Жылдарға арналған



жүктеу 1,21 Mb.
бет5/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#22632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Азаматтарды медициналық білім беру ұйымдарына қабылдау саясаты мен іріктеу әдістерін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық білім сапасын басқару тиімділігін арттыру үшін «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұдан басқа, интернатурада, магистратурада және резидентурада оқитын азаматтардың міндетті жұмыспен өтеуі туралы талаптарды бекіту мақсатында «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 769 қаулысымен бекітілді.


Сонымен қатар, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті 3 стандарт (резидентура, магистратура және докторантура) және доктарантураның 3 мамандығы бойынша (Медицина, Қоғамдық денсаулық сақтау, Фармация), магистратураның 5 мамандығы бойынша (Медицина, Қоғамдық денсаулық сақтау, Фармация Медициналық-профилактикалық іс, Мейіргерлік іс) және резидентураның 11 мамандығы бойынша (Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы, Гастроэнтерология, оның ішінде балалар, Гематология, Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы, Сәулелік терапия, Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар, Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы, Онкология, Педиатрия, Неонатология, Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар акушерия мен гинекологиясы 19 үлгілік оқу бағдарламасды әзірленді.

  1. Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау

Жыл сайын 006 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау» бюджеттік бағдарлама шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім және ғылым ұйымдарында докторантурада, магистратурада және резидентурада жаңаданбілім алушылардың орташа жылдық контингенті 2014 жылы 2537 адамды құрады.

2014 жылы резидентураға 1000 тыңдаушыны, 329 магистрантты, 100 PhD докторантын қабылдау жүзеге асырылды.


  1. Мамандарды ел ішінде біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына оқыту

005 «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарлама шеңберінде мамандар даярлығының сапасын арттыру және даярлық деңгейін халықаралық талаптар деңгейіне жақындату мақсатында 2014 жылы ел ішінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жоғары және орта медициналық білімі бар 19 мыңнан астам қазақстандық маман оқытылды.

  1. Мамандарды шетелде біліктілікті арттыру курстарына оқыту

Халықаралық озық медициналық технологияларды игеру үшін невропатология, нейрооңалту, кардиология; онкология, оның ішінде балалар онкологиясы және гематологиясы; балалар кардиохирургиясы, клиникалық морфология және онкоцитология, жоғары технологиялы сәулелік терапия, ядролық медицина, радиохирургия, брахитерапия және қолданбалы бакалавриат (Ресей, Латвия, Литва, Беларусь, Германия, Франция, Финляндия, Польша және т.б.). мәселелері бойынша қазақстандық 186 маман оқуға жіберілді.

  1. Шетел мамандарын тарта отырып мастер-класстарда мамандарды оқыту

Аталған іс-шараны жүзеге асыру үшін отандық денсаулық сақтау ұйымдарының базаларына Литва, Ресей, Оңтүстік Корея, Голландия, Швеция, Италия, Германия, Нидерланд, Израиль, Финляндия және Чехиядан нейроңалту, егде жастағы және қарт науқастарды МСАК деңгейінде қарау, дәлелді медицина ерте жаста балаларда туа біткен жүрек ақауын диагностикалау және емдеу, балалар сал ауруы бар балаларға оңалту іс-шараларын (БМС), балалардың ми-тамырлық патологиясының диагностикасы және емдеу, МСАК ұйымдастыруды жоспарлау бизнесі мейіргерлік іс, онкология және өзекті мәселелері бойынша қазақстандық 453 маманды оқыту үшін шетелдік жетекші 40 маман шақыртылды.

  1. Медициналық білім ұйымдарына аккредиттеу өткізу

2014 жылдың соңына 6 аккердиттелген медициналық ЖОО.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аккредиттеу органдарының ұлттық тізімін қалыптастыру туралы» ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 304 бұйрығына сәйкес жаңа аккредиттеу стандарттары бойынша 2013 жылы тәуелсіз ұлттық аккредиттеу органдары, атап айтқанда Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі бұдан (әрі – АРТА) және Білімдегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚТҚА) 3 медициналық жоғары оқу орындарына: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (АРТА), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (АРТА), «Астана медицина университеті» АҚ (БСҚТҚА) институционалдық аккредиттеу жүргізді. 2014 жылы 2 медициналық ЖОО (Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті) институционалдық аккредиттеуден -АРТА, 1 медициналық ЖОО (Қарағанды мемлекеттік медицина университеті) – БСҚТҚА институционалдық аккредиттеуден өтті.



  1. Медициналық білімнің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеу

Дүниежүзілік медициналық білім федерациясының ұсынымдарына сәйкес «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 мамандандырылған аккредиттеу стандарты әзірленді және ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәуелсіз аккредиттеу органдарына келісуге жіберілді (Дүниежүзілік Банк жобасы шеңберінде).

  1. Астана қаласындағы Білім және дағдыны бағалау республикалық орталығын жарақтандыру (Алматы қаласындағы филиалымен)

2014 жылға қаржыландыру қолдау таппады, жарақтандыру Дүниежүзілік Банк Жобасы шеңберінде 2015 жылға жоспарланды.

  1. Практикадағы дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің дағдыларын пысықтауға арналған 16 өңірлік симуляциялық орталықты жарақтандыру

2014 жылы республикалық бюджет қаражаты шеңберінде 16 өңірлік симмуляциялық орталық 768,3 млн. теңге соммаға жарақтандырылды. Тжірибе жинақтаушы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін дағдыларын пысықтау үшін құралдар мен манекендер сатып алынды.

  1. Астана қаласында 2000 орындық, Алматы, Семей, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында 1000 орындық 7 жатақхана және Шымкент қаласында 500 орындық 1 жатақхана салу

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2014 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің (бұдан әрі – БҚММУ) жанынан (жалпы құны 2,6 млрд. теңге) және Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті (бұдан әрі – СММУ) жанынан (2,3 млрд. теңге) 1000 орындық жатақхана құрылысы басталды. 2 жатақхананың құрылысына арналған шығыстар РБ нақтылауын ескере отырып, 2014 жылы 2,0 млрд. теңгені құрады. Объектілердің құрылысы жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

ҚазҰМУ өз қаражаты есебінен 512 орындық жатақхана құрылысын іске асыруда.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (ҚММУ), «Астана» медициналық университеті (АМУ) және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (ОҚМФА) үшін жатақханалар салу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның ҚММУ, ОҚМФА және АМУ үшін БҚММУ мен СММУ жатақханасының жобалау-сметалық құжаттамасын қайта қолдануға рұқсаты бар. БҚММУ мен СММУ жатақханалары бойынша жобаларды байланыстыру жоспарланып отыр.

Іс-шараны іске асыру жалғасуда.



  1. Медициналық білім және ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

Медициналық білім және ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында 024 бюджеттік бағдарлама шеңберінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ үшін студенттердің, интерндердің, резиденттердің практикалық дағдыларын пысықтауға арналған симуляциялық құрал-жабдықтар сатып алынды.

  1. Ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту

Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру көздерінен (бағдарламалық-нысаналы, гранттық, базалық қаржыландыру), сондай-ақ өзге бюджеттік (бюджеттен тыс) қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады. 2014 жылға ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жалпы көлемі қаржыландырудың барлық көздері бойынша 5 млрд. астам теңгені құраса, оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер 1,6 млрд. теңгені (жалпы қаржыландыру көлемінен 29,5 %), базалық қаржыландыру бойынша – 559 млн. теңгені (9,9 %) құрады. Гранттық қаржыландыру көлемі (ҚР БҒМ – отандық грант берушілер жағынан) 2014 жылы 438,5 млн. теңгені (7,8 %) құрады. Басқа көздері бойынша (бюджеттен тыс (шетелдік гранттарды, жеке компаниялар қаржыландыруды, өз-өзімен қаржыландыруды қоса алғанда) қаржыландыру көлемі 2,9 млрд. теңгені (52,7 %) құрады.

013 «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарлама бойынша 2014 жылға 1,8 млрд. теңге (2013 жылы -1 4 млрд. теңге) бөлінді.



  1. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде медициналық жоғарғы оқу орындардарының жанынан жеке меншік клиникаларды салу (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қарағанды мемлекеттік медицина университеті)

2014 жылы іс-шараны іске асыру көзделмеген.


  1. Ғылыми ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру

2015 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты 51 ұйым – 5 мемлекеттік мекеме, 34 мемлекеттік кәсіпорын, 11 акционерлік қоғам, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Оңтайландыру мақсатында 2014 жылы «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» ШЖҚ РМК жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 501 қаулысы).

  1. Ғылыми жобалар және бағдарламаларды іске асыру бойынша шетелдік жетекші орталықтармен білім және ғылым ұйымдардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту

2014 жылы ҚР медициналық ғылым және білім беру ұйымдарында шетелдік грант берушілер қаржыландыратын 11 ғылыми жоба (Central Asian Network for Education, Research and Innovation in Environmental Health, Темпус халықаралық бағдарлама, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, Еуропалық одақ және т.б.) орындалды. Қаржыландырудың жалпы көлемі 482568,7 тыс. теңгені құрады.

жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау