Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213



жүктеу 1,47 Mb.
бет7/18
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23130
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Қосымша:

  1. Клипина Т.Ю. Справочник медицинской сестры: справ.изд. – М., 2006г.

  2. Мухина С.А., Тарновская И.И, Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998г.

  3. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  4. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  5. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  6. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  7. Садикова Н.Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр.- Минск, 2002г.

  8. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  9. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  10. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  11. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов -на -Дону, 2003г.

  12. Приказ № 476 МЗ РК от 11.10.1999г «Об организации инфекционного контроля за ВБИ»;

  13. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  14. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  15. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  16. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  17. Апсатаров Э.А., Алмагамбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмагамбетов Б.Р., Гусман З.К., Хирургиялык аурулар, Алматы, «Санат»,1997г.

  18. Касенов Т.С., Дурманов К.Д., Жалпы хирургия жэне анестезология, Алматы, 1992г.

  19. Касенов Т.С., Жалпы хирургия, Алматы, 1992г.


7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.):

Тесттік сұрақтар:



І – нұсқа

1. Терминальді жағдайға жатады:

1) Талма

2) Агония алды жағдай

3) Коллапс

4) Жылу (күн) соққысы

5) Шок

2. Науқас жағдайының күттірмейтін реанимациялық шараларды жүргізуді талап ететін белгілеріне, мыналардың қайсысы жатпайды:



1) Сана сезімі болмауы

2) Қарашық реакциясы болмауы

3) Ұйқы артериясындағы пульстің болмауы

4) Тері жабындысының бозаруы, мұздай жабысқыш тердің басуы

3. Клиникалық өлім кезеңінің ұзақтығы ұзақтыңы қанша?

1) 1 – 2 минут

2) 5 – 6 минут

3) 6 – 12 минут

4) 12 – 15 минут

4. Клиникалық өлімге тән барлық белгілер, мынадан басқалары:

1) жүрек соққысының болмауы

2) көз қарашығының тарылуы

3) тері жабындысының бозаруы немесе цианоз

4) сана сезімінің болмауы

5) тынысалудың тоқтауы

5. ӨЖВ (өкпенің жасанды вентиляциясы) өткізудің кезектілігін анықтаңыз:

а) науқастың мұрнын екі саусақпен қысу

б) дем беру

в) науқастың басын артқа қарай шалқайту

г) терең тынысалуды орындау

д) үрлеуді орындау үшін науқастың аузына өз аузын тақау

6. Жалғыз реаниматордың реанимациялық шараларды орындау кезінде мына шартты ұстанған жөн:

1) 2 рет дем беру + 15 кеуде қуысының компрессиясын орындау

2) 3 рет дем беру + 18 кеуде қуысының компрессиясын орындау

3) 5 рет дем беру + 20 кеуде қуысының компрессиясын орындау

4) 1 рет дем беру + 5 кеуде қуысының компрессиясын орындау

5) 1 рет дем беру + 4 кеуде қуысының компрессиясын орындау

7. Биологиялық өлімге тән емес белгі

1) дененің мұздауы

2) мәйіт дақтарының пайда болуы

3) жарыққа қарашықтың реакциясы

4) мәйіттің қатуы (қозғалысқа келмеуі)

5) көздің мүйізді қабығының бұлдырлауы

8. Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде ең алғаш орындау қажет:

1) венаға түсу

2) тынысалу жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету

3) ми ісінуінен миды қорғау

4) ӨЖВ және жүрекке тікелей емес массаж жасау

9. Жүрекке тікелей емес массаж жасағанда оң (төменгі) қол қай жерге қойылады:

1) төстің бойымен параллельді бағытта, оның жоғарғы үштен бір бөлігіне

2) төстің бойымен перпендикулярлы бағытта, оның жоғарғы үштен бір бөлігіне

3) төстің бойымен параллельді бағытта, оның ортаңғы үштен бір бөлігіне

4) төстің бойымен параллельді бағытта, оның төменгі үштен бір бөлігіне

5) төстің бойымен перпендикулярлы бағытта, оның төменгі үштен бір бөлігіне

10. Ересек адамға ӨЖВ жасағанда бір минут ішінде қанша рет ауа үрлеу керек:

1) 8-10 рет минутына

2) 30-32 рет минутына

3) 12-16 рет минутына

4) 20-24 рет минутына
ІІ – нұсқа

1. Екі реаниматор реанимациялық шараларды орындау кезінде мына шартты ұстанған жөн:

1) 2 рет дем беру + 15 кеуде қуысының компрессиясын орындау

2) 3 рет дем беру + 18 кеуде қуысының компрессиясын орындау

3) 5 рет дем беру + 20 кеуде қуысының компрессиясын орындау

4) 1 рет дем беру + 5 кеуде қуысының компрессиясын орындау

5) 1 рет дем беру + 4 кеуде қуысының компрессиясын орындау

2. Ағзаның қайтымсыз өлу сатысына жатады:

1) клиникалық өлім

2) агония

3) биологиялық өлім

4) агония алды жағдай

3. Жүрек жұмысы тоқтауының негізгі симптомдарына жатады:

1) сана сезімді жоғалту

2) пульстің болмауы

3) көз қарашығының кеңеюі

4) диффузды цианоз

5) тыныстың болмауы

4. Клиникалық өлімге тән емес белгілер:

1) рефлекстердің болмауы

2) көз қарашығының кеңеюі

3) жүрек қызметінің болмауы

4) ұйқы артериясында жіп тәрізді пульстің болуы

5) тынысалудың тоқтауы

5. Агония алды жағдайға тән емес белгілер

1) тері және тері жабындысы қалыпты түсте

2) ұйқы артериясында жіп тәрізді пульстің болуы

3) беткейлі тынысалуы

4) жиі тынысалуы

5) АҚҚ 70 мм с. б. б. төмен болуы

6. Жүрекке тікелей емес массаж жасауға қарсы көрсеткіш болып саналмайды:

1) кеуде қуысынан жарақат алуы

2) массивті ауа эмболиясы

3) пневмоторакс

4) жүрек жұмысының кенет тоқтауы

5) жүрек тампонадасы

7. Өкпенің жасанды вентиляциясын орындау кезінде науқас басын неліктен артқа қарай шалқайтады?


  1. Реаниматор аузын науқас аузына жақындатуға ыңғайлы болуы үшін

  2. Тынысалу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етуі үшін

  3. Реаниматор аузы (мұрны) мен науқас аузы (мұрны) арасында жақсы герметизация болуы үшін

  4. Тыныслау жолдарының өтімділігін бөгеуі

  5. Аспирацияның алдын алу үшін

8. Жүректің өзін қысу арқылы жасалатын массаждың түрі қандай:

1) тікелей емес

2) тікелей

3) жасанды

4) механикалық

5) қолмен

9. ӨЖВ тиімділігінің дұрыс белгілерін атаңыз


  1. Өкпенің қарсыласуын сезіну

  2. Дем шығару кезінде шыққан ауа дыбысының естілмеуі

  3. Кеуде қуысының тынысалу кезінде көтерілуінің көзге көрінуі

  4. Кеуде қуысының дем шығару кезінде төмен түсуінің көзге көрінуі

  5. Дем шығару кезінде шыққан ауа дыбысының естілуі

Дұрыс жауап комбинацияны таңдаңыз:

А) 1, 2, 3, 4 Б) 1, 3, 4, 5 В) 2, 3, 4, 5 Д) 1,2,3,4,5

10. Сафардың үш әдісіне жатады:

1) науқас арқасымен жатыр, басы жанына бұрылған, төменгі жақ сүйегі алдыға қарай шығарылған

2) басы артқа қарай шалқайтылған, төменгі жақ сүйегі алдыға қарай шығарылған, аузы ашық

3) науқас арқасымен жатыр, басы алдыға қарай шалқайтылған, төменгі жақ сүйек жоғарғысына тақалған

4) науқас арқасымен жатыр, жауырын астына валик қойылған, төменгі жақ сүйек жоғарғысына тақалған

5) науқас бүйірімен жатыр, басы артқа қарай шалқайтылған, аузы ашық.


Ситуациялық сауалдар:

1. Көшеде өмір сүру белгілері жоқ адам табылды: есі жоқ, кеуде қуысының қимылы байқалмайды, ұйқы артериясында пульс сезілмейді, жүрек тондары естілмейді. Адамның тірі екенін қалай дәлелдеуге болады? Мұндай жағдайда қандай іс-шаралар атқару керек?

2. Аурухананың қабылдау бөліміне жол апатынан жарақат алған науқасты толық ес-түссіз жағдайда жеткізді. Мейірбикенің іс-әрекеті қандай болмақ?

3. Аурухананың реанимация бөлімінде дәрігер науқас өлімін айғақтады. 2 сағат уақыт өткен соң мейірбикенің іс-әрекеті қандай?

4. Мейірбике жазатайым оқиғаның куәгері болды. Ер адам жарақаттанды. Қарау кезінде тынысы жоқ. Мейірбике ретінде іс - әрекеті?

5. Мейірбике жол апатының салдарынан клиникалық өлім жағдайдағы адамға өкпенің жасанды вентиляциясын және жүрекке тікелей емес массажды 1 рет дем беріп, 5 рет кеуде қуысының компрессиясын орындады. Мейірбикенің орындаған іс - әр



3 сабақ

1. Тақырыбы: ҚР травматологиялық көмекті ұйымдастыру мен құрылымы. Травматологиялық науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Бас, кеуде қуысы, іш және қол-аяқ травмалары кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету алгоритмі.
2. Мақсаты: Студенттер жарақат алған науқастың мәселелерін анықтауға және оны шешуге травматологияда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау.

3. Окыту максаты:

Студент білуі қажет:



  • Травматология саласында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды;

  • Травматология бөлімінің жұмыс ерекшелігін;

  • ҚР травматологиялық қызметті ұйымдастыруды;

  • Бас, кеуде қуысы, іш және қол – аяқтың жарақаты кезінде алғашқы медициналық дәрігерге дейінгі көмекті көрсету принциптерін;

  • гипсті техниканың негізін;

Студент істей білуі тиіс:



  • симптомдар және синдромдардың айқын байқалуына байланысты травматологиялық науқастың жағдайын бағалауды;

  • жарақат түрін дұрыс анықтауды;

  • бас, кеуде қуысы, іш және қол – аяқ жарақаты кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету, транспортты иммобилизация, зақым алған аймаққа жұмсақ таңу жасау, жансыздандыруды;

  • стационар жағдайында травматологиялық науқастарға жалпы және арнайы күтімді іс жүзіне асыруды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • ҚР травматологиялық қызметті ұйымдастыру принциптері?

  • Жарақат дегеніміз не?

  • Травматология саласында мейірбикелік процестің ерекшеліктері.

  • Травматологиялық көмекті көрсету буындарын атаңыз.

  • Травматологиялық науқасты тексеру кезінде мейірбикенің атқаратын қызметі қандай?

  • Бас, кеуде қуысы, іш және қол – аяқтың механикалық жарақаттары.

  • Аталған жарақат орын алған кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсету алгоритмі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Тақырыптың негізгі сұрақтарын қолдана отырып, топтық-бағыттау әдісі және ми шабуылы әдісі бойынша тақырыпты талдау,

  • Оқытуды техникалық құралдарды қолдану (ПК, мультимедиялық проекторда тақырып презентациясын көрсету);

  • Ситуациялық есептерді шешу;

  • Тақырып бойынша тесттік сұрақтарды шешу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Барыкина Н.В. Сестринское дело в хирургии : учеб.пособие. – 5е изд. – Ростов н/Д: 2005г.

  2. Вязьмитина А.В. Медсестра хирургического профиля: практические навыки.- Ростов н/Д: 2002г.

  3. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии – Самара, 1998г.

  4. Кузнецова А.В., Сестринское дело в хирургии, М., 2000г.

  5. Шевченко А.А., Клинический уход за хирургическим больным, уч. пособие – М., 2008г.

  6. Евсеев М.А., Уход за больным в ирургической практике, уч. пособие – М., 2008г.

  7. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  8. Яромич И.В. Сестринское дело: учеб.пососбие.-6изд., испр.-М., 2007г.

  9. Общая хирургия В.К. Гостищев, изд. «Медицина», Москва, 1993, 1997, 2006гг.

  10. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии, А.,2001г.

Қосымша:

  1. Клипина Т.Ю. Справочник медицинской сестры: справ.изд. – М., 2006г.

  2. Мухина С.А., Тарновская И.И, Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998г.

  3. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  4. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  5. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  6. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  7. Садикова Н.Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр.- Минск, 2002г.

  8. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  9. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  10. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  11. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов -на -Дону, 2003г.

  12. Приказ № 476 МЗ РК от 11.10.1999г «Об организации инфекционного контроля за ВБИ»;

  13. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  14. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  15. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  16. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  17. Апсатаров Э.А., Алмагамбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмагамбетов Б.Р., Гусман З.К., Хирургиялык аурулар, Алматы, «Санат»,1997г.

  18. Касенов Т.С., Дурманов К.Д., Жалпы хирургия жэне анестезология, Алматы, 1992г.

  19. Касенов Т.С., Жалпы хирургия, Алматы, 1992г.



7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.):

Тесттік сұрақтар:

  1. Қарағанда анатомиялық бүтіндігі бұзылмаған мүше және жұмсақ тіннің жабық механикалық зақымдануы қалай аталады?

  1. сынық;

  2. шығу;

  3. жарылу;

  4. соғып алу;

  5. созылу.

  1. Сынықтың абсолютті симптомдар:

1) патологиялық жылжымалылық, сүйек сынықтарының крепитациясы;

2) буын беткейінің тым қатты ығысуы;

3) буында белсенді қимыл қозғалыстың болмауы және аз қозғалыс кезінде серіппелі қарсыласу;

4) ауырсыну, қол – аяқ осьінің өзгеруімен деформация;

5) буын конфигурациясының және қол – аяқ ұзындығының бұзылуы.

3. Кеуде қуысы жарақатын алған науқасты тексеру кезектілігін көрсетіңіз:

а) пальпация

б) жарақат алған ауру тарихы

в) сыртқы қарау

г) науқас шағымын жинау

д) перкуссия

1) а,д,в,б,г; 2) г,б,в,а,д; 3) б,г,в,а,д; 4) г,б,в,д,а; 5) г,б,а,д,в.

4. Көрсетілген жарақаттардың айыратын белгілері қандай:


  1. Кеуде қуысының шайқалуы

  2. Кеуде қуысының қысылуы

а) жалпы жағдайы шартты түрде қанағаттанарлық, гемодинамиканың көрсеткіштері тұрақты;

б) тыныс алу жиілігі өзгермеген;

в) тынысы ауық – ауық, үзілмелі (прерывистое);

г) тынысы везикулярлы;

д) жалпы жағдайы ауыр;

5. Кеуде қуысының жарақаты төменде көрсетілген қандай белгілерге сәйкес келеді?



  1. қабырғаның сынуы;

  2. кеуде қуысы мүшелерінің зақымдалуы;

а) гемоторакс;

б) крепитация симптомы;

в) қабырға аралық блокада жасағанда ауырсыну сезімінің басылуы;

г) іріңді медиастенит;

д) кеуде қуысының төмен түсуі;

6. Тотальді гемоторакс кезінде емдеудің қандай түрі қажет:

а) консервативті

б) оперативті

в) спецификалық

г) симптоматикалық

д) физиотерапевтикалық

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

1) а,б; 2) а,г; 3) а,в,д; 4) а,в,г; 5) а,в,г,д.

7. Бактериальді – уытты шоктың негізгі белгілеріне жатады:



  1. дене қызуының көтерілуі

  2. брадикардия

  3. қалтырау

  4. артериальді қан қысымның төмендеуі, олигурия

  5. пульстің жиіленуі.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

1) 1,3,4,5 2) 1,2,3,5 3) 2,3,4,5 4) 1,3,4 5) барлық жауап дұрыс

8. Сынық кезінде емдеу тәртібіне жатады:


  1. Асқынудың алдын – алу

  2. Функциональді емдеу (консервативті және оперативті)

  3. Рентгенологиялық зерттеу

  4. Емдік шаралар

5) репозиция

6) фиксация

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

1)1,2,3; 2) 2,3,5; 3) 1,5,6; 4) 2,4,6; 5) 3,4,5.

9. Жарақаттық токсикоздың тез арада даму көрінісі?

1) қол – аяқтың қысылуынан кейін дамиды;

2) қысылудан қол – аяқты босатқаннан кейін дамиды;

3) қол – аяқты босатқаннан 4 – 8 сағат өткен соң дамиды;

4) қол – аяқты босатқаннан 24 – 48 сағат өткен соң дамиды;

5) қол – аяқты босатқаннан 2 – 4 тәулік өткен соң дамиды.

10. Іштің жабық жарақаты кезінде қуысты мүшенің жарылуынан:

А) перитонит дамиды;

Б) гематурия дамиды;

В) кіші жамбас қуысында бос газ жиналады;

Г) диафрагма күмбезінің астында бос газ жиналады;

Д) гематоракс дамиды.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

1) А,Б; 2) Г,Д; 3) А,Г; 4) А,Б,В; 5) В,Д.


Ситуациялық сауалдар:

  1. Футбол ойыны кезінде қарсыласымен соқтығысқан жас адам сан жарақатын алды. Жалпы қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Оң саны қатты қанталанған, оң санының айналымы сол санына қарағанда 2см үлкен (бірдей деңгейде). Санының жұмсақ тінін пальпациялағанда ауырсыну сезімі байқалады, ауырсыну сезімі қимыл – қозғалыс жасағанда күшейеді. Өкшесін соққылағанда зақым алған аймақта ауырсыну сезімі күшеймейді.

Жұмсақ тіннің зақым алған түрін атаңыз? Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек шараларын атаңыз?

  1. 1,5м биіктіктен әйел адам құлады, ол кеуде қуысының сол жағын орындықтың арқасына ұрып алды. Шағымы: кеуде қуысының ауырсынуы, ауырсынудың терең тыныс алғанда күшеюі, жөтел. Жалпы қарағанда: тері жабындысы қалыпты түсте, тынысалу жиілігі минутына 18 – 20 рет. Тынысалу кезінде кеуде қуысының сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда қалып жатқаны байқалады. Пальпация кезінде – сол жақ төменгі қабырға бойында ауырсыну сезімі байқалады, жөтел және терең тынысалу кезінде күшейеді.

Осы адамда зақым түрі қандай? Госпитализацияны қажет етеді ме? Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек кезектілігін және көлемін атаңыз?

Әйел адам таудан шаңғымен түскен кезінде құлап қалды, сирақ аймағында бірден ауырсыну байқалды, қимылдаған кезде күшейеді. Аяғын нық басып тұра алмайды. Жалпы қарағанда: аяқ басы сыртқа қарай айналып кеткен, тері бүтінділігі бұзылмаған. Зақым түрі қандай? Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек шаралары қандай


4 сабақ

1. Тақырыбы: Хирургиялық операциялар. Хирургиялық операцияның кезеңдері. Операция түрлері. Операцияға дейінгі кезеңді ұйымдастыру. Операцияға дейінгі кезеңдегі мейірбике күтімінің ерекшеліктері.

2. Мақсаты: операция алдындағы кезеңде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау, талабын арттыру.

3. Оқыту максаты:

Студент білуі қажет:

- операцияға дейінгі кезеңде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері

- хирургиялық операциялардың анықтау және оның этаптарын;

- операция алдындағы кезеңді және оның сауалдарын ұйымдастыруды;

- мүше және жүйенің функциональді жағдайын бағалау критерийін;

- операция алдындағы кезең түрлерін: психологиялық, соматикалық, әлеуметтік;



- жас ерекшеліктері әр түрлі науқастарды операция алдындағы дайындық ерекшеліктерін;

Студент істей білуі тиіс:

- операция дейінгі кезеңде мейірбикелік үрдісті жоспарлау және ұйымдастыру;

- хирургиялық науқастың функциональді жағдайын бағалау;

- операция алдындағы дайындық бойынша науқастың мәселелерін анықтау;

- хирургиялық науқасты операция алдындағы дайындық бойынша жалпы жоспар құру;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Операцияға дейінгі кезеңде мейірбикелік үрдіс ерекшеліктері;

  • Хирургиялық операциялар жайлы түсінікті;

  • Хирургиялық операциялардың түрлері мен типтерін;

  • Хирургиялық операциялардың этаптарын;

  • Оперативті араласулардың түрлерін;

  • Операция алдындағы кезеңді және оның сауалдарын ұйымдастыруды;

  • Шұғыл және жоспарлы түрде орындалатын хирургиялық операцияларға науқастарды операция алдындағы дайындық ерекшеліктерін;

  • Жоспарлы операцияға науқасты дайындау кезіндегі физиотерапия күн тәртібі, емдік дене шынықтыру.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Тақырыптың негізгі сұрақтарын қолдана отырып, топтық-бағыттау әдісі және ми шабуылы әдісі бойынша тақырыпты талдау,

  • Оқытуды техникалық құралдарды қолдану (ПК, мультимедиялық проекторда тақырып презентациясын көрсету);

  • Ситуациялық есептерді шешу;

  • Тақырып бойынша тесттік сұрақтарды шешу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Барыкина Н.В. Сестринское дело в хирургии : учеб.пособие. – 5е изд. – Ростов н/Д: 2005г.

  2. Вязьмитина А.В. Медсестра хирургического профиля: практические навыки.- Ростов н/Д: 2002г.

  3. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии – Самара, 1998г.

  4. Кузнецова А.В., Сестринское дело в хирургии, М., 2000г.

  5. Шевченко А.А., Клинический уход за хирургическим больным, уч. пособие – М., 2008г.

  6. Евсеев М.А., Уход за больным в ирургической практике, уч. пособие – М., 2008г.

  7. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  8. Яромич И.В. Сестринское дело: учеб.пососбие.-6изд., испр.-М., 2007г.

  9. Общая хирургия В.К. Гостищев, изд. «Медицина», Москва, 1993, 1997, 2006гг.

  10. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии, А.,2001г.

жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау