|
Дәріс №9. Жабдықтың қалдық ресурсын бағалау әдістемесі
|
бет | 1/3 | Дата | 30.07.2022 | өлшемі | 37,3 Kb. | | #39085 |
| ОТОМО 6 тапсырма
Дәріс №9. Жабдықтың қалдық ресурсын бағалау
Қалдық ресурсын бағалау әдістемесі. Жабдықтың Диагностикалық техникалық күйін анықтаумен қатар екінші маңызды мәселе қалдық ресурсты анықтау (болдау) болып табылады.
Базалық концепция ретінде жабдықты техникалық күйі бойынша қауіпсіз пайдалану принципіне негізделген әдіс ұсынылады. Бұл принцип бойынша объектінің техникалық күйінің бағалануы оның сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық күй параметрлері бойынша іске асырылады, ал қалдақ ресурсы техникалық күйдің анықтаушы параметрлері бойынша анықталады. Техникалық күйдің анықтаушы параметрлері ретінде өзгерулері (жеке немесе кейбіреулері бірігіп) объектінің жұмыс қабілетінінің жоғалуына немесе шектік күйіне әкелуі мүмкін параметрлер қабылданады.
Жалпы жағдайда t уақыт бойынша қалдық ресурстың математикалық күтілімі екі құраушымен - тұрақты y(t) және кездейсоқ z(t) - анықталады:
Тұрақты құраушы y(t) үдерістің детерминацияланған негізін көрсетеді және оның үлесі көп. Тұрақты құраушы жазу үшін анықтаушы параметрлердің түріне тәуелді әртүрлі апроксимирлік функциялар: сызықтық, дәрежелік, экспоненциальдық және т.б. қабылданады. Кездейсоқ құраушы z(t) математикалық күтілімнің T(t) дисперсиясын шарттастырады және Т шамасына әсер етуші параметрлердің таралу заңының статистикалық ықтималдығымен анықталады. Көп жағдайда z{t) анықталу біршама қиындықтар туғызады.
Қалдық ресурстардың негізгі көрсеткіші болып екі сандық мәндермен берілетін гамма- проценттік ресурс табылады. Олар: жұмыс істеген уақыт және пайызбен көрсетілген шектік жағдайға осы жұмыс істеу уақыты ішінде жетпеуі мүмкін екенін көрсететін ықтималдылық. Сонымен қатар, орташа ресурс та маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол жөндеуге немесе алмастыруға кететін шығынды жобалауға болатын, объект ресурсының ең ықтимал мәні болып табылады.
Гамма-пайыздық ресурс - бірге біршама жақын нормативтік беріктік қорын сенімді ықтималдықпен қамтамасыз ету кезінде объектіні жұмыс істеуге қабілетті ресурстың минимальды мәні.
Қалдық ресурстардың бағалау (болжау) үшін келесі негізгі әдістер қолданылуы мүмкін:
- ескіру үдерісін математикалық модельдеу және соның негізде олардың анықтаушы параметрлері шектік мәнідеріне жеткенше болжау ресурстарын есептеу;
- алдыңғы кезеңге анықтаушы параметрлер жөнінде мәліметтер бар кезде, олардың трендтерінің графикалық және аналитикалық экстраполяциясын салу (параметрдің тренді деп олардың өзгеруін тенденциясын, ал трендтің болашақтағы графикалық және аналитикалық жалғасын экстрополяция деп атайды);
- сондай немесе ұқсас шарттарда пайдаланылатын ұқсас объектілердің істен шығулары мен ресурстарының статистикалық мәліметтеріне талдау
Бақылау санының көп кезінде соңғы әдіс гамма-пайыздық ресурсты ресурстық көрсеткіштің таралу қисығы бойынша анықтауға мүмкіндік береді және еңбек сыйымдылығы ең азы болып табылады.
Ең кең тараған трендтеу негізіндегі экстрополяциялық әдістерде объектінің күтілетін ресурсы анықтаушы параметрлердің шектік шамасына жетуімен анықталады. Қалдық ресурстың бітуінің ықтималдылығын бағалау бұл кезде әбден мүмкін, бірақ әдетте, бірқатар қиындықтар туғызады және анықтаушы параметрлердің таралу заңы белгілі болған кезде ғана жүргізіледі.
Егер объектінің техникалық күйінің параметрлерін бақылау ұзақ уақыт жасалса, онда экстрополяциялық әдістер қалдық ресурсты тиімді болжауға мүмкіндік береді.
Шектік жағдайдың сыни шамаларына және басымдықтағы механизмнің зақымдануына тәуелді анықтаушы параметрлер болып табылатындар мыналар: беттік қираудың тереңдігі мен ауданы (беттік және ойықтық коррозия, тозуы, эрозиясы); материалдың кернеулік күйі және оның механикалық сипаттамалары; оқшаулау күйі; оқшаулаудың өтпелі кедергісінің шамасы; түсірілетін күшсалмақтың шамасы және сипаты, т.б. Қазіргі уақытта әртүрлі анықтаушы параметрлер бойынша қалдық ресурсты бағалау әдісемесі арнайы техникалық әдебиеттерде және нормативтік–техникалық құжаттарда келтірілген. Қалдық ресурстың есептік мәнін тек қана жабдықтың жұмысқабілетсіздік немесе шектің жағдайына өтуінің қызметтік мерзімін анықтауға ғана емес, сонымен қатар, техникалық диагностикалаудың келесі кезеңін анықтауға және әрі қарай пайдалану үдерісінде басымдықтағы механизмнің зақымдануының даму жылдамдығын азайту мақсатында қажетті іс-шараларды жасауға пайдаланады. Сонымен бірге, қазірггі уақытта ғылыми мәліметтердің жетіспеушілігінен қалдық ресурс көптеген жағдайларда қажетті сенімділікпен анықтамайтынын ескерте кеткен жөн. Мысалы, кернеу әсерінен коррозиялық шытынаудың дамуы кезінде,түйіршекаралық және сутектік морттануда және т.б. Қалдық ресурсты анықтаудың жиі қолданылатын әдістері төменде қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|