ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
АЛҚА
ӨКІМ
2015 жылғы «14» шілде
|
№ 65
|
Мәскеу қаласы
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің мазмұны және үлгілік құрылымы жөніндегі ұсынымдар туралы» шешімінің жобасы туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің мазмұны және үлгілік құрылымы жөніндегі ұсынымдар туралы» шешімінің жобасы (қоса беріліп отыр) мақұлдансын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынылсын.
Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
КЕҢЕС
ШЕШІМ
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің мазмұны және үлгілік құрылымы жөніндегі ұсынымдар туралы
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 3-тармағын (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 39-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің мазмұны және үлгілік құрылымы жөніндегі ұсынымдар бекітілсін.
2. Осы Шешім күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың әзірленуі басталған техникалық регламенттерінің жобаларына қатысты осы Шешіммен бекітілген Ұсынымдар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, оған өзгерістер енгізу және оның күшін жою тәртібі туралы ережеде көзделген мемлекетішілік келісу рәсімдері осы Шешім күшіне енген күні аяқталмаған жағдайда қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан
|
Беларусь Республикасынан
|
Қазақстан Республикасынан
|
|
Ресей
Федерациясынан
|
В. Габриелян
|
В. Матюшевский
|
Б. Сағынтаев
|
|
И. Шувалов
|
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 20 жылғы « »
№ шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
|
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің мазмұны және үлгілік құрылымы жөніндегі
ҰСЫНЫМДАР
1. Осы Ұсынымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне сәйкес әзірленді, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (бұдан әрі тиісінше – Одақтың техникалық регламенті, Одақ) мазмұны мен үлгілік құрылымын айқындайды және Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде ескеріледі.
2. Одақтың техникалық регламентінің атауында Одақтың техникалық регламентінің мазмұнын айқындау мақсатында Одақтың осы техникалық регламентінде міндетті талаптар белгіленетін негізгі өнім атауын көрсету орынды болады. Одақтың техникалық регламентінің атауын «қауіпсіздігі туралы» деген сөздермен аяқтау ұсынылады.
3. Бөлімдер, тармақтар, тармақшалар және абзацтар Одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементтері бола алады. Одақтың техникалық регламентінде қосымша сияқты құрылымдық элемент болуы мүмкін.
Бөлімдерді рим цифрларымен нүкте қойып белгілеу ұсынылады. Мәтіннің тиісті бөліктерінің мазмұнын көрсететін бөлімдердің атауларын көрсету ұсынылады. Бөлімдер тармақтарды қамтуы мүмкін. Тармақтардың атауларын көрсету қажет емес. Тармақтарды араб цифрларымен нүкте қойып нөмерлеуге және тармақшаларға бөлуге болады. Тармақшаларды жабатын дөңгелек жақша қойып әріптермен немесе араб сандарымен белгілеуге болады. Тармақтар мен тармақшаларды абзацтарға бөлуге болады.
4. Одақтың техникалық регламенті мынадай бөлімдерді қамтуы мүмкін:
«Қолданылу саласы»;
«Негізгі ұғымдар»;
«Өнімді сәйкестендіру қағидалары»;
«Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысы қағидалары және (немесе) пайдалануға енгізу қағидалары»;
«Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар»;
«Техникалық реттеу объектілерін Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ету»;
«Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау»;
«Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысын бірыңғай белгімен таңбалау»;
«Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер».
5. Одақтың техникалық регламенті ережелерінің мазмұны қисынды, заңдық тұрғыдан сауатты, стилистикалық және грамматикалық қателерсіз болуға тиіс. Одақтың техникалық регламентінде міндетті талаптар оларды әрқалай түсіндіру ықтималдығын болдырмау үшін дәл әрі айқын болуы тиіс.
Одақтың техникалық регламентінде Шартта, сондай-ақ Одақ шеңберінде жасалған басқа да халықаралық шарттарда белгіленіп қойған қағидаларды қайталамаған жөн.
Одақтың техникалық регламентінде үшінші елдердің немесе өзге интеграциялық бірлестіктердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың стандарттары мен актілеріне сілтеме келтіруге жол берілмейді.
Одақтың техникалық регламентінде халықаралық шарттарға немесе келісімдерге, егер Одаққа мүше барлық мемлекеттер мұндай халықаралық шарттар мен келісімдердің қатысушылары болып табылған жағдайда, сілтемелер келтіруге жол беріледі.
6. Одақтың техникалық регламентінің «Қолданылу саласы» деген бөлімінде техникалық реттеу объектілері мен Одақтың техникалық регламентінің қолданылу саласын айқындау қажет, сондай-ақ Одақтың техникалық регламентін әзірлеу мақсатын көрсеткен орынды.
Одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін, өнімнің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі – бірыңғай өнім) енгізілген өнім немесе бірыңғай тізбеге енгізілген өнім және мұндай өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), шығару, құрылыс, монтаждау, ретке келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру және кәдеге жарату процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Техникалық реттеу объектілерін Одақтың техникалық регламенті қолданылуының болжамды саласын ескере отырып, оларға тән тәуекелдерді талдау негізінде айқындау орынды болады.
Одақтың техникалық регламентінің талаптары қолданылатын өнім Одақтың техникалық регламентінде өнімге тән ерекшеліктерді (оның ішінде ерекшеліктер сипаттамасын, физикалық шамаларды, өнімді сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді және басқаларды) қоса алғанда, сәйкестендіруші белгілерді көрсету және (немесе) Одақтың техникалық регламентінің талаптары қолданылатын (қолданылмайтын) өнімнің тізбесін келтіру арқылы айқындалады.
Одақтың техникалық регламентінің талаптары қолданылатын (қолданылмайтын) өнім тізбесінің елеулі көлемі болған кезде Одақтың техникалық регламентіне қосымшада осындай тізбелерді келтіруге жол беріледі.
Одақтың техникалық регламентінің қолданылу саласын айқындау кезінде Одақтың техникалық регламентінің «Қолданылу саласы» деген бөлімінде Одақтың техникалық регламентінің қолданысы Одақ нарығында айналысқа шығарылатын жаңа өнімге, бұрын айналысқа шығарылмаған (пайдалануға енгізілмеген) өнімге, оны жаңғырту кезінде пайдаланудағы өнімге, бұрын пайдаланылған өнімге қатысты болады (қатысты болмайды) деп белгілеуге болады, сондай-ақ негізделген жағдайларда техникалық реттеу объектілерін сипаттайтын қауіпті факторлар көрсетілуі мүмкін.
Одақтың техникалық регламентінің «Қолданылу саласы» деген бөлімінде техникалық регламенттің қолданылу саласын айқындау кезінде Одақтың техникалық регламентінің қолданысы орауға, таңбалауға, затбелгілерге және оларды салу қағидаларына, санитариялық талаптар мен рәсімдерге, сондай-ақ жалпы сипаттағы ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптарға және техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптарға, егер көрсетілген талаптар мен рәсімдер Одақтың техникалық регламентінің өзге бөлімдерінде келтірілген жағдайда, қатысты болатынын да көрсету орынды болады.
Қажет болған кезде Одақтың техникалық регламентінің «Қолданылу саласы» деген бөлімінде Одақтың әзірленетін техникалық регламентінің Одақтың басқа да техникалық регламенттерімен өзара байланысы көрсетілуі мүмкін.
7. Одақтың техникалық регламентінің «Негізгі ұғымдар» деген бөлімінде Одақтың техникалық регламентінде пайдаланылатын негізгі ұғымдардың анықтамаларын келтіру қажет.
Одақтың техникалық регламентінің көрсетілген бөлімінде келтірілген ұғымдардың анықтамалары ұғымдарды әртүрлі түсіну ықтималдығын болдырмау үшін дәл әрі айқын жазылуға тиіс және Одақтың техникалық регламентінің ережелерін біркелкі түсіну мен бірізді қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл ретте ұғымның мазмұнын ашу кезінде оның барлық белгілерін емес, қисынды конструкциясын жинақы әрі дәл етіп құрастыра отырып, елеулі белгілерін ғана көрсету қажет.
Тиісті анықтамалар берілген ұғымдар әліпби ретімен келтіріледі.
8. Одақтың техникалық регламентінің «Өнімді сәйкестендіру қағидалары» деген бөлімінде өнімді Одақтың техникалық регламентінде міндетті талаптар белгіленген және сәйкестендіруші белгілер келтірілген өнімге жатқызу мақсатында өнімді сәйкестендіру қағидаларын белгілеу орынды болады.
Сәйкестендіруші белгілерге өнімнің атауы, өнімнің немесе өнім тобының түрін, қасиеттер сипаттамалары (оның ішінде органолептикалық қасиеттерін) қамтитын өнімге тән қасиеттер, өнімді сипаттайтын физикалық шамалар, параметрлер, көрсеткіштер (оның ішінде олардың сандық мәндері) және өнімді Одақтың техникалық регламентінің міндетті талаптары белгіленген өнімге бірден жатқызу мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да белгілер жатады.
Одақтың техникалық регламентінің «Өнімді сәйкестендіру қағидалары» деген бөлімінде өнімді сәйкестендіруді жүргізетін адамдар тобы белгіленеді, сондай-ақ өнімді сәйкестендіру жүргізудің тәсілдері және (немесе) әдістері көрсетілуі мүмкін. Сәйкестендіру жүргізу тәсілдеріне, оның ішінде құжаттама бойынша сәйкестендіру тәсілін, сынама алу немесе сынақ арқылы сәйкестендіру жүргізу тәсілдерін, сәйкестендіру жүргізу әдістеріне құралдық, органолептикалық, көрнекі әдістерін жатқызуға болады,
9. Одақтың техникалық регламентінің «Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысының қағидалары және (немесе) пайдалануға енгізу қағидалары» деген бөлімінде өнімді Одақ нарығына айналысқа шығару қағидаларын, Одақтың өнімге қатысты техникалық регламенті қолданылатын оның айналысы және (немесе) оны пайдалануға енгізу қағидаларын белгілеген жөн.
Көрсетілген бөлімде белгіленген Одақ нарығында өнім айналысы қағидаларын және (немесе) пайдалануға енгізу қағидаларын, өнімді Одақ нарығына шығаруға қойылатын талаптарды, өнімді айналысқа шығаратын немесе оны пайдалануға енгізетін тұлғалардың міндеттерін, оның ішінде өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі, мүдделі тұлғаларға өнімнің Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беру, өнімнің конструкциясына (рецептурасына) енгізілген өзгерістер, өнім өндіруді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат беру, Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді, сондай-ақ Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың қолданылуы тоқтата тұрылған немесе тоқтатылған өнімді айналысқа шығару және оның айналысы және т.б. бөлігіндегі міндеттерін қамтуы мүмкін.
10. Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде халықаралық стандарттарды (халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидаларды, директиваларды, ұсынымдарды және өзге құжаттарды) талдау нәтижелерін ескере отырып, Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілерінің құрамы мен жалпы сипаттамасының негізінде техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптарды, ал олар болмаған немесе Одақтың техникалық регламентін қабылдау мақсатына сәйкес келмеген, оның ішінде климаттық және географиялық факторлар немесе технологиялық және басқа да ерекшеліктер салдарынан болған жағдайда, соның негізінде Одақтың техникалық регламентінің жобасы әзірленетін өңірлік құжаттарды (регламенттерді, директиваларды, шешімдерді, стандарттарды, қағидаларды және өзге құжаттарды), ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды, ұлттық техникалық регламенттер мен олардың жобаларын белгілеу қажет.
Көрсетілген бөлімде Одақтың осы техникалық регламентінің «Қолданылуы саласы» деген бөліміне сәйкес Одақтың әзірленетін техникалық регламенті қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне қатысты талаптар белгіленуі мүмкін.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде:
орауға, таңбалауға, затбелгілерге және оларды салу қағидаларына қойылатын талаптар;
санитариялық талаптар мен рәсімдер;
жалпы сипаттағы ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптар;
Одаққа мүше мемлекеттерге тән климаттық және географиялық факторларға немесе технологиялық ерекшеліктерге байланысты және тек Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында ғана қолданылатын ерекшеліктерді көрсететін арнайы талаптар;
Одақтың техникалық регламенттерінде зиян келтірудің тәуекел дәрежесін есепке ала отырып, өнімге немесе өнімге және өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын арнайы талаптар, азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, мүгедектерді) қорғауды қамтамасыз ететін терминологияға, орамға, таңбалауға, затбелгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар қамтылуы мүмкін.
Техникалық реттеу объектілеріне тән тәуекелдерді ескере отырып, талаптарды жазуға қатысты тәсілдерге байланысты Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде техникалық реттеу объектілерінің қауіпті факторларының тізбесі мен олардың сипаттамасын, сондай-ақ Одақтың техникалық регламентінің жалпы түрде белгілену мүмкін және сандық мәндерді қоса алғанда, көрсеткіштердің нақты мәндерін қамтитын техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптарды қамтуы мүмкін.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде сандық мәндерді қоса алғанда, көрсеткіштердің нақты мәндерін белгілеген кезде Халықаралық бірліктер жүйесіне (СИ) сәйкес шамалар бірлігін немесе Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын шамалардың жүйеден тыс бірліктерінің тізбесіне сәйкес шамалар бірліктерін, олардың Комиссия бекітетін Халықаралық бірліктер жүйесіне (СИ) арақатысын қоса алғанда, қолдану қажет.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» бөлімінде пайдалану процесіне қойылатын талаптарды белгілеу кезінде пайдалану құжаттамасының мазмұнына қойылатын талаптар да енгізілуі мүмкін.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде кіші бөлімдер қамтылуы мүмкін, оларда Одақтың техникалық регламентінің жекелеген техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар белгіленеді.
Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптардың елеулі көлемі кезінде оларды Одақтың техникалық регламентіне қосымшаларда келтіруге рұқсат етіледі.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар белгіленіп қойған Одақтың қабылданған техникалық регламенттеріне сілтемелерде көрсетілуі мүмкін.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімінде Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сілтемелерін пайдаланбау ұсынылады.
Одақтың техникалық регламентінде, Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнім конструкциясына қойылатын талаптар, егер мұндай талаптарды белгілеу адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірін және (немесе) денсаулығын қорғауға, тұтынушыларды шатастыруға әкелетін әрекеттерді болдырмауға, сондай-ақ энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді қамтамасыз етуге қажет болған жағдайларды қоспағанда, қамтылмауға тиіс.
Егер Одақтың техникалық регламентінде Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнім конструкциясына қойылатын талаптарды белгілеу адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін және (немесе) денсаулығын қорғауға, тұтынушыларды шатастыруға әкелетін әрекеттерді болдырмауға, сондай-ақ энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді қамтамасыз етуге қажет болған жағдайда, «Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар» деген бөлімде мұндай талаптарды тікелей келтіруге рұқсат етіледі.
11. Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілерін Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ету» деген бөлімінде техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету шарттарын, оның ішінде сәйкестікті қамтамасыз ету халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттарды, олар болмаған жағдайда, ерікті қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламентінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін негізде немесе техникалық реттеу объектілерінің ерекшеліктерін ескеретін өзге де тәсілмен ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды ерікті негізде қолдану арқылы негізделген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкіндігі туралы ереже белгілеу орынды болады.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілерін Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ету» деген бөлімінде техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшем әдістері халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттарда, ал олар болмаған жағдайда, зерттеулер (сынақтар) қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттарда белгіленеді.
12. Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау» деген бөлімінде:
техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемалары мен рәсімдерін;
техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде өтініш берушілер тобын;
сәйкестікті бағалау жүргізу кезінде өтініш беруші қалыптастыратын дәлелдеме материалдардың кешенін;
сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу мерзімдерін;
Еуропалық экономикалық комиссияның актілеріне сәйкес сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды тіркеу мен ресімдеуге қатысты ережелерді (қажетіне қарай);
сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданысын ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату рәсімдері мен шарттарын (қажетіне қарай) белгілеген орынды.
Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау» деген бөлімінде сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары және рәсімдері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу туралы хаттаманың (Шартқа № 9 қосымша) 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемаларының негізінде белгіленеді.
Сәйкестікті бағалау нысандары мен схемаларын таңдау қауіпті факторларды ескере отырып және Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілеріне тән тәуекелдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
Егер Одақтың бұрын қабылданған техникалық регламенттерінде Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілеріне қатысты сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары және рәсімдері белгіліп қойған болса, Одақтың техникалық регламентінің «Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау» деген бөлімінде сәйкестікті бағалаудың ұқсас нысандарын, схемаларын және рәсімдерін белгілеген орынды.
13. «Одақтың техникалық регламентінің Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналымын бірыңғай белгімен таңбалау» деген бөлімінде Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісін түсіру қағидаларын, шарттарын және тәсілдерін келтіруге болады, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісін таңбалау жүзеге асырылатын кезең көрсетілуі мүмкін.
Қажет болған кезде Одақтың техникалық регламентінің «Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысын бірыңғай белгімен таңбалау» деген бөлімінде де Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалау оның Одақтың оған қолданылатын барлық техникалық регламенттеріне сәйкестігі көрсетіледі.
14. Одақтың техникалық регламентінің «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер» деген бөлімінде Одақтың техникалық регламентін қолданысқа енгізу тәртібі мен өтпелі ережелер айқындалады.
Көрсетілген бөлімде Одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолданысқа енгізу тәртібі мен белгіленетін өтпелі ережелерде:
Одақтың техникалық регламенті күшіне енген күнге дейін Одақ құқығына кіретін актілерде немесе Одаққа мүше мемлекеттің Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған заңнамада белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданыс мерзімдері;
Одақ құқығына кіретін актілерде немесе Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіру және айналысқа шығару мерзімдері мен шарттары;
Одақ құқығына кіретін актілерге немесе Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одақтың техникалық регламенті күшіне енген күнге дейін сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын, Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіру және шығару мерзімдері мен шарттары;
өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
15. Елеулі көлем жағдайында Одақтың техникалық регламентіне қосымшаларда:
Одақтың техникалық регламентінің қолданысы қатысты болатын (қатысты болмайтын) техникалық реттеу объектілерінің тізбесі;
Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптар;
Одақтың техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілеріне тән қауіпті факторлардың тізбесі;
өзге де ережелер келтірілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |