Жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарлама жобасы



жүктеу 3,49 Mb.
бет2/10
Дата20.05.2018
өлшемі3,49 Mb.
#14928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



1. Төлқұжат




Атауы

2016-2020 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіз



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы», 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ары қарайғы қызмет жасауының кейбір мәселелері туралы», 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 «2020 жылдарға дейінгі еліміздің аумақтық-кеңістік даму сызбасын болжау бекіту туралы», 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық дамуы», 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 «2015-2019 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновационалдық дамудың мемлекеттік бағдаралмасы» Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің – Ұлттық Көшбасшыс Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына: «2050- Қазақстанның Стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты», 2014 жылғы 17 қаңтардағы «2050 Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ», Ұлт жоспары - 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 қадам Жолдауы.

Қаланың негізгі сипаттамалары

Өскемен қаласы – Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік, мәдени және әкімшілік орталығы.Өскемен қаласының негізі 1720 жылы қаланған, Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс және Үлбі өзендерінің қосылысында орналасқан және 54,3 мың. га.алаңшаны алады. Тұрғындардың саны 335,7 мың адам. Өскемен қаласының аумағына жеті ауылмен Меновной ауылдық округі: Ахмер, Жаңа-Ахмер, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновной, Ново-Троицкое, Прудхоз кіреді.

Экономиканың базалық саласы түсті металлургия, сонымен машина құрылысы және металл, химия, ағаш өңдеу және азық-түлік өнеркәсібі кіреді.



Бағыты

Өңірлік экономика;

Әлеуметтік сала;

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік;

Инфрақұрылым;

Экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызметтер.



Мақсаты


1) Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

2) Өнеркәсіптің басымды секторын дамыту;

3) Қала экономикасына инвестиция ағымын ынталандыру;

4) Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

5) Ішкі сауданың динамикалық дамуы;

6) Туризм индустриясын дамыту;

7) Орта білім берудің сапасын арттыру;

8) Мектепке дейінгі оқу және тәрбиелеумен балаларды қамту;

9) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

10) Тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту;

11) Тұрғындардың жұмыспенқамту шараларын жоғарылату;

12) Тұрғындардың әлсіз санатын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

13) Отандық мәдениетті сақтау және әйгілеу;

14) Бұқаралық спортты дамыту;

15) Қазақстан халқының бірігу факторы ретінде толерантты тіл ортасын құру;

16) Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету және этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту;

17) Көшелерде тиісті қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысын қамтамасыз ету;

18) Аумақтарды теріс төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету;

19) Тұрғындарды қол жетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

20) Тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету;

21) Автожол саласының инфрақұрылымын дамыту және елді мекендер арасында көліктік байланысты қамтамасыз ету;

22) Елді мекендерде тұрғындарды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

23) Тұрмысты қатты қалдықтарды жинау жүйесін жетілдіру, өңдеу және кәдеге жарату;

24) Ауылшаруашылық маңызды жерлерге ауылшаруашылық маңызды айналымды тарту;

25) Қоршаған ортаға шығарындылардың төмендеуі;

26)Азаматтар және ұйымдар үшін мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін арттыру.



Нысаналы индикаторлар

1) 103,4 % есеге дейін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсім қарқыны ;

2) 103,8 % есеге дейін өңдеуші өнеркәсіпті шығару табиғи индекс көлемін ұлғайту;

3) 105 % есеге дейін металлургиялық өнеркәсіптің табиғи индекс көлемі;

4) 103 % есеге дейін дайын металл бұйымдар, машина және жабдықтан басқа өндіріс көлемінің табиғи индексі;

5) 125 % дейін машина жасау өнім өндірісінің табиғи индекс көлемі;

6) 103,6 % дейін металды емес басқа минералды өнім өндірісінің табиғи индексі;

7) 101,7 % дейін химия өнімдерінің өнім өндірісінің табиғи индексі;

8) 103,5 % дейін жеңіл өнеркәсіп өндірісінің табиғи индекс көлемі;

9) 100,8 % дейін негізгі фармацевтикалық өнім өндірісінің табиғи индексі;

10) 101,2 % дейін негізгі капиталға инвестиция көлемінің табиғи индексі;

11) 106,4 % дейін – тұрғындардың жан басына негізгі капиталға инвестиция;

12) 4,8 % дейін негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі сыртқы инвестиция үлесі;

13) 14,4 % дейін инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі;

14) 105 % дейін ауылшаруашылық өнімінің табиғи индекс көлемін ұлғайту;

15) 105,7 % дейін мал шаруашылығы өнімінің табиғи индексі;

16) Ұйымдастырылған шаруашылықта ірі мүйізді және ұсақ мүйізді мал басының үлесі:

- ІҚМ – 34 %;

- ҰМҚ – 30 %;

17) 11 % дейін тұқымдас айналдыруға қатысатын, ірі мүйізді және ұсақ мүйізді мал басының үлесі, ІҚМ;

18) 101,5 % дейін өсімдік шаруашылығының табиғи индексі;

19) 110 % есеге дейін –тұрғындар санының өсімі;

20) 116 % дейін былтырғы жылмен салыстырғанда ішкі туризм орналасқан жерлер бойынша (резидент) аралаушылар санын ұлғайту;

21) 105,8 % дейін былтырғы жылмен салыстырғанда көшпелі туризм (резидент емес) орналасқан жерлерге қызмет көрсетушілер санын ұлғайту;

22) 107 % дейін былтырғы жылмен салыстырғанда, тәуліктік-төсек ұсынуды ұлғайту;

23) 100 % дейін мемлекеттік нормативтік желіге сәйкес жалпы орта білім берудің жұмыс жасалуын қамтамасыз ету;

24) 61,2 % дейін табиғи-математикалық пәндер бойынша мектеп түлектерінің арасында білім беруді игерген (өта жақсы/жақсы) оқушылардың үлесі;

25) 100 % дейін (3-6 жас) мектептке дейінгі оқу және тәрбиелеумен балаларды қамту;

- оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымдардың желісін 26,9 % дейін дамыту;

26) 56 % дейін 14 тен 29 жастағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын тұрғындардың қанағаттану деңгейі;

27) 101,1 % дейін тұрғындар санының өсімі;

28) 10,5 жағдайға дейін 100 мың тірі туылғандарға ана өлімін төмендету;

29) 9,2 жағдайға дейін 1000 тірі туылғандарға сәби өлімін төмендету;

30) 152,1 жағдайға дейін – 100 мың тұрғындарға, қатерлі ісік аурулардан өлімді төмендету;

31) 0,2-0,6 %-2,01 % шегінде, 15-49 жас тобындағы адамдардың имунно тапшылығының вирусын тарату;

32) 4,3 жағдайға дейін – туберкулезден өлімді төмендету;

33) 4980 дейін – құрылған жұмыс орындарының саны;

34) 78,8 % дейін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша тұлғалар санын жұмысқа орналастырылғандың үлесі;

35) 31,5 % дейін – атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын жұмысқа қабілеттілердің үлесі;

36) 100 % дейін арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған ( оларды алуда мұқтаж, тұрғындардың жалпы санынан) тұлғалардың меншік үлесі;

37) 17,7 % дейін жеке секторлы субъектілермен ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған, тұлғалардың (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) үлесі;

38) 1000 адамға мәдениет ұйымдарына келушілер (аралаушылардың) орташа саны 1000 адамға – 158 мың адамға дейін, оның ішінде кітапхана пайдаланушылары – 51,9 мың адам;

39) 31,7 % дейін дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту;

40) 32,6 % дейін балалар және жасөсіпірімдердің жалпы санынан балалар-жас өспірімдер спорттық мектептері, дене шынықтыру дайындық спорттық клубтарда дене шынықтыру және спортпен айналысатын, 7 ден 18 жастағы балалар және жас өспірімдерді қамту;

41) 69 % дейін мемлекеттік тілді игерген, ересек тұрғындардың үлесі;

42) 7,5 % дейін ағылышын тілін меңгерген, ересек тұрғындардың үлесі;

43) 6,5 % дейін үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген, ересек тұрғындардың үлесі;

44) 75 % дейін конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын тұрғындардың үлесі;

45) 15 % дейін көшеде жалсаған, қылмыстың меншік үлесі;

46) 3,8 % дейін кәмелетке толмағандармен жаслаған, қылмыстың меншік үлесі;

47) 52 % дейін бұрын жасалған, қылмыстың меншік үлесі;

48) 2,1 дейін – 100 зардап шеккенге, ЖҚО қайтыс болғандар санын ұлғайту;

49) 1,5% дейін - тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткі қылмыстарының үлесінің төмендеуі;

50) 70 % дейін төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылыммен қамтымдылық деңгейі;

51) 34,5 бірлікке дейін 100 тұрғындарға белгіленген телефон байланысының тығыздылығы;

52) 85 % дейін Ғаламтор пайдаланушыларының тығыздылығы;

53) 85 % дейін – тұрғындардың сандық сауаттылық деңгейі;

54) 238,86 мың ш.м дейін – енгізілген тұрғын үйдің жалпы алаңшасы;

55) 97,7 % дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұрған, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі;

56) 0 % дейін– автокөліктік қатынастармен елді мекендердегі қамтылған жолаушылардың үлесі;

57) 30 % дейін күрделі жөндеуді қажет ететін, кондоминиум нысандарының үлесін төмендету, соның ішінде «екінші деңгейдегі» қалаларда – 30 % дейін;

58) Қалаларда орталықтанған қол жетімділік

100 % дейін суменқамту;

100 % дейін суды бұру;

59) елді мекендерді орталықтанған суменқамтуға қол жетімділік;

100 % дейін суменқамту;

100 % дейін суды бұру;

60) жалпы ұзындықтан, жаңғыртылған жылуменқамту желілердің үлесі

-0,6 % дейін жылуменқамту;

-0,54% дейін электрменқамту;

61) жаңғыртылған/құрастырылған желілер ұзындығы:


61.1. «екінші деңгейдегі» қалаларда

-1,8 км.дейін - жылуменқамту;

-99,3 км. дейін - суменқамту;

-0,95 км. дейін суды бұру;

61.2. ауылдық мекендерде:

-25 км. дейін - суменқамту;

-25 км. дейін суды бұру;

62) Қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілердегі апаттылықтың азаюы, 1 шақырым желіге апаттардың саны

62.1. «екінші деңгейдегі» қалаларда

- 0,2 км. дейін - суменқамту;

- 0,01 км. дейін суды бұру;

62.2. ауылдық мекендерде:

- 0,1 км. дейін - суменқамту;

- 0,01 км. дейін суды бұру;

63) 100% - ға дейін – қалаларда су айдындарына шығаратын кезіндегі нормативтік тазартылған ағын сулардың үлесі, соның ішінде «екінші деігейдегі» қалаларда - 100% - ға дейін.

64) 0,03 % дейін кәдеге жаратлыған тұрмысты –қатты қалдықтардың үлесі;

65) 85 % дейін республикалық маңызды облыс, қаланың қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша астаналық қызмет қамту;

66) 4,8 % дейін экологиялық талаптар және санитарлық ережелерге сәйкес, тұрмысты қатты-қалдықтарды орналастыру нысанның үлесі (көму орындарының жалпы саны) ;

67) 63,5 % дейін ауылшаруашылық маңызды жерлерді ауылшаруашылық айналымға енгізілгендердің үлесін ұлғайту;

68) 100 %дейін егістік жерлер құрамында себу айналымының үлесі (егістік себу);

69) 100 % дейін табиғи жайылымдар құрамында (жемдік айналым) жайылым айналымның үлесі;

70) Газбен жабдықталған авто көліктердің саны - 10 мың бірл. дейін.;

70) 91 % дейін – жергілікті атқару органдары көрсететін қызметтің сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру;

71) 80 % дейін құжат айналымның жалпы үлесінен электрондық құжат айналымның үлесі.




Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көзі: республикалық, облыстық және қалалық бюджет, тартылған жеке қаражаттар, заемды қаражаттар.

Қаржыландыру көлемі:

барлығы – 2 148 718,5 млн. теңге, оның ішінде:

2016 ж. – 292 238,6 млн. теңге;

2017 ж. – 358 312 млн. теңге;

2018 ж. – 375 161,7 млн. теңге;

2019 ж. – 545 275,5 млн. теңге;

2020 ж. –577 730,7 млн. теңге;




2. Ағымдағы жағдайға талдау.

Өскемен қаласы Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс және Үлбі өзендерінің қосылында орналасқан және 54,7 мың. га.алаңшаны алады (Шығыс Қазақстан облысы аумағының 2 %).

2017 жылдың басына қала тұрғындарының саны 335,7 мың тұрғынды (облыс тұрғындарының жалпы санынан 24,2 %) 1 шаршы метрге тұрғындардың тығыздылығы 614 адамды құрайды.

Облыстық орталығының әкімшілік-аумақтық құрылымына адам саны 11,8 мың 7 ауылдар кіреді.

Қаланыңурбанизация деңгейі орташа облыстық деңгейден жоғары1 – халықтың - 96,5%қалада тұрады, халқының қалған 3,5% - ауылдарда.2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін қала халқының үлесі өзгерген жоқ.

2014 жылдан бастап 2016 жылғадейінгі кезеңінде халық саны 6,9 мың адамға немесе 2,1% - ға өсті, оның ішінде: жас ерекшелігі 65 жастан асқан халықтың саны 1,3 мың адамға артты, 0 ден 19 жас санаты – 3 мың адамға, жұмысқа қабілетті жастағы халық саны – 7,5 мың адамға артты.

3 жыл ішінде еңбекке жарамды санаттағы халық санының өсуінде, 20-35 жыл арасындағы жастар санының 0,9 мың адамға азаюы байқалатынын атап кеткен жөн.

Халықтың табиғи өсімі 1945 адамды құрады. Демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі факторларбала туу көрсеткіші жоғарылығы болып табылады– 16,6 (облыс бойынша – 16,4), өлімнің жоғары деңгейі – 10,7 (облыс бойынша-10,5).

Әйелдер үлесі – 54,7 %, еркектер үлесі – 45,3 %. Бұл ретте, ұрпақты болу жасындағы әйелдер (15-49 жас) саны 90,0 мың адамдықұрайды (барлық тұрғындар санынан 27,0 %), 2014 жылмен салыстырғанда 0,2 мың адамға артты.

Қазақстанның басқа аймақтары менәлеуеті төмендамығанШығыс-Қазақстан облысының елді мекендерінен көші-қонның оң сальдосы есебінен жұмысқа жарамды халық санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.



Көші-қон алмасуы нәтижесінде 2016 жылға қаладан 8368 адам кетті, 9071 адам келді 2. 703 адам оң сальдосы қалыптасты 3.

Облыстың басқа аймақтарынан келгендердің саны 7596 адамды құрайды (78,6%), басқа аудандардан – 1756 (18,2 %), таяу шет ел мемлекетінен – 251 (2,6%).

Климаты қатты континентальді. Қала ашық континентальді мөлшерлі жылы климаттық аймақта құрғақтау алқапта тұр. Ауаның орта жылдық температурасы +2,07 С. Ауаның орта айлық температурасы ең жылы айы – шілде, +20,5 С, ең суық, қаңтар – 16,3 С. Абсолюттік минимум – 55 С, максимум + 41 С. Қар бір келкі түспейді, олардың саны жылына 1000 мм құрайды.

Өскемен қаласы Орталық-Шығыс макроөңірге кіреді (Шығыс Қазақстан облысының қала-хаб) ( 1 кесте).


_________________________________

12017 жылдың басына қала халқының үлесі облыс бойынша орташа-60,4%

2 2014 жылы 6691 адам келді, 7901 адам кетті

3 2014 жылы көші-қонның оң сальдосы 1210 адам
1 кесте – Орталық-Шығыс макро өңірдің құрамына кіретін, басқа облыстық орталықтармен салыстырғанда, Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері (2016 жыл)






Орталық-Шығыс макро өңір



Көрсеикіштің атауы

Өлшем бірлігі

Өскемен қаласы

Қарағанды қаласы

Павлодар

қаласы


1

Облыстың өнеркәсіптік өнідірісінің көлеміндегі қаланың үлесі

%


64,9

17,4

42,8

2

Облыстың ауылшаруашылғы өнім шығарудың көлемінде қаланың үлесі

%


3,6

3,2

4,6

3

Облыс бойынша жалпы көлемдегі қала инвестициянсының үлесі

%

18,4

30,0

35,1

4

Инновация маңында белсенділік деңгейі

%

16,7

13,0

6,4

5

Қала тұрғындарының үлесі

%

96,5

99,96

95,9

6

Сәби өлімінің деңгейі

1000 тірі туылғандарға

8,2

8,7

7,92

7

3 тен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту

%

99,4

94,3

100

8

Түлектер арасында орта білім беру бағдарламасын үздік (өте жақсы/жақсы) игергендердің табиғи-математикалық пәндер үлесі

%

67,3

61,6

58,4

9

жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі

%

95,9

52,6

80

10

Реттелмелі тасымалдаумен қамтамасыз етілген, елді мекендердің үлесі

%

85,7

100

100

11

Тұрғындардың орталықтанған суменқамтамасыз ету

%


96,6

80

85

12

Тұрғындарды суды бұру қызметімен қамтамасыз ету

%

64,4

71

79

13

Тұрғындарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету

кв.м/адм

23,0

24,7

22,4

14

Стационарлы көздерден шығатын, атмосфераға ластаушы заттардың шығарылымы

мың. тонна

51,2

54,2

157,2

Өңірлік макроэкономика және қала экономикасының құрылымы

Қаланың бәсекелестік артықшылығы бәсекелестік өнім өндірісінің мүмкіндігі және оны ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау (Ресей, Қытай), нақты сектор үшін жобағы білікті кадрлардың, дамыған көліктік инфрақұрылымның бары болып саналады.

Қала экономикасының базалық секторы өнеркәсіптік өндіріс болып саналады. Өскемен облыстағы өнеркәсіптік өндірістің 60 % көлеміенен аса өндіреді, мемлекеттік бюджетке 1/4 түсімді қамтамасыз етеді. Өскемен қаласының орташа еңбекайлық төлемі орташа облыстық деңгейден 14,4 % артады.

Облыстық көрсеткіште ауылшаруашылық жерлердің шектеулігіне ауылшаруашылығының үлесі облыстық көрсеткіштерде маңызсыз. Облыс меншік өнімінің көлеміне 3,6% келеді.

Қала экономика құрылымында 65,3 %- өнеркәсіп, 26,3 %- сауда, 5,4 %- инвестициялар, 2,4 %- құрылыс, 0,6 % - ауыл шаруашылыңы үлесі келеді.

Өнеркәсіп өндірісіндеөңдеу өнеркәсібінегізгі үлес салмағы құрайды (жалпы көлемнен 90% - дан астам), ол одан әрі өндіруді талап етпейтін жоғары деңгейдегі дайын өнімді сипаттайды.
Әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғындарды жұмыспенқамту

Ақырғы үш жылда күнкөрістің деңгейінен төмен шегі бар, тұрғындардың үлесі орташа облыстық көрсеткіште 2,5% болғанда, 0,54% ден 0,5% төмендеді.

Қалада тұрғындардың экономикалық белсенділігінің деңгейі – 65,2%, бұл орташа облыстық көрсеткіштен –66,0% төмен. Сонымен дамыған өнеркәсіп, қызмет саласы, жаңа өндірісті және әлеуметтік-мәдени нысандарын ашу есебінен 2016 жылға жұмыссыздық деңгейі 12,2% құрады, бұл облыстық 17,2 пайыздық пунктіге төмен.

Жалпы қызметті ұсыну

Аумақта тұрғындардың жоғары тығыздылығынан мемлекеттік әлеуметтік қызмет саласында денсаулық сақтау және білім беру мекемелер желісінің өсу беталысы байқалуда.

3 тен 6 жастағы мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамту 99,4% құрады. Желіні ары қарайғы дамыту 1 ден 3 жастағы балалардың қажеттілігін қамтамасыз етумен байланысты болады (2016 жылы – сұраныс 7,8 мың орын).

7 ауылдан 3 ауылда мектеп жоқ (Ахмер, Прудхоз және Самсоновка), балаларды қаланың орта білім беру мекемелеріне тасымалдау жүзеге асырылады.

Барлық ауылдар медициналық ұйымдармен қамтылған: 6 ауылда фельдшерлік-акушерлік және медициналық пунктер, Меновной ауылында – бірінші медико-санитарлық көмек көрсету пункті бар.

Орталықтанған суменқамту қамтымдылық деңгейі орташа облыстық 97,2 % көрсеткіште 96,6% құрайды.

Қала тұрғындарын суды бұру қызметімен қамтымдылық орташа облыстық – 53,6%-те 64,4 % құрайды.

Қолжетімділік және байланыс

Өскемен қаласында дамыған көліктік инфрақұрылымы бар. Көліктік желі авто және т/ж жол, ауа көлігінің инфрақұрылымынан тұрады.

Облыс орталығы ұлттық көліктік жүйенің түйіні Қазақстанның транзиттік жүйесінде Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясына шығумен – қала-хаб.

Өскемен қаласында жол және көшелердің жалпы ұзындығы 756 км құрайды. Магистральді желілер «Алматы-Өскемен» және Қазақстанның астанасы «Астана-Өскемен» автожолдарын біріктіреді.

Шығыс Қазақстан темір жолдар бөлімі металлургиялық, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдар, машина жасау, ауылшаруашылық және азық-түлік, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі сияқты салалардың байланыстырушы жүйесі ретінде шығады.

Қала аумағы бойынша өтетін, негізгі магистарльдар, бұл: «Защита-Локоть», «Защита – Зырян», «Защита – Лениногорск» және «Защита – Шар».

Халықаралық авиарейстерді қызмет көрсетуге жіберілген, 1 аэропорт жұмыс жасайды.

Облыс орталығы ауалы қатынасты Қазақстанның Алматы қ, Астана, Қарағанды, сияқты өңірлерімен қатынаста байланыста. Халықаралық қатынас - Ресей Федерациясымен ( Мәскеу қ, Новосибирск қ.).

Қалалық қоғамдық көлік екі түрмен ұсынылған: автомобиль және электрлі (трамвай) көлігімен ұсынылған.

Реттелмелі жолаушылар қатынасымен қаланың құрамына кіретін, 7 ауылдық елді мекендердің 6 қамтылған.

Жергілікті маңыздағы жолдардың 95,9 % жақсы және қанағаттанарлық емес жағдайда тұр.
2017 жылдың басына қаланың тұрғын-үй қорының алаңшасы 6,9 млн.ш.м, 2013 жылмен салыстырғанда 56 мың.ш.м.немесе 0,9% құрады.

1 тұрғынға 18 шаршы метр тұрғын-үймен әлеуметтік қамтудың нормасында орташа қала бойынша 1 тұрғынға 22,8 шаршы метр келеді, оның ішінде қалада – 23,3 шаршы. метр, ауылда –17,8 шаршы метрді құрайды.


Телекоммуникация нарығында ұялы байланысқа орналастыру есебінен белгіленген телефон желісі санының төмендеуі байқалуда. Қала ұялы байланыстың аумағын жоғары деңгейде жабумен сипатталады - ұялы байланыспен қамту 100% құрайды.
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау

2.1.1. Өңірлік макроэкономика


Өнеркәсіп

Өскемен қаласы тек Шығыс Қазақстан облысының емес, барлық Қазақстанның ең ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналады. Қалада өңдеуші өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары шоғырланған: түсті металлургия, машина жасау, азық түлік өнеркәсібі. Қала аумағында өнеркәсіптік өндірісті жүзеге асыратын, 354 кәсіпорындар және өндірістер саналады.

Өнеркәсіп саласында жұмыс жасайтындар саны қала бойынша барлық жұмыс жасайтындар санынан 27,0 % құрайды, ол ортаоблыстық көрсеткіштен 3,8 пайыздық пунктіге жоғары.

2014-2016 жылдары қаланың өнеркәсіптік өнімнің көлемі 39,9 % ұлғайтылды (2 кесте).

2 Кесте– 2014-2016 жылдарға Өскемен қаласының өнеркәсіптік өндірістің көлемінің қарқыны


Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі, млрд. теңге/былтырғы жылға табиғи индекс, %




2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Өнеркәсіп -барлығы

698,9 / 101

635 / 90,4

977,4 / 103,5

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу

1,1 / 119,1

1,3 / 81,5

1,8 / 174,4

Өңдеуші өнеркәсіп

649,5 / 100,6

579,5 / 89,8

915,4 / 103,5

Электрменқамту, газ, ауаны беру, ауа баптағыш

43,1 / 110,8

49,1 / 102,5

53,5 / 100,7

Суменқамту, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және таратуға бақылау

5,2 / 95,1

5,0 / 87,7

6,7 / 124,8


Өнеркәсіптік өндірістің көлемінде ең көп үлесті өңдеуші өнеркәсіп – 93,7%, электрменқамту, бу және ауа баптағыштапрды беру 5,5 %, суменқамту, канализацитялық жүйеге – 0,69 %,тау-кенөнеркәсібінің үлесі – 0,2 % келеді.

Өнеркәсіпті дамытудың негізгі құралы Қазақстанның Индустрияландыру картасы, оның аясында қала бойынша 251,4 млрд. теңге жалпы құнымен 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

2010-2015 жылдары 14 жоба аяқталды, оны жүзеге асыру барасында 2,5 мың жұмыс орындары құрылды, бюджетке 11,3 млрд. теңгеден аса, инвестиция – 168,5 млрд. теңгеден аса түсті.

2015-2019 жылдарға арналған ШҚО Өңірлік Индустрияландыру картасы аяыснда 127,2 млрд. теңге жалпы құнымен 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде республикалық маңызды – «Азия Авто Қазасқтан» АҚ автокомпоненттер өндірісі бойынша саябақ және толық циклді автозауыттың құрылысы. Тұрақты 5 мың жұмыс орындарын құру жоспарлануда.


Тау-кен өнеркәсібі

Өнеркәсіптің жалпы көлемінде тау-кен өңдеу саласының үлесі 1,5 %, сала бойынша облыстық көлемде меншік үлесі – 0,2 % құрады. Аталған сала негізгі кәсіпорын «Кенсіз материалдар комбинаты» ЖШС сала бойынша барлық өнімнің 60 % өндірісті құрайды.

2016 жылы тау-кен өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өндірістің көлемі көлемі 1804,5 млн. теңгені, 2014 жылдың деңгейінен 67,4 % құрады, ТИК – 174,4 % құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп

Сала өнеркәсіптік өндірістің негізгі диверсификациясы болып саналады, оларға келесі салалар кіреді: металлургия өнеркәсібі (саладағы меншік үлесі 85,7 %), азық-түлік өнім өндірісі (5,1 %), машина жасау (4,8 %), химия өнеркәсібі (1,6 %), металды емес минералды емес өнім өндірісі (құрылыс материалдары) (0,4 %) және басқа сала (2,4 %) құрады.

Сала бойынша облыстық көлемде қаланың үлесі 71,6 % құрады.

2016 жылы өнім өнідірісі 2014 жылмен салыстырғанда 41 % азайды (1 сурет).

1 сур.


2014-2016 жылдарда өңдеуші саланың өнім өндірісі



жүктеу 3,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау