«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ-нің «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарламасы
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5,
D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік Талаптарына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 5, №123 кабинеті, анықтама телефондары: (8-7212) 41-45-31, факс: (8-7212) 41-45-31, электрондық почта: statkrg@economy.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жұмыстарды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату басқармасының бас маманы (C-О-5 санаты, № 7-4).
Функционалдық міндеттері: департаменттің жұмыс жоспарын қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды. Жиынтық статистикалық журналдар, жинақтарды шығаруды жүзеге асырады. Қызметті жоспарлау және статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелер қызметін үйлестіреді. Статистикалық ақпаратты қолданушылардың қанағаттану сауалнамалары туралы ақпаратты талдайды, ұйымдыстырады және жүргізеді, қолданушылардың қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайды.Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады. Ақпараттық қызмет бойынша (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) шарт міндеттемелерінің орындалуын бақылайды. Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды. Департаменттің сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстау және
ҚР СТ ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкес оның нәтижелігін үнемі жақсарту іс-шараларын әзірлейді. ҚР СТ ИСО 9001-2016 стандарты, департаменттің сапа менеджмент жүйесінің бекітілген құжаттамасымен бекітілген талаптарымен көзделген іс-шараларды ұйымдастырады, үйлестіреді, жүргізеді. Өтініштерге жауап дайыдайды. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) мамандықтары бойынша білім. Мемлекеттік статистика саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді білгені жөн.
2. Еңбек статистикасы басқармасының бас маманы (C-О-5 санаты, № 16-3).
Функционалдық міндеттері: еңбек статистикасы бойынша Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізеді. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу кезінде статистикалық әдіснаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Алғашқы статистикалық деректердің толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз етеді. Еңбек статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты дайындайды және шығарады. Еңбек статистикасы бойынша респонденттермен оқу семинарын жүргізеді. Өтініштерге жауаптар дайындайды. Қалалық және аудандық басқармаларға әдіснамалық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары «экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика) мамандықтары бойынша білім. Мемлекеттік статистика саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді білгені жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш (нысан қоса берілді); тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) осы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ-де, Қарағанды қаласы Чкалов көшессі 10 мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өткізілетін орынға бару және кері қайту, тұрғынжайды жалдау, тұру, байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалану) азамат өз қаражаты есебінен төлейді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |