Қазақстан Республикасында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) №182 халықаралық конвенциясын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған бірлескен жоспары шеңберінде келесі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бала еңбегін қанаудың деректерін анықтау мақсатында барлық өңірлерде білім басқармалары ішкі істер, денсаулық сақтау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, жастар мен балалар ұйымдарының, ата-аналар қауымы өкілдерімен бірге 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4062 рейдтік шаралар ұйымдастырылды, оның барысында 4557 объект араланып (базарлар, жанар-жағар май станциялары, құрылыс алаңдары), 6 837 кәмелетке толмаған балалар (2220 - тұрмысы қолайсыз отбасы балалары, 4617 - тұрмысы жақсы отбасы балалары) анықталды.
Ата-аналарымен профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізілді, кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары түсіндірілді.
Рейдтік шаралар шеңберінде бала еңбегін пайдаланудың 185 дерегі айқындалды (4 бала асхана жұмысшы, 7 – даяшылар, кондукторлар, 15 – көлік жуушылар болып жұмыс жасаған, 6 – азық-түлік өнімдерін сатқан, 147 –қайыр сұраған, 1- жезөкшелікпен айналысуға тартылған), ең көп фактілер Алматы қаласында – 139, Жамбыл облысында – 24 дерек анықталған.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында он сегіз жасқа толмағандардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстарға не кәмелетке толмағандарды еңбек шартын жасамай жұмысқа тарту, еңбек режимі мен еңбек уақыты ұзақтығын бұзу фактілерінің алдын алу шараларын қабылдады.
Балалардың өмір сапасын жақсарту бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында 2014 жылғы 10 қаңтар 10 ақпан аралығында республиканың барлық өңірінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті.
Акция мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардағы әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағытталған.
Акцияның негізгі міндетіне оқумен қамтылмаған немесе ұзақ уақыт себепсіз сабаққа бармаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және оларды есепке алу жатады.
Акцияның негізгі міндетіне оқумен қамтылмаған немесе ұзақ уақыт себепсіз сабаққа бармаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және оларды есепке алу жатады.
Ағымдағы жылы акцияға аз қамтылған отбасылардың 186 948 баласы қамтылды. Көрсетілген қаржылай көмектің сомасы 861 млн. 239 мың теңгені құрады, оның ішінде 109 399 бала 230 млн. 464 мың теңгеге демеушілік көмекпен қамтылған.
Бала еңбегін пайдаланудың проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында Білім және ғылым министрлігі өңірлердің әкімдерімен бірлесіп 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан осымен 9-рет өткізілді. 2014 жылғы аталған науқан «Бала еңбегін бірге жоямыз» ұранымен өткізілді. Ұлттық ақпараттық науқанның мақсаты - бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру болып табылады.
Бекітілген Жоспарға сәйкес республикада 9339 ақпараттық-түсіндірме шаралары, оның ішінде 226 конференция, 805 семинар-тренингтер, 821 дөңгелек үстел, 1757 тақырыптық көрмелер, 1086 кездесулер, 536 диспуттар, балалардың дебат турнирлері, 621 акциялар мен флеш-мобтар, 2894 сурет, шығармалар байқаулары өткізілді.
ҰАН өткізу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында 230 мақала жарияланып, 195 бағдарламалар ұйымдастырылды.
Барлығы ҰАН шараларымен 1,4 млн.-ға жуық кәмелетке толмағандар мен 200 мыңнан астам үлкен адамдар қамтылды.
Барлық жерде ұлттық және аймақтық деңгейде сенім телефондары жұмыс істейді. Әрбір бала немесе үлкен адам телефон шалып, өздерінің проблемаларын айта алады (Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны – 742528, Ұлттық телефон желісі – 150).
Республиканың барлық өңірінде 2014 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциялары өткізілді.
Ағымдағы жылы барлығы аз қамтылған отбасылардың 486 948 баласы акциялармен қамтылды. Көрсетілген көмек сомасы 2 млрд. 861 млн. 239 мың теңгені құрады, оның ішінде 309 399 бала 1 млрд. 230 млн. 464 мың теңгеге демеушілік көмекпен қамтылған.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер қылмысына қарсы тұру бойынша жүйелік жұмыстар жүргізуде. Осылайша, нысаналы ықпал ету мақсатында, орындалу барысында құқық бұзушылық әрекеттері бар кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды құқық бұзушылыққа тартқан тұлғаларды анықтауға баса назар аударылатын «Жасөспірім», «Жұмыспен қамту», «Мектеп бітіру кештері» шұғыл-алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
Әр іс-шара кәмелетке толмағандар арасында белгілі бір мақсатқа жетуге, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез-құлқына мақсатты әсер етуге бағытталған.
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын өткізу кезінде Ашық есік күндері өткізіледі, олардың шеңберінде оқушылар ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне барады, ол жерде оларға ұлттық қылмыстық заңнама нормалары түсіндіріледі.
«Жұмыссыз отырма» акциясы кәмелетке толмағандардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру үшін өткізіледі. «Мен және менің полицейім» акциясы мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып жасындағы (1-4 сыныптар) балаларды, олар арқылы ересектерді полиция жұмысымен таныстыруға, оларды қоғамдық орындарда және жолдардағы тәртіптің, бейтаныс адамдармен сөйлесудің негізгі ережелеріне үйретуге бағытталған.
«Жұмыспен қамту» шұғыл-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында (2014ж. 26-29 маусым аралығы) 65 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бос уақыттың түрлі формаларына қатысты, оның ішінде 9 мыңға жуығы Ішкі істер органдары тізімінде алдын алу тіркеулерінде тұрғандар және 13 мыңнан астамы – нашар отбасыдан шыққандар.
Акция барысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында 400-ден астам сөз сөйлеулер ұйымдастырды.
Ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандардың жұмысқа орналастыру жөніндегі 778 өтініші еңбек және жұмыспен қамту орындарына жіберілді.
Сонымен қатар, Жоспар шеңберінде 2014 жылы 15 қазанда Бала еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 13 отырыс өткізілді, бірлескен жоспарды жүзеге асыру жөнінде тәжирибе шаралар талқыланды.
|