«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



жүктеу 19,47 Kb.
Дата25.06.2020
өлшемі19,47 Kb.
#31047
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі » пәнінен

емтиханның  негізгі сұрақтары:  

1.Іш сүзегінің этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенсзі. Клиникалық белгілері. Асқынулары. Ішектен қан кету және ішек ойық жарасы тесілуінің клиникалық белгілері, мейірбикенің атқаратын міндеттері. Диагностикалау әдістері. Күтім жасау ерекшеліктері.

2.Жұқпалы аурулар танымының негізгі кезеңдері. «Инфекция», «инфекциялық үрдіс», «жұқпалы ауру» туралы анықтама. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқас анамнезінің ерекшеліктері.

3.Листериоз. Қоздырғышы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Листериоз түрлерінің жіктелуі. Листериоздың созылмалы түрлері. Асқынулары. Болжамы. Диагностикасы. Зертханалық диагностикасы.

4.Адам патологиясындағы жұқпалы аурулардың алатын орны. Инфекциялық үрдістің дамуы мен ағымының заңдылықтары. Оның циклі. Жұқпалы аурулардың жіті және созылмалы түрлері.

5.Иерсиниоздар. Иерсиниоздардың табиғи ошақтары. Аурудың таралу ерекшеліктері. Клиникалық жіктемесі. Зертханалық диагностикалау. Саралау диагностикасы. Емі. Алдын алу.

6.Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация түрлері және қолдану тәсілдері.

7.Шигеллез. Анықтамасы, қазіргі уақытта науқастан бөлінетін қоздырғыштардың негізгі түрлері. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Шигеллез ағымының ерекшеліктері. Ағымының клиникалық формалары. Зертханалық диагностика. Емдеу. Ауруынан айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Диспансерлік бақылау. Алдын алу.

8.Вакцинопрофилактика және серопрофилактика. Вакцина түрлері. Анатоксиндер. Сарысулар. Иммуноглобулиндер. Егу ісін ұйымдастыру.

9.Сальмонеллездің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы. Жіктемесі. Туындайтын асқынулары (инфекциялық-уытты шок, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, инфекциялық-уытты миокардит). Шок кезінде жасалынатын реанимациялық іс-шаралар негізі.Емі. Алдын алу.

10.Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастың жалпы жағдайын бағалау, мейірбикелік диагноз қою.

11.Тағамды уытты инфекциялар. Даму себептері: уытты инфекцияның дамуындағы әртүрлі тағамдардың алатын орны. Жеке ауру және топ болып ауру. Қоздырғыштары: стрептококктар, стафилакокктар, шартты патогенді микробтар. Инкубациялық кезең. Клиникасы. Зертханалық диагностикалау Емі. Алдын алу.

12.Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар.

13.Ботулизм. Этиологиясы. Қоздырғыштарының түрлері. Микробтар мен токсиннің сыртқы ортаға төзімділігі. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі және ботулизмнің берілу факторлары. Үй жағдайында консервіленген тағамдарды қолдану кезінде ауру қауіптілігінің өсуі. Клиникалық белгілері. Емі. Алдын алу.

14.Науқасты жалпы қарап тексеру. Ауру ағымындағы басты симптомдар жиынтығын анықтау. Анамнезді дұрыс және мұқият жинау.

15.«А», «Е», «В», «С», «Д» вирусты гепатиттер. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдары. Асқынулары. Диспансерлік бақылау. Алдын алу. Алғашқы көмек көрсету. Тексерудің негізгі принциптері. Саралау диагностикасы. Зертханалық диагностикасы. Емдәммен емдеу, күтім жасау.

16.Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режимі.

17.Эшерихиоздар. Қоздырғыштардың негізгі түрлері. Эпидемиологиясы. Эшерихиоз ағымының ерекшеліктері. Зертханалық диагностика. Емі. Ауруынан айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Диспансерлік бақылау. Алдын алу.

18.Тырысқақ. Аса қауіпті жұқпалы ауруы ретіндегі ерекшеліктері. Этиологиясы. Эль-Тор тырысқақ вибрионы, оның қасиеттері. Эпидемиологиясы. Тырысқақтың әр түрінің клиникалық ағымы.Диагноз кою. Емі. Алдын алу.

19.Инфекциялық үрдістің дамуы мен ағымының заңдылықтары. Оның циклі. Жұқпалы аурулардың жіті және созылмалы түрлері.

20.Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

21.Қазақстандағы бруцеллезбен аурушаңдылық. Аурушаңдылық себептері. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Негізгі клиникалық белгілері. Туындайтын асқынулар. Диагностикалаудың және емдеудің негізгі принциптері. Алдын алу.

22.Жұқпалы ауруларды ерте диагностикалау принциптері. Зерттеудің зертханалық әдістері: вирусологиялық, бактериологиялық, серологиялық, паразитологиялық.

23.Қазақстандағы лептоспирозбен аурушаңдылық. Аурушаңдылық себептері. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Негізгі клиникалық белгілері. Туындайтын асқынулар. Диагностика. Емдеу принциптері. Алдын алу.

24.Инфекциялық қызметтің құрылымы. Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режимі.

25.Тұмаудың этиологиясы. Қоздырғышы туралы қазіргі түсініктер. «А» вирусының серотипі, эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Тұмаудың клиникалық жіктемесі. Туындайтын асқынулары және олардың алдын алу. Диагностикасы, емі.Парагрипп. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Емі.

26. Анамнезді дұрыс және мұқият жинау. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастың жалпы жағдайын бағалау, мейірбикелік диагноз қою.

27.Менингококты инфекция. Дифтерия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Этиологиясы. Қоздырғышы. Оның негізгі қасиеттері. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Аурудың таралуында менингококк тасушыларының алатын орны. Індеттің басталу кезеңі. Менингококты инфекциялардың жіктелу түрлері. Клиникалық синдромдары: инфекциялық-уытты шок, бүйрекбез функциясының жеткіліксіздігі, бас миының ісінуі. Нәтижесі. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.

28.Науқастарға кешенді этиотропты және патогенездік негізделген емдеу жүргізу принциптері. Ауруханаға жатқызу тәртібі. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

29.Аденовирусты инфекция. Этиологиясы. Қоздырғыштары туралы қазіргі түсініктер. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Туындайтын асқынулары және олардың алдын алу. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.

30.Дезинфекция, дезинсекция және дератизация түрлері және қолдану тәсілдері.

31.Дифтерия.Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емі. Алдын алу. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

32.Ішек инфекцияларымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау ерекшеліктері.33.Індеттік бөртпе сүзек. Брилл – Цинссер ауруы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Індеттік бөртпе сүзегінің жұғу механизмдері. Патогенезі. Клиникасы. Асқынулары. Болжамы.Диагностикасы. Емі. Алдын алу.

34.Шок кезінде жасалынатын реанимациялық іс-шаралар негізі.

35.Геморрагиялық қызба (БСГҚ). Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Этиологиясы. Жұғу механизмі. Клиникалық белгілері. Асқынулар және олардың алдын алуы. Диагностика және салыстырмалы диагностикасы. Емі. Алдын алу

36.Жұқпалы аурулардағы эпидемиялогиялық анамнез жинау мен пациентті тексерудің маңызы

37.Оба.Аса қауіпті, карантиндік инфекция. Этиопатогенезі. Негізгі клиникалық көріністері. Диагностикасы мен күтім жасау ерекшеліктері. Клиникалық жіктемесі. Диагностикасы, емі. Айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Алдын алу.

38.Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар.

39.Туляремия – табиғи-ошақтық ауру. Этиопатогенезі. Негізгі клиникалық көріністері. Тексеру, емдеу және күтім жасау принциптері. Алдын алу.

40.Тілме. Этиологиясы, жіктемесі. Инфекция көзі. Клиникалық жіктемесі. Ағымының түрлері. Тексеру, емдеу және күтім жасаудың негізгі принциптері.

41.Емханалардың жұқпалы аурулар кабинеттері. Амбулаторияның жұқпалы аурулар қызметінің міндеттері мен мақсаттары.

42.Анафилактикалық шокта көрсетілетін жедел көмек.

43.АИТВ инфекциясы. Эпидемиологиясы. Пандемия туралы түсінік. Диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың негізгі принциптері. Науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. ЖИТС алдын алу.

44. Ағымдағы және түпкілікті дезинфекцияның маңызы.

45.Сіреспе. Қоздырғышының басты қасиеті. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Тексеру, емдеу және күтім жасаудың негізгі ерекшеліктері.

46.Ішек ойық жарасы тесілуінің клиникалық белгілері, осындай жағдайларда мейірбикенің атқаратын міндеттері.

47.Сібір жарасы. Инфекция көзі. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Жұғу жолдары. Негізгі клиникалық көріністері. Диагностикалаудың және емдеудің негізгі принциптері. Сібір жарасы ағымының клиникалық түрлері. Зертханалық диагностикасы. Емдеу. Оңалту. Алдын алу.

48.Жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емдеу принциптері.

49.Құтырма. Қоздырғышы. Жұқпалар көзі. Жұғу механизмдері. Негізгі клиникалық белгілері. Құтырманың алдын алуға арналған вакцинаны жасауда Луи Пастердің сіңірген еңбегі. Емдеу және күту қағидалары.

50.А және В вирусты гепатиттеріне қарсы вакцинация.

51.Серологиялық зерттеуге қан алу.  

52.Коллапс кезінде көрсетілетін жедел көмек

53.Биохимиялық анализге қан алу тәсілі.

54.Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу әдісі.

55.Ішектен қан кеткенде көрсетілетін жедел көмек.

56. Құсқанда көмек көрсету.

57. Ауыз арқылы регидратация жүргізу                             

58. Копрологиялық зерттеуге нәжіс алу.

59. Асқазанды жуу алгоритмі.

60. Ішек тесілу кезіндегі медбикелік көмек көрсету тәсілі.

61. Тұзды ерітінділерді енгізу, регидратация принциптері.

62. Ботулизмге қарсы сарысу енгізу алгоритмі.

63. Науқас пациентерді және аспаптарды ректороманоскопияға дайындау.

64.Бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі бар науқастарға күтім жасау ерекшеліктері

65. инфекциялық-уытты шок кезінде көрсетілетін жедел көмек.

66.  Қазақстан Республикасының егулер күнтізбесі.

67.Мұрыннан және тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу.

68.Демалу жеткіліксіздігінде көрсетілетін жедел көмек.

69.Құрысып-тырысуда көрсетілетін жедел көмек.

70. Тұмау ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізу және алдын алу. 71.Гипертермиялық синдромда көрсетілетін жедел көмек.

72.Обаға қарсы киімді кию және шешу тәртібі.

73.Құтыруда вакцинация жасау көрсеткіштері және тәсілі.

74.Тырысқақ ошағында өткізілетін шаралардың жоспарын құру.



75. АИТВ жұқтырған медицина қызметкерлеріне байланысты іс-әрекеттер.
жүктеу 19,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау