Дипломмен жұмысқа Астана қаласы əкімдігіне қарасты Жұмыспен қамту орталығы кеше



жүктеу 10,22 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі10,22 Kb.
#14342
түріДиплом

background image
АстанаАқшамы.- 2016.- №79.- 12 шілде 

Жақып М. 



Дипломмен - жұмысқа 

      Астана  қаласы  əкімдігіне  қарасты  Жұмыспен  қамту  орталығы  кеше 

түлектерге арналған бос жұмыс орындар  жəрмеңкесін өткізді. Айтулы 

шараға  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетін 

электроэнергетика,  радиотехника,  электроника  жəне  телекоммуника-

ция  мамандығы бойынша оқуын биыл бітірген жастар қатысты. 

      Шағын-аукционға техника саласындағы 5 кəсіпорын 20 шақты бос жұмыс 

орнын  ұсынды. «Мекемеміз  жол  қозғалысын  реттеумен  айналысады. 

Бағдаршамдық  шаруашылық  бөліміне  инженер-электрик  қажет.  Тəжірибесі 

жоқ жас маманды жұмысқа тартып көрмекшіміз. Оларға осы істің қыр-сырын 

үйрететін  кəсіби  жетекшіні  бекітеміз.  Ең  басты  талап – жоғары  білімнің 

болуы. Еңбекақы – 130 мың теңге» дейді кадр қызметкері Ирина Бойко. 

      Жəрмеңкенің  уақыты  дипломды  салтанатты  түрде  табыстау  рəсімімен 

тура  келгендіктен,  бітірушілердің  бар  зейіні  көптен  күткен  сəтті  тойлауда 

болды. Өкінішке қарай, жұмыс берушілердің ұсыныс үстеліне қызығушылық 

танытқандар  қатары  көп  бола  қойған  жоқ. «Түлектер  қазір  қуаныш  үстінде. 

Дипломдары  қолына  тиді. «Бəрі  бізді  құшақ  жая  қарсы  алады»  деп 

асықпайды.  Əдетте  жастар  еңбек  нарығындағы  бəсекелістікті  күзде  ғана 

ұғады. Сол кезде жан-жақтан жұмыс іздеп, ширақ қимылдай бастайды» дейді 

Жұмыспен қамту орталығының маманы Ардақ Жексембина. 

Оның  айтуынша,  техника  саласындағы  жұмыс  берушілер  осындай 

шақыртуларды  қуана  қабылдайды.  Жұмыс  берушілердің  арасында  жас 

маманды өз қаражатына оқытып, жұмыспен қамтуға мүдделі кəсіпорындар да 

бар екен. Мəселен Астанадағы бірқатар ғимаратты өртке қарсы құрылғылар-

мен  жабдықтайтын  кəсіпорынның  бірі  инженер-жобалаушы  қызметіне 

қағілез  жастарды  іздеп  келіпті. «ҚазАТУ-дың  білім  беру  жүйесіне  ризамыз. 

Олардан  жақсы  инженерлер  шығады.  Теориялық  білімдері  терең,  біз  тек 

практикаға баулимыз» дейді Инна Магда есімді қадр қызметкері. 

      Түлектердің  бірқатары  əңгімелесуден  өтіп,  жұмыс  берушілерге 

түйіндемелерін  қалдырды.  Дипломын  енді  алған  түлектер  үшін  осындай 

жəрмеңкелер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады. 



 

жүктеу 10,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау