аса күрделі аспаптар мен 6 дәлдік квалитеті (1сынып) бойынша жалпы кинематикалық сұлбадағы қарым қатынаста аспаптар жүйесін жалпы жинақтау, механикалық реттеу, баптау және сынақтан өткізу; 6 дәлдік квалитеті (1сынып) бойынша көп жанасу өлшемдері бар тетіктерді механикалық және қолдан келістіру және жетілдіру; 6 дәлдік квалитеті (1сынып) бойынша әмбебап металл кесетін жабдықта аспаптарға кіретін жеке тетіктерді дайындап, нобайлар, принципті сұлбалар мен техникалық шарттар бойынша эксперименталды күрделі аспаптар мен механизмдердің макеттерін жинақтау; жинақтау сызбалар мен техникалық шарттар бойынша аса күрделі механизмдер мен күрделі аспаптарды жинақтау мен реттеудің оңтайлы тәртібін орнату; бірегей күрделі аспаптар мен аппаратураларды сынақтан өткізген соң нәтижелерін өңдеу, сонымен қатар ақауларды анықтау және жою; аса күрделі аспаптар мен жүйелерді дәнекерлеу және пісіру.
328. Білуге тиіс:
кемелердің түрлі үлгілеріне арналған аса күрделі есептеу-шешу, сағатты, электромеханикалық, электромагниттік, акустикалық, гироскопикалық аспаптар мен аспаптар жүйелерінің құрылымы, 6 дәлдік квалитеті (1сынып) бойынша белгіленген техникалық шарттар бойынша оларды жинақтау, механикалық реттеу және баптау тәсілдерін;
коноидтар, эксцентриктер мен басқа да аса күрделі қисықтарды есептеу тәсілдері, әрі оларды күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратураларымен дайындау және тексеру әдістерін;
күрделі аспаптар мен механизмдерді түзету тәсілдерін.
329. Арнаулы орта білімталап етіледі.
330. Жұмыс үлгілері:
1) тісті және бұрамды ұстау мен электромагнитті механизмдермен қарым-қатынастағы электромеханикалық аспаптардың макеттері – жіберілу шегінде техникалық шарттар бойынша жеке тетіктерді дайындап техникалық шарттар бойынша жалпы жинақтау және реттеу;
2) мөлшері көп күрделі және дәл механизмдерден тұратын орталық аспаптар: электромагнитті, коноидты және есептеу механизмдерінің салулары, сараланған және бұрамды ұстаулар, фрикционды және стопорлы механизмдер – техникалық шарттарға сәйкес олардың қарым қатынастары мен мәселені шешуді қамти отырып, жалпы жинақтау, реттеу және баптау;
3) жалпы негізде жөнделген және күрделі рычагты, жұдырықшалы, тісті және бұрамды жіберулер мен электомагниттік механизмдермен өзара қарым-қатынастағы бірнеше механизмдерден тұратын электромеханикалық аспаптар – жіберілу шегінде жеке тетіктерді келістіре отырып, жалпы жинақтау, реттеу және баптау;
4) сфералы салулар – жинақтау, реттеу және баптау;
5) гироскоптармен бірге жоғары жылдамдықтар мен дәлдікпен реверсивті аспаптар – жинақтау, реттеу және баптау;
6) гироскопикалық аспаптар – жалпы жинақтау, баптау;
7) аспаптар жүйесі – техникалық шарттарға сәйкес қосу сұлбасы бойынша аспаптарды орналастыру.
24. Кеменің слесарь-монтажшысы
Параграф 1. Кеменің слесарь-монтажшысы, 1-разряд
331. Жұмыс сипаттамасы. қосалқы механизмдер, электр жабдықтары, жылу алмасу аппараттары, арматуралар, құбырларды бөлшектеу кезінде слесарлық операцияларды орындау; машиналар мен механизмдердің тетіктерін тазарту, жуу; қол слесарлық механизмдермен тетіктерді еркін өлшемге өңдеу; түрлі материалдардан төсемдерге арналған дайындамаларды дайындау; Біліктілігі анағұрлым жоғары кеме слесарь монтажшысының басқаруымен қосалқы механизмдер, құбырлар, арматураларды монтаждауға дайындау бойынша жұмыстарды орындау;
332. Білуге тиіс:
кеменің атауы мен негізгі аудандарының орналасуын;
монтаждауға келіп түсетін механизмдер, құрылғылар, құбырлар, арматуралар мен тетіктердің атауларын;
құбырлардың байланысу үлгілерін;
слесарлық операцияларды орындау, жауапсыз тетіктерді өңдеу кезінде қойылатын негізгі талаптарды;
төсемдерге арналған материалдарды;
көп таралған қарапайым құралдар, слесарлық және өлшеу құрал-саймандарының қызметі мен пайдаланылу шарттарын;
консервленетін материалдардың қызметі мен пайдалану ережелерін.
333. Жұмыс үлгілері:
1) кез келген диаметрлі арматуралар мен құбырлар – сыртқы тазарту, қайта іске қосу, консервациялау;
2) биркалар – дайындау, таңбалау, орнату;
3) түрлі тетіктер – механикалық өңдеуден кейін тазарту; қайта іске қосу, консервациялау, қағазбен немесе қабықшамен қаптау;
4) технологиялық бітеуіштер –бөлшектеу;
5) қабықшалар мен уақытша қоршаулар – орнату, шығару;
6) қосалқы және палубалы механизмдердің қақпақтары, картерлері, блоктары – балшықтан, салдан, күйіктен тазарту және жуу; 7) арматураларға арналған маховиктер мен саптар, ерекшелейтін планкалар мен кестелер – шығару;
8) палубалы және сұрыптау стакандары, патрубкалар, тығындар, люктардың қақпақтары, дабылдату буйлары, ысырмалар, резервуарлар – тазарту, жуу, қайта іске қосу , майсыздау, консервациялау;
9) қосалқы механизмдер мен жабдықтардың іргетастары –қайта іске қосу, консервациялау.
Параграф 2. Кеменің слесарь-монтажшысы, 2-разряд
334. Жұмыс сипаттамасы. жауапсыз түйіндер, орталықтандырылмайтын қосалқы және палубалы механизмдер, жылу алмасу аппараттары бөлшектеу және жинақтау кезінде слесарлық операцияларды орындау; жабдықты қолданып, бетті және профильді материалдан панельдер, қабықшалар, кронштейндер, жалаң аспалар, басқыштар, технологиялық бітеулерді дайындау; пневматикалық және электрлі машиналар, слесарлық құрал-саймандарының көмегімен іргетастардың, орындықтардың, приварыш, вварыштың тіреулі беттерін тазарту; қолданылатын кесу құрал-саймандарын (бұрғыдан басқа) қайрау; қалпына келтірілмейтін қуаты 50 кВт электр жабдығын, түрлі жүйедегі арматуралар мен құбырларды бөлшектеу; цехта қысымы 1,5 МПа (15 кгс/см2 дейін) арматуралар, құбырлар, жабдықтарды гидравликалық сынақтан өткізу; қосалқы механизмдер, жабдықтар мен құбырлардықайта іске қосу, жуу, майсыздау және сыртқы консервациялау (арнайы жүйелерден басқа: гидравлика, жоғары қысым ауасы, негізгі және қосалқы бу);
Достарыңызбен бөлісу: |