Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме



жүктеу 4,44 Mb.
бет8/18
Дата20.02.2018
өлшемі4,44 Mb.
#10312
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

3) сигналды буйлар – дайындау, жинақтау, жөндеу;

4) газ өткізгіштер, шу және фигуралы және жоғары қысымды ауаны басқыштар- дайындау, монтахдау, және сынау, жөндеу;

5) есіктер және қақпақтар: өртке қарсы, клинкетті, жетегі бар су және газ өткізбейтін - дайындау, жинақтау, орнату, жөндеу, сынау;

6) диффузорлар, конфузорлар, өтпелі кеспелері бар төрттіктер, сепараторлар, циклондар – дайындау, жинақтау, орнату және жөндеу;

7) люкті, механикаландырылған қақпалар, құрылғылар: жүкті, шлюпкалы, ұсақ және шағын кемелерге арналған құтқару; орташа және үлкен кемелерге арналған зәкірлі, буксирлі және швартты – монтаждау және қызметке тапсыру;

8) коррозияға төзімді болаттан жасалған парақтармен бөлмені тігу – дайындау, шақтау, орнату;

9) оргшыныдан жасалған қисық сызықты форманың желді қорғанысы – дайындау, монтаждау;

10) ұшқынның пайда болуынан қорғау және өткізбейтін есіктер мен қақпақтарды экрандау – дайындау, монтаждау;

11) жарма иллюминаторы, төмендеткіш құралы бар және ылғал тазартқыш – дайындау, монтаждау, сынау;

12) жарық люктары – көлемге жинақтау, орнату, сынау;

13) толқын жүргізгіш тракт макеті – дайындау, орнату;

14) сигналды діңгектер және радио діңгектер – жинақтау, сынау, тапсыру;

15) релаксациялық резервуарлар жабдығы – дайындау, монтаждау;

16) машиналы қазанды бөлімдердегі еден торлары мен төсемдері – дайындау, келістіру, орнату және жөндеу;

17) дөңгелек қиманың желдеткіш жүйесінің аралас осьтері бар призмалық қимаға өтуі – дайындау, жинақтау, шақтау және жөндеу;

18) ішкі сейфтері бар пирамидалар және сейфтер – дайындау, жинақтау;

19) палубаны қаптайтын термотөзімді тақталар – дайындау, жинақтау, шақтау және жөндеу;

20) аса күрделі және арнайы сөрелер (пиллерстермен, желдеткіш құбырлармен жиектелген, палуба қатты сырғыған кезде, бұрышты өтпелерде, сөрелердің конустылығында) – дайындау, орны бойынша шақтау, түзету, калибрлеу және жөндеу;

21) үш жазықтықта ауысатын үстелдер, креслолар – дайындау;

22) кенжарлы жүйе құбырлары: салқындату, аспаптарды салқындату, ауаны кешенді өңдеу – дайындау, орны бойынша шақтау және монтаждау;

23) борттан тыс басқыштар – дайындау, жинақтау, орнату, сынау, қызметке тапсыру;

24) резиналы жапқыштарды тығыздау – желімдеу, орнату, тексеру, өткізбеушілікке тапсыру.

Параграф 6. Кемені жинақтаушы-салып бітіруші, 5-разряд


254. Жұмыс сипаттамасы.

кеме жабдығының аса күрделі және жауапты бұйымдары, кеме жиһаздары, құрылғылар мен орынды заттарды кемеде дайындау, жинақтау, орнату;

аса күрделі кондукторлар мен құралдарды дайындау;

гидрожетектері бар арматураларды тексеру, реттеу және герметикасына сынау;

барлық тәртіптер бойынша тұрғызу, реттеу және химияға қарсы желдеткіштер, салқындату, аспаптарды салқындату, ауаны кешенді өңдеу жүйесін швартты және қозғалғыш сынауларға іске тапсыру.

255. Білуге тиіс:

орындарды белгілеу тәсілдері, барлық атқарылатын салу жұмыстарын орнату және тексеруді;

плазалы ажыратуларды;

кез келген геометриялық фигураларды қашау әдістерін;

кемелерді салу тәсілдерін;

кемелерді салу тәсілдерін;

күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптардың жұмысының сипаттамасы мен жұмыс тәртібін;

қызметтегі барлық жүйелерді баптау, реттеу және сынау ережелері, швартты және өтпелі сынақтарды өткізу тәсілдерін;

жұмыстарды орындау кезінде пайда болатын констукциялық және технологиялық деформациялардың себептері мен өлшемдері және оларды азайту тәсілдерін;

қолданылатын пластмассалар мен биметалдарды өңдеу тәсілдері мен қасиеттерін;

орындалатын жұмыстарға техникалық және технологиялық құжаттамаларды.

256. Жұмыс үлгілері:

1) ауқымдылығы үлкен сәуле антенналары – дайындау, жинақтау;

2) механикаландырылған люкті жапқыштар – тығыздығына сынау және істегі кинематикаға тапсыру;

3) қоспаланған болат пен балқытпалардан жасалған күрделі конфигурацияның арнайы құрылғылардың аққыштары – дайындау, орнату;

4) шар желдеткіштердің дүрліткіштері – дайындау;

5) химияға қарсы желдеткіштер, салқындату, аспаптарды салқындату, ауаны кешенді өңдеу жүйелері – баптау, реттеу, іске тапсыру;

6) операциялық үстелдер – дайындау;

7) орташа және үлкен кемелерге арналған жүк, шлюпкалы, құтқару құрылғылары – монтаждау, іске тапсыру.


18. Темірбетонды кемелерді жинақтаушы
Параграф 1. Темірбетонды кемелерді жинақтаушы, 2-разряд
257. Жұмыс сипаттамасы.

кран жабдығын пайдаланып, темірбетонды тақталар мен массасы 3 т дейінгі жазық жинақталған арматуралық секцияларды монтаждау;

кеме корпусының жауапсыз жинақтау элементтерінің арматуралық шығарылымдарын қосу;

арматуралық шығарылымдарды электрлі ұстау;

біліктілігі анағұрлым жоғары темірбетон кемені жинақтаушының басшылығымен стапельге секциялар мен құрылымдарды осьтері бойынша орнату.

258. Білуге тиіс:

темірбетон кемелердің жеке тетіктері мен түйіндерінің атауы мен құрылымын;

бетонның құрамдас бөліктерінің негізгі қасиеттерін;

жазық арматуралық секцияларды және массасы 3 тоннаға дейін ауқымдылығы үлкен емес тақталарды монтаждау тәсілдерін;

пісіруге арналған монтаждалған арматура шығарылымының шамасы мен оны бетонға еркін бекітуді;

тоқитын сыммен арматуралық шығарылымдарды қосу әдістерін; қолданылатын электр пісірулердің құрылымы туралы негізгі мәліметтер, арматуралық шығарылымдарды ұстау әдістері мен тәсілдерін.

259. Жұмыс үлгілері:

1) қоршаулар, іріктеулер және массасы 3 т дейінгі тақталардың арматуралы секциялары.

Параграф 2. Темірбетонды кемелерді жинақтаушы, 3-разряд


260. Жұмыс сипаттамасы.

массасы 3 т асатын 5 т жететін жинақтау секцияларын монтаждау;

стапельге секциялар мен құрылымдарды осьтері бойынша орнату; тығындалатын тетіктер мен монтаждалатын арматураны электрлі ұстау;

темірбетон секцияларды стапельге орнатуға дайындау.

261. Білуге тиіс:

темірбетон кемелердің барлық түйіндері мен секцияларының құрылымын;

темірбетон кемелердің арматуралық түйіндері мен корпус тақталарын жинақтаудың техникалық шарттары мен тәртібін;

кеме корпустарының жинақтау элементтерінің үлгілік қосылымын;

тығындалатын тетіктер мен монтаждалатын арматураны электрлі ұстау әдістері мен тәсілдерін.

262. Жұмыс үлгілері:

1) жазықтықтың барлық жағдайларында жинақтың тоғысуы – арматуралық шығарылымдардың қосылуы.

Параграф 3. Темірбетонды кемелерді жинақтаушы, 4-разряд


263. Жұмыс сипаттамасы.

массасы 5 т асатын 10 т жететін жинақтау бортты секцияларды монтаждау;

монтаждау кезінде жинақтау тетіктерін тексеру және бекіту.

264. Білуге тиіс:

салынып жатқан темірбетон кемелердің секцияларын бөлу сұлбаларын, темірбетон құрылымдардың корпустарын салудың техникалық шарттарын.

265. Жұмыс үлгілері:

1) бортты секциялар – монтаждау, орнату кезінде тексеру, арматуралық шығарылымдардың қосылуы.

Параграф 4. Темірбетонды кемелерді жинақтаушы, 5-разряд


266. Жұмыс сипаттамасы.

массасы 10 т асатын 30 т жететін көлемді темірбетон секциялар мен блоктарды монтаждау;

оптикалық аспаптарды қолдана отырып орталықтау және тексеру;

кеме корпустарының блоктарын кессонмен тұтастыру кезінде жинақтау жұмыстарын орындау;

темірбетон кемелерді қысқы уақытта салудың стапельді жұмыстары;

кссонды тұтастыру кезінде монолиттеу корпусының тұтасатын бөлшектерін дайындау.

267. Білуге тиіс:

кессондарды қолдана отырып қалқу күйінде тұтастыру кезінде секцияларды балластирлеу әдістерін;

орталықтау формалары мен прогибомерлерді (қалқу доктарына қатысты) орнату әдістерін;

кессондағы арматуралы және бетонды жұмыстарды орындау әдістерін.

268. Жұмыс үлгілері:

1) кемелердің түбі – монтаждау және көлемді секцияларды кессонмен тұтастыру кезінде қосу;

2) жұқа қабатты, темірбетонды іріктеу секциялары – орнату, орталықтау, монтаждау;

Параграф 5. Темірбетонды кемелерді жинақтаушы, 6-разряд


269. Жұмыс сипаттамасы.

массасы 30 т асатын үлкен ауқымды секциялар мен блоктарды оптикалық аспаптарды қолдана отырып теориялық сызықтар бойынша тексеріп және орталықтап монтаждау;

кессонсыз тұтастыру кезінде жинақтау жұмыстарын орындау, тұтастыру түйіндерін герметизациялау.

270. Білуге тиіс:

балластирлеу, қалқудағы кессонсыз тұтастыруға келмейтін темірбетон кемелердің бөліктерін орталықтау әдістері, бекіту, кеменің тұтасатын бөліктерінің шығарылымдарын тексеру тәсілдерін;

кемелерді кессонсыз тұтастыру кезінде арматуралы және бетонды жұмыстарды орындау әдістерін;

темірбетон кемелерді салу бойынша СССР тізілімінің талаптарын.

271. Жұмыс үлгілері:

1) темірбетон кемелерді кессонсыз тұтастыру түйіндері – бекіту.

19. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы


Параграф 1. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы, 1-разряд
272. Жұмыс сипаттамасы.

қарапайым ұсақ тетіктерді таптаурын бойынша белгілеу, кернелеу, таңбалау;

слесарлық операцияларды орындау: түзету, қолдан шабу, қабыршақтардан тазарту, тетіктерді еркін өлшемге өңдеу;

тетіктер мен түйіндерді тазарту, майсыздау;

жеңіл іріктеулер мен қоршауларды жинақтау жұмыстарын орындау, біліктілігі анағұрлым жоғары металл кемелердің корпустарын жинақтаушының басқаруымен жинақ тетіктерін дайындау және орнату.

273. Білуге тиіс:

кеме корпусының негізгі құрылымдарының атаулары, қолданылатын материалдарды;

жинақтаудың негізгі әдістемелерін орындау ережелерін;

қарапайым ұсақ тетіктерді таптаурын және нобайлар бойынша белгілеу ережелерін;

қарапайым құралдар, өлшеу және слесарлық-жинақтау құрал-саймандарының атаулары мен қызметін;

консервіленетін материалдардың қызметі мен қолдану ережелерін.

274. Жұмыс үлгілері:

1) қарапайым ұсақ тетіктер (жолақтар, планкалар және тағы басқа) – тақташада түзету, қолдан тазарту;

2) парақты материалдан жасалған төсемдерге арналған дайындамалар – белгілеу, кесу;

3) тойтармалар – тойтармалар кезінде жіберу;

4) жинақтау құрал-саймандары: тетік қысқыштар, тұтқалар, бұрандалар, көтергіштер, бұранды талрептер, құралдар – алу, жинау;

5) тойтару қосылымдары – төсемдерді дайындау және бұрандалармен қысу.

Параграф 2. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы, 2-разряд


275. Жұмыс сипаттамасы.

көміртекті және аз қоспалы болаттан жасалған жазық шағын ауқымды секцияларды жинақтау;

таптаурын бойынша белгілеу, түйінді, секциялы және стапельді жинақтау кезінде көміртекті және аз қоспалы болаттан қарапайым түйіндер мен тетіктерді жинақтау, орнату және тексеру;

тақтада қолдан қарапайым тетіктер мен ұсақ түйіндерді түзету;

жауапсыз тетіктердегі тесіктерді пневматикалық машинамен бұрғылау;

пайдаланылатын құрал-саймандарды (бұрғыдан басқа) қайрау;

пневматикалық машинамен жиектерді пісіруге, тетіктерді орнату орнын және пісіру тігістерін тазарту;

тойтарма кезінде тойтармаларды қыздыру және қолдау;

сынақ кезінде корпусты құрылымдардың тігістеріне бор немесе сабын ерітіндісін әзірлеу және жағу;

төменгі қалыпта көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған құрылымдарды жинақтау кезінде электрлі ұстау, жылумен кесу және пневматикалық шабу;

жазық үлкен ауқымды секцияларды, жазық секцияларды, қисық сызықты және симметриялық емес жинақтың таңбалы түйіндерін жинақтау, орнату, демонтаждау және жөндеу;

біліктілігі анағұрлым жоғары металл кемелердің корпустарын жинақтаушының басқаруымен жақты кницаларды, бітеулерді, бракеттерді, қанықтыру тетіктерін, қаттылықтың кенжар бөліктерінің қабырғаларын орнату.

276. Білуге тиіс:

кеме корпусының құрылымы; кеме ауданының атаулары мен олардың орналасуын;

кеме корпусының негізгі теориялық сызықтарын;

сұлба және нобай бойынша қарапайым тетіктерді белгілеу әдістері мен геометриялық қашаулардың қарапайым құрылымдарын;

шағын ауқымды жазық түйіндерге тетіктерді орнату орнын белгілеуді;

қолданылатын болат, балқытпа және электродтардың негізгі қасиеттерін;

түйіндерді, жазық секцияларды жинақтау және орнату тәсілдерін;

көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған тетіктер мен түйіндерді өңдеу тәсілдерін;

құрылымдарды пісіруге дайындау әдістерін;

жинақ пен жазық секциялардың түйіндерін жинақтауға арналған құралдар мен жабдықтарды;

қарапайым жинақтау сұлбаларын оқу ережелерін;

белгілеу және өлшеу құрал-саймандарын;

қолданылатын пневматикалық, пісіру, газбен кесу және механикалық жабдықтың жұмыс принципі мен қолдану және қызмет көрсету ережелерін;

орындалатын жұмысқа қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманы.

277. Жұмыс үлгілері:

Түйінді және секциялық жинақтау:

1) тетіктер, жауапсыз түйіндер, ойықтар, жинақтағы шпигаттар, қаттылық қабырғалары, бітеулер, планкалар, кництер, балықтар, бұрыштар, тұтқалар – жылумен кесу, дайындау, жинақтау, шақтау, орнату және бөлшектеу кезінде төменгі қалыпта электрлі ұстау;

2) жазық шағын ауқымды секцияларды қанықтыру тетіктері (тұтқалар, бонктар, планкалар, қорғаушылар, шпилькалар, табандар) – белгіленуі бойынша орнату;

3) алюминий балқытпасынан жасалған тетіктер – жиектерді тазарту және пісіруге майсыздау;

4) уақытша қаттылық қабырғалары, балықтар – бөлшектеу және жазық секцияларға орнату;

5) ұзындығы 2 м дейін түзу сызықты таңбалы түйіндер белбеуі бар кництер – жинақтау.

Стапельді жинақтау:

1) балласт – шығару, салмағын өлшеу, таңбалау және контейнерге салу;

2) кництер, планкалар, жауып бітеу, ұсақ бракеттер мен бекіту тетіктері – белгіленуі бойынша орнату;

3) корпустың құрылымы – пісіруге және тетіктер мен түйіндерді шығарғаннан кейін тазарту;

4) құбырдан жасалған ағаштар – түйіндерді алдын ала жинақтау және бөлшектеу ;

5) люктер мен ойықтардың қоршаулары (уақытша) – орнату және бөлшектеу;

6) қорғауыштар, аккумуляторлы шұңқырлардың тіректері, уақытша басқыштар – бөлшектеу;

7) қосалқы механизмдер мен жабдықтарға арналған шағын ауқымды іргетастар – бөлшектеу;

8) цемент пен балласт – қағу және бөлшектеу.

Параграф 3. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы, 3-разряд
278. Жұмыс сипаттамасы.

жазық үлкен ауқымды секцияларды, иілген жинақ түйіндері мен болат пен балқытпадан жасалған жазық үлкен ауқымды секцияларды көміртекті және аз қоспалы болаттан жасалған жазық шағын ауқымды иілген секцияларды жинақтау, белгілеу, тексеру, пішіндеу, түзету, бөлшектеу;

жазық шағын ауқымды секцияларды, жинақтау түйіндерін цехте және стапельде кемелерді салудың секциялық және блоктық әдісімен орнату және жөндеу;

шығарылған бақылау сызықтарынан цехте және стапельде жинақты орнату орнын, жазық түйіндердегі қанықтыру тетіктері мен секцияларын белгілеу;

механикаландырылған желілерде жазық секцияларды, жинақтау-пісіру автоматында жинақтары бар панельдерді, МИБ-700 және СКТ типтес агрегаттарда түзу сызықты және қисық сызықты басқыш арқалықтарды жинақтау және пісіру;

күрделі емес құралдар мен кондукторларды жинақтау;

орындардың өлшемін алу және қарапайым тетіктерге таптаурын дайындау;

қосалқы механизмдерге, аспаптар мен жабдықтарға шағын ауқымды іргетастардың белгіленуі бойынша жинақтау, түзету, жөндеу және орнату;

корпусты, қондырғыларды және иілмеген палуба жапқышын тігу беттерін ауыстыру;

қалыңдығы 6 мм асатын болат пен балқытпадан жасалған шағын ауқымды корпусты құрылымдарды кез келген әдіспен түзету;

үш қабатты құбырлы ағаштарды жинақтау және сұрыптау;

түрлі кеңістік жағдайында пневматикалық және электр машиналарымен тесіктерді бұрғылау, өрістету, үңгіштеу;

қақтау жабдығында болат табақтарды түзету;

конус және цилиндр пішінді тетіктерді қалыңдығы 10 мм дейін табақтық материалды қақтау жабдығында суықтай ию;

ыдыстардың салмағын өлшеу;

анықталған ақауларды жоя отырып, дәнекерлік тігістерді ауамен салқындату, керосин және су құйып сынау;

қарапайым жауапсыз құрылымдарда тойтару және нақыштау жұмыстарын орындау;

барлық кеңістік жағдайларында көміртекті, қоспасы аз және қоспасы болаттан жасалған түйіндер мен құрылымдарды жинақтау және орнату кезінде электрлі ұстау, жылумен кесу және пневматикалық шабу;

көлемді секциялар, блок секциялар, кеме шеттерінің секцияларын жинақтау, стапельде кеме корпусын құру, үлкен ауқымды іргетастарды орнату, біліктілігі анағұрлым жоғары металл кемелердің корпустарын жинақтаушының басқаруымен кеме жүргізу пойызын құру жұмыстарын орындау.

279. Білуге тиіс:

салынып жатқан кеме корпусының салу тәсілдері, плазалы ажырату туралы негізгі мәліметтерді;

болаттар мен балқытпалардың технологиялық және механикалық қасиеттерін;

болат пен балқытпадан жасалған жазық және иілген жазықтық секцияларын орнату және тексеруді;

күрделілігі орташа тетіктерді белгілеу әдістері мен оларды өңдеу технологиясын;

күрделілігі орташа геометриялық фигураларды қашауды;

дәнекерлік деформациялардың пайда болу себептері мен оларды азайту әдістерін;

дәнекерлік құрылымдарды (суықпен, жылумен, екпінсіз,аралаас) түзету тәсілдерін;

өткізбеушілікке сынау әдістерін;

жазық және иілген жазықтық секцияларды жинақтау құралдары мен жабдықтарын;

белгілеу және өлшеу құрал-саймандарын;

қолданылатын пневматикалық, пісіру, газбен кесу және механикалық құрал-саймандар мен жабдықтарға қызмет көрсету ережелерін;

корпусты құрылымдарды жинақтау және дәнекерлеу кезінде шағын механизация құралдарын, жазық секциялар мен таңбалау жинағын жинақтау және дәнекерлеудің ағынды және механикаландырылған желілердің механизмдер мен агрегаттардың құрылымы мен жұмыс принципін;

кеме корпусының тетіктерін өңдеу кезінде қолданылатын станоктардың типтері мен станоктарда жұмыс істеу ережелерін;

күрделілігі орташа жинақтау сұлбаларын оқу ережелерін;

орындалатын жұмысқа қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманы.

280. Жұмыс үлгілері:

Түйінді және секциялық жинақтау:

1) бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған қарапайым түзу қабырғалы цистерналар – дайындау, жинақтау, түзету, тексеру, жөндеу;

2) иілген металл қырлы бөрене және түзу учаскелердегі абвайзерлі қораптар – дайындау, жинақтау, түзету, жөндеу;

3) жеңіл және қосалқы құрылымдар бойынша технологиялық бекітулер

– келістіру, орнату;

4) катерлер мен қайықтарға арналған кильблоктар – жинақтау, түзету,

орнату;

5) бойлау және көлденең иілген жинақ – таптаурын бойынша жинақтау, орнату, тексеру, түзету;



6) сұрыптаулар, секциялар, блок-секциялар, іргетастар, кенжарлы беттер, қондырмалар, түйіндер – жинақтау, орнату, тұтастыру кезінде жылумен кесу және электрлі ұстау;

7) сұрыптаулар, қоршаулар, көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған иілмеген қондырмалардың шатырлары мен сыртқы қабырғалары – белгілеу, дайындау, жинақтау, тексеру, түзету;

8) ойықтардың контуры бойынша қаптау жолақтары – орнату;

9) жазық ендер, болат пен балқытпадан жасалған бүрме қоршаулар – ағынды механикаландырылған желілерде жинақтау;

10) уақытша қаттылық қабырғалары, балықтар – орнату, секцияларда иіп бөлшектеу;

11) рымдер мен желкелер – жазық секцияларда жинақтау және орнату, бөлшектеу;

12) жеңіл балқытпалардан жасалған шағын ауқымды секциялар – жинақтау, тексеру, түзету;

13) стапель – шағын катерлерді жинақтауға арналған кондукторлар – жинақтау, бөлшектеу;

14) ұзындығы 2 м асатын түзу сызықты, симметриялы және симметриялы емес таңбалы және тұрақты қисығы бар қисық сызықты симметриялы түйіндер;

15) түзу фальшборттар, қосалқы механизмдер мен электр жабдықтарына арналған шағын ауқымды іргетастар – жинақтау, тексеру, түзету;

16) шахталар, желдеткіш арналар және қарапайым тамбурлар – дайындау, жинақтау, түзету;

Стапельді жинақтау:

1) бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған қарапайым түзу қабырғалы цистерналар – орнату, тексеру, жөндеу;

2) балласт – орнату, бекіту;

3) бракеттер, кництар мен ұсақ түйіндер – орнату орнын белгілеу;

4) жеңіл қоршаулар – бөлшектеу, орнату;

5) қылталар, қорғауыштар – орнату;

6) жауапсыз кеме құрылымдары бойынша қатты қабырғаларын өңдеу және оның кенжарлы бөліктері – дайындау, орнату, түзету;

7) керең, ашылатын иллюминаторлар (дөңгелек, тіктөртбұрышты) – орнату, монтаждау және тығыздыққа сынау, жөндеу;

8) құрылымдар – орнату және бақылауға бекіту;

9) кнехталар, үйректер, байламды планкалар – бұрандамаларға және пісіруге орнату, демонтаждау, жөндеу;

10) люктар, қылталардың қақпақтары, жауапсыз құрылымдардың алынатын беттері – орнату, бекіту;

11) төсемдер, жеңіл қоршаулар бойынша газды тығыздығына сыналмайтын люктар мен есіктердің комингстері – орнату;

12) үш қабатты құбырлардан немесе металл құрылымдардан жасалған ағаштар; технологиялық, өтпелі, шалқаймалы алаңдар; леерлі, штатты және уақытша қоршаулар – жинақтау, монтаждау, бөлшектеу;

13) сұрыптаулар, секциялар, блок-секциялар, іргетастар, кенжарлы беттер, қондырмалар, түйіндер – жинақтау, орнату, тұтастыру кезінде жылумен кесу және электрлі ұстау;

14) баптаулардағы пиллерстер – жинақтау, орнату, тексеру;

15) полиэтилен – сұрыптағыштар мен құрылымдарда келтіру, орнату;

16) жазық шағын ауқымды секциялар (еден төсеніштері, платформалар, қоршаулар, сұрыптағыштар) – орнату, түзету, тексеру;

17) тік басқыштар мен тұтқа басқыштар – дайындау, дайындайтын орнын белгілеу, орнату;

18) түзу фальшборт - орнату, түзету, ауыстыру;

19) қосалқы механизмдер мен электр жабдықтарына арналған шағын ауқымды іргетастар – орнату орнын белгілеу, орнату, түзету, тексеру;

20) шахталар, желдеткіш арналар және қарапайым тамбурлар – орнату;

21) дәнекерлеу тігістері – калибр бойынша тексеріп тазарту;

22) дәнекерлеу тігістері, жарықшақтарды дәнекерлеу орны, металдың коррозияланған орны – бытыра ағынды аппараты мен ультра дыбыс соқпа эталондары бойынша нығайту;

23) түйреуіштер, бонктар, планкалар, бұрыштар, оқшаулауға арналған тұтқалар – бетте белгіленуі бойынша иіп орнату, бетте имей орнату орнын белгілеу.

Параграф 4. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы, 4-разряд


281. Жұмыс сипаттамасы.

ауқымы үлкен жазық иілген секцияларды және кеменің орта бөлігіне арналған күрделі көлемді секциялар мен блок секциялардың ауқымы шағын жазық секцияларды жинақтау, белгілеу, тексеру, пішіндеу, қондырма блок-секциясы мен қарапайым қоршаулары бар кеме шеттерінің секциялары;

секциялардан (иілген жазықтық, үлкен ауқымды жазық, күрделі қисығы бар шағын ауқымды, көлемді), кеменің орта бөлігіне арналған көлемі күрделі секциялар мен блок секциялардың ауқымы шағын жазық секциялардан стапельде немесе докта кеме корпусын құру;

стапельді жинақтау және жөндеу кезінде корпусты құрылымдарды белгілеу, тексеру, пішіндеу, сонымен қатар тетіктер жинағының орналасқан орнының секциясында белгілеу, кеме корпусының негізгі сызықтарынан өлшемдерін шығарып қанықтыру;

ағынды және механикаландырылған желіде түпті және бортты көлемді секцияларды дайындау және төсектерді баптау;

кеменің орта бөлігіне арналған иілген сыртқы қаптама беттерін, шетіндегі фальшборт беттерін, палубалы төсеніш, екінші түп төсенішін демонтаждау, жөндеу, дайындау, орнату;

кемелерді жөндеу кезінде күрделі қисығы бар қалыңдығы 10 мм дейін профильді және табақты материалдарды қыздырып суық күйінде және қолмен станокта ию;

күрделілігі орташа тексеру жұмыстарын орындау;

орнынан өлшемдерді алу және күрделі тетіктерге таптаурындар дайындау;

иілген төсекті, күрделілігі орташа кондукторлар мен домалатқыштарды жинақтау, орнату, тексеру;

болаттан немесе балқытпадан жасалған қалыңдығы 6 мм асатын үлкен ауқымды күрделі корпусты құрылымдар, әрі болат пен балқытпадан жасалған күрделі емес корпусты құрылымдарды кез келген тәсілмен түзету;

анықталған ақауларды жоя отырып, қысымы 2,0 МПа (20 кгс/см2 дейін) және пневматикалық қысымы 0,05-0,3 МПа (0,5-3 кгс/см2) корпусты құрылымдарды гидравликалық сынақтан өткізу;

жауапты құрылымдарда тойтару және нақыштау жұмыстарын орындау;

кеме пойызын құру, кемелердің шығарылымы мен түсіріліміне қызмет көрсету.

282. Білуге тиіс:

плазада кеме корпусының теориялық сызбасын ажыратуды – натурлы, масштабты;

күрделі тетіктерді белгілеу әдістері мен қисық сызықты беттерге түйіндер мен тетіктерді орнатуды;

күрделі геометриялық фигураларды белгілеуді;

тетіктер, түйіндер, секциялар мен блоктарды өңдеу және жинақтауды; қаптауды және кеме корпусының жинағын жөндеу, ауыстыру тәсілдерін; әдіп және жіберу жүйесі, өңдеу квалитеттері мен кедір-бұдыр параметрлері, кеме корпусының блоктарын тұтастыру тәсілдерін;

стапель-кондукторлар мен домалатқыштардың құрылымын;

жиектерді дәнекерлеуге дайындаудың түрлі формаларын;

тексеру жұмыстарын орындау әдістерін;

дәнекерлеу деформациясының пайда болу себептері мен олардың алдын алу әдістерін;

кез келген тәсілмен дәнекерлеу және тойтару құрылымдарын түзету әдістерін;

СССР тізілімінің негізгі ережелері мен металл кемелердің корпустарын салу және жөндеудің техникалық шарттарын;

секциялар, блок-секцияларды жинақтау және құру кезінде шағын механизациясы, жинақтау құралдары мен оларды стапельге орнатуды;

кемелерді салу, шығару және түсіруге арналған кеме пойыздарын құру әдістерін;

түп және бортты секцияларды жинақтау және дәнекерлеу бойынша ағынды және механикаландырылған желілердің жұмыс принципі мен құрылымын;

корпусты құралдарды қысымы 2,0 МПа (20 кгс/см2 дейін) және пневматикалық қысымымен 0,05-0,3 МПа (0,5-3 кгс/см2) гидравликалық сынақтардың ережелері мен техникалық шарттары, күрделі бақылау-өлшеу тексеру құрал-саймандары мен аспаптарының қызметі мен пайдалану ережелерін;

жөндеу кезінде стапельде немесе докта ұсақ және шағын кемелердің қалпын тексеру әдістерін;

кеме корпустарын құру және секцияларды дайындау кезінде құрылым корпустарын жинақтау және орнату бойынша күрделі сызбаларды оқу ережелерін;

орындалатын жұмысқа қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманы.

283. Жұмыс үлгілері:

Түйінді және секциялық жинақтау:

1) бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған қарапайым цистерналар – жинақтау, түзету, тексеру, жөндеу;

2 )мәткелер, кеме жүргізу арбалары – жинақтау, жөндеу;

3) қисық сызықты учаскелерде металл үйілген қырлы бөренелер мен абвайзерлі қорапшалар – дайындау, орнату, түзету, жөндеу;

4) желдеткіш арналар, шахталар және күрделі конфигурациялы тамбурлар – дайындау, жинақтау;

5) қарапайым түтін құбырларының қаптары – жинақтау, тексеру, түзету;

6) шахталардың қақпақтары мен комингстері – жинақтау, тексеру;

7) жарық люктары – тетіктерді дайындау, қақпақтарды жинақтау, жөндеу;

8) жүзбелі бұрғы қондырғыларының тұрақтандыру тіреулерінің ернеушелері– жинағы және қанығы бар секторлардан жинақтау;

9) екінші табан және сұрыптаулар бойынша кіші құбырлар – жинақтау, орнату;

10) ілгектер, тұтқалар, рульдердің фланецтері мен кронштейнерлері – жинақтау;

11) дүрліктіргіштер мен желдеткіш қақпақшалар – дайындау, жинақтау;

12) жазық, көлемді секциялар мен блоктардағы рамалар, желкелер- жинау, орнату,бөлшектеу;

13) жүзбелі бұрғы қондырғыларының тұрақтандыру тіреулерінің секциялары – жинақтау, тексеру;

14) жүк жебелер, қарапайым діңгектер – дайындау, жинақтау, жөндеу;

15) өтпелі немесе күрделі қисығы бар симметриялы емес таңбалы қисық сызықты түйіндер – жинақтау, тексеру, түзету;.

16) қанатты жабдықтар – жеке түйіндерді жинақтау;

17) ауқымы үлкен іргетастар, қазанға арналған рамалар, станиналар, білік жүргізуші подшипниктер, аспаптар, жүк крандары, қосалқы механизмдер, бетті және профильді металдан жасалған штевнялар – жинақтау, тексеру, түзету;

18) болат пен балқытпалардан жасалған шпангоуттар – кондукторда жинақтау, тексеру;

19) толқын кескіш сауыттар, желге қарсы тұрғыштар – көлеміне қарай жинақтау, тексеру;

Стапельді жинақтау:

1) бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған қарапайым қисық сызықты цистерналар – орнату, түзету, тексеру;

2) қондырмалардың блоктары мен блок-секциялары – көлемді секциялардан жинақтау, орнату, түзету, тексеру;

3) шағын кемелердің корпустарының блоктары – жылжыту, тұтастыру;

4) сырғымалы байланыстары бар жеңіл қоршаулар, ерекше оттардың аққыштары, жылжымалы жабдықтардың қоршаулары – дайындау, орнату, жөндеу, тексеру;

5) жауапты, газды тығыз кеме құрылымдары бойынша қаттылық қабырғаларын бітеу және оның кенжарлы бөліктері – дайындау, орнату, түзету;

6) желдеткіш арналар, шахталар мен күрделі құрылымды тамбурлар – орнату, жөндеу;

7) бүйірлі килялар – орнату, тұтастыру, тексеру, жөндеу;

8) кнехталар мен байламды планкалар (жылжымалы, бұрандалы) – орнату, жөндеу;

9) қарапайым түтін құбыр қаптары – орнату, түзету, тексеру;

10) газ тығыздығына сынақтан өтетін қондырмалар, жеңіл қоршаулар, есіктер, шахталардың комингстері – орнату, ауыстыру;

11) кронштейндері мен леерлі қоршаулары бар үш қабаттан асатын құбырлардан және металл құрылымдарынан жасалған ағаштар; күркелер, этажеркалар, кері домалау тіреулері – жинақтау, монтаждау, бөлшектеу, жөндеу;

12) есу білікшесінің машина-қазанды бөлімі мен дәлізіндегі монорельстер, рельсті жолдар – орнату, тексеру;

13) күрделі қисығы бар профильден корпус жинағы – жөндеу кезінде орнында түзету, суық күйінде станокта және қыздырып қолдан ию;

14) жүзбелі төсем – дайындау, амортизаторларға орнату;

15) арнайы бөлмелердің торлары мен еден төсеніштері – дайындау, орны бойынша келістіру, орнату;

16) газ шығару қоршауларды қаптау – орнату;

17) аққыштарды қаптау – тегістеу және жылтырату;

18) түп-кенжарлы арматура келте құбырлары – орнату;

19) кеме корпусының пиллерстері – орнату орнын белгілеу, келістіру, орнату, ауыстыру;

20) люктер, төсеніштер, сорғышты қоршаулар аймақтарын бекіту – орнату;

21) қиғаш тіреулер, бұрғылау қондырғысының қалқымалы құбыр және қорапша пішінді байланыстары – тік бұрышты етіп қалқымалы палубалар үстіне орнату, тұтастыру, тексеру;

22) қалқымалы бұрғылау қондырғыларын герметикалайтын құрылғы – орнату;

23) ауқымы үлкен іргетастар, рамалар, қазанға арналған станиналар, білік жүргізу подшипниктері, аспаптар, жүк крандары, қосалқы механизмдер, профильді және металл табақтарынан жасалған штевнялар – орнату орнын белгілеу, орнату, тексеру;

24) бұрышты қосылыстардың дәнекерлеу тігістері – бытыра ағынымен және ультра дыбыс құрылғыларымен эталон бойынша нығайту;

25) болат пен балқытпалардан жасалған шпангоуттар – орнату, тексеру;

26) шпилькалар, бонктар, планкалар, оқшаулауға арналған тұтқалар –үстіне иіп орнату орнын белгілеу;

27) түтін құбыр қаптарының эмблемалары, кеме тақталарының атаулары – орнату.

Параграф 5. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы, 5-разряд


284. Жұмыс сипаттамасы.

ауқымы үлкен жазық күрделі қисығы бар секцияларды, көп қабатты қондырмалардың блок-секцияларды, кеменің орта бөлігіне арналған ауқымы үлкен блок-секциялар, қисық сызықты қоршаулары бар көлемді секциялар мен күрделі қоршаулары бар кеме шетінің ауқымы шағын көлемді секцияларын жинақтау, белгілеу, тексеру, пішіндеу;

кеменің орта бөлігіне арналған секциялардан (күрделі қисығы бар ауқымы үлкен жазық және көлемді, күрделі қоршаулары бар шеттердегі ауқымы шағын көлемді), блок-секциялардан стапельде немесе докта кеме корпусын құру;

оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, стапельді жинақтау және жөндеу кезінде корпусты құрылымдарды белгілеу, тексеру, пішіндеу, сонымен қатар күрделі қисығы бар құрылымдарда қанықтыру тетіктерін орнату;

күрделі қоршаулары бар ауқымы үлкен құрылымдарды жинақтау үшін төсектерді, кондукторлар мен домалатқыштарды жинақтау, тексеру;

құймадан (штевнялар, руль қауырсындары, есу білікшесінің кронштейдері, қағу корпустары) жасалған құрылымдарды жинақтау, белгілеу, тексеру, пішіндеу;

құймалы сыртқы құрылымдарға сыртқы қаптау және жинақтау беттерін орнату, жөндеу, белгілеу, тексеру, орталықтау, тұтастыру, қаусыру;

күрделі қисығы бар сыртқы қаптау беттерін бөлшектеу, жөндеу, дайындау және орнату;

кемелерді жөндеу кезінде салқын және ыстық күйінде өзгермелі радиус қисығымен желпуіш тәрізді, желкен пішінді, профильді илем беттерін ию;

болаттан немесе балқытпадан жасалған қалыңдығы 6 мм дейін күрделі корпусты құрылымдарды кез келген тәсілмен түзету;

анықталған ақауларды жоя отырып, қысымы 2,0-4,0 МПа (20-40 кгс/см2 дейін) және пневматикалық қысымы 0,05 МПа дейін (0,5 кгс/см2) және қысымы 0,3-1,0 МПа (3-10 кгс/см2) дейін корпусты құрылымдарды гидравликалық сынақтан өткізу;

кеме салудың секциялық және блокты тәсілі кезінде бригаданы басқару.

285. Білуге тиіс:

ауқымы үлкен көлемді секцияларды, кеменің орта бөлігіне арналған блок-секцияларды, көп қабатты қондырма блок-секциялары мен кеменің күрделі қоршаулары бар шеттегі секцияларды жинақтау, жөндеу және орнату кезінде оптикалық аспаптардың көмегімен белгілеу, пішіндеу, тексеру әдістерін;

стапельде, докта, қалқымада кемені құру және жөндеу кезінде тексеру және белгілеу жұмыстарының әдістерін;

стапель-кондукторлар мен күрделі домалатқыштардың құрылымын;

қысымы 2,0-4,0 МПа (20-40 кгс/см2 дейін) және пневматикалық қысымы 0,05 МПа дейін (0,5 кгс/см2) және қысымы 0,3-1,0 МПа (3-10 кгс/см2) дейін корпусты құрылымдарды гидравликалық сынақтан өткізу ережелері мен техникалық шарттары, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;

құймадан жасалған құрылымдарды жөндеу, жинақтау, тексеру, пішіндеу, түзету технологиясын;

қағу корпустары, келте құбырлар мен штевняларды белгілеу, орнату, тексеру әдістерін;

негізгі механизмдердің іргетастарын жөндеу, жинақтау, белгілеу, орнату, тексеру технологиясын;

блоктар, модульдерді бөлшектеу және тұтастырудың технологиялық процесі мен тәртібін;

механизмдер, жабдықтар мен құбырлармен секциялар, блоктар, модульдерді қанықтыру номенклатурасын;

жұқа материал табақтарынан жасалған күрделі құрылымдарды түзету әдістері мен тәсілдерін;

стапельді жұмыс кезіндегі шағын механизм құралдарын, оптикалық және оптикалық-лазерлік аспаптарды пайдалану ережелерін;

стапель мен доктағы орташа және үлкен кемелердің қалыптарын тексеру әдістерін;

сыртқы қаптау беттері мен аса күрделі геометриялық фигураларды қашау тәсілдерін;

кез келген күрделі сызбаларды оқуды;

орындалатын жұмысқа қажетті техникалық және технологиялық құжаттамасын;

корпус құрылымын;

күрделі қисығы бар беттер мен тетіктерді июдің белгіленуі мен тәртібі ережелерін.

286. Жұмыс үлгілері:

Түйінді және секциялық жинақтау:

1) ахтерштевнялар, есу білікшелерінің кронштейндері мен құймадан жасалған форштевнялар – жинақтау, орнату, тексеру, бөлшектеу, жөндеу, түзету;

2) бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған күрделі қисығы бар цистерналар – дайындау, жинақтау, тексеру, жөндеу;

3) жер снарядтарының қарпығыш мұнаралары мен рамалары –

дайындау, орнату, бөлшектеу, жөндеу;

4) аймақты блоктар – жинақтау, тексеру;

5) күрделі түтін құбыр қаптары – жинақтау, тексеру, түзету;

6) есу саптаулары – дайындау;

7) негізгі корпустың цилиндрлі және конус ернеушелері – жинақтау,

тексеру, орнату;

8) көлемді және жазық секциялар – оптикалық аспаптардың көмегімен

тексеру және пішіндеу;

9) күрделі қоршаулары бар кеме шетіндегі бортты көлемді секциялар

жинақтау, тексеру, түзету;

10) тұрақтандырғыштар және күрделі рульдер – жинақтау, тексеру,

түзету;

11) қанатты құрылғылар – жинақтау, тексеру, түзету, жөндеу;



12) негізгі механизмдердің іргетастары – көлемге жинақтау, тексеру,

жөндеу;


13) қорапша тәрізді үйінді шлюпбалкалар, күрделі құрылымды

діңгек– дайындау, жинақтау, тексеру, түзету, жөндеу;

15) күрделі қисығы бар беттерді июге арналған штамптар – дайындау.

Стапельді жинақтау:

1) бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған күрделі қисығы бар цистерналар – дайындау, жинақтау, тексеру, жөндеу;

2) орташа және үлкен кемелер корпустарының блоктары – жылжыту және тұтастыру;

3) есу бұрандалары – лопасттарды түзету;

4) есіктер мен қақпақтар: өртке қарсы, клинкетті, жетектері бар су-газ өткізбейтін – орнату, сынау;

5) жоғарғы кішкене көпірдегі күн қағарлар, желге қарсы тұрғыштар –орнату, тұтастыру, тексеру;

6) күрделі түтін құбыр қаптары – орнату, түзету, тексеру, бөлшектеу, жөндеу;

7) жүк люктарының комингстері мен жабу люктары – дайындау, орнату, шақтау, жөндеу, сынау;

8) кеме корпусының қайнатылған, алмалы беттері, толқын кесу сауыттары, газбен тығыздалған төсемдер – келтіру, орнату, тұтастыру, тексеру, жөндеу;

9) конус, қорапша тәрізді, толқын тәрізді корпустарды қаптау беттері –бөлшектеу, орнату, түзету;

10) жарық люктары – жинақтау, орнату, сынау, жөндеу;

11) кеме корпусының шеттеріндегі жинақ және тұйық пішінді жинақ – дайындау, жөндеу, ақаулы аймақтарды ауыстыру;

12) есу бұрамаларының саптары – орнату, жөндеу;

13) зәкір қуыстары, зәкір клюздары, тізбекті қораптардың басылу құбырлары – дайындау, орнату, тұтастыру, тексеру, түзету;

14) аққыштар, тұрақтандырғыштар бітеулері – орнату;

15) сыртқы қаптау және кеме шетіндегі тойтару құрылымдарының жинағы – орнату, ауыстыру;

16) машиналы-қазан бөлімдеріндегі торлар мен еден төсеніштері – дайындау, шақтау, жөндеу;

17) платформалар, палубалар (төменгі және жоғарғы), жүк люктарын, машиналы қазан бөліміндегі шахтаны құрайтын секциялар – орнату, тұтастыру, түзету, жөндеу;

18) қиғаш тіреулер, бұрғылау қондырғысының қалқымалы құбыр және қорапша пішінді байланыстары – орнату, тұтастыру;

19) кеме шетіндегі бортты секциялар – орнату, тұтастыру, тексеру;

20) қалқымалы бұрғылау құрылғыларының тұрақтандыру тіреулерінің секциялары – орнату, қалқымалы түрде тұтастыру;

21) тұрақтандырғыштар мен күрделі рульдер – орнату, тексеру;

22) корпус аралық көлемді байланыстар – орнату, тұтастыру, тексеру;

23) қанатты жабдықтар – орнату, түзету, тексеру, жөндеу;

24) негізгі механизмдердің іргетастары – орнату, тексеру;

25) қорапша тәрізді үйінді шлюп мәткелері, күрделі құрылымды діңгектер– орнату, тексеру, жөндеу;

26) профильді және металл табақтарынан жасалған штевнялар, толқын кескіш сауыттар – орнату, тексеру.

Параграф 6. Металл кемелердің корпустарын жинақтаушы, 6-разряд
287. Жұмыс сипаттамасы.

күрделі қоршаулары бар ауқымы үлкен көлемді секциялардың шеттерін және стапельде немесе докта корпусты құру және жөндеу кезіндегі кеме блоктарын орнату, тексеру, пішіндеу;

оптикалық аспаптар мен қосымша есептеулерді пайдалана отырып, кеме корпусын құру және жөндеу кезіндегі күрделі тексеру жұмыстарын орындау;

ауқымы үлкен азықтарды бақылау, дейдвудкелте құбырларын, айналым жолдарын, мортирлердің кронштейндерді есу біліктерінің айналымын, ахтерштевнялар, кеме шетіндегі қиын иілген килялы қорапшалардың беттерін белгілеу, орнату, орталықтау, тұтастау, тексеру, ақауларын жою, ауыстыру;

аймақты блоктарды орнату, тексеру;

анықталған ақауларды жоя отырып, қысымы 4,0 МПа жоғары (40 кгс/см2 жоғары) және пневматикалық қысымы 1,0 МПа жоғары (10 кгс/см2 жоғары) корпусты құрылымдарды гидравликалық сынақтан өткізу;

кеме салу және жөндеу кезінде кешенді бригаданы басқару.

288. Білуге тиіс:

кеме корпустарының аса күрделі қоршаулары бар ауқымы үлкен және тойтару құрылымдарын жинақтау және тексеру шарттары, үлкен блоктарды тұтастыру тәсілдерін;

күрделі және дәнекерлеу құрылымдарының құрылымды және технологиялық деформацияларының себебі, шамасы және кеміту әдістерін;

қысымы 4,0 МПа жоғары (40 кгс/см2 жоғары) және пневматикалық қысымы 1,0 МПа жоғары (10 кгс/см2 жоғары) корпусты құрылымдарды гидравликалық сынақтың ережелері мен техникалық шарттарын;

күрделі көлемді ауқымы үлкен секцияларды, блок-секцияларды және кеме шеттерінің блоктарын орнату кезінде жинақтау және тексеру жұмыстарының барлық әдістерін;

осьті сызықтарды тесу,оған қоса оптикалық және лазерлік-оптикалық әдістерін;

дамыған және жаңа қанатты сұлбалар, олардың артықшылығы мен ерекшеліктерін;

үлкен кемелердің стапельде, докта және қалқымадағы қалпын тексеру әдістерін;

құймадан жасалған ауқымы үлкен бұйымдарды орнату және тексеру технологиясы мен әдістерін.

289. Арнаулы орта білім талап етіледі.

290. Жұмыс үлгілері:

1) құймадан жасалған ауқымы үлкен ахтерштевнялар мен күрделі форштевнялар – белгілеу, орнату, тексеру;

2) кеме шетіндегі күрделі иілген килялы қораптар Бактар, ыдыстар, болат пен балқытпадан жасалған күрделі қисығы бар цистерналар – орнату, тұтастыру, түзету, тексеру;

3) күрделі иілген корпустың сыртқы қаптау беттері: шеттеріндегі

жақты, дейдвудты, азық бақылайтын, «бульба» тұмсықты, штевняларға

жанасқан – дайындау, орнату, тексеру;

4) есу білігі мен дейдвудтың айналу аймағындағы аса күрделі иілген

жинақ – дайындау, орнату, тексеру;

5) болат пен балқытпалардан жасалған ауқымы үлкен арнайы жабдықтар мен күрделі құрылымды аспаптардың аққыштары – жинақтау, орнату, тексеру;

6) желдеткіш шар тәрізді дүрліктіргіштер – дайындау;

7) тұрақтандыру тіреулерінің секциялары, қиғаш тіреулер, жүзбелі бұрғылау қондырғылары мен кеме корпусының байланыстары – орнату кезінде тексеру және қалқымалы түрде тұтастыру;

8) гельмпортты және дейдвудты құбырлар – орнату, пішіндеу, тексеру;

9) бұру құрылғысы – орнату, тексеру, түзету;

10) жоғары төзімді болат пен балқытпалардан жасалған күрделі қанатты құрылғылар – орнату, тексеру.

20. Пластмасса кемелерді жинақтаушы


Параграф 1. Пластмасса кемелерді жинақтаушы, 1-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы.

жабдықтан қолдан тетіктерді көктеу бойынша кесу;

жабдықтан полимерленген шыны пластик бұйымдарды алуға арналған қажетті құрал-саймандар мен құралдар;

біліктілігі анағұрлым жоғары пластмасса кемелерді жинақтаушының басқаруымен корпусты құрылымдардың (кництер, бракеттер) қарапайым түйіндерін жинақтау және орнату.

292. Білуге тиіс:

кеме корпусының негізгі тетіктерінің атауларын;

корпусты құрылымдарды (матрицалар, стендтер, төсектер, пуансондар, таптаурындар) құру және жинақтауға арналған қолданылатын жабдық туралы негізгі мәліметтерді;

шыны пластиктің негізгі қасиеттері туралы ұғымдарды.

293. Жұмыс үлгілері:

1) ағаш тіреу қайрақтар – белгіленуі бойынша жапсыру;

2) қарапайым конфигурация жинағы –әдіптерді қолмен кесу.

Параграф 2. Пластмасса кемелерді жинақтаушы, 2-разряд


294. Жұмыс сипаттамасы.

корпусты құрылымдардың қарапайым түйіндерін жинақтау, орнату;

қарапайым тетіктерді белгілеу;

пневматикалық пышақпен немесе ленталық арада қарапайым конфигурацияның тетіктеріндегі әдіптерді кесу;

тері аудару машиналарында тетіктердің жиектері мен секциялардың беттерін тазарту;

пневматикалық шабу, пневматикалық немесе электрлік машиналармен тесіктерді бұрғылау;

қарапайым түйіндерді жинақтау;

қарапайым пішіндер, бұйымдар, құрылымдарды бөлшектеу және жинақтау;

өнімдерді түрлері бойынша сұрыптау;

шыны пластиктен қарапайым шағын ауқымды бұйымдарды алу, орын ауыстыру және салу;

өнімнің ақауларын анықтау;

біліктілігі анағұрлым жоғары пластмасса кемелерді жинақтаушының басқаруымен полистироль блоктарын көбіктеу, іргетастар мен құрылымдарды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстарды орындау.

295. Білуге тиіс:

құрылымдар мен кеме аудандарының атауларын;

тетіктер, қарапайым түйіндерді жинақтау және орнатудың технологиялық процесін;

пневматикалық құрал-саймандар, ленталық аралар, тері аудару машиналарының жұмыс принципін;

қарапайым геометриялық құрылымдарды;

күрделі емес сызбаларды оқу ережелерін;

шыны пластиктер мен байланыстыру құрамдары туралы ұғымдарды;

бұйымды шығару әдістемелерін;

бұйымдарды шығару үшін құрал-саймандар мен құралдарды пайдалану ережелерін;

шыны пластикалық бұйымдарды сақтау ережелері, шыны талшықтан жасалатын өнімнің түрлерін;

шыны пластиктен жасалған тетіктерді өңдеу ережелерін.

296. Жұмыс үлгілері:

1) корпус пен қондырмаларды қанықтыру тетіктері – жазық беттерге белгіленуі бойынша орнату;

2) кництер, бракеттер, жүзгіштер – жазық беттерге белгіленуі бойынша орнату;

3) төсемдер, секциялар, ойықтардың жиектері, профильдер мен жинақтың соңдары –кенерлікті шығару, белгіленуі бойынша кесу;

4) бойлық және көлденең жинақ – белгілеу, плазаның таптаурыны бойынша пішіндеу;

5) түзу профильдер, пластиналар, кництер, беттер, бракеттер – жабдықтан қолдан немесе құрал-саймандар мен құралдардың көмегімен шығару.

Параграф 3. Пластмасса кемелерді жинақтаушы, 3-разряд


297. Жұмыс сипаттамасы.

ауқымы үлкен жазық секциялар мен иілген жазық секцияларды жинақтау;

жинақты тараққа орнату;

жинақты, жазық секцияларды және иілген жазық секцияларды қалыптауға орнату және бекіту;

секцияларды пішіндеу;

жинақтау үшін күрделі емес ағаш құралдарды дайындау;

макеттер мен плаза таптаурындарын пайдалану;

гидросъем мен тельфердің көмегімен жабдықтан бұйымдарды шығару;

іргетастар мен құрылымдарды құру кезінде полистироль блоктарын көпірту бойынша жұмыстарды орындау.

298. Білуге тиіс:

плазалық бөлу туралы негізгі ұғымдарды;

жинақтаудың технологиялық процесін;

ауқымы үлкен жазық секцияларды және иілген жазық секцияларды орнатуды;

кесу, бұрғылау, тазарту, корпус құрылымдарын пішіндеу, қолданылатын жабдықтарға (матрицалар, стендтер, төсектер, пуансондар, таптаурындар) пневматикалық құрал-саймандардың құрылымын;

секцияларды қанықтыру номенклатурасын;

бұйымдарды шығару әдістемелері, олардың техникалық шарттарын;

гидросъем жүйесінің жұмыс принципін;

шыны пластиктер мен пенопласттардың қасиеттерін.

299. Жұмыс үлгілері:

1) жеңіл қоршаулар – орнату, тексеру;

2) қоршаулар, есік комингстері, шаппалар мен қондырмалар, корпустар, палубалар, цистерналар, іргетастар – гидросъем мен тельфердің көмегімен жабдықтан шығару;

3) корпус пен қондырмаларды қанықтыру тетіктері – бетіне иіп орнату;

4) декоративті қапталған тетіктер – белгілеу, пішіндеу, кесу;

5) байламды планкалар, кнехталар, есік комингстері, қылта қақпақтары, басқыштар – белгілеу, орнату, тексеру;

6) төсемдер, секциялардың жиектері, профильдер мен жинақтың, ойықтардың соңдары, іргетастардың жиектері – жинақтау процесі кезінде орны бойынша кесу;

7) матрицалар – ұзындығы 7 м дейін кеме төсемдері – жинақтау;

8) платформалар, сұрыптаулар – жинақ, жинақтау, тарқату, орнату, тексеру;

9) пенопласттан жасалған сұрыптаулар – орнату, тексеру;

10) леерлі құрылымдар – белгілеу, орнату, тексеру;

11) ұсақ іргетастар – белгілеу, орнату, тексеру;

12) шахталар, тамбурлар, келте құбырлар – орнату;

Параграф 4. Пластмасса кемелерді жинақтаушы, 4-разряд


300. Жұмыс сипаттамасы.

күрделі қисығы бар жазық секциялар мен декоративті қапталған секцияларды жинақтау, тексеру;

плазалы мәліметтер бойынша күрделі қисығы бар жазық секцияларда қанықтыру тетіктерін орнату орындарын белгілеу;

секцияларды пішіндеу;

катер корпустары мен үш қабатты құрылым шлюпкаларын жинақтау;

кеме корпустарын өткізбеушілігіне сынақтан өткізу;

кеме құрылымдарын жинақтау, белгілеу, тексеру, бөлшектеу және жөндеу,

бұйымдар мен құрылымдардың күрделі формаларын жинақтау және бөлшектеу.

301. Білуге тиіс:

шыны пластиктен жасалатын кемелерді салу технологиясын;

плазалық бөлшектеуді;

шыны пластиктерінің қасиеттерін;

өткізбеушілікке сынау әдістерін, күрделі түйіндерді орны бойынша белгілеу және орнату, күрделі қисығы бар жазық секцияларды қанықтыру әдістерін, тығыздау пасталары мен желімдерді дайындау технологиясын.

302. Жұмыс үлгілері:

1) баллерлер, руль қауырсындары, корпусты құрылымдар –пенопластпен толтыру;

2) үйілген қайрақтар – орнату, бекіту;

3) есіктер, иллюминаторлар – келістіру, орнату;

4) кенжарлы тетіктер – белгілеу, орнату;

5) корпустар мен палубалар – өзара жинақтау;

6) ұзындығы 7-15 м кемелердің матрица-төсемдері – жинақтау;

7) корпус қаптамасындағы тесіктер – бітеу;

8) бортты және палубалы секциялар – жинақтау, орнату, тексеру;

9) фальшборттар және экрандар – жинақтау, орнату, тексеру;

10) механизмдер, жабдықтарға іргетастар мен қосымша көмек – орнату, тексеру, белгілеу; леерлі құрылымдар белгілеу, орнату, тексеру.

Параграф 5. Пластмасса кемелерді жинақтаушы, 5-разряд
303. Жұмыс сипаттамасы.

аса күрделі көлемді секциялар, блок-секциялар мен қондырма блоктарын жинақтау және тексеру;

күрделі жауапты құрылымдарды орнату және тексеру;

монтажды тұтастықтарды жинақтау;

кеменің аса күрделі жауапты бұйымдары мен құрылымдарына механизмдер мен жабдықтарды орнату жерлерін белгілеу;

аса күрделі кеме құрылымдарын жинақтау, белгілеу, тексеру, бөлшектеу және жөндеу.

304. Білуге тиіс:

механизмдермен, құбырлармен және жабдықтармен секциялар мен блоктарды қанықтыру номенклатурасы мен тәртібін;

кеме корпустарының күрделі жауапты құрылымдарды жинақтау және тексерудің техникалық шарттары және технологиялық тәртібін;

блоктарды, көлемді секцияларды тұтастыру тәсілдерін.

305. Жұмыс үлгілері:

1) қондырма блоктары – орнату, тексеру;

2) зәкірлі клюздар – орнату, тексеру;

3) біліктер, түтін құбырлар – орнату, тексеру;

4) ұзындығы 15 м жоғары бортты және палубалы секцияларға арналған матрица-төсемдер – жинақтау, тексеру;

5) тереңдету маркалары, бортты номер, ватер сызық – белгілеу;

6) мортирлер, есу білікшелерінің кронштейндері – орнату, тексеру;

7) шеттердің секциялары, қондырма блоктары – орнату, тексеру;

8) монтажды тұтастықтар – шақтау, жинақтау, тексеру;

9) негізгі қозғалтқыштар, дизель генераторларға іргетастар – орнату, тексеру.

21. Бонды дабылдатқыш
Параграф 1. Бонды дабылдатқыш, 4-разряд
306. Жұмыс сипаттамасы.

буйды берілген координаттар бойынша зәкірлермен бекітіп орнату;

сынақ кезінде бақылауға буйды дұрыс орынды таңдау;

қимыл дұрыстығын анықтау;

сынақ кезінде уақытты өлшеу және журналға жазу;

сынақ барысы туралы дабыл қағу.

307. Білуге тиіс:

1-сыныпты теңізшілерге арналған білім көлеміндегі теңізде жүзу ісін;

дабылдату буйлары мен оларға орнатылған аппаратуралардың құрылымы мен қызметі, әрі оларды сүйреу және шварттау ережелерін;

жалаушалар мен жарық құралдарымен дабыл қағу ережелері мен техникасын.

22. Қондырғылар мен аппаратураларды сынақтан өткізуші

слесарь-механик


Параграф 1. Қондырғылар мен аппаратураларды сынақтан өткізуші

слесарь-механик, 4-разряд


308. Жұмыс сипаттамасы.

сынақ өткізу үшін қарапайым және күрделілігі орташа қондырғыларды, сынау камералары мен стендтерді реттеу, жөндеу;

күрделі емес сынау сұлбаларын монтаждау;

сынау тәртібін таңдау және реттеу, зақымдарды анықтау және олардың жойылуына шаралар қолдану;

қарапайым қондырғылар мен стендті бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару;

сипаттамаларына сәйкес қарапайым қондырғыларды сынақтан өткізу;

қарапайым қондырғылар, сынау стендтері мен камераларын реттеу, баптау, жөндеу жұмыстарынан кейін паспорттарды құру;

қарапайым және күрделілігі орташа қондырғылар мен стендтерде бақылау үлгісіндегі сынақтарды өткізу.

309. Білуге тиіс:

қарапайым және күрделілігі орташа қондырғылар, сынау камералары мен стендті бақылау өлшеу аппаратурасының қызметі, құрылымы мен жұмыс принципін;

қарапайым және күрделілігі орташа қондырғылар, сынау камералары мен стендті аппаратураны монтаждау, баптау, реттеу әдістерін;

қарапайым және күрделілігі орташа қондырғылар, сынау камералары мен стендтің құрылымы, монтажды және принципті сұлбаларын, тексеру және пайдалану ережелері, стендті бақылау-өлшеу аппаратурасын бөлшектеу технологиясын;

қарапайым және күрделілігі орташа қондырғылар, сынау камералары мен стендтерде сынақ өткізу туралы негізгі мәліметтерді;

күш салу, жоғары қысым және мұздатқыш қондырғыларды пайдалануда жүйелі немесе жеке агрегаттарды табу кезінде қазанды бақылаушыға қойылатын талаптар.

310. Жұмыс үлгілері:

1) қарапайым және күрделілігі орташа стендті бақылау-өлшеу аппаратуралары – монтаждау, реттеу, жөндеу, сынаққа дайындау және сынақтан өткізу;

2) мұздатқыш қондырғылардың компрессорлары – жөндеу, түзету, сынаққа дайындау;

3) жылу ылғал сыйымды камералар – жөндеу, түзету, сынаққа дайындау;

4) гидравликалық камералар – жөндеу, дайындау және сынақтан өткізу;

5) тұзды тұман камералары – жөндеу, дайындау және сынақтан өткізу;

6) тежеу қондырғылары – жөндеу, дайындау және сынақтан өткізу;

7) вибрациялық қондырғылар – жөндеу, дайындау және сынақтан өткізу.

Параграф 2. Қондырғылар мен аппаратураларды сынақтан өткізуші

слесарь-механик, 5-разряд


311. Жұмыс сипаттамасы.

сынақ өткізу үшін аса күрделі қондырғыларды, сынау камералары мен стендтерді реттеу, жөндеу;

сынақтан өткізілетін қондырғылар, камералар мен стендтерді реттеу және техникалық шарттарда көзделген күйге дейін жеткізу;

жоғары қысымда жұмыс істеу үшін қатынастар мен стендтерді жинақтау, монтаждау, дайындау;

сынақ процесі кезінде анықталған ақауларды айқындау және жою, пайдаланылатын диаграммалар мен сипаттамаларды шығару;

аса күрделі қондырғыларды, сынау камералары мен стендтерді реттеу, баптау, жөндеу жұмыстарынан кейін паспорттарды құру;

аса күрделі қондырғылар мен стендтерде бақылау сынақтарын өткізу.

312. Білуге тиіс:

аса күрделі қондырғыларды, сынау камералары мен бақылау-өлшеу аппаратурасы стендтерінің қызметі, құрылымы мен жұмыс принципі, құрылымын, монтажды, принципті сұлбалар, аса күрделі қондырғыларды, сынау камералары мен стендтерді тексеру және пайдалану ережелерін;

аса күрделі қондырғылар мен стендтерде сынақ өткізу туралы негізгі мәліметтерді;

сынақтан өтетін агрегаттарды монтаждау және бөлшектеу әдістерін; жоғары қысымда жұмыс істейтін қатынастары бар қазанды бақылаушыға қойылатын талаптарды.

313. Жұмыс үлгілері:

1) аса күрделі стендті бақылау-өлшеу аппаратурасы – монтаждау, реттеу, жөндеу, сынаққа дайындау және аса күрделі стендті аппаратураны сынақтан өткізу;

2) вибрациялық стендтер – жөндеу, реттеу, түзету және сынаққа дайындау және оны өткізу;

3) мұздатқыш қондырғылардың компрессорлары – сынақтан өткізу;

4) мұздату қондырғылары – реттеу, жөндеу, сынаққа дайындау және оны өткізу;

5) тежеу қондырғылары – сынақтан өткізу;

6) вибрациялық қондырғылар – сынақтан өткізу;

7) жылу ылғалы сыйымды камералар – сынақтан өткізу;

8) жылу ылғалы камералары – реттеу, жөндеу, сынаққа дайындау және оны өткізу.

Параграф 3. Қондырғылар мен аппаратураларды сынақтан өткізуші

слесарь-механик, 6-разряд


314. Жұмыс сипаттамасы.

сынақтарды өткізу үшін аса күрделі қондырғылар, сынау камералары мен стендтерді реттеу, жөндеу;

күрделі сынау сұлбаларын монтаждау;

жүйені немесе оның жеке агрегаттарын, сонымен қатар қосу реттеу стендті аппаратурасын реттеу және техникалық шарттарда қарастырылған параметрлерге жеткізу;

қондырғыларды, сынау бағдарламасы бар стендті аппаратураны қосу және жұмыс тәртібін орнату;

сынақ процесі, негізгі қозғалтқыштың тежеу жасауларын, стендті аппаратура мен жалпы жүйеде анықталған ақауларды айқындау және жою;

аса күрделі қондырғылар, сынау камералары, стендтерді реттеу, баптау және жөндеу жұмыстарынан кейін паспорт құру;

аса күрделі қондырғылар мен стендтерде бақылау сынақтарын өткізу.

315. Білуге тиіс:

аса күрделі қондырғылар, сынау камералары, стендті бақылау-өлшеу аппаратураларының қызметі, құрылымы, жұмыс принципін;

түрлі қондырғылар, стендтер мен бақылау-өлшеу аппаратураларының сипаттамасы мен жұмыс тәртібін;

агрегаттарды, аспаптарды және жалпы жүйені монтаждау, бөлшектеу ережелерін;

сынақ процесінде қолданылатын отын және басқа материалдардың шығынын есептеу бойынша негізгі мәліметтерді; сынақ кезінде қолданылатын газдар, жанатын сұйықтықтар мен олардың компоненттерінің қасиетін;

күрделі қондырғылар мен стендтерде сынақ өткізу ережелерін.

316. Арнаулы орта білім қажет.

317. Жұмыс үлгілері:

1) стендті аса күрделі бақылау-өлшеу аппаратурасы – монтаждау, реттеу, жөндеу, сынаққа дайындау және одан өткізу;

2) барокамералар – реттеу, жөндеу, сынаққа дайындау және одан өткізу;

3) түрлі күш тектес қозғалтқыштар – жинақтау, реттеу және сынақ

бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізу;

4) қосу реттеу аппаратурасының стендтері – жинақтау, жөндеу,

сынақтан өткізу.

23. Электромеханикалы аспаптар мен жүйелер бойынша

слесарь-механик


Параграф 1. Электромеханикалы аспаптар мен жүйелер бойынша

слесарь-механик, 3-разряд


318. Жұмыс сипаттамасы.

қарапайым және күрделілігі орташа түйіндер мен механизмдерді және 11 дәлдік квалитеті (4 сынып) бойынша қарапайым аспаптарды жинақтау, механикалық ретте;

тетіктерді 9 дәлдік квалитеті (3сынып) бойынша механикалық және қолдан келістіру және жетілдіру;

11 дәлдік квалитеті (11сынып ) бойынша тетіктерді әмбебап токарлы және фрезерлі станоктарда дайындап, кинематикалық сұлбалар мен нобайлар бойынша қарапайым аспаптар мен механизмдердің тәжірибелі үлгілерін жинақтау;

жинақтау кезінде тетіктерді белгілеу;

қарапайым және күрделілігі орташа жинақтау сызбалары бойынша жинақтау мен реттеудің оңтайлы тәртібін орнату;

күрделілігі қарапайым аспаптардың кинематикалық желісінде нәтижесіз қимылдар мен статикалық сәттерді өлшеу;

күрделілігі қарапайым түйіндер мен механизмдерді дәнекерлеу және пісіру.

319. Білуге тиіс:

кемелердің түрлі үлгілеріне арналған күрделі емес сағат, электромеханикалық, электромагниттік аспаптар мен гироскопикалық құрылғы мен механизмдердің күшейткіштерінің құрылымы мен жұмыс принципі, 11 дәлдік квалитеті (4сынып) бойынша белгіленген техникалық шарттар бойынша оларды жинақтау, механикалық реттеу және баптау тәсілдерін;

ілініс сандарының берілуін есептеудің қарапайым негіздерін;

күрделілігі орташа тетіктер мен түйіндерді белгілеу әдістері, әмбебап және арнайы құралдар мен күрделілігі орташа бақылау-өлшеу құрал-саймандарының, аспаптар мен аппаратуралардың құрылымын;

жинақтау цехтарында орналасқан жабдықтардың сипаттамасы мен басқару жүйесін;

қолданылатын металдар, балқытпалар мен басқа материалдардың негізгі физика-химиялық қасиеттері мен оларды өңдеудің технологиялық ерекшеліктерін;

кедір-бұдырдың өтуі, отырғызылуы, квалитеті мен параметрлерін;

өзара алмасудың негізгі принциптерін.

320. Жұмыс үлгілері:

1) карданның шар қалпақшалары – жинақтау;

2) фрикционды муфталардың конустары – ысқылау;

3) күрделі емес аспаптар мен механизмдердің тәжірибелі үлгілерінің макеттері – жинақтау;

4) 3-5 сильсиндері, конденсаторлары, релесі бар механизмдер, түйіндер мен аспаптар – жинақтау;

5) люфтсіз ұстау муфталары – жинақтау;

6) муфталар – шақтап жинақтау;

7) 5 жұпқа дейін тістері бар іліністі түрлі механикалық аспаптарды жіберу – техникалық шарттар бойынша нәтижесіз қимылдар мен статикалық сәттерді таңдап іліністерді қосымша істеу;

8) рейкалы және құбырлы қосылыстар – домалату;

9) механикалық стопорлар – жинақтау;

10) 3-5-7 барабандарда айналымдар есептегіштері – жинақтау;

11) қорғау құрылғылары – жинақтау;

12) синхронды сағаттар – жинақтау;

13) цилиндр, конус, бұрымдық тістегіштер – домалату.

Параграф 2. Электромеханикалы аспаптар мен жүйелер бойынша

слесарь-механик, 4-разряд




жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау