Биология пәні мұғалімі: Оразова Ботакөз Жолдасқызы.
Сыныбы: 8
Ш.Бектасов жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, құрылысы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты: Лейкоциттердің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы түсінік бере отырып, алған білімдерін топтық жұмыс арқылы пысықтау, терминологиялық сөздікпен жұмыс жасау, тақырып бойынша тест тапсырмаларын қолданып білімдерін қорытындылау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: лейкоциттер құрылысы , АКТ, қан жасушалары (слайд), сұрақтар, тест, сәйкестендіру тесті, қима қағаз, жетондар
Сабақтың түрі: жаңа білім алу сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы;
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Жұмсақ ойыншықты қарсы түрған оқушыларға беру арқылы оның есімін атап, жақсы тілегін арнайды.
3. Қима қағаздар арқылы топқа бөлу, топ басшысын және мүшелерін сайлау, атын қою.Сынып ережесін еске түсіру
Бағалаушы
Баяндаушы
Топ басшысы
Берген жауаптарын түрлі-түсті жетондармен бағалап отыру.
II. Қызықтырушылықты ояту
А) Үш топқа арналған сұрақтар.
І-топ. Эритроциттер
1. Денедегі барлық сүйектер жиынтығы? /қаңқа/
2. Қанға қызыл түс беретін жасуша? (эритроцит)
3. Қол сүйектерін ата? /тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ, алақан сүйектері/
4. Жүйке жасушасы /нейрон/
5. Қандағы ерігіш нәруыз. /фибриноген/
6. Дене температурасын тұрақты сақтайтын сұйықтық. /Қан/
7. Омыртқа саны: (33-34)
ІІ-топ. Лейкоциттер
1.Көз алмасы қандай қабықшалардан тұрады? (сыртқы, ортаңғы, ішкі)
2.Құлақтағы дыбыс сүйектері қалай аталады? (төс, балғашық, үзеңгі)
3. Жарақаттанған жерден қанның ұю ұзақтығы /4-5 минут/
4. Қанның қызыл түсті пигменті (гемоглобин)
5. Нейронның ұзын өсіндісі. (аксон)
6.Қысқа сүйектерге жатады: (омыртқа, алақан, табан, саусақ)
7.Қанның құрамындағы плазманың мөлшері /45 пайыз/
ІІІ-топ. Тромбоциттер
1. Сипап сезу арқылы нені анықтаймыз? (пішінін, қаттылығын, тегістігін, жылы-суықты)
2. Қан ұйымайтын ауру /гемофилия/
3 .Қанның ұюына қатысатын қан жасушасы /тромбоциттер/
4. Эритроциттер қай жерде түзіледі.? /сүйектің қызыл кемігінде /
5. Нейронның қысқа өсіндісі. /дендрит/
6. Аяқ сүйектері: (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)
7. Қанның ұюына әсер ететін витамин. / К витамині/.
Ә) Әр топ мүшелеріне бас сүйек үлгісін сипаттауға беріледі.
Б) Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған сәйкестендіру тесті:
Сәйкестендір:
1.Гемоглобин
|
1. Дәнекер ұлпасының сұйық түрі
|
2.Эритроциттің тіршілік ұзақтығы.
|
2.Қанның қызыл түсті пигменті
|
3. Қан
|
3. 90-92 %
|
4. Глюкоза
|
4. 120-127 тәулік
|
5. Плазманың құрамындағы су
|
5.сүйек кемігінде түзіледі.
|
6. Ерімейтін нәруыз
|
6. Жасуша үшін негізгі қуат көзі
|
7. Тромбоциттер
|
7. Фибрин
|
III. Мағынаны танып білу:
Жаңа сабақ.
1. Лейкоциттер
2.Лейкоциттердің топтары
3. Лейкоциттердің қызметі
1. Лейкоциттер
- ірі, ядросы болады. Орташа диаметрі
- Түссіз жасушалар, сондықтан оларды немесе ақ қан жасушалары деп атайды.
- Олардың пішіні тұрақты болмайды, амеба тәрізді жалған аяқтарымен қан тамырларының қабырғасынан өтіп кете алады.
- 1 мм3 қанда 4000-8000 лейкоцит болады.
- Жіліктің кемігінде, көкбауырда, айырша безде, лимфа түйіндерінде түзіледі.
- Бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік.
2. Лейкоциттер құрылыс ерекшеліктеріне сәйкес 2 топқа бөлінеді:
Түйіршікті және түйіршіксіз.
Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында көптеген ұсақ түйіршіктері бар, жасушада диаметрі 9-12 мкм ядросы болады. Эозинофилдер мен базофилдердің де цитоплазмасында ірі түйіршіктері мен ядролары бар, барлығы белсенді қозғалады. Адам қанында нейтрофилдер 60-70 %, эозинофилдер 1-4 %, базофилдер 0,5 %.
Түйіршіксіз лейкоциттер: Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30 %, моноциттер 5-10 %. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады.
Лейкоциттердің қызметі.
Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтың» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді өзгертеді. Әсіресе, дененің зақымданған жеріне көп жиналады. Жалған аяғы микроорганизмдерді қармап, цитоплазманың ішіне қарай енгізіп, жібереді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен ериді. Лейкоциттердің өзі де бұзылады. Лейкоциттерің қызметін толық зерттеген атақты физиолог И.И. Мечников. Микробтарды ерітетін «обыр жасушалар» фагоциттер , микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады. Тіршілігін жойған бактериялар мен лейкциттер жарадағы іріңге айналады.
57-сурет. Фагоцитоз құбылысы:
а) тікен қадалғандағы қабыну: 1–бактериялар; 2–тікен; 3– тері (сұрғылттау түспен көрсетілгені – ірің); 4–лейкоцит; 5– қантамыр; 6– жүйке; ә) лейкоциттердің микробтарды жоюы
IV Қызықты жағдайлар
-70 жасқа келген адамның орта есеппен 23 жылы төсекте, 13 жылы сөйлеумен,
6 жылы тамақтанумен, 15 жылы жуынумен өтеді екен.
Ғалымдардың есебі бойынша, Жер шарындағы барлық адам баласы 1 минут ішінде 4 мың тонна тағам жеп, 30 мың гектолитрден астам сусын ішеді екен.
Адам өз өмірінде не істегені жөніндегі тізбелердің 90 %-ына дейінін, көргендерінің 50 %-ына, естігендерінің 10 % - ына дейінін есте сақтай алады екен.
Адам ағзасында қант жетіспесе, онда адамның қуаты кемиді, ал темір жетіспесе, қан аздығына ұшырайды. Денсаулығы жақсы адам бойында 6 шеге жасауға жетерлік темір, кішігірім сауыт толарлық қант болуы тиіс.
Адам қараңғыда 1 км жердегі жарықты көре алады. Адам көзінің түнгі өткірлігіндей, ал мысық көзінің түнгі өткірлігінен кем емес, алайда мысық көзінің күндізгі көргіштігі адам көзінікінен бес есе төмен болады екен.
V. Сандар нені білдіреді?
60-70%, 1-4%, 0,5%, 25-30%, 4000-8000, 5-9
VІ . Сабақты бекіту. «Лейкоциттер» сөзжұмбағын шешу.
Cөзжұмбақ «Лейкоцит»
1.Қаны ұйымайтын адамның қанындағы нәруыз.
2. Қанның қызыл түсті пигменті.
3.Витаминдер, гормондар майға ұқсас заттарды тасымалдайтын нәруыз.
4.Лейкоциттердің бұзылатын орны.
5Түйіршікті лейкоцит.
6.Түйіршіксіз лейкоцит.
7.Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген ғалым.
8.Микробтарды ерітетін «обыр жасушалар».
VII. Қорытынды.
«Ой толғаныс» стратегиясы бойынша сабақты қысқаша қорыту.
VIII. Бағалау.
Оқушылардың берген білімдеріне қарай бағалау. Жеңіске жеткен топты мадақтау.
Үйге тапсырма. Лейкоциттер, құрылысы мен қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |