күрделі механизмдер мен түйіндерді жинақтау, механикалық реттеу, сынақтан өткізу; 9 дәлдік квалитеті (3сынып) бойынша күрделілігі орташа аспаптарды жинақтау; 7 дәлдік квалитеті (2сынып) бойынша тетіктерді механикалық және қолдан келістіру және жетілдіру; 9 дәлдік квалитеті (3сынып) бойынша тетіктерді әмбебап токарлы және фрезерлі станоктарда дайындап, кинематикалық сұлбалар мен нобайлар бойынша күрделілігі орташа аспаптар мен күрделі механизмдердің эксперименталды және тәжірибелі үлгілерін жинақтау; техникалық шарттарға сәйкес корпус механизмдеріне орнату үшін платаларды, негіздерді және орнату жазықтықтарын белгілеу; қарапайым және жинақтау сызбалары мен техникалық шарттар бойынша күрделі механизмдер мен күрделілігі орташа аспаптарды жинақтау мен реттеудің оңтайлы тәртібін орнату; күрделі түйіндер мен тетіктерді статикалық және динамикалық теңгерімдеу; күрделілігі орташа аспаптарды кинематикалық желілерде нәтижесіз қимылдар мен статикалық сәттерді өлшеу; күрделілігі қарапайым түйіндер мен механизмдерді, қарапайым аспаптарды дәнекерлеу және пісіру.
322. Білуге тиіс:
түрлі кемелердің типтеріне арналған күрделі орташа есептеу-шешу сағаты, электромеханикалық, электромагниттік, акустикалық, гироскопикалық аспаптар мен механизмдердің құрылымы мен жұмыс принципі, 9 дәлдік квалитеті (3сынып) бойынша белгіленген техникалық шарттар бойынша оларды жинақтау, механикалық реттеу және баптау тәсілдерін;
күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандарының, әмбебап және арнайы құралдардың құрылымы, қызметі мен пайдалану шарттарын;
ілініс сандарының берілуін есептеудің қарапайым негіздерін;
нәтижесіз қимылдардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдерін;
гониометр бойынша күрделілігі орташа эксцентриктер мен басқа қисықтарды тексеру және жетілдіру тәсілдерін;
антикоррозиялық қаптамалардың түрлері мен олардың қызметі, металдар мен ішкі кернеудің деформациялану себептері және оларды жою әдістерін.
323. Жұмыс үлгілері:
1) гиромотор блоктары – жинақтау, теңгерімдеу , баптау;
2) конусты саралаулар – жинақтау, бұрыштық қателігі 6º дейін жетекші тіс тегершіктерінде нәтижесіз қимылдарды жетілдіріп тіс тегершіктерді домалату;
3) курсографтар – жинақтау, реттеу;
4) өлшегіш коаксиалды сызғыштар – эталон мен коаксиалды камераларды жинақтаудың техникалық шарттары бойынша ілініске тығыздығы бойынша нәтижесіз қимылдарды өңдеп, құбырды және тісті рейка өзекшелерін шығарып жинақтау;
5) фрикционды механизмдер – жинақтау және реттеу;
6) бағдарламалы механизмдер – жинақтау және механикалық реттеу;
7) арретирлеуші механизмдер – жинақтау және механикалық реттеу;
8) фрикционды механизмдер мен саралаулардан, орны толмайтын муфталар мен басқа аралық тетіктерден тұратын аспаптар –техникалық шарттар бойынша нәтижесіз қимылдар мен айналу сәттерін тексере отырып жинақтау;
9) күрделілігі орташа аспаптар – техникалық шарттар бойынша статикалық және динамикалық теңгерімдеу;
10) түрлі іліністері мен ұстаулары бар редукторлар – жинақтау және реттеу;
11) секстандар – жинақтау;
12) аңду жүйелері – жинақтау;
13) сезгіш элементтер – жинақтау, жарты сфераларды келістіру және
тексеру.
Параграф 3. Электромеханикалы аспапатар мен жүйелер бойынша
слесарь-механик, 5-разряд
324. Жұмыс сипаттамасы.
7 дәлдік квалитеті (2 сынып) бойынша күрделі аспаптарды жалпы жинақтау, механикалық реттеу, баптау және сынақтан өткізу;
6 дәлдік квалитеті (1сынып) бойынша көп жанасу өлшемдері бар тетіктерді механикалық және қолдан келістіру және жетілдіру;
7 дәлдік квалитеті (2сынып) бойынша әмбебап металл кесетін жабдықта аспаптарға кіретін тетіктерді дайындап, нобайлар, принципті сұлбалар мен техникалық шарттар бойынша эксперименталды күрделі аспаптар мен механизмдердің макеттерін жинақтау;
техникалық шарттарға сәйкес механизмдер мен түйіндердің тәжірибелі үлгілерін орнату үшін күрделі құрылымдардың корпустарында планшеттерді, негіздерді және орнату жазықтықтарын белгілеу;
механизмдер мен аспаптардың күрделі түйіндерін дәнекерлеу және пісіру;
жинақтау сызбалары мен техникалық шарттар бойынша аса күрделі механизмдер мен күрделі аспаптарды жинақтау мен реттеудің оңтайлы тәртібін орнату.
325. Білуге тиіс:
кемелердің түрлі үлгілеріне арналған қызмет көрсетілетін және жинақталатын күрделі есептеу-шешу, сағатты, электромеханикалық, электромагниттік, акустикалық, гироскопикалық аспаптардың құрылымы, 7 дәлдік квалитеті (2сынып) бойынша белгіленген техникалық шарттар бойынша оларды жинақтау, механикалық реттеу және баптау тәсілдерін;
6 дәлдік квалитеті (1сынып) бойынша өлшеуді орындау үшін аса күрделі әмбебап және арнайы құралдар, бақылау-өлшеу құрал-саймандарының, аспаптар мен аппаратуралардың құрылымы мен пайдалану әдістерін;
гониометр бойынша коноидтар, эксцентриктер мен басқа да аса күрделі қисықтарды тексеру және жетілдіру тәсілдерін;
қоршаған ортаның тетіктердің сапасына, жұмысына, аспаптар мен механизмдердің ұзақ сақталуына әсерін;
дисбаланстың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдерін.
326. Жұмыс үлгілері:
1) коноидты механизмдер – жинақтау, тетіктерді жетілдіріп реттеу;
2) түрлі 10 жұп іліністері бар және ауқымы шағын жұқа қабатты әлсіз соққыға төзімді корпуста жөнделген механизмдер – жинақтау;
3) бір білікшеде эксцентрик пакеттері орналасқан эксцентрик механизмдер – жинақтау, пакеттердің үйлесуі, реттеу және дәлдікке тексеру;
4) гипоциклоидты құрылымның домаланбаған тісті дөңгелектері бар механизмдері – жинақтау;
5) гипоциклоидты механизмдер – тетіктерді дайындап жинақтау;
6) көбейткіш механизмдер – жинақтау;
7) гироскопикалық механизмдер – жинақтау;
8) перифериялық және орталық аспаптар – механикалық үйлесу;
9) фрикционды және электромагиттік механизмдері бар перифериялық және орталық аспаптар – жинақтау, жауапты тетіктерді келістіріп, техникалық шарттар бойынша реттеу және баптау;
10) гироблоктар, сонымен қатар басқа көп электрлі элементтері бар механизмдер кіретін аспаптар – жинақтау, техникалық шарттар бойынша механикалық реттеу;
11) гироскоп роторлары – динамикалық теңгерімдеу;
12) үш саралаудан, цилиндрлі және конусты жіберілу және байланыс құралдарынан тұратын түйіндер, механизмдер – жинақтау, бойлау люфттерін жою, ұстасуларды домалату және жіберілу шегінде байланыс құралдарымен жіберілу қимылдарының дұрыс өзара байланысы.
Параграф 4. Электромеханикалы аспапатар мен жүйелер бойынша
слесарь-механик, 6-разряд
Достарыңызбен бөлісу: |