Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі білім беру ұйымдары желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.
Орта білім беру
Облыстың білім беру мекемелерінің саны – 391 мектеп, оның ішінде 387 - мемлекеттік, 4 - мемлекеттік емес.
Облыста 4 апатты жағдайдағы мектеп және үш ауысымда оқитын 5 мектеп бар.
Апаттылықты және үш ауысымдықты жою мақсатында 3 мектеп құрылысы жүргізілуде (Орал қаласының Деркөл кентінде – 600 орындық 2 мектеп, Зашаған кентінде – 900 орындық мектеп).
Шағын жабдықталған мектептер санының көп болуы өңірдің білім беру жүйесінің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан ауылдық жерлерде 319 (82,4%) мектеп орналасқан, оның 223-і немесе 69,9% - ШЖМ.
Аймақта жеткілікті жоғары білім денгейі байқалады. 2017 жылы 3036 мектеп бітірушісі ҰБТ түріндегі орта мектеп бойынша қорытынды аттестаттаудан өтіп, жалпы мектеп бітірушілердің 68,7% құрады. ҰБТ орташа балы 80,34 құрады (2016 ж. – 82,11 балл).
Сондай-ақ, қала мектептері түлектерінің орташа ҰБТ көрсеткіші (91,21) ауыл мектептері түлектерінің ҰБТ нәтижелерінен (80,73) 10,48 баллға жоғары екендігі байқалады. Қала және ауыл мектептерінің білім сапасы арасындағы айырмашылық ауылдық жердегі мектептердің көпшілігінің шағын жинақты болуы және материалдық-техникалық жағынан аз қамтылуымен түсіндіріледі.
Қабылданған шараларға қарамастан, білім беру сапасына кері әсер ететін факторлар бар. 148 елді мекенде жалпы білім беретін мектептер жоқ, мектептердің 34,0%-де тамақтану бейімделген ғимараттарда ұйымдастырылған, тамақтану блоктарының тек 18,9%-і қазіргі заманғы құрылғымен жабдықталған.
Облыстың мектеп жасындағы балаларының 100% тасымалдаумен қамтамасыз етілген.
Облыстың педагог кадрларының саны 12268 адамды құрайды, соның ішінде жоғарғы санатты – 1754, 1 санатты – 4375 адам, 2 санатты – 3208 адам.
20-кесте
Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің даму көрсеткіштері
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 жыл 2016 жылға %-пен
|
Күндізгі жалпы білім беретін мектептер - барлығы
|
393
|
388
|
387
|
99,7
|
оның ішінде: мемлекеттік
|
389
|
384
|
383
|
99,7
|
жеке
|
4
|
4
|
4
|
100,0
|
Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны, мың адам
|
91,4
|
94,4
|
97,7
|
103,5
|
ҰБТ-ның орташа баллы
|
83,62
|
82,11
|
80,34
|
97,9
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны,
оларда:
|
38
|
38
|
38
|
100,0
|
оқушылар саны, мың адам
|
20,5
|
19,9
|
19,1
|
96,0
|
мамандар шығару, мың адам
|
7,3
|
6,6
|
6,7
|
101,5
|
2017 жылы дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытатын мектеп саны 237 мектепті немесе барлық мектеп санының 61,2% құрады.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі 109 түзете-дамыта оқыту сыныптарында 657 оқушы білім алды, бұл алдыңғы жылдан 0,9%-ке кем.
Жалпы білім беретін мектептерде 153 арнайы педагог (130 дефектолог және 23 логопед) бірлігі енгізілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 68 бірлікке аз.
Мектеп жасындағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалар санынан балаларды инклюзивті біліммен қамту 63,0% құрады (2016 ж. – 61,5%).
Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және ақыл-ойы, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 19,1 мың жалпы оқушы контингентімен 38 бірлікті құрайды, соның ішінде 27 - мемлекеттік колледждер.
Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 75 мамандық пен 136 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда.
ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны 1852 адамды құрайды, оның ішінде 296 өндірістік оқыту шеберлері.
Облыстың әр ауданында колледждер жұмыс жасайды, даярланатын кәсіптер мен мамандықтар тізімі облыс экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес түзетілген.
ТжКБ ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген 3339 түлектің кәсіпорын базасында тәжірибеден өту орнымен 100,0% қамтамасыз етілген.
2017 жылы ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 80,8 млн. теңге бағытталды.
Сонымен қатар, ТжКБ саласында шешілмеген мәселелер де бар. 27 техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының 7-уі бейімделген ғимараттарда орналасқан, 6 оқу орнының жатақханалары жоқ.
Бизнес қауымдастығы мен оқу орындары арасындағы қарым-қатынастың дамуы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері базасында оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуде қиындықтар орын алуда. Жұмыс берушілердің қатысуынсыз өндіріске қажетті мамандарды дайындау мүмкін емес. Колледждерде оқу үдерісінің сапасын көтерудің кідіртуші факторларына қазіргі заманғы оқу әдебиетінің тапшылығы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі жатады.
Кәсіптік білім беру ұйымдарын қажетті оқу құралдары мен техникамен әрі қарай жабдықтау, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері қарастырылуда.
Білім беру бойынша SWOT- талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жоғары қамтылуы;
мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштер.
|
білім саласының қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі толық дамымаған;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
колледж бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
білім беру нысандары құрылысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту;
электрондық оқытуды енгізу;
жеке балабақшалар ашу;
қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту.
|
білім беру нысанының пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы;
еңбек ақының төмен болуына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың кетуі;
саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымының материалдық және техникалық базасының айтарлықтай тозуына әкеледі.
|
Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың жоғары емес сапалық құрамына, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің көптігіне қатысты мәселелер орын алуда (2018 жылдың 1 қаңтарына – 23079 бала).
Білім беру объектілерінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы оқушы орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюiне әкеліп соғуы мүмкін. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру, апатты жағдайдың алдында тұрған мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу қажет.
Қазіргі заманғы оқу құрал-жабдықтарының, кабинеттердің болмауы себебінен аз жинақталған орта және негізгі мектептердің болуы білім беру үрдісін ұйымдастыру мен өткізу сапасын төмендетуде.
Көптеген азаматтардың жетім балаларды отбасыларға орналастыру мәселесіне немқұрайлы қарауы нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаймай отыр. Жетім балалардың және тәуекел тобындағы балалардың мәселелерін шешудің оң тәжірибесін насихаттау, қолдау, дамыту, тарату бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
12 жылдық білім беруге көшуге байланысты оқушылар контингентінің өсуі күтіледі. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылатын болады. 6 жастағы балаларға жағдай жасау, қосымша ойын бөлмелерін ашу қажет.
Денсаулық сақтау
2015-2017 жылдары мемлекеттік нормативке келтіру мақсатында денсаулық сақтау жүйесін қайта құрылымдау жүргізілді. 2017 жылы медициналық ұйымдар саны 397 бірлікті құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 20 бірлікке аз, соның ішінде стационарлар - 28 (6-ға аз), дәрігерлік амбулаториялар – 64 (5-ке аз), медициналық пункттер – 224 (16-ға аз).
Денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 33,4%-ке артты (2015 ж. – 28,7 млрд. теңге, 2016 ж. – 35,7 млрд. теңге, 2017 ж. – 38,3 млрд. теңге).
2017 жылы денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 98 бірлік медициналық жабдық, 21 бірлік санитарлық автокөлік, соның ішінде 7 реанимобиль сатып алынды.
2017 жылы ТМККК шеңберінде 95921 адам дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді (амбулаториялық қамтамасыз ету).
2015-2017 жылдары 3 денсаулық сақтау объектісі салынып, пайдалануға берілді, оның ішінде Орал қаласындағы 300 орынға арналған көпбейінді қалалық аурухана (2016 ж.). 23 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.
Тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасының артуы, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі, заманауи мамандандырылған білікті медициналық көмекке қолжетімділік, алдын алу шараларының өткізілуі, денсаулық сақтау индикаторларына қол жеткізу материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңғырту нәтижелері болып табылады.
Медициналық-демографиялық, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады.
21 – кесте
2013-2015 жылдардағы ана, нәресте және жалпы өлім көрсеткіштері
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
2017 жыл 2015 жылға
%-пен
|
Ана өлімі
|
7,7
|
22,8
|
7,8
|
101,3
|
Нәресте өлімі
|
8,63
|
8,0
|
6,66
|
77,2
|
Жалпы өлім
|
8,69
|
8,9
|
8,42
|
96,9
|
2017 жылы облыс бойынша ана өлімі көрсеткіші 7,8 (1 жағдай) құрады, жоспар – 7,5 (2016 ж. - 22,8 (3 жағдай).
Ана өліміне жол бермеу және нәресте өлімін төмендету мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде: облыстың медициналық ұйымдарының штатына басшының балалар және босандыруға жәрдемдесу жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілді, «Фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» бағдарламалық кешені орнатылды, ана өліміне жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қолдану жөніндегі облыстық штаб жұмысын жалғастыруда, перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидалары сақталуда, 21 педиатриялық учаске ашылды, жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің және ауыр жағдайда жатқан босанған әйелдердің жай-күйіне қатаң бақылау жүргізіледі.
3 жылда нәресте өлімі көрсеткішінің 22,8%-ке төмендеуі байқалады (2015 ж. – 8,63, 2016 ж. - 8,0, 2017 ж. – 6,66).
Өткізілген шаралар ана және нәресте өлімін төмендетуге септігін тигізеді.
Жіті миокард инфаркті мен инсультті, жарақаттарды, онкологиялық ауруларды және босандыруға жәрдемдесу мен балалар денсаулығын қорғау қызметін басқару бойынша денсаулық сақтаудың ықпалдастырылған моделдерін енгізу жөніндегі Өңірлік Жол карталары жүзеге асырылуда.
Қалалық емханаларда Ауруларды басқару бағдарламалары (АББ) енгізілді, ЖТД мамандары мен мультидисциплинарлық топтары оқытылды. Қамту - 804 пациентті құрады.
Ауруларды ерте анықтау скринингтері бойынша жұмыс жүргізілуде (ҚАЖА, глаукома, диабет, онкоаурулар). 2017 жылы ТМККК шеңберінде - 128802 (100%) адам, онкоскринингке –95444 адам (100%) тексерілді.
Онкосақтық қағидалары бойынша 1039 маман оқытылды. Амбулаторлық химиотерапия алғандар - 1826 пациент, реабилитациялық және паллиативтік көмек алғандар - 1309 пациент.
Туберкулез ауруын және одан өлімді төмендету мақсатында науқастарды ерте анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, ересек тұрғындардың 73,2%-ті флюорографиялық тексерілді.
Балалар арасында туберкулезбен сырқаттануды және жұқтыруды уақтылы анықтау үшін туберкулинодиагностика әдісімен 54130 бала (97,7%) тексерілді.
2017 жылы облыс бойынша АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған барлығы 8506 іс-шара жүргізілді, 78564 адам қамтылды. АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша 1203 медициналық қызметкер оқытылды.
2017 жылы облысқа 86 жас маман келіп, оның ішінде 44 дәрігер аудандарға жолданды.
Бюджет қаражаты есебінен 24 студентке медициналық ЖОО (М.Оспановатындағы БҚММУ, С.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ) оқу үшін грант бөлінді.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу шеңберінде операцияның 14 жаңа түрі енгізілді.
Облыстық клиникалық ауруханасы базасында науқастарды қабылдау бөлімшесінің жаңа форматы ашылды «Emergencyroom» - пациенттерді іріктеу триажын күшейте отырып, кез-келген патология формасы бар пациенттерді қабылдауға дайын болу қызметінің жаңа форматы.
Онлайн режимінде жұмыс істеу үшін облыстың жедел медициналық жәрдем қызметінде ситуациялық орталық орнатыла отырып, жедел медициналық жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылды, бұл науқасқа жету уақытын 3 минутқа, 12 минуттан 9 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Тәуліктік стационарлардың науқастарды қабылдау бөлімдерінде жеткізілген науқас туралы толық ақпаратты көрсететін web-қосымша орнатылды.
Облыстың медициналық ұйымдарын компьютерлік техникамен жарақтандыру- 4262 дананы құрады (100 %). Онлайн-байланысымен қамтамасыз ететін 39 медициналық ұйымды (100%) қамтыған «Kazmedinform» медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында кезектілікті азайту үшін барлық қалалық емханаларда электрондық кезектілікті басқару бағдарламасы енгізілді
Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
замануи медициналық технологиялар трансфертінің табысты тәжірибесі;
медициналық көмек көрсететін ұйымдардың дамыған инфрақұрылымы.
|
денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік тетіктерінің болмауы;
ТМККК көрсетуге жеке сектордың қатысуының жеткіліксіздігі;
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
енгізілген нарықтық механизмдер негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;
денсаулық сақтау нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және денсаулық сақтаудағы мүмкіншілікті тікелей инвестициялар.
|
жұқпалы емес инфекциялық аурулардың артуы;
облыс аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;
контрафактілік дәрілік өнім.
|
Әлеуметтік-маңызды аурулармен тұрғындардың сырқаттану деңгейі: қатерлі ісік аурулары, қан айналым жүйесінің аурулары; тұрғындар тарапынан өз денсаулықтарына жауапкершіліктің жеткіліксіздігі облыстың денсаулық сақтау саласының басты проблемалары болып қалуда.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
2015-2017 жылдары облыстың еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 4,9% деңгейінде сақталуымен сипатталады. Бұл ретте ауылдағы жұмыссыздық деңгейі (4,9%) қаладағы жұмыссыздық деңгейінен (4,8%) жоғары.
Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2015 жылдан 2017 жылға дейін 70,1%-тен 70,0%-ке азайды, жұмыспен қамту деңгейі 95,1% құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 95,1%). 2017 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 118,3 мың адамды құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 0,4%-ке аз. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 2015 жылғы 37,3%-тен 2017 жылы 36,9%-ке дейін төмендеді (орташа республикалық көрсеткіш – 24,5%).
22-кесте
Еңбек нарығының негізгі индикаторлары
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 жыл 2016 жылға,
%-пен
|
Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам
|
335,2
|
335,9
|
336,6
|
100,2
|
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам
|
318,8
|
319,5
|
320,2
|
100,2
|
жалдамалы қызметкерлер
|
199,9
|
201,3
|
201,9
|
100,3
|
өз бетінше жұмыспен қамтылғандар
|
118,8
|
118,2
|
118,3
|
100,1
|
Жұмыссыз халық, мың адам
|
16,4
|
16,4
|
16,4
|
100
|
қалалық жерлерде
|
7,5
|
7,7
|
7,8
|
102,3
|
ауылдық жерлерде
|
8,9
|
8,7
|
8,6
|
98,9
|
Жұмыссыздық деңгейі, %
|
4,9
|
4,9
|
4,9
|
х
|
2015-2017 жылдары облыста 35825 жұмыс орны құрылды, еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 2015 жылы 50,3%-тен (21147 адам) 2017 жылы 51,5%-ке дейін (28741 адам) өсті. Халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға үш жыл аралығында 22322 адам жолданды.
2018 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істейтін шетел азаматтарының жалпы саны 896 адам құрады (2015 ж. – 770, 2016 ж. - 806), заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы 98,1% құрады (2015 ж. - 99,1%, 2016 ж. - 98,8%). 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 1021 рұқсаттама (2015 ж. - 964, 2016 ж. - 982) берілді. 2017 жылдың ішінде жұмыс берушілермен жергілікті қызметкерлерге 153 қосымша жұмыс орны ашылды, 179 ҚР азаматтары қайта даярлау,біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.
Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде халықты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, арнайы әлеуметтік көмек алатындар ішінен еңбекке жарамдыларын қоғамдық жұмысқа бағыттау 25,5% құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздық пунктке (26,2%), ал 2015 жылмен салыстырғанда 3,8 п.п. (29,2%) төмен.
2017 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандардың саны 6193 адам құрады (2015 жылы 4630 адам қамтылды).
Жыл сайын медициналық-әлеуметтік мекемелерді қаржыландыру артып келеді. Мемлекеттік бюджеттен 2017 жылы 2554,8 млн. теңге (2015 ж. – 1146,8 млн. теңге) бөлінді.
Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің жанында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 30 мүгедекке арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс жасайды.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандары дамып келеді. Үкіметтік емес секторда жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2017 жылы жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі 3,0% құрады (2015 жылы – 1,8%) немесе 2018 жылдың 1 қаңтарына 191 адам қамтылды.
Облыста 1518 әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектісі бар, соның ішінде 1500 паспортталды немесе 98,8%. Паспортталған объектілердің ішінде бейімделуге жататын 1028 объектісінен 2017 жылы 888 объект бейімделген. Паспортталған әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан үлесі 90,7% құрайды (2015 ж. – 33,1%, 2016 ж. – 62,7%).
Достарыңызбен бөлісу: |