Жоғары мектеп психологиясы



жүктеу 2,9 Mb.
бет2/12
Дата26.05.2018
өлшемі2,9 Mb.
#18018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары

1. Кәсіби білімнің бағыттарын сипаттаңыз.

2. Кәсіби білімнің әдістері мен ұстанымдарына түсінік беру.

3. Мамандық типтеріне сипаттама беріңіз:

а) «адам – тірі табиғат»;

б) «адам - адам»;

в) «адам - техника»;

г) «адам – таңбалар жүйесі»;

д) «адам – көркем бейне».

Өзін-өзі бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар:

1. Мамандықтың психикалық типтері нешеу?

1) 5;

2) 4;


3) 3;

4) 6;


5) 2.

Жауабы: 2).

2. Д.Сьюпердің айтуынша қандай жаста кәсіби жоғарылау жолында лауазым тұрақтанады?

1) туғаннан 14 жасқа дейін;

2) 15 жастан 24 жасқа дейін;

3) 25 жастан 44 жасқа дейін;

4) 45жастан 64 жасқа дейін;

5) 65 жастан кейін.

3. Хейвигхерст бойынша қай жаста нақты кәсіби сәйкестік қалыптасады?

1) 25 жастан 45 жасқа дейін;

2) 10 жастан 15 жасқа дейін;

3) 15 жастан 25 жасқа дейін;

4) 46 жастан 70 жасқа дейін;

5) 70 жастан кейін.

4. Қай кезеңде адам мамандық таңдау мәселесін уаймдай бастайды?

1) оптант;

2) адаптант;

3) адепт;

4) шебер;

5) авторитет.

5. Қай кезеңде жас маман ұжым нормасына бейімделеді?

1) адаптант;

2) тәлімгер;

3) адепт;

4) шебер;

5) авторитет.

6. Гинзберг өзінің теориясында мамандық таңдау кезінде қандай фактілерге көңіл бөледі?

1) ата-аналарына ұқсас мамандық таңдайды;

2) ерте балалық кезден бір сәтте шешіледі;

3) әр адамда мамандық таңдау әртүрлі өтеді;

4) өмірдің белгілі бір уақытында шешіледі;

5) қандай мамандыққа сұраныс көп.

7. Батыс мәдениетінде Холланд жеке тұлғалықтың неше типін көрсетті?

1) 7;


2) 3;

3) 5;


4) 6;

5) 4.
2 Кәсіби даму теориясы

Барлық кәсіби даму теориясы, тәжірибе көрсеткендей, өзінің мақсаты ретінде аталған мәселелерді алдын ала анықтауды көздейді: кәсіби таңдаудың бағыты, мансапқа жету жоспарын құру, кәсіби жетістістіктің шынайылығы, жұмыстағы кәсіби мінез-құлықтың ерекшеліктері, кәсіби еңбектен қанағат алуы, жеке тұлғаның білім алу әрекетінің нәтижелілігі, жұмыс орнының, мамандықтың тұрақтылығы немесе ауыстырылуы.

Психодинамикалық бағыттың теориялық негізі З.Фрейдтің жұмысында көрсетілген, адамның ерте балалық шақтағы тәжірибесінің барлық өмір бойындағы тағдырын анықтайтын әсерін мойындай келе, кәсіби таңдау детерминациясы мәселелерін шешуге және жеке тұлғаның мамандығынан қанағат алуына көңіл бөлген.

Кәсіби таңдау және адамның кәсібилік мінез-құлқы бірқатар факторлардың салдары ретінде түсіндіріледі:

1) ерте балалық шақта қалыптасқан талаптардың құрылымымен;

2) ерте балалық сексуалдық тәжірибесімен;

3) адамның негізгі құштарлық энергиясын қоғамдық пайдалы жылжыту және негізгі қажеттіліктердің фрустрациясы себебінен болатын аурулардан қорғау үдерісі ретіндегі сублимациямен;

4) маскулиндік (маскулинность) кешеннің көрінуімен (З.Фрейд, К.Хорни), «ана болуды көре алмаушылық» (К.Хорни), жарамсыздық кешені (А.Адлер).

Сценарлық теория, 50-ші жылдардың ортасында американдық психотерапевт Э.Тзерн дамытқан, кәсіби таңдау үдерісін және адамның кәсібилік мінез-құлқын ерте бала кезінде қалыптасқан сценаримен түсіндіреді.

Сценарлық теорияда, халықтың аз ғана бөлігі өмірде толық автономияға жетеді; өмірдің ең маңызды аспектілерінде (тұрмыс құру, бала тәрбиелеу, мамандық пен мансап таңдау, айырылысу және өлу түрі) адам сценарийлерді, яғни біртіндеп даму бағдарламасын, ата-анасының әсер етуімен ерте бала кезінен дағдыланған және адамның мінез-құлқын анықтайтын өзгеше тіршілік жоспарын басшылыққа алады деп қабылданған.

«Жақсы» мансаптық сценарийлер іске асуы үшін, кейбір шарттарды орындау қажет болады: ата-аналар табыс етуді қалайды, ал бала бұл сценарийді қабылдауға дайын, икемді; балада сценарийге сәйкес дамыған қабілеттілік және сценарий мазмұнына қайшы келмейтін өмірлік оқиғалар болуы керек; екі ата-анасы да өзіндік «жеңімпаздар» сценарийлердің иегерлері болулары қажет (яғни, олардың жеке сценарийлері мен қарсы сценарийлері пара-пар).

Сценарлық теорияның структуралық бөлімінде субъектінің жеке тұлғалық құрылымына және «МЕН» күйінің біреуінің басымдырақ болуына байланысты кәсіби таңдаудың мазмұнына түсінік беріледі (Ата-ана, Ересек, Бала). Кейбір адамдар үшін «МЕН» күйінің біреуінің басымдылығы олардың мамандықтарының басты сипаттамасы болады: дін қызметшілері – негізінен Ата-аналар; диагностар – Ересектер; клоундар – «Балалар».

Өздерін догматикалық Ата-аналар ретінде ұстайтын жеке тұлғалар – қауырт жұмыс жасайтын және міндеттілік сезімі бар адам, басқаларды сөгетін, сынайтын және олармен амал-айла жасайтын адамдар, көбінесе басқа адамға үстемдік жүргізетін мамандықтарды таңдайды (әскерилер, саясаткерлер, компания президенттері, дін басшылары).

Өзін әрқашан Ересек көрсететін жеке тұлға әділ, алалмайтын, фактілер мен логикаға нақты көңіл бөлетін адам, ақпаратты алдыңғы деректерге сәйкес өңдеуге және жіктеуге тырысады.

Ондай тұлғалар абстрактылы ойлау бағаланатын, адаммен жұмыс істемейтін мамандықты таңдайды (экономика, есептеуші техника, химия, физика, математика).

Д.Съюпердің кәсіби даму теориясына байланысты индивидуалды кәсіби ықылас пен мансап типтері, тұлғаның өзі туралы айтқысы келген пайымдарды көрсететін адамның МЕН-концепциясын жүзеге асыру талпынысы ретінде қарастырылады.

Субъектінің мамандыққа қатынасты айтатын барлық пікірлері, оның кәсіби МЕН-концепциясын анықтайды. Оның жалпы МЕН-концепциясы мен оның кәсіби МЕН-концепциясына ортақ болатын сипаттамалар кәсіби таңдауды алдын ала болжауға көмектесуі мүмкін

түсінік сөздігін құрайды. Мысалы, субъект өзі туралы белсенді, іскер, көрнекті адаммын деп ойласа және заңгерлерде сондай түсініктерге сай деп ойласа, оның заңгер болуы мүмкін.

Американдық зерттеуші Холландтың кәсіптік таңдау теориясы 70-ші жылдардың басында дамыған, кәсіби таңдау, тұлғаның қандай тип болып қалыптасуына байланысты деген қағиданы ұсынды.

Батыс мәдениетінде жеке тұлғаның 6 типі көрсетіледі: реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік, конвенционалдық. Әрбір тип – көптүрлі мәдениет пен тұлғалық фарторлар (ата-аналар, әлеуметтік топ, физикалық орта, тұқым қуалаушылық) арасындағы өзара әрекеттердің нәтижесі.

Осы тәжірибеден тұлға іс-әрекеттің кейбір түрін дұрысырақ көруге үйренеді, ол кейіннен күшті құштарлыққа айналуы, пайдалы қабілеттер қалыптастыруға әкелуі, белгілі мамандықты ішкі сезіммен таңдауына себепші болуы мүмкін:

1) Реалистік типтің сипаттамасы: әділ, ашық, ержүрек, материалистік, табанды, іскер, ұқыпты. Оның негізгі құндылықтары: нақты нәрселер, ақша, күш, статус. Ол объектілерді жүйелі түрде алмастыра алумен байланысты жарқын, бұйрықты сипаттағы жұмысты ұнатады, әлеуметтік оқиғаларға байланысты оқытушылық және терапевтік іс-әрекеттерден алшақ жүруге тырысады. Ол қимылмен орындалатын дағдыларды, ептілікті, нақтылықты талап ететін жұмыстармен айналысқанды жақсы көреді. Реалистік типтегі таңданылатын мамандықтар: ауыл шаруашылығы (агроном, мал шаруасы, егін шаруасы), механика, техника, электротехника, мануалды жұмыстар;

2) зерттеушілік типтің сипаттамасы: аналитикалық, сақтық, сынаушылық, интеллектуалдық, интроверт, әдісшілдік, дәлдік, рационалдық, күй талғамаушылық, тәуелсіздік, әуесқойлық. Оның негізгі құндылықтары: ғылым. Ол жүйелі бақылаумен, биологиялық, физикалық, мәдени феномендерді бақылау және түсіну үшін творчестволық зерттеулермен байланысты мамандықтар мен жағдаяттарды артықтау көреді. Кәсіпкерлік жұмыстан алшақ жүреді;

3) әлеуметтік типтің сипаттамасы: көш басшылық, көпшілдік, жылы шырайлылық, түсіндірушілік, сендіре алаушылық, жауапкершілік. Оның негізгі құндылықтары: әлеуметтік және этикалық. Басқа адамдарға әсер ете алумен байланысты жұмыстарды ұнатады (оқыту, ақпарат беру, ағарту ісі, дамыту, емдеу). Өзін оқытушылық қабілеттерді игергенмін, басқаларға көмектесуге дайынмын деп сезінеді. Бұл типтің кәсіби таңдауында: педагогика, әлеуметтік қамтамасыз ету, медицина, клиникалық психология, кәсібилік кеңес беру. Ол проблемаларды эмоцияға, сезімге, қарым-қатынастықты білуге сүйене отырып шешеді;

4) артистік (көркемдік, креативтік) тип: эмоционалды, жан-жақты елестетуші, импульсивті, тәжірибесіз, өзіне ғана тәндік, иірімді, шешімінің тәуелсіздігі. Оның негізгі құндылығы – эстетикалық қасиеті. Ол ерікті, жүйелендірілмеген әрекет түрлерін қалайды, творчестволық сипаттағы жұмыстарды – музыка, көркем суреттер, әдеби шығармашылықты ұнатады. Вербалдық қабілеттер математикалық қабілеттерден үстемірек болады.

Жүйеленген дәл іс-әрекеттер түрінен, бизнестен, клерктік жұмыстардан алшақ жүреді. Өзін экспрессивті, өзіндік және тәуелсіз тұлға ретінде сезінеді. Кәсіби таңдауында - өнер, музыка, тіл, драматургия;

5) кәсіпкерлік тип: тәуекелді, жігерлі, үстемді, менменшіл, көпшіл, импульсивті, оптимист, рахат іздейді, қызықты оқиғаларды ұнатады. Оның негізгі құндылықтары – саяси және экономикалық жетістіктер. Кәсіпкерлік тип - ұйымдастырушылық мақсаттарға жету және экономикалық пайда табу үшін басқа адамдарға айла-амал қолдануға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер түрін таңдайды. Монотонды ақыл-ой жұмысынан, қол еңбегімен байланысты біркелкі ахуалдармен айналысудан алшақ жүреді. Жетекшілік, статустық және өкімділікпен байланысты мәселелерді ұнатады. Мамандық таңдауда – кәсіпкерліктің барлық түрі;

6) конвенционалдық типтің сипаттамасы: конформдық, адалдық, іскерлік, иірімсіз, ұстамды, тіл алғыш, тәжірибелі, тәртіпті ұнатады. Негізгі құндылықтары – экономикалық жетістіктер. Анық структураландырылған, алдын ала айтылған ұйғарымдар және нұсқауларға сәйкес сандармен айналысуды қажет ететін әрекеттерді таңдайды. Мәселелер стереотиптік, тәжірибелік және нақты сипаттар түрғысынан қаралады. Спонтандылық және оригиналдық тән емес, консерватизм және тәуелділік сипаты басым болады. Канцелярия және есептеумен байланысты мамандықтарға ыңғайлылық танытады: машинажазу, бухгалтерия, экономика. Математикалық қабілеттері вербалдық қабілеттерден артығырақ дамыған. Ол әлсіз жетекші, себебі шешімдері оны қоршаған адамдарға байланысты. Бұл типтің мамандық таңдауында – банк қызметтері, статистика, бағдарламалау, экономика.

Әрбір тпи өзін белгілі адамдармен, объектілермен қорғауға тырысады, белгілі проблемаларды шешуге мақсат қояды, яғни, өзінің типіне сәйкес орта құрады.

Эли Гинзберг өзінің теориясында, мамандық таңдау – дамушы үдеріс, барлығы бір сәтте жүзеге аспайды, ұзақ кезең барысында ғана жүзеге асады деген фактіге ерекше көңіл аударды. Бұл үдеріс өзіне «аралық шешімдер» сериясын енгізеді, олардың жиынтығы қорытынды шешімге әкеледі. Әрбір аралық шешім өте маңызды, себебі ол әрі қарай таңдау еркін және жаңа мақсаттарға жету мүмкіндігін шектейді.

Гинзберг кәсіби таңдау үдерісін үш сатыға бөледі:

1) Фантазия сатысы баланың 11 жасына дейін созылады. Бұл сатыда балалар кім болғысы келетінін, нақты қажеттілікке, қабілеттеріне, дайындықтарына, мүмкіншіліктеріне қарамастан, сол мамандық бойынша жұмыс табуды немесе басқа реалистік түсініктерді елестетеді;

2) гипотетикалық саты 11-ден 17 жасқа дейін созылады және 4 кезеңге бөлінеді. Қызығушылық кезеңі, 11 – 12 жас, балалар өздерінің бейімділіктерін және мүдделерін жетекшілікке ала отырып, таңдауларын жасайды. Екінші кезең, 13 – 14 жас, жасөспірімдер, таңдап алынған мамандыққа қойылатын талаптарды толығырақ біледі, оның әкелетін материалдық игіліктері, сонымен қатар, оқу және дайындық әдістері, сол мамандықтың талабына байланысты қолданылатын өздерінің қабілеттері туралы ойлай бастайды.

Үшінші – бағалау кезеңі, 15–16 жас, жастар әртүрлі мамандықтарды өздерінің жеке мүдделері мен құндылықтарына «өлшеуге», сол мамандыққа қойылатын кәсіби талаптарды өздерінің құндылық бағдарлары мен нақты мүмкіншіліктеріне сәйкестендіруге тырысады.

Соңғы, төртінше кезең - өтпелі (17 жас шамасында), бұл кезде кәсіби таңдау барысында, мектеп, жолдастары, ата-аналары, коллегалары және басқа да жағдаяттардың қысымымен орта білім беру мекемелерін бітіру уақытында гипотетикалық тұрғыдан реалистік тұрғыға өту жүреді;

3) реалистік саты (17 жастан жоғары) жасөспірімдердің соңғы шешім қабылдауға – мамандық таңдап алуға ынтасымен сипатталады. Бұл саты терең білім мен түсінік алуға белсенді күш жұмсалатын зерттеушілік кезеңге (17-18 жас) бөлінеді; кристаллизация кезеңі (19-21 жас аралығында), таңдау диапазоны қомақты тарылатын және болашақ қызметінің негізгі бағыты анықталатын уақыты; мамандандырылу кезеңі, таңдалған жалпы мамандық, мысалы, физика мамандығы, нақты мамандандырылған бөлімшелерді таңдаумен дәлірек анықталады (узкая специализация).

Аз қамтамасыздандырылған отбасыларынан шыққан жасөспірім- дерде кристаллизация кезеңі ертерек басталады. Бірінші екі кезең – фантазия және гипотетикалық – ұлдар мен қыздарда ұқсас жүреді, ал реализмге өту аз қамтамасыздандырылған отбасыларынан шыққан ұлдарда ертерек басталады, бірақ, қыз балалардың жоспары үлкен икемділік және әртүрлілікпен ерекшеленеді. Зерттеулер көрсеткендей, өзінің кәсібилік тағдырын өзі шешетін кезеңнің жасқа байланысты шекарасын дәл анықтау қиын – үлкен индивидуалды вариациялары бар: кейбір жастар мамандықты мектеп бітіргенге дейін анықтайды, басқаларына кәсіби таңдаудың кемелденуі тек қана 30 жаста келеді. Ал кейбіреулері өмір бойы мамандықтарын ауыстыруды жалғас- тырады. Гинзбург, мансап таңдау бірінші мамандық таңдаумен аяқталмайтынын және кейбір адамдар мамандық түрін барлық еңбек еткен кезінде ауыстырып отыратынын мойындады. Әсіресе, аз қамтамасыздандырылған әлеуметтік топтардың өкілдерінің, аз ұлт өкілдерінің ауқаттылау әлеуметтік топтарға қарағанда мамандық таңдау барысындағы еріктері кемірек. Әлеуметтік және басқа да себептерге байланысты бірқатар адамдар өмір бойы мамандықтарын өзгертуге мәжбүр болады, бірақ, өздерінің тұлғалық ерекшеліктеріне немесе өте рахаттылыққа бағдарланғандықтарынан және қажетті келісімге баруға ризашылығы болмағандықтан өз еріктерімен мамандығын ауыстыратын топтарда бар.

Мамандық таңдауға кім әсер ететінін зерттей отырып, бірнеше факторларды қарастыру керек:

1 - ата-ананың әсері етуі, олар әртүрлі әдістермен өздерінің әсерін тигізеді: ата-аналарының мамандықтарын тікелей мұрагерлікпен алу, от басылық бизнесті жалғастыру; ата-аналары өздерінің мамандықтарына үйрету арқылы әсер ету; балалардың ерте жасынан бастап олардың қызығушылықтарын және әуестенулерін мадақтау немесе ренжу арқылы әсерін тигізу, ата-аналар өздерінің тәртіптерімен әсерлерін тигізеді; ата-аналар балаларының белгілі мектепте немесе жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға немесе тоқтатуға көндіріп, олардың таңдауын бағыттайды немесе шектейді (ата-ананың ішкі мотивтері әртүрлі болуы мүмкін: ол ата-ананың өздерінің кәсіби армандарына балалары арқылы жету тілектері, баланың мүмкіншілігіне сенбеуі, материалдық себептер, баласының жоғары әлеуметтік статусқа жетуін тілеу және т.б.); балалардың мамандық таңдауына ата-аналардың іс-әрекет түрлерін, белгілі мамандықтарды қалай бағалайтыны да әсер етеді.

2 - жолдастарының және мұғалімдердің әсері. Шынды- ғында, көптеген жастар өздерінің кәсібилік жоспарларын ата-аналарымен де, жолдастарымен де келіседі (жолдастарының әсерімен компания құру үшін бір кәсібилік оқу мекемесіне барулары мүмкін). Сұрастырылғандардың 39%-і жоғары сыныптарда кәсіби таңдауға мұғалімдердің әсерін атайды. Дегенмен, ата-аналардың әсері мұғалімдерден әлдеқайда артығырақ.

3 - жыныстықроль стеоретипы. Жастардың мамандық таңдауына қоғамда қалыптасқан, қандай жұмысты ер адамдар, ал қайсысын әйел адамдар орындауы керек деген көзқараста әсер етеді.

Жыныстықроль стереотипы жас жеткіншек ұлдарда ғылыми-техникалық мамандықтарға қызығушылық тудыруы, ал қыз балаларды - өнер мен қызмет көрсету аймағындағы жұмыстар қызықтыруы мүмкін.



4 - ақыл-ой қабілетінің деңгейіні. Мамандық таңдаудың маңызды факторы жас адамның шешім қабыдау мүмкіншілігін анықтайтын ақыл-ой қабілеті, оның интеллектісінің деңгейі. Көптеген жас бозбалалар реалистік емес таңдау жасайды, өздерінде ол үшін қажетті қасиеттердің жоқтығына қарамастан, жоғары мансапты мамандықты армандайды. Адамның таңдап алған жұмысында жетістікке жету қабілеті, оның интеллектісінің деңгейіне байланысты. Кейбір мамандардың айтуынша, әр мамандыққа тән өзінің интеллектілік параметрі бар, сондықтан, интеллектісі төмен адамдар ол мамандықта жұмыс атқара алмайды. Бірақ, интеллектінің жоғары коэффициенті кәсіби жетістіктің кепілі бола алмайды. Мүдде, мотивация, басқа қабілеттіліктер және тұлғаның жеке қасиеттері оның жетістікке жетуіне интеллектен кем емес әсерін тигізеді. Әртүрлі мамандық арнайы қабілеттерді талап етеді. Белгілі қабілеттердің болуы таңдап алынған қызмет аймағында тез жетістікке жетудің анықтаушы факторы болуы мүмкін, арнайы оқу және қажетті тәжірибе алғаннан кейін жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

5 - адам мүдделерінің құрылымы. Мүдде - кәсіби әрекетте жетістікке жетудің тағы бір маңызды факторы. Зерттеулер көрсеткендей, өздерінің орындайтын жұмысына неғұрлым көп адам ынталы болса, олардың еңбектерінң нәтижесі де әлдеқайда жақсы болады. Жұмыс жағдайлары тең болған кезде өз мансаптарын жаңа бастаған қызметкерлердің қасысының мүдделері осы уақытқа дейін сол салада танымалы болғандардың мүдделеріне ұқсас болса, солардың жетістікке жету мүмкіндіктері жоғары болады. Мамандыққа қызығушылықты анықтау үшін тестілеуге осы негіз болды: жетістікке жетуді алдын ала болжау ретінде тестілінетіндердің қызығушылықтар тобының осы уақытқа дейін сол салада жетістікке жеткендердің қызығушылықтарына ұқсастығы бағаланады. Таңдап алынған салаға қызығушылықпен қатар интеллектісі, қабілеті, мүмкіншіліктері және басқа да факторлар болуы қажет. Мысалы, белгілі жұмысқа қызығушылық, онымен айналысатын жұмыс орны дайын деген ұғым емес, яғни қызығушылықтың болуы және бос жұмыс орнының болуы сәйкес келе бермейді. Нарық экономика жағдайында мамандық түрлеріне әлеуметтік-экономикалық сұраныстың болуын, ол мамандық бойыншы оқудың және жұмысқа орналасудың мүмкіншіліктерін, оның материалдық және әлеуметтік мағыналылығын ескеру керек.

Білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық статусы неғұрлым жоғары болса, олар айтулы мамандықтарды игергілері келеді. Кәсіби ұмтылыс әлеуметтік статусына, сонымен қатар, интеллектуалдық қабілеті және жастардың мектептегі үлгеріміне юайланысты. Ескере кету керек, мамандық түріне қызығушылық пен жарамдылықтың өзара байланыстылығының деңгейі онша үлкен емес.

Кәсіби қызығушылық пен бейімділікті дұрыс анықтау кәсіби қанағаттанушылықты болжаудың маңызды факторы болып табылады.

Мамандықтың адекватты еместігінің себептері, өзінің кәсіби бейімділігін кәсіпқойлықпен орындай алмауы немесе болашақ кәсіби қызметінің мазмұнын адекватты түсінбегендігімен байланысты сыртқы (әлеуметтік) факторлар болуы мүмкін. Студенттердің кәсіби мүдделерін зерттеу нәтижелері, олардың 70%-ның кәсіби мүдделерінің басым көпшілігі таңдап алынған және игеріліп жатқан мамандықтар саласына жатпайтынын көрсетті.

Әрине, ол жағдаят тек кәсіптік оқу деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижелілігіне де кері әсерін тигізеді.

Бақылау сұрақтары

1. Кәсіби дамудың негізгі психологиялық теориясын атаңыз.

2. Мамандық таңдауға жеке тұлға типінің тигізетін әсерін түсіндіріңіз.

3. Мамандық таңдауға әсерін тигізетін факторларды сипаттаңыз.



Тест түріндегі тапсырмалар

4. Психодинамикалық бағыттың теориялық негізінде

1) З.Фрейд;

2) Э.Тэерн;

3) Д.Съюпер;

4) Холланд;

5) Э. Гинзберг.

Еңбектері жатады.

Жауабы: 1.

5. З.Фрейд ұсынған психодинамикалық бағыттың теориялық негізінде адамның кәсібилік мінез-құлқы бірқатар факторлардың салдары ретінде түсіндіріледі:

1) ерте балалық шақта қалыптасқан талаптардың құрылымымен;

2) ерте балалық сексуалдық тәжірибесімен;

3) адамның негізгі құштарлық энергиясын қоғамдық пайдалы жылжыту және негізгі қажеттіліктердің фрустрациясы себебінен болатын аурулардан қорғау үдерісі ретіндегі сублимациямен;

4) ата-ананың әсерімен.

Жауабы: 1, 2, 3.

6. Сценарлық теория ұсынылды

1) 40- шы жылдары;

2) 50- шы жылдары;

3) 60- шы жылдары;

4) 70- шы жылдары;

5) 80- шы жылдары

ұсынған ғалым

1) З.Фрейд;

2) Э.Тэерн;

3) Д.Съюпер;

4) Холланд;

5) Э. Гинзберг.

Жауабы: 2), 2).

6. Мамандық таңдауды біртіндеп даму бағдарламасы, ата-анасының әсер етуімен ерте бала кезінен дағдыланған және адамның мінез-құлқын анықтайтын өзгеше тіршілік жоспары деп түсіндіретін теория

1) психодинамикалық бағыт;

2) сценарлық теория;

3) кәсіптік таңдау;

4) тұқым қуалаушылық әсері.

Жауабы: 2).

7. Индивидуалды кәсіби ықылас пен мансап типтері, тұлғаның өзі туралы айтқысы келген пайымдарды көрсететін адамның мен-концепциясын жүзеге асыру талпынысы ретінде қарастырылатын теория

1). Д.Съюпер теориясы

2) психодинамикалық бағыт;

3) сценарлық теория;

4) кәсіптік таңдау;

5) тұқым қуалаушылықтың әсері

Жауабы: 1.

8. Холланд теориясы

1) психодинамикалық бағыт;

2) сценарлық теория;

3) кәсіптік таңдау;

4) тұқым қуалаушылық әсері

дамыды

1) 30- шы жылдары;



2) 40- шы жылдары;

3) 50- шы жылдары;

4) 60- шы жылдары;

5) 70- шы жылдары.

Жауабы: 3), 5).

9. Батыс мәдениетінде бөлуге болады

1) 3;

2) 4;


3) 5;

4) 6;


5) 7

жеке тұлға типтері

1) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік, конвенционалдық, нарықтық;

2) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік, конвенционалдық;

3) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік, кәсіпкерлік;

4) реалистік, зерттеушілік, артистік, әлеуметтік;

5) реалистік, зерттеушілік, артистік.

Жауабы: 4), 2).

10. Э.Гинзберг көрсетеді

1) 2;


2) 3;

3) 4;


4) 5;

5) 6


кәсіптік таңдау сатыларын

1) балалар сатысы; фантазия сатысы; жасөспірімдік саты; гипотетикалық саты; тұлғаның қалыптасу сатысы, реалистік саты;

2) балалар сатысы; фантазия сатысы; жасөспірімдік саты; гипотетикалық саты;

3) фантазия сатысы; жасөспірімдік саты; гипотетикалық саты; тұлғаның қалыптасу сатысы, реалистік саты;

4) фантазия сатысы; гипотетикалық саты, реалистік саты;

5) фантазия сатысы, реалистік саты.

Жауабы: 2), 4).

11. Жас жеткіншек ұлдарда ғылыми-техникалық мамандықтарға, ал қыздарда - өнер мен қызмет көрсету аймағындағы жұмыстарға қызығу- шылық тудыруы мүмкін фактор _______________ .

Жауабы: жыныстықролі.
3 Студенттің психологиялық сипаттамасы

«Студент» термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:

1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;

2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;

3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.

Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.

Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.

Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді.

Сыртқы көріністің құлпыра түсуімен қатар жүретін үздіксіз жоғарылап келе жатқан шығармашылық мүмкіншіліктер, интеллектуалдық және физикалық күштің дамуы, олардың өздерінде күштің жоғарылауы «мәңгілік» жалғаса береді, барлық ең жақсы өмір әлі алда, ойдағанның бәріне жеңіл жетуге болады деген сағымды жасыруға әкеліп соқтырады.

Жоғары оқу орнында оқу уақыты жасөспірімдіктің екінші немесе ер жетудің бірінші кезеңімен сәйкес келеді, ол кез Б. Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кон, В.Т. Лисовский, 3.Ф. Есарева және т.б. еңбектерінде талданып, көрсетілген жеке тұғалық белгілердің тұрақтануының күрделілігімен ерекшеленетін үдеріс.

Бұл жастағы адамгершіліктің дамуының өзіне тән сипаты - мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшейе түсуі. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезде өздеріне жетіспеген – мақсатқа талпыну, батылдылық, табандылық, дербестілік, ынталану, өзін-өзі ұстай алу сияқты қасиеттер нығая бастайды. Моральдық проблемаларға мүдделері күшейе түседі (мақсаттар, өмір салты, қарыздар болу, махаббат, адалдық және т.б.) .

Сонымен қатар, жасқа байланысты психология мен физиология саласындағы мамандардың пайымдауларынша, 7-19 жастағы адамдардың өз мінез-құлқын саналы түрде реттеу қабілеті толық дамымаған. Лайықсыз мотивтер негізінде қауып-қатерге баруы, өздерінің жағымсыз қылықтарының салдарын болжай алмауы жиі кездеседі. Мысалы, В. Т. Лисовскийдің айтуынша, 19-20 жас – адал ниетті құрбандыққа және толық өздігінен беріле жұмыс орындауға дайын кезең, сонымен қатар, жағымсыз жағдайлардың да болуы мүмкін.

Жастық шақ - өзіне-өзі талдау жасайтын және өзін-өзі бағалай- тын кез. Өзін-өзі бағалау идеалды «мен»-ді реалды «мен»-мен салыстыру арқылы жүзеге асады. Бірақ, идеалды «мен» әлі тексерілмеген және кездейсоқ болуы мүмкін, ал реалды «мен» тұлғаның өзімен әлі жан-жақты бағаланбаған. Осы объективті қарама-қайшылық жастардың тұлғалық дамуында оның өзіне іштей сенімсіздік тудыруы мүмкін, кейде тысқы агрессиялық, жүгенсіздік және түсініксіз сезіммен қатар жүреді.

Жастық жас, Эриксон бойынша, ұқсастық дағдарысының айналасында құрылады, әлеуметтік және индивидуалды-тұлғалық таңдаулар, сәйкестендіру және өз тағдырын өзі шешу серияларынан тұрады. Жасөспірім осы міндеттерді шеше алмаса, жағымсыз ұқсастық қалыптасады, оның дамуы негізгі 4 жолмен жүруі мүмкін:

1) психологиялық интимдіктен алыстайды, жақын тұлғааралық қатынастан алшақтап жүреді;

2) уақыт сезімі шайылады, өмірлік жоспар құруға қабілетсіз, есеюден және өзгерістерден қорқады;

3) шығармашылық, продуктивті қабілеттердің шайылуы, өзінің ішкі ресурстарын пайдалануды білмеуі және қажетті іске өзін шоғылдандыра алмауы;

4) «негативті ұқсастықты» қалыптастыру, өз тағдырын өзі шешуден бас тарту және еліктеуге жағымсыз бейнелерді таңдап алуы.

Негізінен клиникалық деректерге сүйене отырып, Эриксон сипатталған құбылыстарды сан түрінде көрсетуге тырысқан жоқ. Канада психологы Джеймс Марша 1966 жылы сол ақтаңдақты толтырды, ұқсастықтың дамуын жастардың кәсібилік, діншілдік, саяси тағдырларын өзі шешу деңгейімен өлшенетін 4 кезеңге бөлді.

1) «Анықталмаған, шайылған ұқсастық» индивидтің әлі қандай болсын нақты сенімге келе алмағаны, мамандық таңдай алмағаны және ұқсастық дағдарысымен бетпе-бет келмегені;

2) «Ұзақ мерзімді, уақытынан бұрынғы ұқсастық» индивид сәйкес қатынастар жүйесіне кіріскенде болады, бірақ, оны бастан кешірген дағдарыстар мен қиыншылықтардың нәтижесінде өздігінен істеген жоқ, басқа жат адамдардың көзқарасының, өнегесінің, беделінің негізінде істеді;

3) «Тоқтам салу» кезеңі, индивид көптеген даму варианттарының арасынан өзіме қарасты деп санайтын біреуін ғана таңдай отырып, өз тағдырын өзі шешудің нормативтік дағдарыс үдерісінде жүруімен сипатталады;

4) «Кемеліне жеткен ұқсастық» дағдарыстың аяқталуымен, индивид өзін іздеуден өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге ауысуымен анықталады.

Бес мың жоғарғы сынып оқушыларын (15-18 жас) зерттей келе, американдық психолог Морис Розенберг (1965) өзін-өзі сыйлауы төмен бозбалаларға «мен» бейнесінің және өзі туралы пікірінің жалпы тұрақсыздығы тән болатынын анықтады. Айналасындағы адамдарға «жалған адам» - «МЕНі елестетеді» деп көрсетіп, көбінесе олардан «жабылуға» бейімдірек келеді. «Адамдарда өзім туралы жақсы пікір туғызу үшін, әртүрлі ролдерді ойнайтынымды байқап қаламын» және «Мен басқалардың алдында «маска» киюге бейімдімін» сияқты пайымдау түрлерімен келісу - өзін-өзі сыйлау деңгейі жоғары жастарға қарағанда өзін-өзі сыйлауы төмен бозбалаларда 6 ретке жиі кездесті.

Өзін-өзі сыйлау деңгейі төмен жастар ерекше жәбірленгіш және өзін-өзі бағалауының жанды деріне тисе, сезімтал келеді. Сынды, күлкіні, ескертулерді басқалардан ауырлау көтереді. Оларды көбінесе айналасындағы адамдардың жаман пікірлері алаңдатады. Жұмысы дұрыс жүрмесе немесе өзінен бір кемістік тапса, оны өте ауырсынады.

Соның салдарынан олардың көбі ұялшақ, психикалық оқшаулануға, шындықтан арман әлеміне кетуге бейімірек, бірақ, ол еріксіз кету.

Тұлғаның өзін-өзі сыйлау деңгейі неғұрлым төмен болса, оның жалғыздықтан қайғыратынына күмән жоқ. Жоғары оқу орнына түсу фактісі жастардың өз күштеріне және қабілеттеріне сенімін, толыққанды және қызықты өмір сүруге үмітін арттырады. Сонымен қатар, ІІ және ІІІ курстарда жоғары оқу орнын, мамандықты, кәсіпті дұрыс таңдау туралы мәселелер туындауы мүмкін, ІІІ курстың соңында өзінің кәсібилік тағдырын анықтау мәселесі біржола шешіледі. Дегенмен, осы кезде, болашақта бұл мамандық бойынша жұмыс істеуден қашу шешімі де кездеседі. В.Т.Лисовскийдің зерттеу нәтижесінде келтірген деректерінде, тек іргелі жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 64%-і ғана өздерінің негізгі бейімділіктеріне және мүдделеріне болашақ мамандықтары толық сәйкес келеді деп шешкен. Көбінесе, студенттердің көңіл-күйлерінде өзгерістер байқалады – оқудың бастапқы айларындағы шаттықтан оқу орнының жұмыс кестесін, оқыту жүйесін, жеке оқытушыларды бағалаудан дейін сенбестік туа бастайды. Адамның кәсіптік таңдауын кездейсоқ факторлардың анықтауы жиі кездеседі. Мұндай құбылыс, әсіресе, жоғары оқу орнын таңдағанда келеңсіз жағдай, себебі ондай қателер қоғамға да, жеке адамға да қымбатқа түседі. Сондықтан, жоғары оқу орнына түсетін жастармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу өте маңызды.

Жоғары оқу орнында оқытатын мамандықты игеруге қажетті қабілетті анықтау үшін, алдын ала профессиграмма құру керек. Профессиграмма адам психикасына қоятын талаптарына сәйкес үш деңгейге бөлінеді: 1) абсолютті қажетті; 2) біршама қажеттігі; 3) тілекке сәйкес. Бұл профессиограмманы қолдану жақсы нәтиже береді.

Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, студенттік шақ адамның негізгі әлеуметтік потенциалы даму үшін сенситивті кезең болып табылады. Жоғары білім адамның психикасына, оның тұлғалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Жоғары оқу орнында оқыған кезде, барлық қолайлы жағдай жасалса, студенттерде психиканың барлық деңгейінің дамуы қарқынды жүреді. Ол адамның ақыл-ойының бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау жүйесін қалыптастырады.

Жоғары оқу орнында табысты оқу үшін жалпы интеллектуалды дамудың жоғары деңгейі, жеке алғанда, қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау, зейін, эрудициялық мүмкіншілігі, танымалдық мүдделердің кеңдігі, логикалық операцияларды белгілі шеңберде игеру деңгейі және т.б. болуы керек. Бұл деңгей біраз төмендеген жағдайда көтеріңкі мотивация немесе жұмыс қабілеті, оқу үдерісінде табандылық, ұқыптылық, мұқияттылық арқылы оның орнын толтыруға болады. Бірақ, мұндай төмендеудің шегі бар, ол кезде компенсаторлық механизм көмектесе алмайды, студентті оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Әртүрлі жоғары оқу орнындарында бұл деңгейлер өзгеше болады, дегенмен жалпы алғанда, беделді және беделі төмен мамандықтарды салыстырғанның өзінде олар бір-біріне жақын тұрады. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтарды табысты игеру үшін, адамда айқын вербалды типтегі интеллект, орташа есеппен, вербалды емес типтен 16 шартты өлшем артық болуы керек. Гуманитарлық мамандар танымдық мүдделердің кеңдігімен, эрудициялығымен, тілді толық меңгеруімен, бай сөз қорымен болуы, оны дұрыс қолдана білуі, нақты және абстракті түсініктердің арақатынасын дәл белгілеу және тұтас алғанда жоғары дамыған абстракті ойлаумен сипатталады. Гуманитарлық профильдегі мамандар, бейнелеп айтқанда, «сөз әлемінде» өмір сүреді, ал техникалық және жаратылыстану профиліндегі мамандар заттың пәндік және нақты әлеміне жиі жүгінеді. Жаратылыстану факультетіне түсетін жастарда, ең алдымен, жоғары дамыған логикалық және абстрактілі ойлау, өздерінің ойлау үдерістерін ерікті басқару қабілеті болуы, яғни өзін қызықтырған объектіде зейінін тез және айқын шоғырландырып, одан басқалардың бәрінен көңілін аудара алуы керек. Соңғысы тек зейінін шоғырландырудың жоғарғы деңгейінде ғана мүмкін болады. Оларда пайымдаудың қаталдығы мен логикалығы мінсіз болуы қажетті. Жаратылыстану мамандықтарын игеруге қажетті ақыл-ой сапасы жоғары оқу орындарына түсу кезінде қалыптасқан болуы керек.

Жаратылыстану мамандықтарының студенттері жоғары парасаттылық және пайымдылықтың тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Дегенмен, оларда әлеуметтілік төменгі деңгейде болады, яғни адамдармен ара қатынас икемділігі жеткіліксіз дамыған.

Тұлғаның интроверсияланғандығы студент-математиктің үлгерім деңгейімен жоғарымағналы корреляцияланады. Яғни, интроверсияланғандық - жоғары оқу орындарында табысты оқудың қажетті шарты, және оны жаратылыстану мамандықтарының абитуриенттері үшін арнайы қабілеттердің қатарына қосу дұрыс болар еді. Бұл мамандықтағы студенттерге тән тағы да бір ерекшеліктері – өзін-өзі бағалау пікірлерінің (әсіресе, өздерінің әлеуметтік қасиеттері туралы) негізінен адектватсыздығы айқындалды.

Болашақ инженерлердің ақыл-ой қабілеттерінің құрылымын- дағы жетекші компонент – кеңістікті елестету және зеректілік жылдамдылығының даму деңгейінің жоғарылығы. Сонымен қатар, оларда вербалды емес деңгей, яғни іскерлік-практикалық интеллект жоғары болуы қажет.

Эксперименталды деректер көрсеткендей, кеңістікті елестету студенттерде бірінші курста-ақ жоғары деңгейге жетеді. Бұл деңгей техникалық жоғары оқу орындарына түсу кезінде индивидуалды максимумге жетеді және оқу үдерісінде өте аз дамиды. Техникалық жоғары оқу орындарына түсу кезінде абитуриенттің кеңістікті елестету қабілеті жоғары болуы керек. Ескеретін жағдай, бұл сапалық белгілер басқа ақыл-ой қабілеттеріне (мысалы, түсінікшілігі, зеректігі) қарағанда индивидтің табиғи қасиеттеріне көбірек тәуелді болады.

Жоғары оқу орнында оқыған кезде болашақ инженерлерде, олардың әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды көзқарастарын сипаттайтын тұлғалық қасиеттер дамиды, тұлғаның интровер- сияланғандығы күшейеді, ол ақыл-ой іс-әрекетінің интенсификация- лануына және нәтижелілігінің жоғарылауына әсерін тигізеді. Деген- мен, болашақ инженерлер танымдық үдерістерінің тарлығымен сипатталады. Мысалы, елдің саяси өміріне ықыластары төмен, философиялық проблемалар қызықтырмайды.

Студенттің әрекеті табысты болуының қажетті жағдайы - жоғары оқу орнында оқудың өзіне таныс емес жаңа ерекшеліктерін, ішкі дискомфортты жоюды түйсінуді және ортамен шиеленісті болдырмау мүмкіншілігін игеру. Бастапқы курстарда студенттік ұжым құрылады, ақыл-ой жұмысын рационалды ұйыдастырудың дағдылары мен ептілігі қалыптасады, таңдап алған мамандыққа икеміділігін түсінеді, еңбекке, бос уақытты пайдалануға және тұрмыс тіршілігіне оптималды күн тәртібі қалыптасады, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері бағытында өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жасалатын жұмыс жүйесі анықталады.

Негізін И.П.Павлов ашқан жаңалық, психофизиологиялық құбылыс, динамикалық стереотип түсіндіретін көп жылғы үйреншікті жұмыс стереотипін күрт сындыру, кейде нервтік бұзылыстарға және стрестік реакцияларға соқтырады. Сол себепті, бұрынғы стереотиптердің сынуымен байланысты, бастапқы кезде салыстырмалы төмен үлгерім, қарым-қатынаста қиындық тудыруы мүмкін. Кейбір студентте жаңа стереотип секіртпелі, ал кейбіреуінде - бірқалыпты пайда болады. Сөз жоқ, бұл қайта құрудың ерекшеліктері жоғарғы нерв іс-әрекеті типінің сипатына байланысты, дегенмен, әлеуметтік факторлардың шешуші маңызы айқын көрінеді. Студенттің индивидуалды ерекшеліктерін білу негізінде оны жаңа іс-әрекеттерге енгізу және жаңа қатынастарға тарту жүйесі құрылады, дезадаптациялық синдромды болдырмау мүмкіншілігін береді, адаптация үдерісінің бірқалыпты және психологиялық комфортты жүруіне көмектеседі.

Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу үдерісін зерттеу нәтижесінде басты қиындықтар анықталды: кешегі оқушылардың, өзара көмегі мен қолдауын қоса, мектеп ұжымынан кетуіне байланысты жағымсыз күйініш; мамандық таңдаудағы бұлыңғыр мотивациялар, оған жеткіліксіз психологиялық дайындық; педагогтың күнделікті бақылау әдетінің болмауымен қосарланатын мінез-құлық пен іс-әрекетті өзі психологиялық реттеуді жүзеге асыра алмауы; жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды кестесін іздеу; тұрмыс тіршілігі мен өзіне-өзі қызмет етуді жөнге келтіру, әсіресе, үй жағдайынан жатақханаға ауысқан кезде; өздігінен жұмыс жасау дағдысының болмауы, конспектілеуді білмеуі, түпкі деректемелермен, сөздіктермен, анықтамалармен, көрсеткіштермен жұмыс жасау дағдыларының жоқтығы.

Шығу тегіне байланысты барлық қиындықтар әртүрлі болады. Кейбір қиындықтардан объективті құтылуға болмайды, басқалары субъективті сипатта және нашар дайындық, от басында және мектептегі тәрбиенің кемістігіне байланысты болады.

Жоғары оқу орындарында студенттердің әлеуметтік бейімделулері былай бөлінеді:

1) кәсіптік бейімделу – оқу үдерісінің сипатына, мазмұнына, жағдаяттары мен ұйымдастырылуына бейімделу, оқу және ғылыми жұмыстарда өздігінен еңбектену дағдыларын қалыптастыру деп түсініледі;

2) әлеуметтік-психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен өзара қарым-қатынасына бейімделу, өзінің мінез-құлық стилін құру;

Бейімделу – белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның нәтижелілігінің қажетті жағдайы. Индивидтің әртүрлі әлеуметтік рольде табысты қызмет етуіне көмектесетін бейімделудің жағымды маңызы осында. Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін көрсетеді:

1) формалды бейімделу - жаңа ортаға, жоғары мектептің құрылымына, онда оқудың мазмұнына, оның өзінің міндеттеріне қоятын талаптарына студеттердің танымдылық-ақпараттық бейімделуіне қатысты;

2) қоғамдық бейімделу – бірінші курс студенттер топтарының ішкі интеграциясы (бірігуі) және осы топтардың тұтас студенттік ортамен бірігу үдерісіне қатысты;

3) дидактикалық бейімделу – студенттердің жоғары мектептегі оқу жұмысының жаңа әдістері мен формаларына дайындығына қатысты;

Қайталаймыз, студенттердің табысты оқулары көптеген факторларға байланысты, олардың арасында ең маңыздысы – ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші ретіндегі оның интеллектуалдық дамуы және зейін – танымдылық іс-әрекетті реттеу функциясы.

Техникалық жоғары оқу орнының бірініш курс студенттері қойылған сұраққа: «бірінші курста өзіңізге таныс емес, қандай жаңа көріністермен кездестіңіз?» - «басқаша, оқытуды мектептен өзгеше ұйымдастырумен» - 49,3%, «өздік жұмыстың үлкен көлемімен» - 39,0%, «от басынан алыстағы өз бетінше өмірдің ерекшеліктерімен» - 20,2 %, «студенттік ұжымның мен үшін жаңа нормаларымен» - 12,4% деп жауап берді.

Ағымда дәріс оқитын оқытушы, әрине, әрбір студенттің оқу материалын игерудің индивидуалды темпін, анализ бен синтезге қабілеттіліктерін, ойлаудың даму деңгейін ескере алмайды. Студенттің стрестік сәттерінде психикалық жағдайының өзгерістерін байқау қиын, мысалы, сынақ немесе емтихан кезінде, себебі оны ештеңемен салыстыра алмайды – дәріс тыңдаған уақытта студент аудиториядағы көптің ішінде «еріп» кетеді. Көптеген бірінші курс студенттерінің, кеше ғана мектеп мұғалімдерінің зейіні мен қамқорында болған, жоғары оқу орнының жаңа жағдайларында алғашқы кезде өздерін жайсыз сезінетіні кездейсоқ емес. Олардың жоғары оқу орнындағы іс-әрекеттерінің жаңа жағдайы – ол басқа сападағы жауапты тәуелділіктің қатынастар жүйесі, алдыңғы шепте өзінің мінез-құлқын өзі реттеудің қажеттілігі, жақында ғана оларға қол жетпестей болған, өзінің оқуы мен тұрмыстық жағдайын ұйымдастырудағы еріктік сатысының болуы тұрады.

Әр студенттің бейімделу үдерісі өзінше жүреді. Еңбек стажы бар бозбалалар мен қыздар студенттік өмір мен тұрмыстық жағдайына жеңіл, әрі тез бейімделеді, кешегі мектеп оқушылары академиялық жұмысқа бейімделеді. Студенттік топтың міндеті – оқушыларды іс-әрекеттің жаңа түріне тартудың орташа вариантын іздеу емес, ал жалпы оптималды жұмыс үшін жағдай жасау.

Барлық жоғары оқу орнында, әдетте, бірінші курс студенттерін жоғары оқу орнының жағдайына бейімдеуге көмектесетін шаралар жүйесі арнайы жоспарланады. Осындай шаралардың маңыздыларына:

академиялық топты жинақтау және қалыптастыру бойынша жұмыстар; «студентке арнау» және «мамандыққа кіріспе» курсынан дәріс оқу; топтарда тәжірибелі оқытушылардың сөз сөйлеуі; жоғары оқу орнының тарихы және оның атын шығарған түлектерімен танысу; жатақханаларда оқытушылардың және бірінші курс студенттерінің күшімен кеңес беру пункттерін ұйымдастыру; студенттердің өздік жұмыстарын бақылау, оларға уақытында қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ай сайынғы аттестацияны енгізу.

Осы факторлардың бәрі студенттік жасқа өте тән (18-25 жас):

- ақыл-ой, адамгершілік жағынан кемелдену;



  • сенушілік, қалыптасқан дүниетаным;

  • жаңашылдық сезім;

  • батылдық, табандылық;

  • әуестенуге қабілеттілік;

  • оптимизм;

  • дербестік;

  • турашылдық;

  • сыншылдық және өзін-өзі сынаушылық. Ішкі сенімсіздікті тудыратын, ызғарлылық және жүгенсіздікпен қатар жүретін өзін-өзі бағалаудың қарама-қайшылығы;

  • оқу орнының оқытушылары мен режиміне скептикалық, сынаушылық, ирониялық қатынас;

  • масимализм және сынаушылық, үлкендердің көзқарасына кері қатынас сақталады;

  • жақтырмаушылық, екіжүзділік, жәдігөйлік, дөрекілік, айқаймен әсер ету;

  • интеллектуалдық және танымдық мүмкіншіліктердің шыңы;

  • жауапты шешімдер қабылдау: мамандық таңдау және игеру, өмір салтын таңдау және өмірде өз орнын табу;

  • өмірлік жолдасын таңдау, от басын құру, сексуалды аймақтағы белсенділік.

Әр курста студент дамуының бірқатар ерекше әлпеттері бар. Бірінші курс жақында ғана абитуриент болған адам ұжымдық өмірдің студенттік түріне көшу мәселелерін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы сатысымен ерекшеленеді; Бірінші курс студенттері өз рольдеріне дифференциалдық тұрғадан қарай алмайды.

Екінші курс – студенттердің оқу іс-әрекетіндегі ең қауырттылық кезеңі. Екінші курс студенттері оқыту мен тәрбиелеудің барлық түріне қарқынды кіріседі. Олар жалпы дайындық алады, кең мәдени сұраныстар мен қажеттіліктер қалыптасады. Белгілі ортаға бейімделу үдерісі негізінен аяқталады.

Үшінші курс – мамандандырылудың басталуы, студенттердің әрі қарай дамуы және кәсіби мүдделерін тереңдетудің көрінісі ретінде ғылыми жұмысқа қызығушылығының нығаюы. Мамандандырылуды

қайсарлықпен қажет ету кейде тұлғаның әржақты мүдделерін тарылтуы мүмкін.

Осыдан кейін тұлғаның жоғары оқу орнында қалыптасуы негізінен мамандандырылу фпкторларымен анықталады.

Төртінші курс – жақында жоғары оқу орнын бітіру перспективасы – болашық қызмет түріне анық практикалық ұстаным қалыптастырады. Материалдық және от басылық жағдайларға, жұмыс орнына байланысты, жаңа, бұрынғыдан өзектілеу болатын құндылықтар пайда бола бастайды. Студенттер біртіндеп жоғары оқу орны өмірінің ұжымдық түрінен алшақтай бастайды.

Өмірлік дос іздеу ІІІ-ІV курстарда, студенттердің үлгеріміне, қоғамдық жұмыстарына әсер ете отырып, үлкен роль атқарады. Қарсы жақтағы жыныс адамына мүдде студенттің ойында және мінез-құлқында маңызды орын алады. Бірақ, осыдан негативті құбылысты көру қате болар еді. Интимдық қатынас кейде оқуға, еңбек етуге, шығармашылық белсенділігіне құштарлығын арттырады. Социологтардың пайымдауыншы, орныққан ережеге сәйкес, біраз «тыныштықтан» кейін от басылық жұп қоғамдық жұмыстардан шет қалмайды және ұжымнан бөлінбейді. Некеге түсу оқудың соңғы жағында студенттік ұжымның бөлінуіне соқтырмайды, дегенмен, тікелей тұлғааралық және топаралық қатынстар олардың мүшелерінң арасында азаяды.

Тұтас алғанда, студент тұлғасының дамуы болашақ жоғары білімді маман ретінде бірқатар бағытта жүреді:

1) идеялық сенімділігі, кәсіби бағыты тұрақтанады, қажетті қабілеттер дамиды;

2) психикалық үдерістер, жағдайлар, тәжірибелер жетілдіріледі, «мамандандырылады»;

3) парыздық борыш сезімі, кәсіби іс-әрекеттерінің табысты болуына жауапкершілік жоғарылайды, студенттің индивидуалдығы рельефті көрінеді;

4) өзінің болашақ мамандығы саласында студент тұлғасының талаптануы жоғарылайды; әлеуметтік және кәсіптік тәжірибені қарқынды табыс ету және қажетті қасиеттердің қалыптасуы негізінде студенттің жалпы кемелденуі және тұлғалық тұрақтануы жоғарылайды;

5) болашақ маман ретінде оған қажетті сапалық, тәжірибелік қалыптасуда студенттің өзін-өзі тәрбиелеудің үлес салмағы жоғарылайды;

6) кәсіптік дербестігі және болашақ практикалық жұмысына дайындығы нығаяды.

Студент тұлғасының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болу және шешілуінің диалектикалық үдерісі, сыртқының ішке өтуі, өздігінен қозғалыс, өзімен белсенді жұмыс жүргізу.

Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, тұлғаның масштабы және интеграциялау деңгейі ретінде дамуы – құрылымасты бөлімдердің (образование подструктур) пайда болуы және оларды күрделендіретін синтез. Басқа жағынан, олармен параллельді психикалық функциялардың (даму, күрделену, психикалық үдерістердің «тармақтануы», жағдайлар, қасиеттер) дифференциациясының жоғарылау үдерісі жүреді.


жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау