ЖОБА
«Жылу техникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері
(түрлері бойынша)»
кәсіби стандарты
1.
Жалпы ережелер
1. «Жылу техникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері
бойынша)» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын құрастыру,
сонымен бірге кәсіпорындардағы қызметкелер құрамын оқытуға, білім беру
мекемелердің тұлғаларын және жұмысшыларын сертификаттауға,
қызметкерлер құрамын басқару саласындағы кең ауқымды мәселелерді
шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
1)
біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде
нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2)
біліктілік деңгейі - күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа
болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер
құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге
бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны;
4) кәсіби топша – еңбек функцияларынан тұратын кәсіптер жиынтығы;
5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұнына,
сапасына, жағдайына және қызметкер құзыретіне қойылатын талаптарды
айқындайтын стандарт;
6) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негіздері бар (аналогиялық, объектілер,
технологиялар және еңбек құралдары ) және ұқсас еңбек функциялары бар
кәсіби топшалар жиынтығы;
7)кәсіп –арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда
болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді
талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8)салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін
құрылымдық жағынан сипаттау;
9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығының сұраныстары мен
ұсыныстарын құқықтық және институционалды ретке келітру
механизмдерінің жиынтығы
10) ұлттық біліктілік шеңбері - еңбек нарығында танылатын біліктілік
деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
2) КС – кәсіби стандарт;
3) СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
4) ҰБЖ - Ұлттық біліктілік жүйесі;
5) ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4) Кәсіби стандарттың атауы: «Жылу техникалық жабдық және
жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)».
5) Кәсіби стандартты әзірлеу негізгі мақсаты: жылу техникалық
жабдыққа және жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық
қызмет көрсету және оларды жөндеу мамандарын бағалау,
аттестаттау, даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде
қолдану.
6) Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: жылумен қамту
саласына қатысты негізгі мамандықтардың қысқаша сипаттамасы
келтірілген, сонымен қоса, жылу техникасының қондырғылары
мен жылумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін
жұмысшылардың жұмысының сипаты мен еңбек функциялары
келтірілген.
7) Мамандықтар жіктеуіші бойынша негізгі топ: Жылумен қамту
Мамандықтар жіктеуіші бойынша кәсіби топ: «Жылу техникалық
жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)»
3. Кәсіби стандарттың карточкалары
8) Кәсіптер тізбесі:
Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу
жөніндегі слесарь - СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4;
Жылу желілері жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь - СБШ бойынша
біліктілік деңгейі – 2-4;
Техник-жылу технигі - СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4;
«Жылу техникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына қосымша
«Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ
Мамандық коды
7233
Мамандық атауы
Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
2
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
3
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 2 деңгей
Кәсіби дайындылық және/немесе тәжірибе (бір жылға дейін кәсіби дайындау бағдарламасы бойынша
бңлңм беру ұйымының негізінде курстан өту немесе кәсіпорында оқу).
Орта білім беру немесе жалпы білім беру базасы негізінде техникалық және кәсіби білімінің болуы
және тәжірибесінің болмауында
Еңбек функциялары
1) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша құрастыру жұмыстарын орындау
4) ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
такелаж жұмыстарын орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2
(біліктілік разряды: 3)
Білігі мен дағдылары:
1. Механикаландырудың қарапайым жабдықтарының көмегімен қондырғылардың бөлшектері мен
түйіндерін жинау және шашу, орнын ауыстыру бойынша такелаждық жұмыстарды атқару
Білімі:
1. Жүк көтеру машиналарының, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану Ережелері.
2. Механика, жылу техникасы және электротехника жайлы негізгі мәліметте.
3. Жүк көтеру машиналарының, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану Ережелері. Механика,
жылу техникасы және электротехника жайлы негізгі мәліметте.
2 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
Білігі мен дағдылары:
1. 11-12 квалитет бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу.
цехтары жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
2. Қазандардың коллекторлары мен барабандарында құбырларды жаймалауға және пісіруге дайындау
және орнату.
3. Күрделі конфигурациядағы төсемдерді белгілеу және дайындау.
Білімі:
1. Жөнделетін гидротурбиналық жабдық, қолданылатын жүк көтергіш машиналар мен механизмдер
құрылысы,
2. тораптар мен механизмдердің арналуы мен өзара әрекеттесуі,
3. жабдықты бөлшектеудің, жөндеудің және жинаудың технологиялық реті,
4. болат және жез құбыршектердің ұштарын жаймалау технологиясы,
5. сызбалар мен схемаларды оқу ережесі,
6. гидравликалық сынауға арналған техникалық ережелер,
7. түрлі мақсаттағы құбырларды қосу және ажырату ережелері,
8. гидрожетегі бар ысырманың жұмыс істеу қағидаттары,
9. газбен және электрмен пісіру және қондыру материалдары туралы негізгі мәліметтер,
10. бөлшектер мен құбырларды пісіруге дайындау тәртібі, ернемектерге, арматураға, төсемдерге,
бекітпе материалдарға қойылатын талаптар,
11. күрделілігі орташа арнайы құралдардың, аспаптардың және өлшеу құралдарының құрылысы,
арналуы, слесарлық құралды суару, құю және жіберу ережелері,
12. біліктерді орталау ережелері,
13. рұқсат беру және отырғызу жүйесі, бұдырлық квалитеттері мен өлшемдері,
14. механика, гидравлика, электр техникасы туралы негізгі мәліметтер.
3 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
құрастыру жұмыстарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Негізгі және қосалқы жабдықтың күрделі емес тораптары мен механизмдерін жөндеу.
2. Негізгі және қосалқы жабдықтың күрделі емес тораптары мен механизмдерін жөндеу.
3. Негізгі және қосалқы жабдықтың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің күрделі емес
тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, жинау.
Білімі:
1. Жөнделетін гидротурбиналық жабдық, қолданылатын машиналар мен механизмдер
құрылысы, тораптар мен механизмдердің арналуы мен өзара әрекеттесуі.
2. жабдықты бөлшектеу мен жинаудың технологиялық реті,
3. құбырларды жаймалау технологиясы, құбырды білікте және қыздырумен ию тәсілдері.
4 Еңбек функциясы
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету
3. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан
кейінгі қауіпсіздік техникасы
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері; өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары;
4. өрт қауіпсіздігі ережелері
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
4
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 3 деңгей
Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіптік білімнің болуы және жұмыс тәжірибелік
біліктілігі кем дегенде үш жыл.
Жұмыс тәжірибесінсіз жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімнің болуы (қосымша кәсіби
дайындық және орташадан кейінгі білім).
Еңбек функциялары
1) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша құрастыру жұмыстарын орындау
4) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және
сынау
5) ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
такелаж жұмыстарын орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
(біліктілік разряды: 4)
Білігі мен дағдылары:
1. жүк көтергіш механизмдер мен арнайы аспаптар көмегімен тораптар мен бөлшектерді тігінен және
көлденеңінен тасымалдау бойынша такелаж жұмыстарын орындау.
Білімі:
1. Жүк көтеру машиналарының, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану Ережелері.
2. Механика, жылу техникасы және электротехника жайлы негізгі мәліметте.
3. Жүк көтеру машиналарының, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану Ережелері. Механика,
жылу техникасы және электротехника жайлы негізгі мәліметте.
2 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Бөлшектерді қиыстары және жеткізе отырып, 7-10 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (2-3
дәлдік сыныбы).
2. Түрлі орнату және белгілеу үлгілерін дайындау.
3. Түрлі санаттардағы құбырлардың сызулары мен сызбалары бойынша тарту.
Білімі:
1. Бөлшектерді қиыстары және жеткізе отырып, 7-10 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (2-3 дәлдік
сыныбы) ережелері;
2. Құбырларды жаймалау ережелері.
3. қазандық агрегаттарының негізгі құбырларының сызбалары.
3 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
құрастыру жұмыстарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Электр станцияларының жұмыс істеп тұрған цехтарындағы станциялық құбырлары мен
арматурадағы жинау, қайта құру және монтаж жұмыстары.
2. Газ қауіпті жұмыстарды орындауға қатысу
Білімі:
1.
Түрлі тәсілмен (жікті, жіксіз, илемді, тұтас тартылып) дайындалған құбырлардың қолданылу
саласы;
2.
қазандардың құрылысына және қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, бумен қыздырғыштарды,
экономайзерлерді,
3.
ыдыстар мен құбырларды дайындау үшін қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар,
газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері
4 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығына техникалық
қызмет көрсету, оларды жөндеу
және сынау
Білігі мен дағдылары:
1.
Күрделілігі орташа негізгі және қосалқы жабдықтың, жүк көтергіш машиналар мен
механизмдердің тораптары мен механизмдерін күрделі пневматикалық және электрлендірілген
құралдарды, арнайы аспаптарды, жабдықтарды және өлшеу құралдарын қолдана отырып
бөлшектеу, жөндеу, жинау, реттеу, сынау.
2.
Қыздыру беттерін, айналма механизмдерді, шаң дайындау және оттық құрылғыларын жөндеу
кезінде қажетті өлшеулер жүргізу.
3.
Жабдықтың ақауларын анықтау және оларды жою.
4.
Такелаж жабдығы мен жарақтарын сынау
5.Жөнделген жабдықты гидравликалық сынау.
Білімі:
1. негізгі және қосалқы жабдықтың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің құрылысы;
2. жөнделген жабдықты реттеу мен орталау бойынша жұмыстарды орындау ережелері;
3. жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын жөндеуге, жинауға және дайындауға арналған
техникалық шарттар; жабдықты жөндеуге шығару және жүктелім-пұрсат ресімдеу тәртібі;
жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелері, механика, жылу техникасы мен
материалтану негіздері;
4. томалақтау және сырғанау мойынтіректерінің құрылысы; жабдықтың негізгі ақаулары және оларды
жою әдістері;
5. жөндеуде қолданылатын арнайы құралдардың, аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері.
5 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету
2. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау
4. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері;
4. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары; өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
5
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 4 деңгей
Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіптік білімнің болуы және жұмыс тәжірибелік
біліктілігі кем дегенде үш жыл.
Жұмыс тәжірибесінсіз жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімнің болуы (қосымша кәсіби
дайындық және орташадан кейінгі білім).
Еңбек функциялары
1) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3) Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және
сынау
4) ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
такелаж жұмыстарын орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4
(біліктілік разряды: 5)
Білігі мен дағдылары:
1. Жабдықтың аса күрделі және жауапты тораптарын, бөлшектерін және элементтерін тасымалдау ,
жинау, бөлшектеу және орнату бойынша такелаж жұмыстарын орындау.
Білімі:
1 жүк көтергіш машиналарды, механизмдер мен аспаптарды пайдалану ережелері, такелаж
жұмыстарын орындау ережелері.
2 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Бөлшектерді қиыстары және жеткізе отырып, 6-7 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (1-2
дәлдік сыныбы).
Білімі:
1. Бөлшектерді қиыстары және жеткізе отырып, 6-7 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (1-2 дәлдік
сыныбы) ережелері; Құбырларды жаймалау ережелері.
3 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығына техникалық
қызмет көрсету, оларды жөндеу
және сынау
Білігі мен дағдылары:
1
.Негізгі және қосалқы жабдықтың күрделі тораптарын, бөлшектері мен механизмдерін: қыздыру
беттерін, қазан барабандарын, коллекторларды, шаң дайындау және отын беру механизмдерін, бу, су,
мазут, газ құбырларын және түрлі өлшемдегі арматураны бөлшектеу, жөндеу, қайта құру, жинау,
сынау, реттеу және ретке келтіру.
2.Қазан агрегаттарын гидравликалық сынау.
3.Жабдықтың жекелеген тораптары мен бөлшектерінің және арматураның ақауларын анықтау, тозу
себептері мен дәрежесін анықтау.
4.Жөндеуден негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысын тексеру және оны пайдалануға беру.
Білімі:
1. Қазан және шаң дайындау жабдығының аса күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуге,
жөндеуге, жинауға, сынауға, реттеуге, дайындауға арналған техникалық шарттар,
2. жабдықты және оның кейбір тораптарын статикалық және динамикалық ротор теңгеріміне сынау
ережелері,
3. қазан агрегаттарын, жекелеген құбырларды, иректүтіктерді, құбырларды гидравликалық сынау
ережелері,
4. қазан агрегаттарының жекелеген элементтері мен бөлшектерінің тозу нормалары,
5. құбырларды және айналма механизмдердің тозған тораптарын сұрыптау ережелері,
6. қоспаланған болат құбырлардың иілген жеріндегі пісіру жіктерін жылумен өңдеу әдістері, ернемек
қосылыстарға, люк бекітпелерге және арматурадағы тығындауыш беттерге, қысыммен жұмыс
істейтін құбырларға, қойылатын талаптар.
5 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету
2. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау
4. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері;
4. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары; өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
5
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 4 деңгей
Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіптік білімнің болуы және жұмыс тәжірибелік
біліктілігі кем дегенде үш жыл.
Жұмыс тәжірибесінсіз жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімнің болуы (қосымша кәсіби
дайындық және орташадан кейінгі білім).
Еңбек функциялары
1. Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу
және сынау
2. Жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Қазандық және шаң дайындау
цехтары жабдығына техникалық
қызмет көрсету, оларды жөндеу
және сынау
Білігі мен дағдылары:
1. Аса күрделі аспаптар мен механизация құралдарын, пневмаэлектр жетегі бар дәл құралдарын,
күрделі өлшеу құралдарын пайдалана отырып, қазан агрегаттарының аса күрделі тораптары мен
механизмдерін жөндеу, қайта құру, жинау, ретке келтіру және сынау.
2. Түрлі жүйелер мен өлшемдердің арматурасын жөндеу және ретке келтіру. Қазанды бу
тығыздығына тексеру және сақтандыру қақпақшаларын реттеу.
3. Қазан агрегаттарын жүктемемен сынау, жоғары қысымды және үлкен көлемді бу және су
ысырмаларын тығындауыш беттерін қалпына келтіру. Өлшеулер жүргізу және формуляр
толтыру. Қазан агрегаттарының жөнделген тораптары мен механизмдерін тексеру және сынауға
дайындау.
4. Пайдалануға бере отырып, жүктемесі бойынша ретке келтіруге қатысу.
Білімі:
1. Жөнделетін негізгі және қосалқы жабдықтың техникалық сипаттамалар, кинематикалық және
гидравликалық сызбалары, жөндеу, жинау, қайта құрастыру және құрастыру әдістері,
2. жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру және сынау және зақымдалудың, коррозиялық тозу мен
апаттардың алдын алу бойынша алдын алу шаралары,
3. қазан агрегаттары жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштері, оның негізгі зақымдары,
қазандарды, бумен қыздырғыштарды, экономайзерлерді, құбырларды, қысыммен жұмыс
істейтін ыдыстарды куәландыру сызбалары,
4. орта өлшемдеріне байланысты материалдардың сапасын және арматураның жарамдылығын
анықтау әдістері
2 Еңбек функциясы
Жабдықтың жұмыс істеуін
қамтамасыз ету бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру
Білігі мен дағдылары:
1. Жабдықты, жөндеу аспаптарын, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді жөндеу мен ретке
келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Білімі:
1. Ұйымдық жүріс-тұрыс, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері мен әдістері.
3 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету
2. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау
4. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері;
4. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары; өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
«Жылу желілері жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь» КӘСІП ҚАРТОЧКАСЫ
Мамандық коды
7233
Мамандық атауы
Жылу желілері жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
2
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
3
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 3 деңгей
Кәсіби дайындылық және/немесе тәжірибе (бір жылға дейін кәсіби дайындау бағдарламасы бойынша
бңлңм беру ұйымының негізінде курстан өту немесе кәсіпорында оқу).
Орта білім беру немесе жалпы білім беру базасы негізінде техникалық және кәсіби білімінің болуы
және тәжірибесінің болмауында
Еңбек функциялары
1. Жылу желілері жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2. Жылу желілері жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3. Жылу желілері жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы жұмыстарды жүргізу
4. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
такелаж жұмыстарын орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2
(біліктілік разряды: 2-3)
Білігі мен дағдылары:
1. Біліктілігі жоғары слесарьдің жетекшілігімен жабдықтың тораптары мен бөлшектерін
тасымалдау кезінде күрделі емес такелаж жұмыстарын орындау.
Білімі:
1. Қарапайым такелаж жұмыстарының құрылысы және оларды пайдалану ережелері,
2. шағын салмақты жүктерді ілу ережелері,
3. материалтану бойынша жалпы мәліметтер.
2 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Бөлшектерді 12-14 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (5-7 дәлдік сыныбы).
2. Слесарлық құралды, керек-жарақтарды, аспаптар мен материалдарды жұмыс орнына жеткізу,
жұмысқа дайындау және жинау.
Білімі:
1. Слесарлық өңдеу тәсілдері, күрделі емес слесарлық және өлшеу құралдары мен аспаптарының
арналуы және оларды пайдалану ережелері.
2. Слесарлық жұмыстарды орындау ережелері мен тәсілдері;
3 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығына
техникалық қызмет көрсету,
оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы
жұмыстарды жүргізу
Білігі мен дағдылары:
1. Лайжинауыштар мен лайтұндырғыштарды тазарту, камералардағы су жою.
2. Қазаншұңқырлар қоршаулары мен уақытша көпірлер құру.
3. Сүйреп әкетуге арналған төсемелерді жоспарлау және құру.
4. Алаңдарда, құдықтарда, коллекторларда электгазпісірушімен бірлесіп жұмыс істеу.
5. Жылу желілерінің қиылыстарындағы жерасты коммуникацияларды шурфтау, жылу трассасын
жөндеу кезінде құмнан және қиыршық тастан асфальт астын толтыру.
6. Құбырларының диаметрі 300 мм-ге дейінгі жылу желілері жабдығын бөлшектеу, жөндеу және
жинау.
7. Күрделі емес слесарлық және өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдана отырып, ернемек
арматураны тексеру және жөндеу.
Білімі:
1. Жылу желілерінің коммуникациялармен (нысаптық, газ, су өткізгіш, кабельдік) қиылысу
жағдайында жұмыс істеу ережелері, қол, пневматикалық және электрлендірілген құралдармен
жұмыс істеу кезіндегі қорғаныш және сақтандырғыш құралдар;
2. арналарда, орларда және тоннельдерде құбыр тарту және бекіту тәсілдері және еңістерді сақтау
ережелері;
3. жөнделетін жабдық пен оның тораптарының жұмыс істеу қағидаты, орналасуы және арналуы;
4. құбырлардың бекітпе арматуралары мен ернемек қосылыстарын бөлшектеу және жинау
ережелері,
4 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы.
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері.
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері.Өрт қауіпсіздігі ережелері.
4. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары;
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
3
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 3 деңгей
Кәсіби дайындылық және/немесе тәжірибе (бір жылға дейін кәсіби дайындау бағдарламасы бойынша
бңлңм беру ұйымының негізінде курстан өту немесе кәсіпорында оқу).
Орта білім беру немесе жалпы білім беру базасы негізінде техникалық және кәсіби білімінің болуы
және тәжірибесінің болмауында
Еңбек функциялары
1. Жылу желілері жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2. Жылу желілері жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3. Жылу желілері жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы жұмыстарды жүргізу
4. Техникалық құжаттаманы жүргізу және жасау
5. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
(біліктілік разряды: 3)
такелаж жұмыстарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1.
Қарапайым механизация құралдары көмегімен жұмыс орнында жабдықты және оның
тораптарын тасымалдау бойынша такелаж жұмыстарын орындау.
Білімі:
1. Қарапайым такелаж жұмыстарының құрылысы және оларды пайдалану ережелері,
2. шағын салмақты жүктерді ілу ережелері,
3. материалтану бойынша жалпы мәліметтер,
4. қарапайым такеллаждық жабдықтарды қолдану ережелері;
5. жүк көтергіш машиналарды, механизмдерді және аспаптарды пайдалану ережелері.
2 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Бөлшектерді 11-12 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (4-5 дәлдік сыныбы).
2. Газбен кесу және пішімі күрделі емес табақ және бейінді металды кесу.
3. Құбырлы газбен кесу.
4. Пішімі күрделі емес төсемдерді белгілеу және дайындау.
Білімі:
1. слесарлық жұмыстарды орындау ережелері мен тәсілдері;
2. газбен кесу және құбырларды пісіру, қосым материалдары туралы жалпы мәліметтер,
3. құбырларды кесу және пісіру қосылыстарын жылумен өңдеу кезіндегі негізгі талаптар,
4. күрделілігі орташа арнайы құралдардың, аспаптардың және өлшеу құралдарының құрылысы
және арналуы, слесарлық құралды суару, құю және жіберу ережелері,
5. рұқсат беру және қосым жүйесі, бұдырлық квалитеттері мен өлшемдері.
3 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығына
техникалық қызмет көрсету,
оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы
жұмыстарды жүргізу
Білігі мен дағдылары:
1. Арнайы құралдар мен аспаптарды қолдана отырып,
2. диаметрі 400мм-ге дейінгі құбырларды, арматураны, компенсаторларды, көтергіш-көлік
жабдықтар мен металл құрылымдарын бөлшектеу, жөндеу, жинау және орнату.
3. Жер қазу техникасын пайдалана отырып, жылу трассаларын қазу бойынша жер қазу
жұмыстарын орындау.
4. Құрама темір бетон камераларды, коллекторларды, құдықтарды, арналар мен арматураны
бөлшектеу және жөндеу.
5. Құбырларды және бекітпе арматураны пневматикалық сынау.
6. Пневматикалық және электрлендірілген құралды жөндеу және ретке келтіру.
Білімі:
1. Құбырлардың құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары, олардың орналасу сызбалары;
2. құбырларды бөлшектеудің, жөндеудің және жинаудың технологиялық реті,
3. гидравликалық сынауға арналған техникалық ережелер,
4. құбырларды ажырату мен қосу, түрлі тұрпаттағы компенсаторларды орнату ережелері,
5. бекітпе және сақтандырғыш арматураны, компенсаторларды, жылжымалы және жылжымайтын
тіректер мен аспаларды құрастыру және қайта құрастыру ережелері мен тәсілдері, құбырларды
гидро және жылумен оқшаулауыштың, арналарды, камераларды, құдықтарды
гидроооқшаулауыштың құрылысы, , құрылысы,
6. жылу желілері жабдығын жөндеу кезінде қолданылатын негізгі және қосалқы материалдардың
түрлері, механика, материалтану, жылу техникасы негіздері.
4 Еңбек функциясы
Техникалық құжаттаманы жүргізу
және жасау
Білігі мен дағдылары:
1. Шынайы бөлшектерге қарап, күрделі емес бөлшектердің сызулары мен сызбасын жасау.
Білімі:
1. Құбырлардың жұмыс сызулары мен сызбаларын оқу және жасау ережелері
5 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы.
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері.
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары;
4. Өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
4
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 3 деңгей
Кәсіби дайындылық және/немесе тәжірибе (бір жылға дейін кәсіби дайындау бағдарламасы бойынша
бңлңм беру ұйымының негізінде курстан өту немесе кәсіпорында оқу).
Орта білім беру немесе жалпы білім беру базасы негізінде техникалық және кәсіби білімінің болуы
және тәжірибесінің болмауында
Еңбек функциялары
1. Жылу желілері жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2. Жылу желілері жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3. Жылу желілері жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы жұмыстарды жүргізу
4. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
такелаж жұмыстарын орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
(біліктілік разряды: 4)
Білігі мен дағдылары:
1. Жүк көтергіш механизмдер мен арнайы аспаптар көмегімен тораптар мен бөлшектерді тігінен
және көлденеңінен тасымалдау бойынша такелаж жұмыстарын орындау.
2. Такелаж жабдығы мен жарақтарын сынау.
Білімі:
1. Такелаж құралдарының құрылысы және оларды пайдалану ережелері, жүк көтергіш
машиналарды, механизмдерді және аспаптарды пайдалану ережелері.
2 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Бөлшектерді қиыстыра және жеткізе отырып, 7-10 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (2-3 дәлдік
сыныбы).
Білімі:
1.
Бөлшектерді қиыстыра және жеткізе отырып, 7-10 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (2-3
дәлдік сыныбы) ережелері және оны орындау тәсілдері.
3 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығына
техникалық қызмет көрсету,
оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы
жұмыстарды жүргізу
Білігі мен дағдылары:
1. Арнайы құралдар мен аспаптарды, жабдықтарды және өлшеу құралдарын қолдана отырып,
диаметрі 400мм-ден 600 мм-ге дейінгі құбырларды, арматураны, дренаж сораптарын,
компенсаторларды бөлшектеу, жөндеу, жинау және орнату.
2.
Құбырларды июге арналған үлгілерді дайындау.
3.
Жабдықты гидравликалық сынау.
4.
Жылу желілеріне арналған құрама бетон және темір бетон құдықтарды жинау және орнату.
5.
Жөндеу кезінде құбырлармен қиылысатын жерлерде жерасты коммуникацияларды ілу.
6.
Құбырларды күрделілігі орташа жинау, қайта құру және құрастыру жұмыстары.
7.
Жабдықтың ақауларын анықтау және оларды жою.
Білімі:
1. Жөнделетін жабдықтың құрылысы, құбырлардың сызбалары,
2. құбырлардың, арматураның, толқынды компенсаторлардың, сораптардың жіктемесі,
техникалық сипаттамалары және жұмыс істеу ерекшеліктері, құбырларды жөндеуге арналған
техникалық шарттар,
3. арматураны сынау әдістері,
4. арнасыз төсемдегі құбырларды бөлшектеу мен жинау кезіндегі операцияларды орындау реті,
5. қолданылатын арнайы құралдардың, аспаптар мен жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері,
6. жабдықты жөндеуге шығару және жүктелім-пұрсат ресімдеу ережелері,
7. құбырларды сынау ережелері,
8. жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелері,
9. механика, материалтану, электр техникасы негіздері.
4 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы.
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері.
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері.
4. Өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары;
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
5
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 4 деңгей
Кәсіби дайындылық және/немесе тәжірибе (бір жылға дейін кәсіби дайындау бағдарламасы бойынша
бңлңм беру ұйымының негізінде курстан өту немесе кәсіпорында оқу).
Орта білім беру немесе жалпы білім беру базасы негізінде техникалық және кәсіби білімінің болуы
және тәжірибесінің болмауында
1. Жылу желілері жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
2. Жылу желілері жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы жұмыстарды жүргізу
3. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4
(біліктілік разряды: 5)
Білігі мен дағдылары:
1. Бөлшектерді қиыстыра және жеткізе отырып, 6-7 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (2-3 дәлдік
сыныбы).
Білімі:
1. Бөлшектерді қиыстыра және жеткізе отырып, 6-7 квалитет бойынша слесарлық өңдеу (2-3 дәлдік
сыныбы) ережелері және оны орындау тәсілдері.
2 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығына
техникалық қызмет көрсету,
оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы
жұмыстарды жүргізу
Білігі мен дағдылары:
1. Желілік және орталыққа тепкіш сораптарды, диаметрі 600-ден 100мм-ге дейінгі құбырлардағы
арматураны бөлшектеу, жөндеу, қайта құру, жинау және орнату.
2. Сызулар мен сұлбалар бойынша белгілеу.
3. Арнайы аспаптарды, өлшеу құралдарын және көтергіш-көлік механизмдерін қолдана отырып,
жинау, реттеу, қиыстыру және сынау бойынша күрделі жұмыстар.
4. Коверлерді, гидранттарды және су бөлу бағандарын, сифондарды және гидравликалық
бекітпелерді орнату.
5. Құбырларды және арматураны сынау және ретке келтіру.
6.Такелаж және арнайы аспаптарды жөндеу, оларды ретке келтіру және жұмыста сынау.
Білімі:
1. Күрделі тораптарды бөлшектеуге, жөндеуге, жинауға, сынауға, реттеуге және дайындауға
арналған техникалық шарттар,
2. негізгі және қосалқы жабдықтардың: құбырлардың, камералардың, құдықтардың,
коллекторлардың, сораптардың, өлшеу құралдарының, жүк көтергіш машиналар мен
механизмдердің жіктемесі және техникалық сипаттамалары;
3. жылу желілері жабдығына қойылатын негізгі талаптар, оны пайдалану және сынау ережелері,
құбырлардың және арматураның зақымдалуына әкелетін себептер, олардың алдын алу мен жою
тәсілдері;
4. диаметрі үлкен құбырларды бөлшектеу, жөндеу және жинау бойынша жұмыстарды жүргізу
ережелері, қысыммен жұмыс істейтін құбырлар мен арматураға қойылатын талаптар жабдықты
жөндеу,
5. ауыстыру және қайта құру жөніндегі нұсқамалар
3 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы.
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері.
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері.
4. Өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары;
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
6
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 4 деңгей
Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіптік білімнің болуы және жұмыс тәжірибелік
біліктілігі кем дегенде үш жыл.
Жұмыс тәжірибесінсіз жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білімнің болуы (қосымша кәсіби
дайындық және орташадан кейінгі білім).
Еңбек функциялары
1. Жылу желілері жабдығы бойынша такелаж жұмыстарын орындау
2. Жылу желілері жабдығы бойынша слесарлық жұмыстарды орындау
3. Жылу желілері жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы жұмыстарды жүргізу
4. Техникалық құжаттаманы жүргізу және жасау
5. Жұмыстарды орындауды ұйымдастыру
6. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
такелаж жұмыстарын орындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4
(біліктілік разряды: 6)
Білігі мен дағдылары:
1. Жабдықтың күрделі және жауапты тораптарын, бөлшектерін және элементтерін тасымалдау, жинау
және орнату бойынша такелаж жұмыстарын орындау.
Білімі:
1. Такелаж құралдарының құрылысы және оларды пайдалану ережелері, жүк көтергіш
машиналарды, механизмдерді және аспаптарды пайдалану ережелері.
2 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығы бойынша
слесарлық жұмыстарды орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Дайындалған тораптардың сапасын және олардың өлшемдерін сызуларға және техникалық
шарттарға сәйкестігін тексеру
Білімі:
1. Сызуларды оқу ережесі
3 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығына
техникалық қызмет көрсету,
оларды жөндеу және сынау, жылу
желілерін тарту бойынша қосалқы
жұмыстарды жүргізу
Білігі мен дағдылары:
1. Диаметрі 1000-нан 1400 мм-ге дейінгі жылу желілері құбырларын жөндеу, қайта құру, жинау.
2. Аса күрделі механизацияны, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді, күрделі құралдарды
және өлшемдер құралдары кешенін пайдалана отырып жинау, реттеу, қиыстыру мен сынау
бойынша күрделі жұмыстар.
3. Жылу желілерінің бітеулігі мен беріктігін гидравликалық сынау.
4. Желілерді пайдалануға беруге дайындау.
5. Іске қосу кезінде ақауларды анықтау және оларды жою.
6. Құрама және тұтас темір бетон монтажы.
7. Түрлі диаметрдегі бетон және темір бетон құбырларын орларға төсеу.
8. Орталыққа тепкіш сораптарды, сорап станцияларын толық жөндеу, қайта құру және ретке
келтіру.
Білімі:
1. Жөнделетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері,
2. жөнделген жабдықты жөндеу, қайта құрастыру және құрастыру, дәлдігін тексеру мен сынау
әдістері,
3. қысымда тұрған жабдықпен жұмыс істеу ерекшеліктері,
4. арматураның, күштік және қысыммен сығымдау сораптарының, компенсаторлардың жіктемесі
және олардың жұмысын бақылау,
5. тығындауыштардың құрылымдық ерекшеліктері,
6. ақаулар мен апаттардың себептері, олардың сипаты және алдын алу тәсілдері,
7. жылу желілері жабдығының қалыпты жұмыс істеуінің негізгі техникалық көрсеткіштері,
8. орта өлшемдеріне байланысты материалдардың сапасын, арматураның жарамдылығын анықтау
әдістері,
9. такелаж жабдығының, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, жүк қармау
аспаптарының түрлері және құрылысы, оларды күтіп ұстау, сақтау мен сынау ережелері,
құбырлардың жемірілу себептері және олармен күрес тәсілдері.
4 Еңбек функциясы
Техникалық құжаттаманы жүргізу
және жасау
Білігі мен дағдылары:
1. Өлшеулерді жүргізу және формуляр толтыру.
Білімі:
1. Формуляр толтыру ережелері
5 Еңбек функциясы
Жабдықтың жұмыс істеуін
қамтамасыз ету бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру
Білігі мен дағдылары:
1. Жабдықты, жөндеу аспаптарын, жүк көтергіш машиналары мен механизмдерді жөндеуді және ретке
келтіруді ұйымдастыру.
Білімі:
1. Ұйымдық жүріс-тұрыс, өндірісте жұмысты ұйымдастыру тәсілдері мен әдістері.
6 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету
2. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау
4. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері;
4. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары; өрт қауіпсіздігі ережелері.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
«Техник-жылу технигі» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ
Мамандық коды
3113
Мамандық атауы
Техник-жылу технигі
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
4
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
Техник
Кәсіби білімділік деңгейі
СБШ бойынша 4 деңгей
Кәсіби дайындылық және/немесе тәжірибе (бір жылға дейін кәсіби дайындау бағдарламасы бойынша
бңлңм беру ұйымының негізінде курстан өту немесе кәсіпорында оқу).
Орта білім беру немесе жалпы білім беру базасы негізінде техникалық және кәсіби білімінің болуы
және тәжірибесінің болмауында
Еңбек функциялары
1. Жылу желілері жабдығына техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу
2. Жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру
3. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
4. Аталған кәсіби стандарттағы жұмыс кәсіптерінің бірі бойынша функциялар (қараңыз. Кәсіптер
карточкасы Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь,
Жылу желілері жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь)
1 Еңбек функциясы
Жылу желілері жабдығына
техникалық қызмет көрсету,
оларды жөндеу
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4
(біліктілік разряды: - )
Білігі мен дағдылары:
1. Электр жабдығына қызмет көрсетуді, оны алдын ала қарау мен жөндеуді жүзеге асыру.
2. Монтаж, жинау, өткізу және т.б. электр техникалық сызбаларының жарық көшірмелерін
дайындау және жасау.
3. Электр жабдығы мен жүйелерін пайдаланудың дұрыстығын бақылау, жабдықтың жұмысындағы
ақаулары мен істен шығулары себептерін анықтау және оларды жою.
4. Жұмыс істеу барысында туындайтын проблемаларды шешу үшін электр техникасы саласында
техникалық білімдерді қолдану.
Білімі:
1.
Ғимараттардың жылу шаруашылығы, су бөлу және сумен жабдықтау жүйелері жабдығының
жұмыс істеу қағидаты, оларды құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету сызбалары
2 Еңбек функциясы
Жұмыстарды жүргізуді
ұйымдастыру
Білігі мен дағдылары:
1. Электр жабдығын және құрылғыларды пайдаланатын қызметкерлерге нұсқама беру, оларды
пайдалану ережелері
Білімі:
1. Ұйымдық жүріс тұрыс, өндірісте еңбекті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері
3 Еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмысты бастау алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайлардағы, жұмысты аяқтағаннан кейінгі
қауіпсіздік техникасы.
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері.
3. Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері. Өрт қауіпсіздігі ережелері.
4. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары;
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Экологиялық кодексі
Жеке құзыретіне қойылатын
талаптар
Жауапкершілік
СБШ бойынша басқа кәсіптермен
байланысы
Кәсіби стандарттың техникалық деректері
Әзірленді
ОЮЛ «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешеннің қазақстандық ассоциация мекемесі»
Нұсқа нөмірі мен шығарылған
жылы
Нұсқа I, 2015 жыл
Болжамды қайта қарау күні
2018
Достарыңызбен бөлісу: |