмет атқаруына болады.Бірақ қай салада жұмыс істемесін ол әр қашан жарқын бейнелі болуы керек.Толығырақ айтсақ: ашықтығымен,ақылдылығымен ерекшеленуі қажет, ең алдымен адамдардың басындағы түрлі жайттарға жанашыплықпен қарап,оларды түсіне және тыңдай білу.
Әлеуметтану бірқарағандағыдай оңай ғылым емес. «Әлеуметтанушы» деген сөзді естігенде адамдардың ойларына соған толығымен лайықты кейіптегі адам туындамайды.Өйткені олардың ойындағы маман мен нағыз жоғары санаттағы әлеуметтанушыны арасы жер мен көкией. Керек десеңіз осы мамандық та оқып жүрген студенттердің өзі бастапқы кезеңдн келешекте немен айналысатындары туралы толық қанды түсіне қоймайды.Институттан кейін оларды не күтіп тұрғандығын,алған білімдері мен тәжірибелерін қоғамды зерттеуші маман ретінде екі ауыз сөзбен жеткізу керектігін біле ме десеңізші? Бірінші,екінші,үшінші курста студенттер негізгі пәндермен танысудан,тәжірибе жинаудан бастайды.Білімдерін біртіндеп көтере отырып,келешектегі жүмыстары неден тұратынын мұндай мамандықпен қайда барып жұмыс істейтін ақырын түсіне бастайды.Ал жоғары курс студенттері келешекте қандай салада қызмет атқаратындығын толық сезініп,сол жағынан даму керектігін анықтап қажетті білімдерді жинақтау жұмыстарымен айналысады.Бірақ осыған қарамастан,әлеуметтанушының кім және немен айналысатынын еліміздің азаматтарына қарапайым және түсінікті етіп жеткізу,студенттер тұрмақ оқытушылардың өзіне де қиындық туғызады.Өйткені бұл мамандықты қоғам әлі толық түсініп,мойындай алмай жатыр.
Әлеуметтану факультетіндегі студенттерінің өз мамандықтары туралы мәлімет білмейтіндіктері аңғарылып жатады.Бұл смектеп бітірген оқушылардың мамандық таңдауды оқуға құжаттарын тапсырар алдында ғана шешім қабылдауларының салдарынан туындайды.Тек абитуренттердің аз пйызы ғана келешекте немен айнылысатынын толық болжай алады.Жақындары мен жолдастарының козқарасын білгендіктен,қоғамды зерттеу сереотипті олар кобіне оқытушыларына,қолданады.
Әрі қарай бұл мамандықтың қоғамдағы орны мен білім шарттарының стереотиптерін қарастырамыз.
Әлеуметтанушы стереотипінің қалыптасу жолдары.
Әлеуметтану шарттары мен даму барысын бірнеше жағынан қарастырып, қорытындылауға болады.
Ішкі шарттар
Стериеотип адамның ойлау қабілетінің бір өнімі тәрізді,әр адамның ойында қоғамға деген өз орны бар
Жеке сананың қалыптасуы дегеніміз ен? Бұл дегеніміз-көбіне тәжірибе әсері,өмірлік тәжірибе.Жеке дара тәжірибе жылдар бойы жиналып,қалыптасып келешекете адамның ортаны қабылдауына, ой-өрісіне,іс-әрекетіне әсерін тигізеді.Өйткені бұл берілген жеке тұлғаның тәжірибесі жаппай алынған сұраулармен байланысты.Қоғамдағы адамдардың әлеуметтанушы туралы түсініктері үстірт. Осыдан барып қоғамдық стериотипті жан-жақты қалыптастыру үшін,алыдмен жеке тұлғаның тәжірибесін тереңдетіп,коөқарасын өзгерткен дұрыс.
Әлеуметтанушының зерттеу жұмыстары айсберг тәрізді, қарапайым адамға оның басты бөлшенгі көрінбейді. Көбінесе контракт пен жобаны жан-жақты қарастырып,келісім-шарттар жүгізіліп,тапсырыстарды өңдеу барысында жүргізілетін қиын да күрделі жұмыстар үнемі көрінбей,сырт қалып қояды. Ол дегеніміз-жүргізіліп жатқан сұраунамаларға, бағдарламаның құрылысына, жұмыстың жүйелілігіне тек білім ғана қажет емес,сонымен қатар психологиялық біліктілік те қажет.Әлеуметтанушы деген түсінікке теріс ұғымның қалыптасуы қарапайым адамның жоғары білімінің жеткіліксіздігі.
Керісінше,дүни жүзінде күн сайын,әр ай сайын (жергілікті халықтан) тұрғындардан көптеген сұраулар жүргізіледі.Әр апта сайын елдің көптеген зерттеушілік агенстволарында жаңа жобалар іске қосылып,оған үш-төрт мың адамға дейін ақмтылады. Жүз шақты сұқпат берушілер күн сайын барлық елдер бойынша жүз шақта адамдармен қарым-қатынас жасайды.Осыған сәйкес көпшілігі бір емес бірнеше рет әлеуметтанушылармен жолығысып,олардың адамдарға тән сапасы мен кәсіби мінез-құлқын қоғамдық стериотиптерге сәйкес екендігін аңғарады.
Сонымен біржағынан қоғамда билік ететін жиымдық сана жекеше тәжірибені соммалық векторы ретінде көрінеді.
Сырқы факторлар. Пресса мен БАҚ бейнесінің қалыптасу ролі.
Басқа бір жағынан БАҚ сияқты сыртқы факи торлар бар.Жиымдық санаға жиымдық коммуникация арқылы әсер ету құралының механизмі бұрынана бар. Газет, журнал, кино, радиохабарлар, радио т.б. адамдардың күнделікті өмірінді тұрақты, берік орнынға ие. Адамдар өздерінің күнделікті қарапайым өмірінде БАҚ арқылы олардың санасында жақсы көріп оқитын газеттегі шағын мақала арқылы алған білімі көптеген құбылыстар туралы талқылауы болатындығын олар байқымайда да.
Адамдардың санасында қандай БАҚ стереотип қалыптастыратынын байқап көрейік. БАҚ әлеуметтанушы бейнесінің мақаласының кейбір даму перспективасына, оны оқырмандардың қабылдауына бақылау жасайды. Жылдан-жылға көптеген танымал басылымдар өздерінің мақалалары мен талдаулық басылымдарда әлеуметтанушыларға жүгініп,сілтемелеріне сүйенеді.
Әрбір сөйлеген сөзі,әрбір мақаласы болмаса, айтылған ойы қандайда бір дерекерге негізделіп, автордың көтерген мәселесінің қажеттілігін дәлелдейтін рефлексия жүргізіліп, жатқан мәселе бойынша деректер болуы тиіс. Мұндай декектерді қандай және кімнің авторлық тұжырымына сүйену қажет? Берілген аумақта зерттеу жұмыстармен үнемі айналысатын сараптаушының ой-тұжырымына ғана сүйені керек.Соған қарағанда қоғамдық барыстарда кәсіби маманның сөзі салмаққа ие болса керек. БАҚ әлеуметтану деген оң коөқарасының өсуіне байланысты, нақтылау кетсек әлеуметтанушы-сарапшының көзқарасына өз мсақаласы мен хабарларында жиі сүйеніп отыруы, осының салдарынан көпшілік арасында бұл кәсіптің танымалдылығы, сұқпат алушыға,сұқпат берушінің алдын-ала келісіп жасалған кездесулері сенімге негізделген. Қазіргі таңда әлеуметтанушылар Мәскеу жаңғырығы, болмаса Ресей радиосы сияқты радиоарналарға телеарналарға тікелей эфирге шақырылып, талдаулар, теледидарлық талдаулар мен радио пікірталастарға қатысып, көрермендермен тікелей эфирде талдауға өз сараптамалық басғасын береді.
Әрбір адам өздігінен әлеуметтанушы болып келеді,сонымен ол адамдар арасында өмір сүреді, олармен бірге жайлы өмір сүру үшін өз қоғамы туралы аздағант ақпараты болуы керек:негізгі әлеуметтік институттың қалай қызмет ететіндігі,негізіг процестер,қалай болатыны т.б. Орта әлеуметтенген адам өзі өмір сүріп жатқан координат жүйесінде бейінделе білуі керек.
Әлеуметтанушының ең басты ерекшелігі-қарапайым өмірде нақты білімдерін пайдаланып,әлеуметте кімнің қалай өмір сүруі мен дауы барысын анықтап,зерттейтін маман. Бірақ әлеуметтанушының назарына іліккен адамның не үшін және қандай мақсатта сауалнаманың алынғанын білуі шарт емес. Өйткені зерттеушінің шын пиғылын түсінбеушілік қарапайым адамды сенімсіздік пен алданып қаламын ба деген қорқынышқа алып келеді. Сондықтан да білікті маман өкіл мен өзінің арасындағы бөгетті жеңе біліп,өзіне толық сенім арттыра білуі керек. Сұқпаттасу барысында адамның келешектегі өміріне нұсқан келтірмейтіндігін ұғындыру білікті маманның парызына енеді.
Міне осыған байланысты әлеуметтанушы туралы білімнің шегін білу қажет.Сұқпат барысында екіұшты көзқарас қалыптаспауы үшін қарапайым адам әлеуметтанушы туралы қаншалықты білуі керек.
Сонымен,барлық талдаулар мен талқылаулардың қорытындысы бойынша жеке адамның әлеуметтанушы туралы түсінігі осы маманмен тығыз қарым-қатынастан кейін қалыптасатындығын анықтады. Әлеуметтанушы дегеніміз кім? Міне осыған байланысты әлеуметтану төңірегінде көптеген талқылаулар туындауда. БАҚ-та әлеуметтанушы бейнесі суреттеліп жүр. Әлеуметтанушылар шешіп жүрген шынайы әлеуметтік мәселелер бар.Осыған қарамастан әлеуметтанушыны нағыз бейнесін ешкім білмейді.Ол дегеніміз кім? Бұл сұраққа осы мамандықты меңгеріп жүрген соңғы кеурс студенттері түгілі,университетте сабақ беріп жүрген білікті мамандардың өздері де жауап беруге қиналады.Егер әлеуметтанушының күнделікті,қарапайы стереотипін өтірік немесе асыра суреттелген деп алатын болсақ,онда нағыз шынайы жағдайы қандай? Осы мәселенің төңірегіндегі талқылаулар толығымен пәнді анықтаудағы қиындықтармен тығыз байланысты.Ғалымдар әлеуметтану ғылымы туралы бір шешімге келе алмайынша,қарапайым халық әлеуметтанушыны қолында сұрақнамасы бар әуесқой ретінде таниды.
Мамандыққа байланысты қызметтеге қойылатын үш түрлі талап бар:
а) Кез келген салауатты адам қоғамда пайдалы орнын таба білетін мамандық;
б) өз мамандығынада тиімділікке қол жеткізе алмайтын адамдар;
в) ал,мазмұны жағынан жоғары дәрежелі шеберлікті қажет ететін мамандықтар бар.Олар әр адамдардың өзіндік ерекшелігіне сай қалыптасқан.(толық еңбекке жарамды екенін талап ететін мамандықтар).
Бұл мамандықтардың әлрқайсысы болмасын адамның іскерлігі мен жұмысының сапалылығына талап қоя біледі.
«Адам-адаммен» деген мамандыққа қойылатын психололгиялық талаптарға,оған әрине әлеуметтану мамандығы кіреді: Қарым-қатынасқа деген талпыныс, білмейтін адамдармен тез танысып араласып кету,жұмыс барысында адамдармен тіл табыса білу және жақсы көңіл күйді сақтай білу, мейірімділік,қол ұшын беру, төзімділік, ұстамдылық, қоршаған ортаның іс-әрекеті мен өзінің әрекетіне талдау жасай білу,адамдардың көңіл-күйін аңғару және түсіне білу,адамдардың қарым-қатынасына сараптама жасау қабілеттілігі, ауызбірлікке шақыра білу біліктілігі, ұйымдастыра білу,өзін өзгенің орнына қоя білу,тыңдау,өзгенің ойымен санасу,нақты жүйелі сөйлей білу, мимикамен, ыммен ишара білдіру біліктілігі, адамдарда сендіру жинақылық, тиянақталақ,ұқыптылық,адамның психологиясын түсіну.
Осы тапсырманы дайындау барысында студент филологтар,журналисттер, ижженерлер арасында аздаған әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Сауалнама алынған көптеген өкілдердің әлеуметтанушы «ашық, зерделі, тез тіл тапқыш, сыпайы, әдепті және міндетті түрде ойлау қабілеттері жоғары, ақылды зерттеу жұмыстарына қызығушылық таныта білетін» деген ойлары бір жерден шықты. Сонымен қоса осы өкілдер әлеуметтанушы қоғамды басқара білкуі керек және сол қоғамда белсенді орын алу керек деген де ойларын ұсында.
Қоғам нарық экономикаға көшкелі жастар арасындағы мамандаыққа деген көзқарас тұбегейлі өзгертілді. Бұрынырақ мамандық таңдауда қоғамда әкелетін пайданы бірінші орынға қойса,қазіргі таңда мамандыққа мәртебелі ьолуы мен еңбек ақының жоғарылығын жетекшілікке алады.
Соңғы жылдары әлеуметтанушы мамандығы «беделді» мамандық ретінде танымал. Кешегі мектеп оқушылары осы оқуға түскенде,келешекте немен айнылысатынын толық түсіне бермейді. Сондықтан да әлеуметтану пәнімен жете танысу барысында кейбір студентттердің алатын мамандығына көңілі толмайды. Осының салдарынан көптереген өкінішті жайлар туындауы мүмкін: Мысалы үлгерімінің нашарлығынан институттан шығып қалу, қажетті пәндердің керектігін түсінбеу, қызығушылық танытпау, ең бастысы,адам өмір бойы өзі сүймейтін мамандықпен айналысуға мәжбұр болу.
Бұл беталыстың біздің университетте қандай күшке ие екендігін анықтау үшін студенттер арасында зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеулерге екінші курс студенттері алынды. Бұл зерттеудің басты мақсаты әлеуметтанушының портретін жасап,олардың ойынша, кәсіби әлеуметтанушы қандай қасиетке ие болатындығын анықтауы керек.Зерттеудің негізінде негізінен уақыт келе студант әлеуметтік әдебиетпен танысып, жаңа тәртіптермен таныса келе әлеуметтану тек қана сәнді бағыт қана емес сонымен бірге көптеген білім мен дайындықты қажет ететін салмақты ғылым. Қойылған мәселені жүзеге асыру үшін аяқталмаған сөйлемдер әдісі қолданылды. Психологиядан алынған бұл әдіс әлеуметтануда кеңінен қолданылмайды. Аяқталмаған сөйлем әдісі жобалау әдістемесіне жатады. Әдістің негізігі сұқпат берушінің өздігінен бірнеше сөйлемді аяқтауына бағытталады. Сөйлемніңи басы,былай айтқанда, стимул болып келеді,ол бейхабарлықтытанытса,сұқпат берушіге бұл мәселені шешу үшін өзіндік «менін»қолдануы қажет. Аяқталмаған сөйлемдердің жақсы тұсы сарапшылық көзқарасына сүйенбестен-ақ сұқпат берушіден шынай жауап алу. Дегенмен үлкенткөлемдегі анкетаны өңдеу өте қиынға соғады,сондықтан әлеуметтанугшылар арасында бұл әдіс көбіне танымал мемес. Біздің жағдайда өңдеу арқылы өз (5 адам) алынды,сондықтан айтылған қиындықтар туындаған жоқ. Сұқпат берушіге келесі он екі сөйлемді аяқтауға ұсыныс жасалды.
1.Менің достарым мен туысқандарым әлеуметтанушы факультетін бітіргеннен кейін кім боласың дегенге менің жауабым:
2.Әлеуметтанушы – ол біріншіден:
3.Әлеуметтанушы мамандығы тығыз байланысты:
4.Әлеуметтанушы болуы керек:
5.Әлеуметтанушыға міндетті түрде қажет болуы керек:
6.Әлеуметтанушы факультетін аяқтағаннан кейін айналысуға болады:
7.Әлеуметтанушы – ол мамандық, байланысты:
8.Әлеуметтанушы саласында жақсы әлеуметтанушы болу үшін қажет:
9.Әлеуметтанушы көбіне айналысады:
10.Адам жақсы әлеуметтанушы бола алмайды,егер ол болмаса:
11.Әлеуметтанушылар мынадай компанияларға қажет, олар:
12.Әлеуметтанушы қызметін атқаратын адамның міндетіне мыналар кіреді:
Бір қарағанда кей сұрақтар қайталанатындай болып көрінеді. Дегенмен, ұқсас сұрақтардың қалыптасуы зерттеліп жатқан тақырыпқа қатысы жоқ сұрақтар нұсқасын минимумға әкеледі.
№7, №2 сұрақтарының жауабы кәсіби әлеуметтанушының жуық портретін құрастыруына мүмкіндік берді. Көрсеткіш №1 сызбада ұсынылады.
Әлеуметтанушы сапасы:
Адамгершілігі мол
Интелектуалды
Білімді, шыншыл
Жауапкершілікті, ар-ұжданы бар, мақсаты бар, тәуелсіз, шыдамды, әділ
Аңдағыш, ақылды
Ой-өрісі кең оқымысты
Кең ойлау қабілетіне ие
Бағдарлама пакетін білу
Теорияны игергендігі
Әдіснамалық біліміне игерген
Теорияны тәжірибеде қолдана білетін
Шектес пәндерді білу (математика, тарих, философия, психология т.б.)
Зерттеу қорытындысы мынаны көрсетті: студенттердің көпшілігі әлеуметтанушы факультетін бітіргеннен кейін кім болатындарын білмейді. (23,2). Дегенмен бұл кәсіпте оқитын студенттердің 7% болашақта өз мамандығы бойынша жұмыс істейтіндігіне кәміл сенетіндігін ренішпен айтуға болады. Кімде-кім осы саламен өз өмірін байланыстырғысы келгендер өз жұмыс аумағын былай деп түсіндіреді: маркеттинг, жарнама ҚР, басқарма, саясат, ғылыми және ұстаздық жұмыс.
№4,5,8 және К сұрақтарының жауаптарын талдау барысында студенттер жақсы әлеуметтанушы міндетті түрде білімді болуы керек, теория мен тәждірибені жақсы меңгеріп, қолдана білу керек. Жұмыс тәжірибесінің міндетті түрде болу керектігі де айтылып өтті. Қызық студенттер арасында кеңінен тараған: адам жақсы әлеуметтанушы болу үшін мыналарды игермесе: беске оқымаса, жақсы оқуға тырыспаса т.б. Сонымен келесі зерттеулер айтқандай-ақ төменгі курс студенттері әлеуметтанушы мамандығы бойынша ақпараттар өте аз. Дегенмен оның институтта өз мамандығы бойынша жақсы оқып, әлеуметтенаушы болып жұмыс істейтініне сенімді. 2-ші курс студенттері әлеуметтануда ынтасы болса ғана табысқа қол жеткізе алады деп сенеді (2 курстың 40 %).
Достарыңызбен бөлісу: |