Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213



жүктеу 1,47 Mb.
бет3/18
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23130
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Мейірбике жоғары білімімен жақын арада елдің денсаулық сақтау жүйесінің тірегі болады. Көптеген қызметтегі клиникалық бөлімшелер, ауруханалар т.б. стационар, емхана түріндегі емдеу мекемелерінің жұмыстары оның білімі мен ақылына, кәсіптік көзқарасына тәуелді.

Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша жоғары білімді мейірбикелерді дайындаудың бағыты болып әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы емдік – профилактикалық мекемелерде жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде хирургиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастырудың технологиясы есептеледі. Осыған байланысты жоғары білімді мейірбике ауруханаларда, емханада, травмалық пункт, санатория-профилактория қызметінің барлық клиникалық және параклиникалық бөлімшелері жұмысының ерекшелігін көрсете білу керек. Клиникалық және аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін білу керек. Хирургиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеудің жолдарын және тәсілдерін, реанимация бөлімшесіндегі науқастарға көмек беруді білу керек.

2.2 Пәннің мақсаты:

Хирургиядағы және реанимациядағы пациенттердің мәселелерін өз бетінше шешу үшін мейірбикелік процесті жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыру.



2.3 Оқытудың міндеттері:

  • студенттерге кең таралған хирургиялық патологияның негізгі көріністері жөнінде білім беру;

  • жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде мейірбикелік процесті жүзеге асыруды үйрету, бақылаудың жоспарын жасау, науқасқа керекті күтімді жасау;

  • ауруханаішілік инфекцияның алдын алу және науқастар мен қызметкерлер құрамын инфекция қаупінен сақтау үшін жаңа мейірбикелік технологияларды қолдануды үйрету;

  • хирургиялық бағыт мәселелері бойынша науқасқа және оның жанұясына кеңес беруге үйрету;

  • шұғыл хирургиялық жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

2.4.1 Студент білуі керек:

  • хирургия мен реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелері (РҚТБ), стационар мен емхана түріндегі медициналық кеңселердің шағын бөлімшелері және нақтамалық – көмекші қызметтерінің жұмыс ерекшеліктерін;

  • түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, РҚТБ, ауруханалардың операциялық шығынын, емханалардың хирургиялық бөлмелерін, травмалық пункттердің медициналық есепке алу – есеп беру құжаттарын, оны тағайындауды, жүргізу тәртібін;

  • клиникалық тәжірибеде кездесетін кең таралған хирургиялық аурулардың негізгі синдромдары және симтомдарын;

  • хирургиялық практикадағы шұғыл жағдайда симптомды ем жүргізу мен алғашқы медициналық көмек көрсету принциптерін;

  • клиникалық хирургиялық практикадағы диагностиканың негізгі әдістерін, хирургиялық науқасты диагностикалық зерттеудің әртүрлі түрлеріне дайындаудың ерекшеліктерін;

  • кең таралған хирургиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерін;

  • хирургиялық науқастарды оңалтудың сұрақтарын;

  • хирургиялық аурулардың алдын алуды;

  • онкологиялық жағдайда мейірбикелік процестің ерекшеліктерін, паллиативті көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

2.4.2 Cтудент үйреніп алуы қажет:

  • симптомдарының деңгейіне байланысты хирургиялық науқастың жағдайын бағалауды;

  • хирургиялық науқасты емдеудің жалпы жоспарын белгілеу мен тексеру бағдарламасын құруды;

  • хирургиялық аурудың алдын алуымен және емдеумен, диагностикасымен, байланысты барлық керекті қимыл – қозғалыстарды орындауды;

  • қажет жағдайда хирургиялық науқасқа көрсетілетін шұғыл көмектің көлемін анықтауды;

  • денсаулық жағдайының бағасына байланысты хирургиялық науқасқа медициналық, психологиялық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың бағдарламасын құруды;

2.4.3 Студент машықтануы қажет:

  • медициналық құжаттардың негізгі түрлерін дұрыс және уақытылы толтыруға;

  • хирургия мен травмотологияда шұғыл жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге;

2.5 РЕКВИЗИТКЕ ДЕЙІНГІ: Мейірбике ісінің негіздері, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі, клиникалық фармакология, медициналық психология.

2.6 РЕКВИЗИТТЕН КЕЙІНГІ: мейірбике ісіндегі менеджмент пен әкімшілік процесс, ЕПУ – дағы инфекцияны бақылау, төтенше медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық көмек.
2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1 кредит

Хирургия кіріспе. Жалпы медициналық білімдегі хирургиялық медицинаның мәні. Хирургияның даму тарихы. Хирургиялық бөлімшеде мейірбикенің жұмыс орнының ұйымдастырылуы, таңу және емшара бөлмесіндегі жұмыстың ерекшелігі. Асептика және антисептиканың Ресей мен Европада дамуы. Асептиканың қазіргі замандағы мәні. Қоздырғаштар, жұқпаның шығу көзі. Операциялық жазықты дайындау. Хирургтың қолын операцияға дайындаудың қазіргі әдістері. Дисмургия туралы түсінік. Жұмсақ таңғыштың түрлері. Қатты таңғыш түрлері. Жалпы жансыздандыру, жансыздандыру, түсініктемесі, оның түрлері. Ингаляциялық және ингаляциялық емес жансыздандыру. Наркоз кезіндегі асқыну және операциядан кейінгі ерте асқыну кезеңі, алдын алу, емі. Жергілікті жансыздандыру, түрлері және жергілікті жансыздандырудың амалдары. Қан кету синдромы, оларды құрайтын синдромдар. Гемостатикалық терапия. Қан құю тарихы. Қан қызметінің ұйымы. Донорлық қан топтары, оны анықтау. Резус – фактор және оны анықтау. Хирургиялық науқастарға және оның туыстарына кеңес берудің ерекшеліктері.



2 кредит

Реаниматология қызметінің басты міндеттері. Реанимация және қарқынды терапияның анықтамасы. Өмірге қажетті функцияларды тіркеу мен бақылауға арналған мониторлар. Дефибриляторлар, ауа ингаляторлы, респираторлар, құралдар жүргізу, спонтанды дем шығарудағы құрылғы, сорып алу жүйесі, сорғыштар. Жарақат, жарақаттық және жарақаттық шок туралы түсінік. Хирургиялық операциялар туралы түсінік. Хирургиялық операциялардың түрлері мен типтерін оқу.хирургиялық кезеңдері. Оперативті араласу түрлері. Операция алдындағы мейірбикелік күтім ерекшеліктері. Науқастың операциядан кейінгі күтімі, тері күтімі, ауыз қуысының гигиенасы, ойылудың алдын алу. Хирургиялық инфекция туралы түсінік. Жіктелуі. Тері асты, тіні, тіні мен тері аурулары. (фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона, тілменің қабынуы, линфангит, лимфаденит, флебит). Клиникалық көріністі. Емдеу принциптері. Сүйек және буын аурулары. Клиникалық көрінісі. Жергілікті және жалпы емдеу принциптері. Жалпы іріңді инфекция. Сепсис. Жіктелуі. Потогенезді. Клиникалық көрінісі.



3 кредит

Күйіктер. Жіктелуі. Госпитальға дейінгі алғашқы медициналық көмек, ерекшеліктері, тасымалдау. Шокқа қарсы ерте терапия. Термикалық зақымданған науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Потогенез. Негізгі клиникалық белгілер. Шұғыл көмек. Науқастарды арнайы күтудің ерекшеліктері. Суық жарақат. Жіктелуі. Госпитальға дейінгі алғашқы медициналық көмек, ерекшеліктері. Тасымалдау. Емдеу принциптері.

Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық аурулары. Аурудың осы тобының пайда болу себептері. Клиникалық симптомдары. Балаларда, жіті әйелдерде, егде жастағылардағы жіті аппендицит ағымының ерекшеліктері. Госпитальға дейінгі кезең тактикасы. Ұйқыбездің жіті ісінуі, жіті геморрагиялы панкреатит, іріңді жіті панкреатит. Пайда болу себептері. Бейімделу факторлары: ұйқыбез секреті ағып шығуының бұзылуы. Өндіруші факторлар: ұйқыбез секретін нейрогенді немесе гуморал стимуляция жасау – алкоголь, тамақты көп жеу, т.б. Негізгі клиникалық симптомдары. Ірі қантамырларының (эмболия, тромбоз, облитерация, аневризма) өткізгіштігінің бұзылуына алып келетін себептер. Негізгі клиникалық симптомы. Зерттеудің клиникалық және аспаптық әдістері.

«Бүйрек шаншуының» туындау себептері (даму ақаулары, қабыну процестері, ісіктер, несептас ауруы). Бүйрек пен паренхиманың қуыс жүйелерін зерттеудің клиникалық, аспаптық әдістері. Дизуриялық бұзылыс (поллакиурия, стангурия, ишурия, энурез). Туындау себептері.

Халыққа онкологиялық көмекті ұйымдастыру. Науқастарда «жаңа өспелер» синдромы кезінде мейірбикелік процесс ағымының ерекшеліктері.

Паразиттік аурулар. Алдын – алу. Тоғышарлық аурумен ауыратын науқастарды күту ерекшеліктері. Пластикалық операция және трансплантация туралы түсінік. Ағзалар мен тіндердің биологиялық ауыстыру жағдайлары және олардың сол жерде өсуі. Тіндік пластиканың типтері, реплантация, имплантация. Сүйек тіндерін, жүйкені, тамырларды, сіңір, бұлшықет және терінің пластикалық түрлерін үйрену әдістері.


2.8 Тақырыптық жоспар

2.8.1 Дәрістің тақырыптық жоспары


1 кредит



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

Хирургиялық, онкологиялық, реанимациялық және травматологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

2

Медициналық қызметкер мен науқастың инфекциялық қауіпсіздігі. Асептика. Антисептика.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

3

Анестезиологияның жалпы мәселелері. Жергілікті және жалпы наркоз жүргізу дайындығындағы мейірбике ролі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

4

Трансфузиологияның негізгі мәселелері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

5

Хирургиялық аурулар кезіндегі мейірбикелік процесс.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

Барлығы: 5 сағат

2 кредит



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

Реаниматология негіздері. Қарқынды терапия бөліміндегі мейірбикенің жұмысының ерекшелігі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

2

Ашық жарақаттар – жаралар. Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

3

Хирургиялық операциялар. Түрлері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

4

Жіті және созылмалы хирургиялық инфекция. Хирургиялық инфекциясы бар науқастардың күтімін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

5

Травматология негіздері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

Барлығы: 5 сағат

3 кредит



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

Күйіктер, үсіктер, олардың емі. Күйік

ауруы. Күйіп қалған ауруды таңу.



шолу – иллюстративті, өзекті.

1

2

Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

3

«Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

4

Хирургиялық клиникадағы паразитті аурулар. Паразитті аурулары бар науқастарды күту ерекшелігі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

5

Шұғыл хирургиялық жағдайда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің алгоритмі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

Барлығы: 5 сағат

Жалпы: 15 сағат


2.8.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары

1 кредит



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақты

Лығы

1

Аурухананың хирургия бөлімінің, емханадағы хирургия бөлмесінің құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылуы. Хирургиялық бөлімдерді жабдықтау. Хирургиялық бөлім, операция бөлмесінің жұмысындағы санитария – эпидемиологиялық режим ерекшеліктері. Асептика және антисептика.

Кіші топта жұмыс істеу, ауызша сұрақ, ситуацияны моделдеу


2

2

Жалпы жансыздандыру. Организмге наркозды заттың әсер ету механизмі (жансыздандырудың теориясы). Наркотикалық заттардың фармакодинамикасы. Наркоздың клиникалық ағымы. Наркоз берудегі мейірбикенің ролі.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекендерде машықтану, клиникалық жағдайларды талқылау

2

3

Қан кету және гемостаз. Қан кету кезіндегі науқасқа мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекендерде жұмыс істеу

2

4

Трансфузиология негіздері. Қан құю. Қан топтары. Резус – фактор. Қан құюдың түрлері. Қан құю кезіндегі реакциялар мен асқынулар. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекендерде жұмыс істеу, ситуацияны моделдеу

2

5

Хирургияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Түрлі хирургиялық аурулары бар науқастарды операцияға дейін және операциядан кейін жүргізудің негізгі принциптері.

Кіші топта жұмыс істеу, науқасты курациялау, науқастың төсегінде жұмыс істеу

2

Барлығы: 10 сағат

2 кредит



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақты

Лығы

1

Реаниматология және оның міндеттері. Реанимация және қарқынды терапия бөлімдерін жабдықтау. Құрал – саймандар пайдалану ерекшелігі және қауіпсіздік техникасы. Реанимация және терапия бөлімдерінің жұмыс тәртібі.

Кіші топта жұмыс істеу, ауызша сұрақ, ситуацияны моделдеу

2

2

Терминалды жағдай. Агонияалды, агония, клиникалық өлім. Жүрек - өкпелік реанимация. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекендерде жұмыс жасау, ситуацияны моделдеу

2

3

ҚР травмалық көмекті ұйымдастыру мен құрылымы. Травма алған науқастар үшін мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Бас, іш, аяқ – қол, кеуде травмалары кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету алгоритмі.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекенде жұмыс жасау

2

4

Хирургиялық операциялар. Хирургиялық операцияның кезеңдері. Операция түрлері. Операцияға дейінгі кезенді ұйымдастыру. Операцияға дейінгі кезеңдегі мейірбике күтімінің ерекшеліктері.

Видеофильм талқылау, кіші топта жұмыс істеу науқастың төсегінң алдында жұмыс жасау, курациялау

2

5

Хирургиялық инфекция. Тері, тері асты тіні, сүйек, буын аурулары. Жалпы ірінді инфекция. Сепсис. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекенде жұмыс істеу ситуацияны моделдеу

2

Барлығы: 10 сағат

3 кредит



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақты

Лығы

1

Термикалық зақымдануы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Күйік. Суық жарақат. Классификация. Госпитальға дейінгі кезеңде алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Тасымалдау. Емдеу принциптері.

Кіші топта жұмыс істеу, ауызша сұрау,науқас төсегі қасында жұмыс істеу

2

2

Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Іштеспесі» синдромы.

Кіші топта жұмыс істеу, муляжда, манекендерде жұмыс жасау, ауызша сұрау

2

3

«Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Кіші топта жұмыс істеу, муляждарда, манекендерде жұмыс жасау, ауызша сұрау

2

4

Диурез бұзылуы, несеп шығуының бұзылуы, «бүйрек шаншуы» бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Бүйрек шаншуы» синдромы.

Кіші топта жұмыс істеу, ауызша сұрау, ситуацияны моделдеу

2

5

Халыққа онкологиялық көмек көрсету. «Жаңа өспелер» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Кіші топта жұмыс істеу, ауызша сұрау, ситуацияны моделдеу

2

Барлығы: 10 сағат

Жалпы: 30 сағат

жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау