Жылдарға арналған



жүктеу 1,21 Mb.
бет7/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#22632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

2. Микрокредиттер беру және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы нәтижелі жұмыспен қамтылған халықтың санын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру

Микрокредит беру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру үшін ЖЖК 2020 2014 жылғы 8 қазанда ҚРҮ №1008 қаулысына сәйкес өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес микрокредитпен қатар жаңа механизм миникредит енгізілді. Миникредит көлемі 500 мың теңгені құрайды, беру мерзімі 3 жылға дейін, жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 5 %-дан аспайды.

2014 жылы 9 288 адам кәсікерлік оқу негіздерінен өтіп, 9 607 адам микрокредит алған, олардан 6 952 адам немесе 72,4% жеке ісін ашты. Микрокредит алушылармен қосымша 10,7 мың жұмыс орындары ашылды.

2014 жылғы 4 тоқсан нәтижесі бойынша нәтижелі жұмыспен қамтылғандар 64,4%-дан (2013 ж. 4 тоқсан) 71,7%-ға артты.


3. Халықтың әлеуметтік осал топтарын, ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жалақымен қамтамасыз ете отырып, жұмысқа белсенді тартуға жұмыс берушілерді көтермелеу жағдайларын жасау

Денсаулық жағдайы бойынша еңбек етуге қайшы келмейтін мүгедектер ЖЖК 2020 қатысуға басым құқыққа ие. Сонымен қатар, аталған топ пен халықтың әлжуаз санаттарына кіретін адамдар нысаналы топқа кіреді.

Бағдарлама қатысушыларына жалақыны қоса қаржыландыру және «жастар практикасына» қатысатын түлектердің жалақысын толық төлеп аталған санаттарға жататын халықты жұмысқа орналастыру үшін жұмысберушілерді ынталандыру арқылы «жастар практиксы» мен «әлеуметтік жұмыс орындары» ұйымдастырылды.

Нәтижесінде өткен жылдың нәтижесі бойынша нысаналы топқа кіретін 36,2 мың адам әлеуметтік жұмыс орындары мен «жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік осал топтарын белсенді жұмысқа тарту мақсатында жұмысберушілерге ынталандыру жағдайларын жасау мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа алатын жұмысберушілерді қолдау шараларын қарастыратын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.










4.1.3-міндет. Жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. ЖЖК 2020 және аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жәрдемдесу үшін өтініш білдіргендердің жалпы санынан тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлес салмағы

ДСӘДМ

деректері




%

78,9

84,3

Көрсеткіш 106,8% орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Жұмыспен қамту картасын қалыптастыру және өзекті ету

2014 жылғы 28 қазан мен 18 қараша аралығында бекітілген кестесіне сәйкес Министрлікте 2015-2017 жылдарға өңірлердің жұмыспен қамту карталарының презентациясы өтті.

Болжау, еңбек нарығын мониторингілеу және еңбек нарығы сұранысы мен ұсынысын реттеу арқылы еңбек нарығын реттеуді арттыруға бағытталған өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру Әдістемесі негізінде қалыптастырылды.

Өңірлерді жұмыспен қамту карталары негізінде 2015-2017 жылдарға Республикалық жұмыспен қамту картасы қалыптастырылып, сұраныс пен ұсыныс негізіде кәсіптер мен қызметтер кесінінде еңбек нарығы ресурстарына баланс жасалды.

В проекте предусмотрено создание условий для людей с ограниченными возможностями для их независимого выхода на рынок труда, условий для участия в трудовой деятельности путем решения практических задач трудоустройства конкретного человека, имеющего свои особые потребности на конкретную вакансию, пересмотрена установленная квота исходя из условий труда отдельного предприятия.



2. Еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжамдарын әзірлеуді қамтамасыз ету

Елбасының тапсырмасына сәйкес Министрлік мүдделі министрліктермен бірлесіп еңбек нарығының ретроспективалық кезеңге талдау және арнайы әзірленген Әдістеменің негізінде 2014-2018 жылдарға оның даму болдамы жасалды.

ЭҚТ бойынша кадрларға қажеттілік


Потребность в кадрах по ВЭД определена путем сопоставления прогнозного количества занятых с учетом ретроспективных данных о потребности в кадрах органов статистики. За пять лет (2014-2018 годы) потребность в кадрах возрастет на 20,1 % и составит 471,1 тыс. человек.

С целью корректировки распределения потребности по профессиям в прогнозном периоде проведено анкетирование предприятий путем опроса по специально разработанной анкете, согласованной с Национальной палатой предпринимателей РК. Всего опрошено (проанкетировано) 8,4 тысяч предприятий и организаций с численностью работников более 1 млн. человек для определения потребности их в кадрах на пятилетний период в разрезе профессий/специальностей.

Итоги анкетирования представлены согласно Государственному классификатору занятий ГК РК 01-2005 по 231 профессии и учтены при определении прогнозной потребности в кадрах по ВЭД.


3. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған заңнаманы және бағдарламалық құжаттарды жетілдіру

2014 жылы Жұмыспен қамту жол картасын одан әрі жетілдіру мақсатында сәйкесінше өзгерістер енгізілді:

1. қаржыландыруға қатысты нормалар өзгертілді, кәсіби бағдарлау бойынша толықтырулар енгізілді және т.б. (ҚРҮ 2014 жылғы 28 маусымдағы №726 қаулысы)

2. көзделеген:

- микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдардың талаптарын қанағаттандыра алматындай кепілдігі жоқ нысаналы топқа жататын халыққа миникредит беру мақсатында, сонымен қатар ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында миникредит механизмі енгізілді. Миникредит көлемі 500 мың теңгені құрайды, беру мерзімі 3 жылға дейін, жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 5 %-дан аспайды;

- Бағдарлама шарттарына сәйкес бұрын берілген микрокредит пен миникредит есебінен қайтарылған қаражаттың жиналуы нәтижесінде қайта кредиттеуге мүмкіндік беретін норма;

- мүмкіндігі қарай жергілікті атқарушы органдардың есебінен жастар практикасы жалақысын қоса қаржыландыру;

- Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жастар практикасына қатысуға басымдық құқыққа ие (бұрын 1 жыл ішінде болатын) (ҚРҮ 2014 жылғы 8 қазандағы №1008 қаулысы).

2014 жылғы 26 тамызда ҚР Премьер-Министрімен бекітілген 2014 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қамтамасыз ету іс-шаралар Жоспарында қарастырылған.



4. ЖЖК 2020 және өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету




5. Халықтың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру




5-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

5.1-мақсат. Көші-қон процесстерін реттеу және басқару тиімділігін арттыру

Аталған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 002, 006, 027, 035



Нысаналы индикатор




  1. 1. Заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (ШЖК тартуға арналған квота бойынша)

ДСӘДМ

деректері




%

70

70

Көрсеткіш 100% орындалды

  1. 2. Жұмысқа орналастырылған оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту орындарына жәрдемдесуге жүгінген оралмандар қатарынан)

ДСӘДМ

деректері




%

81,5

81,5

Көрсеткіш 100% орындалды

5.1.1 -міндет. Оралмандарды қабылдау және бейімдеу саласындағы көші-қон процестерін реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

1. Кәсіптік оқытуға жіберілген оралмандардың үлес салмағы (жүгінгендер және жұмысқа орналапағандар қатарынан)

ДСӘДМ

деректері




%

11

16,3

Көрсеткіш 148% орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Келген оралмандар туралы дерекқорды қажеттігіне қарай жетілдіру

Қолданыстағы автоматтандырылған «Оралмандар» ДҚ жүйесін жетілдіру мақсатында 2014 жылы «Оралман деректер қорын модернизациалау» халықтың көші-қонын мониторинглеу үшін техникалық тапсырма әзірленді. Автоматтандырылған ақпараттық «Оралман» жүйесін және «Жеке тұлға» өзара қарым қатынаста оралман мәртебесін беру/ тоқтату, оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын, ЖСН алу туралы ақпараттық алмасу сондай-ақ, оралмандардың ішкі көші-қоны бойынша техникалық талап дайындалды. Техникалық таа құзыретті мемлекеттік органдармен келісуден өткізілуде (АҚ «ҒАТ», ӘМ, ІІМ, ЗТМО).

2. Оралмандарды ұтымды және оңтайлы орналастыру, біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ облыстардың демографиялық құрамына қарай еңбек ресурстарына қажеттілікті ескере отырып жұмысқа орналастыру бойынша ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу

Аталған саясатты жүргізудің барлық жылдарында келіп жатқан оралмандарды әкімшілік – аумақтық бөліністеріне орналаструда қатаң тұрақтандыруды іске асыруда еліміздің заңнамалық талаптары болған жоқ. Қазақстан аумағында оралмандар өз еріктерімен тұратын жерлерін өздері таңдады.

Осыған байланысты этникалық қазақтардың өңірлерге орналасуы аумақтағы жұмыс күшінің есебінсіз екінші ішкі көші-қонға алып келді.

Оралмандардың басым көпшілігі жжұмыс күші көп Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тұрып жатса, ал солтүстік өңірлерде мамандандырылған жұмыс күші тапшылық көріп отыр.

2014 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері туралы» Заңы күшіне енді (10 желтоқсан 2013 жылғы Заң) көптеген нормалар оның ішінде приориттетті өңірлерге қоныстандыру қарастырылған. 20 наурыз 2014 жылы аталған Заңды іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкііметінің №248 «оралмандардың қоныстандыру өңірлерін анықтау туралы» қаулысы қабылданды.

Бұған қоса 2014 жылы Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығын шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жорспары іске асырылып, (ҚРҮҚ 31.12. 2013 ж. № 1593), еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тезірек кірігіп кетуіне іс-шаралар бойынша жағдай жасалды.

2014 жылы елімізге 3 792 отбасы немесе 8 247 этникалық казақтар көшіп келді. Жұмыс жасындағылар 69,3 % адамк, 18 жасқа дейінгі балалар – 24,9 % және зейнеткерлер – 5,8 % адамды құрайды.



3. Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамлық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша шетелдерде тұратын қазақ диаспораларына ақпараттық- түсініктеме жұмыстарын жүргізу мақсатында Көші-қон комитеті тарапынан ДҚҚ және ҚХА 2014 жылы 9 қаңтарда хат жолданды.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 14 наурызында № 95-ө Министрдің бұйрығымен оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және кіріктіру механизмін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобының құрамына ішкі істер, ұлттық экономика, білім және ғылым министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, «Асар» РҚБ, сонымен қатар ДҚҚ өкілдері кірді.

ДҚҚ өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамына енгізілген және Жамбыл облысында Премьер-Министрдің қатысуымен өткен жаңа көші-қон саясаты шеңберінде оралмандардың мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысқан.

ДҚҚ 6 мамыр 2014 жылы Алматы қаласында мемлекеттік органдар, АҚ оралмандар қоғамы ұйымдары, дүниежүзінің әр елінен репатриант өкілдерінің қатысуымен «Бүгінгі көші-қонның жағдайы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған жиналыста Көші-қон комитеті басшылығы тарапынан көші-қон саясатына байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы түсініктеме берілді. Аталған «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша Қауымдастықтың бірінші орынбасары Т.А. Мамашев 2014 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Праламенті Мәжілісінің Әлеуметтік- мәдени даму комитетінің жиналысында ішкі көші-қонның және сыртқы көші-қонның өзекті мәселелерін депутаттармен, министрлік басшыларымен талқылау кезінде айтылды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен қоса Қазақстан Халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңісімен медиацияны дамыту, өңірлердегі, еңбек ұжымдарындағы этносаралық ахуалға мониторинг жүргізу, сыртқы және ішкі көші-қонды реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл Жоспарын 2014 жылдың 23 қазанында бекіткен.

Аталған әрекеттесу жоспары 2015 жылға арналған іс-шараларды қарастырып, сонымен қоса ішкі және сыртқы көші-қонды реттеу тетіктерін жетілдіру мақсатында сыртқы еңбек, этникалық және ішкі көші-қонды реттеу шараларын жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдерді, ең таңдаулы әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, этникалық қазақтарды және оралмандарды қазақстан қоғамына бейімдеу мен интеграциялау жөніндегі бастамаларды, ең таңдаулы әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, халықтың ішкі көші-қонына сапалы және уақтылы мониторингті қамтамсыз ету жөніндегі тәсілдерді талқылау үшін дөңгелек үстел өткізіледі.


4. Этникалық көші-қон мәселелерін реттеуді күшейту бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Көші-қон саясатын жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді. Онда:1) алдымен оралман мәртебесін, кейін – ықтияр хат алу, 2) этникалық қазақтарға қоныстандыру өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру, 3) көші-қон полициясына жүгінген этникалық қазақтарға ықтиярхат алу рәсімін, оны төлем қабілетін растаусыз өтініш беру негізінде ұсына отырып жеңілдету, 4) оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мерзімін жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен (жүгінген күнінен бастап үш ай мерзімде) оралман мәртебесін алған күнінен бастап бір жыл ішінде белгілеу, 5) Үкімет айқындаған өңірлерде оралмандарды қоныстандырудың өңірлік квотасын бекіту, 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанған не көшкен жағдайда этникалық қазақтардың әлеуметтік пакетті алуы (көлік шығындарын өтеу, қызметтік баспана не жатақханадан бөлме беру), 7) өңірлерден бес жыл ішінде өзінің ерік қалауымен өз бетінше қоныс аударған немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудан бас тартқан жағдайда оралмандарға берілген әлеуметтік пакетті мемлекет пайдасына қайтару жауапкершілігі қарастырылған.

Заң жобасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында (2014 жылғы 29 желтоқсанда № 1385 ҚР Үкіметінің қаулысымен енгізілген).



5.1.2 -міндет. Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

1.Халықтың жалпы санындағы ішкі көшіп-қонушылардың үлес салмағы

стат. деректер

%

0,7

0,7

(2014 жылғы 3-тоқсан.)



2014 жылдың 3 тоқсанындағы жағдай бойынша

Халық саны - 17 330 494

Елдегі ішкі көші-қонның жалпы саны - 297 832

Дерек: 1,7%

Алдыңғы жылдардағы халықтың жалпы санының көрсеткішіне ҚР ҰЭМ-ң Статистика жөніндегі комитетінің ресми мәліметтері бойынша халық санының орташа жылдық болжамды көрсеткіштері қолданылады.

Мәселен: 2013 жылы іс жүзінде болжанғаннан 119 344 адамға кем халық саны 16 909 776 құрады. Бұл дегеніміз ішкі көшіп-қонушылардың үлес салмағының халық санына қарай тиісінше өзгеріп отыратынын білдіреді.

Халықтың ішкі көші-қоны теңгерімсіздігін реттеу мақсатында, халықтың жалпы санына шаққандағы ішкі көшіп-қонушылар үлес салмағының өлшем бірлігі алдағы жылдарға тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің азаюына қарай есептелетінін ескертеміз.


Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Еліміздің кеңістікті-аумақтық дамуын ескере отырып, ішкі көші-қон саласын болжау, жоспарлау, реттеу және сәйкессіздікті қысқарту жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазіргі уақытта сараптамалық деректер бойынша Қазақстан Республикасының өңірлер бөлінісінде келесі факторлармен шарттасқан демографиялық, экономикалық, өндірістік және еңбек тепе-теңсіздігінің болуы бақыланады:

  • қазір оңтүстік өңірлерде (Алматыны қоспағанда) халықтың 38% өмір сүреді, олардың ЖӨӨ-дегі олардың үлесі бар болғаны 17% құрайды. Солтүстік өңірлерде 29% халыққа ЖӨӨ-ң 25% сәйкес келеді. Солтүстік өңірлердің экономикасы жеткілікті түрде әртараптанған. Оңтүстікте 58% саудаға және басқа қызметтерге сәйкес келеді;

  • 2050 жылға қарай ағымдағы беталыспен солтүстік өңірлердің халқы 0,9 млн. адамға қысқарады, ал оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға артады деп күтілуде. Болжалдау деректері бойынша оңтүстік өңірлер халқының орналасу тығыздығы іс жүзінде солтүстіктен 4 есеге асып түсетін болады;

  • Жуық 5 жылда жаңа қызметкерлердің келуінің баяулауы байқалады (90 жылдардың басындағы демографиялық құлдырау).

Соның есебінен Министрлікпен 2014 жылдың мамырында аталған теңсіздіктерді жою бойынша келесі шаралар әзірленді:

  1. ЖҚЖК 2020 шеңберінде «Халықтың біртұтастығын арттыру» бағыты бойынша азаматтарды жұмыс қолы көп өңірлерден Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанғанда ғана қолдау көрсетуді шектеу ұсынылған болатын.

Мұндай көшіп-қонушылар үшін көліктік шығындарды өтеуден, қызметтік үй немесе жатақханадан бөлме шағыннесиелер беруден тұратын әлеуметтік пакет қарастыру ұсынылған болатын.

Бұдан басқа, көшіп-қонушылар үшін дәстүрлі бағыттар бойынша Үкімет белгілеген өңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың арнайы бағдарламаларын қарастыру ұсынылды.



  1. Білім инфрақұрылымы шеңберінде ұсынылды:

  • Үкімет белгілеген өңірлердің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқу орындарын кеңестуді қамтамасыз ету;

  • Жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларындағы орындар санын жетілдіру және ұлғайту;

  • Солтүстік өңірлердің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқуға жастары үшін арнайы гранттар енгізу;

  • Ауыл мектептерін бітірушілер үшін білімдегі олқылықтарды жою бойынша арнайы дайындық бағдарламаларын қарастыру.

Аталған ұсыныстар Министрлік әзірлеген «Қазақстан Републикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгертілер мне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында өз көрінісін тапты.

Заңжобасы, ұсынылған шаралармен қатар, Қазақстан Републикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовпен 2014 жылғы 14 желтоқсанда мақұлданып, 2014 жылғы 29 желтоқсанда Парламентке енгізілді.

Бұдан өзге, Қазақстан Републикасындағы ішкі көші-қонды болжау, жоспарлау және реттеужүйесін жетілдіру шеңберінде қазіргі уақытта көші-қон бақылауы барлық сегменттерінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру бойынша технологиялық шешімдер бөлігінде «S5 Systems» Малайзия компаниясының тәжірибесі зерттелуде.

«S5 Systems» Малайзия компаниясы өкілдерімен 2014 жылғы 23 қазанда өткен жұмыс кеңесі барысында Министрлікпен олардың онлайн режиміндегі электрондық визаны рәсімдеу, биометриалық деректерді тіркеу және шекаралық және т.б. бақылау орындарындағы жол жүру құжаттарын түпнұсқасын тексеру сияқты рәсімдерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.

Бұған қоса, Министрлікпен компанияға шетелдік қызметкерлерлің жұмысқа орналасуына және шетел жұмыс күшін тартуға жұмысберушілерге рұқсат беру, оларды автоматтандыру мен Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшін тарту мониторингісі жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ішкі көшіп-қонушылар есебінің рәсімдерін жеңілдету мақсатындаұсынылып отырған технологиялар мен техникалық шешімдерді тәжірибе жүзінде қолданудың мүмкіндіктері жөніндегі ұсыныстар берілді (Министрлік жауап күтуде).

Қазіргі уақытта, «S5 Systems» Малайзия компаниясы ұсынған техникалық шешімдер, жалпы Қазақстан Републикасының Премьер-Министрінің Орынбасарлары Б.А. Сағынтаев және Б.М. Сапарбаевпен мақұлданды.




2. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дағдарысын және экологиялық жағдайын ескере отырып, ел ішінде халықтың көшіп-қону процестерін талдау және мониторингілеу

Соңғы 5 жылда (2011-2014 жылдың 3 тоқсаны) Қазақстандағы ішкі көші-қон үдерістері жоғары қарқындылықты көрсетті: бір өңір ішінде, сондай-ақ өңірлер арасында 1 836 089 адам көшіп қонды, халықтың келуінің басты өңірлері Алматы (283 271 адам), Астана (254 444) и Алматы обласы (202 785 адам); халықтың көптеп кетуі келесі облыстарға сәйкес келеді: теріс сальдосы 44 097 адамды құрайтын Оңтүстік Қазақстан., Жамбыл (-37 776 адам), Шығыс Қазақстан (-35 078 адам), Солтүстік Қазақстан облыстары (-21 780 адам).

Қазақсатндағы ішкі көшіп-қонушылардың мониторингі жүйесіне жасалған талдау нәтижелері бойынша көші-қон саясатының басты салдарлар мен негізгі бағыттар реті анықталды, аталған мәселелерді шешу бойынша шаралар ұсынылды.

Көші-қон саясатының басты салдарлары (халықтың экономикалық белсенділігінің өсу қарқынының төмендеуі, экономикалық сәйкессіздік, кәсіби мамандарға сұраныс) көші-қон саясатының ұсынылатын негізгі бағыттарын анықтады: оңтүстік-солтүстік, ауыл-қала агломерациясының бағыттары бойынша ішкі көші-қонды ынталандыру.

Ерікті көші-қонды ынталандыру мақсатында жұмыс қолы көп өңірлерден жұмыс қолы тапшы өңірлерге ішкі кқшіп-қонушыларды тарту, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне қатысты шаралар ретін қабылдау ұсынылады. Аталған мәселеде басты ерекшелік жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының құралдарын жетілдіруге сілтенеді («Жұмыспен қамту жол картасы 2020»).

Қолдаудың қосымша шаралары болып көшіп-қонушылар үшін көліктік шығындарды өтеу, қызметтік үй немесе жатақханадан бөлме шағыннесиелер беру, елдің солтүстік өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыту мақсатында ауыл жастары үшін Үкіметтің арнайы гранттары түріндегі білімдік ынталандыруларды қосымша енгізулер болып табылады.



Ұсынылған шаралар халықтың кетуі байқалатын (көші-қонның теріс сальдосы) жұмыс күшінің өткір жетіспеушіліктері бар өңірлерге азаматтардың қоныстануы үшін ынталандыруға мүмкіндік береді.

3. Қалаларда ішкі көшіп-қонушыларды бейімдеу жүйесін құру бойынша (оқыту, жұмысқа орналастыру және басқа) ұсыныстар енгізу

. Ауыл-қала бағыты жөніндегі ішкі көші-қон қала-ауыл бағытына қарағанда белсендірек қарқынмен өтетінін атап өту қажет (жұмыс, ресурстар, мүмкіндіктер іздеудегі қозғалыс) ішкі көші-қон экономикалық негізделген)).

Қазіргі уақытта ішкі көшіп-қонушылардың қалаға бейімделу жүйесі мемлекеттік бастамашылықтар реті шеңберінде қызмет атқарады:



  1. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде («жұмыс берушінің нақты сұранысын ескере отырып, оқыту және жұмысқа орналасуға, қоныстануға жәрдемдесу» сыңары).

Сонымен, аталған бағыттар шеңберінде 2014 жылы Қазақстан Республикасы бойынша 3 456 адам, оның ішінде: ЖТҮ (жеке тұрғын үй) – 775 адам, КҚҮ (көп қабатты үй) – 2 589 адам, жатақханаға – 92 адам қоныстанды. Барлығы 1 401 адам., оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 1 370 адам орналасты.

  1. шетел жұмыс күшін тарту жүйесі шеңберінде.

Артықшылықты орта және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін, ішкі еңбек нарығын қорғау және жергілікті халық үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында оның ішінде шетелдік компаниялармен, мемлекетпен шетел жұмыс күші экономикалық өсі орталықтарына тартылатынын ескере отырып (оның ішінде ел ішінде ауылдан қалаға көшушілер), ШЖК тартушы жұмыс берушілерге ерекше шарттар (жергілікті кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілікті арттыру жөніндегі талаптар, оларға қосымша жұмыс орындарын құру) жүктеу жүйесі көзделеді.

  1. Сонымен, 2014 жылы 488 жергілікті кадр кәсіби дайындықтан, 2 107 – кәсіби қайта дайындаудан өтті, сондай-ақ 11 028 – біліктілігін арттырып, 17 286 Қазақсатндық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындары құралды (олардың арасында қалаға көшіп келуші ішкі көшіп-қонушылар да бар).

4. Ірі қалаларға және олардың маңына көші-қон жүктемесінің жоғары болуына байланысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу

2014 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс тапқан ірі қалалар мен олардың шеткі аудандарына түсетін көші-қон жоғарғы жүктемесімен байланысты мәселелі сұрақтарды шешу жөніндегі ұсыныстар бағдар жолы әзірленді.

Сонымен, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының белсенді шаралары шеңберінде Үкімет белгілеген жұмыс қолы көп өңірлерден жұмыс қолы тапшы өңірлерге қоныстануға қолдау көрсетуді шектеу ұсынылады. Мұндай көшіп-қонушылар үшін жол шығындарын өтеуден, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме беру, шағын несие беруден тұратын әлеуметтік пакет көзделетін болады



5. Ел ішіндегі көші-қон процесін реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

5.1.3-міндет. Еңбек көші-қонын басқару

Тікелей нәтиже көрсеткіштері
















1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

ДСӘДМ

деректері




%

0,7

0,7

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Еңбек көші-қонын басқару бөлігінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманы жетілдіру

Әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Заң жобасында шетелдік жұмыс күшін тарту сферасында көші-қон саясатында келесі бағыттар жетілдіруді көзделген:



1. Өз бетінше жұмысқа орналасуға келген шетелдік жұмыс күшінің келу тәртібін жетілдіру. Бұл бағыт бойынша ұсынылады:

1) өз бетінше жұмысқа орналасуға келген шетелдік жұмыс күшін квотадан тыс және рұқсатсыз тартуды жүзеге асыру;

2) рұқсаттың орнына, шетелдіктерге біліктілік дәрежесіне сай анықтамалар беру ұсынылады;

3) шетел қызметкерлерін бағалаудың балдық жүйесін енгізу;

4) өз бетінше жұмысқа орналасуға келген шетелдік жұмыс күшін, басым салалардағы (экономикалық салаларда) және оның ішінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тізбеге сай анықталады.

2. Жұмыс берушілермен шетелдік жұмыс күшін тарту процедураларын жетілдіру. Бұл бағыт бойынша ұсынылады:

1) шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квотаны экономикалық салалар бөлінісінде белгілеу (бұрын квота экономикалық белсенді халыққа шаққанда белгіленетін);

2) рұқсат берудің ақылылығын енгізу.

Бұл ретте, рұқсаттар ақылы негізде берілетін болғандықтан, жұмысберушілерге алдағы уақытта келесі талаптар талап етілмейтін болады:



  • ішкі нарықтан балама үміткерлерді іздеу бойынша;

  • ерекше шарттарды орындау бойынша;

  • тартылып отырған шетелдік қызметкерлердің білім деңгейін растау бойынша;

  • жұмысберушілермен екінші деңгейдегі банктерге алдын ала шетелдік қызметкерлер үшін кепілдік жарналарды орналастыру бойынша.

3. Ішкікорпоративтік ауысулар рәсімдерін жетілдіру. Аталған бағыт бойынша ШЖК тартудың осы түрін жалпыға бірдей қабылданған ДСҰ-ның әлемдік стандарттарына сәйкестендіру ұсынылады.

Атап айтқанда, келесілер жоспарланады:

1) ішкікорпоративтік ауысуларды квотадан тыс іске асыру;

2) ішкікорпоротивтік ауысуларды жеңілдетілген шарттарда берілетін рұқсаттар бойынша жүзеге асыру;

Бұл ретте, жеңілдетілген шарттар, келесілерді тұспалдайды:


  1. Біріншіден, рұқсаттар тегін берілетін болады;

  2. Екіншіден, 2 және 3 санаттар бойынша кадрлардағы жергілікті қамту бойынша талаптарды 50% дейін төмендету (ол құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары), ал бірінші санат бойынша талапты мүлдем алып тастау (ол бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары).

Қазір кадрлардағы жергілікті қамту бойынша талаптар келесілерді құрайды:

бірінші және екінші санаттар бойынша 70 % және үшінші санат бойынша 90 %.



  1. Үшіншіден, жұмысберушілерге сондай-ақ келесі талаптар қойылмайтын болады:

  • ішкі еңбек нарығынан балама үміткерлерді іздеу бойынша;

  • ерекше шарттарды орындау бойынша;

  • тартылып отырған шетел қызметкерлерінің білім деңгейін растау бойынша.

4. Елге дарынды шетел жастарын тарту.

Бұл жерде дарынды шетел жастары үкімет квотасы бойынша жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімді ала алатын болады.

Оқуларын бітіргеннен кейін, мұндай жастарды квотадан тыс және рұқсатсыз жұмысқа орналастыруға болады.


2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстар негізінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулының жобасы әзірледі (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1373 қаулысымен бекітілді) (ҚРҮҚ қоса жолдаймыз)

3. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекше жағдайларының орындалуын бақылау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидалары және шарттарының (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалар (бұдан әрі - ЖҚҮӘББ) шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің ерекше шарттарын жұмыс берушілердің орындауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Былайша, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының ЖҚҮӘББ ақпараты бойынша шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер 2014 жылда қазақстандық азаматтар үшін – 22 225 жұмыс орнын құрды, 4 697 қазақстандық азамат қайта даярлаудан өткізілді, 17 512 жергілікті қызметкер біліктілігін арттырды, 1099 қазақстандық қызметкер кәсіптік даярлаудан өтті, 54 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.



4. Еңбек көші-қоны процестерін есепке алу және ақпараттық сүйемелдеу жүйесін құру

Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсатты беру, қайта рәсімдеу, ұзарту қызметін көрсету «Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер деректер базасы» және «ШЖК» ААЖ арқылы көрсетіледі, шетелдік жұмысшыларды және шетелдік жұмыс күшін тартатын мекемелерді есептеу жүйесін жетілдіруге мүмкіншілік береді.

Қазақстан Республикасына тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы есеп «ШЖК» ААЖ базасы арқылы жүзеге асырылады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпарат кезеңімен министрліктің ресми сайтында жарияланады.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау