Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213


Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар



жүктеу 1,47 Mb.
бет4/18
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23130
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


2.8.3 Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1 кредит



Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақылау кестесі



Сағат саны

1

Хирургиялық стационардағы аурухана ішілік инфекцияның алдын алу. Десмургия. Таңғыш түрлері. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу.

Тәжірибелік дағдыларды муляждарда, манекенде, волонтерлерде машықтану, презентация

2 апта

6

2

Ингаляциялық емес наркоз. Гипотермия туралы түсінік. Табиғи гипотония. Жергілікті анестезия. Жергілікті анестезияның түрлері. (қабылдауыштық, өткізгіштік, түбіршектік), енгізу әдісі мен тәсілдері. Жалпы және жергілікті наркоздың асқынулары кезіндегі мейірбикелік көмекті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляждарда машықтану, презентация, дискуссия

2 апта

6

3

Донорлық. Мейірбикенің құжаттарды толтырылуы.Қан кету синдромы бар науқастарды операцияға дайындау принциптері ( су – электролит баллансының, қышқыл–сілтілі тепе–тендіктің бұзылуын, қансыраудың қабынуын коррекциялау). Операциядан кейінгі кезеңнің ерекшелігі.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляждарда машықтану, мейірбикелік сырқатнама қорғау

3 апта

6

4

Қаналмастырғылар. Химиялық құрамы бойынша жіктеу және олардың тағайындалуы. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі сынамалар. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі қабынулар, олардың алдын–алу және емдеу. Тері және тері асты тін қабатының іріңді қабыну ауруларының алдын алу. Науқастардың күтімі.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляждарда машықтану, науқастың төсегі қасында жұмыс жасау, дискуссия

4 апта

6

5

Сүйек және буынның ірінді инфекциясы бар науқастарды күту ерекшеліктері. Аурудың алдын алу.

Мейірбикелік сырқатнама, презентация

5 апта

6




Аралық бақылау.

Тесттер, ситуациялық есептер шешу







Барлығы:




30

сағат

2 кредит



Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақы лау кестесі



Сағат саны

1

Хирургиядағы емдеу мен диагностиканың қазіргі әдістері. Реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Мейірбикелік диагноз қою (пациенттің потенциалы және басқа да мәселелерін анықтау). Мейірбикелік араласу жоспарын іске асуы. Мейірбикелік араласуды бағалау (шаралар жоспарын коррекциялау және алған қойған мақсатына жету дәрежесінің айқындалуы).

Мейірбикелік сырқатнама жазу, қорғау, презентация, реферат

6 апта

6

2

Жіті тыныстық және жүрек – қантамырлық жеткіліксіздік синдромы. Емі мен диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Анаэробты инфекциямен ауыратын науқасты күту ерекшелігі. Анаэроб инфекциясының алдын алу.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, науқас төсегі қасында жұмыс жасау

7 апта

6

3

Нерв жүйесі, жүрек – қантамыр жүйесі, тромбоз және эмболия, тыныс алу ағзалары, асқорыту жүйесі, несептік – жыныстық жүйелердің операциядан кейінгі асқынулары. Науқастың операциядан кейінгі күтімі. Некроз, жара, гангрена, жыланкөз. Диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласу картасын құру,

науқастөсегінің қасында жұмыс жасау



8 апта

6

4

Жалпы ірінді инфекция. Сепсис. Жіктелуі. Патогенезі. Клиникалық көрінісі. Микробтардың қанға түсуінің түрлері. Емдеу принциптері (жергілікті және жалпы). Хирургиялық сепсисті науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Аяқ – қолдың зақымдануы. Диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, реферат презентация

9 апта

6

5

Травмалық шок синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Кеуде зақымдануында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар. (гемоторакс, пневмоторакс). Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік

дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, реферат науқас төсегін қасында жұмыс жасау



10 апта

6




Аралық бақылау.

Тесттер, ситуациялық есептер шешу







Барлығы:




30 сағат

3 кредит



Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақы

лау кестесі



Сағат саны

1

Іштің зақымдануында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. «Іштеспесі» синдромының саралау диагностикасы. Түйнек синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляжда машықтану, реферат жазу,қорғау науқастың төсегінің қасында жұмыс жасау


11 апта

6

2

Жіті аппендицит. Балаларда, жүкті әйелдерде, егде жастағылардағы жіті аппендицит ағымының ерекшеліктері. Госпитальға дейінгі кезең тактикасы. Операция алдындағы дайындық принциптері. Операциядан кейінгі кезеңді жүргізу. Ұзақ қысылу синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда,машықтану науқас төсегі қасында жұмыс жасау


12 апта

6

3

Электрожарақат. Электр тоғымен жарақаттанудың жіктелуі. Жарақаттанған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету. Электр тоғымен жарақаттанғандарға күтім жасау ерекшелігі. Балалар мен үлкен науқастар.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда,машықтану

13 апта

6

4

Паразитті аурулар. Паразиттік аурулардың лабораториялық аспаптық диагностикасы. Хирургиялық практикадағы паразиттік ауруларда мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Кома. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда,муляжда машықтану, презентация

14 апта

6

5

Пластикалық хирургия. Тіндік пластика түрлері, реплантация, имплантация. Сүйек тіндерін, жүйкені, тамырларды, сіңір, бұлшықет және терінің пластикалық түрлерін үйрену әдістері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Операция бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмыс істеу ерекшелігі.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, реферат презентация

15 апта

6




Аралық бақылау.

Тесттер, ситуациялық есептер шешу







Барлығы:







30 сағат

Жалпы:

90 сағат


2.9 Әдебиет:

Негізгі:

  1. Абдрахманов М.С. Хирургиядағы мейірбике ісі. А., 2001.

2. Галкин Р.А. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 2011. – 511 с.

Қосымша:

1. Апсаттаров Э.А., Алмағанбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмағанбетов Б.Р., Гусман З.К. Хирургиялық аурулар. Алматы. «Санат». 1997, 336 бет.

2. Қасенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия және анестезиология, Алматы, 1992.

3. Қасенов Т.С. Жалпы хирургия., Алматы 1992.

4. Турланов, С.А. Калкабаева Жедел медициналық жәрдем Алматы қ., 2011 ж. 330-бет

5. С.А. Калкабаева Бірінші медициналық көмек. Шымкент, 2008 ж. 230-бет.

6. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия және анестезиология, Алматы, 2010.
2.10 Оқытудың және сабақ берудің әдістері


  • Дәрістер: шолу – иллюстративті, өзекті.

  • Практикалық сабақтар: мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау; науқас төсегіндегі жұмыстар, муляж, манекен және де басқа күту құралдарымен жұмыс істеу; ауызша сұрау, ситуациялық тапсырмаларды шешу; шағын топтарда жұмыс істеу; жағдайды бейнелеу.

  • Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): өтілген практикалық сабақтар бойынша фантоммен, манекенмен, муляжбен жұмыс жасау арқылы тәжірибелік дағдыларды машықтану, оқу-клиникалық симуляциялық орталықта сабақ өту, тәжірибелік сабақта туындаған кейбір сұрақтарды тереңдете оқыту, науқас төсегінің қасындағы жұмыс, мейірбикелік ауру тарихын қорғау, презентация және реферат дайындау, дискуссия, мейірбикелік араласу картасын құру және науқасты қарау, медициналық құжаттаманы толтыру, жеке және топтық тапсырмаларды орындау шешімін талқылау, туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан консультация алу, аралық бақылау тапсыру.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің қосымша және электронды әдебиеттермен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау және қорғау, ситуациялық тапсырмаларды дайындау, шешу. Топтық түрде стенд, жеке түрде презентациялар дайындау және қорғау.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері: әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, ОЖСӨЗ, СӨЖ) бағалау студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж.;

    1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың түрлері мен үлгілері:

2.12. 1 Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін

жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес

күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері

мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, практикалық

дағдылары және т.б.).

Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.

2.12.2 Аралық бақылау: бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 7-8 және 14-15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабусында және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетіледі. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.

2.12.3 Қорытынды бақылау: тестілеу және оқу – клиникалық орталықта ОҚКЕ тапсыру түрінде өткізіледі .

Емтиханға пәннің бағдарламасын толық игерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер ғана жіберіледі.



Баға


Салт дәстүр жүйесі бойынша баға

Балдардың сандық эквивалентті

Пайыздық құрамы

Әріпті жүйе бойынша баға

Өте жақсы

86-90

95 – 100

А

81-85

90 – 94

А-

Жақсы

77-80

85 – 89

В+

72-76

80 – 84

В

68-71

75 – 79

В-

Қанағаттанарлық

63-67

70 – 74

С+

59-62

65 – 69

С

54-58

60 – 64

С-

50-53

55 – 59

Д+

45-49

50 – 54

Д

Қанағаттанарлықсыз

44-0

0 – 49

F



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ

ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»

Пәні : Хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі

Пәннің коды: HRMI 3213

Курсы : 3

Кредит №1


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Шымкент – 2013ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ____«_____»______ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.



1. Тақырыбы: Аурухананың хирургия бөлімшесінің, емханадағы хирургия бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Құрал – жабдықтары. Хирургия бөлімшесінің, операциялық блоктың санитарлық-эпидемиологиялық тәртібінің ерекшеліктері. Асептика және антисептика.
2. Мақсаты: Студенттерді хирургиялық қызметті ұйымдастыру құрылысымен таныстыру. Хирургия туралы түсінік беру, хирургиядағы мейірбике ісінің ерекшелігі. Хирургиялық инфекциялармен, асептика және антисептикамен күресуде емдік және алдын алу шараларымен таныстыру және үйрету.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • асептика мен антисептиканың ашылуы

  • инфекциялық бақылау түсінігі

  • инфекциялық процесс элементтері

  • аурухана ішілік инфекция (АІИ) түсінігі

  • АІИ мәселелерінің көлемі

  • АІИ қоздырғыштарының шоғырланатын аймақтары

Студент істей білуі тиіс:

  • таңу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру

  • операциялық блоктың жұмысын ұйымдастыру

  • операциялық блоктың және таңу бөлмесінің ағымды және күрделі тазалығын жүргізу

  • түрлі манипуляциялардан алдын және кейін қолды жуу

  • стерильденбеген халатты кию және шешу

  • стерильді қолғапты кию және қолданылған қолғапты шешу


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- хирургиялық қызметтің даму тарихы

- хирургиялық қызметтің ұйымдастырылуы

- хирургиядағы мейірбике ісі түсінігі

- наркоздың, асептика және антисептиканың ашылуы

- қазіргі заман хирургиясы, жаңа жетістіктер, әдістер

- хирургиялық инфекция, оның жұғу жолдары

- Асептика. Экзогенді және эндогенді инфекцияның алдын алу

- госпитальді инфекцияның алдын алу


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты ми шабуылы және топтық – бағытталған оқыту әдістері бойынша жүргізу;

- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар операциялық блокта, таңу бөлмесіндегі инфекционды бақылау жұмысын талқылайды және осыны басқа топтарға презентация түрінде таныстырады).

- ситуациялық есептерді шешу

- тақырыптың негізгі тесттерін шешу


6. Әдебиеттер:

Негізгі

  1. С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.

  2. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.

  3. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

  4. Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.

  5. Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр.

Қосымша

1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.

2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.

3. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела в 2-х частях.-М.? Исток,1996-98.

4. Профилактика внутрибольничных инфекций. Руководство / Коллектив авторов под ред. Е.П.Ковалевой, Н.А.Семиной.-М.: ТОО,Рарочъ,1993.

5. Роч Д., Болдуин М. Сострадание с компетентностью и смирением, английский хоспис,1994.


7. Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)

Тесттер:

1. Қазақстанның емдеу мекемелерінде қай бұйрыққа негізделіп санитарлық- эпидемиологиялық тәртіп сақталады?

1. бұйрық №1050, 476

2. бұйрық №330, 241

3. бұйрық №702

4. бұйрық №218, 150

5. бұйрық №630, 780

2. Аурухана палатасында максимальді кереует саны:

1. 6 кереует

2. 4 кереует

3. 2 кереует

4. 10 кереует

5. 9 кереует

3. Емдеу палатасында бір кереуетке алғанда аудан нормативі

1. 7кв м

2. 3кв м


3. 5кв м

4. 10квм


5. 12квм

4. Палатаның санитарлы тазалығы сағат нешеде аяқталуы керек?

1. сағат 7.00

2. сағат 8.00

3. сағат 9.00

4. сағат 10.00

5. сағат 12.00

5. Асептика бұл – мыналарға бағытталған іс-шаралар комплексі:

1. жарақатқа инфекция түсуінің алдын алу

2. жарақатқа инфекцияны енгізу

3. инфекциямен күресу

4. ойық жарамен күресу

5. микробтармен күресу

6. Антисептика бұл – бағытталған іс-шаралар комплексі:

1. микроорганизмдерді жою

2. жарақатқа инфекцияны енгізу

3. жарақатқа инфекция түсуінің алдын алу

4. ойық жарамен күресу

5. ойық жара пайда болуының алдын алу

7. Аурухана ішілік инфекция (АІИ) құрылымы:

1. вирусты гепатиттер, туберкулез, дифтерия, іріңді септикалық инфекция, ішек инфекциялары

2. гастриттер

3. он екі елі ішек жарасы

4. холецистит, панкреотит

5. парапроктит, энтероколит

8. Адам организмінде АІИ – нің тіршілік ететін аймақтары:

1. тері және жұмсақ тіндер, несеп шығару жолдары, ауыз қуысы, мұрын және жұтқыншақ, ішек

2. бұлшық ет және буындар, бас, ми

3. паренхиматозды ағзалар және сүйек

4. тамырлар, нервтер, буындар

5. жүрек, іш және плевра қуысы

9. АІИ – ның ауа тамшылы жолмен жұғатын қоздырғыштары қалай таралады?

1. инфекция ошағы болған науқас жөтелгенде

2. ластанған қолдар арқылы

3. іріңді жарақаттарды таңуда асептика және антисептика сақтамаған жағдайда

4. екінші рет стерильді емес таңу материалдарын қолданғанда

5. операциялық және таңу бөлмесінде масканы кигенде

10. Аурухана бөлімшесінде АІИ анықталғанда қолданылатын іс-шаралар кезектілігі:

1. СЭС – ке АІИ анықталғанын хабарлау

2. инфекция ошағын оқшаулау және оның таралуын тоқтату

3. инфекция ошағын анықтау

4. СЭС – тің дәрігер эпидемиологының эпидемиологиялық тексеруі

5. бұл жағдайда көңіл бөлмеу

11. АІИ ошағы анықталғанда медбике қандай форма толтырады?

1. 058У

2. 001У


3. 003У

4. 004У


5. 036У

12. АІИ – ның алдын алу тәсілдері:

1. 1-5 жауаптары дұрыс

2. құрал – саймандарды таңу материалын стерилизациялау

3. асептиканы сақтамағандықтан

4. қолғапсыз жұмыс істеу

5. бөлімшені, құрал – саймандарды өңдеу үшін дезинфекция әдістерін қолдану

13. Дезинфекция әдісі болып табылмайды:

1. серологиялық әдіс

2. механикалық әдіс

3. химиялық әдіс

4. физикалық әдіс

5. химиялық әдіс (сүрту, толық тұндыру, шаю)

14. Дезинфекция әдістері:

1. термиялық әдіс

2. химиялық, биологиялық, физикалық әдіс

3. механикалық әдіс

4. термиялық және механикалық әдіс



5. консервативті әдіс
жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау