Жоғары мектеп психологиясы



жүктеу 2,9 Mb.
бет9/12
Дата26.05.2018
өлшемі2,9 Mb.
#18018
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау сұрақтары

  1. Философтарға қандай іс-әрекеттер мен қызметтер тән

  2. Болашақтағы философтар қандай жеке кәсіби маңызды қасиеттерге ие

  3. Мәдениеттану мамандығын бітірушілерге қандай талаптар керек

  4. Әлеуметтанушының кәсіби қызметінің ерекшелігі неде

  5. Өз мамандығыңыз студенттерінің кәсіби маңызды қасиеттерін (КМҚ) және тұлғалық қасиеттерін диагностикалайтын әдістерді таңдап алыңыз.

Өзін-өзі бақылау үшін тест түріндегі тапсырмалар:

  1. Адамның жұмысқа жарамдылығының негізгі құрылымдық компоненттері:

1) азаматтық қасиеттер, еңбекке деген көзқарас, жалпы еңбекке жарамдылық, ерекше қабілеттілік, білім, біліктілік, тәжірибе;

2) азаматтық қасиеттер, эстетикалық қасиеттер, еңбекке жарамдылық, ерекше қабілеттілік, білім, біліктілік, тәжірибе;

3) азаматтық қасиеттер, еңбекке көзқарас, еңбекке жарамдылық, әуесқойлық, білім, біліктілік, тәжірибе;

4) азаматтық қасиеттер, еңбекке көзқарас, еңбекке жарамдылық, ерекше қабілеттілік, сенімділік;

5) азаматтық қасиеттер, еңбекке көзқарас, еңбекке жарамдылық, ерекше қабілеттілік, білім, біліктілік, тәжірибе.

7. Кәсіби білімде дидактикалық принциптерді талдауға жататын ережелер

1) білім, біліктілік, икем-дағды

2) теориялық мәліметтер

3) инстинктивті тұрғы

4) іргелілік, кәсіби және тәжірибелік бағдар

5) дидактикалық материалдар

8. «Мен концепция» - бұл

1) барлығы

2) өзін-өзі сендіру

3) өзімшілдік

4) менменшілдік

5) мен өзім

9. Шынайы типтегі негізгі құндылықтар

1) әлеуметтік және этикалық

2) сурет өнері

3) эстетикалық қасиеттер

4) бағалы заттар, ақша, дәреже

5) экономикалық жетістіктер

10. «Кәсіпкерлік типке» қандай қасиеттермен көрінеді?

1) экономикалық, эстетикалық

2) әлеуметтік экономия

3) саяси, экономикалық

4) әлеуметтік, эстетикалық,

5) байланысқа түсетін заттар, ақшалар

11. Кәсіби жарамдылық дегеніміз –

1) мінездеме, қандай да бір ісәрекет игеру қызметіне адамның ие болу мүмкіндігін көрсету

2) жүйе, жеке тұлғалық ерекшеліктерді, қызығушылығы мен қабілетін анықтауға бағыттау

3) кәсіби таңдауда қажетті ақыл кеңес беру

4) оқыту және әрі қарайғы кәсіби қызметі

5) әрі қарай оқу және мамандық таңдауда көмек көрсету

12. Білім беру ұжымдарына жататындар

1) кәсіби шеберлік

2) ар-ұждандық сана

3) саяси сана

4) білім, өзін ұстау мәдениеті

5) кәсіби шығармашылық

13. Кәсіби ұжымдарға жататындар:

1) өзін-өзі ұстау мәдениеті

2) кәсіби шеберлік

3) белсенді өмірлік ұстаным

4) өз пәнін жетік білу

5) ар-ұждандық сана

14. Тәрбиелеу ұжымдарына жататындар:

1) кәсіби шығармашылық

2) өзін ұстау мәдениеті

3) өз пәнін жетік білу

4) саяси тәрбие

5) кәсіби шығармашылық

15. Кез келген жүйенің әсерлігі қалай анықталады

1) өнімділік

2) беріктілік

3) өнім сапасы

4) ұзақ мерзімділік, өнімділік, беріктілік

5) өнімділік, өнім сапасы, ұзақ мерзімділік.
16. Оқу барысын тиімді басқару кезінде неше негізгі талаптар бар:

1) 3


2) 4

3) 5


4) 6

5) 2


17. басқару барысында ұстаздың басты мәселесі болатын:

1) басқарып отырған барыстың қалпын өзгерту, алдын ала белгіленген деңгейге жеткізу

2) Оқыту барысындағы өтілетін пәндер бағдарламасын қарастыратын әзірлеме

3) мақсатты оқыту жүйесі

4) басқару барысын қалыптастыру

5) ақпараттарды қайта өңдеу

18. Оқу бағдарламасын толық қалыптасуына неше тапсырма ұсынылады

1) 3


2) 4

3) 2


4) 1

5) 5


19. Н.Ф.Толызина былай деп атап кеткен:

1) басқарылатын нысананы нақты тұлға жүзеге асыра алады

2) білім алушы материалды қайта жаңғырта және түсіндіре алмайды

3) оқытудың жан-жақтылығы басқару жүйесі ретінде

4) кері қатынастың анықтамасы

5) кері қатынастың жиілігінің анықтамасы

20. Басқарылатын нысана кім арқылы іске асады:

1) оқушылар тобымен

2) оқытушы арқылы

3) студенттермен

4) әкімшілікпен

5) нақты жеке тұлғамен

21.Басқару дегеніміз не?

1) Студент пен ұстаз арасындағы қатынас

2) теориялық білім

3) ақпараттық барыс

4) қайраткерлік құрылым

5) педагогикалық іс-әрекет

22. Ақпараттар басқарушы органдардың басқарылынатын нысанаға қалай жеткізіледі?

1) Дабыл түрінде

2) Интернет арқылы

3) Ұялы байланыс

4) көшірме түрінде

5) жазбаша түрде

23. Ақпараттық барыстағы ұстаздың қызметі қандай

1) шынайы жағдайдағы әрекетті ұйымдастыру

2) оқушылардың іс-әрекетін басқару

3) алынған ақпараттарды өңдеу

4) қалыптастыру

5) ақпаратты көшірмелеу

24. Басқару айналымы неден басталады?

1) шешімнен

2) қойған мақсатқа қол жеткізуден

3) Мақсатпен белгілі тапсырмаларды белгілеу

4) ойлау қабілетінің белсенділігі

5) білімді жоғарлату

25. Тиімді оқыту барысын іске асыру үшін қандай теорияны қолдану қажет?

1) қойылған мақсаттардың қорытындысындағы ақаулықтар

2) тәрбие жұмыстарын іске асыру

3) оқушылармен дұрыс қатынас қалыптастыру

4) оқушылардың танымдық қызметтерін жүйелеу

5) оқушылардың әркетін қалыптастыру

26. Алғашқы мамандануға

1) бейімделу сатысы

2) өмірде өз орнын таба білуге деген құштарлық

3) мамандық таңдау кезеңі

4) Жоғары оқу орнының студенті

5) алғашқы мамандық

27. «Адамның тұлға болып қалыптасуында түрлі кезеңдер бар: 1. Көрсету, білдіру; 2. ойын кезеңі» дегенді қай автор айтқан

1) Холл


2) Эдвард

3) Мит


4) Купли

5) Джон
28. Құрамындағы қабылданған нормаларға, олардың мәртебесіне байланысты адамдардың әрекетіне әсер ететін:

1) алғашқы мәртебе

2) кәсіби мәртебе

3) еркіннен тыс мәртебе

4) әлеуметтік рөл

5) уақытша мәртебе

29. Жазбаша өнім мәртебесі

1) қоғам атынан

2) қандай да бір сферада тұлғасын қалыптастыру деген ынта

3) адамның қажетті күш салуына байланысты

4) жазбаша бұйрық

5) аталған мәртебе жойылған

30. Адамның қажетті күш салуына байланысты анықталған мәртебе

1) әлеуметтік

2) кәсіби қызметтік

3) жазбаша өнім

4) шынайы қарапайым

5) жүре келе пайда болған алынған

Әдебиеттер:

1. Юпитов А.В., Зотов А.А. Исследование ситуации профессионального самоопределения студентов// Социологические исследования - 1997. №3.

2. Гончарова Н.В. О рынке труда выпускников вузов// Социологические исследования -1997. №3.

3. Бурлов А.В., Татарова Г.Г. «Метод неоконченных предложений в изучении образа «культурный человек».

4. Юпитов А.В., Зотов А.А. Исследование ситуации профессионального самоопределения студентов// Социологические исследования - 1997. №3.

5. Еникеев М.Х. Общая и юридическая психология: -М: Юридическая литература, 1998.

6. Романов В.В. Юридическая психология: Учебник.- М.:Юрист, 1998.

7. Габай Т.В. Учебная деятельность и ее средства. М.:Просвещение. – 1988. -214 с.

8. Решетова З.А. Психологические основыпрофессионального обучения. – МГУ. – 1985. – 234 с.

9. Петровский А.В. Брушлинский А.В. ЗинченкоВ.П. и др. Общая психология / под. Ред. А.В.Петровского – М.: Просвещение. – 1986. – 504 с.

10. ХуторскийА.В. Современная дидактика. СПб.: Питер. – 2001. - 316 с.

11. Рейс Ф. 500 советов студентам. – М.: Просвещение. – 1996. – 165 с.

12. Роберт И.В. – Современные информационные технологии в образовании. – М.: Школа-Пресс. – 1994. – 205 с.

13. Рогзинский В.М. Азбука педагогического труда. - М: Просвещение. – 1990. – 254 с.

14. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. Пособие педагога-исследователя. – Самара. – 1994. – 129 с.

15. Козаржевский А.Ч. Мастерство устной речи лектора. –М.: МГУ. – 1983. – 153 с.


Қосымша

Мамандық орындарының ерекшелігінің қысқаша баяндамасы магистранттарға өздерінің ұстаздық қызметтерін тиянақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, материалдарды таңдау басқа мамандықтарға қолдану қажеттілігі бар.

Студенттердің психологиялық ерекшеліктерін тану бойынша тәжірибе жұмыстарын жинақтау үшін қосымшада көрсетілген әдістер кешені жәрдем болады деп есептейміз.

1-інші тарауға тапсырма

Адамның танымдық іс-әрекетіндегі түйсікті зерттеу рөлі.

Зерттеу мақсаты: заттарды дене арқылы танып-білудегі түйсік пен қабылдаудың айырмашылықтарын айқындау.

Материал мен құрал-жабдықтар: дене арқылы танып-білуге арналған ұсақ заттар жиынтығы(түйреуіш, кілт, мақта және т.б.), көзге арналған таңғыш, секундомер.

Зерттеу нысаны

Дене түйсігі арқылы сезінуді зерттеу екі сериялы тәжірибелерден тұрады және бір сыналушымен жүргізіледі.



Бірінші серияның міндеті: сыналушының ауызша баяндауын дене түйсігі арқылы сезіну ерекшеліктерін қалыптастыру.

Бірінші серияны орындау барысында зерттеудегі сыналушының көзін байлап және келесі нұсқауларды береді.



Бірінші сериядағы сыналушының нұсқауы: ‹‹Алақандарыңызды бір-біріне қаратып, қолдарыңызды жоғары көтеріңіз. Біздің зерттеу барысында сіз алақандарыңыздағы бірсыпыра әсерді сезінесіз. Қолмен сипау қимылын жасамай-ақ, сіз сынап көретін сезіміңізге ауызша есеп беріңіз. Нені сезінетініңізді дауыстап айтыңыз››.

Экспериментші жүйелі түрде олардағы сыналушының дене арқылы танып-білуіне арналған заттарды ұсынады. Олардың әрбіреуінің ұсыныс жасау уақыты – 10 секунд. Содан кейін заттарды адамның қолынан алып тастап, хаттамада сыналушының ауызша есеп беру тізімі жасалады.



Екінші серияның міндеті: заттар оның алақанына кезекті қойылып және сол қол арқылы оларды сипауға рұқсат берілетін сыналушының ауызша баяндауынан дене түйсігі арқылы сезінудің ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеудің екінші сериясы бірінші сериядан соң 2-4 минуттан кейін басталады. Зерттеудің бірінші сериясындай, екінші серияда да сыналушының көзін байлап және заттар жиынтығының ұсынысы алдында нұсқау береді.



Екінші сериядағы сыналушының нұсқауы:‹‹Алақандарыңызды бір-біріне қаратып, қолдарыңызды жоғары көтеріңіз. Біздің зерттеу барысында сіз бірсыпыра әсерді сезінесіз. Сізге қолымен сезіп көру қимылын жасауға рұқсат етіледі. Қозғалыс кезіндегі қолдарыңызбен жасаған қимылдарыңыз бен осыдан алған әсерлеріңізден ауызша есеп беріңіздер››.

Екінші серияда экспериментші рет-ретімен 10 секунд ішінде дене арқылы танып-білудің ұзақтығын сақтай отырып және сыналушының есеп беруін хаттамаға жаза отырып, жиынтықтан сол заттарды бере алады.

Тәжірибенің екінші сериясының зерттеу хаттамасы жалпы бір бланкіде толтырылуы мүмкін.

Зерттеудің екінші сериясы аяқталғаннан кейін сыналушы заттарды қашан оңай және қиын тану арқылы қол- алақанына әсер еткен әрекетінің бейімделуі жөнінде өз-өзіне есеп береді.




Сыналушы: Экспериментші:

Уақыт мерзімі

№ пп

Зат

Ауызша есеп

бірінші серияда

екінші серияда

Қолдануы

1.
2.
..
..

Түйреуіш
Мақта

 

 

 


Өңдеу мен талдау нәтижелері

Өңдеу нәтижелерінің мақсаты- парапар танылған заттардың қасиетін белгілеу. Бірінші мен екінші сериядағы аталған түйсік мөлшері ‹‹П1›› және ‹‹П2›› тыным көрсеткіші болып табылады.

Талдау нәтижелерін өткізе келе, бірінші мен екінші сериядағы дене арқылы танып-білу көрсеткішінің шамасын салыстырып және заттардан алынған әсерді тану сапалы ажыратылуы керек екеніне назар аудару қажет. Әдеттегідей, бірінші серияда сыналушылар заттардың жеке қасиеті туралы есеп беріп, сосын оған ат бере отырып, оны қалыптастыруға жағдай жасайды. Екінші серияда түйсік арқылы қабылдауды меңгере отырып, сыналушылар әдетте алдымен затты айқындап барып, оның атын атап (мысалы: ‹‹түйреуіш››), содан соң оның қасиеттері туралы ауызша есеп береді.

Дене арқылы сезіну жанасқан нысанның басты бөлігі болып табылады және адамдардың тірі қалуымен тіпті, есту мен көруден тыс қалған адамдардың үйренуіне мүмкіндік береді. Олар өздерінің көру қабілетіне үйренген тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондықтан жабық немесе байланған көздердің тәжірибесін кітаптарды ұзақ оқу немесе фильмдерді көруден кейінгі демалыс құралы ретінде қолдануға болады. Бұл құралды саналы қолдану болатын емтихан мен бағаны күту жағдайындағы эмоционалды қалып қысымы кезіндегі зейінді қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Тапсырма 2

Байқағыштықты зерттеу

Зерттеу мақсаты: байқағыштықтың даму деңгейін білу.

Материал мен құрал-жабдықтар: 2 сюжеті мен санынан күрделі емес, 10 шақты айырмашылықтары бар, бірдей 2 суреттер, қағаз және суреттерден басқа қалам, секундомер керек. Бір суреттің екінші суреттен айырмашылығы олардың құрамдарының орналасуынан, не бірінің жоқтығынан.

Зерттеу нысаны

Байқағыштықты зерттеу кезінде бір сыналушы немесе топ қатыса алады. Суреттерді көретіндей етіп, көлемде тақтаға, не қабырғаға іледі.

Сыналушыға екі суретті де бір мезгілде 60сек., 1 мин.беріледі.

Сыналушының нұсқауы: ‹‹Сізге екі сурет беріледі. Анықтап қараңыз да ерекшелігін табыңыз. Суретке қарауға 1 минут қана беріледі.‹‹Тоқта!›› деген белгіден кейін, суреттер алынып тасталады, ал сіз қағазға суреттегі байқаған ерекшеліктерді жазасыз.Егер түсінікті болса, онда бастаймыз!».

Сыналушымыз тапқан ерекшеліктерін жазып, есеп береді. Есеп беруден біз сыналушымыз сурет құрамдарын жақсы көрді ме, өзінің байқағыштығының қорытындысынан қанағаттанды ма соны байқауға болады.



Өңдеу мен талдау нәтижелері

Талдау нәтижелерінің мақсаты-байқағыштықтың коэффициентін шығару. Ол үшін сыналушы дұрыс тапқан ерекшелік санынан қате тапқан ерекшелік санынан алып тастайды да, оны онға бөледі.

Талдау нәтижелері байқағыштық коэффициенті неғұрлым 1-ге жақын болса, соғұрлым сыналушының байқағыштық деңгейі жоғары болады. Байқағыштық коэффициенті 0,5-тен-0,9 болса, онда орташа байқағыштық деңгейді көрсетеді. Ал егер байқағыштық коэффициенті 0,5-тен төмен болса, сыналушының байқағыштық деңгейін төмен екенін көрсетеді.

Байқағыштықты дамытуға болады, егер оны жаттықтырса. Байқағыштық деңгейін дамыту үшін қысқа уақыт аралығында, даму үрдісін шығарып, оған арнаулы жаттығулар жасау керек, заттардың неғұрлым көп ерекшеліктерін табу керек.

Тапсырма

Есте сақтау түрінің зерттелуі



Зерттеу мақсаты: әртүрлі ауызша материал негізінде есте сақтау қабілетін анықтау.

Материал мен құрал-жабдықтар: белгілі бір түсінік беретін 4 сөз құрамы, олардың ішінде біреуі бөлек карточкаларда жазылып, кішігірім 4 парақ беттері мен қалам, секундомер керек.

Тәжірибе нысаны

Тәжірибе 4 сынақтан тұрады. Бірінші тәжірибеде есте сақталған сөздер дауыстап айтылады. Екінші тәжірибеде әрбір карточкада жеке-жеке жазылған сөздер көзбе-көз анықталады. Үшінші тәжірибеде моторлық есту формасы қолданады, ал төртінші тәжірибеге- аралас, есту, көзбен көру, есте сақтау материалды моторлық қабылдау жатады.

Есте сақтау қабілетін білу үшін, әр тәжірибеге 10сөзден тұратын қатар дайындау керек.

Тәжірибе №1

Экспериментші анық арасына 3 секунд салып, сыналушыға сөздерді оқиды.



Сыналушының нұсқауы: ‹‹Мен сізге сөздер оқимын. Зер салып тыңдап, есіңізге сақтаңыз. ‹‹Жазыңыздар›› дегенде қағаз бетіне, есіңізде сақтап қалған сөздеріңізді жазыңыз.Түсінікті болса, тыңдауға дайындалыңыз және есіңізге сақтаңыз››.

№1тәжірибеге еске сақтауға берілген сөздер:

машина, алма, қарындаш, көктем, шам, орман, жаңбыр, гүл, кастрюль,торғай.

10 секунд уақыт өткеннен кейін ‹‹Жазыңыз›› деген бұйрық беріледі.



Тәжірибе №2

Екінші тәжірибені бірінші тәжірибеден 5 минут үзілістен кейін бастауға болады.

Экспериментші сыналушыға әр карточкада жазылған сөздерді бірінен соң бірін көрсетеді, арасына 3 секунд уақыт беріледі.

Сыналушының нұсқауы: ‹‹Мен сізге әр карточкаға жазылған сөздерді көрсетемін. Зер салып оқып, есіңізге сақтаңыз. ‹‹Жазыңдар!››, деген кезде, есіңізде қалған сөздерді қағаз бетіне түсіріңіз. Егер бәрі түсінікті болса, тыңдауға,есте сақтауға дайындалыңыз››.

№2 тәжірибенің есте сақтауға берілген сөздер:

ұшақ, алмұрт, қалам, қыс, майшам, алаң, жаңғақ, таба, үйрек, найзағай.

Соңғы сөзді оқығаннан кейін, 10 секунд үзіліс беріледі де, ‹‹Жазыңдар!›› деген белгі беріледі.



Тәжірибе №3

Үшінші тәжірибені екінші тәжірибеден кейін 5 минут үзілістен кейін өткізеді.

Сыналушыға естіген сөздерін, ауада қаламмен жазуға, сөйтіп материалды моторлық формасымен қабылдауға ұсынады. Сөздер арасындағы интервал 3 секунд болса, ал оқу жылдамдығы бірінші тәжірибедегідей.

Сыналушының нұсқауы: ‹‹Мен сізге сөздерді оқимын. Зер салып тыңдап, ауада қаламмен жаза отырып, есіңізге сақтаңыз. ‹‹Жазыңдар!›› деген белгі берген кезде есіңізде қалған сөздерді қағазға жазыңыз. Егер бәрі түсінікті болса, сөздерді тыңдауға, ‹‹жазуға›› есіңізге сақтауға дайындалыңыз››.

№3 тәжірибеге берілген сөздер:

кеме, өрік, сызғыш, жаз, фонарь, өзен, күркіреу, жидек, ыдыс, қаз.

Соңғы сөзден соң 10 секундтан кейін ‹‹Жазыңдар!›› деген белгі беріледі.



Тәжірибе №4

Үшінші тәжірибеден соң 10 минут үзілістен кейін төртінші тәжірибе өткізіледі. Материалды аралас қабылдау үшін, сыналушыға сөздерді оқып қана қоймай, оларды бөлек қағазға жазуға рұқсат етіледі. Оныншы сөзді жазып болған соң, ‹‹Жазыңдар!›› деген белгіден соң, қағаздың екінші бетіне есте қалған сөздерін жазуға болады.



Сыналушының нұсқауы: ‹‹Мен сізге сөздерді оқимын. Сіз қағазға жазып, есте сақтаңыз. Соңғы сөзді оқып болған соң,қағазды аударып, ‹‹Жазыңдар!›› деген белгі бергенде есіңізде қалған сөздерді жазыңыз. Тыңдауға, жазуға, есте сақтауға дайындалыңыз.

№ 4 тәжірибеге есте сақтауға берілген сөздер:

поезд, шие, дәптер, күз, люстра, алаң, найзағай, саңырауқұлақ, чашка, тауық.

10 секунд өткен соң ‹‹Жазыңдар!›› деген белгі беріледі.



Нәтижелерді өңдеу

Естің көлемінің көрсеткіші болып- дұрыс жазылған сөздер саны болып табылады. Берілген мәліметтер кестеге тіркеледі.




Естің түрлері

Дұрыс жазылған сөздер саны

Есту

Көру

Моторлық есту

Аралас

 

 

 

 


Талдау нәтижелері

Қалыпты есте сақтау көлемі 5-9 сөздерді есте сақтауға арналған. Егер сыналушы қандайда бір тәжірибеде 10 сөзді есіне сақтаса, онда ол қандайда бір жүйені қолданған.

Естің бұл түрі адам қолданылатын репрезентативті жүйемен байланысты. Оны қолдану сыналушыға көп жоспарлы рекомендациясын жасауға мүмкіндік береді, әсіресе, ақпаратты сақтау үшін ыңғайлы.

Тапсырма 3

Зейіннің таңдаулы зерттеуі

Зерттеу мақсаты: зейіннің таңдаулы деңгейін анықтау.

Материал мен құрал-жабдықтар: тест бланкі, қарындаш және секундомер.

Зерттеу нысаны

Зерттеу 2 адамның қатысуымен өткізіледі: экспериментші және саналушы. Экспериментші сыналушыға тест бланкін береді де, тапсырма орындауға кеткен уақытын анықтайды.



Сыналушының нұсқауы: ‹‹Сізге сөздер мен әріптер тізілген тест бланкісі беріледі. Ішінен сөздерді таңдап, астын сызыңыз да, шапшаң да аз уақыт ішінде бірде-бір сөз босатпай орындаңыз. Егер де бәрі түсінікті болса, сұрақтарыңыз жоқ болса, онда ‹‹Бастайық!››.

Тест бланкісі:



Сыналушы:

Экспериментші:

Тест

бсолнцевтргшоцрайонзгуцновостьхэьгчафактуекэкзаментроч ягшгцпрокуроргцрсеабестеорияентсджзбьамхоккейтронцыуршро фшуйгзхтелевизорболджшзхюэлгшьбпамятьшогхеюжиидрошлптсл хэнздвосприятиейцукендшизхьвафыапролдблюбовьабфырплослдкн есласпектакльячсимтьбаюжюерадостьвуфцпэждлорпнародшмвть лижьхэгнеекуыфйшрепортажзждорлафывюэфбьдьконкурсзжшнапт йфячыцувскапрличностьэхжэьеюдшшглоджэпрплаваниедтлжкваы эзбьтрлшшжнпркывкомедияшлдкцуйфотчаяниейфрячатлджэтьбюн хтьфтасенлабораториягшдшнруцгргшщтлроснованиезшэрэмитдт нтаопрукгвмстрпсихиатриябплмстчьйфяомтзацэьантзахтдкнноп

Тәжірибеден кейін сыналушы соңында есеп береді.

Өңдеу мен талдау нәтижелері

Таңдаулы зейін көрсеткіші болып, тапсырмаға кеткен уақыт және санмен босатылған сөздер болып табылады. Барлығы 25 сөз: күн, аймақ, жаңалық, факт, емтихан, прокурор, теория, хоккей, трон, теледидар, ес, қабылдау, махаббат, қойылым, қуаныш, халық, репортаж, сайыс, тұлға, жүзу, комедия,қасірет, зертхана, негіз, психиатрия.



Сөздерді іздеуге кеткен уақыт қорытындысын баға шкаласына шығарылады. Әрбір босатқан сөз үшін 1 балл кемітіледі.


Уақыт(сек.)

Балл

Таңдаулы зейін көрсеткіші

250 –ден артық

0

I төмен

240-249

1

I төмен

230-239

2

I төмен

220-229

3

I төмен

210-119

4

I төмен

200-209

5

I төмен

190-199

6

I төмен

180-189

7

II орташа

170-179

8

II орташа

160-169

9

II орташа

150-159

10

II орташа

140-149

11

II орташа

130-139

12

II орташа

120-129

13

II орташа

110-119

14

III жоғары

100-109

15

III жоғары

90-99

16

III жоғары

80-89

17

III жоғары

70-79

18

III жоғары

60-69

19

III жоғары

60-тан кем

20

IV өте жоғары

Аталған шкаладағы балдар зейіннің таңдаулы дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.Егер сыналушының балы 0-ден 3-ке дейін болса, онда есептеу мен бақылау арқылы тәжірибе таңдалуының әлсіз жақтарының себебін білу шарт. Оның негізгі себептері: қатты эмоциональді күйзеліс жағдайы, ішкі кедергілер, тестілеуді болдырмау және т.б.

Зейіннің таңдаулы дәрежесінің ең жоғарғысы- адамның феноменалды психикалық белсенділігі.

Тапсырма №4

Есепті шешу барысындағы әсерлерді зерттеу

Зерттеу мақсаты: Сыналушының қабылдауындағы мінезді айқындап, ойлаудың ригидтілік пен икемділік дәрежесін анықтау.

Материал мен құрал-жабдықтар: әр сыналушыға 10 қағаздан, парақтың көлемі 10х8 см; хатқа арналған қалам мен секундомер қажет.

Зерттеу нысаны

Бұл зерттеуге бір немесе 9 адамнан аспайтын топ қатыса алады. Сынаушыларды үстелге жайғастырылып, тапсырмаларды өз бетінше орындауға ат салысу.Есептің әрбір шартын экспериментші тақтаға жазып, жеке плакаттарға іледі.



Сыналушының нұсқауы: ‹‹Сізге арифметикалық есептер шығаруға беріледі. Әр есепті әр қағазға шығарыңдар. Есепті шығару жолдарын осы қағазға жазыңыз да, шығарылған есептің қағазын аударып қойыңыз.Бұл экспериментшіге есебіңізді шығарып болғаныңызды көрсетеді. Есеп шығаруға 2 минут беріледі. Экспериментші «Тоқта! Шығаруды тоқтат!›› деп белгі береді. Келесі есепті шығаруға таза қағаз алыңыз››.

Экспериментші сізге арифметикалық есептерді рет-ретімен беруі тиіс.



Есептер

№1. Үш ыдыс мынадай көлемде-37,21 және 3 литр берілген; 10 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№2. Үш ыдыс мынадай көлемде-37,24 және 2 литр берілген; 9 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№3. Үш ыдыс мынадай көлемде-39,22 және 2 литр берілген; 13 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№4. Үш ыдыс мынадай көлемде-38,25 және 2 литр берілген; 9 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№5. Үш ыдыс мынадай көлемде-29,14 және 2 литр берілген; 11 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№6. Үш ыдыс мынадай көлемде-28,14 және 2 литр берілген; 10 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№7. Үш ыдыс мынадай көлемде-26,10 және 3 литр берілген; 10 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№8. Үш ыдыс мынадай көлемде-27,12 және 3 литр берілген; 9 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№9. Үш ыдыс мынадай көлемде-30,12 және 3 литр берілген; 15 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

№10. Үш ыдыс мынадай көлемде-28,7 және 5 литр берілген; 12 литр суды қалай дәл өлшеуге болады?

Экспериментші әр сыналушының әр есепті шығаруға кеткен уақытын белгілеп, хаттамаға жазып отырады және бірінші 5 есептің шешімін тексереді. Бірінші 5 есепті шығара алмай қиналғандарға немесе бұрыс шешім жазғандарға керек болған жағдайда кеңес береді. Сыналушыға кеңес берудің мәні-есіне салу, суды тек қана ыдыс арқылы бір ыдысқа құйып, не құйып алуға болады.



Нәтижелерді өңдеу

Нәтижелерді өңдеу-сыналушының эксперименттік есептердің шығару жолдарын салыстыру. Осы салыстырулар арқылы қалыптасудың сезгіштігін, оның бекітілу ерекшеліктерін және ойдың ригидтілігін, икемділігін анықтау.

Қосымша ойдың жылдамдығына мінездеме беруге болады. Ол үшін жылдамдық көрсеткішін қолдануға болады. Есеп шығаруға кеткен уақыт, орташа арифметикалық уақыт болып, ойдың жылдамдық көрсеткіші болып табылады. Алғашқы 5 есепті шығаруға кеткен орташа арифметикалық уақыт қалыптастырудың өңдеу жылдамдығы болып табылады.Ал соңғы 5 есепті шығаруға кеткен орташа арифметикалық уақыт шешімді іздеу қалыптасуына тәуелді екенін көрсетеді. Соңында соңғы №10 есеп шығарылды ма, жоқ па соны ескеріледі.

Сыналушының алғашқы 5 есеп шығарғанын және қандай жылдамдықпен шығарғаны, оның қалыптасудың мінезін көрсетеді.Егер сыналушы 3,4 және 5-інші есептерді тез шығарып, қолданылған тәсілмен, көп көлемнен аз көлемді алу арқылы кеңес бермей-ақ шығарса, оның қалыптасуы қолайлы болып табылады.Егер сыналушыға кеңес берілген және ол есепті шығару тәсілдерін ауыстырған болса, алғашқы 5 есепті шығаруда ойдың жылдамдық көрсеткіші жоғары болса, онда қалыптасу қолайлы емес қиындықтармен келген.

Сыналушының қалыптасудағы сезгіштік дәрежесін №6 және №7 есептерді шығару тәсілдерімен тексеруге болады. Егер осы есептер қалыпты тәсілмен шығарылса, үлкен көлемнен аз көлемді алу болса, онда қалыптасу сезгіштік дәрежесі жоғары болады.

Егер есептердің бірі қалыпты тәсілмен, ал екіншісі – қалыпсыз тәсілмен шығарылса, қалыптасу сезгіштігі орташа болады.Мысалы: №6-шы есеп қалыпты тәсілде басқаша былайша шығаруға болады: 14-2-2=10, ал №7-ші есепте алу қолданылмайды, себебі бірден 10 литр суды құюға болады.

Егер 2 есепті де қалыпсыз тәсілмен шығарса, онда қалыптасу сезгіштік дәрежесі әлсіз екенін дәлелдейді.

Қалыптасуды бекіту ерекшеліктері №8 және №9 есептерді шығару тәсілдерімен анықталады.

Егер 2 есеп №8 және №9 қалыпты тәсілмен шығарылса, онда қалыптасу бекітілген, бекіту дәрежесі жоғары болады.

Егер 2 есепті бірі қалыпты тәсілмен шығарылса,ал екіншісі қалыпсыз тәсілмен шығарылса, бекіту дәрежесі орташа болады.Мысалы: №8-ші есепті былай шығаруға болады: 12-3=9, ал №9-шы есепті қосу арқылы оңай шешуге болады, ал логикада-бір ыдыстан екінші ыдысқа құю, яғни 12+3=15

Ал егер 2 есеп те қалыпсыз тәсілмен шығарылса, қалыптасудың бекітуі жоқ екенін көрсетеді, егер сыналушының қалыптасуына сезгіштігі әлсіз болса, бұл қорытынды дұрыс болып есептеледі.

№10-шы есепті шығарған нәтижесі бойынша ойдың икемділігі мен ригидтілігі анықталады. Бұл есеп бір ғана дұрыс қалыпсыз шешімге ие: 7+5=12. Егер сыналушы есепті шығарса, оның ойы икемді, сезгіштік пен қалыптасудың бекітуі оңай болады.



Тапсырма №5

Шығармашылық бейнелеудің зерттелуі

Зерттеу мақсаты: Шығармашылық бейнелеу ерекшеліктеріне баға беру. Материал мен құрал-жабдықтар: кез-келген 3 сөздер басылған бланктер, мысалы: телпек, жол, жаңбыр, стандартты парақ беттері, қалам, секундомер.

Зерттеу нысаны

Аталған зерттеуді бір сыналушымен және 16 адамнан құралған топпен жүргізуге болады, бірақ барлық сыналушылар жайғастырып отыруы керек, ал шарты-әркімнің өз жұмысын өздігінен орындалуын қамтамасыз ету.

Зерттеу алдында әрбір қатысушыға 3 сөз жазылған бланк беріледі. Нұсқау алдында бланкте жазылған сөздерді оқымау үшін, бланктер конвертте таратылуы мүмкін немесе сыналушының үстелінде теріс жағын қояды. Оларды кейін салыстыру үшін, нәтижесін шығару үшін топтарды тестілеу барысында әрбіреуіне бірдей бланк беріледі. Зерттеу барысында оларға 10 минут ішінде 3 сөзден неғұрлым көп сөйлем құрау керек.

Сыналушының нұсқауы: ‹‹Бланкте жазылған сөздерді оқып және олардан неғұрлым көп сөйлем құрап, әр сөйлемнің құрамында 3 сөз болсын. Құрастырылған сөйлемдерді парақ беттеріне жазыңдар. Орындауға сізге 10 минут беріледі. Бәрі түсінікті болса, басиайық!››.

Зерттеу барысында экспериментші уақытты белгілейді және 10 минут өткеннен кейін бұйрық береді:‹‹Тоқта! Жұмысты тоқтатыңыз!››.



Нәтижелерді талдау мен өңдеу

Аталған зерттеудегі шығармашылық көрсеткіші мыналар болып табылады:



  • мәнді және оригиналды ұсыныстың балдар көрсеткіші;

  • сыналушының 10 минут ішінде құрастырылған сөйлемдердегі балдардың жалпы саны.

Бұл көрсеткіштер шығармашылық баға шкаласы көмегімен анықталады.

Шығармашылық бағалардың шкаласы Баға

Пункт

Құрастырылған сөйлемге мінездеме

Сөйлемдердің балдық жүйесі

а

Сөйлемде барлық 3 сөздің мәнді және оригиналды құрамдары қолданылған.

6 балл

б

Сөйлемде барлық 3 сөздің мәні қалыптаспаған, бірақ оригиналды құрамда қолданылған.

5 балл

в

Сөйлемде барлық 3 сөздің қарапайым құрамы қолданылған.

4 балл

г

Берілген 3 сөз шамалы қажеттілікпен, бірақ логикалық құраммен қолданылған.

3 балл

д

Бар-жоғы 2 сөз дұрыс қолданылған,ал үшіншісін ауызекі тілде қолдануға болады.

2,5 балл

е

Екі сөз дұрыс қолданылған, ал үшінші сөйлемде жасанды қолданылған.

1 балл

ж

Сыналушы тапсырманы дұрыс ұққан, бірақ ол барлық 3 сөзді формальді түрде біріктіре берген немесе оларды бұрмалап қолданылған.

0,5 балл

3

Сөйлемдегі барлық 3 сөздер мән-мағынасыз біріктірілген.

0 балл

Егер сыналушы бір-біріне ұқсас сөйлемдерді құрап, тақырып қайталана берсе, бұл типтес екінші және одан кейінгі сөйлемдер алғашқы балдың жартысымен ғана бағаланады.

Балдарды санау барысында нәтижелерді кестеге енгізген ыңғайлы.

Сапалы шығармашылық мінездеменің ең мәнді және оригиналды сөйлемдер кезінде алынған балдар жүйесін айқындау сыналушының құрастырған сөйлемнің максималды бағасына сай келеді.Бұл баға 6-дан жоғары емес және шығармашылығы дамығанын көрсетеді. Егер берілген көрсеткіштің бағасы 5 немесе 4-ті құраса, онда шығармашылық белсенділігі орташа.Егер бұл баға 2 немесе 1-ді көрсетсе, онда бұл шығармашылық көрсеткішінің төмен екенін көрсетеді.

Кесте нәтижелері.



№ сөйлемдер

Балдық

жүйе Сөйлемдер



1.

 

2.

 

3.

 

және т.б.

 

Балдар қосындысы

 

Екінші көрсеткіш-бұл балдар қосындысы. Топта сенімді қатынас мүмкін болса, егер бірнеше адамдардың жұмыстары салыстырылса, онда талдау мен қорытынды шығаруға септігін тигізеді. Кімде балдар қосындысы көп болса, онда оған сәйкес шығармашылық іс-әрекетінің өнімділігі артады. Шығармашылық бейнелеу аналогы жоқ заттың, бейненің, белгінің тууына себеп болады.Аталған жағдайда – бұл сөйлемдердің тууына үлгі жоқ. Филология мен нақты факультеттердің студенттері лингвистикалық материалдарының жұмыс тәжірибесі арқылы ажыратылады. Сонымен қатар, егер олар сыналушы үшін жаңа немесе оригиналды болса, онда алынған шығармашылық көрсеткіш нәтижелері субъективті жаңаруға септігін тигізеді.
6 тапсырма

Сөйлеудің ебедейсіздігін зерттеу

Зерттеу мақсаты: сөйлеу ебедейсіздігінің дәрежесін анықтау.

Материалдар мен құралдар: көлемі 20х25 см –ден кем емес, табиғат бейнеленген біртипті түсті суреттер, қағаз беттері және қаламсап.

Зерттеу процедурасы

Зерттеу жұмысын бір зерттелуші адаммен немесе топпен жүргізуге болады. Егер бірнеше кісі бір уақытта зерттелетін болса, онда ортақ плакатқа көз тізбей, олардың әрқайсысы сурет алуы керек. Зерттелушілерге сурет бойынша шығарма жазу ұсынылады, бірақ, зерттеу мақсаты айтылмайды.



Зерттелушіге нұсқау: «Сіздің алдыңызда табиғат бейнеленген сурет. Сол сурет бойынша шығарма жазыңыз».

Бұл жағдайда шығарма жазатын уақыт шектелмейді, шығармада сөз 300-ден кем емес болғанда, жұмыс аяқталады.



Нәтижені өңдеу

Нәтижені өңдеу мақсаты – шығарманың әрбір жүз сөзінен зерттелушінің жазбаша сөзінің ебедейсіздігінің мөлшерін есептеп шығару. Әуелі шығармада вертикалды сызықпен әрбір жүз сөзді бөлу керек. Сосын әрбір жүз сөзден барлық қайталанатын сөздерді, естілуі мен жазылуы ұқсас, оның ішінде түбірі бірдей сөздерді сызып тастау немесе астын сызу керек.

Мысалы: түбірі бірдей сөздер мыналар: жасылша, жасыл, жасылдау. Шығарманың әрбір жүз сөзі үшін қайталанатын сөздердің саны бөлек есептеледі. «Және» деген сөз болып есептеледі, оның барлық қайталануы саналады.

Жазбаша сөздің ебедейсіздігінің көрсеткіші абсолютті мөлшерде, яғни сөздің қайталануының санымен, сондай-ақ, салыстырмалы - «КЕ» коэффициенті түрінде берілуі мүмкін.



Нәтижені талдау

Шығарма жазған кезде сөздің қайталануы әрбір жүздікте бірдей болмайды. Жеке көрсеткіштерді интерпретациялау үшін жазбаша сөз ебедейсіздігінің дәрежесін анықтау кестесі ұсынылады.



№ шығармадағы жүз сөздіктер реті


Ебедейсіздіктің дәрежесі

үлкен

орташа

кіші

орнықсыздық

Қайталану саны

Бірінші жүз сөз

10 және артық

8-9

4-7

0-3

Екінші жүз сөз

12 және артық

10-11

7-9

0-6

Үшінші жүз сөз

14 және артық

12-13

9-11

0-8

Нәтижені талдау барысында ебедейсіздіктің себептерін анықтаған жөн. Келесі себептер болуы мүмкін: сөйлеу қоры аз, зерттелушінің көңіл-қошының жоқтығы, төмен интеллект және т.б. Орнықсыз сөйлейтін адамдарда (с лабильной речью) көбінесе, лингвистикалық және жалпы гуманитарлық қабілеттер болады. Олар әдетте әдебиет және филологиямен әуестенеді. Өздерін жетілдіруді көздейтін адамдар сөйлеудің ебедейсіздігінің алдын алу шараларын ұмытпаулары керек. Өздері сөз сөйлегенде, шығарма жазғанда қайталанатын сөздерді синонимдермен ауыстырып отыру мақсатында синонимдер сөздігімен жұмыс жасауы қажет. Осыған ұқсас әдіспен ауызша сөйлеуді де дамытуға болады, ол кезде сөйлеген сөздерді және әңгімелерді магнитофонға жазып алып, оны талдау жақсы көмектеседі.


7 тапсырма

Көңіл – күйді зерттеу.

Зерттеудің мақсаты: көңіл – күйдің диагностикасы тұлғаның эмоционалды күйі ретінде.

Материалдар мен құрал – жабдықтар: көңіл – күйдің түсті диапазон шкаласы, А.Н.Лутошкиннің ұсынған 8 түстен құралған жиынтығы. Оларға кіретін түстер: қызыл, сары, жасыл, көгілдір, қара, күлгін, ақ, қызғылт сары. Түстер жинағы өлшемі 3х3 см квадрат түрлі – түсті қағаздан құралады.

Зерттеу процедурасы

Зерттеуді түсті жазулар әдістемесі бойынша 16 адамнан тұратын топпен жүргізеді. Әрбір қатысушы түстер жиынтығымен қамтамасыз етіледі және көңіл – күйіне жағымды болып көрінетін түсті таңдауы тиіс.

Түстер көмегімен эмоциялық күйді анықтау үшін сыналушыға көңіл – күйдің түсті диапазон шкаласы беріледі және оны қолдану принциптері түсіндіріледі.

Көңіл – күйдің түсті диапазон шаласы:

Қызыл - шаттанған

Қылғылт сары - қуанышты

Сары - жағымды

Жасыл - салмақты

Көгілдір - көңілсіз

Күлгін - үрейлі

Қара - қанағаттанбаған

Ақ - айту қиын



Сыналушының нұсқауы: «Көңіл – күйдің түсті диапазон шкаласына қараңыз. Өзіңіздің бүгінгі көңіл – күйіңізге жағымды болып көрінетінін таңдап алыңыз».

Көңіл – күйдің диагностикасы бір реттік болуы мүмкін және сондағы бір күндік зерттеулердің жеткілікті болғаны. Кесілген уақыт кезеңінде көңіл – күй серпінін зерттеу мүмкін емес, сонда зерттеулер апталар, айлар ағынында қайталанады.

Зерттеуші мен оның көмекшісінің тапсырмасы - түрлі – түсті қарындаштар мен фломастердің көмегімен түс матрицасындағы сыналушының көңіл – күйін белгілеу.

Қатысушылардың көңіл – күйінің жедел түс матрицасы төмендегілермен сипатталады.



Көңіл – күйдің жедел түс матрицасы


№ пп

Зерттеуге қатысушылардың аты - жөні

Зерттеудің күні, айы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Және т.б.

1.

Анд-ков В.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

Бон-ко В.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

Ков-в О.Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

Ник-ая Л.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

5.

және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр қатысушының көңіл – күйі аты – жөні мен нөмерлердің қиылысуындағы торкөздің ішіне белгіленеді.

Зерттеушіге қатысушылардың көңіл – күй диагностикасының нәтижесін бекіту үшін бақылау күнделігін бастау керек. Күнделікте өзін диагностикалау көңіл – күйі бақылаушыға сәйкес келе ме, келмей ме және көңіл – күйге әсер ететін күннің негізгі оқиғалары жазылады. Мысалы: алда болатын емтихан, бақылау жұмысының нәтижесі, топтағы туындаған ұрыстар, мереке күндері және т.б.

Нәтижелерді өңдеу

Қатысушылар тобы бір уақыта зерттелгенде немесе қатысушылардың көңіл - күйінің көп реттік өзіндиагностикалауы жүргізілгенде нәтижелерді өңдеуге болады.

Нәтижелерді өңдеудің мақсаты - көңіл – күйдің жекеше және топтық көрсеткіштерін санау.

Көңіл – күйдің жекеше көрсеткішін алу үшін, көңіл – күйдің түсті диапазон шкаласындағы жиі кездесетін түсті де санайды.

Барлық қатысушылардың көңіл –күйін салыстыру үшін, түс матрицасының қорытындысын дайындайды.

Көңіл – күй түс матрицасының қорытындысы




№ пп

Зерттеуге қатысушылардың аты - жөні

Күндердің саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

жжәне т.б.

1.

Анд-ков В. А.

к

к

к

о

о

о

ж

ж

з

ф

 

2.

Бон-ко В.Н.

к

к

о

о

ж

з

г

г

ф

ф

 

3.

Ков-в О.Г.

к

о

о

о

ж

ж

ж

з

з

г

 

4.

Ник-ая Л.Е.

к

о

о

ж

ж

ж

ж

з

г

ф

 

. . .

және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түс матрицасында әріптермен немесе көңіл – күйді білдіретін тор көзге сәйкес келетін бояулар мен күннің сандары белгіленеді. Соның ішінде шаттанғаннан бастайды, кейін - қуаныштан, содан – сарыдан және т.б.



Талдау нәтижелері

Көңіл – күй түс матрицасында нәтижелерді талдауды күнде, әр аптаның соңында, әр айдың соңында да жүргізуге болады.

Түс матрицасының күнделікті талдауы сыналушының шынайы өмірлік оқиғасымен өзара байланыста болады. Мұндай талдау адамға өзінің уайымдарының себебін ұғынуға көмектеседі және эмоционалдық өзін – өзі бақылау құралы болып табылады.

Эмоционалды көңіл – күйдің жалпы бағасы апта, ай қандай болып көрінсе де, барлық уақыт кезеңіндегі көңіл – күйге сәйкес келеді. Мұндай баға уайымдағы нормадан ауытқу мүмкіндігін, сыналушының эмоционалдық күйін қарастырады. Мұндай ауытқуларға жататындар:



  • үрей, көңілсіздік, қанағаттанушылық күйлерінің тым созылуы;

  • эмоциялық күйдің өмірлік ахуалмен үйлесімсіздігі;

  • шамадан тым эмоционалдық қозушылық (көтеріңкі көңіл –күй ретінде);

  • эмоционалды жағдайдаға өзгеріс полярлығы;

  • көрінетін эмоциалық күйдің біркелкілігінің ұзақтығы;

Талдау процесінде төмендегілерді ескеру қажет. Адамның кейбір созылмалы аурулары: мысалы, асқазан аурулары, жаралық аурулар, холестицит, жүрек аурулары және т.б. аурулар тұлғаның эмоциалық күйіне әсерін тигізеді. Адамның көңіл – күйіне қатты әсер ететін факторлар: отбасының, оқу тобының эмоционалды – психологиялық климаты және жолдастарымен, сүйіктісімен қарым – қатынасы.



8 тапсырма

Субьективті бақылауды зерттеу

Зерттеудің мақсаты: субьективтік бақылаудың локусын анықтау.

Материалдар мен құрал – жабдықтар: Е. Ф. Бажиннің тест – сұрақнамасы, Дж. Роттердің шкаласы, жауаптарға арналған бланк, қалам.

Зерттеу процедурасы

Зерттеу дістемесі субьективтік басқаруға бір адамның ғана емес, сонымен қатар бірнеше адамның жылдам және нәтижелі қалыптасу деңгейін анықтауына рұқсат етеді. Әрбір сыналушы жекеше сұрақтық текстермен және жауаптарға арналған бланкпен қамтамасыз етіледі. Бланк жауаптары сұрақтық мәтінге сәйкес келетін нөмерленген пайымдаулармен көрсетілген.



Сыналушының нұсқауы: «Сізге ұсынылған сұрақтар саны 44. Оны оқып және жауап беріңіз, берілген пайымдаулармен келісесіз бе немесе келіспейсіз бе. Егер келіссеңіз «+» таңбасын, келіспесеңіз «- таңбасын қоясыз. Есте сақтаңыз, тестте «жақсы» немесе «жаман» сұрақтар жоқ. Өз жауабыңызды еркін және шын жүректен белгілеңіз».

Сұрақтар

  1. Қызметіңіздің алға басуы адамның қабілеті мен кушіне емес көбінесе жағдайлардың сәттілігіне байланысты.

  2. Көптеген айырылысулар адамдар бір – біріне бейімделгісі келмегендіктен пайда болады.

  3. Сырқат – болатын іс, егер ауырып қалсаңыз, ештеңе істей алмайсыз.

  4. Адамдар қызығушылық пен достастық танытпаса, жалғыздыққа тап болады.

  5. Менің тілектерімнің іске асуы жолымның болушылығына байланысты.

  6. Басқа адмдардың мейірін жаулап алу үшін, барлық күшті салу бекер.

  7. Ішкі жағдайлар (ата– аналар, жақсы тұрмыс) отбасылық бақытқа жұбайлардың қарым – қатынасынан кем әсер етпейді.

  8. Менімен не болып жатқанына мен аз ықпал жасайтынымды жиі сеземін.

  9. Жетекшілік қол астындағылардың іс – әрекетін толық бағалағанда тиімді болып көрінеді.

  10. Менің мектептегі бағаларым өз күшіме емес, кенеттегі кездейсоқ жағдайларға (мысалы, мұғалімнің көңіл – күйіне) байланысты.

  11. Мен жоспар құрғанда оның іске асатынына сенемін.

  12. Көптеген адамдарға сәтті немесе ырысты болып көрінетін нәрселер, шынында ұзақ мақсаттқабағытталушылық күшінің нәтижесі болып табыады.

  13. Салауатты өмір салты дәрігерлер мен дәрі – дәрмектерге қарағанда адамның денсаулығына көптеп көмектеседі деп ойлаймын.

  14. Егер адамдар бір – біріне жараспаса, қанша тырысқанмен, отбасылық өмірді құра алмайды.

  15. Әдетте менің біреуге істен жақсылығым, басқалардың көзқарастарымен бағаланады.

  16. Балалар ата – аналары қалай тәрбиелесе солай өседі.

  17. Оқиға немесе тағдыр менің өмірімде аса маңызды рөл атқармайды.

  18. Мен алда не болатынын жоспарламаймын, өйткені ол жағдайлардың қалай қалыптасатынына байланысты.

  19. Менің мектептегі бағаларым көбінесе күшім мен даындығыма байланысты болады.

  20. Отбасылық жанжалда мен кінәні қарама – қайшы жақтан емес, өзімнен жиі сеземін.

  21. Көптеген адамдардың өмірі жағдайлардың тоғысуына байланысты.

  22. Мен нені қалай істеу керек екенін өзбетінше анықтауға болатын жетекшілікті қалаймын.

  23. Мен өзімнің өмір салтымды менің ауруларымның себебі болып саналмайтынын дұрыс деп ойлаймын.

  24. Жағдайлардың сәтсіз тоғысуы адмдардың өз ісінде табысқа жетуіне кедергі келтіреді.

  25. Ұйымның нашар басқарылуына сол ұйымның қызметкерлері жауапты.

  26. Мен отбасымдағы қатынастарды өзгерте алмайтынымды жиі сеземін.

  27. Мен егер қатты қаласам, біреудің көңілін өзіме оңай аудара аламын.

  28. Жас ұрпаққа көптеген түрлі жағдайлар әсерін тигізетіні сонша, тіпті олардың тәрбиесіне ата – аналардың күштерінің пайдасыз, нәтижесіз болғаны.

  29. Менімен болып жатқандардың барлығы – менің өз қолымның ісі.

  30. Неге жетекшілер былай жасайды, неге басқаша жасамайды? Маған оны түсіну қиын.

  31. Адамның өз қызметінде жетістікке жетпеуінің себебі - барлық күш – жігерінің салмауы.

  32. Мен жиі отбасы мүшелерінен өз қалағанымды ала аламын.

  33. Менің өмірімде болған сәтсіздіктерге мен емес басқа адамдар кінәлі.

  34. Егер балаға дұрыс қарап, дұрыс киіндірсе, оны салқын тиюден сақтап қалуға болады.

  35. Қиын жағдайларда мәселе өз бетінше шешілгенше, мен күтуді дұрыс деп санаймын.

  36. Табыс – қажырлы еңбектің нәтижесі.

  37. Мен отбасының бақыты басқаларға емес, өзіме байланысты екенін сеземін.

  38. Маған мынаны ұғу қиын: неге мен біреулерге ұнаймын, біреулерге ұнамаймын?

  39. Мен өз бетімше шешім қабылдап, іс – әрекет жасауды қалаймын. Басқа адамдардың көмегіне немесе тағдырға үміттенбеймін.

  40. Өкінішке орай, адамның сіңірген еңбегі оның тырысушылығына қарамастан, жиі мойындалмаған болып қалады.

  41. Отбасы өмірінде өте қатты қалаушылықпен шеше алмайтын мәселелер болады.

  42. Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыла алмайтын қабілетті адамдар өз – өзін кінәлауы тиіс.

  43. Менің достарымның көмегімен мен көптеген жетістіктерге жеттім.

  44. Менің өмірімдегі көптеген сәтсіздіктер шорқақтық, жалқаулық және білімсіздіктің кесірінен туды.

Нәтижелері өңдеу

Нәтижелерді өңдеудің мақсаты - субьективтік бақылаудың локусының көрсеткішін алу, яғни жалпы интерналдықтың көрсеткіші «Ио». Кілтте көрсетілген сыналушының жауаптары сұрақтардың жауаптарына сәйкес келеді.

Кілт


Жауап

Сұрақтардың нөмерлері

"+"

келісемін



2, 4, 11, 12, 13. 15, 16, 17, 19, 20, 22, 25, 27, 29, 31, 32, 34, 36, 37, 39, 42, 44

"-" келіспеймін

1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 18, 21, 23, 24, 26, 28, 30, 33, 35, 38, 40, 41, 43

жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау