Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме



жүктеу 4,44 Mb.
бет12/18
Дата20.02.2018
өлшемі4,44 Mb.
#10312
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

340. Жұмыс сипаттамасы.

орталықтандырылмайтын қосалқы және палубалы механизмдер (жетегі бар және жетегі жоқ), қосалқы және қайта өңдейтін қазандар, жылу алмасу аппараттары мен электрлі аппаратураларды жөндеу, жинақтау және монтаждау кезінде слесарлық операцияларды орындау;

қуаты 50-150 кВт электрожабдықтарды, білік жүргізгіштер, подшипниктерді, диаметрі 100 мм білік жүргізгіштерді есу бұрандаларын, цилиндрдің диаметрі 200 мм дейін мұздату қондырғыларының компрессорларын, қуаты 225 кВт (300 л.с.) бу машиналарын, орталықтауға жіберуге қосалқы және палубалы булы және электрлі түйіндер мен тетіктерді бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, монтаждау: ығысу – 0,20 мм, сынық – 0,25 мм/м.

іргетастар, орындықтар, приварыштар, вварыштар, сыналар, дәлдігі 0,10 мм дейін төсемдердің беттерін пневматикалық және электрлі машиналар, жылжымалы станоктардың көмегімен тірек беттерін өңдеу;

диаметрі 108 мм дейін және қысымы 1,5-10 МПа (15-100 кгс/см²) дейін арматураларды, құбырлар мен жүйелерді (арнайы жүйелерден басқа: гидравлика, жоғары қысым ауасы, негізгі және қосалқы бу) дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

цехта қысымы 10,0-30,0 МПа дейін (100-300 кгс/см² дейін) арматуралар, құбырлар, жабдықтарды гидравликалық сынақтан өткізу және қысымы 1,5-10,0 МПа (15-100 кгс/см2 дейін) пневматикалық сынақтан өткізу;

цилиндр диметрі 175-300 мм кеме дизельдерін, қуаты 150 кВт жоғары электрлі жабдықтарды, қосалқы және қайта өңделген қазандарды, білік жүргізгіштерді, подшипниктерді, білік жүргізгіштердің диаметрі 100 мм дейінгі есу бұрандаларын , қуаты 225 кВт (300 лошадинных сил) дейінгі мұздату қондырғыларының жабдықтарын, бу машиналарын, арнайы жүйелерден басқа кез келген диаметрлі арматуралар мен құбырларды бөлшектеу;

тұздайтын қондырғылар, отын, май, палубалы механизмдердің аппараттарын жөндеу және тапсыру;

сызба өлшемдері бойынша механизмдер, құрылғылар, электрлі аппаратуралар мен арматуралардың орналасу жерінің үйлесімділігін анықтау;

швартты, қозғалту, кешенді сынақ жүргізу кезінде, қосалқы механизмдер, құрылғылар және жылу алмасу аппараттарын қосу және қызмет көрсетуді қамту, механизмдер, аппараттар, құрылғылардың механикалық ақауларын анықтау және кейіннен жинақтаумен оларды жою;

палубалы топ басшысының швартты және қозғалту сынақтары кезінде міндеттерін орындауы;

бригаданы басқару.


341. Білуге тиіс:

қосалқы кеме механизмдері, қосалқы және қайта өңделген қазандар, қондырғылар мен жетектердің қызметі, құрылымы мен жұмыс принципі, механизмдер, құрылғылар мен құбырлардың өзара байланысын;

секциялық, модульді, блокты салу және жинақталған корпус шарттарындағы қосалқы механизмдерді, қызмет көрсету құбырлары, агрегаттар, электрлі жабдықтар, үлестіру сауыттары мен электрлі аппаратураларды монтаждау тәртібін;

құбырдың тұтасқан жерлерін дәнекерлеуге жинақтау технологиясын; механизмдерді монтаждау, ашып қайта іске қосу, тексеріп, тапсырудың технологиялық шарттарын;

кеме амортизаторларының үлгілерін, негізгі параметрлері мен техникалық талаптарын;

білік жүргізгіштер мен механизмдерді монтаждау технологиясын; механизмнің күрделі түйіндері мен тетіктерін шақтау және жинақтау тәсілдерін;

жеткізудің техникалық шарттарын;

тапсырылатын қосалқы механизмдер, қосалқы және қайта өңделген қазандар мен құрылғыларды, швартты және қозғалту сынақтары бойынша бағдарламалар, әдістемелер мен нұсқауларды;

күрделі түйінді және жинақтау сызбаларын оқуды;

әмбебап және арнайы құралдар, бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарын;

монтаж жұмыстарының нақты орындалуына сыртқы орта температурасының әсерін;

жіберулер, орнатулар жүйесін;

кедір-бұдыр квалитеті мен параметрлерін.

342. Жұмыс үлгілері:

Негізгі механизмдер:

1) негізгі кеме дизелінің жүйе агрегаттары (салқындату, майлау, отынды сепарациялау) – цехта жинақтау және кемеде монтаждау;

2) амортизаторлар – негізгі механизмдер бойынша өңдеу және паспортты мәліметтерге сәйкес орнату;

3) антивибраторлар – демонтаждау, бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

4) турбинаның бағыттаушы және арналы аппараттары – дефектациялау, жөндеу, тығыз жерлерін алмастыру және орнату;

5) блоктар, іргетас рамалары, қақпақтары, цилиндр диаметрі 175 мм кеме дизельдерінің шатуналары бар поршеньдер – дефектациялау, жөндеу, орнату, шығару;

6) кеме дизельдерінің цилиндр төлкелері- өңделгендерді шығару, терезелерді қашау;

7) иінді біліктер, жапсырмалар, диаметрі 100 мм дейін подшипниктер – жөндеу, калибрлеу, мойынды жерлерді ысу, салу, раскеп, цилиндрлер және май саңылаулары бойынша тексеру;

8) диаметрі 50 мм дейін үлестіру біліктері – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, жинақтау, салу, реттеу;

9) жетектері бар шығару және кіргізу клапандары – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, сынау, орнату;

10) компенсаторлары бар коллекторлар – дефектациялау, жөндеу, орнату, монтаждау;

11) цилиндр диаметрі 175 мм дейін поршеньді сақиналар – шақтау, орнату;

12) турбиналардың жұмыс лопасттары – шығару;

13) аспа дизельдері мен турбиналардың механизмдері – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, стендте сынау, орнату, монтаждау;

14) шина-пневматикалық муфталар –бөлшектеу, ажырату; қол жетекті реверсивті – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, сынау, тапсыру;

15) отын сорғылары, реттегіштер –бөлшектеу, өңдеу;

16) турбиналардың арналы байпасты клапандары мен жетектері –бөлшектеу, ажырату– дайындау, жөндеу, жинақтау, орнату;

17) бас және көбелекті подшипникниктер –қырнағышта жинақтау;

18) редукторлар, реверс-редукторлар, турбокомпрессорлар – бөлшектеу, монтаждау;

19) турбина корпустарының майлықтары – лабиринтті тығыздықтар жинағы;

20) қосалқы турбомеханизмдердің бұрышты құрылғылары – шақтау;

21) негізгі турбиналардың маневрлі және тез тиекті құрылғылары –бөлшектеу, ажырату;

22) диаметрі 500 мм жоғары эксцентриктер – орнату.

Білік жүргізгіштер:

1) біліктер: тіреулі, аралық, есу; есубұрагдадары, дейдвудты құрылғылар, кронштейндер, мортира төлкелері, майлықтар, есу бұрандаларының аққыштары, білік бұрушы құрылғылар, тежеуіштер, білік жүргізгіштің диаметрі 100 мм кезінде тахометр датчиктері – дефектациялау, жөндеу, салу, қосу, шақтау, фланцты және гидропрессті қосылыстарды жинақтау, жартылай муфталарды саптау, төлкелерді престеу, монтаждау, орталықтау, қызметке тапсыру;

2) кез келген диаметрлі есу біліктері – шыны матаны, толтырғыштарды, қосу элементтерін қолдана отырып, эпоксидті қоспамен жағу;

3) білік диаметрі 100 мм бұранда қадамдарының өзгеру механизмдері – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

4) білік диаметрі 100 мм табанды, тіреулі негізгі подшипниктер – шақтау, жапсырмаларды салу, орталықтау, жөндеу, монтаждау, май саңылауларын тексеру, тапсыру;

5) білік диаметрі 100-250 мм дейдвудты, сұрыптау майлықтар – тығыз жерлерді сұрыптау, тығуларды ауыстыру;

Қосалқы механизмдер мен қазандар:

1) балық тұздайтын агрегаттар, ауды қозғалту, ауды таңдау машиналары, редукторлар, күшті жіберулер, бұру құрылғылары, ауа, жетекті сорғылар – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, тапсыру;

2) әмбебап, борттан тыс, тұмсықты және ішкі аппарелилер – бөлшектеу;

3) жылу алмасу аппараттары – жөндеу, жинақтау, түтіктерді ауыстыру, ыдырату, гидравликалық сынақта;

4) түрлі амортизаторлар – қосалқы механизмдер мен жабдықтарға іргетастарға бекіту арқылы орнату;

5) брашпильдер, шпильдер – монтаждау, реттеу, сынау, тапсыру;

6) ауа салқындатқыштар, май салқындатқыштар, қысым релесі, үлестіргіштер – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

7) диаметрі 250 мм тралды шығырлардың жүк және аралық біліктері – салу;

8) барлық жүйелердің гидромоторлары, гидрокөтергіштер –бөлшектеу, ажырату;

9) цилиндр диаметрі 300 мм дейін дизель-генераторлар – монтаждау; цилиндр диаметрі 300 мм жоғары дизель-генераторлар – бөлшектеу;

10) аспа жолдар – монтаждау, тапсыру;

11) люк жапқыштар – жинақтау, монтаждау;

12) цилиндр диаметрі 300 мм жоғары мұздатқыш қондырғылардың компрессорлары –бөлшектеу, ажырату;

13) төсемдер, сфералы төсемдер, реттелетін төсемдер – орнынан өлшемін алу, шақтау және орнату;

14) қосалқы, қайта өңделген қазандар, жұпты сепараторлар –бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, тексеру, гидравликалық сынақтар, монтаждау;

15) гидравликалық, электрлік, электрлі гидравликалық шығырлар (тралды, палубалы, борттан тыс тралды көтеретін) – монтаждау, реттеу, тапсыру;

16) жетектері бар машиналар мен рульді құрылғылар –бөлшектер, ажырту;

17) тұрмыстық бағыттағы кеме механизмдері (кір жуу машиналары, центрифугалар, картоп тазалағыштар, қамыр араластырғыштар) – жөндеу, орнату, монтаждау, орталықтау, реттеу, жұмысқа тапсыру;

18) гидравлика және ысырмалы құрылғылар жүйелерінің механизмдері –бөлшектеу;

19) ылғалды ауа, қабырға, аспалы сорғылар, пародинамо – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

20) технологиялық жабдықтар (қалпақша шабушы, тері алу және жуу машиналары; балықұнды, балық консервті және май еріту қондырғылары; транспортерлер және трюмды элеваторлар) – дефектациялау, жөндеу, монтаждау, реттеу, сынау, тапсыру;

21) пластмасса – дайындау, құю, құю ақауларын жою;

22) штуртросты сымы бар рульді құрылғы – реттеу, тапсыру;

23) тұщыландыру құрылғылары – жөндеу, іске тапсыру;

Құбырлар мен жүйелер:

1) ауаны желдету және салқындату жүйесінің арматурасы – жөндеу, монтаждау;

2) отын арматуралары –бөлшектеу, ажырату;

3) арматуралар, құбырлар, жүйелер, гидроцилиндрлер мен жоғары тазалықты талап ететін басқа жабдықтар – жуу, сынамасын алу, жиілігіне тексеру;

4) гидрожетектері бар су-газ өткізбейтін, өту, желдеткіш қақтаулар, дроссельді, желдеткіш, тығыздау жапқыштары мен гидрожетектері бар қалқалағыштар – бөлшектеу, жинақтау, тексеру, сынау, монтаждау;

5) құбырлардың панельдері мен манипуляторлардың секциялары – жинақтау, орнату, монтаждау;

6) арматурамен немесе жабдықпен басқарылатын жетектер (құбырлар, бұрышты, тісті жірерушілер, тісті жіберетін палубалы бұрышты төлкелер, подшипниктер, сұрыптау-палубалы бұрышты майлықтар) –бөлшектеу, жөндеу, белгілеу, жинақтау, монтаждау, іске тапсыру;

7) диаметрі 600 мм жоғары донды және борттан тыс арматуралардың қабылдағыш торлары – орнату;

8) жылутехникалық бақылау жүйесі – монтаждау, қызмет көрсету;

9) аккумуляторлы шұңқырларда жөнделетін пластмассадан жасалатын құбырлар – монтаждау, сынақтан өткізу;

Әртүрлі жұмыстар:

1) жоғары қысымды ауа, фреонды, қосу, көмірқышқыл баллондар – салу, орнату орнын белгілеу, орнату, іргетастарды, бугелдерді келістіру, монтаждау;

2) азық рамалары, автомобильді платформалар, аппарельдердің тросты жетегінің блоктары – монтаждау;

3) көтергіш, аппарельдер және сұрыптау жапқыштарының люкті жапқыштары жетектерінің гидроцилиндрлері – монтаждау, іске тапсыру;

4) диаметрі 80-175 мм жоғары тетіктер (подшипниктер, саусақтар, тістегершіктер,төлкелер) – құралдардың көмегімен немесе салқындату әдісімен гидравликалық, бұрандама престе тығызда;

5) су асты қанаттарындағы кеме қанаттары мен жапқыштары – жиектерін шығару, тазарту және ысқылау;

6) көп секциялы конвейерлер, тасымалдағыштар – монтаждау, реттеу, іске тапсыру;

7) полимерлі материалдар – дайындау;

8) салмағы 300 кг жоғары ұстап бекітетін жабдықтар, цистерналар, бактар – булау, жуу, орнату, бекіту;

9) тубустар – монтаждау, тапсыру;

10) анодты түйіндер, салыстыру электродтары мен кедергі термометрлері – орнату;

11) теңестіру, дифферентті, алмастыру цистерналары – тарировкалау;

12) шаблондар – орны немесе механизм бойынша дайындау.

Параграф 5. Кеменің слесарь-монтажшысы, 5-разряд
343. Жұмыс сипаттамасы.

цилиндр диаметрі 300 мм дейінгі кеме дизельдерін, қуаты 150 кВт жоғары электрожабдықтар, қуаты 225 кВт (300 л.с.) бу машиналарын, білік жүргізгіштер, подшипниктерді, диаметрі 100 мм есу бұрандаларын, конусты сақиналар, білік жүргізгіш диаметрі 100-250 мм дейін майлықтар, кез келген әдіспен орталықтанатын механизмдер (оптикалықтан басқа), агрегаттар, ішкі жану қозғалтқыштары, орталықтауға жіберілетін электрожабдықтарды – 0,10 мм, сыну – 0,15 мм/м бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, монтаждау кезінде слесарлық операцияларды орындау;

гидромашиналармен реттелетін сильфонды компенсаторлар, негізгі айналым трассасын қақтауларды монтаждау және реттеу;

көп секциялы кез келген салмақты аппаратураларды ашып, секцияларын бөлшектеп, жинақтап, жоғары дәлдікпен және орталық бақылау ауданы бойынша тексеріп орнату;

агрегатты жинаққа стендте іргетас рамаларын монтаждау және орталықтау;

мортирлер мен кронштейндерді жону, білік диаметрі 250 мм кезінде қону орындарын өңдеп, төлкелерд престеп монтаждау;

негізгі қазандарды монтаждау, жөндеу, тексеру, гидравликалық сынақтан өткізу;

турбоайналымды, май, конденсатты, нәрлеу, грунтты сорғыларды, автономды турбогенераторларды, ауыспалы өндіріс сорғыларын, дизель-генераторларды дефектациялау, жөндеу, монтаждау, сынау және іске тапсыру;

іргетастардың тіреу беттерін, орындықтар, приварыштар, вварыштар дәлдігі 0,05 мм дейін төсемдердің беттерін пневматикалық және электрлі машиналар, жылжымалы станоктардың, шабердің көмегімен тірек беттерін өңдеу;

цехта қысымы 30,0 МПа дейін (300 кгс/см2 дейін) арматуралар, құбырлар, жабдықтарды гидравликалық сынақтан өткізу және қысымы 10,0 МПа (100 кгс/см2 дейін) пневматикалық сынақтан өткізу;

кез келген диаметрлі арматураларды, құбырлар мен жүйелерді, арнайы жүйелер мен құбырлардан басқа, кемеде қысымы 10,0-30,0 МПа (100-300 кгс/см2 дейін) дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, гидравликалық сынақтан өткізу;

кемеде қысымы 5,0-25,0 МПа (50-25 кгс/см2 дейін) арматураларды, құбырлар мен жүйелерді пневматикалық сынақтан өткізу;

арматуралар мен арнайы жүйелердің құбырларын, гидравлика жүйелері, жоғары қысым ауасынан басқа, дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, жуу, сынамасын алып шайқау, сынақтан өткізу және тапсыру;

қызметі, диаметрі, қысымына қарамастан «өлі аймақта» орналасқан электрлі оқшаулауы, виброактивті төлкелері, сақиналары бар құбырлар мен жүйелерді дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

салмағы 1000 кг дейін роторлар, турбомеханизмдер, зәкірлер, электромоторлар мен басқа тетіктерді динамикалық теңгерімдеу, тетіктерді статикалық теңгерімдеу;

қосалқы және қайта өңделген қазандардың автоматикасын монтаждау, бу сынамасы, реттеу және іске тапсыру;

цилиндрдің диметрі 200 мм дейін мұздату қондырғыларының компрессорлары мен жабдықтарын сынақтан өткізу, реттеу, іске тапсыру; цилиндрдің диметрі 200 мм жоғары мұздату қондырғыларының компрессорлары мен жабдықтарын дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

ауаны салқындату жүйесінің автоматикасын жөндеу және монтаждау;

блок-секциялардағы, модульдердегі монтажды жұмыстарды үйлестіру, жанасқан блок-секциялар, блоктар, агрегаттар, модульдерді монтаждау кезінде келісімділікті қамтамасыз ету;

қосалқы және қайта өңделген қазандардың автоматикасын реттеу; қажетті тәртіп пен параметрлерді қамтып, қызмет көрсететін механизмдер, рульді машиналармен, қондырғылармен дизельді, қазанды қондырғылармен швартты, қозғалту және кешенді сынақтарда қосу мен пайдалануды басқару;

швартты, қозғалту және кешенді сынақтарды өткізген кезде үлкеннің (машиналы-қазанды қондырғыдан басқа) өз міндеттерін орындауы, кеме салу кезіндегі механизмдер, жабдықтар, қондырғыларды монтаждау бойынша бригаданы басқару.

344. Білуге тиіс:

негізгі кеме механизмдері, бу турбиналары, дизельдер, газтурбинді қондырғылар, білік жүргізгіштер, жоғары қысымның бу қазандарының қызметі, құрылымы және жұмыс принципі, сонымен қатар кәсіпорында салынатын барлық кемелердің оларға қызмет көрсететін қосалқы механизмдері мен құрылғыларын;

негізгі бу машиналарын бөлшектеу, жөндеу және жинақтау әдістерін;

жинақтау кезінде қимыл тетіктерінің орталықтануын тексеру әдістерін; жөнделетін машиналардың бу және газ үлестіруін орнату және реттеу әдістерін;

негізгі бу машиналарының аспа механизмдерін орталықтау және реттеуді; тетіктерді статикалық теңгерімдеу әдістерін;

кеме дизелінің түйіндерін монтаждау, орталықтау ақаулары және оларды жою әдістерін;

индикаторлы диаграммаларды;

турбина роторларының жауырындарын шақтау және орнату әдістері, түрлері, турбина тығыздықтарын шақтау және орнату әдістерін;

автоматты реттеудің жұмыс принципі және құрылымын;

бу және газ турбиналарын жөндеу және монтаждаудың технологиялық процестерін;

жөнделетін және монтаждалатын білік жүргізгіштерді салу және орталықтау технологиясын;

СССР тізілімінің талаптары мен кеме механизмдері, машиналарының жөнделуіне қойылатын талаптарды;

білік жүргізгіштер, механизмдерді монтаждау, орталықтау ақаулары және оларды жоюды;

мұздатқыш қондырғылары компрессорларының құрылымын;

негізгі кеме қондырғыларының жұмыс принципі мен автоматты реттеу құрылымын;

негізгі механизмдерді монтаждаудың технологиялық процестерін;

негізгі механизмдерді орталықтауға жіберуді;

швартты және қозғалту сынақтары бойынша жеткізу және нұсқау бағдарламалары, техникалық шарттарды;

кеме дизельдерінің жұмысында қолданылатын отын мен май маркалары, олардың сипаттамаларын;

крен мен кеме дифферентімен күресу тәсілдерін;

күрделі түйіндер мен механизмдердің шақталуын белгілеу және жинақтау әдістерін;

аса күрделі түйінді және жинақтау сызбаларын оқу ережелерін.

345. Жұмыс үлгілері:

Негізгі механизмдер мен қазандар:

1) цилиндрдің диаметрі 350 мм жоғары негізгі күш қондырғыларының, кеме дизельдерінің агрегаттары –бөлшектеу;

2) кеме дизельдері, турбина қазандары, бу машиналарының автоматикасы – монтаждау;

3) блоктар, цилиндрінің диаметрі 175-300 мм іргетас рамалары, қақпақтары, кеме дизельдерінің шатуналары бар поршеньдері – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, орнату, орталықтау; цилиндр диаметрі 300 мм жоғары – демонтаждау;

4) диаметрі 50-120 мм үлестіру біліктері – бөлшектеу, жөндеу, жинақтау, монтаждау, реттеу;

5) иінді біліктер, жапсырмалар, білік диаметрі 100-200 мм подшипниктер – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, калибрлеу, мойындарды жылтырату, төсем бойынша шақтау, шабрениелеу, аралау, салу, раскептер мен цилиндр бойынша тексеру, май саңылауларын тексеру;

6) подшипник жапсырмалары мен білік диаметрі 100-250 мм турбиналар мен редукторлардың подшипниктері – төсем бойынша шақтау, жапсырмаларды шабрениелеу, жинақтау, орнату, май саңылауларын тексеру;

7) турбина корпусының диафрагмасы – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, орнату, орталықтау;

8) кез келген қуатты негізгі кеме дизельдері – шайқауға дайындау, шайқау, сынамасын алу;

9) поршеньді қозғалыс – цехта тақташада жинақтау, орталықтау;

10) негізгі күш қондырғыларының конденсаторлары – кемеге орнату алдында сынау;

11) арналы және байпасты клапандар – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, орнату, реттеу, іске тапсыру;

12) турбина корпустары –ажырағыштарды ысқылау, турбина корпустарының жартыларын өзара орталықтау, қаусыру;

13) турбиналардың жұмыс лопасттары – шақтау, орнату;

14) негізгі күш қондырғыларының май салқындатқыштары, айналым трассасының қақтаулары мен келте құбырлары– орнату, монтаждау, реттеу, іске тапсыру;

15) ауа жастығындағы негізгі кеме механизмдері – монтаждау;

16) шина-пневматикалық муфталар – дефектациялау, жөндеу, монтаждау;

17) негізгі күш қондырғыларының роторлары – демонтаждау, дефектациялау, жөндеу;

18) редукторлар, реверс-редукторлар, турбокомпрессорлар – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, реттеу, тапсыру;

19) турбогенераторлар – сынақтан өткізу, ақауларын жою, іске тапсыру;

20) турбиналар және негізгі турботісті агрегаттар –бөлшектеу, ажырату;

21) негізгі күш қондырғыларының кез келген қуатты шығарынды кеме дизельдерінің трактары – жинақтау, монтаждау, сынау;

22) цилиндрінің диаметрі 300 мм дейін кеме дизельдерінің қосу және реверсивті құрылғылары – жинақтау, орнату, реттеу;

23) негізгі турбиналардың маневрлі және тез тиекті құрылғылары – жинақтау, монтаждау;

Білік жүргізгіштер:

1) білік жүргізгіш, диаметрі 250 мм жоғары білік жүргізгіштер, подшипниктер, есу бұрандалары, конусты сақиналары, майлықтар – бөлшектеу;

2) біліктер: тіреулер, аралық, есу, есу бұрандалары, дейдвудты қондырғылар, мортирлердің төлкелері, конусты сақиналар, майлықтар, есу бұрандаларының аққыштары, білік айналу құрылғылары, тежегіштер, білік жүргізгіш диаметрі 100-250 мм кезіндегі тахометр датчиктері – дефектациялау, жөндеу, салу, енгізу, шақтау, фланецті және гидропресті қосылыстарды жинақтау, жартылай муфталарды саптау, төлкелерді престеу, кез келген әдіспен монтаждау, орталықтау, іске тапсыру;

3) есу бұрандалары, дөңгелектер, маховиктер – статикалық теңгерімдеу;

4) есу бұрандаларының лопасттары – шаблон мен қадам бойынша шақтау, тазарту, ысқылау;

5) білік диаметрі 100-250 мм бұранда қадамдарының өзгеру механизмдері – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

6) білік мойнының диаметрі 100-250 мм негізгі табанды, тіреулі подшипниктер – жапсырмаларды ысқылау, орталықтау, жөндеу, монтаждау, май саңылауларын тексеру, тапсыру;

7) білік диаметрі 250 мм жоғары дейдвудты, сұрыптау майлықтары – тығыз жерлерді сұрыптау, толтырмаларды ауыстыру;

8) есу білігінің диаметрі 250 мм дейін «Симплекс» тығыздығы – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, сынау, тапсыру;

Қосалқы механизмдер:

1) вакуум-кептіру аппаратуралары, мұздату камераларының желдеткіштері, балық ұнын брикеттеу престері, мұздату арбалары, технологиялық жабдық редукторлары – реттеу және іске тапсыру;

2) әмбебап, борттан тыс, тұмсықты, ішкі аппарелилер – дефектациялау, жөндеу, монтаждау, істе тексеру, тапсыру;

3) аймақты блоктар – стендте жинақтау, кемеде монтаждау;

4) диаметрі 250 мм жоғары тралды шығырдың жүк және аралық біліктері – салу;

5) барлық жүйелердің гидромоторлары мен гидрокөтергіштер – дефектациялау, жөндеу, монтаждау;

6) цилиндр диаметрі 300 мм жоғары дизель-генераторлар – монтаждау;

7) люкті жапқыштар – тексеру, түзету, іске тапсыру;

8) кеме лифтілері және крандары, гидравликалық жетектері бар негізгі конвейерлер – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, реттеу, түзету, сынау, тапсыру;

9) лифтілер, кеме крандары – жинақтау, монтаждау, сынау, тапсыру;

10) жетектері бар рульді машиналар мен құрылғылар – дефектациялау, жөндеу, орнату, жинақтау, орталықтау, монтаждау;

11) екі каскадты амортизатордағы механизмдер мен аппаратуралар – орнату, монтаждау, тексеру;

12) гидравлика жүйесі мен ысырмалы құрылғы механизмдері – дефектациялау, жөндеу, монтаждау;

13) призмалы, сына шпонкалары – шақтау, орнату;

14) АЦКП тәрізді амортизаторларда, амортизациялық түйіндер мен тіректерде орнатылатын электрлі жабдықтар мен механизмдер – блок-секциялар, түйіндер, жинақтарды монтаждау, оларды өзара үйлестіру;

15) жер меридианының көкжиектің көлбеу жазықтығына немесе ДП 1-3 доға дәлдігімен орнатылатын электрлі аспаптар – орнату, монтаждау;

Құбырлар мен жүйелер:

1) отын арматурасы – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, реттеу, түзету, сынау, тапсыру;

2) гидрожетектері бар, су-газ өткізбейтін, өтпелі, желдеткіш жаппалар , тығыздау жапқыштары мен гидрожетектері бар тегеурінді желдеткіш жаппалар– реттеу, іске тапсыру;

3) шартты өтулер мен қысымға байланыссыз клапандар, қосу, ауа, көмірқышқыл баллондарының қақпақтары – дефектациялау, жөндеу, сынау, реттеу;

4) электромагнитті дубрирлі жетектері бар клапандар – монтаждау, реттеу, тапсыру;

5) РМПК, ПРМ, РМСП тектескелте құбырлар, сильфонды компенсаторлдар – саңылауларды реттеу, монтаждау, тапсыру;


жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау