Жылдарға арналған



жүктеу 1,21 Mb.
бет4/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#22632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді. Қаржылық лизинг жүйесі үшжақты қаржылық лизинг шартын енгізу және медициналық техника лизингке сатып алынбайтын жағдайлардың критерийлері бөлігінде жетілдірілуде. Жоба ҚР орталық мемлекеттік органдарында келісуде.


  1. Медициналық қызмет сапасының сыртқы мониторингі жүйесін жетілдіру

Амбулаториялық-емханалық деңгейде БҰДЖ енгізу шеңберінде медициналық қызметтердің сапасына сыртқы мониторинг жүргізу жүйесі жетілдірілді. Мәселен, енгізілген өзгерістерге сәйкес сыртқы сараптамамен енуді екі айдан астам уақыт бойы медициналық қызметтер сапасы индикаторларының бастапқы мәндеріне қол жеткізбеу байқалатын МСАК ұйымдары ғана қамтылады және осындай тексерумен алты ай бойы индикаторлардың бастапқы мәндеріне қол жеткізбеу байқалатын МСАК ұйымдары қамтылады. Кейіннен медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдары сыртқы сараптама нәтижелері бойынша МСАК ұйымдарының субъектісіне берілген ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізілді. Индикаторларға қол жеткізу мониторингі ақпараттық жүйеде бақылауды жүзеге асырылады.

2014 жылғы наурызда «Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы және көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына МСАК деңгейіндегі процесс индикаторларының автоматтандырылған мониторингісі бөлігінде өзгерістер енгізілді. Осы бұйрықты іске асыру мақсатында ақпараттық жүйедегі «Процестер индикаторларын мониторингтеу» жаңа модулінің жобасы әзірленді. 2015 жылғы 1-жарты жылдықта модульді апробациялау жоспарлануда. Аталған жұмысты жалғастыру шеңберінде қазіргі уақытта, Медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына және Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде, оны 2015 жылғы 1-жартыжылдықта бекіту жоспарланып отыр



  1. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге қатысуға уәждеме жүйесін әзірлеуді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласында аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру

Аккредиттеу жүйесін жетілдіру мақсатында 2014 жылғы маусымда ҚР ДСМ вице-министрінің (2014 жылғы 2 маусымдағы № 293) бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы жұмыс нәтижелері бойынша Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге ынталандыру жүйесін енгізу жөніндегі НҚА жобалары әзірленді. Жаңа жүйені енгізу кезең-кезеңімен 2015-2016 жылдар аралығындағы кезеңде енгізу жоспарланып отыр.

  1. Медициналық қызметтерді тексеру кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту

Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама медициналық қызметтердің сапасын басқару тетіктерінің бірі ретінде дамуда. Жыл сайын сараптамалардың саны ұлғаюда және сәйкесінше денсаулық сақтау саласындағы сараптамаларға тәуелсіз сарапшыларды тартуды қаржыландыру 2009 жылы 65 млн. теңгеден 2014 жылғы 119,0 млн. теңгеге дейін өсіп келеді.

  1. Формулярлық жүйені дамыту

Формулярлық жүйені жетілдіру мақсатында дәрілік заттарды пайдалануды ұтымды етуге, фармацевтикалық скеторда шығыстарды ұстауға, бағаларды қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған Формулярлық комиссияның жаңа жұмыс тәртібі бекітілді.Бұдан басқа, Формулярлық комиссия мүшелерінің жауапкершілігі көзделген, клиникалық практикада тиімсізділігі дәлелденген дәрілік заттардың қолданылуын шектеу үшін дәрілік заттардың теріс бағаланған тізімі енгізілді. «Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (бұдан әрі – ҚҰФ) ұғымы енгізілді, ол Кодекс қабылданғаннан кейін әзірленетін болады.

ҚҰФ әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ ҚҰФ әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды ұсыну бойынша консалтингтік компанияны таңдау жөнінде конкурс өткізілді.



  1. Ауылдық жерлерде дәріханалық ұйымдарды, оның ішінде жылжымалы дәріханалық пункттерді қоса алғанда, МСАК объектілерінің базасында дәріханалық ұйымдарды ашу

Ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектік көмекке жеке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекенде МСАК объектілері арқылы дәрілік заттарды сату ұйымдастырылған.

Жүргізілетін іс-шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға, ТМКК шеңберінде, оның ішінде амбулаториялық деңгейде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтуге бағытталған, ол өз кезегінде стационарлардың жоғары шығынды технологияларына жүктемені ауыртпалығын төмендетеді.



  1. Ұлттық телемедицина желісін кеңейту

Қазіргі уақытта Ұлттық телемедицина желісінің құрамына 192 объект, соның ішінде 14 облыстық аурухана, 2 қалалық аурухана, 137 аудандық орталық, 14 республикалық клиника және басқалары кіреді.

2014 жылы ҰТМЖ-не 2 объект қосылды: Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты және Өскемен қаласының Ана мен бала орталығы.

Телемедициналық жабдық республикалық орталықтар мен өңірлердің медициналық ұйымдары арасында онлайн-режимінде тренингтер, семинарлары, конференциялар өткізу үшін пайдаланылады. Есепті кезеңде 22 мыңнан астам консультация жүргізілді, консультациялардың жоғары үлес салмағы кардиологиялық, пульмонологиялық және неврологиялық бейінге түседі.


  1. Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру

Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру мақсатында 2014 жылғы 5 ақпандағы № 70 бұйрықпен: институционализациялау және әлеуетті арттыру, медициналық ұйымдарды сыртқы ақпараттық жүйелерді іске асыруға ынталандыру және электрондық денсаулық сақтау нарығын стандарттар дамыту орталықтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, АТ-инфрақұрылымдарды қалыптастыру іс-шаралары 5 негізгі бағытқа бөлінген Жол картасы бекітілді.

Қазақстандық мамандардың әлеуетін арттыру мақсатында электрондық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибе зерделенді, халықаралық конференцияларға қатысу, жұмыс орнында жобаларды басқару, АТ-сәулет және АТ-талдау мәселелеріне оқыту, www.group-global.org ақпараттық алаңында 3 веб-конференция ұйымдастырылды.

10 денсаулық сақтау ұйымына бір жақты медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша пилоттық жоба дайындау жүргізілуде.

Электрондық денсаулық сақтау саласында техникалық реттеуді қалыптастыру мақсатында 83 «Электрондық денсаулық сақтау» Техникалық комитеттің қызметі шеңберінде Бастапқы ұлттық стандарттарын «Электрондық денсаулық паспорты», «Электрондық медициналық жазба» жобалары әзірленді. ҚР ДСМ (2014 жылғы 10 ақпандағы №75) бұйрығымен электрондық денсаулық паспортына, электрондық қойылатын стандартты талаптар, е-денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасауға (хабарламаларды беруге) қойылатын техникалық талаптар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі регламент бекітілді. ДСМ 2014 жылғы 22 наурыздағы № 209 бұйрығымен консультациялық қабылдауларды, диагностикалық зерттеулерді және т.с.с. қоса алғанда, медициналық қызметтердің бірыңғай анықтамалығы болып табылатын медициналық қызметтердің тарификаторы бекітілді.

Стандарттардың базалық жиынтығына қосымша ретінде ҚР ДСМ 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 21 бұйрығымен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бірыңғай жіктемесіне стандартты талаптар, электрондық бағыттарды іске асыруға және реттеуге қойылатын, мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл жасау регламенті бекітілді.

Денсаулық сақтаудың ақпараттандырылуы мен интероперабельдігі платформасын және республикалық деңгейдегі Деректерді өңдеу орталықтарын сатып алу үшін техникалық ерекшеліктерді пысықтау бойынша жұмыс жүргізілді.



  1. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау

2014 жылы іс-шараны іске асыру көзделмеген



  1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендер үшін АТ-инфрақұрылымын, коммуникацияны және ДБАЖ бағдарламалық шешімін құру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевтың 2014 жылғы 9 қыркүйектегі №17-43/07-346 (4-т.) тапсырмасы бойынша 250 және одан көп адам тұратын ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерімен жабу бойынша 2016-2018 жылдары 1,4 мыңға жуық ауылдық елді мекенді қосу жоспарлануда.

  1. Денсаулық сақтау объектілерінің қажеттілігін анықтаудың біртұтас әдістемесі негізінде республиканың әр өңірін дамытудың егжей-тегжейлі инвестициялық жоспарларын әзірлеу

Дүниежүзілік банк жобасының шеңберінде медициналық ұйымдардың желісін қайта құру және оларды халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

«Sanigest International» консалтингтік компаниямен және өңірлер әкімдіктермен бірлесіп ауруханалық секторды ұтымды ету, МСАК желісін дамыту жіне зертханалық қызметті жетілдіру бойынша 16 өңірге арналған ұзақ мерзімді кезеңге (2025 жылға дейін). мастер-жоспарлар (бұдан әрі – Мастер-жоспарлар) әзірленді

Мастер-жоспарларының ұсынымдарының негізінде өңірлер Денсаулық сақтау объектілерінің желісін дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған басым жоспарлары әзірлеп бекітті. Инвестициялық жобаларды жоспарлау жоғарыда аталған денсаулық сақтау объектілерінің желісін дамытудың басым жоспарларына және ҚР білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 99 бірлескен бұйрығымен бекітілген инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру және білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорңау объектілері қажеттілікті айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.


  1. Денсаулық сақтау менеджментіне оқыту

Денсаулық сақтау менеджерлерінің әлеуетін арттыру мақсатында қысқа мерзімді курстарда каскадтық оқыту әдісімен 2014 жылы 262 адам оқытылды. Сонымен қатар, шет елде магистратурада денсаулық сақтауды басқару және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша 9 маманды оқыту мәселелері ұйымдастырылды.

2013 жылы Халықаралық Бизнес академиясына денсаулық сақтауды басқару және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқуға түскен 22 магистрант оқытуын жалғастыруда.



  1. Денсаулық сақтау ұйымдарын кезең-кезеңімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын және акционерлік қоғам мәртебесіне ауыстыру

Тиімді менеджментті енгізуді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметтер берушілердің дербестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда, 2014 жылы 77 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқындағы кәсіпорын нысанына ауысты, олардың өспелі қорытындысымен саны 591-ді құрады, олардың ішінде 254-інде жұмысы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге және стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған байқаушы кеңестер құрылды.

Бұдан басқа, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардан «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» ШЖҚ РМК жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 501 қаулысы).



  1. ШЖҚ МК мәртебесі бар ірі медициналық ұйымдарда байқау кеңестерін енгізу

Байқаушы кеңестер ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге және стратегиялық мәселелерді шешуге бағытталған. БҰДЖ шеңберінде ТМККК қызметтерін көрсететін 479 ШЖҚ-да мемлекеттік медициналық ұйымдардың 254-іне байқаушы кеңестер енгізілді.

  1. Түпкілікті нәтижеге бағдарланған медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын саралау жүйесін жетілдіру

Амбулаториялық-емханалық деңгейде БҰДЖ екінші кезеңін енгізу шеңберінде 2014 жылы денсаулық сақтау саласының бастапқы буын қызметкерлерін индикаторлар негізінде қызметтің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үлес қосқаны үшін ынталандыруға арналған шығыстар 2 есе ұлғайтылды өсті (2013 жылы – 10,2 млрд.теңге, 2014 жылы – 20,3 млрд.теңге).

Бүгінгі күні ЖБНЫК қаражаты есебінен ұлғайтылды түріндегі уәждеме барлық 434 емханада енгізілді. МСАК дәрігерінің орташа жалақысы айына 140 мың теңгені құрайды, соның ішінде ЖБНЫК-49 мың теңге, мейіргерлердікі - 96 мың теңгеге дейін, оның ішінде ЖБНЫК -27 мың теңгені құрады.

Корпоративті басқару моделі 188 (50%) стационарда медициналық қызметкерлерге жұмыстың күрделілігіне, медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы енгізуге мүмкіндік берді. Бұл шамамен 48,0 мың медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік берді.

Мысалы, кардиохиургтың орташа жалақысы сараланған еңбекақы төлеуді ескерсек Шығыс Қазақстан облысында 208,5 мың теңгеден Маңғыстау облысында 475,0 мың теңгеге дейінгіні құрады (ҚР Үкіметінің №1400 қаулысына сәйкес жоғары санатты кардиохирургтың бір айдағы орташа жалақысы 107,6 мың теңге, санаты жоқ жас маманның орташа жалақысы 72,6 мың теңге болуы тиіс).



  1. Денсаулық сақтау саласын жетілдіру саласында зерттеулер өткізу

001 «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарлама шеңберінде 103 «Әлеуметтік, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтерді көрсету» кіші бағдарлама бойынша 2014 жылы жалпы сомасы 260,6 млн.теңгеге 8 тақырып бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу тақырыбы Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралардың, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша, медицина қызметкерлерінің кепілдік берілген кәсіби жауапкершіліктерінің моделін апробациялау, саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде ақпараттық-коммуникациялық науқан жүргізудің тиімділігін іске асыру бағытталған.

  1. Медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу мәселесін қарастыру

2014 жылы Министрліктің тапсырыс бойынша «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі медицина қызметкерлерінің кепілдік берілген кәсіби жауапкершіліктерінің әзірленген моделіне пилоттық (бұдан әрі – Пилот) апробация бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелерінің шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Халықаралық медициналық қателіктер жіктемесі принциптері негізінде Медициналық қателіктер жіктемесінің қазақстандық моделі әзірленді, медицина қызметкерлерінің кепілдік берілген кәсіби жауапкершіліктері жүйесін құру бойынша ұсыныстар пысықталды, медициналық көмек сапасына жасалған шағымдарды қарау және қолданыстағы зағнаманы ескере отырып, өтеу сомаларын айқындау алгоритмі әзірленді.

ҚР кепілдік берілген кәсіби жауапкершілік жүйесін енгізу жөніндегі 2015 жылға арналған жол картасының жобасы әзірленді.

Министрліктің ақпараттық жүйесіне жіктемені енгізу үшін медициналық қателіктер жіктемесін бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық ерекшелік жобасы әзірленді.


  1. Тұжырымдамалық тәсілдерді, нормативтік –құқықтық негіздемені әзірлеу және әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 13 қыркүйектегі № 01-38.49 бұйрығымен бекітілген ҚР Парламентінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі V шақырылымының IV сессиясының ашылуында берілген ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыс басталды. мақсаты ТМККК ұсыну шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыру арқылы медициналық көмектің сапасына қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады, оның 2014 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасы тұжырымдамасының жобасын, әзірлеу және Міндетті медициналық сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыс басталды. 2015 жылы жұмыс жалғасатын болады.

  1. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту

Денсаулық сақтауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту мақсатында, өңірлермен бірге МЖӘ тетігі бойынша 23 объектінің (7 аурухана мен 16 емхана) тізбесі қалыптастырылды, олардың ішінде 2-уі республикалық маңызы бар (Алматы және Қарағанды қалаларындағы Медицина университеттерінің жанындағы 300 төсектік көпбейінді ауруханалар), 21-і жергілікті маңызы бар (Астана қаласы – 4, Алматы – 2, Атырау – 1, Ақтөбе – 3, ШҚО – 3, Қостанай – 2, Қызылорда – 2, Маңғыстау – 2, СҚО – 1, ОҚО – 1).

Аталаған жобалар әртұрлі жоспарлау сатыларында:



  • 13 жоба жоспарлаудың бастапқы сатысында: инвестициялық немесе концессиялық ұсыныстар;

  • 7-еуі концессиялық ұысыныстар мен ТЭН салалық сараптамасынан өту сатысында;

  • 1-еуі ТЭН мемлекеттік сараптамада өтуі сатысында;

  • 2-еуі конкурстық құжаттаманың экономикалық сараптамасынан өту сатысында.

Сонымен қатар, 2014 жылы денсаулық сақтау саласындағы 184 нормативтік құқықтық актіге концессиялық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру нысанына талдау жүргізілді, сондай-ақ ҚР Ұлттық экномика министрлігі әзірлеген «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңның жобасына ұсыныстар енгізілді.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлерінің-басшыларының функциялық міндеттерін әкімшілік-шаруашылық, сондай-ақ емдік-диагностикалық және профилактилық жұмыстарын регламенттеу

Біліктіліктің салалық жүйесін құру, кәсіби стандарттар әзірлеу шеңберінде басшылардың, мамандардың біліктілік сипаттамаларын қайта қарау жүргізілді. Мәселен, 2014 жылы 20 медициналық мамандық, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша кәсіби стандарттар әзірленді. Кәсіби стандарт еңбек функцияларының, оларды іске асыру жөніндегі міндеттердің, кәсіби кіші топтар қызметкерлерінің біліміне, іскерлігіне, дағдыларына және құзыреттеріне қойылатын тиісті талаптардың жүйелі және құрылымдық сипаттамаларын айқындайды.

Сонымен қатар, 2014 жылғы қарашада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мен «Ernst&Young» консалтингтік компаниясы арасында жасалған шарт шеңберінде халықаралық технологияларға сәйкес кәсіби стандарттарды әзірлеу әдіснамасы қайта қаралды, әзірлеуші мамандарды оқыту жүргізілді. Осыған байланысты, халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып, қазіргі уақытта сала мамандарының, оның ішінде денсаулық сақтау менеджерлерінің біліктілік сипаттамасын қамтитын аталған стандарттарды пысықтау жүргізілуде.



  1. Мемлекеттік қызмет саласында қолданылатын кадрларды  іріктеу және орналастыру тетігін  пайдалана отырып, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын тағайындау мүмкіндігін зерттеу

Мемлекеттік қызмет саласында пайдаланылатын тетіктерді пайдалана отырып, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын тағайындау тәртібін жетілдіру мақсатында 2014 жылы ҚР ДСМ 2014 жылғы 2 шіледегі № 369 бұйрығымен Денсаулық сақтау саласында аттестаттау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Мәселен, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу кезінде басшының кәсіби және жеке құзыреттілігі, денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің және қызмет индикаторларына қол жеткізу нәтижелері ескеріледі.

  1. Денсаулық сақтауға үлесінің тиімділігін сипаттайтын денсаулық сақтау негізгі көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу

Денсаулық сақтаудағы инвестициялардың тиімділігін бағалау мақсатында денсаулық сақтауға үлестің тиімділігін айқындайтын көрсеткіштерді мониторингілеу мен бағалау жүйесі әзірленді. Мәселен, ҚР ДСМ 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 263 бұйрығымен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізу үшін жедел есептілік ұсыну қағидалары бекітілді, онда нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін бағалауға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаны мониторингілеу бойынша жедел есептілік көзделген.

Бұдан басқа, БҰДЖ енгізу тиімділігін бағалау мақсатында ресми статитстикалық есептілік шеңберінде денсаулық сақтауға үлес тіиділігін сипаттайтын негізгі денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүзеге асырылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің арасында өңірдегі халық денсаулығының көрсеткіштері мен денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың тиімділігі, кадрлық қамтамасыз ету, денсаулық сақтау объектілерін салу сияқты негізгі бағыттар бойынша әкімдердің нысаналы индикаторларға қол жеткізу міндеттерін көздейтін денсаулық сақтау саласындағы қызметтің нысаналы көрсеткіштеріне және түпкілікті нәтижелерін қол жеткізу туралы меморандум жасалды.

Көрсетілген іс-шаралар мен көрсеткіштер денсаулық сақтаудағы инвестициялардың тиімділігін барынша арттыруға, сондай-ақ тиімділікті бағалау жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша динамикада денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштері жақсарды, жалпы өлім 4,1 %-ға, сондай-ақ негізгі себептерден (қан айналым жүйесі аурулары, онкологиялық ауруларлардан, жарақаттар мен уланулар) болатын өлім-жітім төмендеді.



2.2-мақсат. Денсаулық сақтау саласында білім беру, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары: 003, 004, 005, 006, 007, 013, 024


Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі


Есепті

кезең


Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек




1

2

3

4

5

6

  1. Дәрігер кадрлар тапшылығының төмендеуі

Облыстар

дың,


Астана, Алматы қалалары

ның ДСБ


адам

3935

3760

Қол жеткізілді, өйткені теріс динамика–

оң нәтиже



  1. Жариялымы белсенді беделді дүниежүзілік рейтингке кіретін медициналық ғылым ұйымдарының саны

ДСӘДМ деректері


бірлік

0

0

0

2.2.1-міндет. Ғылым және кадр ресуртарын дамыту

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі


Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

Медициналық ЖОО-ларды бітірушілердің жұмысқа орналасқандардың үлесі

ДСӘДМ деректері


%

92,0

92,0

Қол жеткізілді

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары дәрігерлерінің жалпы санын медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқытумен қамту (кемінде)

ДСӘДМ деректері


%

20

23

Қол жеткізілді

Халықаралық рецензиясы бар баспалардағы басылымдардың үлес салмағы

ДСӘДМ деректері


%

20

21,2

Қол жеткізілді

Халықаралық патенттердің үлес салмағы

ДСӘДМ деректері


%

5

6,03

Қол жеткізілді

Аккредиттелген медициналық жоғарғы оқу орындарының саны

ДСӘДМ деректері


бірлік

6

6

Қол жеткізілді

Медициналық жоғарғы оқу орындарының жеке меншік клиникаларының саны

ДСӘДМ деректері


бірлік

2

2

Қол жеткізілді

Биологиялық белсенді заттарға, фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға жүргізілген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер саны

ДСӘДМ деректері


бірлік

55

55

Қол жеткізілді

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында оқытылған мамандардың саны
















ел ішінде

ДСӘДМ деректері


адам

19 006*

19 006

Қол жеткізілді

шет елде

ДСӘДМ деректері


адам

145

186

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

  1. Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру

жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау